Ааа. Ісіктер (обыр) Шынайы ісіктерді зерттеумен медицинаны ертеден блек ылым болып блініп шыан саласы онкология
Скачать 307.21 Kb.
|
Липома – май тіндерінен туындайтын қатерсіз ісік. Сүт безiнiң липомасы өсiмтал май ұлпасынан және сыртын қоршаған капсуладан тұрады.Сүт безiнiң барлық катерсіз ісіктерінде 9% жағдайларында кездеседi. Диагностикасы УДЗ ,маммография, термомаммография , окоцитология.Емі хирургиялық жолмен алып тастау. Хирургиялық жолмен алып тастаудан кейін : Қабынуға қарсы преппараттар Иммуномодярлы препараты (циклоферон, иммунал) Витаминді препараттар (А,В,С,Е) Гомеопатикалық заттар (мастодинон, эдас ) Мастоптия: Эстероген гормонының кобею салдарынан сүт безінде ісік алды аурулар пайда болады. Қазіргі кезде оларды мастопатия деп атайды. Мастопатия өте жиі кездесетін ауру. Оған дәнекер және шырышты қабаттағы клеткалардың пролиферациялы гиперплазисы мен дисплазиясы жатады. Ол үш сатыдан тұрады: 1-дәрежелік гиперпазиясы мен дисплазиясы. 2-дәрежелік гиперпазиясы мен дисплазиясы. 3-дәрежелік гиперпазиясы мен дисплазиясы. Бұлардың 1-ші дәрежелік гиперплазиясы, нақты ісік алды емес, ал кейінгі 2-ші,3-ші дірежедегілері нақты ісік алды аурулар болып саналады. Гиперплпазия 1-2 осу дәрежесі дәрі дәрмектермен емделеді, ал 3-ші өсу дәрежесінде операция қолданылады. Клиникасы: Омырау безінде тығыз түйіннің пайда болуы. Омырау безі аумағындағы терінің өзгеруі( терінің қалындауы, түсінің өзгеруі, емізікше немесе ареола маңында жараның пайда болуы) Қолтық асты аймақтағы лимфа түйіндерінің үлкеюі.Үлкейген лимфа түйіндерінде пальпация кезінде ауырсыну байқалады. Емізікшені қысқан кезде бөліністің шығуы. Бөлініс мөлдір немесе қан аралас болуы мүмкін. Сонымен қатар температураның жоғарлауы , омырау безінің ауырсынуы байқалады. Диагностика жасау: Фибрааденоманын диагностикасында пальпациялау, маммография, УДЗ жасап, биопсия алынады. Биопсияда атипиялық клеткалар табылады. Ақырғы диагноз iсiктiң алып тастаудан кейiн гистология зерттеу негiзiнде қойылады . Түтiк iшi папиллома диагностикасы тексеру арқылы жүргiзiледi, қолмен басып қарау, маммография, УДЗ, цитологиялық зерттеу. Наукас дәрігерге ауырсыну сезімі . Оның сипаты және емшектен болінетін боліністерге шағымданады. Пальпация кезінде Iрi тармақтардағы емшек жанындағы аймағындағы дөңгелек тығыздауды бар болу және оларды қолмен басқанда емізікшеден бөліністер шығады. Дуктография – жалғыз және түтiк iшi папилломасын диагностикасын ақпарат беретін әдiс, бұл әдіс контрасты заты енгізу арқылы ренгенографиялау. Емі: Омырау безінің қатерсіз ісіктерін емдеу асқынусыз өтеді, егер де әйел адам уақытында қаралса. Мастопатия аурудың ауырлығына байланысты медикоментозды немесе оперативті емделуі мүмкін. Фиброаденома және түтікішілік папиллома тек қана оперативті емделеді. Қатерсіз ісіктердің басқа түрлері науқастын индивидуальді жағдайына және аурудың асқыну дәрежесіне байланысты емделеді. Бүйрек ісіктерінің сәулелі диагностикасы Бүйректі зерттеудің сәулелік әдістері бірнеше түрге бөлінеді: Рентгенологиялық зерттеулер; КТ; Ультрадыбыстық зерттеу; Магниттік – резонансты томография; Радионуклидтік зерттеу. Жалпы бүйрек ағзасын зерттеудің ең негізгі әдістерінің бірі ол рентген түсірілімі арқылы зерттеу. Бұл кезде тек қана ісік емес, әртүрлі тас тәрізді түзілімдер, пиелонефрит, бүйрек жарақаты және т.б патологияны көруге болады. Рентген арқылы зерттеу келесідей болып бөлінеді: Экскреторлы урография, Ретроградты пиелография, Томография, Цистография, Жасанды Пневморетроперитонеум негізінде зерттеу, Уретерография Бүйрек ісіктері қатерсіз ісіктер (липома, фиброма, миома, ангиома, лифангиома, аденома) өте сирек кездеседі және көлемдері кішкентай болғандықтан ешқандай белгі бермей өседі. Тек басқа дертке жасалған операция кезінде байқалады, не өлген адамды ашқан кезде мәйітінде кездеседі. Жиі кездесетін қатерлі ісіктер (гипернефрома, рак, саркома). Олар үш түрлі белгімен анықталады: Гематурия; Бүйрек тұсы қатты ауырады; Бүйрек тұсында ісік пайда болады (алақанмен сипап анықтауға болады). Аумақты жасалған рентген суретінде пішіні өзгерген, аумағы үлкен, шеттері бұжырланып келген бүйрек көлеңкесі көрінеді. Пиелограммада бүйрек түбегі өскен ісік арқылы ССАҚ- ға толық толмайды. Бүйрек шөлмектері бір жерінде қысқарып (жартылай ісікпен бітелген), екінші бір жерінде қзарып кеңиді. Ісік бүйрек шөлмектерінің арасында өссе, онда олар ұзарып көрінеді. Несепағарды бітей өссе, несептің төмен ағуына кедергі жасайды да, оның жоғарғы бөліктері кеңіп, гидронефроз дертіне шалдықтырады. Бқндай жағдайда ССАҚ-ны шынтақ көктамырына жіберіп зерттеген дұрыс. Құрсақ ішіндегі ісік. Ішектер сол жаққа ығысқан. Сол жақ бүйректің нефробластомасы (Вильмс ісігі) сол жақ бүйрек ісігі (КТ) ал мына жерде сол жақ бүйректің кистасын көріп тұрмыз Оң жақ бүйректе орналасқан ісік көрінісі. оң жақ бүйректің кистасы Бүйректің УДЗ. Киста анықталады. Бүйректің қысылған тамырлары байқалады. бүйрек обырының УДЗ көрінісі |