Главная страница
Навигация по странице:

  • 1. Шартта көрсетілген қоректік орта (қолдану мақсаты бойынша) қандай қоректік орталарға жатады және оның құрамына не кіреді

  • 2. Неліктен колониялар Эндо ортасында таңқурай түсіне боялған

  • Есеп № 3.

  • 1. Студенттер қандай бояу әдісін қолданады және осы әдіс бойынша бояу реттілігін сипаттаңыз

  • 2. Бұл бактериялардың қышқылға төзімділігі немен байланысты

  • 1. Медбикенің ауруханаішілік стафилококктық инфекциясының көзі ретіндегі рөлін дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек

  • 2. Бұл зерттеу қалай жүргізілетінін сипаттаңыз

  • иммунология 1 рк. рк имун 90+. Есеп 1


    Скачать 74.92 Kb.
    НазваниеЕсеп 1
    Анкориммунология 1 рк
    Дата22.11.2021
    Размер74.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файларк имун 90+.docx
    ТипДокументы
    #278504
    страница2 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Есеп № 2.


    Іш сүзегіне күдікті науқастан алынған нәжісті Эндо ортасына себу нәтижесінде түрлі түсті колониялар өсті: кейбіреулері таңқурай түсті, басқалары түссіз.

    1. Шартта көрсетілген қоректік орта (қолдану мақсаты бойынша) қандай қоректік орталарға жатады және оның құрамына не кіреді?

    Эндо ортасы -энтеробактерияларды бөлуге арналған “дифференциалды-диагностикалық”қоректік ортаға жатады. Оны ұсынған жапондық бактериолог Сигэр Эндо есімімен аталған. Эндо орта - әлсіз селективті қасиеттерге ие, қоршаған орта компоненттері грам-теріс бактериялардың өсуін тежейді.Эндо агарга немесе эндо ортаның құрамына: 1% пептон, 0,25%-сутегі фосфаты, 1% лактоза, 0,33%-сусыз натрий сульфиті, 0.03%-фуксин, 1.25%-агар болады.

    2. Неліктен колониялар Эндо ортасында таңқурай түсіне боялған?

    Эндо ортада E. coli металл жылтырлығы бар танқурай-қызыл түсті дөңгелек, дөңес, тегіс колонияларды құрайды. Эндо ортасы-дифференциалды диагностикалық орта, ол қоректік негізден басқа, ортада 1% лактоза және негізгі фуксиннің қаныққан алкоголь ерітіндісі бар. Жаңадан дайындалған эндо ортасы түссіз немесе сәл қызғылт. Осы ортада өскен кезде E. coli лактозаны ыдыратады, қышқыл өнімдер пайда болады, олар фуксинді түссіз қосылыстан қызылға дейін қалпына келтіреді, сондықтан таңқурай-қызыл түске боялған колониялар өседі.

    Есеп № 3.


    Микробиология бойынша практикалық сабақта студенттер туберкулезбен ауыратын науқастың қақырығынан дайын бекітілген жағындыларды бояулары қажет.

    1. Студенттер қандай бояу әдісін қолданады және осы әдіс бойынша бояу реттілігін сипаттаңыз?

    Mикробактериялардың екі маңызды түрі адам организмінде туберкулез бен алапесті, ал басқа түрлері ірі қара мен адамдарда туберкулез тудырады.Туберкулез- патогенді микобактериялар.Аэробты, грам теріс, жіңішке таяқша тәрізді қозғалмайтын бактерия. Студенттер қақырықтан дайын бекітілген жағындыны бояу үшін Бактериоскопиялық әдіс бойынша бояйды. Бактериоскопия әдісіне Циль-Нильсен бойынша бояу, флотация және люминисцентті микроскопия әдістері жатады.

    Әдіс реттілігі:

    1)Циль-Нильсен әдісі бойынша туберкулез микобактериясын анықтау үшін 1 мл қақырықта кем дегенде 10-100 мың микобактериялар болу керек. Егер микобактериялар бұл саннан аз болса жалған нәтижелер пайда болады.Сүртінді дайындау үшін қақырықты Петри табағына құяды да, үшкір таяқшалармен 5-6 жерден іріңді түйірлер аламыз. Бекітілген жұғынды препаратқа карбол фуксинінің бірнеше тамшысын тамызамыз, сүзгі қағазбен бетін жауып бу шыққанға дейін қыздырамыз. Тағы 1-2 рет бояу тамызып қыздырамыз.(3-5мин)

    2)Сүзгі қағазды алып тастап жұғын препаратты салқындатамыз. 3% тұз қышқылды спиртпен 2-4с түссіздендіреміз.Жақсылап сумен шаямыз.Кейін Леффер сия көгімен бояап (3-5мин) сумен жақсылап шайамыз.Нәтижесін микроскоп арқылы қараймыз. Қышқылға төзімді бактериялар яғни микобактериялар қызыл түске, ал қышқылға төзімді емес бактериялар сия көк түске боялады.Қызыл түске боялған микобактериялар жіңішке таяқша тәрізді қозғалмайтын бактерия.

    2. Бұл бактериялардың қышқылға төзімділігі немен байланысты?

    Mикробактериялардың екі маңызды түрі адам организмінде туберкулез бен алапесті, ал басқа түрлері ірі қара мен адамдарда туберкулез тудырады. Кейбір микробактериялар шіріген органикалық қалдықтарда мекендейді, ал басқалары паразит болып саналады. Циль-Нильсон бояу әдісімен боялған микобактериялар қышқылға төзімді болса қызыл түске, ал қышқылға төзімді емес бактериялар сия көк түске боялады. Бактериялардың қышқылға төзімділігі жасуша қабырғасындағы микол қышқылы мен майларға байланысты.Сондықтан бактерия қышқылға тұрақты. Микобактериялар қарапайым бояуларды қабылдамайды,сондықтан да Циль-Нильсен бояуы қолданылады. Микобактериялар (mycobacterium) – бактериялардың таяқша тәріздес түрі. 

    Есеп № 4.


    Хирургиялық бөлімшеде патогенді стафилококк тудырған науқастарда стафилококк инфекциясының өршуі тіркелді. Осы бөлімшенің қызметкерлерін тексеру кезінде патогендік стафилококк операциялық мейірбикенің жұтқыншағынан бөлініп алынған.

    1. Медбикенің ауруханаішілік стафилококктық инфекциясының көзі ретіндегі рөлін дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

    Ауруханаішілік стафилококктық инфекциясының көзі ретіндегі рөлін дәлелдеу үшін клиникалық микробиологиялық зерттеу жүргіземіз.Соның ішінде Клиникалық микробиология аурухана ішілік инфекцияларды зерттейді.Аурухана ішіндегі (госпитальды, нозокомиальды) инфекция ол емдеу профилактикалық мекемелерде адамдарды тексергенде, емдегенде пайда болатын клиникалық белгілері бойынша анықтай алатын, микробтар қалдыратын кез келген аурулар.

    Госпитальды инфекция көзі:

    1) Науқас адам

    2) Аурухананың медицина қызметкерлері

    3) Ауруды күтушілер және оған келіп кететін туысқандары.

    Госпитальді инфекциялардың пайда болуына және оның әрі қарай дамуына мынадай жағдайлар әсер етеді:

    1. Ауруханаларда инфекция көзінің пайда болуы

    2. Антибиотиктерді және басқа химиялық препараттарды емдеуге ретсіз пайдаланудың нәтижесінде микробтар арасында іріктелу жүріп,вирулентті және резистентті штаммдардың пайда болуы, дизбактериоздық құбылыстар басталуы.

    2. Бұл зерттеу қалай жүргізілетінін сипаттаңыз?

    1. Ауруханаішілік инфекция ошағын анықтау үшін науқастардан және бактериотасымалдаушы адамдардан таза дақылды бөліп алады, кейін арнайы стафилофагтар жиынтығының көмегімен фаготипирлеуді жүргіземіз .Зерттелінетін дақылдарды Петри табақшасында алдын ала белгіленген квадраттарға сайма-сай келетін фагтар тамшысын бактериалогиялық ілмек көмегімен тамызады.Нәтижесінде лизис дақылының бар жоғы анықталады.

    Бактерияскопиялық зерттеу жүргізіледі. Фаготиптеу әдісін инфекция көзі мен таралу жолдарын анықтауда пайдаланады. Бір фаговарға жататын бактерияларды әртүрлі науқастардан бөліп алу, жұғу көзінің бір екендігін көрсетеді. Қоршаған орта объектілерінде (мысалы, суда) бактериофагтардың болуына қарап соған сәйкес патогенді бактериялардың бар екендігін білуге болады

    Стафилококктарды фаготиптеу инфекция көзін және таралу жолдарын анықтау үшін қолданылады (Босану бөлімдерінде, балалар бөлімдерінде және т.б..) Фаготиптеу әдісінің реттілігі:

    1.Бөлініп алынған стафилококктың дақылын бактериологиялық ілмекпен агары бар табақшаға себеді Табақшаның табанына квадраттарды фагтардың санына байланысты сызады. Агардың бетіне, әр квадрат ортасына 1 тамшы типтік фаг тамызады.

    2.Табақшаны термостатқа 37 С температураға 24 сағатқа қояды, сосын дақылдың лизисіне қарап нәтиже береді.


    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта