Главная страница
Навигация по странице:

  • 1. Микроорганизмдерде пайда болған көптеген дәрілік төзімділіктің механизмдерін сипаттаңыз

  • Антибиотикке төзімділіктің пайда болу механизмдері ретінде

  • Келесі механиз ол-Резистенттілік механизмі

  • 2. Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтаудың қандай әдістерін білесіз, олардың біреуін сипаттаңыз.

  • иммунология 1 рк. рк имун 90+. Есеп 1


    Скачать 74.92 Kb.
    НазваниеЕсеп 1
    Анкориммунология 1 рк
    Дата22.11.2021
    Размер74.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файларк имун 90+.docx
    ТипДокументы
    #278504
    страница3 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Есеп № 5.


    Науқастарды емдеу кезінде хирургиялық стационарда түрлі антибиотиктер мен химиопрепараттар қолданылды. Науқастардан көптеген дәрілерге төзімділігі бар бұрын бөлінген дақылдардан ерекшеленетін стафилококк дақылдары бөліне бастады.

    1. Микроорганизмдерде пайда болған көптеген дәрілік төзімділіктің механизмдерін сипаттаңыз?

    Жалпы Антибиотикке резистенттілік- микробтардың антимикробтық химияпрепараттарға төзімділігі болып табылады.

    Антибиотикке резистенттілік- микробтардың антимикробтық химияпрепараттарға төзімділігі.Бактерияларды резистентті деп есептеу керек ,егер олар макроорганизмде іс жүзінде жасалған препарат концентрациясынан зарарсызданбаса.Антибиотиктерге резистенттілік табиғи және жүре пайда болған түрінде болуы мүмкін.

    Табиғи төзімділік-микроорганизмнің туа біткен түрлік қасиеті.Ол микроб жасушасында нақты антибиотик әсер ететін нысанның жоқ болуы немесе оның қолжетерлік болмауы.Мұндай жағдайда тиісті антибиотикті емдеу мақсатында қолдану пайдалы емес. Микробтардың кейбір түрлері тиісті антибиотиктердің туыстастығына жаратылысынан төзімді немесе тиісті нысаналардың болмауына байланысты төзімді болып келеді.

    Жүре пайда болған төзімділік-микроорганизмдердің жекеленген штамдарының микроб популяциясының негізгі бөлігін ингибирлей алатын антибиотиктер концентрациясына қарай тіршілік қабілеттілігін сақтай алуымен сипатталады.20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап медициналық тәжірибеге антибиотиктер кейіннен енгізілуіне байланысты бактериялар жылдам бейімделіп ,жаңа препараттарғп біртіндеп төзімділік қалыптастыра бастады.Жүре пайда болған резистенттілік-ол сыртшы орта жағдайына макроорганизмнің бейімделуіне байланысты дамитын биологиялық заңдылық.Химиятерапиялық препараттарға тек қана бактериялар емес,басқа микробтар да -эукариоттықтардан бастап вирустарға дейінгілер де бейімделуі мүмкін.Микробтардың дәрілерге резистенттілік қалыптасуы және таралу мәселесі госпиталды деп аталатын штамдар қоздыратын ауруханаішілік инфекциялар үшін маңызы ерекше.Оларда,әдетте антимикробтық химиятерапиялық препапаттардың әр түрлі топтарына көп төзімділік байқалады

    Антибиотикке төзімділіктің пайда болу механизмдері ретінде

    1.Госпитальды штаммды қарастыруымызға болады.Яғни ол– мутация немесе гендердің берілуі нәтижесінде штаммның жаңа түрлерін, өмір сүруге бейімделген, патогенді микроорганизмдер.

    Негізгі қасиеттері:

    1. Әсер ету спектрі кең бір немесе бірнеше антибиотикке тұрақтылық;

    2. Стационарда өмір сүруге қабілеттілік

    3. Антисептитерге сезімталдығының төмендеуі.

    Келесі механиз ол-Резистенттілік механизмі:
    Микроорганизмде антибиотик әсер ететін структурасының болмауы, мысалы, микоплазма бактериясының пенициллинге сезімталдығы жоқ себебі, жасуша қабырғасы болмайды,мысалы: стафилококктар В-лактамаза ферменті арқылы көптеген пенициллиндердің В-лактамды сақинасын бұзады. Микроорганизм антибиотикті активті емес формаға ауыстыруға қабілетті.

    Грамм – теріс бактериялар жасуша қабырғасынан қосымша қабықпен қапталғандықтан, антибиотик микроорганизм қабырғасынан өте алмайды.

    2. Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтаудың қандай әдістерін білесіз, олардың біреуін сипаттаңыз.

    Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін қолданылады:

    -Диск тәрізді сорғыш қағазбен анықтау әдісі.(Агарға диффузиялау әдісі). Биомицин, неомицин, пенициллин, стрептомицин.Агарлық қоректік ортаға зерттелетін микробтың таза дақылын себеді,содан кейін антибиотиктер енгізеді.Әдетте препаратты агардағы арнайы шұңқыршаларға құяды немесе себінді беткейіне антибиотиктер сіңірілген қағазды дискілерді жабыстырып қояды.(дискілік әдіс).Нәтижелерін бір тәуліктен кейін шұңқыршалар (дискілер) айналасында микроб өсіндісінің болуы немесе болмауы бойынша есепке алады.

    -Сериялық еріту әдісімен анықтау.

    1)Сұйық ортада МПБ

    2)Тығыз ортада МПА

    Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін қолданылады: Диффузия әдісі(диск әдісі және Е-сынау әдісі) және Асылдандыру әдісі

    Енді “Диффузия әдісінің” ішіндегі Диск әдісіне тоқталатын болсақ :

    Биомицин, неомицин, пенициллин, стрептомицин. Агарлық қоректік ортаға зерттелетін микробтың таза дақылын себеді, содан кейін антибиотиктер енгізеді. Әдетте препаратты агардағы арнайы шұңқыршаларға құяды немесе себінді беткейіне антибиотиктер сіңірілген қағазды дискілерді жабыстырып қояды. Нәтижелерін бір тәуліктен кейін шұңқыршалар (дискілер) айналасында микроб өсіндісінің болуы немесе болмауы бойынша есепке алады.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта