Документ Microsoft Word (9). Хирургия пні бойынша практика нтижесіні есебі
Скачать 0.5 Mb.
|
«Хирургия» пәні бойынша практика нәтижесінің есебі. Бөлімше, практика өткізген жері_______________________________________ Тікелей жетекшінің аты-жөні__________________________________________ Өту мерзімі________________________________________________________________
«Хирургия» пәні бойынша практика нәтижесінің есебі.
Дөңгелек мөр Күні «_____»______________20____ж. 2. Қолды өңдеуге ерітінді даярлау. /хлоргексидин/ Көрсеткіші: операцияға қатысатын мед.персоналдың қолвн залалсыздандыру үшін. Жабдықтар : 0.5% хлоргексидин ерітіндісі бар флакон; 70%этил спирті бар флакон ; Бикс тану материялдармен ; Бір рет қана қолданатын сабын ; Құм сағат(1-3 мин.). Іс- әрекетінің алгоритмі : 0.5% хлоргексидин ерітіндісі бар флаконды дайындау . Подставкаға тану материялы бар ,операциялық жабдықтары бар биксті орналастыру . 1минуттық құм сағатты қою,сабын дайындау. 1мин.бойы сабынмен қолды жуу(тырнақ астын,тырнақ маңайын ,саусақ араларын ,саусақтарды,алақанды,қолдың сыртын сол жақ қолдың,сосын оң жақ қолды, сол жақ , оң жақ білезікті ,сол жақ ,оң жақ білектерді шынтақ буынға дейін). Ағынды су астында сабынды жою үшін саусақтың ұшынан бастап ,шынтаққа дейін шаю.Залалсыздандырыған орамалмен қолды кептіру(оң жақ қолдың сусақтарынан бастап негізіне дейін,алақанды білезік буынға дейін,оң жақ қолдың ішкі сыртын ортаңғы бөлікке дейін,содан кейін сыртқы жағын ,оң жақ қолдың ішкі жағын ортаңғы бөліктен бастап шынтаққа дейін ,сосын сыртқы жағын ортаңғы бөлікиен бастап шынтаққа дейін). Осындай әдіспен орамалдың төменгі бөлігін сол жақ қолға салып кептіру . Залалсыздандырылған салфеткаларды 0.5%хлоргексидиннің спирт ерітіндісіне малып, қолды өңдеу ,тырнақтардан бастап шынтаққа дейін 2мин.бойы. Залалсыздандырылған салфеткаларды 0.5% хлоргексидиннің спирт ерітіндісіне малып қолды өңдеу,иықтың ортаңғы бөлігіне дейін 1мин.бойы. 3. Құрал-саймандарды стерилизациядан алдынғы 7 кезеңмен өңдеу. Стерилизация дегеніміз медициналық құрал жабдықтардағы микроорганизмдерді және оның спораларын, токсиндерін түбегейлі жою. Залалсыздандыруға медицинада дәрілер мен диагностикалық препараттар, тігіс және таңғыш материалдар, жаймалар, пациенттің күтіміне арналған заттар жіберіледі. Залалсыздандыру алдындағы тазалау кезеңдері І кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1% лизоформин (дез ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа салып қоямыз. ІІ кезең. 1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған судың астында 30 секундтан жуамыз. ІІІ кезең. Медициналық құрал -саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз. IV кезең. Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал -саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз. V кезең. Медициналық құрал -жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып, ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз. Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды) VІ кезең. Медициналық құрал саймандардың құрамындағы тұздарды жою мақсатында дистилденген сумен жуып шаямыз. VIІ кезең. Медициналық құрал саймандарды кептіргіш шкафтың ішінде 85'C салып кептіреміз. Тазалаудан толық өткізгеннен соң, медициналық құрал- саймандарды крафт пакетке, бөз орамына орап, бикске саламыз. Стерилизация әдістері Стерилизацияның химиялық әдістері полиэтилен заттарды, өкпенің жасанды вентиляция аспабын, әртүрлі эндоскоптарды залалсыздандыру үшін қолданылады, бұл үшін дезерітінділер немесе газдар қолданылады. Автоклавтау туралы түсінік Автоклавтау булы стерилизаторлармен жүзеге асады. Булы стерилизаторларда жоғары температура (138˚С ке дейін) және жоғары қысым (2,5 атм дейін) орнатылады. 4. Бикске ақ жайманы, қайта таңу материялдарын, құрал-саймандарды орналастыру Биксті, халаттарды, жаймаларды, таңғыш материалдарды дайындаймыз; Бикстің ақаусыздығын тексереміз; Бикстің ішін 2 рет сүртеміз; Бикстің ішіне жайма төсейміз: Бикске біріңғай материалдан жасалынған заттарды саламыз; Халаттарды, жаймаларды, орамалды, салфеткаларды, мақта шариктерін т.б Бикске тек қана залалсыздандыруға дайын материалды қатаң тәртіппен саламыз; Бикске салынатын материалдардың саны белгіленген болуы керек; Таңу материалдарын 10 дана етіп, орам түйіншегімен саламыз: Дәкелі шариктерді 50-100 дана етіп, дәкелі түйіншекке саламыз; Бикстің ішін спиртті салфеткамен өңдеп аламыз; Сосын жайманы төсейміз, материалдарды салып, жайманың шеттерімен үстін жабамыз, арасына бу кіріп, жақсы зарарсыздандыру үшін бос етіп саламыз; Материалдарды жайғастырған кезде вертикальді және қатарымен салуды қадағалау керек; Бикстің қақпағына индикатор қағазын саламыз; 5. Залалсыздандыру сапасын анықтау Залалсыздандыру сапасын бақылау. Залалсыздандырудан өткен заттардың бәрі залалсыздандыру сапасын анықтаудан өту керек. Физикалық – залалсыздандыру сапасын анықтау мақсатында стерилизатора мен автоклаварда орналастырылған термометрлер, таймерлер, манометрлер, түрлі- түсті индикаторлар көмегімен бақылау жүргізеді. Физикалық бақылау тәсілі температура, қысым және басқа залалсыздандыру процесінің параметрлері туралы мағлұмат беріп отрады. Физикалық бақылау тәсілі бойынша заттар толық залалсыздандырудан өтті деуге болмайды, өйткені ол тек залалсыздандыру камерасының жұмысын ғана бақылайды. 20 Химиялық – залалсыздандыру сапасын анықтау мақсатында химиялық индикаторларды қолдану (лентілер, қағаз кесінділер, химикаттардың түйіршіктері, түтікшелер, залалсыздандырудың параметрлерінің бір деңгейіне жеткен кезде өз түстерін немесе агрегаттық жағдайын өзгертуі). Химиялық индикаторлар залалсыздандырылататын қораптардың ішіне немесе сыртына салынады. Егер индикаторлар түсін өзгертіп немесе еріп кетсе, онда заттар залалсыздандырылған, ал егер индикаторлар түсі толық өзгермей, ерімесе, онда заттардың залалсыздануы болмаған (заттар не тығыз салынған немесе камера жұмысына күш көп түскен) 21 Биологиялық – залалсыздандыру сапасын анықтау мақсатында қағаз қорабына салынған бактерия спорларын сіңдіріп, кептірген қағаз кесінділерді немесе пластиковый флакон құрамында ұрықтары бар кесінділер. Сонымен қатар, емдеу және алтын-алу мекемелерін СЭС жилына екі рет, емдеу мекемесіндегі бактериологиялық лаборатория айына бір рет жоспарлы тексеру өткізеді, ал инструменттерді, таңғыш материалдарды, опер блокты, хирург және мейірбике қолын – жетісіне бір рет залалсыздандыру сапасына тексеру өткізеді. Залалсыздандыру сапасын анықтау үшін қолданылатын химиялық затратға жатады: мочевина, манноза, фенацетин, фталевый ангидрид, бензой қышқылы фуксинмен бірге, нафтол, стрептоцид, салицил қышқылы, арабиноза, сульфацил қышқылы, тиомочевина, янтарь қышқылы, аскорбин қышқылы, альбуцид. Азопирам сынамасы Мақсаты: медициналық құрал-саймандарда гемоглобин, жұғыш ерітінді, құрамында хлоры бар заттарды, тат басқан жағдайлардан, дәрілік заттардан тазалау сапасын бақылау. Жабдықталуы: азопирамды реактив: 100мл амидопирин 1 мл тұзқышқылды анилинды құрғақ ыдыста араластырып, 1л дейін 96% спиртпен араластыру; 1% азопирамның спиртті ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығына арналған пипетка; астауша мақта шариктерімен, құрал-саймандар (бақылауға алынатын). Міндетті шарттар: жаңа дайындалған 1% азопирамның ерітіндісін 2 сағат ішінде қолдану; азопирамды сақтау мерзімін бұзбау: жабық ыдыста 4˚С температурада 2 ай сақтау Сынама жүргізу - бетпердені кию, қолды жуып кептіру, қолғапты кию; азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығы бірдей мөлшерде жеке пипеткамен алынып бөтен ыдысқа араластырылады, сыртына азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі деп белгіленеді; бақылауға алынатын құрал-саймандарды мақта үстінде ұстап, үстіне азопирам тамыздырылады. Егер де ерітіндінің түсі көк – күлгін түске өзгерсе, құрал-саймандардың құрамында қан қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда IIІ-IV-V кезеңді қайталаймыз. Егер де ерітіндінің түсі ашық қызыл түске өзгерсе құрал -саймандардың құрамында жуғыш ерітіндінің қалдықтары болғаны. Бұндай жағдайда V кезеңді қайталаймыз. Егер де ерітіндінің түсі қоңыр түске өзгерсе құрал-саймандардың құрамында ерітіндінің қалдықтары, дәрі дәрмектер, тат басқан жағдайлары болғаны. |