Главная страница

3-7ТЕМА АКУШЕР. Жктілік физиологиясы. Жктілік диагностикасы. Триместрдегі жктілікті барысы жне оны басару. рытану


Скачать 107.79 Kb.
НазваниеЖктілік физиологиясы. Жктілік диагностикасы. Триместрдегі жктілікті барысы жне оны басару. рытану
Дата13.04.2021
Размер107.79 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла3-7ТЕМА АКУШЕР.docx
ТипДокументы
#194275
страница3 из 6
1   2   3   4   5   6

Сонымен қатар ана мен ұрықтың арасында иммундық генетикалық сыйыспаушылық, яғни олардың антигендік құрылыстарының әр түрлі болуының да маңызы зор. Тіндік антигендер ана қанына өтіп, ағзаның сезімталдылығын күшейтеді, оның қарсы тұру қабілетін арттырып, гестоздың пайда болуына үлкен себепкер болады.

Бейімделу теориясы. Жүктілік кезеңі әйел ағзасына елеулі өзгерістер енгізеді, осыған байланысты ағзаға ең жоғарғы талаптар қойылады. Осы жаңа талаптарға сәйкес әйел ағзасының бейімделуі физиологиялық және де патологиялық салада болуы мүмкін.

Жүктіліктің екінші жартысындағы токсикоз кезінде, ана ағзасы жаңа талаптарға бейімделу саласында үлкен патологиялық өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгеріске бірден-бір әсер ететіндер ­ ана, ұрық және плацента жүйесіндегі иммунологиялық қозғалыстар. Бұл патологиялық өзгерістер мен нейрогуморалдық қарым-қатынастың бұзылуы салдарынан жүктілік гестозы кезінде бүкіл ағзада қан тамырларының тарылуы (тамыр спазмасы) пайда болады. Осыған байланысты, олардың барлық қасиеттері бұзылады, сөйтіп оның физиологиялық күш-қуаты кеміп, қан айналымының өзгеруіне әкеліп соғады. Жоғарыда аталған қасиеттер бүкіл ағзадағы оттегінің азаюына душар етеді, осының салдарынан жасушаларда оттегі жетіспейді. Осы аталған жағдайлардың барлығы да әйелдің жүктіліктің екінші жартысындағы токсикозға шалдығуына әкеледі.

Ерте гестоздар.

Ерте гестоздар жүктіліктің алғашқы айларында пайда болады.

    Жүкті әйелдің құсуы. Бұл жиі кезедеседі. Әйелдердің 80-85% жүктілік кезінде таңертеңгі мезгілде жүрегі айнып, анда-санда құсатын болады, бірақ жалпы жағдайы өзгермейді. Бұл гестозға жатпайды, тек жүктіліктің бір белгісі болып есептеледі. Ал гестоз кезінде әйел тәулігіне бірнеше рет жүрегі айнып, лоқсып, құсып, тәбеті төмендеп, жалпы жағдайы нашарлайды. Клиникалық белгілеріне байланысты үш түрге бөлінеді: 1) жеңіл; 2) орташа; 3) ауыр.

   Жеңіл түрінде күніне 3-4 рет құсады (көбіне тамақ ішкеннен кейін). Тамақ ішу қабілеті сақталады, кейде ащы-тұщы тағамдарды сүйсініп жейді. Жалпы жағдайы өзгермейді.

   Орташа түрінде әйел тәулігіне 10 және одан да көп рет құсады, жүрегі айнып, тамақ ішуі нашарлайды, ал ішсе, жедел құсып тастап отырады. Содан әлсіреп, жүдей бастайды. Сонымен бірге жүйке жүйесінде, зат және көмір сутегінің алмасуында өзгеріс болып, кетоацидоз пайда болады. Дене қызуы көтеріліп, жүрек пен тамыр соғуы жиілейді. Уақытында дұрыстап емделмесе, келесі ең ауыр түріне көшеді.

   Құсықтың ауыр түрін тоқтатусыз құсық деп те атайды. Бұнда құсықтың саны 20-дан да асады, жүрегі айнитыны сонша, тамақты ойлағаннан, иісінен құсатын болады. Кейде бұған сілекей ағу қосылады. Соның салдарынан ағза сусызданып, әлсізденіп, жүдейді. Кейде салмағы 8-10 кг дейін кемитін болады. Ағзада зат алмасуының ақырына дейін тотықтырылмаған қалдықтар көбейіп, қанда мочевина, қалдық азот және креатиннің мөлшері көбейеді, зәрде ацетон пайда болады, дене қызуы көтеріліп, тамыр соғысы жиілейді, ол 100-120-ға дейін жетеді. Дем алғанда аузынан ацетонның иісі шығып, әйел есінен тануы (кома) мүмкін. Ауруды анықтау жолдары жоғарыдағы белгілерге байланысты болады.

Емдеу жолдары. Гестозды, әсіресе, орташа, ауыр түрлерін тек емханада емдеу керек. Емі жан-жақты болуы қажет.

1. Жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіру үшін бром, кофеин дәрілерін береді, электроанальгезия, электроұйқы, психотерапия қолданады.

2. Құсықты басатын аминазин, спленин, дроперидол дәрілерін қолданады.

3. Ағзаның улануына қарсы қажетті мөлшерде сұйықтықтар құйылады. Науқастың ауыр жағдайы кезінде тәулігіне 2500-3000 мл дейін сұйықтықты ақырындап, тамшылатып көк тамырға жіберу керек. Оларға гемодез, полиглюкин, реополиглюкин, глюкоза, аскорбин қышқылы, желатиноль, белок препараттары жатады, кейде гемоглобин азайғанда, қан кұю қажет. Физиотерапиялық әдістерді де қолданады: кальций, броммен мойынға электрофорез жасау, эндоназалдық гальванизация және витаминдер беріледі. Егер ем қонбай, әйелдің жағдайы, қан, зәр анализдері нашарласа, жүктілікті үзу белгіленеді.

Сілекей ағу. Бұл дерт жеке немесе құсумен бірге кездеседі. Кейде әйелден тәулігіне бір литрден көп сілекей ағады. Аузы, ерні кебірсіп, тілінеді, тәбеті төмендейді, әйел қатты жүдейді. Бұл жағдайда да құсу кезінде қолданылатын ем тағайындалады.

Жүкті әйелдің дерматозы ­ әйел денесінің әр жері, әсіресе, сыртқы мүшелері, қолы, аяғы, кеуде терісі қышып, қасынғаннан қотырлар пайда болады. Кейде денеде эритема, болмаса экземаға ұқсас бөртулер шығады. Дененің қышуы әйелдің мазасын алады, түнімен дұрыс ұйықтатпайды.

Емдеу жолдары. Кофеин, бром дәрілері беріледі. Десенсебилизациялайтын дәрілерді, дәруменнің көптеген түрлерін қолданады.

Жүкті әйелдің сары ауруы. Бұл ауруды әсіресе басқа көп аурулардан (инфекциялық гепатит, өт аурулары, мерез, безгек, т.б.) айырып, анықтап алу қажет. Кейде бұл ауру құсықпен не болмаса кеш гестоздармен бірлесіп кездеседі. Қалай да болмасын, жүкті әйелдің сарғаюы өте қауіпті белгі болып есептеледі, бұл жағдайда әйелді бірден емханаға жатқызу керек.

Бауырдың сарғайып солуы. Бұл ауру жеке, көбіне құсудың асқынған түрлерімен қосылып кездеседі. Жасушалардағы алмасу процестерінің бұзылуына байланысты бауыр кішірейіп, сола бастайды. Әйел сарғайып кетеді, жағдайы күрт нашарлап, жүйкесі қозып, бауыр комасынан өліп кетуі де ықтимал. Сондықтан, тез арада жүктілікті үзу керек.

Остеомаляция – сүйектің жұмсаруы. Бұл фосфор-кальций алмасуының бұзылуы салдарынан пайда болатын дерт. Сүйектерде кальций, фосфор азайып, сүйек жұмсарады. Сүйектердің пішіні өзгеріп, бұлшық ет жұқарады. Әйелдің жүрісі өзгеріп, ақсаңдап, жүріп-тұруы қиындайды. Бір қуантары, бұл ауру сирек кездеседі. Бірақ қазіргі кезде оның жеңілдеу түрі – остеопатия жиі кездесіп жүр. Жүкті әйелдер сүйектің, әсіресе, жамбас сүйектерінің сырқырап ауырғанын сезінеді. Бұл ауруды кейбір ғалымдар әйел ағзасында көптеген дәрумендердің жетіспеушілігіне байланысты деп болжайды.

Емдеу жолдары. Ол үшін дәрумен құрамдарын қолданады.Әсіресе, Д дәруменін (15-20 тамшыдан күніне 3 рет), балық майын (1 қасықтан күнінен 3 рет), УФО және фосфор-кальциі бар дәрілер мен тағамдарды жиі қолдану қажет.

Жүктілік кезінде болатын критериялар, гипертензиялар:

Жүктілік кезіндегі гипертензия, протеннурия анықталмаған (О13). Преэклампсияның жеңіл түрі.

АҚ жоғары немесе 140/90 тең. Екі рет өлшенеді (екінші рет 6 сағат сайын дем алғаннан кейін). Немесе систололық қысым 30мм, ал диастолалық 15мм. Қол-аяқтарда ісік болмайды, тәуліктік протеннурия 0,3грамм.

Жүктілік кезіндегі гипертензия, протеннурия анықталған. Преэклампсияның орташа түрі (нефропатия) (014.0)

АҚ жоғары немесе 140/90 тең, 6 сағат дем алғаннан кейінгі 160/110 мм-тан төмен емес. Протеннурия 0,3г (тәуліктік 5г) қол-аяқтарда ісіктер болуы мүмкін.

Жүктілік кезіндегі гипертензия протеннурия анықталған. Преэклампсияның ауыр түрі (014.1)

АҚ жоғары 160/110 немесе тең, 6 сағат сайынғы дем алыстан кейін өлшенген. Немесе систолалық қысымның 30мм жоғарлауы, ал диастолалық 15мм. Протеннурия тәулігіне 5г. Қол-аяқтардың ісіктері болуы мүмкін.

Эклампсия

Преэклампсиямен байланысты тоникалық және клоникалық талмалар , қалтыраумен бірге.

Бүгінгі күні гестоздың белгілі және белгісіз түрлері жиі кездесіп жүр. Мысалы, жүктілік нефропатиясына тән бірнеше белгілері бар: қан қысымының көтерілуі, аяқ-қолдың ісінуі, зәрде белоктың пайда болуы. Белгісіз түрінде тек қана зәрінде белок болып, шамалы аяқ-қолының ісінуі мүмкін. Жүктілік гестозының ең бастапқы басталған мезгілін анықтаудың маңызы зор, себебі, гестоз мерзімі екі жұмадан асып кетсе (жеңіл дәрежесінің өзі), ұзаққа созылған гестоз деп есептеп, оның жатырдағы нәрестеге, анаға тигізер әсерін анықтап, емдеу және босану тәсілдерін тез арада шешу керек.

Жүктіліктің екінші жартысындағы гестоздың алғашқы сатысы.

Жүктілік шеменінің негізгі белгісі ­ ісік және зәрдің азаюы. Ісінудің үш дәрежесі бар:

І. Ісік тек аяқтарда ғана болады.

ІІ. Ісік аяқпен қатар іш пердесін де қамтиды.

ІІІ. Ісік бүкіл денені қамтиды.

Жүктілік шеменінде зерде ақуыз болмайды, қан қысымы физиологиялық қалыптан аспайды. Жүктілік мерзімінің екінші жартысында жасырын ісіктің де болуы ықтимал. Оны анықтаудың бірнеше жолдары бар. Олар: жұма сайын жүкті әйелдің салмағын өлшеу (жұмасында 350-400 грамнан артық салмақ қосылуға тиіс емес), зәрдің тәуліктік мөлшерін білу, сақина және Мак-Клюр-Олдрич сынақтарын жүргізу.

Мак-Клюр-Олдрич сынағы – 0,2 мл физиологиялық ерітіндіні шприцпен білезік сүйек аймағындағы терінің ішіне жібереді. Бұл жерде күлдіреу пайда болады. Егер қан тамырларының гидрофилдік қасиеті өзгермеген болса, күлдіреу 40-45 минут шамасында сорылып, жоқ болады. Ал, гидрофильдік қасиет артқан жағдайда күлдіреу тез арада (15-20 минут) сорылады. Бұл жағдай жүктіліктің жасырын шеменінде кездеседі.

Сақина сынағы деп киіп жүрген сақинаның жүктілік кезінде саусаққа сыймай қалуы.

Жүктілік шемені көбіне бүйрек ауруларымен ауыратын әйелдер арасында кездеседі. Себебі, жүктілік кезінде күш көп түсетін мүшелердің бірі – бүйрек. Бұл кезеңде жатырдағы ұрықтың өсуіне байланысты, бүйректің қызметі екі есе артады. Бүйрек арқылы адам ағзасындағы қажетсіз заттың бәрі сүзіліп, сыртқа шығады.

Егер бүйрек бұрында ауырған болса, жүктілік кезінде оның бөлу қызметі төмендейді. Осының салдарынан жүкті әйелдің аяқ-қолы ісінеді. Жүктілік шеменін дер кезінде емдемесе, ол асқынып, нефропатияға айналуы мүмкін.

Емдеу жолдары. Жүктілік шеменін тек босану үйінде емдейді. Емдеудегі негізгі мақсат – тұзды тамақ пен сұйықтықты мөлшерлі тұрғыда қолдану. Тәулігіне 700-800 мл сұйықтық және 5-6 грамм ғана тұз қолдану керек. Әрбір 7-10 күнде бір рет жеңілдік күндерін ұйымдастыру қажет, ол күнгі тамақ мәзірі ­ 1,5 кг алма немесе 600 г сүзбе, 200 г қант, 200 г қаймақтан тұрады.

Ісікті қайтару үшін күніне 2 рет 0,1 г гипотиазид (3 тәулік) немесе 20 мг фуросемид береді. Бұл жағдайда ағзадан калий өте көп бөлінеді, сондықтан калий препараттары қоса беріледі (оратат калий). Қан тамырларының өткізгіштік қасиетін төмендету мақсатымен аскорбин қышқылын (0,1 х 3 рет), гласкорбин (0,5 х 3 рет), В1 дәрумені (1 мл күнделікті), метионин (0,5 х 3 рет), глюкоза (40% 20 мл) мен аскорбин қышқылын (5% 3,0 мл) күн сайын көк тамыр арқылы жіберу керек.

Жақсы ұйықтау үшін түнге қарай триоксазин, элениум дәрілері беріледі.

Емдеу кезінде жүкті әйелдің салмағы мен тәуліктік зәрін қадағалап отырудың маңызы зор. Жүктілік шеменімен ауырған әйелді босану үйінде ісік толық қайтып, тәуліктік зәр өз қалпына келгеннен кейін ғана үйге қайтаруға болады.

Кеш басталатын гестоздардың келесі бір түрі ­ жүктілік нефропатиясы.

Преэклампсия - жүктілік нефропатиясы өз уақытында толық емделмесе, гестоздың ауыр түрі – преэклампсияға ауысады. Бұнда нефропатияда айтылған ауру белгілерінің барлығы болады (гипертензия, протеинзия, протеинурия, ісіну). Оған қоса бұдан басқа да қосымша белгілер пайда болады. Аурудың асқынғаны сонша, жүйке жүйесінің қозуы біліне бастайды. Науқастың басы ауырады, көзі қарауытып, бұлдырап, көруі нашарлайды, көз алдында кішкентай шіркейлер ұшқандай болып көрінеді. Кейде көзі тіпті көрмей де қалады. Жүрегі айнып, құсады, асқазан тұсы қатты ауырады. Кейде мұндай ауруларды тамақтан уланған деп болжап, емді уақытында қолданбай, асқындырып алатын да жағдайлар кездеседі. Кейбір әйелдерді ұйқы басады, ал кейбіреулері, керісінше, абыржып, ашушаң, жылағыш болады. Тез уақытта ем қолданбаса, преэклампсия асқынып, эклампсияға ауысады.

Эклампсия -­ гестоздың ең ауыр түрі. Ми ұлпаларының оттегімен қоректенуі нашарлап, ісінуі салдарынан, жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Әйел есінен танып, бүкіл денесі, бұлшық еттері құрысып, эклампсия басталады. Эклампсияны қазақша «жүкті әйелдің талмасы» десе де болады. Ол төрт кезеңнен тұрады:

1. Талудың алдыңғы кезеңі. Жүкті әйелдің есі кіресілі-шығасылы, дем алысы жиілеп, жүрегі қатты жиі соғып, қас-қабағы жыбырлап тартылады. Бұл кезең 20-30 секундқа созылады.

2. Тоникалық талма кезеңі ­ әйел есінен айрылады, дем алысы тоқтап, терлеп, аузынан көбікті сілекей ағады, көз қарашығы үлкейіп, жағы қарысып қалады. Осы кезде ауру тілін тістеп алуы да мүмкін. Жүрек қағысы, тамыр соғуы нашарлайды. Дененің бұлшық еттері қатайып, сіресіп қалады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 30 секундқа созылады, ол ана үшін де, нәресте үшін де қауіпті.

3. Клоникалық талма кезеңі. Әлгі қатып-сіресіп тартылған бұлшық еттер енді бірінің артынан бірі, кеудеден бастап, алдыңғы саннан, артқы аяқтарға қарай селкілдеп тартылып тарай бастайды. Әйелдің демі жоқ, ауыр қалпында, біртіндеп тартылғаны саябырлап, жақтары ашылып, аузынан қан, сілекей аға бастайды. Бұл кезең 40 секундтан 1,5 минутқа дейін созылады. Талма біткеннен кейін әйел ессіз қатты ұйықтап қалады. Кейде жүкті әйел осындай жағдайда бірнеше күннен айға дейін болуы мүмкін.

4. Ауру әйел есін жиып, өз-өзіне келе бастайды. Дем алысы, жүрек жұмысы дұрысталады. Аурудың беті қайта бастайды.

Жүктілік гестозының диагнозы:

Жүкті әйелді әрдайым қарап, бақылап, қажетті тексерулерін жүргізіп отырса, гестозға диагноз қою онша киынға соқпайды. Әсіресе, ерте қойылған диагноздың мәні зор. Бұл ауруды уақытында емдесе, ол асқынбайды, ананың да, баланың да денсаулығы сақталады.

Гестозбен қандай жүкті әйелдер ауыруы мүмкін деген сұрақ туындайды. Әйелдер кеңес орнында әрбір учаске дәрігері алдын ала жүктілігі гестозбен асқынуы мүмкін деген әйелдерді ерекше топта бақылайды. Олар: көп босанған, жасы ұлғайып тұңғыш босанатындар (30-дан жоғары) және жасы 18-ге толмағандар, көп сулы жүктілік, етженді әйелдер. Осы айтылған топқа түрлі-түрлі науқастарды бар жүктіліктің бірінші жартысында және бұрынғы жүктіліктерінде токсикоз болған әйелдер де кіреді. Бірінші орында ­ бүйрек ауруымен (пиелонефрит, гломерулонефрит, бүйрек тасы, т.б.), екінші орында ­ жүрек-қан тамыр ауруларымен (гипертония, жүрек ақауы, ревматизм, т.б.) ауыратындар. Келесі орнында эндокриндік аурулар: қант диабеті, қалқанша, жыныс бездерінің ауруры. Бұл топқа жүйке жүйесі, бауыр, өт, асқазан, қан тамырлар аурулары да кіреді.

Гестоз бір күнде пайда болмайды, оның дамуына бірталай уақыт керек. Гестоздың клиникалық белгілері пайда болудан бұрын жүкті әйел ағзасында әр түрлі көзге елеусіз патологиялық өзгерістер жүріп жатады, мұндай жағдайды алдыңғы гестоз (претоксикоз) ден атайды.

Гестоз алдында болатын ағзадағы өзгерістерді білу үшін акушерлік тәжірибеде бірнеше қосымша сынамалар қолданады. Олар:

1. Салмақтың патологиялық артуы. Егер жүктілік екінші жартысынан асқаннан кейін әйелдің салмағы апта сайын 350-400 грамнан көбірек өссе, ол денеде «жасырын» ісінудің бар екендігін көрсетеді.

2. Қан қысымының асимметриясы: оң және сол қолдардың қан қысымының айырмашылығы сынап бағанасынан 10 мм көп жоғарылайды.

3. «Лабильді» (тұрақсыз) синдром. Мұнда жүкті әйелді тұрғызып, жатқызып қан қысымын екі рет өлшейді. Содан кейін оның бірнеше рет (7-10 рет) жүрелеп отырып, тұруын сұрайды. Осыдан кейін қайталап қан қысымын екі рет өлшейді. Екеуінің айырмашылығы сынап бағанасынан 10 мм аспауы керек, ал егер одан асса, әйелдің қан тамырларының жиырылу қабілеті өзгеріп, оның қозуының артқанын дәлелдейді.

4. Мак-Клюр-Олдрич сынағы. Бұл сынаманы қолдану арқылы ұлпаның суды тарту (гидрофильдігі) қабілетті анықталады. Ол үшін 0,2 мл физиологиялық ерітіндіні білектің ішкі бетінің төменгі жағындағы теріге жібереді, бұл жерде күлдіреу пайда болады. Бұл күлдіреу әдетте 40-45 минутта ұлпаға сіңіп кетуі керек, ал егер тез уақытта сіңсе (15-20 мин), ұлпаның гидрофильдік қабілетінің артқаны.

5. Қанның жалпы белогының, әсіресе, альбумин, глобулин фракцияларының төмендеуі.

6. Тробоциттердің азаюы – 160 мыңға дейін (әдетте 200-400 мың). Тромбоциттің санын 16-22-28 апталарда тексеру керек.

Гестоздың анық клиникалық белгілері пайда болғанда, диагноз қою қиын емес. Ол үшін жоғарыда айтылғандай күні бұрын әйелдің қан қысымын, зәрін, денесінде ісіктің бар-жоғын білу қажет.

Дұрыс диагноз қою үшін бірнеше лабораториялық тексерулер жүргізіледі:

1. Зәрді зерттеу. Зимницкий, Аддис-Каковский, Нечипоренко сынамаларын жасау керек.

2. Қанды зерттеу, әсіресе, қызыл қан түйіршіктеріне көңіл бөлу керек. Гестозда қаназдық жиі кездеседі. Тромбоциттердің санын да анықтау қажет.

3. Биохимиялық анализдердің ішінен өте маңыздысы ­ мочевина мен креатининнің, қанттың, билирубиннің мөлшерін білу. Бауырдың функциясын білу үшін бауыр сынамаларын жасау керек.

4. Көздің түбін қарау өте қажет. Гестозға тән көз түбінде өзгерістер пайда болады, көк тамырлар кеңейіп, артериялары қатты тарылады (ангиопатия), кейде гестоздың өте ауыр түрінде көздің түбіне қан құйылып, көз торы қыртысынан бөлініп қалуы мүмкін.

5. Өте қажет анализдердің бірі ­ коагулограмма. Қанның ұюы мен протромбиннің уақыты, фибриногеннің концентрациясы, әсіресе, фибриногеннің өзгерген түрлерін, тромбоциттердің агрегациялық, адгезиялық қабілеттерін анықтау.

Емдеу жолдары. Гестозды емдеу өте күрделі. Ол біріншіден оның түріне, әйелдің жағдайына, сонан соң жүктілік мерзіміне байланысты болады. Егер гестоздың асқынған ауыр түрінде әйелдің босанатын мезгілі жақындаса, оны емдей отырып, тез арада босандырудың оңай жолдарын табу керек. Ал гестоздың жеңіл түрінде жүктілік уақыты әлі жетпесе, әйел жағдайы жақсы болса, ең алдымен гестозды емдейді. Егер ем қонбаса не нәтижесіз болса, әйелді босандырудың қолайлы әдістерін іздеу керек.
1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта