Главная страница
Навигация по странице:

  • Сурак 53 Ғылымдардың жіктелуі. Сциентизм және антисциентизм

  • Сурак 54 Философиялық антропологияның жалпы сипаттамасы (М. Шеллер, Х. Плесснер, А. Гелен).

  • 56.Философия тарихындағы адам проблемасы: космоцентризм, теоцентризм, индивидуализм, антропосоциогенез.

  • Антропосоциогенез

  • 58 сурак Адамның дүниеге келу мәселесі (антропогенез).

  • 59-сұрақ Адам табиғатындағы биологиялық пен әлеуметтілік. Панбиологизм және пансоциологизм концепциялары

  • 60-сұраө Адамның шығу тегі: негізгі концепциялар

  • философия руб1 (копия). Философия дниеге кзарасты жне оамды сананы формасы ретінде


    Скачать 0.77 Mb.
    НазваниеФилософия дниеге кзарасты жне оамды сананы формасы ретінде
    Дата31.03.2022
    Размер0.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлафилософия руб1 (копия).docx
    ТипДокументы
    #431524
    страница4 из 4
    1   2   3   4

    51-сұрақ Ғылым әлеуметтік институт ретінде








    52.Қазіргі заман ғылымының даму перспективалары.







    Сурак 53 Ғылымдардың жіктелуі. Сциентизм және антисциентизм Ғылымдардың топқа жіктелуі—ғылымдардың өзара байланысы, олардың ғылыми білімдер жүйесәндегі,ең алдымен, әртүрлі ғылымдардың зертелеттін белгілі  бір принциптерге байланысты туындайтын өзара орналасу тәртібі, сондай-ақ олардың зерттеу әдісі. Ғылымдардың топңа жіктелуі формальды (үйлестіру принципіне негізделген) немесе диалектикалық  мазмұны (субординация принципіне негізделген) болады. Энгельс  « Табиғат диалектикасында» бұрынғы топқа жіктеудің (Сен-Симонның, Канттың және Гегельдің) бір жақтылығынан арылған ғылымдардың топңа жіктелуін жасады. Энгельс ғылымдардың топңа жіктелуін жекеленген ғылымдар зерттейтін материя қозғалысыныңформаларының өзінің және оолардың материалдық негіздернің (материалды дискретті түрлерінің) байланысы мен алмасуының бейнесі деп түсінеді. Ол бірқатар ғылымдарды механиканы , физиканы,химияны биологияны анықтады.Кейінен (биологиядан) Энгельс жасаған антропогенездің еңбек теориясы арқылы табиғаттан адамға тарихқа, жаратылыстанудан қоғамдық ғылымдарға және ойлау туралы  ғылымдарға ойысы ашылды. Механикадан математикаға көшу жүзеге асырылды. Энгельс жекелеген ғылымдардың арасындағы ( қозғалыс формалары арсындағы (қозғалыс формалары арасындағы ) ойысуға баса назар назар аударды, бұл орайда қозғалыстың  неғұрлым жоғары формасының мәні  бұл формалардан оның төменгі формаларымен байланысын тану тану арқылы ашылатыны басшылықа алынды, ол генетика жағынан туындайды және олар бағынышты формаларретінде көрінеді. Ғылымдарда бұдан былайғы саралау олардың барған сайын  күшейе түскен интеграциялануын,  бұрынғы бытырынқы ғылымдар мен қалған  арқау болып  тартылып жатқан неғұрлым жалпы сипаттағы ғылымдардың арасындағы өтпелі (аралық) ғылымдардың туу  жолымен біртұтас болып бірігуіне жағдай жасады. Жаратылыстану мен әлеуметтік ғылымдардың арасында техникалық ғылымдардың  арасында техникалық ғылымдар, ал жаратылыстану мен  тұр.Сциентизм-антисциентизм (лат. sсіеntіа – ғылым) – негізінде ғылымның әлеуметтік рөлін абсолюттеу, сәйкес алғанда ғылымның қоғамдық эталон ретінде және адамның әлемдегі бейімделуі үшін жеткілікті жағдай ретінде ғылымның маңызын мойындайтын немесе жоққа шығаратын қарама-қарсы дүниетанымдық көзқарастар.Сциентизм – арнаулы-ғылыми таным ғылыми-теориялық қызметтің жалғыз мүмкін болатын типі және құндылықты-нейтральды, рационалды, сондықтан барлық әлеуметтік проблемаларды шешуге қабілетті бәрін қамтитын дүниетанымды жасауға жеткілікті негіз қалайды деп есептейді. Басқаша айтқанда ҒТР-дің игілікті әсерлеріне, ғылымның болашағына үлкен сеніммен қарайды, оның адамзат өмірінің түбірлі мәселелерін шешудегі мүмкіншіліктерін шексіз деп санайды.Сциентизм өзінше мәдени және дүниетанымдық үлгі болатын жаратылыстану мен техникалық ғылымдардың жетістіктеріне, нәтижелеріне және әдістеріне бағдар (ориентир) жасайды, өйткені ғылым адам ақылының дамуының жоғары сатысы деп танылады. Сциентизм өзінің теориялық негіздеуін неопозитивизмде, ал дүниетанымдық шешуін Д.Беллдың технократиялық социологиясында алды. Ол постиндустриалдық қоғам концепциясын ұсынды, ғылыми-зерттеу ұйымдарының басымдылығына (доминирование) көшу және ғылыми-техникалық мамандардың жаңа басқарушы табының қалыптасу мүмкіншілігі бар деп есептеді.Антисциентизм – қоғамдық прогресс идеясынан түңілуді білдіретін, ғылымның мүмкіншіліктерінің шектеулігін көрсететін, оның және ол туындатқан техниканың адамзатты қауіп-қатерлі жолға бастайтын күш деп қарастыратын ұстаным (ғылымнан, техникадан, «қорқу, үрку»). Екінші жағынан, антисциентизм адамның және оның іс-әрекеттерінің рационалды табиғаты туралы идеяның өзін сынауға бағытталған және экологиялық көзқарас пен табиғатқа және қоршаған дүниені дәстүрлі, техногенді емес амалдармен игеру идеологиясына оралумен тығыз байланысты. Антисциентизм идеялық дамуын Франкфурт мектебі шеңберінде және ғылым мен техниканың деструктивтік (бүлдіруші) сипатын мойындатқысы келген әсіресе Маркузеде алды.
    Сурак 54 Философиялық антропологияның жалпы сипаттамасы (М. Шеллер, Х. Плесснер, А. Гелен). Кең мағынасында алып қарастырғанда антропология – бұл адамның табиғаты мен іс-əрекеті туралы ғылыми білімдердің жиынтығы. Əлеуметтік антропологияның басқа ғылымдар жүйесінде алатын орнын айтқан кезде оның философиямен, тарихпен, əлеуметтанумен, мəдениеттанумен, əлеуметтік психологиямен байланысы туралы айтуға болады. Қазіргі антропологияның интеллектуалдық алғы шарты ретінде XVIII-XIX ғасырдағы философиялық антропологияны атап көрсетуге болады. Философиялық антропология адамның мəні арқылы табиғат, қоғам, таным туралы түсініктер жүйесін жасауға болады (Л. Фейербах, М. Шелер, Ф. Ницше, Н. Чернышевский жəне басқалары) -  деп есептейді.Адам мəселесі философиядағы ең негізгі мəселе. Гректер «адам өзін тану арқылы ғана философияшылдыққа салына алады», – деп айтқан. Адам болмысының шешімін тек адамның өзінен ғана табуға болады. Философиялық білім жүйесінде тек қана адамға қатысты сұрақтарды табу қиынға соғады. Философияның қай бөлімін алсақ та, онтологияны немесе гносеологияны, əлеуметтік философияны немесе этиканы, аксиологияны немесе праксиологияны – біз оны адам болмысы тұрғысынан қарастырамыз. Адамды танудың əдіснамалық негізі философиялық антропология болып табылады. Кең мағынасында қарастырғанда, философиялық антропология – бұл адамның табиғаты мен мəні, оның əлемдегі орны мен рөлі туралы ғылым. Осы кең мағынасында философия тарихы  адам туралы бірін-бірі толықтырып тұратын жəне альтернативті – материалистік жəне идеалистік,атеистік жəне діни, рационалдық жəне иррационалдық концепциялар мен ілімдерді білдіреді. Тар мағынасында, философиялық антропология өзінің қалыптасуы үшін неміс ойшылдары М. Шиллер, Х. Плеснер жəне басқа да ойшылдарға мүдделі қазіргі философияның негізгі бағыттарының бірі. Бұл бағыттың қалыптасуының алғы шарттарын жəне негіздерін еретеректегі идеялардан: В. Дильтейдің өмір философиясынан, Э. Гуссерлдің «өмірлік əлем» философиясынан көруге болады.
    Сурак 55 Адам философиялық талдаудың объектісі ретінде: Шығыс дәуірінен қазіргі заманға дейін. Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді -қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді. аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі мен өзара байланысы.адамгершілік, адамдар арасындағы қарым – қатынас. Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі – материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол - өз алдына жеке проблема.Философия тарихы пәндерінде қалыптасқан дәстүр бойынша, Шығыс философиясы ежелгі замандағы түрінде жазылып келді. Ортағасырлық кезеңі шығыс ойшылдарының шығармашылығында кең көлемде қатылған. Ал қазіргі замандағы шығыс философиясы өркениеттің бесігінде, бастауында тұрған елдерде жан жақты дамыса да, еурооцентристік қағида жақтастарының жетегінде жүрген авторлар назарынан тыс қалып келеді. ХХ ғасырдағы Шығыс философиясы деп қытай, үнді, жапон, мұсылман елдері философиялық ой жүйелерін айтуға болады. Бұл аталған жайлардан басқа да философиялық ойлау мектептері жоқ емес (мысалы, африкалық және т.б.). Осы көрсетілген философиялық бағыттардың ерекшеліктерін, ғасырымыздағы жетістіктерін олардың жүріп өткен тарихы кезеңдерімен салыстыра отырып баяндауды мақсат тұтып, тек көрнекті философтардың шығармаларына толық тоқтауды жөн көрдік.
    56.Философия тарихындағы адам проблемасы: космоцентризм, теоцентризм, индивидуализм, антропосоциогенез.

    Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.
    Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.
    ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.

    Антропосоциогенез – материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға өту процесі; жануардың адамға айналуыфның және жануарлардың адамзат қоғамымен ажырамас бірлігі. Антропогенез және социогенез қапталдаса жүріп отырған екі дербес процесс емес. Адамның қалыптасуы оның мәнінің қалыптасуы болып табылады. Алайда адамның мәні жеке индивидке тән абстракті немесе өзінің шын мәнінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Демек адамның қалыптасуы (антропогенез) денегіміз ең алдымен қоғамдық қатынастар жиынтығы, яғни, қоғамдық (социогенез) қалыптасуы.
    Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

    Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .

    Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік).

    Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).

    Теоцентризм – Құдайды абсолютті, мінсіз, ең жоғарғы болмыс, барлық тіршіліктің және кез келген игіліктің қайнар көзі ретінде түсінуге негізделген философиялық концепция. Сонымен бірге имандылықтың негізі Алланы қастерлеу, оған қызмет ету болса, оған еліктеу, ұқсату адам өмірінің ең биік мақсаты болып саналады.
    57-сұрақ Адам - индивид, индивидуалдылық, жеке тұлға ретінде.

    Адамдыкөптеген ғылымдар қарастырады: философия, әлеуметтану, этика, эстетика, педагогика, психология және т.т. әрбір ғылымның өзінің адамды зерттеу пәндері бар. Адамға әлеуметтік-психологиялық талдау жасау үшін: «адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына қатысты нақты түсінік шегін белгілеуіміз керек. Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қаты нас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты.Адам ұғымы, түрлері. Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады. Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық-әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі

    (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Бологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда органимзнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.

    Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б. қамтиды. Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет

    атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады. Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды типтен қандай ерекшілігі, айырмашылығы барын зерттейді.

    Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады: а) Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде

    Қалыптасуын, ә) Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады. 

    5.Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы ісәрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі

    Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзінөзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
    58 сурак Адамның дүниеге келу мәселесі (антропогенез).

    Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі: ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын; эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;

    ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.
    59-сұрақ Адам табиғатындағы биологиялық пен әлеуметтілік. Панбиологизм және пансоциологизм концепциялары Адамның әлеуметтік және биологиялық

    дамуындағы көзқарастар; ПАНСОЦИОЛОГИЗМ

    ПАНБИОЛОГИЗМ- Адамдардың мүкіндігі толықтай генмен байланысты деп сандайды;

    - Барлық адамдар бірдей генетикалық құрылыммен дүиеге келеді, ал олардын мүмкіндіктерінің дамуына басты рөлді тәрбие мен білім алу ойнайды деп санайды;

    Адамның спецификалық ерекшелігі Барлық тірі ағзалар, соның ішінде адамды да, барлығына ортақ жүйлі түрде Байланысқан заңдылықтарға бағынады. Және жалпы биологиялық заңдылықтарға Бірақ адам биологиялық құндылықпен қатар басқа да құнлықпен еркешеледі Таңдау еркі Сана Тұлға ретінде көрінуі Басқа организмдерден адамның ерекшелігі Колективтілік Мәдениет Өмірінің соңында өлетіндігін мойындайтын жалғыз биологиялық организм
    60-сұраө Адамның шығу тегі: негізгі концепциялар.

    Адамның даму тарихы - күрделі және қарама- қайшы көзқарастармен сипатталады.

    Приматтар эволюциясы сүтқоректі жануарлардан басқа отрядтары сияқты, шамамен, бұдан 60 млн жыл бұрын басталған үштік кезеңде өтті. Үштік кезеңнің екекінші жартысында кең таралған жоғары сатыдағы маймылдардың қазбалық тобы - дриопитектер екі эволюциялық бағытқа: понгидтер мен гоминидтерге бастама берді. Понгидтер ұрпағы - гориллалар мен шимпанзелер қазіргі кезде де тіршілік етеді. Гоминидтерге қазіргі уақытта бір ғана түр - Саналы адам жатады.

    Адамның арғы тегі эволоция жолымен бірте-бірте қалай дамығанын зерделеу қиын: қазба қалдықтар өте аз және оладың өзі толық емес. Сондықтан гоминидтер эволюциясының әр түрлі нұсқалары бар. Рамапитектер Бірқатар ғалымдар бідің ғаламшарымызда 14 млн жыл бұрын гоминидтер тұқымдасына жатқызуға болатын маймылдар пайда болды деп болжайды. Олар Үндістан, Шығыс Еуропа, Ресей аумағында тіршілік еткен. Аустралопитектер Олардығ көптеген қазба қалдықтары Оңтүстік және Шығыс Африка аумағынан табылған. Аустралопитектер ізашарларына қарағандаадамға едәуір дәрежеде көбірек ұқсас болған. Олар тік жүрген, беті жалпақтау, миының көлемі орташа 530 см3 болған. Тік жүретін адам Ежелгі адамдардың қазба қалдықтары Азия, Еуропа және Африкадан табылған. Оларды ғылымда тік жүретін адам деп атайды. Олар бұдан 1 млн - 300 мың жыл аралығында тіршілік еткен. Тік жүретін адамдардың негізгі эволюциялық жетістігі - тас құралдарын жасау, абстрактілі ойлау және сөйлеу нышаны болған. Неандертальдықтар Бұл ертедегі адамдардың қазба қалдықтары Еуропа, Азия, Африкадан көптеп табылған. Ертедегі адамдар 300 - 400 мың жыл бұрын тіршілік еткен. Ғалымдар осы заманғы алғашқы адамдар, шамамен, 40 мың жыл бұрын пайда болған деп жорамалдайды. Олар неандертальдықтардың арасында өмір сүрген. Кроманьондықтар Осы заманғы типті адамдар кроманьондықтар деп аталады. Соңғы 40 мың жыл ішінде адамның сыртқы кейпі аса өзгерген жоқ деуге болады. Осы заманғы алғашқы адамдардан эволюция барысында Саналы адам пайда болды
    1   2   3   4


    написать администратору сайта