Главная страница
Навигация по странице:

  • Оқылым Тапсырма

  • Жазылым Тапсырма.

  • Балл қою кестесі Тыңдалым және айтылым

  • Барлығы 10 Жазылым

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • 10 сынып ЖМБ Қазақ тілі Бексұлтанова М.Б.,. Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны


    Скачать 1.26 Mb.
    НазваниеЖамбыл облысы кімдігі білім басармасыны
    Дата04.12.2022
    Размер1.26 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла10 сынып ЖМБ Қазақ тілі Бексұлтанова М.Б.,.docx
    ТипДокументы
    #828156
    страница20 из 20
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

    1- мәтін

    Қазақ архитектурасы

    Материалдық игілікті жасаудың басты саласы ретінде Қазақ архитектурасы қоғамның өндірістік-экономика дамуына, ғылым және техника жетістіктерімен жарақтануына, оны жасаушылардың дүниетанымдық-эстет. талғамына тығыз байланысты жағдайда өркендейді. Қазақстан аумағындағы жекелеген аймақтарды, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан өңірін адамдар шелл-ашель дәуірінде (ерте палеолит кезеңі) қоныстана бастады. Ашель-мустье кезеңінде қоныстану аумағы айтарлықтай кеңейді. Қазақстан жерінде құрылыс салу жоғары палеолит дәуірінде пайда болды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер мен адам тұрақтары шағын топтар болып өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыстар аңшылардың, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құрған адамдардың тіршілік жайын сипаттайды. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы, төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің (Орт. Қазақстандағы Тамды, Бөрібас,

    Дамсы тұрақтары) іздері сақталып қалған. Металл құралдарын пайдалану, кетпенді егіншілікке, мал өсіруге ауысу қоғамдық еңбек бөлінісінің бастамасы болды. Бақташы тайпалардың бөлініп шығуы кейінгі қола дәуірінде (Беғазы-Дәндібай мәдениеті) ұланғайыр далалық жерлерді игеруге мүмкіндік берді. Қола дәуірі тұрақжайлары тұрғын және шаруашылық бөлігі болып, қоршаумен екіге бөлінген (бұлар шаруашылыққа арналған қосымша құрылыстармен бірге дөңгелене орналасқан) тік бұрышты жеркепелер тобынан құралды. Ошақтың үстіндегі орталық кеңістік бөренелермен сатылы-үшбұрышты түрде, басқа жағы тіреулі бөренелермен жабылды, қабырғалары тақта тастан қаластырылды немесе топырақтан соғылды (Оңтүстік Қазақстандағы Атасу, Бұғылы тұрақ жайлары).

    Кейінірек дөңгелек пішінді үйлер, оның ішінде жиналмалы киіз үйлер, төбесі түйетайлы етіп жабылған тік бұрышты құрылыстар (қыстаулар) пайда болды. Сонымен қатар қабір үстіндегі құрылыстардың пішіндері мен түрлері сараланып бөлінді. Қола дәуір сәулет өнерінің үлгісі өңделмеген тақтатастан қаланған Дың ескерткіштері кездеседі (екідың ғимараттары). Тас ғасырының мәйіт жерленген бейіттері күмбезбен көмкерілген және айналасы дөңгелене қоршалған, ортасында тас мүсіндері бар сәулетті кешендер түрінде жасалған. Қабір үстінде көлденеңі 30 м-ге жететін үлкен қорғандар (Жезқазған облысындағы Ақсу-Аюлы кешені) жиі салынған. (263 сөз) https://kk.wikipedia.org/wiki/
    2-мәтін

    Айша бибі кесенесі


    Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.

    Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан (XI- XIIғғ.). Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В. А. Каллаур, 1938-39 жылы А. Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген.
    Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады.Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген

    Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан — аз ғана суреттер қалған. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6×7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3×1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген.  Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген.

    Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың біріндегі «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние…» деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпішпен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. (287 сөз). https://e-history.kz/kz/publications/view/978
    Оқылым

    Тапсырма. Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
    Тәж Махал – Үндістандағы ең әйгілі ғимарат және ЮНЕСКО әлемдік мұра нысаны. Әлемге танымал бұл монумент Аграның жанындағы Жанума өзенінің жағалауында орналасқан.

    Жакан шахтың ұрпағы 13 бала туып, 14-інші баладан қайтыс болғаннан кейін, Тәж Махал кесенесін Мұмтаз Махалға арнап салдырған. Кейіннен құсадан қайтыс болған шахтың өзі де сүйікті тоқалының қасына жерленген. 1631 жылы басталған кесененің құрылысы 22 жылға созылған. «Өлмес махаббат» нышаны болып саналатын Тәж Махал – әлемдегі жеті кереметтің бірі. Төрт құбыласында төрт минареті, биіктігі 74 метр бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған мазар­дың құрылысына Орта АзияПарсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мың зергер-ұсталар жұмылдырып, құрылысты 1653 жылы аяқтады. Тәж Махалдың құбыласында қызыл құмнан салынған мешіт, шығысында қызметкерлер жата­тын тура соның көшірмесі салынған. Мазарға симметриямен салынған екі үлкен қақпа арқылы кіреді. Әдемі бассейндермен көмкерілген Тәж Махал ансамблі – архитектураның шыңы. Ескерткіштің табанында оны өзен деңгейінен жоғары көтеріп тұрған мәрмәр платформа салынған.

    Мазар тұтастай ақ мәрмәрдан тұрғызылған. Қабырғаларындағы кесек мәрмәрдағы ұсақ, аса шеберлікпен кескінделген ортаазиялық ою-өрнектер қолдан қашалып жасалған. Таң шапағымен қызғылт түске, күндіз ақ шаңқан, түнгі ай сәулесімен күміс түске боялатын мөлдір ақ мәрмәрді Аградан 300 шақырым жерден алдыртқан екен. Ең кереметі кіре берістегі Құран сүрелері қара ақықтан, ал қабырғалардағы әшекейлер мен гүлдер қызғылт ақық, малахит, жақұт, нифриттен жасалып, мәрмәр тастың ішіне ойып салынған. Әлемдегі ең кесек алмас тас (бриллиант) «Кох-и-Нұр» осы мазарда тұрған, кейіннен ағылшындар елдеріне алып кеткен. Қазір ол Лондонда сақтаулы.

    Тәж Махалдың іргесін жуып жатқан Жамуна өзенінің арғы бетінде қара мәрмәрдан жасалған іргетас жатыр. Жақан шахтың жоспары бойынша оның өзі сол жерден қара мәрмәрдан салынатын тұп-тура Тәж Махалдың көшірмесіне жерленуі тиіс болатын. Жамуна өзенінің екі жағасында жатқан қос мазарды жалғастыратын көпір салынуы тиіс еді. Алайда сырттан келетін шапқыншылықтан қажыған мемлекеттің қазынасы тағы бір қымбат ғимараттың құрылысын көтере алмайтын болды. 1658 жылы Жақан шахты ұлы Аурангзеб орнынан алып, Қызыл бекініске қамап қойды. Тоғыз жыл қамауда отырған Жақан шахты қайтыс болғаннан кейін тоқалының жанына апарып жерледі. (310 сөз).

    https://kk.wikipedia.org/wiki/

    [10]

    1. Мәтіннің құрылымын қанша бөлікке бөлуге болады?

    A. 4

    B. 3

    C. 2

    D. 1 [1]

    2. Тағы бір қымбат ғимараттың құрылысын көтере алмау себебі неде?

    A. Жақан шахтың қайтыс болуынан

    B. Сырттан келетін шапқыншылықтың әсерінен және қазына тапшылығынан

    C. Кесененің құрылысы 22 жылға созылғандықтан

    D. Жақан шахтың қамауда болуынан

    [1]
    3. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін атаңыз.

    _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    [2]

    4. Мәтіндегі 1 стильдік ерекшелігі мен 2 тілдік ерекшелігін анықтаңыз.


    Стильдік 1 ерекшелігі

    Тілдік ерекшелігіне 2 мысал

    1.

    1.


    2.


    [3]

    5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.

    __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    [3]

    Жазылым

    Тапсырма. Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, мақала жазыңыз. Жазылым жұмысында ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды пайдаланып, тыныс белгілерді қатесіз қолдануды ескеріңіз.

    [10]

    1. Қазақстанда әлемнің түрлі архитектуралық стилінде салынған ғимараттар мен үйлерді көруге болады. Осыған орай «Қазіргі таңда еліміздің сәулет өнері қандай дәрежеде?» тақырыбында сыни мақала жазыңыз.

    2. «Көне сәулет өнері тарихымыздың жәдігері» тақырыбында мақала жазыңыз.
    __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
    Балл қою кестесі

    Тыңдалым және айтылым





    Балл

    Грамматика мен лексиканы

    дұрыс қолдануы

    Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

    1

    9-10

    Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

    Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

    2

    7-8

    Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

    Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.




    5-6

    Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

    Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.




    3-4

    Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

    Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.




    1-2

    Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

    Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады.



    Оқылым




    Жауап

    Балл

    1

    А

    1

    2

    В

    1

    3

    Публицистикалық стильде жазылған

    2

    4

    Ықтимал жауап

    Көлемі шағын, суреттеу сипаты; мақала;

    «Өлмес махаббат», «Кох-и-Нұр»

    3

    5

    «Әр заманның өз кереметі болады. Бір кездері әлемге танылған бұл сәулет туындылары бүгінде жай ғана туристердің қызықтайтын орны болып қалған. Ештеңе мәңгілік емес» деген сияқты оқушының өз көзқарасын білдіретін жауаптар қабылданады

    3

    Барлығы




    10




    Жазылым




    Балл

    Сипаттамасы

    1

    9-10

    Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.

    2

    7-8

    Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.




    5-6

    Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.




    3-4

    Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама–қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.




    1-2

    Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.


    ҚОРЫТЫНДЫ
    «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағының» мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім алушы игеруге тиіс оқу дағдыларын дамыту жолдарын ұсынып, белсенді жұмыс түрлерін ұйымдастыруға көмек беруді көздейді. Сонымен қатар рухани дүниетанымы жоғары, сын тұрғысынан және жаңаша ойлай білетін, өз білімін қоғамның алға басуына тиімді пайдалана алатын ұрпақ тәрбиелеу.

    Құрастырылған жинақ білім алушының оқу тапсырмаларын барынша сапалы орындауға ынталандырумен қатар, тыңдалым мен оқылым тапсырмаларын орындауда білімін тереңдетіп, кеңейтеді. Ал жазылым тапсырмаларын орындауда білім алушының ойлау қабілеті дағдылары арта түседі.

    Жиынтық бағалау тапсырмалары ағымдағы және қорытынды оқу кезеңдерінде білім алушылардың үлгерімі жайлы ақпарат беретін білім беру үдерісінің маңызды бір бөлігі болып табылатындықтан, білім алушы игеруге тиіс оқу дағдыларын дамыту жолдарын ұсынып, белсенді жұмыс түрлерін ұйымдастыруға көмек беруді көздейді.

    Сонымен қатар оқу мақсаттары аясында алынған тапсырмалар оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтуге, оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып шығармашылық қабілеттерін арттыруға,коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге, алған білімін өмірдің кез келген саласында тиімді қолдана білуіне және 10-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.

    Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

    Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды.


    Пайдаланылған әдебиеттер
    1. 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат.

    2. Оқу жоспары _ Қазақ тілі_10 сынып_ЖМБ (2019-2020 жқу жылы)

    3. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал.

    4. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» Алматы, 2008 ж.

    5. Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті» пəндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Астана, 2016 ж.

    6. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Астана.2018ж.

    7. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. «Мұғалімнің жұмыс дәптері» Астана.2018ж.

    8. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» Алматы.

    9. «Қазақ мақал-мәтелдері» Алматы, 2009 ж.

    10. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал.2015ж.

    11. Өңірлік және мектеп үйлестірушісіне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал.2016ж.

    12. Сыздық Р., Уәлиұлы Н., Жаманбаева Қ.,Кудеринова Қ.Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы.2001ж.

    13. Дәулетбекова Ж., Рай Қ., Есмағанбетова Ш. Сөз мәдениеті және шешендік өнер. 11-сынып. 2007ж.

    14. Адамбаев Б. Шешендік сөздер.1992ж.

    15. Интернет-сайт материалдары.

    16. Баспа материалдары.

    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


    написать администратору сайта