Главная страница
Навигация по странице:

  • Кандай диагноз болуы барынша мүмкін

  • Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру барынша мәліметті

  • Қандай ауруға күдіктенуге болады

  • Осы жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс

  • Бұл жағдай қандай дәрмек дұрыс

  • Қандай диагноз болуы мүмкін

  • Төменде аталған дәрілердің қайсысы ең ықтималды

  • Бұл жағдайда қандай дәрмектерді комбинациясы тиімді

  • Ары қарай емдеу тактикасы қандай

  • Бұл жағдайда не тағайындаған жөн

  • Қандай қоздырғыш интранатальды індет жұқтыру кезінде балаларда туа біткен пневмония пайда болуының себебі болып табылады

  • Қан айналымның кіші шеңберінің молаюы қандай туа біткен жүрек ақауына тән

  • Қандай ауру қоюланудың плазмалық факторларының ақауымен шарттасқан

  • Английский. Ер адам 47жаста, анамнезде ауруханадан тыс ожаты пневмония. О жа кеуде клеткасыны ауру сезіміне, жтелгенде кшейетін, ентігуге, лсіздікке шаымданады


    Скачать 0.64 Mb.
    НазваниеЕр адам 47жаста, анамнезде ауруханадан тыс ожаты пневмония. О жа кеуде клеткасыны ауру сезіміне, жтелгенде кшейетін, ентігуге, лсіздікке шаымданады
    АнкорАнглийский
    Дата31.10.2022
    Размер0.64 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла6666666.docx
    ТипДокументы
    #764515
    страница4 из 37
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

    Қуық үсті безінің аденомасы бар науқаста тұншығу ұстамасын басу үшін қандай препаратты беруге болмайды?

    A) Атровент

    B) Астмопент

    C) Дитек


    D) Теофиллин

    E) Сальбутамол


    $$$065

    Науқас, 45 жаста көбінесе таңертеңгі уақытта 100 мл мөлшеріндегі шырышты-ірінді қақырықты жөтелге, 380C дейін дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Жөтел 5-6 жыл бойы мазалайды. Өкпеде әлсіреген тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі.


    Кандай диагноз болуы барынша мүмкін?

    А) Созылмалы катаральді бронхит

    В) Өкпе абсцессі

    С) Ошақты пневмония

    D) Созылмалы ірінді бронхит

    Е) Бронхоэктаз ауруы


    $$$066

    47 жастағы, қантты диабетпен ауыратын және пневмонияға байланысты ем алып жүрген науқас 2 аптадан кейін қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. Тыныс алу жиілігі -32 рет минутына, пульс -108 рет минутына. Қан қысымы 110/70 мм.с.б. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14%, сегмент ядролы -52%, лимфоциттер – 34%, эритроциттер тұну жылдамдығы – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақшалар өзгермеген. Науқаста қандай асқынудың дамуы барынша мүмкін?

    А) Сепсис

    B) Инфекциялық эндокардит

    C) Жедел жүрек жеткіліксіздігі

    D) Жедел тыныс жеткіліксіздігі

    E) Жедел респираторлық дистресс-синдромы

    $$$067


    38 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне артериялық қысымның жиі кенеттен 270\130 мм.с.б. дейін көтерілуіне, интенсивті бастың ауруына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоциттер-9,2х10/л, эозинофилдер-7%; глюкоза- 7,6 ммоль/л, несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы.


    Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру барынша мәліметті?

    A) Қандағы котехоламиндерді анықтау

    B) Қандағы кортизолды анықтау

    C) Қандағы альдестеронды анықтау

    D) Қандағы электролиттерді анықтау

    E) Қандағы ренинді анықтау
    $$$068

    48 жасар әйел стационарға түсті. Анамнезінен: соңғы 1,5 ай ішінде дене қызуының периодты түрде 38-390С дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, аздаған физикалық күш түсу кезіндегі ентігу; өз бетінше аспирин, оксациллин қабылдаған. Қарағанда: дене қызуы-38,50С, тері жабындары бозғылт, беті мен алақандарында бірен-саран петехиальды сипаттағы экзантемалар, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, тахикардия, төстің сол жақ қырында ІІІ-ІV қабырғааралықтарда диастолалық шу, артериялық қысым 150/30 мм.с.б., орташа гепатоспеномегалия. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ-ның аса жоғарылауы, α2 және γ- глобулиндердің, с- реактивті белоктың, сиал қышқылдарының жоғарылауы. Несеп анализінде- патологиясыз.


    Қандай ауруға күдіктенуге болады?

    A) Инфекциялық эндокардит және аорта жетіспеушілігі

    B) Жедел ревматикалық қызба және қос жармалы стеноз

    C) Жедел ревматикалық қызба және аорта жетіспеушілігі

    D) Геморрагиялық васкулит

    E) Ревматикалық емес миокардит


    $$$069

    38 жастағы науқас стационарға артериялық қысымының жиі кенеттен 270/130 мм.с.б., дейін көтерілуіне, интенсивті бастық ауырсындына, жүоек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тертеңдікке, дене қызуының 380Сдейін көтерілуіне шағынданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бөзғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі қан қысымы 260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоцитоз, гипергликемия, адреналин және норадреналиннің жоғарылауы. Бүйрек үсті безінің компьютерлык томографиясында істік тәрізді, гипоэхогенді түзілім байқалады .


    Осы жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?

    A) Нифедипин

    B) Метопролол

    C) Фентоламин

    D) Клофелин

    E) Каптоприл


    $$$070

    62 жастағы науқас кардиологиялық бөлімшіге басынық ауырсынуы және бас айналуға тағымданың түсті. Анамнезінен: 10 жыл бойына артериялық гипертензия бойынша диспансерлік есепте тұрады, екі жыл алдын миокард инфарктісін өткерген Жағдайының нашарлауы соңғы 1 айда, оны дәрлектерді тұрақты қабылдамауымен байланастырады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, пульс минутына 86 рет, артериялық қысым 200/100 мм.с.б. , жүрек жетіснеушілігі белгінері жоқ, аяұ тамырларының облитерирлеугі атеросклерозі белгілері бпр.


    Бұл жағдай қандай дәрмек дұрыс?

    A) Эгилок

    B) Нормодипин

    C) Конкор

    D) Атенолол

    E) Небилет


    $$$071

    51 жасар ер адам, стационарға ұзақ ауырсынуға және оң қабырға астының түйіліп тұруына шағымданып түсті. Зерттегенде: сарғыштық жоқ, Кери симптомы оң мәнді, температурасы субфибрильді, ЭТЖ – 30 мл/сағ.


    Болжам диагнозы қандай?

    A) Созылмалы холецистит, өршу

    B) Созылмалы панкреатит, өршу

    C) Асқазан ойық жарасы, өршу

    D) Созылмалы гепатит, өршу

    E) Одди сфинктерінің дисфункциясы


    $$$072

    17 жасар жас адам, амбулаторлы тексерілуде. Дені сау жағдайда 380С-қа дейін қызба пайда болды, сол кезде терісінде және кілеген қабатында геморрагиялық бөртпелер, экхимоздар пайда болды. Бір рет «мелена» болды, сосын нәжісте Грегерсен реакциясы екі апта бойы оң мәнді болып тұрды. Қанда тромбоциттер 60х109/л. Барлық белгілер өз бетімен ізсіз өтіп кетті. Осыдан алдын баспамен ауырып, сульфаниламид дәрмектерін қабылдаған.


    Қандай диагноз болуы мүмкін?

    A) Мәллори-Вейса синдромы

    B) Бейспецификалық жаралы колит

    C) Тоқ ішектің дивертикулезі

    D) Верльгоф ауруы

    E) Меккеля дивертикулі


    $$$073

    Науқас 32 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, көз алдында «шіркейлердің» пайда болуы, ентігу, тырнақтарының сынғыштығы. Анамнезінен: 7 жүктілік болған, оның 4-інде түсік тастаумен аяқталған, етеккірі 5-7 күн, көп қан кетеді. Объективті: тері және көзге көрінетін сілемей қабаттары боз, таза, құрғақ. Тырнақтары жұмсақ, тез сынады. Ауыз бұрыштары тілінген. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -62 г/л, эр -2,6х1012/л, лейкоциттер 4,9х109/л, тромбоциттер – 180х109/л. Эритроциттердің тұну жылдамдығы - 30 мм/ сағ.


    Төменде аталған дәрілердің қайсысы ең ықтималды?

    A) В12- дәрумені

    B) Фолий қышқылы;

    C) Сорбифер-дурулес

    D) Аскорбин қышқылы

    E) Эритропоэтин


    $$$074

    45 жасар ер адам тамақтанғаннан соң және физикалық күштемеден кейін болатын төс артының ауырсынуына, қыжылдауға, жеген тамақты кекіруге, тамақты жұтынғанда қиындықты сезіну мазалайды. Зерттегенде:ЭКГ патологиясыз; Эндоскопиялық пиброгастродуоденоскопия: томенгі өңештің спиинктері жабылмайды, гиперемия, өңештің шырышты қабаты ісінулі, бір қатар эрозиялар.


    Бұл жағдайда қандай дәрмектерді комбинациясы тиімді?

    A) домперидон + рабепразол

    B) маалокс + ампициллин
    C) омепразол + смекта
    D) омепразол + маалокс
    E) омепразол + но-шпа
    $$$075

    32 жасар науқас жедел «қанжа» тәрізді эпигастри аймағының ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен:сонғы 3 жылда 12 елі ішек ойық- жара ауруымен аурады, және де ол жиі ресидив береді. Н2 гистамин блокаторлары терапиясына реакция оң мәнді. Қан құю жасалған. Ранитидинмен төрт апта терапия жүргізгенде жара тыртықталған.


    Ары қарай емдеу тактикасы қандай?

    A) Кларитромицин+амоксициллин+омепрозол

    B) Тетрациклин+метронидазол+омепрозол
    C) Кларитромицин+метронидазол+квамател
    D) Амоксициллин+де-нол+омепрозол
    E) Амоксициллин+метронидазол+квамател
    $$$076

    48 жасар науқас оң қабырға астының ауырсынуына, сарғыштыққа жалпы әлсіздікке шағымданып, қабылдау бөліміне түсті. Анамнезінен: ішімдікті көп ішеді, бір апта бұрын өңештің барикозды кеңейген веналарына қан кету болған. Қарағанда: терісі және склерасы сарғыш, телеангиэктазиялы, іші кепкен, гепатоспленомегалия. Қанда: анемия тромбоцитопения, ЭТЖ-44 мм/сағ жалпы билирубин тура пракция есебінен 68 мк/моль –л.


    Бұл жағдайда не тағайындаған жөн?

    A) Гептрал + жаңа тағайындалған плазма + дәрумендер С, К.


    B) Преднизолон + гепабене + креон.
    C) Гептрал + эритромасса + креон
    D) Преднизолон + гепабене + креон.
    E) Феррум-Лек + преднизолон + гептрал

    $$$077


    Гемолитикалық анемиялар осы анемияларға жатады:


    1. Гипорегенераторлы


    2. Гиперрегенаторлы


    3. Регенераторлы


    4. Макроцитарлы


    5. микроцитарлы

    $$$078



    Қандай қоздырғыш интранатальды індет жұқтыру кезінде балаларда туа біткен пневмония пайда болуының себебі болып табылады?


    1. Цитомегаловирус


    2. В тобының стрептококкы


    3. Грамтеріс бактериялар


    4. Стафилококк


    5. Микоплазма

    $$$079


    І-ші жүктіліктен, І-ші ұзаққа созылған босанудан жаңа туған нәресте, өмірінің алғашқы минуттарында енжар, спонтандық қозғалыс белсенділігі, қарап тексеруге және тітіркендіргіштерге реакциясы әлсіз, рефлекстері тұнжыраңқы. Айқайы қысқа, аз эмоциалы. Тері жабындылары көгеріңкі, тахикардия, тондары бәсеңдеген, қысқа мерзімді апноэ. Жаңа туған нәрестенің жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:


    1. 9


    2. 8


    3. 7


    4. 6


    5. 5

    $$$080


    Балалардағы гломерулонефриттің дәл диагностикасы үшін келесі тексеру қажет:


    1. Бүйрек биопсиясы


    2. Урография


    3. Цистография


    4. Цистоскопия


    5. Компьютерлік томография


    $$$081


    Ұзақ әсер ететін инсулин препараттарына жатқызады:


    1. Хумалог


    2. Хумулин


    3. Протофан


    4. Лантус


    5. Актрагит

    $$$082


    Балалардағы Крон ауруы кезінде жиі осы ішек зақымдалады:


    1. Ащы


    2. Тоқ


    3. Мықын тұсы


    4. Тоқ ішектің дистальды бөліктері


    5. Тоқ ішектің илеоцекальды бөлігі

    $$$083



    Қан айналымның кіші шеңберінің молаюы қандай туа біткен жүрек ақауына тән?


    1. ДМЖП


    2. Өкпе артериясының стенозы


    3. Қолқа сағасының стенозы


    4. Декстракардия


    5. Қолқа коарктациясы

    $$$084


    Балаларда жүрек жеткіліксіздігімен асқынған қандай жүрек патологиясы кезінде, жүрек гликозидтарымен тез қанықтыру әдісі қолданылады?


    1. Митральды саңылау стенозы


    2. ДМЖП


    3. Эндокардит


    4. Миокардит


    5. Перикардит

    $$$085


    Бала 4 жаста. Көруінің төмендеуіне шағымданады, «көздерінде құм» сезімі, тізе және сирақ-аяқ буындарында қимылсыздық, кешке қарай қимылы толық қалпына келеді, субфебрилитет. Объективті: интоксикация, оң жақ тізе буынының көлемі ұлғайған, сипағанда күйіп тұр, көбірек бүгі мүмкін емес. Басқа органдар өзгеріссіз. Көзін қарап тексергенде: көз алмасының тамырлық суретінің ұлғаюы, синехия есебінен қарашықтарының формасының өзгеруі. Науқаста қандай диагноз болуы ықтимал?


    1. Реактивті артрит


    2. Ювенильді созылмалы артрит


    3. Ревматоидты артрит


    4. Облитерацияланған артрит


    5. ЖҚЖ

    $$$086


    12 жастағы бала, тез шаршағыштық, диспепсиялық бұзылыстар, парестезия, көз қарлығу шағымдарымен клиникаға түсті. Объективті: оң Хвостек, Труссо, Люст симптомдары. Қанында гипокальциемия. Науқаста қандай ауруды болжауға болады?


    1. Спазмофилия


    2. Эпилепсия


    3. Гиперинсулинизм


    4. Гиперпаратиреоз


    5. Гипопаратиреоз

    $$$087


    6 жастағы бала, клиникаға ауыр жағдайда түсті, енжар, дәрменсіз, тері жабындылары боз-сарғыш, мұнаралы бас-сүйек, биік готикалық таңдай. Бауыры қабырға доғасының шегінде, ауырсынусыз, көкбауыр қабырға астынан 5 см шығып тұр, тығыз консистенциялы. 3 жасынан бастап гематологта есепте тіркеуде. Кесімді диагнозды қоюға қандай жоғары сезімтал және спецификалық тест көмектеседі?


    1. Эритроциттердің осмотикалық резистенттілігі


    2. Ағысты цитометрия


    3. Билирубинді анықтау


    4. Ретикулоциттер саны


    5. Қан сарсуы мен несептегі еркін гемоглобин мөлшері

    $$$088


    Систолалық шығарылудың көлемін мен эластикалық және бұлшық ет типтес тамырлар тонусының жағдайын осы әдіс көмегімен жасайды:


    1. Эхокардиография


    2. Ангиография


    3. Векторокардиография


    4. Механокардиография


    5. Фонокардиография

    $$$089



    Қандай ауру қоюланудың плазмалық факторларының ақауымен шарттасқан?


    1. Верльгоф ауруы


    2. Гемофилия


    3. Лейкоз


    4. Шенлейн-Генох ауруы


    5. Гемолитикалық анемия




    $$$090

    Созылмалы аурулары жоқ, жиі ауыратын, нервтік-психикалық дамуында, физикалық дамуында бастапқы өзгерістері бар, функциональды ауытқушылықтары бар балалар қандай денсаулық тобына жатады:

    А) I денсаулық тобы

    В) I денсаулық тобы

    С) III денсаулық тобы

    D) IVденсаулық тобы

    Е) Vденсаулық тобы
    $$$091

    Дәрігердің қабылдауында 8 айлық бала. Бала анемия фонында өткен екінші жүктіліктен, бірінші босанудан, туылғандағы салмағы 3200 гр. Апгар шкаласы бойынша 8-9 ұпай. Анамнезінен: осы кезге дейін 4 рет ЖРВИ-мен ауырған. Гемоглобин 120г/л. Баланың резистенттілігін анықтаңыз:

    А) Жоғары

    В) Қалыпты

    С) орташа

    D) төмен


    Е) өте төмен
    $$$092

    Бала 2 жаста. Оны емізбейді, қазір ол отбасымен бірге күніне 3 рет тамақтанады. Отбасы үнемі етпен тамақтанады және балаға да береді. Оның тамақтану рационында жемістермен көкөністерден картоп, сәбіз, қырыққабат және алма бар. Ас мөлшері аздап салынады және өзіне берілген астың барлығын тауысып жейді. Баланы тамақтандыру бойынша анасы дәрігерден кеңес сұрады. Дәрігер кеңесі:

    А) Баланы күніне 4 рет тамақтандыру керек

    В) Баланы күніне 6 рет тамақтандыру керек

    С) Тамақтандыру арасында шай беру қажет

    D) Әр бір негізгі тамақтандыруда 250мл ас беру керек

    Е) Әр бір негізгі тамақтандыруда 350мл ас беру керек
    $$$093

    Дәрігердің қабылдауында 4 айлық бала. Бала жедел ауырған, таңертең дене қызуы 38,7°С, жоғарылап, бала селқостанып, тәбеті төмендеген, мұрын-жұтқыншақ жағынан айқын катаральды өзгерістер, мұрыны бітеліп, жөтел пайда болған. Бала ана сүтімен қоректенеді, дамуы қалыпты. Өкпесінде қатқыл тыныс. Диагноз қойыңыз :

    A) Гипертермия

    B) Катаральды баспа

    C) ЖРА, жеңіл дәрежелі ауырлықта

    D) ЖРА,орташа дәрежелі ауырлықта

    E) ЖРА,ауыр дәрежелі ауырлықта
    $$$094

    2 айлық бала. Емханада АКДС, ОПВ, ВГБ, Hib алдын-алу екпелері жасалды. Келесі күні дене қызуы 38,3°С,-қа көтерілген, делсалдық пайда болып, тәбеті төмендеген. ТАЖ минутына 36 рет, ЖСЖ минутына 136 рет. Бұл жағдай немен байланысты?

    A) Еекпеге реакция,жеңіл дәрежелі ауырлықта

    B) Екпеге реакция,орташа дәрежелі ауырлықта

    C) Екпеге реакция, ауыр дәрежелі ауырлықта

    D) Екпеге гиперэргиялық реакция

    E) Екпеге энцефалопатикалық реакция
    $$$095

    Отбасылық дәрігерге профилактикалық қабылдауға 3 айлық бала келді. Қараған уақытта ешқандай шағымдары жоқ. Ана сүтімен тамақтанады. Анамнезінен: 1 жүктіліктен, 38-39 аптадағы 1 босанудан туған. БЦЖ вакцинациясы өмірінің үшінші күні босану үйінде жасалған. Туберкулезбен науқас адамдармен қатынасты жоққа шығарады. Объективті: физикалық және нервті-психикалық дамуы жасына сай. Мүшелер бойынша ақаулар жоқ. Сол йығын қарағанда БЦЖ дамуының белгілері жоқ. Осы балаға қатысты отбасылық дәрігердің әрекеті:

    A) Қайтадан вакцинация жасауға болмайды

    B) 6 айға дейін алдын ала жасалған Манту сынағынан кейін вакцинациялау

    C) 6 айдан кейін Манту сынағынсыз вакцинациялау

    D) 6 айға дейін Манту сынағынсыз вакцинациялау

    E) 1 жаста алдын ала жасалған Манту сынағынан кейін вакцинациялау
    $$$096

    6-айлық балада психомоторлы дамуының қалыс қалуы анықталды. Ата-анасы бір біріне, үш ата жерден, туыс болып келеді. Олардың шаштары қара, көздері қоңыр. Ал қыздың шашы сары, көздері көк және терісі өте ақшыл. Қыз бала сирек гуілдейді, қимыл-қозғалысы баяу, отырмайды, еңбектемейді, тісіның шығуы байқалмайды. Терінен, «тышқан» иісі шығады. Анасының айтуынша балада туғаннан бері іш қатуға бейімділік бар. Диагнозды дәлелдеу үшін Феллинг сынамасы жүргізілді. Неліктен осы ауруды дәлелдеу үшін, осы сынама жүргізіледі:

    А) Қандағы фенилаланинді анықтау үшін

    В) Зәрдегі фенилаланинді анықтау үшін

    С) Қандағы тирозинді анықтау үшін

    D) Зәрдегі тирозинді анықтау

    Е) Зәрдегі типтофанды анықтау үшін
    $$$097

    Жеті жасар қыз бала, балалар ауруханасына түсті. Қыс мезгіліндегі суық тигеннен кейін, ұзақ уақыттан бері, төрт ай аралығында қатты жөтеліп жүргенін айтты. Түні бойы жөтеледі, шешесі ысқырық тәрізді сырылды есітеді, дене қызуы қалыпты, қыз бала белсенді, жүгіргенде жөтел пайда болып, ысқырықты сырыл естіліп тұрады. Науқас баланың мұрыны бітеліп, мазасызданады. Шешесі поллинозбен ауырады. Дәрігер диагнозды дәл анықтау үшін қандай ақпараттық зерттеу жүргізу керек:

    A) Спирография

    B) Өкпе рентгенографиясы

    C) Бронхография

    D) Бронхоскопия

    E) Пикфлоуметрия
    $$$098

    Бала 3 айда. Өмірінің алғашқы күндеріне бастап көк жөтел тәрізді тұрақты жөтелге шағымданады. Тәбеті қанағаттанарлық, бірақ салмақ қоспайды. Өкпеде перкуторлы дыбыс кей бөлімдерде қысқарған, кей жерлерде тұйықталған. Аускультацияда – әр түрлі калибрдегі ылғалды және құрғақ сырылдар ек жағынан да естіледі. Нәжісі көп мөлшерде, иісі өткір, тұтқыр, жылтырап тұрады, тәулігінен 8 ретке дейін. Сіздің болжам диагнозыңыз:

    A) муковисцидоз

    B) обструктивті бронхит

    C) жедел жай бронхит

    D) ошақты пневмония

    E) рецидивирлеуші бронхит
    $$$099

    Отбасылық дәрігердің қабылдауында бала физикалық күш түсу кезіндегі ентігуге, қақырықтың қиын бөлінуімен жүретін құрғақ жөтелге, шаршағыштыққа, дене салмағын жоғалтуға шағымданады. Қарағанда: акроцианоз, еріннің цианозы, бойының артта қалуы, тырнақтарының «сағат шынысы» тәрізді өзгеруі, саусақтарының соңғы фалангасының «барабан таяқшалары» сияқты өзгеруі. Аускультацияда – тұрақты емес ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада – өкпе суретінің күшеюі және деформациясы, созылыңқы қатаюлар, тор тәріздес ағарулар, өкпенің «ара ұясы» тәріздес көрінісі. Бронхоскопия кезінде: бронхтардың тарылуы мен деформациясы. Сыртқы тыныс алу функциясын тексергенде өкпенің өмірлік сыйымдылығының төмендеуі, рестриктивті типпен вентиляциялық жетіспеушілік. Емінде негізгі болып табылды:

    A) антибиотиктер

    B) спазмолитиктер

    C) муколитиктер

    D) глюкокортикоидтар

    E) шөптік дәрілер
    $$$100

    8 айлық бала, бірінші жүктіліктен, 3400г салмақпен туылған. 1,5 айынан жасанды тамақтануда. Тамақтануы ретсіз, қосымша тамақ кеш енгізілген. Басын 2,5 айдан бастап ұстаған, 7 айында отырған, тұра алмайды. Тексеріп қарағанда: әлсіз, тершеңдігі жоғары. Тері түсі бозғылт. Жалпы бұлшық еттің жалпы гипотониясы. Басы шаршы формалы, маңдай төмпешігі айқын көрінеді. Үлкен еңбегі 2,0х 2,5 см, шеті жұмсарған. Тісі жоқ. Көкірек қуысы екі жағынан қысылған, апертурасы кеңейген. «Мешелдік білезіктер» айқын. Іші «құрбақа іші» тәріздес, жұмсақ. Бауыры қабырға доғасы астынан 3 см шығыңқы. Нәжісі тұрақсыз. Бұл баланың биохимиялық қан анализінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

    А) Фосфор төмен, алкалоз, сілтілік фосфатаза жоғары

    В) Кальций төмен, ацидоз, сілтілік фосфатаза төмен

    С) Кальций төмен, Фосфор төмен, сілтілік фосфатаза жоғары

    D) сілтілік фосфатаза жоғары, Фосфор төмен, диспротеинемия

    Е) Кальций төмен, Фосфор төмен, сілтілік фосфатаза төмен
    $$$101

    Баланы жоғары шаршағыштық, ұстама тәрізді, қысқа уақытқа созылатын іштегі ауырсынулар, оның майлы тамақ қабылдаумен байланысты болуы мазалайды. Қарағанда тері жабындылары бозарған, таза. Ішті пальпациялағанда Мерфи, Кера симптомдары оң. Қан анализінде: гемоглобин -126 г/л, Эритроциттер -3,96х10-12/л, лейкоциттер-5,0х10-9/л, ЭТЖ- 2 мм/сағ, эозинофилдер-4, сегмент тәрізді-67, лимфоциттер-29. Дуоденальды зондтау барысында: өттің -«В» мөлшерінің бөліну жылдамдығы 10 мин, Одди сфинктерінің жабық болу уақыты - 9 минут, тітіркендіргішті қайталап бергеннен соң тағы қою өт бөлінеді. Сіздің емдік әрекетіңіз:

    A) спазмолитиктер, седативті әсері бар нейротропты заттар, физиоем

    B) холеретиктер, үстемелеуші әсері бар нейротропты заттар

    C) спазмолитиктер, холекинетиктер, минеральды сулар

    D) спазмолитиктер, дуоденальды зондтау, физиоем

    E) физиоем, холеретиктер, спазмолитиктер
    $$$102

    Ерте жастағы балалардағы ЖЖШ /жедел жүрек шамасыздығы/-ның этиологиялық факторларын атаңыз :

    A) фиброэластоз ревматизм

    B) ревматикалық және ревматикалық емес кардиттер

    C) инфекциялық токсикоздар

    D) өкпе аурулары (пневмония, БА)

    E) жүрек аритмиялары
    $$$103

    Іріңді фурункулдың тікелей емі қарастырады:

    А) Крест тәрізді тілік

    В) Линиялық тілік

    С) Доға тәрізді тілік

    D) Іріңдеген жерді сылып тастау

    Е) Біріншілік хирургиялық өңдеу
    $$$104

    Сепсистің өзгермейтін белгілеріне жатады:

    А) Жоғары температура, қалтырау, біріншілік ошақтың болуы

    В) терінің, көздің ағының сарғаюы, ентігу

    С) Терінің бозғылттығы, артериалды қысымның жоғарылауы

    D) Акроцианоз, артериалды қысымның төмендеуі

    Е) Метастаза болуы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы
    $$$105

    Жедел аппендициттің негізгі асқынуы болып табылады:

    А) Қан кету

    В) Динамикалық ішектің тарылуы

    С) Перитонит

    D Мезоденит

    Е) Лимфаденит
    $$$106

    Жедел панкреатит диагнозын растайды:

    А) Жалпы қан талдауы

    В) Копрологиялық зерттеу

    С) Несеп шөгіндісі

    D Несеп диастазасы

    Е) Коагулограмма
    $$$107

    Ішектің тарылу белгілері болып табылады:

    А) Жоғары температура

    В) Дәрет пен газдардың кідірісі

    С) Артериалды қысымның төмендеуі

    D) Диарея

    Е) Брадикардия
    $$$108

    Жедел ішектің тарылуы диагностикасының ең ақпараттандырушы әдісі болып табылады:

    А) Фиброгастродуоденоскопия

    В) Ультрадыбысты зерттеу

    С) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

    D) Жасырын қанға боқты тексеру

    Е) Лапароцентез
    $$$109

    Пельвеоперитнитпен асқынған аппендицит кезінде қандай ену жолын пайдалану керек:

    A) Көлденең

    B) Трансректальды

    C) Параректальды

    D) Орта-ортаңғы лапаротомия

    E) Төменгі-ортаңғы лапаротомия
    $$$110

    Жедел холецистите кезінде хирург гепатикохоледохтың 2,5 смге кенейгенін көптеген пальпацияланатын. Тастарды көрді, Операцияны қалай аяқтаймыз?

    А)Холедохты екі ретті дренаждаумен холедохолитотомия

    В)өт жолдарының тері және бауыр арқылы дренаждау холедохолитотомиямен бірге.

    С) холедохолитотомиямен холедхты сыртқы Т тәрізді дренажбен дренаждау;

    D) холедохолитотомия және холедохты жабық тігіспен;

    E) холедохолитотомия және холедоходуоденоанастомозды қалыптастыру
    $$$111

    28 жасар науқас К, жедел флегмонозды аппендецитке аппенд-эктомиядан кейін, операциядан кейінгі кезеңде 6 тәулікте дуглас-іріңдігі дамыды. Іріңдікті қандай әдіспен ашу және дренаждау керек:

    A) Алдыңғы құрсақ қабырғасы

    B) Тік ішек

    C) Аралық

    D) Қынап


    E) Бір мезетте алдыңғы құрсақ қабырғасы және тік ішек арқылы
    $$$112

    Асқазан жарасынан қан кетумен зардап шегетін науқасты жүргізілген емнен кейін шоктан шығарылды, бірақ жүргізілген консервативті шаралар гемостаздың толық қалпына келтіруге мүмкіндік бермейді. Бұндай жағдайда не істеу керек:

    A) Лапаротомия және асқазанды резекциялау

    B) Гастростома салу

    C) Гастростоманы қолдану

    D) Консервативті терапияны жалғастыру, Мейленграхт диетасымен

    E) Лапаротомия, гастроэнтероанасомоз, тамырдан қан кетуді тоқтату
    $$$113

    37 жасар науқас Л, аудандық ауруханаға асқазанның теспелі ойық жарасы клиникасымен түсті. Ауруханада анезтезиолог болмады. Хирург Тейлор әдісі бойынша консервативті ем әдісін таңдады. Аталған ем әдісі қандай:

    A) Cілті және асқазан перистальтикасын төмендететін заттарды қолдану

    B) Әрбір 4-5 сағат сайын асқазанды зондтау, көктамыр ішкілік сұйықтық енгізу, және кезбе жүйкені фармакологиялық блокада жасау

    C) Үнемі асқазанды салқын физиологиялық ерітіндімен жуу

    D) Жергілікті гипотермия және көктамы ішілік сұйықтық енгізу

    E) Антибиотик тағайындау, көктамыр ішілік сұйықтық енгізу кезінде азқазан ішіндегісін үнемі аспирациялау
    $$$114

    72 жасар науқас К, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуына, кебуіне, газ және нәжіс болмауына шағымданады. Үш тәулік бойы ауырған. Соңғы кездері іш қатуымен зардап шегуде, дене салмағы азайған. Қарағанда: іші үрілген, ассиметриялы, шалпы шуы, тимпанит, перистальтика естілмейді. Жедел ішек өтімсіздігін анықтауда шешу зерттеу әдісі:

    A) Ирригоскопия

    B) Қан, зәр анализі

    C) УДЗ

    D) Шолу рентгеноскопиясы

    E) Лапароскопия
    $$$115

    Ауыр ағымды эндогенді депрессияларды және шизофрения кезіндегі (әсіресе – фебрильді шизофрения кезінде) аффективті-сандырақ ұстамаларын емдеуде, эпилептиформалы талма есебінен емдік әсерге жететін биологиялық терапияның қандай түрі ұзақ уақыт бойы қолданылды?

    A) Пиротерапия

    B) Ұйқы депривациясы (айыру)

    C) Лоботомия

    D) Электр тоғымен ұйықтату

    E) Электро дірілді терапия
    $$$116

    Науқас К., 52 жаста. Қарап тексерген кездегі психикалық статусы: өз жасынан кіші көрінеді. Көңіл-күйі көтеріңкі, кең-пейілді-көңілді. Мимикасы тірі, тез өзгереді. Бет әлпеті көңілді. Көздеріне күлкі үйіріліп тұр. Әңгіме тақырыбынан тез ауытқиды. Бір сөзін аяқтамай жатып екіншісіне көшеді. Басқа адамдардың әңгімесіне килігеді, ескерту жасайды. Дауысы қырылдаған, әсершіл, қатты. Тақпақ айтып, өлең айтып, билеп беруге ынталана келіседі. Өзін «өмірдің артисті» деп есептейді. Өзін жас, талантты, күш-жігер мен энергияға толы деп деп сендіреді. Медбикелерге өзіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. Өзіне ескерту жасаса ашуланады. Айналасындағылармен жиі қақтығысып қалады, алайда ашуы тез арада көңілді күйге алмасады. Өзінің жағдайын сынамайды. Болжамды диагнозы?

    A) желікпе синдромы, қос полярлық бұзылыс аясында

    B) желікпе синдромы, шизофрениялық бұзылыс аясында

    C) желікпе синдромы, органикалық бұзылыс аясында

    D) желікпе синдромы, невротикалық бұзылыс аясында

    E) желікпе синдромы, психосоматикалық бұзылыс аясында
    $$$117

    Науқас Л., 35 жаста. Әңгімелесу уақытында: «Өзімнің өмірім үшін ұдайы қорқыныш сезімі жағдайында жүремін. Бір жағынан, өзіме ештеңе болмайтынын жақсы түсінемін, соған қарамастан өзімнің әрбір әрекетім менің денсаулығыма теріс әсер етуі мүмкін екендігінен қорқамын. Көшеде келе жатқанда, еріксіз қандай да бір заттарды, мейлі ол бағана, үй, машина болсын санай бастаймын. Дұрыс санағандай болсам, біраз уақытқа көңілім жайланады. Егер қандай да бір себеппен есебімнен жаңылсам, алдымда сәтсіздік күтіп тұр деген қорқыныш пайда болады. Әсіресе жұмыста қиын. Бір тапсырманы орындап болған соң, барлығын дұрыс жасадым ба деп күмәндана бастаймын. Егер бір нәрсе сапалы жасалмаса, бірден әлсіздік, жүрек қағу, діріл пайда болады. Ештеңе өзгерте алмайтынымды, жасай алмайтынымды және істің немен аяқталатынын күтуден басқа амал жоқ екенін сеземін. Ұдайы екі жақты жағдайда жүремін: жұмыс істеу керек, отбасымды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету керек екенін білемін, бірақ өзімнің денсаулығым үшін адам төзгісіз қорқыныш сезімі кесірінен іске кірісе алмаймын» - дейді. Болжамды диагноз?

    A) Неврастениялық невроз

    B) Ығыр қылатын жағдайлар неврозы

    C) Истерикалық невроз

    D) Кардионевроз

    E) Логоневроз
    $$$118

    Науқас П, 48 жаста. Екінші қайтара түсіп отыр. Ауруханаға түскерден бірнеше күн бұрын тұйық күйге түсіп, оқшаулана бастаған. Біркелкі сұрақтар қоя берді «Ары қарай не болады?». Сонымен бірге әйелінен көз алмады. Госпитализация алдындағы түнінде ұйықтап жатқан әйелін шанышқымен жарақаттамақ болған. Дәрігермен әңгіме кезінде «Көрші үйден арнайы хабарлағыш көмегімен жасыл радиотолқындар сәуле шашады» дегенді айтқан. Әйелдердің, ерлердің балалардың дауыстарын естиді. Дауыстар мазмұнынан, олардың тыңшылар тобы екенін түсінген. Дауыстар адамдарды өлтіру, үйлерді өртеу қажеттігін айтады. Өзінің әйелінің де осы ұйымға кіргенін естіген. Дауыстар бұйрығы бойынша әйелі оның тамағына, сүтіне у қосып берді деп есептейді. Әйеліне шабуыл жасауын «қылмыскерлер бандасын» құрту деген тілегім деп түсіндіреді. Болжамды диагноз?

    A) Шизофренияның кататоникалық түрі

    B) Шизофренияның қарапайым түрі

    C) Шизофренияның гебефрениялық түрі

    D) Шизофренияның параноидальды түрі

    E) Шизофренияның фебрильді түрі
    $$$119

    46 жастағы тексерілуші, бала күнінен мінезі тыныш және байсалды. 8-ші сыныптан соң құрылыс техникумына түскен, ол жерде бірге оқитын курстасының ықпалымен стипендия алғаннан кейін 200-250 мл шарап іше бастаған. Кей кезде осыдан соң құсу байқалған. Ішімдік ішуден рахат сезінбесе де, жолдастары тарапынан мінеушіліктен қорқып бас тарта алмаған. Техникумды аяқтағаннан соң әскерге шақыртылған, ол жерде мүмкіндік болса ішімдік ішіп отырған. Демобилизациядан соң құрылыста жұмыс істеген және айына 3-4 рет 200-300 мл арақ немесе 400-500 мл шарап ішіп отырған. Ішімдіктен соң құсу тоқтаған. 25 жасында үйленген және одан кейін бірнеше ай ішімдіктен бас тартқан. Соңынан бұрынғыдай қайта іше бастаған. Кей күндері кеше кешкісін не болғанын есіне түсіре алмаған кездері болған. Ішімдіктен бойын аулақ салуға тырысқан, әйеліне уәде де берген, бірақ бір стакан ішкеннен соң, тоқтай алмайтын болған. Күніне 500-600 мл арақ немесе 1 л шарапқа дейін ішетін болған. Мас күйінде дөрекі, ашушаң, жанжалдасқыш бола бастаған, осыған байланысты отбасылық қарым-қатынас бұзыла бастаған, жұмысында ескертулер алған. Отбасылық жанжалдардан кейін ішімдіктен тартынып көрген, бірақ онысы 1-1,5 айға ғана жеткен. Ондай кезеңдерде өзінжақсы сезінбеген. Таңертеңнен басы ауырып, жұмысқа ұзақ бейімделе алмаған. Кешке қарай қыдырып сергитін және көпке дейін ұйықтай алмайтын, ерте оянатын. Жетекші синдромды көрсете отырып клиникалық диагнозын негіздеңіз:

    A) алкоголизмнің 1-ші сатысы, толеранттылықтың үдеу синдромы

    B) алкоголизмнің 1-ші сатысы, тұлғаның моральдық-адамгершілік төмендеу синдромы

    C) алкоголизмнің 1-ші сатысы, мөлшер бақылауды жоғалту синдромы

    D) алкоголизмнің 1-ші сатысы, қорғаныш құсу рефлексін жоғалту синдромы

    E) алкоголизмнің 1-ші сатысы, масаю түрінің өзгеруі синдромы
    $$$120

    54 жастағы ер адам бас ауруы, қайта-қайта құсу және күндіз дене жүктемесі кезінде кенеттен пайда болған сол жақ аяқ-қолдарындағы әлсіздікке байланысты стационарға түскен. Соңғы бес жыл бойына АҚ-ң 160/100 мм сын. бағ. дүркін-дүркін көтерілуі байқалған, әдетте АҚ – 150/90 мм сын. бағ. қарап тексерген уақытта: санасында, АҚ – 170/100 мм сын. бағ., тамыр соғысы минутына 60, ырғағы дұрыс. Неврологиялық статус:мойын бұлшық еттерінің ебедейсіздігі, екі жағынан Керниг симптомы, сол жағынан төменгі бөлігінің мимикалық бұлшық еттерінің шала салдануы, шығарған кезде тілінің солға девиациясы, сол жақ қолында күштің 2 баллға дейін төмендеуі, сол жақ аяғында 4 баллға дейін, сіңір рефлекстерінің жандануы және сол жағынан Бабинский симптомы. ЭхоКГ-да орталық құрылымдардың оңнан солға 4 мм-ге ығысуы. КТ – оң жақ маңдай бөлігінде перифокальды ісік және оң бүйірлік қарыншаның алдыңғы ебейінің компрессиясымен 46х45х44 мм гиперденсивті ошақ, субарахноидальды қан құйылу белгілері. Емі және негіздеме:

    A) қан кетуді тоқтату мақсатында аминокапронды қышқыл

    B) вазоспазмды болдырмау мақсатында аминокапронды қышқыл мен нимодипин

    C) ми ісігінің өсу қаупін және дислокациялық синдром ды ескере отырып аминокапронды қышқыл, нимодипин, кідіртпей оперативті араласушылық жүргізу

    D) гематоманы алып тастаумен тікелей араласушылық, бірінші тәулікте нимодипин, нейропротекторлар және антиоксиданттар

    E) еіснің сақталуы мен сол аяғының жартылай салдануын ескере отырып, опреациялық араласушылықты гематоманың өздігінен пайда болатын лизисіне дейін 5-7 тәулік қоя тұру керек, аминокапронды қышқыл, нимодипин, нейропротекторлар мен антиоксиданттарды енгізуді жалғастыру
    $$$121

    Науқас Д., 45 жаста, ауру аяқ астынан басталды, қысқа мерзімді естен тану пайда болған. Науқаста бастың ауруы, жүрек айнуы, желке бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдары оң мәнді, брадикардия, 38 градусқа дейін дене температурасының жоғарылауы анықталған. Жұлын сұйықтығы қызғылт түске боялған. Болжам диагноздын қайсысы дәлірек:

    А) Ми қан тамырларының эмболиясы

    В) Субарахноидальді қан құйылу

    С) Бас миына қан құйылу

    D) Эпидемиялық менингит

    Е) Кене энцефалит
    $$$122

    Науқас У., 35 жаста, алкогольды көп қолданғаннан қолдары мен аяқтарында ауырсынулар және парестезиялар пайда болған. Статуста – солғын тетрапарез, «қолғап» және «шұлық» түрімен сезімталдықтын барлық түрлерінің бұзылуы, вегетативтік бұзылыстар анықталады. Болжам диагноздын қайсысы дәлірек:

    A) Белл параличі

    B) полинейропатия

    C) миопатиялық синдром

    D) афазия

    E) бульбарлы синдром
    $$$123

    17 жастағы науқас, көңіл - күйі төмен, құлазыған, жылай береді, өзінің ешкімге керек еместігін және пайдасыздығын уайымдайды, өмірден қол үзу ойы бар. Эмоция бұзылысының түрін анықтаңыз:

    A) эйфория

    B) депрессия

    C) дисфория

    D) іштарлық

    E) амбиваленттілік
    $$$124

    Науқас К., 18 жаста, ауру аяқ астынан басталды, қысқа мерзімді естен тану пайда болған. Науқаста бастың ауруы, жүрек айнуы, желке бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомы оң мәнді, брадикардия, 38 градусқа дейін дене температурасының жоғарылауы анықталған. Жұлын сұйықтығы қызғылт түске боялған. Диагнозын қайсы зерттеу растайды:

    A) ЭХО-энцефалография

    B) бас миының КТ-сы

    C) электроэнцефалография

    D) реоэнцефалография

    E) коагулограмма
    $$$125

    Алкогольды алты күн үздіксіз ішкеннен кейін науқаста үрей, тынышсыздық пайда болды. Қорқынышты дауыстар естиді, түнде ұйықтамайды. Соңынан түсушілерден қашып, далаға шықты, үстіндегі жабысқан құмырсқаларды қағып-сілкіп жүр. Психоздын қай түрі дәлірек :

    A) гебефрения

    B) онероид

    C) делирий

    D) галлюциноз

    E) аменция
    $$$126

    38 жастағы науқас ауыр жүк көтергеннен кейін бел аймағындағы кенеттен болатын ауырсынуға шағымданды, соның әсерінен иіле алмай қалды. Объективті: бел аймағында бұлшық еттердің керілуі, сколиоз, бел лордозының тегістелуі байқалған. Омыртқаның бел бөлімінің шектелуі, сол жақты L4-L5 паравертебральды нүктелердің ауырсынуы, Лассега симптомы оң мәнді. Науқасқа төмендегі берілген препараттардың қайсысын таңдадыңыз:

    A) диклофенак

    B) но-шпа

    C) церукал

    D) амитриптиллин

    E) конвулекс
    $$$127

    17 жастағы науқас қыз, көңіл-күйі жабырқаңқы, мұңайған, жиі жылайды, өзінің ешкімге керексізідігі және пайдасыздығы туралы айтады. Өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойларын білдіреді. Бұзылушылықтың қай түрі екенін анықтаңыз?

    A) эйфория

    B) депрессия

    C) дисфория

    D) жігерсіздің

    E) эмбиваленттілік
    $$$128

    45 жастағы әйел, күндізгі дене жүктемесінен соң пайда болған қарқынды бас ауруымен, жүрек айну және қайталама құсумен ауруханаға жеткізілді. Ауырғанға дейін өзін сап-саумын деп есептеген. Қарап тексеру кезінде: санасы айқын, артериалды қысымы – 160/100 мм сын. бағ., тамыр соғысы – минутына 70, ырғағы дұрыс, көзі қарығады, мойын бұлшықеттерінің сіреспелілігі, жартылай салдану және басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Ең ықтимал қандай диагноз?

    A) ми инфаркты

    B) субарахноидалды қан құйылу

    C) жедел менингит

    D) транзиторлы-ишемиялық шабуыл

    E) дискогенді радикулопатия
    $$$129

    20 жастағы ер адамда, соңғы 5 жол бойы бірнеше секунд ішінде жағымсыз иіс сезімінен басталатын есінен танып қалу ұстамасы пайда болды. Есінен танып қалу, аяқ-қолдарындағы үндескен және клонусты құрысу, тіл тістемі және зәрі тоқтамау. Ұстама бірнеше минут бойына жалғасады, ұстамадан кейін әдетте бас ауруы мазалайды, талма кезіндегі оқиғалар науқастың есінде жоқ. Бастапқыда талмалар жарты жылда бір рет болса, соңғы жылы олар айына бір ретке дейін жиілеп кетті. Қарап тексеру кезінде неврологиялық статуста өзгерістер байқалмады.

    A) генерализацияланған қояншық талма

    B) идиопатиялық эпилепсия

    C) қамығулар

    D) қояншық ұстамасы

    E) кіші құрысу талмасы
    $$$130

    36 жастағы пациент түнгі уақытта күшейетін үдемелі бас ауруына, сондай-ақ жүрек айну, ауырсынумен құсуларға шағымдарымен келді. Анамнезінде – 4 жыл бұрын сифилис бойынша ем қабылдаған. Неврологиялық статусында нағыз Аргайл Робертсон белгілерінің кешені, сол жақ бетінің асимметриясы, орталық тип бойынша жеңіл сол жақтың гемипарезі, гемигипестезия. Бас миының МРТ-сы жасалды, ми оң жақ жарты шарлардың конвекцитальды бетінің (сурет) көлемді құрылымы. Қанында – оң Вассерман реакциясы. Ең ықтимал қандай диагноз?

    A) нейробруцеллез

    B) созылмалы серозды менингит

    C) нейросифилис

    D) ишемиялық инфаркт

    E) бет жүйкесінің невриті
    $$$131

    42 жастағы пациент, оң қолындағы ұдайы құрысуларға шағымданып келді, құрысулар оқтын-оқтын күшейіп тұрады және науқас есінен танып қалады. Анамнезінен: тайгада болған кезінен кейін дене қызуының көтерілуі және қол бұлшық еттерінің әлсіреуі дамуымен жедел инфекцияға шалдыққан. Қарап тексеру кезінде: бас сүйек жүйкесі жағынан IX, X, XI және XII бас сүйек жүйкелерінің перифериялық жартылай салдану белгілері. Қолдарының күші 3 баллға дейін төмендеген, олардың айқын солуы. D>S тізе рефлекстерінің анизорефлексиясы, 2 жақтан патологиялық табан рефлекстері. Тексеріп қарау кезінде оң қолында үздіксіз бұлшық еттің құрысуымен гиперкинезі байқалды. Ең ықтимал қандай диагноз?

    A) менингоэнцефалит

    B) кене энцефалиті

    C) нейроревматизм

    D) паркинсонизм синдромы

    E) ұмытшақтық склерозы
    $$$132

    52 жастағы әйел адам, миастениямен азап шегеді, аяқ-қолдары бұлшық еттерінің әлсіреуінің үдеуіне байланысты, дәрігердің кеңесінсіз калимин мөлшерін тәулігіне 3 таблеткадан 6-8 таблеткаға дейін көбейткен. Осның салдарынан ішінде ауырсынулар және күшті сілекейдің бөлінуі пайда болған, аяқ-қолдарындағы әлсіздік үдеген. Тексеріп қарау кезінде: тері жабындылары бозғылт, артериалды қысым – 80/40 мм сын. бағ., тамыр соғысы – минутына 42, тыныс алуы минутына 25-ке дейін жиілеген, қарашықтары қысаң, симметриялы, аяқ-қолдарының күші 4 баллға дейін төмендеген, сіңір рефлекстері төмен.

    A) миастениялық криз

    B) тимома

    C) холинэргиялық криз

    D) ишемиялық инсульт

    E) субарахноидалды қан құйылу
    $$$133

    Науқас оң білегіндегі әлсіздікке шағымданады. Бақылаған кезде: білезік пен саусақ бүгушілердің күші нольге тең, бұлшық ет тонусы түскен, оң жақтағы карпорадиальды және шынтақ-бүгу рефлекстері жоқ. Білезік пен саусақтарды бүгу мүмкіндігі бар. Топикалық диагноз қойыңыз:

    А) Оң жақтағы кеуде бөлігіндегі жұлынның жарты бөлігінің зақымдануы

    В) Оң жақтағы перифериялық нервтің зақымдануы

    С) Оң иық өрімінің зақымдануы

    D) Оң жақтағы алдыңғы орталық қатпардың зақымдануы

    Е) Сол жақтағы ішкі капсуланың зақымдануы
    $$$134

    Науқаста келесі симптомдар анықталған: бұлшық ет сіреспелігі, брадикинезия, ахейрокинезия, пропульсия, брадилалия, парадоксальды кинезия, білезік пен бастағы ұсақ ритмді діріл, брадипсихия. Бұл синдром қалай аталады:

    А) Мишық атаксиясы

    В) Джексон синдромы

    С) Акинетикалық-сіреспелі синдром

    D) Гиперкинетикалық-гипотоникалық

    Е) Тетраплегия
    $$$135

    Науқаста екі жақ бойынша ДIV-ДVII дерматомдары шегінде ауырсыну және температуралық сезімталдық бұзылуы байқалады. Науқаста сезімталдық бұзылуының қай түрі көрсетілген:

    А) Перифериялық

    В) Артқы мүйізді-сегментарлы

    С) Комиссуральды-сегментарлы

    D) Өткізгіштік

    Е) Полиневритикалық
    $$$136

    Науқаста тетрапарез анықталған: қолда тонус төмендеген, аяқта жоғарылаған, қолдағы рефлекстер төмендеген, аяқта жоғарылаған, бұғана деңгейінен бастап сезімталдықтың барлық түрі төмендеген. Топикалық ошақты анықтаңыз:

    А) Жоғарғы мойын бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

    В) Мойынның жуан бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

    С) Кеуде бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

    D) Бел-сегізкөз аймағындағы жұлынның зақымдануы

    Е) Жұлынның жартылай зақымдану синдромы
    $$$137

    Науқаста тілдің оң бөлігіндегі атрофия, тілдің оң жақтағы бұлшық еттерінің фасцикулярлы жыбырлауы, тілді шығарғанда оңға қарай қисаюы байқалады. Қандай нерв зақымданған:

    А) Тіл-жұтқыншақ

    В) Кезбе


    С) Үшкіл

    D) Оң жақтағы тіл асты

    Е) Сол жақтағы тіл асты
    $$$138

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


    написать администратору сайта