Жоспар
Скачать 390.5 Kb.
|
ЖОСПАРКІРІСПЕ І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Заңды тұлға туралы жалпы ұғым, ол туралы негізгі теориялар және заңды тұлғалардың түрлері. Заңды тұлғалардың негізгі белгілері: құқық және әрекет қабілеттілігі. ІІ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚҰРУ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚҰРУ. 2.1. Заңды тұлғаларды құру және қайта құру тәртіптері, мемлекеттік тіркеу. 2.2. Заңды тұлғаларды тарату және мемлекеттік тіркеуден шығару. ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ КІРІСПЕҚазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалы реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Тауарлық-ақшалық (мүліктік) және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принціптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын қайтадан бағалау онша оңай шаруа емес. Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше, маңызды екендігі сөзсіз. Егемен Қазақстанның конституциялық, әкімшілік азаматтық, енбек және қылмыстыққұқықтық салдарының аса маңызды екендігі ескеріліп, олардың көкейтесті проблемалары жаңаша қарастырылады. Әр бір заңда тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңнын өзі ұйымдары бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаны ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтері, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы мен құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң қүжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істеитін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Оқу құралы соңғы кезде қабылданған заңдар мен басқа да нормативтік актілердің негізінде дайындалған; меншік нысанына қарамай барлық кәсіпорындардың, мекемелер мен азаматтардың міндетті түрде орындау қажеттілігіне, заңдардың талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өз құзыреттері шеңберіндегі актілеріне негізделеді. Бірнеше қажетті жалпы ережелерге, принціптерге, анықтамалар мен жаңа түсініктерге ғана емес, нақты материалдар негізінде басқа да жоғары оқу орындарында өткізілетін бағдарламалық заң курсы бойынша да түсініктемелер беріледі. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғылым профессоры С.И.Аскназий «мемлекеттік ілімнің » авторы. Ол былай деп айтқан: «мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі үстайды». Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтыдар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатнаста болуы керек қой» деген уәж айтады. Академик А.В.Венедиктов «ұжым ілімін» алға тартты. Бұл ғылымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы. Ал, ғалым Д.М.Генкин «әлеуметтік ақиқат»теориясына ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатнастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой «директор ілімін» алға тартты оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші- директоры болып табылады. Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың «әлеуметтік байланыстар ілімі», А.А.Пушкиннің «ұйымдастыру ілімі» Е.Асухановтың «мақсаты мүлік»тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға «адамдардың қатысы» жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады. Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін «жасыратын» атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп бекітілген. Осыған орай және елімізде түбегейлі экономикалық және саяси қайта құрылыстар жүргізуге, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда болып, дамуға байланысты, шаруашылық жүргізу мен халықтық әл-ауқатын жақсарту нарықтық қатынастарға негізделген, мемлекет экономика мен әлеуметтік-мәдени салаларын тікелей басқарудан бас тартып, оларды негізінен құқықтық реттеумен және заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бақылаумен шектелетін болғандықтан халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды білу құштарлықтары арта түсті. Сондықтан, мемлекетіміз бұған барынша мол мүмкіндік туғызғанының нәтижесінде «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» курсын мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына, заңгерлер даярламайтын арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқыту қажетті пәндердің біріне айналып кең өріс алды. Бұл курста мемлекетке, құқыққа, руханиятқа (моральға) қатынасты негізгі ұғымдар мен идеялардың; қоғамдық әрі мемлекеттік құрылыс пен саясаттың, мемлекет пен адамның қарым-қатынасының, мемлекет органдары жүйесінің, азаматтық, еңбек, экологиялық, отбасылық, әкімшілік,қаржылық және қылмыстық құқықтардың негіздері, сондай-ақ заңдылықтың кейбір проблемаларын оқып үйрену қаралған. Оқулық құқық жүйесінің жекелеген салдары бойынша бөлімдерге, олар тараулар мен сұрақтарға бөлінген. Бұларда авторлардың пікірінше, Мемлекет пен құқық негіздерінің аса маңызды жақтары мен байланыстары зертелгендер. Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес заңды тұлғаларға да тән. Мүлікке өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады. (АК–тің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарғыда айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, коғамдық қор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бырақ бұл тізіммен шектеліп қалуға болмайды, себебі «комерциялық емес ұйым» заң құжаттарында уөзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін (АК –тің 36-бабының 3-тармағы). Заңды тұлғаның, өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілігі-оның оқшау мүлкінің салдары. Бұл белгі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 мамырдағы «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заң күші бар Жарлығының 30-бабында көрсетілген. Атап айтқанда, кәсіпорын өзіне тиесілі барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді деп белгіленген. Меншік иесі оның мүлкіне міндеттемесі бойынша кәсіпорынның жауапкершілігі болмайды. Заңды тұлға ұйымдық біртұтас болуы керек. Ұйымдық біртұтас болу ұжымдық құрылымның біртұтас құрылым ретіндегі қызметін қамтамасыз етеді. Аталған белгі заңды тұлғаның мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын, құзыретін, қызмет тәртібін анықтаудан көрінеді. Ұйымдық біртұтастық заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында бекітілген. Мысалы, «ҚР АК 41-бабына сәйкес» заңды тұлға өз қызметін, егер заң құжаттарында өзгеше айтылмаса, жарғы не құрылтай шарты мен жарғысы негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарында көзделген реттерде, комерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға осы түрдегі ұйымдар туралы жалпы ереже негізінде жұмыс істей алады» Құқық қабілеттілігі арнаулы және жалпы болады. Арнаулы құқық қабілеттілігі дегеніміз, заңды тұлғаның жарғыда көзделген қызметінің мақсатына сай келетіндей азаматтық құқықтары мен міндеттері болады. Мұндай жағдайда жарғыда олар айналасуға құқықты қызмет түрлері көрсетіледі. Осыған байланысты, ҚР АК 159-бабында былай делінген: «заңды тұлғаның, құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсатында қайшы келетін етіп жасаған мәмілесі жарамсыз деп танылуы мүмкін». Арнаулы құқық қабілеті бар заңды тұлғаның мысалы ретінде қазыналық кәсіпорында атауға болады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі жарғыда бекітілген мақсаттарымен және міндеттерімен айқындалады. Арнаулы құқық қабылеттілігі сондай-ақ комерциялық емес ұйымдарға да: мекемелерге, қоғамдық бірлестіктерге, қоғамдық қорларға, тұтыну кооперативіне, діни бірлестіктерге, заңды тұлғалардың қауымдастық немесе одақ нысанындағы бірлестіктеріне тән. Қоғамдық бірлестіктерге саяси партиялар, кәсіптік одақтар, ерікті коғамдар, шығармашылық одақтар және т.б. жатады. Қоғамдық бірлестіктің алдына қойған максаты оның мүшелері табыс табайын деп емес, өздерінің рухани және басқа да қажеттіктерін қанағаттандыру үшін бірігеді. Қоғамдық бірлестіктердің құқықтык мәртебесін айқындау қажеттігі Азаматтық кодексте мүліктік қатынастарда олардың қатысуымен және олардың құрылуы мен қызметіне қатысты қатынастарды азаматтық-қүқықтық шекте реттеумен байланыста болады, әрі ол аталған жүйеде шектеулі болуы керек. Қоғамдық бірлестіктердің қүқықтык ережелері сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңымен де айқындалған, олардың нақты түрлерінің қызметі мен кұрылуы арнайы зан құжаттарында тарамдана реттеледі. Қоғамдық бірлестіктің мүлкі оньщ меншік кұқығьша жатады. Қоғамдык бірлестіктерге қатысушылардың (мүшелерінің) осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарына құқықтары жоқ. Олар өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бойынша жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер ез мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғамдық бірлестік таратылған соң қалған мүлік оның мүшелері арасында бөлініске түспейді, өзінің жарғысында көрсетілген мақсатқа жұмсалады. Қоғамдық бірлестіктің мүлкі оның меншік кұқығьша жатады. Қоғамдык бірлестіктерге қатысушылардың (мүшелерінің) осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарына құқықтары жоқ. Олар өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бойынша жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер ез мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Заңды тұлға туралы жалпы ұғым, ол туралы негізгі теориялар және заңды тұлғалардың түрлері. Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33- бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретің, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатың ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болу тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады». Азаматтық құқық ғылыми заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық белгі; 2) мүліктік оқшаулығы 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атыннан қатынасуы Әр бір заңда тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңнын өзі ұйымдары бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаны ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтері, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы мен құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң қүжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істеитін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Мүліктік оқшаулық-заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар. Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша(қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады. Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін. Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған: 1)толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы): 2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы): 3) егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің 44-бабының 3-тармағы): 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-бабының 2-тармағының 2-ші бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (АК-тің 94-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы); 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тің 77-бабының 1-тармағының 2-бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік. Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасауға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді. Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлық заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатнастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мәнмағнасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді [1] . Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғылым профессоры С.И.Аскназий «мемлекеттік ілімнің » авторы. Ол былай деп айтқан: «мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды». Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтыдар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатнаста болуы керек қой» деген уәж айтады. [2] Академик А.В.Венедиктов «ұжым ілім» алға тартты. Бұл ғылымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы. [3] Ал, ғалым Д.М.Генкин «әлеуметтік ақиқат»теориясына ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатнастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой «директор ілімін» алға тартты оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші- директоры болып табылады. [4] Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың «әлеуметтік байланыстар ілімі», А.А.Пушкиннің «ұйымдастыру ілімі» Е.А.Сухановтың «мақсаты мүлік»тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға «адамдардың қатысы» жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады. [5] Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін «жасыратын» атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады. Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф.Свиньи «фикция теориясының» негізін қалады. К.Ф.Свиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілеитін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық функцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы Гирке болса, «органикалық теорияның» тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды. Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес. Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтінзаңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады (Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасы заңының 2-бабы). Осындай саралау заңды тұлғлар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпте бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарынды құрыла алады. Коммерциялық емес ұйым-заңды тұлға ретінде мекеме қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік қауымдастық (одақ) нысанындығы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң құжаттарындакөзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша: коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады; жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін; коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді; коммерциялық емес ұйымдардың кісіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарынасәйкес жүзеге асырылады; коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық масаттрға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары: а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын; ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын; б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпаыйтын заңды тұлғаларға бөлінеді. Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы болғандықтан қатысушылар қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады. Мүлікке өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады. (АК–тің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарғыда айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, коғамдық қор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға болмайды, себебі «комерциялық емес ұйым» заң құжаттарында уөзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін (АК –тің 36-бабының 3-тармағы). [6] |