Главная страница
Навигация по странице:

  • 31-сұрақ.Философия тарихындағы болмыс мәселесінің зерттелу тарихы мен ерекшеліктері: Платон, Аристотель, Ибн Рушд, Р.Декарт, М. Хайдеггер

  • 32-сұрақ. Болмыс және оның формалары.

  • 33-сұрақ. Материя туралы ғылыми-философиялық ұғымның қалыптасуы

  • 34-сұрақ . Материя және қозғалыс. Қозғалыстың түрлері

  • 35.Материяның негізгі формалары (бейорганикалық, органикалық, әлеуметтік)

  • Қазіргі заманғы ғалымдардың көзқарасы бойынша материяның негізгі формалары

  • Биологиялық жүйе;

  • 36-сұрақ . Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүру формалары ретінде

  • 37-сұрақ Диалектика- байланыс пен даму туралы теория ретінде. Диалектика туралы идеялардың дамуының негізгі кезеңдері

  • 38-сұрақ Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары

  • 39-сұрақ Диалектиканың категориялары және олардың қолданылуы

  • 40-сұрақ Эпистемология - таным теориясы ретінде.

  • 41-сұрақ Таным философиялық талдаудың пәні ретінде

  • 43-сұрақ .Рационалдық таным – логика, ойлауды

  • 45-сұрақ . Таным теориясындағы ақиқат мәселесі

  • 46-сұрақ. Практика- танымның негізгі ақиқатының өлшемі

  • 47-сұрақ . Абсолютті және салыстырмалы ақиқат

  • 48сұрақ .Эмпирикалық зерттеулер әдістері

  • 49-сұрақ Теоретикалық зерттеу әдістері

  • 50-сұрақ Ғылыми танымның жалпы логикалық әдістері.

  • философия руб1 (копия). Философия дниеге кзарасты жне оамды сананы формасы ретінде


    Скачать 0.77 Mb.
    НазваниеФилософия дниеге кзарасты жне оамды сананы формасы ретінде
    Дата31.03.2022
    Размер0.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлафилософия руб1 (копия).docx
    ТипДокументы
    #431524
    страница3 из 4
    1   2   3   4

    30-сұрақ. Онтология-болмыс туралы ілім ретінде.

    Философия өз негізінде үш мәселені қамтиды. Олар: Онтология (өмір сүру, тұрмыстық жағдай), Гносеология (таным туралы ілім), Логика (ойлау жүйесі туралы ілім).

    Онтология дегеніміз – болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «өмір сүру» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», терминіне сәйкес келеді.

    Философияда «болмыс» терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам, индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т.б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б.

    Болудың мазмұны абстрактылық: 1. психикалық климат; 2. әлеуметтік-материалдық қатынас; 3. адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі - осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды, бәрі де болмыс. Антика заманында алғашқы рет «болмыс» деген терминді философ Парменид (Эгей қаласынан) енгiздi. Парменидтің пікірінше, болмыс дегеніміз–Шар немесе Сфера секілді шекарасы жоқ, бос кеңістік. (Болмысты сферамен ұқсастырудың себебі, антикалық замандағы Сфера ұғымы - өте әдемі, мүлтіксіз, геометриялық фигура болып есептелінген). Болмыс субъективтік ақыл-ой емес, әлемдік ақыл-ой - логос ретінде, адамға тікелей әлемнің жасырын сырын ашады, яғни ақиқат болады. Болмыс сезімнің арғы жағындағы құбылыс, ой. Ол бірлік, өзгермейтін абсолют, өзінің негізінде субъект және объектіге бөлінбейді. Бұл мүлтіксіз ортадағы ақиқат-жақсылық, игілік және жарық. Ол пайда болмайтын, жоғалмайтын, қозғалмайтын, жалғыз, уақыты бойынша шексіз болады. Болмысқа ештеңенің қажеті жоқ, сезімдік сападан айырылған, сондықтан тек ақыл-оймен игеруге болады. «Болмыс - бар, биболмыс - жоқ» - деді Парменид.
    31-сұрақ.Философия тарихындағы болмыс мәселесінің зерттелу тарихы мен ерекшеліктері: Платон, Аристотель, Ибн Рушд, Р.Декарт, М. Хайдеггер

    Болмыс» туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз – бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес – деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес. Гераклит болмыс қарама – қарсылықтардың өзара күресі, олардың бір – бірімен өзара қабысуы деп пайымдаған. Онда от пен су, жылулық пен суықтық бар. Дүниедегі барлық нәрсенің негізі күрес, өйткені одан әлемдегі тамаша гармония туындайды. Болмыс үнемі дамуда, ұдайы қозғалыста. Демокрит болмыстың алғашқы негізі атом деп көрсетті. Атомдардың бір – біріне тартылуынан немесе бір – бірінен ажырауынан әлемнің көптігі пайда болады. Болмыстан басқа, бос кеңістіктегі болымсыздық бар. Платон өз ілімінде өзгермейтін, мәңгі, нағыз болмыс идея, ал өтпелі де өткінші болмыс зат әлемі деген ойды қорытты. Бұл идея әлемнің көлеңкесі, онда мәңгілік, тұрақтылық жоқ, ол бір сағым сияқты, өтеді де кетеді. Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде, болмыс – құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта өркендеу, әсіресе Жаңа дәуірден бастап жаратылыстану – механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды.

    Болмыс – жаратылыстану мен адамның практикалық іс – әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам әр уақытта табиғаттың жоғарғы күрделі жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді.

    Пантеизм аясында табиғатта құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж. Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы туралы идеялар кеңінен тарай бастаған. Болмыс теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан.

    Неміс классикалық философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс – деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты – табиғат деп қарастырған. Маркстік философия болмыс ілімінде философиялық материализм мен жаратылыстану дәстүрін жалғастырады. Болмыс мәселесін зерттеуге жаратылыстанудың философиялық мәселелерімен айналысқан – Ф.Энгельс үлкен үлес қосты. Ол өзінің «Табиғат диалектикасы», «Дюрингке қарсы» еңбектерінде материя, оның қасиеттері мен түрлері туралы, еңбек ету нәтижесінде адамның қалыптасуы туралы едәуір жұмыс тындырды.

    Орыстың діни философиясы болмыс мәселесін зерттеуде христиан дінінің, Платон, Гегель, Шеллинг философиясының идеяларына сүйенеді. Болмыс – рухани құбылыс. Онда хаоспен қатар гармония да, зұлымдылық пен қатар ізгіліке бар.
    32-сұрақ. Болмыс және оның формалары. Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды . Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу.

    Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.

    Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырма тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:

    1) табиғат болмысы немесе заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғат заттары мен процестері және адамдар жасаған заттар, процестер болмысына бөлінеді;

    2) адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;

    3) рухани (идеялық) болмыс, бұл жеке адамның рухани болмысы (идеясы) және объективтендірілген (жалпы адамдық) рухани болмыс болып жіктеледі;

    4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді
    33-сұрақ. Материя туралы ғылыми-философиялық ұғымның қалыптасуы.Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән – мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан. Дүниенің бірлігін, оның негізінде бір ғана субстанция бар деп үғындыратын ілім монизм философиясына жатады. Субстанция туралы, дүниенің мәні жөнінде материалистік және діни – идеалистік көзқарастар тарихи тұрғыдан алғанда бір мезгілде дерлік пайда болған.

    Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен пара – пар деп санады. Қысқасы, материя туралы қалыптасқан мұндай біржақты, шектеулі көзқарас ғылымның танымның, қоғамдық практиканың, жалпы мәдениеттің, сондай – ақ, философиялық ой – жүйенің даму деңгеймен байланысты еді. Бұл анықтамада материяның негізгі екі белгісі айқын көрсетілді, біріншіден, материя адамның санасынан тыстәуелсіз өмір сүреді, екіншіден, ол адамның санасында бейнеленеді. Бірінші белгі материяның санаға қарағанда бірінші, бастапқы екендігін білдірсе, екінші – материалдық дүниені танып – білуге болатындығын көрсетеді. Сөйтіп, материаның бұл анықтамасы философияның негізгі мәселесін тұтасымен материалистік ағымның нақты пайдасына шешеді.Сонымен бірге бұл анықтамада материаның нақты түрлері мен қалыптары, белгілі бір қасиеттері көрсетілмейді. Мұның өзі диалектикалық ойлау әдісінің метафизикадан айырмашылығын көрсетеді. Материаның басты қасиеті – санадан тыс объективті нақтылық ретінде өмір сүруі. Сөйтіп, материя, біріншіден, санаға дейін өмір сүреді; екіншіден, тысқары өмір сүреді; үшіншінден, бейнесі жасалатын құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді; төртіншіден, құралы есебінде санадан тыс өмір сүреді.
    34-сұрақ . Материя және қозғалыс. Қозғалыстың түрлеріМатерия атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт. Материя болмысының үш атрибуты бар – кеңістік, уақыт, қозғалыс. Материяның басты қасиеті - қозғалыс, материясыз қозғалыс, қозғалыссыз материя жоқ. Болу деген қозғалыста болуы дегенді білдіреді. Қозғалысты кез келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сыртқы емес, ішкі, ажырамас қасиеті, ол объективті, мәңгілік және абсолютті. Сонымен қатар, қозғалыс салыстырмалы, себебі ол өзгеріп отыратын, әрбіреуі өзіндік маңызға ие нақты формалар арқылы көрініс табады. Қозғалыстың өзiне қарама-қарсы сәтi: тыныштық материя объектілерінің өзгеру ерекшеліктері. Материалдық дүние таусылмас, шексіз, яғни қозғалыстың формалары да сансыз көп. Қозғалыстың әмбебаптығы туралы, оның бастапқы қасиет екендігін антикалық Милет мектебі, Гераклит, Демокрит, Эпикур сияқты философтар айтып кеткен. П. Гольбах XVIII ғасырда қозғалысты материяның өмір сүру тәсілі деп түсіндірді. Бірақ ол оны механикалық орын ауыстыру деп түсінген. XIX ғасырда қозғалыс формаларының байлынысы мен олардың классификациясын Ф. Энгельс ұсынды. Ол қозғалыстың механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік түрлерін атап көрсетті. Материя қозғалысының ең жоғарғы формасы - әлеуметтік қозғалыс болып табылатындығын айтты. Қазіргі заман ғылымында қозғалыстың геометриялық, термоядролық, планетарлық формалары туралы сөз етіліп жүр.

    35.Материяның негізгі формалары (бейорганикалық, органикалық, әлеуметтік)

    Материя – адам санасы мен көрнісіне тәуелсіз объективті шындық.

    Материя қозғалыстың формасы мен барлық мүмкіндігі бар қасиеттердің субстанционалды негізі болып табылатын шынайы тіршілік ететін объектлердің шексіз көпшілігін және әлем жүйесін қамтиды.
    Материя құрылмайды және жоғалмайды, әрдайым кеңістікте шексіз әрі уақытта, өзінің құрылымдық көрінісінде қозғалыспен өте тығыз байланысты, таусылмайтын, өшпейтін өзіндік дамуға ие.

    Ол белгілі бір кезеңде, белгілі бір жағдайда өмірдің пайда болуымен ойлаушы тіршілік иелерінің бар болуына негіз бола алады.

    Материя диалектикалық-материалистік тұрғыдан алғанда, объективті нақты және

    түрі жағынан алғанда заттай, энергиялық, т.б. яғни сапалық-сандық алуан түрлі өзінің акциденциалдық-функционалдық көріністерінде таусылмайды. Ол жалпы универсум.
    Қазіргі заманғы ғалымдардың көзқарасы бойынша материяның негізгі формалары:

    • Тірі емес табиғат жүйесі; (қарапайым бөлшектер және поля, атомдар, молекулалар, макроскопиялық денелер, әртүрлі ережедегі космостық жүйелер);

    • Биологиялық жүйе; (адамға дейінгі барлық биосфера, микроорганизмдер);

    • Әлеуметтік ұйымдасқан жүйе; (адам, қоғам).


    Бірақ материя тек бұл формалармен шектелмейді, олай болса, шексіз әлемде материяның шексіз түрі бар.

    Ол адам санасы жетпейтін түрлі қасиетке ие.

    Ол Эйнштейннің салыстырмалы теориясында жақсы сипатталды.

    Нәтижесінде ХІХ ғ. аяғында материяның атомистік концепциялық құрылымы өз шегіне жетіп, атомның бөлінетіндігі және оның ядро, электрон сияқты қарапайым электрлендірілген белсенді бөлшектерден тұратыны анықталды.

    36-сұрақ . Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүру формалары ретінде

    Кеңістік - материяның маңызды атрибуты. Кеңістік уақыт сияқты емес, ол қайта оралады. Кеңістік - материя болмысының объективті, жалпы, заңды формасы, ол әртүрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымдылығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды.Кеңістік объектілердің және олардың қалыптарының бірінің қасына бірі жайғасып тұруының тәртібінен қалыптасады. Реалды кеңістік тіршілік етушілерді іс жүзінде бөлудің, сонымен қатар, біріктірудің тұрақты көрсеткіші. Кеңістік үш өлшемді. Ол өлшемдерге ұзындық, ен, биіктік жатады. А. Энштейннің салыстырмалылық теориясы төрт өлшемділікті қолданады, үш өлшемге төртінші өлшем - уақыт қосылады. Уақыт - әртүрлі жүйелердің жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін сипаттайды, материя болмысының объективті, жалпы және заңды атрибуты. Басты қасиеттері - бір өлшемді, бірбағытты, қайта оралмайды, ылғи да өткеннен болашаққа қарай жүреді. А. Энштейннің салыстырмалылық теориясы кеңістік пен уақыттың нақты қасиеттерінің материалдық объектілердің ерекшелігіне, олардың қозғалыс пен өзара әрекетіне тәуелділігін анықтайды. Кеңістік пен уақыттағы дененің қасиеттері қозғалыстың жылдамдығына байланысты. Мысалы, дененің қозғалыс жылдамдығының жарық жылдамдығына жақындауы, жылжу бағытындағы өлшемдерді қысқартады, ал уақыттың өтуі бәсеңдейді.
    37-сұрақ Диалектика- байланыс пен даму туралы теория ретінде. Диалектика туралы идеялардың дамуының негізгі кезеңдері

    Философияда ең негізгі екі әдіс бар: біріншісі ‑ диалектика болса, ал екіншісі‑ метафизика болып табылады. Диалектика деген гректің сөзі «диалектикус», «әңгімелесу» деген сөз. Диалектика ‑ табиғаттың және әлеуметтік дүниенің дамуы туралы терең де жан ‑ жақты ілім. Диалектиканың негізгі идеясы, түпкі принципі - даму идеясы. Даму деп - заттар мен құбылыстардың сапа жағынан өзгеруін, негізінен басқаға айналуын, біреулерінің құрып, екіншілерінің, жаңаларының тууын айтамыз. Дамудың жалпыға бірдей сипаты болады. Адамның айналасындағы барлық заттар мен құбылыстар - жұлдыздар мен өсімдіктер және адамның өзі де даму процесінде пайда болып, өзгеріп және дами береді. Даму екі бағытта болады - прогресс және регресс. «Прогресс» - ол латын сөзінен «алға» жылжу деген сөз, ал «регресс» - кертартпа деген сөздің мағынасын білдіреді.Дамудың диалектикалық тұғырнамасының терең мәнін ашатын негізгі үш заңы бар. Олар: қарама ‑ қарсылықтың бірлігі мен күресі, сан және сапа өзгерістерінің өзара ауысуы және терістеуді терістеу заңы.
    38-сұрақ Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары

    Дамудың диалектикалық тұғырнамасының терең мәнін ашатын негізгі үш заңы бар. Олар: қарама ‑ қарсылықтың бірлігі мен күресі, сан және сапа өзгерістерінің өзара ауысуы және терістеуді терістеу заңы. Заң дегеніміз құбылыстардың арасындағы жалпы маңызды қайталанып отыратын байланыс. «Қарама ‑ қарсылықтың бірлігі мен күресіне» тоқталайық. Қарама ‑ қарсылықтар мен бірлігі мен күресі заңы ‑ материалистік диалектиканың мәнін, «өзегін» аңғаратын шындықтың және оны адам ойы тануының жалпы заңы. Кез - келген объекті қарама ‑ қарсылықтардан тұрады. Терістеуді терістеу заңы ‑ диалектиканың негізгі заңдарының бірі. Тұңғыш рет Гегельдің идеалистік жүйесінде тұжырмдалған. Терістеудің терістеу заңы сабақтастықты, дамудың спираль тектестігін, жаңаның ескімен сабақтастық арқылы байланысын, дамудың жоғары сатысындағы бірқатар төменгі сатыларға тән кейбір қасиеттердің ерекше түрде қайталанатындығын көрсетіп, дамудың прогресті сипатын дәлелдейді.

    Диалектиканың негізгі үш заңы да белгілі бір категориялар арқылы тұжырымдалады. Категория дегеніміз не? Категория дегеніміз ‑ адам ойлауының, оның болмысына қатысының сипаттамалары. Ал енді категорияларына тоқталайық: Жеке мен жалпының арақатынасы жөніндегі мәселе тарихи процестердің заңдылықтарына талдау жасауға байланысты ерекше шиелінісе түсті. Кеңістік және уақыт жағынан бір - бірінен бөлек тұрған, өзіне ғана тән сапалық және сандық айқындылығы бар жеке нәрселер мен құбылыстардың өмір сүруі жекеше категориясымен сипатталады. Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз-заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Мысалы, әлемдік тартылу заңы, табиғи сұрыпталу заңы. Бұлардың бәрі объективті материалдық әлемнің заңдары. Екіншіден, заң дегеніміз-әлемнің байланыстарын бейнелейтін білім жүйесі. Бұл-ғылым заңдары. Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама-қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама-қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама-қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді.
    39-сұрақ Диалектиканың категориялары және олардың қолданылуы.Диалектиканың негізгі үш заңы да белгілі бір категориялар арқылы тұжырымдалады. Категория дегеніміз не? Категория дегеніміз ‑ адам ойлауының, оның болмысына қатысының сипаттамалары. Ал енді категорияларына тоқталайық: Жеке мен жалпының арақатынасы жөніндегі мәселе тарихи процестердің заңдылықтарына талдау жасауға байланысты ерекше шиелінісе түсті. Кеңістік және уақыт жағынан бір - бірінен бөлек тұрған, өзіне ғана тән сапалық және сандық айқындылығы бар жеке нәрселер мен құбылыстардың өмір сүруі жекеше категориясымен сипатталады. Ол бір объектіні басқаларынан айырып тұратын, тек сол объектіге ғана тән нәрсені көрсетеді. Заттардың қасиеттері мен қатынастарының ортақ белгілері, қасиеттері жалпылық категориясымен белгіленеді. Бұл категория объектінің қасиеттері мен жақтарының ұқсастығын, белгілі бір жүйенің элементтері, бөлшектері арасындағы, сондай - ақ түрлі жүйелер арасындағы байланысты бейнелейді. Жалпы жекеден бұрын және одан тыс өмір сүрмейді, дәл сол сияқты жеке де жалпыдан тыс өмір сүрмейді.
    40-сұрақ Эпистемология - таным теориясы ретінде.

    Таным – бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Таным адамның практикалық іс - әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным – адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылық іс - әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дз. Феррерердің еңбектері арқылы енді. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты.

    Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекеленген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама – қарсы, бірақ бір – бірімен өте тығыз байланысқан жақтары. Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол адамға зат пен құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен қатынастарынан бастап, оның тереңде жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік береді, яғни заттың мәнін, ішкі құпиясын меңгеруге жағдай жасайды.
    41-сұрақ Таным философиялық талдаудың пәні ретінде – қоршаған дүниені адам санасында белсенді бейнелеу процесі. Таным – шындықты бейнелеудің жоғары формасы, салыстырмалы ақиқаттан нақты ақиқатқа өту,

    субъекттің объектке шексіз жақындай түсуін бейнелеу. Таным теориясын философияда гносеология немесе эпистемология деп те атайды.

    Танымның екі формасы:

    - сезімдік, түйсіктік таным;

    - рационалдық, логикалық таным.

    Сезімдік таным – сезімдер мен түйсікті білімнің қайнар көзі деп біледі. (Д.Локк, Беркли. Юм, Мах) Формалары: түйсік, қабылдау, елестету. Рационалдық таным – логика, ойлауды

    абсолюттендіру, танымның негізі ақыл,парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель.)Формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы (тұжырым). Таным процесінде дүниені тануға бола ма, болмай ма деген мәселеге екі түрлі көзқарас бар:

    Гностицизм – дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін

    шексіз деп түсінетіндер;

    Агностицизм – дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкнідігі шектелген деп түсіндіретіндер. (Иммануил Кант). Қазіргі заманғы гносеология көбінесе гностицизм бағытын ұстанады.
    42-сұрақ Сезімдік таным – сезімдер мен түйсікті білімнің қайнар көзі деп біледі. (Д.Локк, Беркли. Юм, Мах) Формалары: түйсік, қабылдау.42 Сезімдік таным дегеніміз - сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып - білу. Сезім мүшелері дегеніміз - ол біздің айналамыздағы дүние жайындағы мәліметтер санамызға келіп кіретін бірден - бір қақпалар болып табылады. Сондықтан таным процесінің қандайы да болсын материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар және елестету арқылы жүзеге асырылады. Сезімдік таным тек заттар мен құбылыстарды тікелей қабылдаумен ғана танып қоймайды. Сыртқы заттардың сезім мүшелеріне алуан түрлі әрекет етуі нәтижесінде адамның миында белгілі - бір іздер сақталып қалады. Онан әрі бұлар еріксіз немесе әдейі жандануы және адамның бұрын қабылдаған заттарының нақты образдарының тууына физиологиялық негіз болуы мүмкін. Бұл образдар елестету деп аталады. Танымның тұтас күрделі процесінде бейнелеудің сезімдік және логикалық формалары «таза» түрі де, жеке, бір - бірінен оқшау түрі де көрінбейді. Олар бірігіп, бір - бірімен қабысып, өзара бір-біріне еніп тұрады. Таным ісінің қандайына да болсын белгілі - бір дәрежеде сезімдік, эмпириялық элементтер де, сол сияқты рационалды, теориялық элементтер де кіреді. Таным процесі сезімдік және рационалдық жақтардың диалектикалық бірлігі.
    43-сұрақ .Рационалдық таным – логика, ойлауды

    абсолюттендіру, танымның негізі ақыл,

    парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель.)

    Формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы (тұжырым).

    Ұғым дегеніміз – шындықтағы заттардың, құбылыстардың өзара байланыстарын жүйелеп жинақтайтын, қорытатын ой. Яғни, объективті шындықтың өзіндік табиғатын игеру, бейнелеу ұғымдар түрінде іске асады. «Ұғым» сезімнен толық арылған ой жүзінде танылған заттың дүниеде болу тәсілін ішкі қажеттілігінде және сондай құбылыстардың бәріне де міндетті түрде тән жалпылығында идеалдық түрде қайта жасайды.

    Ой – тұжырым деп бұрынғы қалыптасқан білімнен жаңа білімнің, бұрынғы белгілі ойдан жаңа ойдың шығуын іске асыратын ойлаудың маңызды формасын айтамыз. Адам ойларының жасампаздық сипаты осы феноменде айқын көрінеді.

    Ойдан ой туады – деген пікір бекер айтылмаса керек. Белгілі білімдерден белгісіз білімдер ой тұжырымы арқылы өрбіп отырған.
    44-сұрақ Дүниені тану Гностицизмді жақтаушылар танымның қазіргісі мен келешегіне оптимистік тұрғыдан қарайды. Олардың пікірі бойынша, дүниені тануға болады, адамда танымның шексіз қабілеттік мүмкіндіктері бар. Скептиктер дүниенің ұстанымды танылуын жоққа шығармайды, тек танымның дәйектілігіне күмән келтіреді.

    Агностицизм[1] - (гр. ἄγνωστος - мойындамаушылық) - объективті әлемді, ақиқаттың объективті белгісін мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін шектейтін, табиғи, соның ішінде әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық ілім.[2]

    Агностицизм ұғымын XIX ғасыр діни сайыстарда ғылыми көзқарасты айқындаушы ретінде 1869 жылы Т. Гексли енгізген. Агностицизмнің қайнар көздері - скептицизм, Зенонның апориялары. Д.Юм ілімі, И.Канттың антиномиялары агностицизм негізгі көзі болып табылады.

    44 Скептизм (көне грекше: σκεπτικός — қарастыратын, зерттейтін) —

    объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады;
    45-сұрақ. Таным теориясындағы ақиқат мәселесі Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” — шындық; әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”). Йасауи мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек сана-сезіммен танылатын Ясаауи мазһабының теориялық білім жүйесін қамтыды. Бұл ілім бойынша адам жаратушы хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа жету, сіңу (фәнә), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленді. Адам хақтың бір бөлшегі ретінде рухани және өтпелі кезеңге тән нәпсілік қасиеттердің басын біріктіргендіктен, азапты сынақтан өтіп, абсолютті кемелдікке жетуі қажет. Сонда адам жан, тән азабын кешу арқылы нәпсілік қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап қалса ғана хақпен бірігіп (таухид), хақ дидарын көріп, ақиқат мәнін түсіне алады. Йасауи мазһабының “хал” ілімі хақ жолындағы белгі, нышандарды танытатын амал-әрекеттер жиынтығын қамтиды. Бұл ілімде хақ жолындағы 40 мақамның 10-ы — шариғатта, 10-ы — тарихатта, 10-ы — мағрифатта, 10-ы — ақиқатта деп белгіленіп, әр кезеңнің мағынасын құдайға деген махаббат арқылы сезінуге көңіл бөлінді. Хақ жолындағы адам белгіленген тәртіппен шариғат — жабарут, тарихат — малакут, мағрифат — лахут, хақиқат — насут шеңберін айналып өткенде хақпен рухани қатынас туады. Хақпен бірігуде адам өзінің адамдық қасиетін белгілейді, бұл лахут-насут арақатынасын теңестіруден көрінеді. Йасауи мектебі дәстүрінен тамыр алған нақшбандийа, иканийа, бекташийа секілді сопылық ағымдар да ақиқатты танып білуде хақпен бірігу (таухид) жолын ұстанды.

    Неміс классик. философтары (Фихте, Гегель) Ақиқатты білімнің дамуы тұрғысынан қарастырды. Ал қазіргі батыс философтарының бір ағымы — экзистенциализм өкілдері ақиқатты даралықтың психологиялық ахуалы деп талқылайдыАқиқатты танып-білу процесі — тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.
    46-сұрақ. Практика- танымның негізгі ақиқатының өлшемі Практика - таным негізі және қозғаушы күші Практика деген не? Таным теориясының орталық санаты болып есептелетін, адамдардың практикалық қызметінің қажетті және шешуші аясы — еңбек өндірісі. Соның арқасында адам өзінің өміріне қажетті материалдық игіліктерді — тамақты, киімді өндіреді.Практика дегеніміз—тек жекелеген адамдардың ғана емес, сонымен қоса ол миллиондаған адамдардың қызметін біріктіретін қоғамдық тарихи үдеріс.практиканың талабы түрлі ғылымдарды дүниеге келтірді. Мысалы геометрия — жер өңдеудің практикалык кажеттілігіне орай пайда болды;астрономия — теңізде жүзу мен жер өңдеу талаптары негізінде, кибернетика — есепті модельдеу және логикалық операциялар арқылы өндірісті автоматтандыру мен басқару қажеттілігіне сай дамып, қалыптасты. Денсаулық сақтаудың дамуы биотехнологияны дамытуға мүмкіндік тудырып, соның негізінде адамдарға, үй жануарларына, ауыл шаруашылығы ендірісіне қажетті инсулин, өсу гормондары, тағы басқа препараттар алынды. Өз кезегінде танымның қорытындылары, ғылыми білімдер үнемі адамдардың практикалық қызметінде қолданылды. Ғылымның жетістіктері, оны одан әрі дамыту қажеттігі практиканың алдына жаңа мақсаттар қоюда. Атомдық физиканың жетістіктері, басқарылатын термоядролық реакцияның жүзеге асырылуы практиканың алдына өте жоғары температураға шыдай алатын материалдар жасап шығару мақсатын койды. Молекулалық биология жетістіктері тұтасымен алғанда ген инженериясын тудырды, мөдени есімдіктер селекцясы үшін қолданылатын және малдың нәсілін жақсартатын мұрагерліктің өзгеруін анықтау мүмкіндіктерін жасады. Сонымен, білім мен практика үнемі бір-бірімен астасып, өзара өрекеттесіп отырады, таным мен практиканың дамуына септігін тигізеді.
    47-сұрақ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат Абсолютті ақиқат деп өзінің мазмұны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін білмді айтамыз. Мұндайда білімнің деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты ақиқатты айтуға болады .

    "Мәңгілік" ақиқатқа болашақта ешқашан теріске шығарылмайтын ақикаттар жатады. Мысалы: "Барлық адамдар өледі", "Ай Жерді айналады", "Материяның және қозғалыстың жасалмайтыны және жоғалмайтыны" туралы философиялық ұстаным, т.б. Алайда танымда абсолюттік акикатка жетуді нақты нәтиже дегеннен гөрі, ғалымдар кол жеткізуге тырысатын идеал деуге болар. Сондықтан ғылымда салыстырмалы ақиқатты көп пайдалануға тура келеді.

    Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелі кеш бұдан гөрі дәлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Басқаша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат. Шынайы танымда әркашан субъектінін шарттылыктары мен ресурстары шектеулі: аспапты техникасы, қолданатын логикалық және математикалық аппараты, т.б. Осындай шектеулер зерттеушіге абсолютті ақиқатка кол жеткізуге мүмкіндік бермейді, ол еріксізден салыстырмалы акиқатқа қанағаттанады. Салыстырмалы ақиқаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық, сөйкес келеді, кейбіреулері автордың ақылмен болжап тұрған ойлары болып табылады. Объектінің кейбір аспектілері біршама уакытка дейін танушы субъектінің көзінен таса қалып коюы мүмкін. Өзінің объектісіне толык сәйкес келмеуіне орай, салыстырмалы ақиқат нағыздықтың жақындау — дәл бейнесі ретінде көрініс береді. Әрине, таным үдерісінде салыстырмалы ақиқаттың дәлелденуі, толыктырылуы мүмкін. Сондыктан ол жетілдіретін білім болып табылады. Абсолютті білім — шынайылыкка толык сәйкестігіне орай — бұлжымайтын білім. Элементтері өзінің объектісіне сай болғандықтан, онда өзгеретін ештеңе жоқ. Сырттай карағанда, абсолютті және салыстырмалы ақикаттар бір-бірін жоққа шығаратындай көрінеді. Ал танымның шынайы үдерісінде олар бір-бірімен қарама- кайшылықта емес, байланыста болады. Олардың байланыстары ақиқатқа жетудің процессуалдық, динамикалык сипатында болады. Салыстырмалы акиқатта адамзаттың жиынтық білімінің тұрақты өсу үдерісін камтамасыз ететін, бұлжымайтын білімдердің элементтері жоқ десек, кателескен болар едік . Таным үдерісінде адамдар абсолюттік және салыстырмалы акиқаттарды қатар қолданады. Әрине, ақиқаттың өзі үдеріс болуына орай, танылған арсеналдың ішінде абсолюттік шындык көп емес және абсолюттік ақиқат сол арсеналдың екі полюсіне шоғырлануы сипат алған. Абсолютті ақикат салыстырмалы ақиқаттардың косындысынан тұрады. Қосынды деп бұл жерде, салыстырмалы ақиқаттардың белгілі бір мөлшерінің карапайым қосындысы емес, абсолютті білімнің кұрылымындағы салыстырмалы акиқаттың алатын мөлшерінің біртіндеп, үнемі өсуін айтамыз.
    48сұрақ.Эмпирикалық  зерттеулер әдістері нақтылы  объектіге  бағытталған және  бақылау  мен  тәжірибе  мәліметтеріне  сүйенеді.  Бұл  деңгейде сезімдік  таным  басым  болды.  Мұнда  рационалды  ойлау  және  оның формалары  (түсінік,  талдау)  қатысады,  бірақ  олар  бағынышты  күйде болады.  Сондықтан  эмпирикалық  деңгейде  зерттелетін  объект  өзінің сыртқы  байланыстары  мен көріністерінің  артықшылығы  тұрғысынан бейнеленеді.  Эмпирикалық  зерттеуде  бақылау  мен  эксперименттен басқа сипаттау, салыстыру, өлшеу, анализ, индукция сияқты тәсілдер қолданылады.  Факт  эмпирикалық  зерттеудің  басты  элементі  және ғылыми білімнің формасы болыптабылады.  Факт  (лат.  factum   жасалған,  істелген  сөзінен):  а)  шындық түсінігінің синоним, шынайы болған жағдай, нәтиже, қиялға қарамақарсылық;  б)  эмпирикалық  білімді  тіркейтін  ерекше  ұсыныс,  яғни бақылау  мен  эксперимент  барысында  алынған  білім.  Факт  ғылыми білім жүйесінің нақты логикалық  құрылымына енгенде ғана ғылыми болады.  Н.Бор  көрсеткендей,  ешбір  факт  белгілі  бір  ұғымдар жүйесінен  тыс  құрала  алмайды.  Қазіргі  ғылым  әдіснамасында  фактінің  табиғатын  тануда  екі  көзқарас  қалыптасқан  –  фактінің  әр түрлі  теорияларға  қатыссыз  және  тәуелсіз  екенін  көрсететін фактуализм  және  керісінше  фактілер  толықтай  теорияларға  тәуелді және  теория  өзгергенде  ғылымның  факт  қоры  түгелдей  ауысады дегенді алға қоятын теоретизм. Бұл мәселенің дұрыс шешімі ғылыми факт теориялық жүктеме ала отырып, салыстырмалы түрде теориядан тәуелсіз  болады,  себебі  ол  негізінен  материалды  шындыққа негізделген  дегенді  қабылдау  болмақ.  Ғылыми  танымда  фактілер 

    жиынтығы  гипотеза  ұсынуы  мен  теория  жасаудың  эмпирикалық негізін құрайды. Ғылыми теорияның міндеті фактіні сипаттау, оларды түсіндіру,  белгілі  болмағандарын  болжау  болып  табылады.  Фактілер теорияны  тексеруде,  дәлелдеуде  және  терістеуде  маңызды  рөлатқарады:  фактіге  сәйкес  келу  ғылыми  теорияға  қойылатын  басты талап. Теория мен фактінің сәйкесіздігі білімнің теориялық жүйесінің аса  күрделі  кемшілігі  деп  есептеледі.  Дегенмен,  егер  теория  бір 

    немесе бірнеше фактілерге қарсы келсе, оны терістелген деп санауға болмайды,  өйткені  мұндай  қарсылық  теорияны  дамыту  немесе эксперименталды құралдарды жетілдіру кезінде жойылуы мүмкін. 
    49-сұрақ Теоретикалық зерттеу әдістері Әр ғылыми зерттеу дұрыс жоспарланған, алдын ала ойластырылған, нақты жағдай, нақты шарт үшін әзірленген белгілі бір жүйесі бар, қатаң әзірленген жоспарға, оңтайлы жоспарланған әдіске сай болса ғана жоғары нәтижеге жетеді. Классикалық анықтама бойынша әдіс – қандай да бір мақсатқа жету, белгілі бір міндетті шешу тәсілі, шындық өмірді теориялық және практикалық игеру тәсілдерінің жиынтығы. Француз ғалымы, жаратылыстанушы Р.Декарт: «Әдіс дегенде нақты және қарапайым ережені түсінемін, оны қатаң ұстану әрқашан да жалғанды ақиқат ретінде қабылдауға ешқандай ақыл-ой шығынысыз кедергі келтіреді, алайда білімді бірте-бірте үздіксіз ұлғайту арқылы ақыл өзіне қол жетімді барлық дүниені шынайы тануға мүмкіндік алады» деген болатын. Қазіргі таңда ғылым өте кең көлемді әдістер тізіміне ие, олардың бір бөлігі жалпы ғылымға ортақ болса, бір бөлігі жекелеген нақты зерттеу салаларына жатады. Жалпы ғылымға ортақ әдістер анализ бен синтезге негізделген зерттеулер кең таралған, онда зерттеліп отырған жүйе (үдеріс, құбылыс) элементтерін мүшелеу және біріктіру көп қолданылады.
    50-сұрақ Ғылыми танымның жалпы логикалық әдістері.

    Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады. Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Объектінің өзін ұстау заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы объект құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек. Объектіні тұтастық ретінде тану оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезенді жүзеге асыру — объектінің жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, анализ әдісін өзге әдіспен, яғни синтезбен алмастыруға байланысты. Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бүл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі өр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек, біздің көз алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді. Анализ бен синтез бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады. Индукция ойдың жалпыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды. Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді. "Барлық адам өледі. Юлий Цезарь — адам. Демек, Юлий Цезарьдің де өлетіні белгілі". Жалпы жағдайды біле тұра, таным субъектісі оны сол сипаттағы құбылыстардың бәріне ауыстырады. Бұған дейін мұндай объектілер ұзақ индуктивті тану жолынан өткендіктен, сол білімдердің нәтижесінде жеке зерттеу логикалық қорытуға ұласады. Данышпан ғалым-химик Д.И.Менделеев сол кездегі белгілі химиялық өлшемдердің бәрін дерліктей зерттей отырып, элементтердің периодтық заңына алдымен индуктивтік жолмен келді. Элементтердің қасиеттері олардың атомдық салмағына тәуелділігі анықталғанда, ол таза дедуктивтік әдіспен сол кезде әлі ашылмаған, белгісіз элементтердің қасиеттері туралы жорамал айтты. Содан кейінгі ашылған элементтер ол тұжырымдаған заңдылықтардың толығымен дұрыстығын көрсетті. Индуктивтік әдіспен алынған ақиқат үнемі толық бола бермейді, сондықтан ол дедуктивтік әдіспен дәйектелуі керек. Екінші жағынан, дедукция үнемі индуктивтік жолмен алынған нәтижелерді пайдалануы керек.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта