иммунология 1 рк. рк имун 90+. Есеп 1
Скачать 74.92 Kb.
|
Есеп № 6.Сібір жарасына күдікті науқастың карбункулының ішіндегісінен жағынды дайындалды, Грам әдісімен боялды. Микроскопия кезінде препаратта капсуламен қоршалған тізбектесіп орналасқан кесілген ұштары бар күлгін түсті таяқшаларды табылды. 1. Бактериялардың тек қана морфологиялық және тинкторлық қасиеттерін зерттеуге негізделген жұқпалы ауруларды микробиологиялық диагностикалау әдісі қалай аталады. Осы әдістің құндылығы мен кемшіліктерін сипаттаңыз. Микроскопиялық тәсіл - микроорганизмнің морфологиялық,тинкториальдық қасиеттерін білдіреді. Зерттелінетін материалдан жүғынды дайындап, оны бояп (немесе боямай - нативті) микроскоп арқылы көруге негізделген. Бұл тәсілдің артықшылығы: зерттеу небары 30-60 минутты талап етеді. Егер иммунофлюоресценттік зерртеу тәсілін (ИФА) колданса микроскопиялық тәсілдің нәтижесінің дәлдігі артады. Кемшілігі: диагноз қою үшін микроорганизмдер туралы ақпараттың кемдігі. 2. Грам-оң және грам-теріс микроорганизмдердің жасуша қабырғасының құрылымдық ерекшеліктерін сипаттаңыз? Грам оң бактериялар жасуша қабырғасы- бір қалыпты құрылымға, иілгіш қабатқа жұқа және регидты қабатпен ковалентті байланысқан, ол Грам теріс бактерияларға қарағанда қалың /20-60 нм/. Қабырғаның негізгі мөлшері пептидогликан болып табылады, ол бірнеше 5-6 қабаттан тұрады. Жасуша қабырғасында микол қышқылы болады оның құрамында техой қышқылы болады. Грам оң бактерияларының пептидогликанының ерекшелігі ол жерде диаминопиелинді қышқылы жоқ. Жасуша қабырғасында липополисахарид жоқ. Грам теріс бактериялардың жасуша қабырғасы жұқа /14-18 нм/. Ерекшелігі регидты қабаты жұқа, пепдигликанның 1-2 қабатынан тұрады. Бұл жерде әрқашан диаминоциелин қышқылы бар. Жасуша қабырғасының құрамында көп липопротеині фосфолипидті, фосфоқантты және көп ақуыз бар, тейхой қышқылы болмайды. Жасуша қабырғасының пластикалық қабаты: липопротеин, липополисахарид және сыртқы мембранадан тұратын күрделі құрылым құрайды. Есеп №7.Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық- бактериологиялық зерттеу үшін зертханаға ауыз суы жеткізілді. Судың осы үлгісінің МЕСТ(ГОСТ)-пен ағынды суға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау қажет. 1. Ауыз судың фекальды (бактериялық) ластануын бағалау үшін қандай санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтайды? Судың микрофлорасы.Су микрорганизм үшін қалыпты орын болып табылады. Судағы микрорганизмдер сырттан түскен және өзінің микрофлорасы болып табылады. Патогенді микроорганиздердің өмір сүруі оның түріне, контаминорленген санына, микробтардың сапрофитикалық санына, судың температурасына, судың органикалық заттарының санына байланысты. Сол себептен су ішек инфекцияларының негізгі тарату жолы болып табылады (іш сүзегі, дизентерия, тырысқақ, полимиолит, гепатит). Судың ластану дәрежесі үш категорияға бөлінеді: 1. Полисапробты зона- өте лас, оттегі кем, органикалық заттары көп су. 1мл судағы микробтар 1 мл-ден көп. 2. Мезосопробты зона – өте ластанбаған су бір жерде органикалық заттардың активті минерализациясы жүреді. 1 мл суда 100-деген мың бактерия бар. 3. Олигосопробты зона- таза су 1мл суда ондаған, жүздеген бактериялар бар. Судың санитарлы микробиологиялық саны мынамен бағаланады: 1. Микробтық саны 2. Коли-титр белгілі аз мөлшердегі ішек таяқшасының саны. 3. Коли индекс таяқшасының 1л судағы саны. Бұл көрсеткіштерді титрациялық және мембранды фильтр арқылы анықтаймыз. Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыз суының микробиологиялық тұрғыдағы сапасын бағалау үшін мынадай зерттеу әдістері жүргізіледі: 1. Микроорганзмдердің жалпы санын анықтау – әрбір сынамадан 1 мл-ден кем дегенде екі көлем алуға, себіндіні дақылдап, артынша өскен колонияларды санауға негізделген әдіс. 2. Жалпы колиформды бактерияларды анықтау – мезофильді аэробты және факультативті анаробты микрпомикроорганизмдердың жалпы санын анықтау әдісі. 3. Термотолерантты колиформды бактерияларды анықтау – жалпы колиформды бактериялардан 44°С-та өсе алу қабілеттілігімен ерекшеленетін бактерияларды анықтау әдісі. 4. Сульфитредукциялаушы клостридияларды анықтау – себінділерді анаэробты жағадайға жақын тұрғыда темір-сульфитті агарда өсіруге және пайда болған споратүзуші клостридиялардың өскендігін сипаттайтын қара колониялардың санын анықтауға негізделген әдіс. 5. колифагтарды анықтау – ішек таяқшасын 37°С-та 18 сағаттан соң қоректік агар беткеінде лизис аймағы түзе отырып лизистеуге қабілеті бар бактериялық вирустарды анықтау әдісі. Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар: таяқша тәрізді (псевдомонадалар, аэромонадалар және т.б.) кокк тәрізді (микрококктар) және ирекше тәрізділер табылады. Су ластануын жалпы микробтар саны мен санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдерді анықтаумен жүргізіледі. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерді- қоршаған орта обьектілерінде патогенді микроорганизмдердің болу мүмкіндігін жанамалап анықтауға негізделіп қолданады. 1. Судың жалпы микроб саны - 1 мл зерттелетін суда 100 микробтан аспауы керек. 2. Жалпы колиформды бактериялар - зерттелетін судың 100 мл –де болмауы керек. 3. Термотолерантты колиформды бактериялар -100 мл зерттелетін суда болмауы керек. 4. Колифагтар- зерттелетін судың 100 мл –де анықталмауы керек (таңдақ түзу бірлігі бойынша есепке алу). 5. Сульфитредуцирлеуші клостридиялар споралары- 20мл зерттелетін суда анықталмауы керек . 6. Лямблия цисталары -50 мл зерттелетін суда анықталмауы керек. Сонымен қатар, судың ластануы фекальді – оральді механизммен берілетін патогенді микробтарды анықтаумен бағаланады (энтеровирустар, энтеробактериялар, тырысқақ вибриондары және т.б.) 2. Ауыз судың коли –титрі мен коли-индексін қандай әдістермен анықтайды? Осы әдістердің бірін сипаттаңыз. Судың коли-титрін және коли-индексін анықтау. Судағы ішек таяқшаларының шамадан артық болуы, олардың нәжістермен және патогенді микроорганизмдермен ластанғандығын көрсетеді. Судың ішек таяқшаларымен ластану дәрежесі – коли-титр және коли-индекспен көрсетіледі. Коли-титр – 1 ғана ішек таяқшасы кездесетін судың ең аз мөлшері. Коли-индекс – 1 литр судағы ішек таяқшаларының жалпы саны.Практикада бұл көрсеткіштерді анықтауда мембраналық сүзгіштермен сүзу әдісі жиі қолданылады. Ол үшін құбыр мен құдық суларының 300 және 500 мл-ін №3 нитроцеллюлозалық мембраналық сүзгіден өткізіп, сүзгіні Петри шыныларындағы стерильді Эндо ортасының бетіне (тегіс емес жағымен) аударып, 18-24 сағат бойы термостатта (370С) ұстайды. Сонан соң мембраналық сүзгі бетіне өсіп шыққан колонияларды санау арқылы олардың коли-титрі мен коли-индексін анықтайды. Ашық суаттардағы таза суды 100; 10; 1; 0,1 млден (ластанған суды алдын ала стерильді сумен араластырады) алып, сүзгіден өткізеді. Бір сүзгіден өткізеді Судағы ішек таяқшаларының шамадан артық болуы, олардың нәжістермен және патогенді микроорганизмдермен ластанғандығын көрсетеді. Судың ішек таяқшаларымен ластану дәрежесі – коли-титр және коли-индекспен көрсетіледі. Коли-титр – 1 ғана ішек таяқшасы кедесетін судың ең аз мөлшері. Коли-индекс – 1 литр судағы ішек таяқшаларының жалпы саны. Практикада бұл көрсеткіштерді анықтауда мембраналық сүзгіштермен сүзу әдісі жиі қолданылады. Ол үшін құбыр мен құдық суларының 300 және 500 мл-ін №3 нитроцеллюлозалық мембраналық сүзгіден өткізіп, сүзгіні Петри шыныларындағы стерильді Эндо ортасының бетіне (тегіс емес жағымен) аударып, 18-24 сағат бойы термостатта (370С) ұстайды. Сонан соң мембраналық сүзгі бетіне өсіп шыққан колонияларды санау арқылы олардың коли-титрі мен коли-индексін анықтайды. Есеп № 8. Оқу орнын жоспарлы тексеру кезінде аудиторияның ауасын седиментациялық әдіспен себу жүргізілді. Бір күннен кейін екі Петри табақшасында колониялардың жалпы саны – 200. Аудиториядағы ауа ластанған немесе жоқ па деп қалай ойлайсыз және неге? Ауаның санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдеріне қандай бактериялар жатады және неге? Аэробиология саласындағы зерттеулердің дамуы, бөлме атмосферасында сапрофиттік микро организмдерден басқа патогендік вирустар мен бактериялар бар екендігін көрсетті. Мысалы: менингококктар, патогенді стафилококтар, дифтерия қоздырғыштары, туберкулелез, коклюш, грипп вирустары, баспа, аденовирустар және т.б. Ауаны санитарлық-бактериологиялық зерттеу балабақшаларда, ауруханаларда, операциялық бөлмелерде, дәріханаларда, мектептерде жоспарлы түрде жүргізіледі. Олар атмосфералық ауаны да зерттейді. Тұндыру әдісі ең көне (Кох шөгу әдісі). Ол жабық бөлме ішіндегі ауаны зерттегенде ғана қолданылады. Ол үшін қоректік ортасы бар Петри табақшаларын ауаның жалпы бактериялық ластануын зерттеген кезде, сынама алу орындарында 5-10 минут ашық қалдырады. Экспозиция аяқталғаннан кейін шыныаяқтардың аузын жауып, термостатқа 37 ° C температурада 24 сағат бойы орналастырылады, содан кейін бөлме температурасында тағы бір күн ұсталады. Ауа ластанбаған. Нәтижелерін екі табақшадағы өскен колониялардың суммарлы саны бойынша бағалайды: 250 колонияға дейін анықталса, ауа таза деп есептеледі; Ал есеп шартта бізде колониялардың жалпы саны – 200. Демек ауа ластанбаған болып келеді.Егер 250-500 колонияның болса- орташа ластану, 500-ден жоғары болса айқын ластану дәрежесінің айғағы. Қазіргі уақытта санитарлық-көрсеткіш (индикаторлық) микроорганизмдер қатарына ішек микрофлорасының өкілдері: ішек таяқшасы, стафилококкалар, энтерококкалар, клостридиялар, протейлер, колифагтар мен термофилдер жатады. Ғимараттар және қора-қопсы ауасының биологиялық ластануының көрсеткіші ретінде стрептококкалар мен стафилококкалар алынған. Аспирациялық зерттеу әдісі қалай жүргізілетінін сипаттаңыз? Ауаны аспирациялық зерттеу арнайы сүзгілер арқылы, сұйықтықтар, ұнтақтар, адсобациялаушы микрофлора арқылы фильтрациялауға немесе аспирациялауға негізделген. Бұл ауаның микробтық санын анықтаудың едәуір нақты сандық әдісі болып табылады. Ауа себіндісін аспатар көмегімен жүзеге асырады. Мысалы, Кротов аппараты. Ауаны егу үшін ЕПА ортасы бар Петри табақшаларын Кротов апаратына орналастырып, ток көзіне қосады (ауаның жұтылу жылдамдығы 10 минутта – 25 л/мин). Микроорганизмдер агар бетіне шөгеді. Табаұшаларды шығарып, тәулік бойы 37°С-та инкубациялайды. Кейін өсу нәтижесін есептейді. Ауаның бактериалдық ластануы 1 м3 көлемдегі микробтардың жалпы санымен көрсетіледі. Микробтық санды келесі формуламен санайды: Х = а . 1000 / V мұндағы, а – табақшадағы ЕПА ортасына өсіп шыққан микробтық колониялар саны; V – құрал арқылы өткізілген ауа көлемі, л; 1000 – зерттелетін ауа көлемі, л. Есеп № 9. Жасушаға қоректік заттардың түсуі және қоршаған ортаға ақуыздар мен ферменттердің бөлінуі цитоплазмалық мембрана арқылы жүреді. Заттардың бактериялық жасушаға тасымалдану механизмдерін сипаттаңыз. Жасушаға қоректік заттардың келіп түсуіне ЦПМ жауапты. Қоректік заттар жасуша цитоплазмасына енуі үшін, олар жасушаны қоршаған ортадан бөлетін шекаралық қабаттардан өтуі керек. Бактериалық жасушаға қоректік заттарды тасымалдаудың екі түрі бар: енжар және белсенді. Енжар тасымалдауда заттар тек қана концентрациялық градиент бойынша енеді. Бұл кезде энергия жұмсалмайды. Енжар тасымалдаудың екі түрін ажыратады: жай диффузия және жеңілдетілген диффузия. Жай диффузияда молекулалардың мөлшері мен липофилділігі негізгі орын алады, бұл кезде заттар жасушаға спецификалық емес жолмен енеді.Жеңілдетілген диффузия тасымалдаушы-ақуыз-пермеазалар қатысуымен өтеді. Бұл процестің жылдамдығы заттың сыртқы қабаттағы концентрациясына байланысты. Белсенді тасымалдау кезінде зат жасуша ішіне тасымалдаушы-ақуыз – пермеаза көмегімен концентрация градиентіне қарсы енеді. Бұл кезде энергия шығындалады. Белсенді тасымалдаудың екі түрі бар: Белсенді тасымалдаудың бір түрінде шағын молекулалар (амин қышқылдары, кейбір қанттар) жасуша ішіне еніп, жасуша сыртына қарағанда 100-1000 есе артық болатын концентрациялық жағдай тудырады. Екінші тасымалдау түрін радикалдар транслокациясы деп атайды, бұл кезде кейбір қанттар (мысалы, глюкоза, фруктоза) жасушаға тасымалдануы кезінде фосфорилденеді, яғни химиялық өзгерістерге ұшырайды. Бактериалды жасушадан заттардың сыртқа тасымалдау механизмдерін сипаттаңыз. Бактерия сыртқы ортаға әр түрлі нәруыздарды және ферменттерді бөліп шығару керек. Секреттелген нәруыздар бактерияның тіршілігі үшін өте қажет. Олар жасушалық қабатты, түктерді құрастыруға, қоректік зат ретінде пайдаланатын ірі полимерлі молекулаларды ыдыратып, микроорганизм жүйелерін өзара әрекеттестіреді. Грам оң микробтарда нәруыздар сыртқы ортаға тікелей бөлініп шығады, грам теріс бактерияда олар сыртқы мембранадан өтуі керек. Сыртқы мембрананың болуы грам-теріс бактерияларда құрылымы құрылысы бойынша әр түрлі секрециялау жүйесінің 5 типін қалыптастыруға әкеледі. 1және 3 тип- бір этапта sec-нәруыздар қатысуынсыз өтеді,2-4 мембрана арқылы, sec-нәруыз қатысуымен өтеді. Есеп № 10. Жұқпалы аурулар клиникасына жалпы әлсіздікпен, мазасызданумен, бас ауруымен – көптеген ауруларға тән белгілері бар науқас кірді. Бұл науқаста жұқпалы аурудың қай кезеңі белгіленген? Жұқпалы аурудың барлық кезеңдерін сипаттаңыз. Жалпы, науқас жұқпалы аурудың продормды кезеңінде. Бұл кезеңде мазасыздану, бас ауруы, әлсіздік сезімі жиі кездеседі. Аурудың белгілері айқын көрінбей, бұлыңғыр түрде көрінеді. Патоген ағзаға кірген сәттен бастап толық қалпына келгенше біраз уақыт кетеді. Осы кезеңде адам жұқпалы аурудың осындай кезеңдерінен өтеді: Инкубация кезеңі- зиянды органның ағзаға кіруі мен оның белсенді әрекетінің басталуы арасындағы интервал болып табылады. Бұл кезең бірнеше сағаттан бірнеше жылға дейін созылады, бірақ әдетте 2-3 күн. Продромды кезең- симптомдардың пайда болуы және бұлыңғыр клиникалық көрініспен сипатталады. Аурудың симптомдары күшейтілетін аурудың даму кезеңі . Симптомдары барынша айқын көрінетін жылу кезеңі . Өмір сүру кезеңі - симптомдардың төмендеуі, жағдай жақсарады. Шығу. Жиі бұл - бұл аурудың белгілерін толық жоғалту. Нәтижесі әр түрлі болуы мүмкін: созылмалы түрге көшу, өлім, қайталану. Микроорганизмдердің патогендік факторларын атаңыз. Мысалдар келтіріңіз. Патогенділік бактериялардың биологиялық белгі ретінде үш қасиеттермен нәтижеленеді: инфекциялық, инвазивтік, токсигендік (немесе улылық -токсиндік). Инфекциялык (немесе инфективтік) — бұл қоздырғыштың организмге енуі және ауру тудыруы. "Микробтың ену механизмінің біреуімен енгенде өзінің патогенді қасиеті сақталып беткейлі барьерлерден (тері және кілегей қабығы) өтеу қабілеті" (Л.М.Королюк, 1995). Инвазивтік - қоздырғыш организмнің қорғаныс механизмдерінен сау өтіп, көбейеді, клеткаға өтіп, организмде таралу қабілеті. Бұл қасиет патогенді микроорганизмдерде пагогенді факторлар топтасқанда сипаттама береді. Олар клеткаға енген соң қарқынды көбейеді; фагоцитозды бәсендететін факторлар және фагоцитозды өткізбеуге бейімді факторлар микроорганизмдерде кездеседі; "агрессия және қорғаныс" ферменттері көптеген топтар қалыптастырады. Бактериялардың токсигенділігі олардың экзотоксин бөлуімен сипатталады. Улылық (токсичность) эндотоксин әсерімен байланысты. Экзотоксин және эндотоксин организмге әсер етіп оның өміріне қатерлі жағдай тудырады. Есеп № 11. Инфекция жұқтырған және өлген зертханалық жануарлардың ағзаларынан алынған таңба - жағындыларда капсуламен қоршалған пневмококктардың болуы пневмококкты сепсис диагнозын қоюға мүмкіндік береді. Зертханалық диагностиканың қолданылған әдістері қалай аталады? Осы әдістердің құндылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз. Зертханалық диагностиканың қолданылған әдістері: Микроскопия бойынша боялған Грамм әдісі , Бактериологиялық әдіс-материалды арнайы ортаға себу, Серологиялық әдіс, Полимеразалық тізбекті реакция әдісі болып табылады. 1. Микроскопия бойынша боялған Грамм әдісі бойынша Гиса жағынды – микроскоппен көрінетін ланцетопты диплококктар. 2. Бактериологиялық әдіс-материалды арнайы ортаға себу. Бактериологиялық диагностика әдісі. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Мәдени әдістің артықшылығы-зерттеудің салыстырмалы түрде жоғары ерекшелігі және микроорганизмдерге терапиялық әсерді зертханалық модельдеу және оның тиімділігін ескеру мүмкіндігі. Кемшіліктері-зерттеу ұзақтығы, материалды алуға қойылатын жоғары талаптар, зертхана қызметкерлерінің біліктілігіне қойылатын жоғары талаптар. 3. Серологиялық әдіс- агглютинация реакциясы арқылы қанды зерттеу тек негізгі диагнозды растайды.. Серологиялық әдістерді қолдану арқылы Диагностика қазіргі медицинада кеңінен қолданылады. Бұл тест әсіресе вирустық және жұқпалы ауруларды анықтауда өзекті. Эпидемиологиялық аурудың алдын алу үшін географиялық скринингтер мен медициналық тексерулерде бірдей тест түрі қолданылады. Серологияның артықшылықтары мен кемшіліктері: Серологиялық талдаулардың бірқатар артықшылықтары бар: Серологиялық тесттің кез-келген түрі жоғары сенімділікке ие. Серологияға талдау өте тез жүргізіледі. КБР нәтижесі бір күннен кейін белгілі болды және сіз оны үйден шықпай интернет арқылы ала аласыз. Ерекше жағдайларда стационарлық емдеу кезінде тест бірнеше сағат ішінде жүргізіледі. КБР аурудың дамуын бақылауға және емдеудің тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Серологиялық зерттеу әдістері арзан және пациенттерге қол жетімді. Серологиялық талдаулардың кейбір кемшіліктері бар: Тексеру ең сенімді ақпарат беру үшін қан анализін аурудың инкубациялық кезеңінің уақытын ескере отырып жүргізу керек. Зерттеудің сенімділігіне адам факторы әсер етуі мүмкін. Егер пациент зерттеуге дайындық ережелерін елемесе немесе зертханашы қан үлгісін өңдеуде қате жіберсе, жалған немесе күмәнді нәтиже алуға болады. Бұл жағдай шамамен 2% жағдайда пайда болады. Әдетте, емдеуші дәрігер клиникалық көрсеткіштер негізінде КБР қатесін оңай есептейді. |