Главная страница
Навигация по странице:

  • Зәр қышқылы көбейсе

  • Фосфор көбейетін болса

  • Кальций мөлшерінің төмендеуі алып келеді

  • Эритроцитарлы массаны құю кезінде

  • Ісік лизис синдромын алдын алу

  • Ісік лизис синдромының емі

  • Гемодиализге көрсеткіштер

  • Сүт безінің ҚАТЕРЛІ ісігі Сүт безінің обыры

  • Сүт безі обырымен ауру қаупін жоғарлататын факторларға жатады

  • Қауіп факторының үш тобы

  • Сүт безі обырының кезеңдері

  • Сүт безі обырының көріністері

  • Сүт безі обырын анықтау

  • Сүт безі обырынан сақтану шаралары

  • Келесідей белгілер болған жағдайда әйелге жедел түрде дәрігерге қаралуы керек

  • Омырау бездерінің қатерсіз ісіктерінің түрлері

  • Ааа. Ісіктер (обыр) Шынайы ісіктерді зерттеумен медицинаны ертеден блек ылым болып блініп шыан саласы онкология


    Скачать 307.21 Kb.
    НазваниеІсіктер (обыр) Шынайы ісіктерді зерттеумен медицинаны ертеден блек ылым болып блініп шыан саласы онкология
    Дата21.09.2022
    Размер307.21 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла²ñ³êòåð (îáûð) Øûíàéû ³ñ³êòåðä³ çåðòòåóìåí ìåäèöèíàíû? åðòåäåí á.docx
    ТипДокументы
    #689805
    страница4 из 5
    1   2   3   4   5



    Ісік лизис синдромының клиникалық көрінісі


    Электролиттік дисбаланс кезінде

    Калий көп мөлшерде болуы кезінде байқалады:

    • Жүрек айну, құсу

    • Тәбеттің төмендеуі

    • Диарея

    • Бұлшықет әлсіздігі және тырыспа

    • Аяқ-қолдардың жансызданып қалуы немесе еріктен тыс қимылдау

    Зәр қышқылы көбейсе: Бұл көбінесе ауыр жағдайларға жедел бүйрек жетіспеушілігіне алып келеді.

    Науқастарда байқалады:

    • Жүрек айну, құсу

    • Тәбеттің төмендеуі

    • Арқада ауырсыну

    • Подагра (аяқтағы үлкен бақайдың ісінуі)

    Фосфор көбейетін болса: 

    • Жүрек айну және құсу

    • Диарея

    • Шаршағыштық

    • Қалтырау

    • Бас ауыру

    • Бас айналу

    Кальций мөлшерінің төмендеуі алып келеді:

    • Ауыз, ерін, буындарда солқылдап ауырсыну сезімі

    • Аяқ-қолдың дірілдеп қозғалуы, қалтырау

    Тамырішілік лейкостаз. Бас миының ірі тамырлары мен өкпеде лейкостаз клеткалары ыдырауы ауыр түрдегі қан кету,тромбоэмболия клиникалық көрінісі ми инсульті және жедел тыныс жетіспеушілігімен сипатталады.

    Эритроцитарлы массаны құю кезінде: Индукциялық терапияға дейін эритроцитарлы массаны құю лейкостаздын дамуына қолайлы фактор болып табылады. Анемияны тез түрде коррекциялау қанның тұтқырлануына алып келеді. Химиотерапиямен лизистенген лейкозы клеткалардан шыққан субстанция өкпе эпителииінің зақымдануына немесе клеткалардың өкпелік және тамырлық секвестрленуіне потенциалды фактор болып табылады.

    Жедел өкпелік тромбоз. Тромб түзілудің себебі белгісіз, бірақ болжамалы түрде ісік эмболдарының клетка лизисінен кейін пайда болады. Тамырішілік микрокоагуляция бұзылысынан да болуы мүмкін.

    Өкпелік асқыну аурудың бастапқы кезеңінде немесе ісікке қарсы ем алғашқы күндерінде, әртүрлі факторлар, инфекция, өкпеге лейкозды клеткалар инфильтрациясы, өкпелік тамырлық лейкостаз, өкпеішілік қан кету, өкпе ісінуі, химиотерапия токсикалығы тудырады.

    ІЛС – бүйрек зақымдалуы кезінде ауыр өтеді. Бұл синдром аздаған ісік болғанда да даму ықтимал. ІЛС туындау мүмкіншілігі болса, химиятерапия (циторедуктивті) профазадан басталады.яғни аздан басталып, біртіндеп дозасын көбейтеді.
    ІЛС-ды емдеуден гөрі алдын алу оңай.

    Ісік лизис синдромын алдын алу: 

    • Зәр қышқылы, фосфор, калий, креатининнің жоғары мөлшерін химиятерапияға дейін қалыпқа келтіру керек.

    • Зәрдің натрий бикорбонатымен алкализациялау рН 7,0-7,5 болуы керек. Кальцийдың мөлшерін бақылап отыру керек.

    • Фуросемид тағайындау.

    • Олигоурияның алдын алу үшін дофаминнің аз дозасын тағайындау керек.

    • Ауыз арқылы алюминий гидроксидін фосфаттарды байланыстыру үшін қабылдау керек.

    • Әр бір 12 сағат сайын калий, кальций, фосфор, зәр қышқылын, креатинин, мочевинаны бақылау.

    • Диурезді бақылау, зәрдің рН-ын анықтау.

    • Күнделікті магний, натрий, альбумин, ЭКГ, қышқыл-сілітілі балансты, СРБ, коагулограмманы бақылау.

    Ісік лизис синдромының емі: 

    1. Гиперурекемия көптеп жіберілетін ерітінділердің көлемін күніне 5 литр/м2-қа дейін көбейту.

    2. Гиперкалиемия- 5,5 ммоль/л-ге дейін Натрий хлоридін фуросемидтің 1 дозасымен (20мг) бірге көктамырға енгізу.

    3. 5,5-6 ммоль/л ерітінді көлемін ұлғайту + 30 г натрий фосфаты полистиролымен сорбиталды ішке тағайындау.

    4. 6 ммоль/л-ден жоғары 10мл 10% кальций глюконат, сұйықтығы көлемін ұлғайту, фуросемид, 50 % глюкоза ерітіндісі және 10Ед инсулинді көктамырға енгізу.

    5. Гиперфосфатемия ауыз арқылы алюминий гидроксидін беру.

    6. Гипомагнеземия магний енгізу.

    7. Олиго- және анурия гемодиализ.

    Гемодиализге көрсеткіштер:

    • Калийдың мөлшері 6 ммоль/л-дан жоғары болғанда;

    • 7 ммоль/л болғанда шұғыл гемодиализ;

    • Диурез сағатына 50 мл/м2 аз болса;

    • Қос несепағардың обструкциясы кезінде;


    Сүт безінің ҚАТЕРЛІ ісігі

    Сүт безінің обыры – Европа, Америка, Азия елдерінің әйел адамдардың арасында ең кең тараған ісік түрі болып табылады.  Жыл сайын әлемде бұл аурудың миллионан астам жағдайы тіркеледі, ал орташа өмір сүру ұзақтығы 80 жас екендігін ескерсек сүт бездерінің обырымен ауру қаупі 12,5% құрайды. Соңғы 2о жылда обырдың осы түрімен аурудың тұрақты тенденциясы байқалады, әсіресе қалалар мен мегаполистерде . 1985  жылдан бері әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар ішінде 31,2% құрай отырып бірінші орында тұр. Жыл сайынғы профилактикалық тексеру ісіктерді ерте диагностикалауда маңызды рөл атқарады. Дегенмен, көптеген науқастар дәрігерге ісіктің айқын белгілерімен келеді, бұның өзі әрі қарай аурумен күресуде қиындық туғызады.  Бұған себептердің бірі – аурудың ерте диагностикалау қажеттілігінің маңызын түсінбеушілікте. Қазіргі таңда көптеген , ғалымдар обыр жасушаларының пайда болу механиздерін белсенді түрде зерттеуде, алайда біршама  мәселелер  әлі де түсініксіз болып  қалуда. Кез келген басқа да онкологиялық ауру сияқты сүт безі обыры да бұрынғыдай сұм ажалға әкелуі мүмкін зұлым  ауру болып қала береді.

    Сүт бездерінің обыры ерте заманнан белгілі. Мысалы Ежелгі Египеттегі Имхотеп дәрігердің папирустарында (б.з.д. 3ооо жыл), вавилондық Хамурапи дәрігерлік кодексінде (б.з.д. 225о ж) және Гиппократтың еңбектерінде (б.з.д. 400 жыл) бірнеше рет айтылған, ал Гален (б.з.д 130-200 жж) сүт бездерінің қатерлі ісіктерін сыртқы көрінісін теңіз шаянына (рак) ұқсатқан (грекше шаян : karсinos). Басқа аурулар мен салыстырғанда қатерлі ісіктердің негізінде өте күрделі механизмдер және генетикалық ерекшеліктер, сыртқы ортаның әсері сияқты бірқатар себептер жатыр.

    Этиологиясы: Әрбір нақты жағдайда сүт безінің обырының не себептен пайда болғанын нақтылап айту мүмкін емес. Тек белгілі бір дәрежеде обырға әкелетін ықпалдарды атап айтуға болады. Обыр жасушаларының пайда болуына сүт бездерінің қалыпты жасушаларының мутациясының әсерінен пайда болатыны белгілі. Канцерогендердің әсерінен жасушалардағы генетикалық материал өзгереді. Нәтижесінде қалыпты жасушалар обыр жасушаларына айналады. Жасуша жиі –жиі бөлінген сайын канцерогендердің әсерінен обыр жасушаларына айналу қаупі өсе түседі. Сүт безі обыры кезінде канцерогенезді арттыратын көптеген факторларды болады. Атап айтқанда, эстроген гормонының мөлшерінің артуы немесе оның басқа гормондармен салыстарғанда мөлшерінің көбірек болуы, менструалды циклдың әртүрлі бұзылыстары, түсіктер және лактацияның болмауы, қалқанша безінің қызметінің бұзылыстары, бүйрекүсті бездерінің жұмысының ауытқушылықтары, және т.б. Ер адамдарда да сүт безінің обыры кездеседі, бірақ әрине әйел адмадарға қарағанда сирек және көбінесе гинекомастия фонында.

    Сүт безі обырымен ауру қаупін жоғарлататын  факторларға жатады:

    • ерте менархе (11-12 жас);

    • кеш алғаш босану (28-30 жас);

    •  плацентаның көлемі мен салмағының үлкен болуы туылған қыз нәрестеге қауіптілік туғызады,

    • аборттар, әсіресе алғаш босануға дейін,  

    • жатыр түтіктерінің созылмалы қабыну аурулары, эндометриоз, аналық без кисталар және т.б.

    • 65 жастан асқаннан кейін бүйрекүсті безі эсторгендері мен салмақтың көбеюіне байланысты қауіптіліктің екінші шыңы пайда болады.

    Қауіп факторының үш тобы:

    • репродкуцияға байланысты (босану/түсіктер, лактация, менархе жасы), қосарланған гинекологиялық аурулары;

    • генетикаық жақындылыққа байланысты: жақын туыстарында қатерлі ісіктердің болуы, әсіресе әйел жыныс мүшелерінде және сүт бездерінде;

    • зат алмасу және гормональды бұзылыстарға байланысты, соның ішінде құрамында эсторгендері бар гормональды препараттарды қабылдаумен байланысты.

    Сүт безі обырының
    кезеңдері : 


    1 сатысы: ісік , сүт безінің ішінде ,көлемі 3 см-ден кем, айналасындағы көрші сау тін мен терісіне тарамаған, метастаз жоқ.
    2А сатысы: ісіктің көлемі көлденең қимасы 5 см аспайды,без тіндеріне, айналасындағы май қабатына өтіп, терісімен байланыста ,бөгелме ісік жоқ.
    2Б сатысы: ісік көлденең қимасында 5 смден артық, лимфа түйіндері қатысады.ісік жоғарыдай көлемі мен түріндей,бірақ қолтықасты лимфа бездерінің алғашқы деңгейіндегі біреуінғана зақымдаған.
    3А сатысы ісік, оның көлемі 5 см-ден -10 см-ге барады. Терісінен таралған немесе терісі ойық жаралы, бұлшық ет пен сіңір қабатына өткен, бірақ аймағында бөгелме ісік жоқ.
    3В сатысы: ісік кез келген көлемде , бұғана үстінде немесе төсасты аймағында көптеген бөгелме ісіктер бар.мөлшері үлкен, метастаз теріге, кеуде қабырғасына және сүт безінің ішінде орналасқан лимфа түйіндеріне таралған.
    3С сатысы: ісік мөлшері үлкен, көптеген лимфа түйіндеріне таралған.
    4 сатысы:сүт безінің мөлшері өте үлкен, метастаз кеудеден алыс орналасқан мүшелерге (сүйектерг, өкпеге, бауырға, миға, және алыс орналасқан лимфа түйіндеріне) таралады.



    Сүт безі обырының көріністері: 

    Сүт безі обырының ерте кезедеріндегі негізгі белгісі сүт безінде жаңа түзілістің пайда болуы. Бұл түзілісті әйел өзі анықтауы мүмкін немесе маммография, УДЗ және басқа зерттеу әдістері арқылы анықталуы мүмкін. Тиісті ем жүргізілмеген жағдайда ісіктің мөлшері ұлғайып, тері немесе кеуде қабырғасынан шығып кетуі мүмкін , лимфа тамырлары арқылы обыр жасушалары жақын жатқан лимфа түйіндеріне таралады. 

    Қан арқылы обыр жасушалары бүкіл организмге таралып, жаңа түзілістерге бастама береді. Сүт безінің обыры көбінесе өкпеге, бауырға, сүйектерге, бас миына метастазданады. Бұл мүшелердің зақымдалуы, және ісіктің ыдырауы өлімге әкеледі. 

    Сүт безі обырын
    анықтау


    Егер дәрігер қарап тексерген кезде ісікке күманданса, УДЗ, маммография тағайындап, сүт безінің пункциясын (биопсию) жасайды. Ісіктің таралу үрдісін бағалау үшін сүйек сцинтиграфиясы (радиоизотоптық зерттеу), құрсақ қуысының мүшелерінің ультрадыбысты зерттеуі, өкпе рентгенографиясы, компьютерлік томография қолданылады. 

    Сүт безі обырын ерте анықтаудың негізгі әдісіне рентгендік зерттеу — маммография жатады. Бұл зерттеуді уақтылы жүйелі түрде жасап отыру ісікті ерте кезеңінде анықтап дер кезінде ем жүргізілуіне септігін тигізеді. Түзіліс аықталған жағдайда да диагнозды нақтылау үшін де маммография жасалады. Қосымша зерттеуді әрқашанда ультрадыбыстық зерттеу арқылы және сүт безін пункциялау арқылы жүргізеді. Өмірде көбінесе әйел өзі сүт безінде түзлістің пайда болған байқап, онкологқа келеді.

    Маммография. Бұл әдісті етекір оралымының алғашқы фазасында жүргізген жөн. Маммография жүргізген кезде: дәрігер қарау кезінде анықталған өзгерістерді нақтылауға, қатерлігінің дәрежесін, екінші сүт безіне таралуын анықтауға мүмкіндік береді. Ескере кететін бір жағдай, тіпті аз мөлшердегі сәулелік жүктеме болғанның өзінде жас әйелдерге бұл әдісті қолданған қауіпті болып табылады.
    Дуктография – сүт жолдарын жасанды конрастирлеу. Бұл әдіс өзекішілік өзгерістерді диагностикалауда қолданады. Сонымен қатар емізіктен қанды бөліністер бөлінген жағдайда жасалынады. Бұл процедураларды қабыну аурулары болған кезде, сүт безінің айқын қатерлі ісігі болған кезде жасауға болмайды.

    УДЗ. сүт безінің кез келген ауруларында кеңінен қолданылады және бұл әдіс басқа әдістерге қарағанда жас әйелдерге қолдануда қауіпсіз болып табылады. Бірақ микрокальцификаттарды (ісіктің микроскопиялық бастамаларын) ультрадыбысыты зерттеу арқылы анықтау мүмкін емес.
    Компьютерлік және магнитті-резонансты томография. Бұл екі әдіс көбінесе сүт безінің жергілікті метастаздарын анықтау (өкпедегі, бас миындағы, сүйектердегі, бауырдағы), сонымен қатар операциядан кейін рецидивтерді диагностикалауда қолданады.
    Биопсия. Негізінде қорытынды диагноз қоюға мүмкіндік береді. Ол арнайы инемен жүзеге асырылады және 4о жасқа дейінгі әйелдерге қолдануға болады, бірақ процедура нәтижесі әрқашан сенімді бола бермейді. Егер ісіктік қатерлілігіне белгілер көп болса және операциялық кірісу жоспарланған болса биопсия міндетті түрде жасалуы керек.

    Сүт безі обырынан сақтану шаралары:

    1. Сүт және қалқанша бездегі, бауырдағы және  жыныс  мүшедегі созылмалы ауруларын уақытында емдеу.

    2. Қант диабеті мен семіздікті болдырмау.

    3. Өсімдік тағамдарын көбірек қолдану.

    4. Көкөнстерді,жеміс-жидектерді және витаминдерге бай тағамдарды пайдалану.

    5. Эстрогендерге қарсы әрекет ететін дәрілерді кең қолдану егде жастағы әйелдерге пайдасын тигізеді.

    Келесідей белгілер болған жағдайда әйелге жедел түрде дәрігерге қаралуы керек (егер тұрғылықты жерінде маммолог болмаса, бірінші гинекологқа сосын хирург-онкологқа қаралуы керек):

    • Терінің немесе емізіктің бұрын болмаған тартылуы;

    • Емізікті басқанда немесе тыныштық жағдайда бөліндінің бөлінуі (жүктілік болмаған жағдайда лактация);

    • Емізіктен қанды бөліністердің шығуы;

    • Сүт бездерінің етеккірге байланыссыз ісінуінің кетпеуі;

    • Сүт безінің қабыршақтануы;

    • «Лимон қабығы» белгісінің  болуы. (жамбастағы целлюлитке ұқсайды); Сонымен қатар, қатерсіз ісіктер (фиброаденомалар, кисталар, мастопатиялар) малигнизирленуі мүмкін, яғни қатерлі түріне ауысуы мүмкін.

    Қатерлі ісіктер айқын тегістелмеген шекарасы болады, құрылымы бойынша қатты, аз қозғалмалы, және әдетте ауырсынбайды.

    Сүт безі обырын емдеу

    Гистологиялық диагноз тек операция кезінде анықтауға мүмкіндік болады, яғни операция кезінде қолтықасты лимфа түйіні кесіліп, жедел гистологияға жіберіледі. Сол кезде хирург қажетті операцияның масштабы туралы болжай алады. Негізгі әдіс ол – ісіктің резекциясы. Егер ісіктің диаметрі 2-5 см болса, онда тимэктомия жүргізіледі (ісікті, сүт жодарын, өзектерін және ісікке жақын жатқан тіндерді алып тастау), сосын сәулелік терапия жүргізу. Егер 5 см асып кетсе , онда толық сүт безін алып тастау, яғни мастэктомия жүргізіледі.
    Қосыша гормональды терапия (тамоксифен) және химиотерапия жүргізіледі.

    Сүт безінің ҚАТЕРСІЗ ісіктері

    Адамда сүт бездері 15 – 20 безді бөліктерден тұрады. Жалпы омырау дәнекер тіндер және май қабатымен қоршалған. Сүт жолдары  омырауда радиалды бағытта орналасады. Көбінесе рак сүт өзектерінің ішкі қабығы-шырышты қабатынан,сирек жағдайда оның алвеоларынан дамиды. Сүт бездерінің өсіп-жетілуі ішкі секреция бездерінің (гипофиз, қалқанша без) бөліп шығаратын гормондарына байланысты. Cүт бездерінің жағдайына эндокриндік жүйенің аурулары үлкен әсер етеді. Мысалы, қыздар мен әйелдерде жыныс органдарының (аналық жұмыртқаның) жұмысы бұзылса, Cүт бездерінде қатерсіз ісіктер пайда болады.

    Сүт безінің рагы жасушалардың қалыпты өсу және олардың көбеюінің бұзылуы нәтижесінде безді тіндердің өсуімен сипатталады.

    • —Омырау  бездерінің қатерсіз ісіктері- полиэтиологиялық ауру  болып табылады.    Оның пайда болуына  бiр немесе бiрнеше этиологиялық факторлар әсер  етуі  мүмкін.

    • —дисгормоналдық өзгерiстер

    • —аналық бездер ,сүт безiнiң, гипофиздін , қалқанша без, эстрогендердiң функциясынын бұзылысы

    • —организмның гормон регуляциясының қайта құруы

    • — қоректенудiң тәртiбi

    • —Тұқым  қуалаушылық  фактор

    • —Нейроэндокринді бұзылыстар

    • —психикалық стресс эндокрин бездерiнiң секреторлық функциясының өзгерiсiне алып келуі  мүмкін.

    Омырау  бездерінің қатерсіз ісіктері 30  жасқа дейінгі әрбір 4  әйел  адамда кездеседі,  ал  40  жастан  аскқан  әйелдерде 60%  пайызында кездессе, ал 75 жастан асқан  әйелдерде 80%  омырау  бездерінің қатерсіз ісіктері  кездеседі.

    Омырау  бездерінің қатерсіз ісіктерінің түрлері:

    1. Фиброаденома

    2. Папилломалар

    3. Липомалар

    4. Мастопатиялар

    Фиброаденома – сүт безiнiң қатерсiз iсiгi, дәнекрлеуші тіндері мен эпителиальды элементтерден тұратын қатерсіз ісік. Мастопатиясының формаларының бiрi, гормон дисбалансының фонында пайда болады.

    Формасы дөңгелек , шар  тәрізді  тығыз түйiн болады. Фиброаденома  қатерлі  ісіктерге  қарағанда  қозғалмалы болады.  Өлшемі 2 мм ден 5-7 см  дейін  кездеседі. Фиброаденома  эстрогендер  ықпалына байланысты,  менустралды   циклда және жүктілік кезінде оның өлшемі өседі. Менопаузадан кейін  эстрогендердің  деңгейі  төмендеу нәтижесінде  фиброаденоманың   көлемі  кішірейеді, ал гормон алмастырушы терапия  ағзада  эстрогендер  деңгейін көтере  отырып , сүт  безінің   фиброаденомасының  өз  көлемін сақтап калуға жағдай туғызады.

    Түтік  іші папилломалар сүт безiнiң тармақтарының эпителиында  пайда болады.

    Олар кез келген жас шамасында дами алады – постменопаузаға пубертат мерзiмiнен. Макроскопиялық карағанда сүт безiнiң түтік  іші папилломачсы  киста  сиякты еміздік  тәрізді болып көрінеді. Клиникасы ісiктiң төңiрегiдегi қан құйылу және некроздар болуы мүмкiн.

    Қатерсіз папиллома (өзекше ішіндегі диффуздық папилломатоз) сүт бездерінің сот жолдарында орналасатын түйіндеме болып табылады. Папилломалар әдетте жалғыз және көпше түрде болады. Клиникалық белгісіне жүктілік немесе емізу кезеңінен тыс емшек ұшынан бөліністердің шығуын жатқызуға болады. Бөліністердің түсі мен сипаты қан аралас немесе мөлдір сары болады. Емшек ұшынан бөлінетін сұйықтықтың мұндай сипаты фиброзды-кистозды өзгерістер мен өзектер кеңеюі кезінде кездеседі. Өзек ішіндегі өсінділерді анықтаудың жалғыз жолы дуктография (сүт безі өзегінің контрасты затқа толтыру) болып табылады. 
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта