|
10 сынып ЖМБ Қазақ тілі Бексұлтанова М.Б.,. Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны
«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
2-нұсқа
Оқу мақсаты:
| 10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу);
10.3.3.1 Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);
| Бағалау критерийлері:
| БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын біледі; Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады;
| Ойлау дағдыларының деңгейі:
| Қолдану
| Уақыты:
| минут
|
Тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Сәулет өнерінің патшалығы
Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің бейітінің басына орнатылған. Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды. ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен». Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен Алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!» Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені – 46,5 м, ұзындығы – 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені – 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы – 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі – 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы – 1,8-2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы – 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері – ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады.
Қаншама ғасырлардан бері осы кезге дейін сақталған асыл мұрамыз тек біздің ғана емес, күллі түркілердің баға жетпес байлығы. Барша әлемге мәшһүр бұл ғимарат талайларды тамсандыруда. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін көресем деушілердің қатары жыл санап аспаса, кеміп жатқан жоқ. Сол себепті, Түркістан қазірде тарихи және туризмдік ірі қала. Бірақ, талайды тамсандырған бұл кесененің құрылысы аяқталмай қалғаны барлығымызға мәлім. Егер бұл кесене аяқталғанда қандай болар еді.( 364 сөз). https://massaget.kz/blogs/baykau/22413/
А ) Мәтіннен нақты деректерді анықтаңыз
1-дерек:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-дерек_:
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Ә) Жасаған сілтеме жолдары:
1-сілтеме
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-сілтеме
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. «Қазақстанның сәулет өнері ертеректе дамыған ба?» тақырыбында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолдана отырып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп аргументативті эссе жазыңыз.
1 -абзац
-Көп адамдар ойлайды...
2 -абзац
Өз көзқарасын білдіретін фразалар
- Бұл жағдайда мен өз көзқарасымды түсіндірсем деп едім...
- Бұдан басқа...архитектура...сондай-ақ...
3- абзац
- «қосыламын» және «қарсымын»
-Қорытындылай келе...
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________
|
Бағалау критерийі
| Тапсырма №
| Дескриптор
| Балл
| Білім алушы
| БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын біледі ; Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды
қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады;
| 1
2
| Мәтіннен нақты деректерді анықтап, сілтеме жасаңыз
-нақты деректерді анықтайды;
1 дерек
2 дерек
- сілтеме жасаудың жолдарын біледі;
-1 сілтеме
-2 сілтеме
|
1
1
1
1
| -эссенің құрылымын сақтайды
- Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады ;
- көтерген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жазады;
| 1 1 1
|
|
| Барлығы
|
«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________
Бағалау критерийі
| Оқу жетістігі деңгейі
| Төмен
| Орта
| Жоғары
|
БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын біледі.
|
Б АҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді анықтай алуда, сілтеме жолдарын жасауда қиналады.
|
Б АҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді анықтай алуда, сілтеме жолдарын жасауда қателеседі.
|
БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді анықтай алады, сілтеме жолдарын жасай алады.
|
Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды
қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады.
|
Эссе құрылымын сақтауда қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды
қ олданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазуда қиналады.
|
Эссе құрылымын сақтауда қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды
қ олданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазуда қателеседі.
|
Эссе құрылымын сақтауда қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды
қ олданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады.
|
«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімдер бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
Оқу мақсаты:
| 10.2.3.1 Көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу
| Бағалау критерийлері:
| Көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуі мен жанрлық ерекшеліктерін анықтайды Оқылым материалы бойынша негізгі ақпаратты іріктеп, конспект жазады
| Ойлау дағдыларының деңгейі:
| Жоғары деңгей
| Уақыты:
| 15-20 минут
|
Тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Тараз жері – тұңған тарих
Тараз шаһары тарихи оқиғаларға бай. Бұл қала Аулиеатадан бастап, Талас, Наманган, Йени-Тараз, Жамбыл, Мирзоян болып аталды. Киелі топырақта б.э. 1 ғасырында көшпенді халықтар өмір сүрген. Әйгілі ғалым В. Бартольдтің зерттеуіне сүйенсек, Тараздың іргесі б.э.д. қаланған. Сырдария мен Талас өзендерінің маңында б.э.д. 1 ғасырда 600 000-нан астам қаңлы тайпасы қоныстанған. Олар Жетісулық үйсіндермен жауласып, нәтижесінде ғұндармен бірігіп одақ құрған. Бұл оқиғаға Л.Н. Гумилевтің «Б.э.д. 36 жылдағы Таластағы соғыс» дерегі дәлел. Чжи-Чжи Талас бойында қалып, ұлы кент құрады. Екі жыл бойы соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Дуалы екі қабаттан тұрды – сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір деректерде, Талас деп атанған шаһардың соғылуына Марк Крассаның бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген деп көрсетілген.
Тараз еліміздің тарихында зор маңызға ие болуы ХV ғасырдың орта тұсында Қазақ хандығының іргесі қалану кезеңіне тұспа-тұс келеді...Мұхаммед Хайдар Дулат өңір Моғолстан хандығының батыс шеті болғандығын айтып, оны Иса Бұға ханның Жәнібек пен Керей сұлтандарға үлеске берілгендігін айтады.
Темір жол қатынасы 1928 жылдың қоңыр күзінде іске қосылды. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарта түсті. Түркісібтің салынуы ауданда ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптің өріс жаюына маңызды ықпал етті.
Орта ғасырда қала Тараз деген атауымен әйгілі болды...Тараз өзінің 2000 жылдық тарихи мерейтойын 2002 жылы атап өтті. Сондай-ақ, көне Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі болған. Әсіресе Қарахан билігінде дами бастаған. ХІХ ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы деп аталды. 60-шы жылдарда Ресей империясының құрамына енген. Кейінірек Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендеді. Тарихы мол қала бүгінде Жамбыл облысының орталығы болып табылады.
Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген. Сондай-ақ, мұнда Қарахан, Айша бибі, Бабаджа Хатун, Дәуітбек, Тектұрмас т.б. кесенелері, Мыңбұлақ сквері, Достық үйі, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент, Бақылау мұнарасы, т.б. әлем және республикамызға танымал жәдігерлер мен орындар бар.
Ежелгі Тараз қаласы – І-ХІХ ғғ. қазіргі Тараздың орталық базары аумағында орналасқан. Қалашық маңайын қала үйлері алып жатыр. ХХ ғ-дың бас кезінде ұзын қабырғалар төңірегінде отыздан астам төмпешіктер-қорғандар, қоныстар, некропольдер қалдығы болған. Қазіргі кезде олардың бәрі тегістеліп, үйлер салынған. Сүлейманов көшесінің батыс бөлігіндегі төрткүл және телеорталық ауданындағы қоныс, қаланың солтүстік шетіндегі ұзын дуалдардың жекелеген бөліктері сақталынып қалған. Сонымен қатар, мұнда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументі де орналасқан. 30 метрлік ескерткіш қаланың батыс бөлігінде «Тараз-Арена» Спорт сарайына қарама-қарсы бетте тұр.(387 сөз). https://www.astana-akshamy.kz/taraz-zheri-tunghan-tarih/
Мақаланың құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз.
Мақаланың түрлеріне анықтама беріңіз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
«Тараз жері – тұңған тарих» мәтінінің негізгі ойын сақтай отырып, ықшамдап конспект жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
| |
|
|