Главная страница
Навигация по странице:

  • Барлығы 10 Жазылым

  • 10 сынып ЖМБ Қазақ тілі Бексұлтанова М.Б.,. Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны


    Скачать 1.26 Mb.
    НазваниеЖамбыл облысы кімдігі білім басармасыны
    Дата04.12.2022
    Размер1.26 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла10 сынып ЖМБ Қазақ тілі Бексұлтанова М.Б.,.docx
    ТипДокументы
    #828156
    страница16 из 20
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

    Оқылым




    Жауап

    Балл

    1

    С

    1

    2

    Семантикалық жағы, мәдениеттің антиподы т.б.

    2

    3

    Ауызекі сөйлеу стилі кездеседі. Жеке сөйлеушінің пікірі көрінеді, яғни «бұдан көретініміз», «біз ойлаймыз» деген сияқты тұжырымдарға құрылады. Сөйлемдердің синтаксистік құрылымы сақталмайды. Мысалы, «Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты

    ұғымдар екендігі».

    2

    4

    Ықтимал жауап:

    Цивилизация – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, өсу, даму.

    Антипод – қарама-қайшылық.

    2

    5

    Мәдениет пен өркентиетті егіз ұғымдар ретінде қарастыруға болады. Мәдениеттің шарықтау шегі өркениетке алып келеді. Олар қоғамдағы мән-мағынасы тұрғысынан бірін-бірі толықтырады.

    3

    Барлығы

    10

    Жазылым




    Балл

    Сипаттамасы

    1

    9-10

    Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.

    Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.

    7-8

    Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған.

    Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.

    5-6

    Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.

    Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы)

    жалпы әсерді бұзады.

    3-4

    Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама

    – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.

    Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.

    1-2

    Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.

    Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны

    толық түсінуге қиындық келтіреді.


    2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯЫ
    Жиынтық бағалауға шолу
    Ұзақтығы: 40 минут

    Оқылым – 15 минут

    Жазылым – 25 минут

    Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі

    Балл саны:30
    Тапсырмалар түрлері

    Көптаңдауы бар сұрақтар

    Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

    Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
    Жиынтық бағалаудың құрылымы

    Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы үш компоненттен тұрады:Біріншісі– тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі–оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
    Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

    *Тапсырма

    Қамтылатын

    мақсаттар

    Тапсырмалар

    түрлері

    *Тапсырмаларсипаттамасы

    рындау уақыты, мин

    Балл

    1

    10.1.4.1мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыружәне бағалау.

    Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

    Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 180-220 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды(немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қатынасын анықтап, сұрақтар құрастырады,өз пікірімен баға береді. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қатысын анықтауы, сұрақтар құрастыра алуы, өзіндік баға беруі бағаланады.

    Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)

    10

    2-4

    10.2.1.1әр түрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау.

    Көптаңдауыбар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар

    180-220сөзгежуықмәтінберіледі. Графиктікмәтіндердегімәліметтерді оқып, мәтіндер мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтіндердегі мәліметтерді анықтап, салыстыра талдау жасайды, үдерістерді сипаттап жазады.



    15

    10

    5

    10.4.3.1белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,түрлендіріп,талғаммен қолдана білу.

    Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

    Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында абзацтармен бөліктерге бөліп, ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жазып, тиісті стильді ұстанады. Жазылым барысында тақырыпқа сай сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданылуы бағаланады.

    25

    10




    Барлығы







    40минут

    30



    2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

    «Индустрияландыру:ұлттық өндіріс» бөлімі
    Тыңдалым және айтылым
    Тапсырма. 1.Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтінде көтерілген мәселеге байланысты автордың негізгі ойын, мәтін арқылы оқырманға не айтқысы келгенін анықтап, сұрақтар құрастырыңыз, өз пікіріңізбен баға беріңіз.

    2.Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]
    1-мәтін

    Жалпы Қазақстанда тұ­тас­тай индустрияландыру бағдар­лама­сын қолға алудың өзі батыл қа­­даммен пара-пар еді. Өйт­кені Мемлекет басшысы айтқан­дай, «Біз инновациялық-индус­триялық секторды тақыр жерден бас­тадық». Десе де, елдік ба­ғыт­тың дұрыстығы бірінші бес­жыл­дық­тағы табыстармен айқын білінді, бүгінде жоғары өнімнің жетістіктерін жұртшылық сезіне бастады. Индустрияландыру шара­патының арқасында іске қосыл­ған нысандардан бюджетке трил­лиондаған теңгенің өнім­дері түссе, жер-жерлерде құрыл­ған жұмыс орындары ел игілі­гіне қызмет етуде. Бастысы, еліміз­дің экономикалық құры­лы­мын өзгертуде маңызды қадам жаса­лып, жаһандық эконо­ми­каның алмағайып жағдайында дағдарысқа қарсы ден қоюдың тең­­дессіз тәжірибесін бастан өт­кердік. Нәтижесінде, Қазақ­стан­да алғашқы бесжылдықтың өзін­де 770-тен астам кәсіпорын іске қосылды, соның арқасында өң­­деуші өнеркәсіптің құры­лы­мы өзгеріп, отандық эконо­ми­ка­дағы дәстүрлі, қуатты метал­лур­гия, азық-түлік өнеркә­сібіне қо­сымша жаңа бағыт­тар ашылды. Қазақстанда индус­трия­лан­дырудың алғашқы жылдары өңдеуші өнеркәсіп өсімінің қар­қыны дәстүрлі өндіру саласынан алғаш рет асып түсті. Яғни 2011 жылдан бастап өңдеуші сек­тордың өсімі тау-кен өндіру сала­сын басып оза бастады. Соған орай, Қазақстан өңдеуші өнер­кәсіп секторының нақты өсімі бойынша Кеден одағы елдері арасында көшбасшы елге айналды.

    https://egemen.kz/article/173506-industriyalandyru

    2-мәтін

    ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды. Оған сол елде және сол елдің иелігіне жататын, шет елдерде шығарылған өнім құны да кіреді. ЖҰӨ-нің жалпы ұлттық табыстан айырмашылығы — оған өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлардың амортизациясы және өндірістік емес жүйелер мен сыртқы экономикасы қызметтен түсетін табыстар да қосылады.   ЖҰӨ-ді есептеудің әдістері   ЖҰӨ-ді есептеудің бірнеше әдістері қалыптасқан: Қосымша құнды, шығынды және табысты қосу арқылы; Барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халық ш-нда материалдық игіліктер өндіретін халықтың еңбекақысы мен басқадай табыстарын, әлеуметтік қамтамасыздандыру төлемдерін, пайда мен басқадай табыстарды, сондай-ақ, амортизациялық төлемдерді қосу арқылы.   Соңғы тәсіл бойынша халықтың тауарлар мен қызметті тұтыну құны, қоғамдық ұйымдардың қызмет құны, ғылым мен басқару буындарына көрсетілген қызмет құны, қор жинау (күрделі қаржы және басқалар), сыртқы сауда сальдосы, экон. қызметтен түскен табыс сальдосы сияқтыларды қосу арқылы анықталады. ЖҰӨ шамасына баға деңгейінің әсері мол, ол баға индексі арқылы беріледі де, ағымдағы бағамен есептелген ұлттық өнім жалпылама (номинальді) көрсеткіш болып аталса, баға деңгейімен түзетілген ұлттық өнім нақты ЖҰӨ болып табылады. Ол ұлттық экономиканың дәл сипаттамасын береді.   Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері   Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген кызмет құны ЖҰӨ- ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн атауға ие болады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Яғни, ЖҰӨ-де арнайы есептелінген құн жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды. Онымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды.

    (286 сөз). https://el.kz/kz/news/archive/content-5061
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


    написать администратору сайта