Главная страница

3-7ТЕМА АКУШЕР. Жктілік физиологиясы. Жктілік диагностикасы. Триместрдегі жктілікті барысы жне оны басару. рытану


Скачать 107.79 Kb.
НазваниеЖктілік физиологиясы. Жктілік диагностикасы. Триместрдегі жктілікті барысы жне оны басару. рытану
Дата13.04.2021
Размер107.79 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла3-7ТЕМА АКУШЕР.docx
ТипДокументы
#194275
страница6 из 6
1   2   3   4   5   6

1. Плацентаның төмен орналасуы

2. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы

3. Жатыр жыртылуы

Босанғаннан кейінгі қан кету.

Босанғаннан кейінгі кеш (екіншілікті) қан кету - көлемі 500мл және көп, босанғаннан  кейін 24 сағаттан бастап 6 аптаға дейінгі аралықтағы  қан кету.

Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы:

Плацентарлық алаңда 150-200 спиральды артериялар болады. Плацента туылғаннан кейін жатыр қарқынды жиырылып бастайды, тамырлар қысылады және тартылады, нәтижесінде қан кету тоқтайды. Сол мезгілде тромб түзілу процесі де басталады.

  • · тұрақты гемостаз босанғаннан кейінгі 2-3 сағатта жетіледі.

  • · «физиологиялық қан жоғалту» - босанудың III кезеңіндегі,әйелдің жағдайына ықпал етпейтін және 300-490 мл –ден аспайтын (дене салмағының 0,5%) қан жоғалту.

Этиология:

  1. «Тонус» жатырдың жиырылу қызметінің бұзылуы.

  2. «Ткань» жатыр қуысында тіннің қалып қоюы.

  3. «Травма» босану жолдарының жарақаты.

  4. «Тромбин» коагуляцияның бұзылысы.

Негізгі диагностикалық шаралардың тізімі:

  • · Босанушының қан тобы мен резус факторы.

  • · ЖҚТ (кең жайылған  гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер концентрациясы).

  • · Коагулограмма (протромбиндік, тромбиндік уақыт, протромбиндік индекс, фибриноген концентрациясы, фибриноген деградациясы салдарлары).

  • · Қан ұю уақыты.

  • · Іш қуысы ағзаларының УДЗ.

  • · ТС и АҚҚ.

Босанғаннан кейінгі қан кетуді емдеу алгоритмі:

1 қадам. Алғашқы бағалау (бір мезетте):

  1. Бос персоналды жұмылдыру (тәжірибелі акушер-гинекологты, анестезиолог-реаниматологты, лаборантты шақыру).

  2. Қан жоғалту көлемін бағалау.

  3. Жағдайын бағалау және ағзаның өмірге маңызды қызметтерін бақылау (АҚҚ, пульс, температуры, тыныс алу жиілігі).

  4. Қуықты катетерлеу  - қуық бос болу керек.

  5. Инфузияны қан жоғалту көлеміне 3:1 қатынаста (кристаллоидтар және 500 мг стабизол) бастау үшін 1 немесе 2 перифериялық көк тамырды катетерлеу (№№ 14-16 G)

  6. Босанғаннан кейінгі қан кетуді емдеу алгоритмі(2)

  7. Босанушының қан тобы мен резус факторын анықтау, сәйкестікті анықтауға қан алу

  8. Себебін анықтау

- Жатырды тексеру (тонус)

- Плацентны тексеру (ткань)

- Босану жолдарын қарау (травма/жарақат)

- ДВС-синдромға тексеру/ исключить ( тромбин)

9. Босанушыны жылыту (көрпемен жабу, ылғал жаялықтарды құрғаққа ауыстыру).

10. Босанушының жағдайын бағалау:

  • Сана-сезімінің деңгейін

  • Тыныс алу жолдарының өткізгіш қабілетін

  • Тыныс алудың болуын

  • Тамыр соғысының болуын, ЖСЖ, а. Radialis тамыр соғысының сипаттамасын

  • АҚҚ, «ақ таңба/дақ» симптомын тексеру

  • Қан жоғалту көлемін көзбеше бағалау

ДВС синдромы - даму себептері:

  • спецификалық емес жалпыпатологиялық процесс;

  • қан ұю белсендірушілерінің қанайналымға түсуімен және тромбоциттер агрегациясымен байланысты;

  • тамырішілік ұю гемостазды механизмдерінің сарқылуына және бақылауға көнбейтін қан керуге соқтырады.

Шоктың барлық түрлері:

  1. жайылмалы инфекциялар

  2. жарақатты хирургиялық операциялар

  3. терминальды жағдайлар

Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы:

  • гипо-и-атониялық қан кетулер

  • жатыр қуысын қайталап қолмен тексеру

  • жатырды қарқынды массаж жасау

  • қағанақ суы эмболиясы және антенатальды өлім.

ДВС дамуының негізгі себебінің симптомдары:

  1. Шок белгілері

  2. Гемостаздың барлық буындарының бұзылыстары

  3. Тромбоздар мен  геморрагиялар

  4. Гиповолемия және анемиялар метаболиялық бұзылыстар

  5. полиорганды жетіспеушілік белгілері.

ДВС синдромының зертханалық диагностикасы:

  • қан ұю уақытының ұзаруы (толық ұйымауға дейін)

  • концентрации фибриногеннің мөлшерінің  1-0 г/л дейін төмендеуі,

  • протромбиндік индекстің  60-50% дейін төмендеуі

  • Тромботеста I-II дейін түсуі

  • фибринолитикалық белсенділіктің уақытының қысқаруы

  • фибриназаның 20-30с дейін азаюы.

ДВС синдромының емі:

  1. ДВС себебін жою

  2. геморрагиялық шокты емдеу

  3. Қанның ұю қабілетін қалпына келтіру

  4. «шоктық» органдардың қызметтерін қалыптастыру

  5. Жедел жәрдем:

  6. инфузиялы-трансфузиялық терапия

  7. СЗП үлкен дозаларын енгізу алғашқы доза 1000,0 мл.

Әйел ағзасында қан шығынына қарсы пайда болған патологиялық өзгерістерді геморрагиялық шок дейді. Бұл өзгеріс қан көлемінің кенет азаюынан, маңызды мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуынан пайда болады. Бұл құбылыстың негізгі себебінің бірі – қан көлемінің қан тамырларының мөлшеріне сәйкес келмеуі.

Қан шығынына қарсы әйел ағзасындағы реакция екі түрлі: физиологиялық және патологиялық. Физиологиялық қан шығыны дене салмағының 0,5% (250-350 мл) болып есептеледі. Мұндай қан шығыны кезінде әйел ағзасында ешқандай өзгерістер болмайды. Егер әйелде анемия болса физиологиялық қан шығыны дене салмағының 0,3% құрайды.

Ал, патологиялық қан шығыны дене салмағының 0,5-0,8% аралығында. Бұл мөлшердегі қан шығынында әйел ағзасы әр түрлі реакциялар береді. Патологиялық қан шығыны компенсациялы және декомпенсациялы болып екіге бөлінеді.

Компенсациялы қан шығынының мөлшері орташа есеппен бүкіл қан көлемінің (ҚК) 10% (450-500 мл) болып есептелінеді. Әйел ағзасы бұндай қан шығынын тез уақытта өзінің бейімделу қабілеттерімен жөндейді.

Негізгі бейімдеуші қабілеттері:

1. Қан тамырларының түйілуі, бұл бейімдеуші қабілет ағзада қан қысымын көпке дейін ұстап тұрады.

2. Ұлпалардағы, деподағы (бауыр, көк бауыр, жатыр көкеттері т.б.) қандар және ұлпааралық сұйықтықтар тез қан тамырларына ауысып, қан көлемін толтыруға көмектеседі.

3. Жүрек соғуы жиіленіп, оның минуттік көлемі үлкейеді, осыған байланысты жүрек жұмысы да артады.

4. Жоғарғы жүйке жүйесінің, гипоталамус-гипофиздің, бүйрек безінің қызметтері күшейеді.

Осы жоғарыда айтылған бейімдеуші қабілеттері ағзаның гемостазын сақтап қалады. Сонымен компенсаторлық қан шығынында әйел ағзасы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды. Қан қысымы, тамыр соғысы өзгермейді.

Егер қан шығынының мөлшері айналымдағы қан көлемінен 10% артық болса, оны декомпенсациялық қан шығыны дейді. Бұл жағдайда ағза өзінің компенсаторлық бейімдеуші қабілеттерін сақтай алмайды. Әйел ағзасында әртүрлі патологиялық құбылыстар, сонымен қатар геморрагиялық шоқтың белгілері пайда болады.

Геморрагиялық шок үш сатыдан тұрады, олардың белгілері төмендегі кестеде көрсетілген.

Сатысы

Клиникалық белгілері

Қан шығыны, айналымдағы қанның көлемі, %

І

Әйелдің жалпы жағдайы өзгермейді. Қан қысымы с.б.б. 100 астам. Дене, бет терілері шамалы бозарады. Тамыр соғысы минутына 80-90 мм. НВ-90 г/л және одан жоғары.

15% дейін (750 мл)

ІІ

Әйелдің жалпы жағдайы орташа, басы айналып, көзі қарауытады. Дене, бет терілері бозарады. Қан қысымы с.б.б. 80-90 мм. Тамыр соғысы минутына 110-120. НВ-80 г/л және одан төмен.

25% дейін (1200 мл)

ІІІ

Әйелдің жалпы жағдайы өте ауыр, есінен танып, дене терілері өте қатты бозарады, дене ыстығы төмендейді. Қан қысымы с.б.б. 60-70 мм. Тамыр соғысы минутына 130-140 дейін әлсірейді. Әйелдің зәрі азаяды (олигурия).

30-40% дейін (1200-2000 мл)

ІҮ

Әйел ес-түсінен айырылады. Қан қысымы, тамыр соғысы анықталмайды. Жүрек қағысы әлсіреп, дем алуы төмендейді зәрі тоқталады (анурия).

40% артық (2000 мл артық)

Әйелдің жағдайын анықтауда «шокты индекс» көмектеседі. «Шокты индекс» – тамыр соғуының систолалық қан қысымына қатысы. Әдетте, тамыр соғысы бір минутта 60, ал систолалық қан қысымы 120 мм.сын.бағ. болады, ал шокты индекс 0,5-ке тең. ҚҚ 20-30% болған жағдайда шоктік индекс 1,0 тең. Егер ҚҚ 30-35% жетсе, шоқты индекс – 1,5 тең болады.

Бұл жұмыс әйелдер кеңес орнында басталады.

1. Жүктілігі асқынған, ауруы бар әйелдерді ерекше есепке алу.

2. Жасанды түсікті болдыртпау.

3. ІІІ және босанғаннан кейінгі кезеңдерде қан шығынын болдырмау үшін ІІ кезеңнің соңында 20,0 мл 40% глюкозаға 1,0 метилэргометринді қосып, көк тамырға енгізу.

4. Халық арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.

Начало формы

Конец формы
1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта