Главная страница

3d1bffa1-5630-11e4-bf6e-f6d299da70eeС++ УМК (1). Глоссарий case


Скачать 1 Mb.
НазваниеГлоссарий case
Дата08.08.2020
Размер1 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла3d1bffa1-5630-11e4-bf6e-f6d299da70eeС++ УМК (1).docx
ТипПрограмма
#135342
страница12 из 22
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

- функционалдық бӛлім, программалық жабдықтардың орындайтын функцияларын сипаттайды;

- эксплуатациялық бӛлім, техникалық құрал-жабдықтарға, ақпараттық қауіпсіздікті сақтауға қойылатын талаптарды анықтайды.

Спецификацияның толықтығы, мұнда болашақ жасалатын программалық жабдықтарға қатысты барлық нәрселер ескерілуі керек, яғни программалық жабдықтарды жасаушы үшін (разработчик) ешқандай кедергі, қосымша мәселе болмауы керек.

Спецификацияның дәлдігі, бұл – спецификация тапсырыс (заказчик) беруші мен оны орындаушы (разработчик) тарапынан бірдей мағынада қабылдануы керек.

Программалық жабдықтардың спецификацияларын кӛрсету үшін кәдімгі табиғи тілдер жарамайды. Сондықтан дәл спецификацияларды кӛрсету үшін арнайы формальды модельдер қолданылады.

Спецификацияларды анықтау кезеңіндегі формальды модельдерді екі топқа бӛледі: ұстанымдарға (құрылымдық, объектілік) тәуелді және тәуелсіз. Классификациясы тӛменде 3.9- суретте берілген.

Программалық жабдықтардың спецификациясы жан-жақты кӛрсету үшін әдетте бірнеше модельді қатар пайдаланады.

3.9- сурет. Спецификацияларды анықтау кезеңіндегі формальды модельдер классификациясы

Құрылымдық ұстанымға негізделген программалық жабдықтарды құруда, талдауда және жобалауда негізінен келесі модельдер элементтері қолданылады:

- мәліметтер ағынының диаграммасы (DFD – Data Flow Diagrams) бұл ақпарат кӛзі мен оны қабылдаушының арасындағы әрекетті жүйенің (программалық жабдықтардың) процесі түрінде сипаттайды;

- «мәнді байланыс» диаграммасы (ERD – Entity – relationship diagrams) жүйенің (программалық жабдықтардың) деректер қорын сипаттайды;

- күйлер ауысуының диаграммасы (STD –State Transition Diagrams) жүйенің уақытқа байланысты күйінің ӛзгеріп отыруын сипаттайды;

- процестердің спецификациясы, оны кӛрсету үшін әдетте тексттер, псевдокодтар, Flow-формалар , Насси-Шнейдерман диаграммалары қолданылады;

- терминдер сӛздігі – бұл спецификациялы беруде қолданылатын терминдер, қысқартылған сӛздерге берілетін түсініктемелер.

Күйлер ауысуының диаграммасы (диаграмма переходов состоянии) – бұл ақырғы автоматтардың графиктік формасы болып табылады. Ақырғы автоматтар (конечные автоматы)- техникалық құрылғының дербес іс-әрекетін (детерминированное поведение) модельдеу үшін қолданылатын математикалық абстракциялық ұғым, автоматтар теориясында анықталған. Күйлер ауысуының диаграммасының қызметі басқару кезіндегі оның реакцияларын немесе поведениелерін (спецификацияны анықтау кезіндегі) кӛрсету болып табылады. Мұнда басқарушы сигнал немесе қолданушының командасы болуы мүмкін. Бұл команданы алғаннан кейін, жүйе оған жауап ретінде бір әрекет жасайды, яғни сол күйін сақтап қалады, не болмаса басқа күйге ауысады. Автоматтар теориясына сәйкес, мұнда диаграмма тұрғызу үшін, анықталады: бастапқы күй (терминальное состояние); әсер етуші басқарушы сигнал (немесе кӛшу шарты); орындалатын әрекет немесе бірнеше варианттар. Функционалдық диаграммалардың қызметі программалық жабдықтар құрамындағы функциялардың ӛзара байланысуын, иерархиясын кӛрсетеді. Функционалдық диаграммалардың функционалдық модельдер деп те атайды. Функционалдық моделдің кӛп тараған түрінің бірі SADT (Structured Analysis and Design Technigue –технология структурного анализа и проектирования). Оны 1973 жылы Д. Росс ұсынған. Функционалдық диаграммаларды тұрғызу келесі қағидаларға негізделген :

- әрбір функция бір блок ретінде қарастырылады;

- әрбір блок үшін бастапқы мәлімет, басқарушы команда, функцияны орындаушы механизм (программалық жабдық немесе техникалық құрылғы) және нәтиже анықталады.

Функционалдық диаграммадағы мәлімет, басқарушы команда, функцияны орындаушы механизм және нәтиже барлығы сызықтар (дугалар) түрінде беріледі, мысалы

Бұл сызықтар іс жүзінде мәліметтердің жиынтығы, нәтижелердің жиынтығы, немесе басқарушы командалар жиынтығы болып табылады (3.10- сурет), мысалы:

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22


написать администратору сайта