3.12- сурет. UML –де қолданылатын негізгі диаграммалар Мысалы, UML 2.3 нұсқасында қолданылатын диаграммалар «құрылымын» UML- дегі «класстар диаграммасын» (class diagram) пайдаланып келесі түрде кӛрсетуге болады (3.13 - сурет). Варианттар диаграммасы – бұл ұғымды Ивар Якобсон енгізген. Бұл варианттар диаграммасы жүйенің қандайда болмасын сыртқы әрекетіне жауап беруі. Әдетте, варианттар диаграммасы жүйе мен қолданушы арасындағы қатынасты сипаттайды. Программалық жабдықты жобалауда варианттар диаграммасы қолданушының қандай функцияларды орындау керектігін анықтау үшін жасалады. Мұнда байланыстың екі түрі қолданылады: USES (қолдану), EXTENDS (кеңейту) CASE құралдар варианттар диаграммасында детализацияны әр түрлі деңгейде қолданады. Мысалы: Якобсон он адам бір жыл жасайтын жобалардағы варианттар саны 20-дан аспау керек деп есептейді. 3.13- сурет. Диаграммалар құрылымы Класстар диаграммасы – жүйедегі класстардың статикалық құрылымын модельдеу үшін және класстар арасындағы байланысты кӛрсету үшін жасалады. Класстар диаграммасы объектіге бағдарланған ұстанымдағы негізгі диаграмма болып табылады. Класстар диаграммасының қызметі: жүйедегі объектілердің типін анықтау және олардың арасындағы байланысты кӛрсету болып келеді. Байланыстың статикалық екі түрі қолданылады: ассосация және подтиптер (тума типтер). Бұлардан басқа класстар диаграммасының элементтеріне атрибуттар, операциялар және объектілер арасындағы шектеулер жатады. Класстар диаграммасын жобалаудан бұрын, ол диаграмманың қандай мақсатта қолданылатынын анықтап алу керек. Класстар диаграммасын жобалаушы үш түрлі мақсатта қолдануы мүмкін: - концептуалдық аспект – мұнда класстар даграммасы зерттелетін пәндік облыстағы негізі ұғымдарды анықтайды. Бұл ұғымдар болашақта құрылатын класстарға сәйкес болу керек, бірақ іс жүзінде ол барлық уақытта бірдей орындалмайды. Сондықтан концептуалдық модель болашақ ақпараттық жүйемен әлсіз байланыста болады және ол программалау тіліне тәуелсіз болады; - спецификациялық аспект – мұнда құрылатын диаграмма ақпараттық жүйенің (программалық жабдықтың) интерфейсі деңгейінде жасалады. Класстың ӛзінің ішкі құрылымы қарасытырылмайды; - жүзеге асыру аспектісі (реализация) – мұнда класстар диаграммасы ақпараттық жүйеге (программалық жабдыққа) қатысатын класстарды ішкі құрылымдарымен қоса анықтайды. Бұл аспекті программистер үшін негізгі диаграмма болып табылады.
№12 Дәріс Тақырыбы: Қолданушының интерфейсін құру. Қолданушы интерфейстерінің түрлері және оларды құру кезеңдері
Программалау технологиясында, қолданушының компьютердің программалық және аппараттық жабдықтарымен жұмыс жасау үшін пайдаланатын әдістері мен құралдарының жиынтығын «қолданушының интерфейсі» деп атау келісілген. Қазіргі заманауи ақпараттық жүйелердің жұмыс жасау мүмкіндіктері қолданушының интерфейстерімен тығыз байланысты. Мысалы, қандай да болмасын объектінің (компьютер, программалық жабдық немесе подпрограмма) интерфейсі ӛзгермейтіндей тұрақты болса, онда объектінің ӛзін ӛзгертуге кӛбірек мүмкіндік болар еді, яғни оның басқа объектілермен (мысалы, қолданушымен) қарым-қатынас қағидалары қарастырылмайды. Есептеу жүйелеріндегі интерфейстерді компьютерлік техникаға қатынас тұрғысынан келесі топтарға бӛледі (3.14- сурет): - аппараттық интерфейс; - программалық интерфейс; - қолданушының интерфейсі. Қолданушының интерфейсі барынша қолданушыға жақын болуы қажет, себебі қолданушының назары программада емес, керісінше ӛзінің жасап жатқан құжатында болуы керек. Мысалы, жиі қолданылатын командалардың бірі 2-3 деңгейлерде яғни басқа бір ішкі мәзірлерде орналасса , оны іздеуге қолданушының біраз уақыты кетіп отыратын болса, онда интерфейсті қолданушыға жақын немесе ыңғайлы деп айтуға келмейді. Программалық жабдық үшін интерфейстің маңызы ӛте зор. Программа қанша жерден жақсы бола берсін, егер онымен жұмыс жасау ыңғайсыз болса, онда оны қолданушы қабылдай алмайды. Қолданушы интерфейстерінің қазіргі кӛп тарағаны- графиктік интерфейс. Мысалы, Windows операциялық жүйесінің кӛп таралуының бір себебі, оның қолданушыға ыңғайлы графиктік интерфейсінің болуы деп айтылып жүр. Қолданушының графиктік интерфейсі (Graphical User Interface, GUI) 1970-ші жылдардың ортасында, Xerox Palo Alto Research Center-де (PARC), Smalltalk ортасында жұмыс істейтін Alto және Star машиналары үшін жасалған алғашқы жұмыстардан басталды. Кейде оны «визуальды интерфейс» немесе «терезелі графикалық орта» деп атайды. Қазіргі заманауи жүйелердің кӛпшілігінде, мысалы, Microsoft Windows, Mac OS, Solaris, GNU/Linux, NeXTSTEP, OS/2, BeOS, Android, iOS, Bada, MeeGo жүйелерінде қолданушының графиктік интерфейстері пайдаланылған. Қолданушының графиктік интерфейсі графиканы растрлық экран дисплейінде қолдануға мүмкіндік береді. Графика экранда элементтердің нақты орнын кӛрсетеді, ақпаратты берудің визуальды ортасы және кӛрнекі графика және форматталған мәтіндер барлығы бірігіп «не кӛрсең соны аласың» (WYSIWYG - What you see is what you get) мүмкіндігін береді. Қазіргі қолданушылар компьютерді үйрену және жаңа программаларды меңгеру үшін кӛп уақыт шығындамайды. Windows үшін жазылған программалық жабдықтардың кӛбінде дерлік бір типтес қолданушы интерфейстері пайдаланылатындықтан, олар қолданушы үшін бір мағынада қабылданады. Windows жүйесі осыған кӛмектеседі. Windows үшін жазылған программалық жабдықтардың қолданушыға арналған интерфейсінің негізгі элементтері: терезелер, мәзірлер, сұхбат терезелері, суретті батырмалар және т.б. болып табылады. Қолданушының интерфейсін құру кезеңдері программалық жабдықты құзу кезеңдерімен сәйкес келеді және есептің қойылуы, талаптар мен спецификацияларды анықтау, жобалау, жүзеге асыру, тестілеу мен жӛндеу секілді кезеңдерді қамтиды. |