№15 Дәріс Тақырыбы: Программалық жабдықтарды құжаттау. Құжаттаудың ортақ жүйесі
Программалық жабдықтарды құжаттау оның ӛмірлік циклындағы маңызды процесстердің бірі болып есептеледі. Программалық жабдықтың құжаттарына баспа түрінде немесе цифрлық түрде дайындалған программаны құрушыға арналған құжаттар, қолданушыға арналған нұсқаулықтар, анықтамалықтар, диалог түріндегі электрондық нұсқаулықтар және т.б. жатады. Қазіргі уақытта программалық жабдықтың құжаттарын қолданылу саласына қарай келесі топтарға бӛліп жүр: - архитектуралық – жобалаушы құжаттар, негізінен программаны құрушыларға арналған. Мысалы, архитектура – жобалаушы құжаттарда программисттер деректер құрылымының не себепті класстар түрінде анықталғанын, немесе паттерннің не үшін таңдалғанын, немесе оларды жетілдіру үшін не істеу керек екенін баяндай алады, мұндай мәселелер программалық жабдықтың техникалық құжатына да, қолданушының құжатына да кірмейді; - техникалық құжаттар программада қолданылған алгоритмдерді, қолданушының интерфейстерін, программаның кодын анықтайтын техникалық сипаттағы құжаттар болып табылады. Қазіргі уақытта программалық жабдықтың техникалық құжатын жасаудың автоматтандырылған жүйелері (мысалы, Doxygen, javadoc, NDoc сияқты құжаттандыру генераторлары) қолданылып жүр; - қолданушының құжаттары программалық жабдықты кәсіби қызметтерінде пайдаланатын қолданушыларға арналады. Бұл құжатта программалық жабдықты қалай пайдалану қолданушыға түсінікті түрде дәл және толық берілуі тиіс; - маркетингтік құжаттар программалық жабдықты нарықта насихаттау үшін жасалады. Мұнда кӛпшіліктің назарын аударатын реклама түріндегі материалдар, программалық жабдықтың артықшылықтары және т.б деректер қамтылады. Программалық жабдықтарды құжаттаудың ортақ жүйесін Қазақстан Республикасының деңгейінде және халықаралық деңгейде қабылданған стандарттар құрайды. Программалық жабдықтарды құжаттандыруға байланысты Қазақстан Республикасы деңгейінде СТ РК ИСО/МЭК 6592-2002 – «Ақпараттық технологиялар. Компьютерлік қолданбалы жүйелерді құжаттандыру бойынша нұсқаулық», СТ РК ГОСТ Р ИСО/МЭК ТО 16326-2006 - «Бағдарламалық инженерия. Жобаны басқару кезіндегі СТ РК 34.019 қолдануға нұсқаулық», СТ РК ГОСТ Р ИСО/МЭК 15910-2006 (ГОСТ Р ИСО/МЭК 15910-2002, IDT)- « Ақпараттық технологиялар. Бағдарламалық құралдарды қолданушыға құжат дайындау процессі» және т.б. халықаралық деңгейдегі стандарттар қолданылып жүр.
Тәжірибелік сабақтарды өткізуге қажет әдістемелік нұсқаулар
№1 Тақырып: Visual C++ ортасында бір өлшемді массивтерді өңдеудегі типтік сандық есептерді прогаммалау
1. Жұмыстың орындалу тәртібі 1. Берілген варианттағы бастапқы деректер үшін программаның жоспарын жасау. 2. Visual C++ ортасында Win32ConsoleApplication типті бос жоба ашу және С++ программасында бастапқы текст үшін проектке атауланған файл қосу 3. Код редакторын ашу және программа кодын енгізу; 4. Орындай келе программа кодын түзету: компиляцияны және синтаксистік қателерді түзеу, атқарылған программаның компоновкасы мен қателіктерді түзеу және, атқарылған программаны орындау; 5. Программа жұмысының дұрыстығын дәлелдеу; 2. Бақылау сұрақтары 1. Программаның бастапқы текстін өңдеу кезінде VC++ ортасында транслятор программасы қандай функцияны орындайды? 2. Программаның бастапқы текстін өңдеу кезінде VC++ ортасында препроцессор программасы қандай функцияны орындайды? 3. Программаның бастапқы текстін өңдеу кезінде VC++ ортасында компоновщик программасы қандай функцияны орындайды? 4. Консольды режимдегі С++ те кез-келген программаны орындау қандай функциядан басталады? 5. Латын алфавитының әріптер тізбегін, ондық цифрды және цифрдан басталмайтын сызылған символдарды көрсететін С++ лексемасы қалай аталады? 6. С++ ортасында мүмкіндігі бар бүтін типті деректерді атаңдар? 7. Сиволды және затты типтегі константалардың айырмашылығы неде? 8. Қандай ESC –тізбектілігі дыбыс сигналының берілуін қамтамасыз етеді? 9. Программаны орындау процесінде константаның мәнін өзгертуге бола ма? |