философия руб1 (копия). Философия дниеге кзарасты жне оамды сананы формасы ретінде
Скачать 0.77 Mb.
|
Архитектура әрқашан да пластикалық өнерлердің ішінде ең бастысы болып келді. Ол дәуір идеясын мейлінше күшті білдірді және өз заманының басқа бейнелеу өнерлерінің – скульптура мен живописьтің стилін анықтап отырды. Мұның өзі әрі ұзақ жасайтын өнер: египеттік пирамидалар немесе американ үндістерінің ежелгі храмдары сан мыңдаған жылдар тұрып, бізге дейін жетті. Сонымен бірге бізге архитектураны өнер ретінде қабылдай көбіне қиын. Біріншіден, оның скульптуралар мен картиналардан айырмашылығы өте көп – ол ештеңені бейнелемейді және ештеңені суреттемейді. Екіншіден, архитектурамен біз күн сайын және сағат сайын ұшырасамыз – архитектуралық ғимараттарда өмір сүреміз, оқимыз және жұмыс істейміз, барлық уақытта архитектура арасында жүреміз де оны біздің өміріміз өтетін үйреншікті, табиғи дерлік орта ретінде қабылдаймыз. Музыканы біз қалаған уақытта тыңдаймыз: киноға немесе музейге керегінде барамыз. Ал архитектура онымен өнер ретінде қарым-қатынас жасауға бізде қажеттілік бар ма немесе жоқ па – оған қарамастан бізді үнемі қоршап тұрады. Архитектура – бұл адам қызметінің ерекше түрі, мұнда техника мен өнер, пайда мен әсемдік бірге өрілген. Скульптура Мүсін өнері – бұл еш толқымастан бейнелеу өнері деп атауға болатын өнер: ол шынында да адамдарды, хайуандарды, түрлі заттарды бейнелейді. Оның архитектурамен ортақ жайты бар: оның басты әсерлілік құралы – аумақты форма және ол да қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан – ағаштан, тастан, металдан жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек, әсіресе скульптураны тастан шапқан кезе, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Оның есесіне ол, архитектура сияқты, ұзақ сақталады, сондықтан көптеген скульптуралық туындылар ғасырды емес, мыңдаған жылдарды басып өтіп, мысалға, ежелгі Мысырдың патша әйелі Неферититидің басы сияқты, күні бүгінге дейін біздерді толғандырып, тамсандырып келеді. Скульптураның әсерлілік құралдары графикамен және әсіресе живописьпен салыстырғанда өте шектеулі: мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен – олардың формаларының жинақталуымен немесе өңделуімен, қимылымен, материалмен, фактурамен білдірілуі тиіс. Живопись дегеніміз — әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык, бетінде орындалатын көркем шығарма. Живопись атауы орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған, яғни көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген мағынаны білдіреді.Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып табылады.Живопись суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б. салынады. Негізінен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуашь, темпера, майлы бояу, пастель, сангина және т. б. Живопись — бұл майлы бояулармен жасалған және багет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы, түрлі сулы бояулармен — темперамен, гуашьпен, акварельмен салынган ЖИВОПИСЬ болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын КЕСКІНДЕМЕ бар, жартылай гравюра КЕСКІНДЕМЕ (МОНОТИПИЯ) бар. Пейзаж (француз сөзіне шыққан) – бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерде (VII-VIII ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерлерінде пейзаждың гүлденуі XIX ғасырдың саңына тұспа-тұс келеді. (И.Левитан, К.Коровин, Н.Рерих және басқа да көптеген суретшілер). Пейзаж – қайсыбір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адым өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Бұл торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнеледі. Портрет.Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды – үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скульптуралық египет портреттері, екі мың жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнемін көгісі келді, ал ежелгі египеттіктер тіпті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді екен деп есептеді. Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында да рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет-әлпетте ой, қайғы-күйініш, қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады. Портреттің бірінші және қажетті сапасы – оның түпнұсқасымен ұқсастығы. Бірақ бұл, математиктер айтатындай, қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-арманын, қуаныш-күйінішін, ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз. Біз суретшінің оған қатынасын да сезінуге тиіспіз. Графика.Бұл ұғым суретшілер іс-әрекетінің өте кең және сан алуан шеңберін қамтиды. Живописьтен ерекшелігі сол, графикамен біз барлық жерде кездесеміз. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі графика неғұрлым шартты, ол түстер мен формалардың бүкіл байлығын бере алмайды, графика оларды жеңілдете отырып, ең негізгісін таңдап алады. 18.Сананың детерминанттылығы: саналылық пен бейсаналықтың арақатынасы Адамның психикасы мен мінез-құлқы туралы ойлана отырып, менің ойымша, сана мен бейсананың өзара байланысы мәселесіне ерекше назар аудару керек. Сана психологияның, философия және барлық антропологиялық ғылымдардың маңызды ұғымы болып табылады. Сондықтан сана мәселесі және оның бейсаналықпен өзара әрекеттесуі оған әртүрлі көзқарастарды, оның жеке аспектілері туралы көптеген көзқарастарды тудырады. Сана-бұл нақты әлемді бейнелеудің ең жоғарғы формасы, тек адамға ғана тән және сөйлеуге байланысты ми қызметі, шындықты әлеуметтік және мақсатты түрде бейнелеуден, іс-әрекеттерді алдын-ала ойластырудан және олардың нәтижесін алдын-ала болжаудан, адамның мінез-құлқын саналы түрде реттеуден және өзін-өзі бақылаудан тұрады. Жоғарыда айтып кеткенімдей сана - психиканың ажырамас бөлігі.Ол адамның сыртқы әлемін ғана емес, сонымен бірге ойларын, сезімдерін, идеяларын қамтиды.Ал оның басқа бөлігі – бейсаналық болып табылады. Адам өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқару үшін сыртқы ортадан да, ішкі органдар мен жүйелерден де келетін сигналдарды қолданады. Сигналдардың көпшілігін адам түсінбейді және олар мінез-құлықты реттеу үшін қолданылатынына қарамастан, бұл сана деңгейінде болады. Субъект қабылдамайтын психикалық құбылыстардың жиынтығы - бейсаналық деп аталады. Бейсаналық - саналы адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау болып табылады. Бейсаналықтың аймағы үлкен болады. Бұл - адамның сана-сезімі жоқ кезінде психиканың белсенді жұмыс істей беретін жағдайы. Бейсаналықтың іс-әрекетінің 2 әкідісі бар: 1.Автоматты, рефлекторлық әрекеттер, сананың қасақана немесе табиғи түрде өшірілуімен (түсінде, гипнозбен, қатты мас күйінде, ұйықтаумен, есін жоғалтумен және т. б.) жасалған әрекеттер; 2.Субъектінің санасымен қарым-қатынасына тікелей қатыспайтын белсенді психикалық процестер; Адамның жеке басындағы бейсаналық - бұл адамның өзіне тән, бірақ санасы қабылдамайтын сезімдер, мүдделер мен тілектер. Олар қабылдау, есте сақтау және қиялмен байланысты әртүрлі еріксіз реакцияларда, әрекеттерде, психикалық құбылыстарда байқалады. Бұл құбылыстардың барлығы "қате әрекеттер"деген анықтама алды. Бейсананың мысалдары: қате жазу, сөздерді дұрыс тыңдамау; адамның жағымсыз эмоцияларын тудыратын есімдерді, уәделерді, оқиғаларды және басқаларды еріксіз ұмытып кету; 19.Сана, ойлау және тіл. Сана-бұл нақты әлемді бейнелеудің ең жоғарғы формасы, тек адамға ғана тән және сөйлеуге байланысты ми қызметі, шындықты әлеуметтік және мақсатты түрде бейнелеуден, іс-әрекеттерді алдын-ала ойластырудан және олардың нәтижесін алдын-ала болжаудан, адамның мінез-құлқын саналы түрде реттеуден және өзін-өзі бақылаудан тұрады. Ол адамның сыртқы әлемін ғана емес, сонымен бірге ойларын, сезімдерін, идеяларын қамтиды. Бейсаналық - саналы адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау болып табылады. Бейсаналықтың аймағы үлкен болады. Бұл - адамның сана-сезімі жоқ кезінде психиканың белсенді жұмыс істей беретін жағдайы. Бейсаналықтың іс-әрекетінің 2 әдісі бар: Автоматты, рефлекторлық әрекеттер, сананың қасақана немесе табиғи түрде өшірілуімен (түсінде, гипнозбен, қатты мас күйінде, ұйықтаумен, есін жоғалтумен және т. б.) жасалған әрекеттер; Субъектінің санасымен қарым-қатынасына тікелей қатыспайтын белсенді психикалық процестер; Тіл мен ойлаудың өзара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философияның және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады.
Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әректі арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстары мен байланысқа түседі Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы. Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алмасу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Тіл мен ойлаудың арасына тепе-теңдік белгісін қойып теңестіру де, ол екеуінің бірлігін жоққа шығарып, бірінен-бірін бөліп тастау да ешбір ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар болып табылады.Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну 20.Философиядағы бейсаналықтың негізгі концепциялары (З. Фрейд, К.Г. Юнг) Бейсаналықты жаңа зерттеу деңгейі З.Фрейд және оның шәкірттерінен басталды. Психоанализдің негізін қалаушы австриялық невропатолог және психиатр З.Фрейд бейсаналықты санадан тәуелсіз адам жанының, психикасының құрамдас бөлігі, тұлға құрылымының маңызды элементі – "Ол" ретінде қарастырады. З.Фрейдтің айтуынша, бейсаналық процестер индивидтің жүріс-тұрысына әсер ете алады, тіпті оның өзі олар туралы ештеңе хабарлай алмаса да. Фрейд бойынша, 1) бейсаналық – бұл "белсенді байқалатын және сонымен бірге сол адамның санасына жетпейтін" психикалық процестер; 2) бейсаналық – адам психикасының негізгі және ең мазмұнды жүйесі бұл жүйе рахаттану принципімен реттеледі және өзіне танымсыздығымен, сексуалдылығымен, әлеуметсіздігімен және т.с.с. сипатталатын әртүрлі туа біткен және ығыстырылған элементтерді, құштарлықтарды, импульстерді, тілектерді, мотивтерді, ұстанымдарды, ұмтылыстарды, кешендерді және басқаларды кірістіреді. К.Г.Юнг (щвейцарлық психолог және психиатр, аналитикалық психологияның негізін қалаушы) бойынша бейсаналық 3 қабаттан тұрады: 1) "тұлғалық бейсаналық" – тұлғаның ашыналық, сырластық жан өмірін құрайтын көбінесе эмоционалды боялған елестер мен кешендерді (комплексы) өзіне кірістіретін, қосатын бейсаналықтың үстіңгі қабаты; 2) "ұжымдық бейсаналық" – бейсаналықтың туа біткен терең қабаты; ол адамдардың өткен ұрпақтарының тәжірибесін өкілдік ететін және өзіне тұлғадан тыс әмбебап мазмұн мен жандық өмірдің жалпылама негізі ретінде болатын үлгілерді қосатын индивидуалды (жеке емес, жалпылама табиғаты бар психиканың жалпы орталығы мен өзегі "ұжымдық бейсаналықтың мазмұны" негізінен архетиптер – психикалық қызмет пен жүріс-тұрыстың мұралық етілетін жалпылама үлгілері, рәміздері және стереотиптері болады; 3) "психоидтық бейсаналық" – органикалық дүниемен ортақ қасиеттері және біршама бейтарап сипаты бар бейсаналықтың ең іргелі деңгейі, сондықтан ол толық түрде психикалық та, физиологиялық та болмағандықтан іс жүзінде санаға толық мәлімсіз. Кейбіреулер (мыс.эксперименталды психологияның негізін қалаушы, неміс физиологы және психологы В.Вундт) бейсаналық процестерді жоққа шығарып, психологияны саналы күйлерді, жайларды зерттеу ретінде анықтайды. 21, Қоғамдық сананың деңгейлері 22-сұрақ Қоғамдық сананың құрылымы Қоғамдық сана - адамдардың қоғамдық практикасынан, олардың өндірістік, отбасылық-тұрмыстық және басқа қызметінен пайда болатын және болмыстың барлық әртүрлілігін бейнелейтін сезімдер, көңіл-күйлер, идеялар, теориялар, көркем және діни бейнелер, әртүрлі көзқарастар жиынтығы. Ол адамдардың әлемге және өздеріне қатынасының рухани амалдарының жүйесін құрайды, білдіреді. Қоғамдық сана қоғамдық болмысты бейнелейді, онымен анықталады және өз ретінде оған да ықпал жасайды. Оның субъектілері жеке индивидтер, топтар, қауымдастықтар және бүкіл қоғам болады, күрделі қүрылымы бар. Тұтас құрылым ретінде салыстырмалы тәуелсіздікке ие және меншікті, өзіне ғана тән сипаты, әрекет жасауының, дамуының заңдылықтары бар. Қоғамдық сананың әртүрлі формалары бөлінеді: саяси, қүқықтық, мораль, дін, ғылым, өнер, философия. Соңғы уақытта тарихи, экономикалық, экологиялық сана және т. б. туралы сөз қозғалады. Сонымен бірге қоғамдық сананың екі деңгейі көрсетіледі: қоғамдық психология және қоғамдық идеология 23.Қоғамдық идеология және қоғамдық психология Қоғамдық сананың құрылымы. Зерттеушілер қоғамдық сананың құрылымында қарапайым және теориялық, қоғамдық психология және қоғамдық идеология деңгейлерін, сонымен қатар, мынадай түрлерін:саяси сана, құқықтық сана, мораль, дін, өнер, ғылым және философияны атап көрсетеді. Қарапайым немесе әдеттегі сана - адамның қоршаған ортаны бейнелеуінің тарихи жағынан алғанда алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым сананы тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз деп, төмен бағалайды. Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпыадамзаттық мәдениеттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми деңгейге дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға құрметпен қарады. Шынында да, қарапайым сана нақты өмір сүріп отырған адамдардың, қоғамның құрамдас элементтерінің санасы, бір тұлғаның екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін және оларды бір қоғамдық тұтастыққа біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың күнделікті өмірлерінің қарапайым уайым-қуаныштарының, үміттері мен түңілулерінің жиынтығы. Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі туралы мол мәлімет алуға болады. Осы жерде “қоғамдық психология” ұғымын қарастырған дұрыс. Қоғамдық психология дегеніміз - белгілі бір қызмет және басқа да жағдайлар арқылы біріктірілген адамдардың әлеуметтік көңіл-күйлері мен сезімдері, қоғамдық пікірлері, салт-дәстүрлері мен мінез-құлықтары және әлеуметтік әдеттері. “Қоғамдық психология” терминін ғылыми айналысқа итальяндық марксист Антонио Лабриола (1843-1904) 1896 жылы енгізіп, оны қоғамдық сананың бүкіл мазмұнына кіргізді. Бұл терминнің философиялық әдебиетте кеңінен тарауына орыс ойшылы Г.В.Плеханов (1856-1918) үлкен үлес қосты. Ол “қоғамдық сана” терминін “қоғамдық психика” және “таптық идеология” деп бөліп, қоғамның психологиясын зерттеудің маңыздылығын атап көрсетті және онсыз құқық пен саяси мекемелердің тарихын да, мәдениеттің де, әдебиеттің де, философияның да, басқа рухани құбылыстардың да тарихын түсіну мүмкін еместігін ескертті. Қазіргі кезеңде қоғамдық психологияны зерттеумен әлеуметтік психология ғылымы айналысады. Жалпы алғанда, қоғамдық психология мен қарапайым сана қоғамдық сананың бір деңгейінде орналасқан. Теориялық сана. Адамның бойында тек қарапайым сана, немесе, тек теориялық сана болуы мүмкін емес, олар бірін-бірі толықтырып отырады. Теориялық сана - маңызды байланыстар мен заңдылықтардың ғылымда және қоғамдық сананың басқа формаларында бейнеленуі, ол тарихи және теориялық алғышарттарға, рухани қызметке сүйенеді. Осы анықтама арқылы қоғамдық идеологияның мәнін түсінуге болады. Философиялық әдебиетте идеологияны теория, негізделген, жүйелі, ретті білім деп қарастырады. Идеологияның анықтамасын мына түрде беруге болады. Идеология - саяси, құқықтық, эстетикалық, діни, көркемдік және басқа идеялар мен концепциялардың жүйесінен тұратын, өзінде теориялық негіздермен қатар, іс-әрекет бағдарламаларын, идеологиялық ұстанымдарды көпшілікке тарату механизмдерін біріктіретін күрделі рухани құрылым. Қоғамдық психология мен қоғамдық идеологияның ерекшеліктері және бірлігі: Идеология қоғамдық психологияны өзгертетін белсенді фактор; Қоғамдық психология идеологияның таралу кеңістігі, бірақ ол пассивті негіз емес, ол идеологиялық құрылымдарды сұрыптап-таңдайды, кейбіреулерін қолдауы мүмкін, ал кейбіреулерін терістейді; Идеология жүйелі түрде, идеологтар мен саясаткерлердің қызметі арқылы жасалады. 24 – сұрақ Саяси сана- бұл қоғамдық сананың ерекшке бір формасы, саяси өмірдегі қарым-қатынастың өркениетті белгілері дәрежесінен көріну формасы. Саяси сана- бұл топтардың, ұлттардың мемлекеттің түбегейлі мақсаттарын уағыздап қолдайтын қоғамдық ойлар формасы. Оның бірі саяси идеология, таптық күрес, саяси партиялар мен мемлекеттердің мүддесін қорғау қажеттіліктерінен туындайды. Сананың түрлері көп, ол жеке адамдық және қоғамдық, қарапайым және теориялық (зерделік) ғылыми және ғылымға қарсы, прогрессивтік және кертартпа болып келеді. Қоғамдық сана әрбір жеке адамдардың саналарының жәй біріккен жиынтығы емес. Ол маңызы, мәні объективтік дүниені бейнелеуі жағынан жеке санадан әлдеқайда жоғары, күрделі сана. Қоғамдық саяси сана-қоғамда өз орны бар саяси көзқарастардың, идеялар мен теориялардың жиынтығы болып табылады. Қоғамдық және жеке сана бір-бірімен тығыз байланыстағы саналар. Адам қоғамдық қатынастардың жемісі болғандықтан оның санасы да қоғамдық. Ал қоғамдық сананы қалыптастыратын жеке адам. Қоғамның саяси белсенділігі- саяси сананың, ұлттық сана-сезімнің өскендігін көрсететін процесс. Саяси сананың 2 түрі бар:Қарапайым сана табиғат пен өмір құбылыстарын күнделікті байқаудан пайда болады. Ол қоғамдық сананың төменгі түрі. Саяси теориялық сана- белгілі бір идеологиялық жүйелердің логикаға негізделген қорытылған түрі. Саяси қатынастар мен саяси институттар туралы жинақталған ғылым. Саяси теориялық сана кәсіби теоретиктердің, ғалымдардың, идеологтардың және саясатшылардың қызыметтерінің жемісі. Күнделікті саяси сана өзінің құрылымында негізінен үш элементтен: эмперикалық саяси білім, саяси салт -дәстүр және саяси психологиядан тұрады. Саяси теориялық сана болса, саяси идеологиядан, саясаттану ғылымынан тұрады. 25-сұрақ Құқықтық сана – адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы. Құқықтық сананың да екі деңгейі бар: 1) практикалық құқықтық сана – адамдардың құқықты практикалық қолдануы, қоғамда қабылданған нормативтік актілерге қатысты қылықтары, сыртқы іс-әрекеттері. Ол мынадай компоненттерден тұрады: құқықтық сезімдер, құқықтық дағдылар және әдеттер, құқықтық білімдер. Құқықтық сезімдер субъективті, оларды заң ережелеріне адамның реакциясы деуге болады. Мысалы, әділеттілік сезімі, еркіндік сезімі, немесе ашуыза Құқықтық дағдылар – адамның заң талап ететін сыртқы әрекеттер жасай білуі, бұл әрекеттердің оның бойында тұрақты қалыптасуы (Мысалы, шығынды етеу, келісім-шарт жасау, тиесілі нәрсені ала білу және т.б.). Мұндай дағдылар индивидтің өмірін, қызметін жеңілдетеді. Құқықтық әдеттер – құқықтық нормаларды сақтауға деген индивидтің ішкі қажеттілігі. Құқықтық білімдер – құқық саласы бойынша субъектіні түсініктерінің, пікірлерінің, бағдары мен ұстанымдарының жиынтығы. Теориялық құқықтық сана – құқықты, оның шекаралары мен нор-мативтерінің шекараларын түсінуге, құқыққа қатынас тәсілдері мен құрал-дарын анықтауға және құқықтық білімді жетілдірдіруге арналған ой қызметі процесі мен оның жемісі. Мұндай ой қызметінің міндеті – құқықтық сананы өзгерту, оның құқықтық нормативтерге мүмкіндігінше көбірек сәйкес болуына жету. Бұл қызметті арнайы құқықтық білімі бар адамдар атқарады, олар заң ғылымын кәсіби дамытып, заңдар дайындайды, ғылым-практикалық ұсыныстар жасайды. Құқықтық сана әр түрлі функциялар атқарады: 1) танымдық – құқықты практикалық түрде қолдану және құқықтық қатынастарға тікелей қатысу арқылы адамдар құқықты танып-біледі. 2) бағалау функциясы – өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы құқық өзінің көзқарастарына сәйкес келе ме, әлде жоқ па – субъект осыған байланысты құқықты жағымды немесе жағымсыз бағалайды. Әрине мұндай бағалау жасай білу үшін құқықтық білім қажет. 3) реттеу функциясы -құқықтық информацияның субъект қызметінің бағдарламасына айналуы және бұл білімнің нақты істерде көрініс табуы 26-сұрақ Адамгершілік сана: Мораль немесе адамгершіліктік сана – адамдар өздерінің мінез-құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір-біріне, қоғамдастықтың әр түрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ерелердің, нормалардың жиынтығы. Мораль қоғамдық сананың ең коне формаларының бірі. Өзін сақт қалу үшін қоғам адамдардың бәрі үстануға тиіс ережелер қалыптасты рып, олар арқылы жалпы адамдардың, жыныстардың және ұрпақтардь арасындағы қатынастарды реттеп отырды. Моральдың пайда болуы туралы бірнеше концепциялар бар. 1) Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдай дан беріледі. 2) Эмпирикалық концепция мораль адамның, оның тәжірибесінің, та- рихының дамуының, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді. 3) Автономдық концепция бойынша мораль адамға әуелден, генети калық деңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде өзгеріске көп ұшырамайды және адамдардың индивидуальдік сапаларына байланысты әрбір адамда әр түрл 27-сұрақ Діни сана діннің негізгі элементтерінің бірі. Діни сана қоғамдық сананың ежелгі формаларының бірі. Діни сана екі деңгейден тұрады. Бірінші деңгейі-діни идеология. Діни идеология дегеніміз-белгілі бір тәртіпке, жүйеге келтірілген діни ойлардың жиынтығы. Діни идеология діни ғұламалардың, діни қайраткерлердің жасаған идеясының жүйесі. Екінші деңгейі-діни психология. Діни психология дегеніміз белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы. Дін дегеніміз - әлемді танудың ерекше формасы, жоғарғы күштерге сену арқылы моральдық нормалар мен әр түрлі культтық дәстүрлерге бағыну 28-сұрақ Эстетикалық сана – адам өзі өмір сүріп отырған шындықтың құбы-лыстарын әсемдік пен ұсқынсыздық, трагикалық және комикалық тұрғы-сынан бейнелейтін эстетикалық түсініктер жиынтығы. Эстетикалық сананың құрылымына заттар мен құбылыстардың эсте-тикалық құндылығын, сонымен қатар, адамның эстетикалық практикасын: адам жасаған заттардың, табиғат құбылыстарының, адамдардың арасындағы қатынастардың әдемілігін ұсқынсыздық және әсемдік, аскақтық және төмендік, трагикалық және комикалық тұрғысынан бейнелейтін көзқарастар, сезімдер, талғамдар, пікірілер. түсініктер. теориялар және идеалдар кіреді. Эстетикалық сана психологиялық (сезімдер, талғамдар) және теориялық-идеологиялық (идеялар, теориялар) деңгейден тұрады. Екінші деңгей біріншісінен жоғары және оны эстетика ғылымы зерттейді. Қоршаған шындыққа эстетикалық қатынас немесе эстетикалық сана практикалық қызметте ғана емес, ерекше сала – өнерде көрініс табады. Өнердің қоршаған дүниені бейнелеу екені сезсіз. Бірақ онер туындыларында елестетудің жасампаз күші ерекше байқалады. Осы ерекшелік туралы Кант: «Біз материалды табиғаттан алғанымызбен, бұл материал мүлдем басқа нәрсеге, атап айтқанда, табиғаттан асып кететін нәрсеге өңделуі мүмкін», – деген болатын. 29-сұрақ.Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыру аясындағы ұлттық сана. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. |