Главная страница
Навигация по странице:

  • Өндірістік кооператив.

  • Мемлекеттік кәсіпорын.

  • Коммерциялық емес ұйым

  • Діни бірлестік

  • Тұтыну кооперативі

  • Жоспар


    Скачать 390.5 Kb.
    НазваниеЖоспар
    Дата25.05.2022
    Размер390.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаkur_-zandy-tulgalardyn-tusinigi-men-belgileri-48.doc
    ТипДокументы
    #548610
    страница3 из 5
    1   2   3   4   5

    ІІ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚҰРУ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚҰРУ.
    2.1. Заңды тұлғаларды құру және қайта құру тәртіптері мемлекеттік тіркеу.
    Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген. Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.

    Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті реквезиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.

    Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін-меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін-құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін-жарғы болып табылады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 21-бабы).

    Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық емес ұйымның өзінің, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) орындауы үшін міндетті.

    Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-қайшылық болған жағдайда: 1) егер оларға құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының; 2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.

    Бір адаммен құрылған коммерциялық және коммерциялық емес ұйым тек жарғы негізінде ғана жұмыс істей алады. Азаматтық кодекстің 41-бабының 3-тармағына сәйкес шаруашылық серіктестік пен өндірістік кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге тиіс. Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген жағдайда Азаматтық кодекстің 41-бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге онда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындығы да ескерілген.

    Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған баптың 5-тармағында қамтылған. Жарғының міндетті шартының тізбесінде бірқатар шартар қамтылған, атап айтқанда, ол жұмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастарды және тағы басқа енгізу қажеттігін міндеттейді. Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-қайшылық туындаған жағдайда:

    1. егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтайшы шарты;

    2. егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.

    Барлық мүдделі адамдар жарғымен танысуға құқылы.

    1. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер туралы жалпы ережелер.Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Шаруашылық серіктестіктер және оның жекелеген түрлері туралы жалпы ереже Азаматтық кодекске енгізілген. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерді құру мен олардың кызметі 1998 жылы 10-шілде де қабылданған Қазақстан Республикасынын "Акционерлік қоғамдар туралы" заңымен және 1995 жылы 2-мамырда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығымен реттеледі. Шаруашылық серіктестік түрінде күрылған коммерциялық үйымдардың жекелеген түрлерінің қүқықтық мәртебесінің ерекшеліктері арнайы заң актілерімен қаралуы мүмкін, ал олардың нормалары Азаматтық кодекске сай келуі тиіс. Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестігінің темендегідей түрлерін қүру мүмкіндігі қарастырылған:

    1. толық серіктестік;

    2. жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

    3. қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

    4. сенім (коммандиттік) серіктестігі.

    Шаруашылық серіктестігінің кұрылтайшылары тіркеуден өткеннен кейінқатысушы мәртебесін алады. Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары жалпы ереже бойынша заңды тұлға да, жеке тұлға да бола алады.

    Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің құрылтайшылары мен қатысушылары тек азаматтар ғана бола алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам бір тұлғамен құрылуы мүмкін. [2]

    Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда серіктестіктін, міндеттемелері бойынша қатысушылары езіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.

    Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке катысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің кызметіне байланысты залалдарды өздерінің қосқан салымдарының қүны шегінде тәуекел етеді. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізілген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.

    Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылык капиталыньщ) басым бөлігін басқа занды тұлға калыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның кабылдайтын шешімдерін айқындай алатын занды тұлға еншілес ұйым болып табылады (АК-тің 94-бабы).

    Айта кететін жәйт, еншілес ұйым өзінің негізгі ұйымының борыштары бойынша жауап бермейді. Тек, еншілес ұйыммен жасаскан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған міндетті нұс-қаулар беруге қүқылы негізгі ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшін жасалған мәмілелер бойынша еншілес ұйыммен бірге субсвдиарлық жауапты болады.

    Ал, негізгі ұйымның кінәсінен еншілес ұйым банкрот болған жағдайда негізгі ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады.

    Егер заң актісінде өзгеше белгіленбесе, еншілес ұйымнын қатысушылары негізгі ұйымнан оның кінәсінен еншілес ұйымға келтірілген зиянды етеуді талап етуге құқылы.

    Акционерлік коғамның дауыс беруші акцияларының жиырма проценттен астамы, баскд (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады.

    Басымырақ (катысушы) занды тұлға тәуедді акционерлік қоғам акцияларының тиісті бөлігін сатып алғаны туралы мәліметті зан құжаттарында көзделген тәртіп бойынша дереу жариялауға міндетті.

    Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың бір-бірінің шығарылған жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбір шығарылған (төленген) жарғылық капи-талдың жиырма бес процентінен аспауға тиіс. Бір-бірінін шығарылған (төленген) жарғылық капиталына өзара катысатын акционерлік қоғамдар басқа қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында жиырма бес процентген артық дауысты пайдалана алмайды.

    2. Өндірістік кооператив.Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардьщ ез еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады (АК-тің 96-бабы).

    Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15-қазанда қабылданған "Өндірістік кооператив туралы" заңымен айкындалады. Кооператив мүшелері екі адамнан кем болмауы тиіс.

    Азаматтык кодекс оньщ мүшелерінің кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив туралы заңда көзделген мөлшер ментәртіп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Аталған заң өндірістік кооперативтін кұрылуы мен қызмет етуі үшін қажетті жарғылык, қордың ен теменгі мөлшерін белгілемейді.

    Кооперативтің меншік кұкығына жататын мүлік, егер кооператив жарғысында өзгеше каралмаса, оньщ мүшелерінің жарналарының мөлшеріне сәйкес белінеді.

    Азаматтық кодекстің 99-бабының 4-тармашна сәйкес кооператив мүшесі жалпы жиналыс шешім кабылдарда бір дауысқа ие болады. Мұндай норма императивті (бұйрыкты), сондыктан да құрылтай кұжаттарында басқалай ереже болуы мүмкін емес.

    Азаматтық кодекстің 100-бабы кооперативтегі мүшеліктің негізі мен тоқтатылу салдарын қарастырады. Кооператив мүшесі өзінің қалауы бойынша кез келген уақытта кооперативтен шыға алады, бірақ бұл орайда оған төленетін жарнамен басқа да төлемдер кооперативтін, каржы жылы аяқталып, кооперативтін, бухгалтерлік балансы бекітілгеннен кейін беріледі. Кооперативке мүшелік сондай-ақ кооперативтен шығаруға байланысты да тоқталады, сонымен катар, соған үксас, кооперативке мүше болу кооператив мүшесінін қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Аталған баптың 4-тармағына сәйкес өндірістік кооперативтің мүшесі қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлері кооператив мүшелігіне қабылдануы мүмкін. Олар одан бас тартқан жағдайда кооператив мұрагерлерге кооперативтің қайтыс болған мүшесінің мүліктегі үлесін жарнасына қарай төлейді, сондай-ақ қайтыс болған адамның үлесіне тиесілі кооперативтің таза пайдасының бір бөлігін және кооператив кызметіне қосқан еңбек катысы үшін сыйақы төлейді.

    3. Мемлекеттік кәсіпорын.Мемлекеттік кәсіпорын туралы жалпы ережелер Азаматтық кодекстің 102-104-баптарында, ал нақты нормалары "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" занда қарастырылған. Азаматтық кодекстің 102-бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға:

    1. шаруашылық жүргізу кұқығына негізделген;

    2. оралымды басқару кұкығына негізделген (казыналық кәсіпорын)

    кәсіпорындар жатады.

    Мемлекеттік кәсіпорындар туралы заң мемлекеттік меншік түрлеріне байланысты:

    1) республикалық меншіктегі кәсіпорын;

    2) коммуналдық меншіктегі кәсіпорын деп бөледі.

    Бұл Заңның 1-бабының 3-тармағы еншілес мемлекеттік кәсіпорын деп те бөліп қарайды.

    Азаматтық кодекстің 102-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік органнын шешімі бойьшша құрылады, таратьшады және кайта ұйымдастырылады. "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заңға сәйкес республикалык мемлекеттік кәсіпорывдары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар бойынша жергілікті аткарушы органдарының шешімімен тәртіптеледі. Ал олардың құрылтайшылары тиісінше уәкілетгі Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар болып табылады.

    Мемлекеттік кәсіпорындар туралы заң мемлекеттің кәсіпкерлік кызметін шектейді, бұл орайда жаңадан кұрылатын және кызмет істейтін мемлекеттік кәсіпорындар белгілі бір қызмет жұйесімен айналысуға тиіс. Заңның 4-бабының 3-тармағында шаруашылықжүргізу кұқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, егер заңның 18-бабьшың талаптарьша мақсаты сай келетін болған жағдайда ғана рұқсат етіледі, ал оралымды басқару құқығындағы кәсіпорынды құру аталған Заңның 32-бабынын талаптарына сәйкес келуі керек.

    Мемлекеттік кәсіпорыннын құрылтай құжаты құрылтайшы бекіткен жарғы болып табылады.

    Мемлекеттік кәсіпорынның фирмалық атауында оның мүлкіне меншік иесінің атауы, яғни "мемлекет" деген сөз болуы кажет.

    Мемлекеттік кәсіпорынның органы уәкілдік берілген мемлекеттік органның тағайындайтын және оған есеп беретін басшысы болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорын туралы Зан-ның 9-бабы уөкілетті органның кәсіпорын басшысымен арадағы қатынасты келісім-шарт арқылы реттеу мүмкіндігін карастырады.

    Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындардың негізгі қорға қатысты мүлікке өз бетімен билік етуіне құқығы жоқ. Объектісі аталған мүлік болып табылатын мәмілені жасау үшін уәкілетті органның келісімі керек (Заңның 25-бабы), ал жалпы мүліктік кешендегі кәсіпорының билігі бойынша мәміле Үкіметтің шешімімен (республикалық кәсіпорындарға қатысты) және жергілікті әкімнін шешімімен (коммуналдық кәсіпорындарға қатысты) жасалады. Кәсіпорынның филиалдары мен еншілес мекемелерді құру

    үшін де уәкілетті органның келісімі қажет, сондай-ак мұндай жеке кәсіпкерлерге карызды пайызбен беретін шетелдік қормен катысты бірлескен кәсіпорындар үшін де міндетті.

    Оралымды басқару қүқығына негізделген кәсіпорындар үшін оларға бекітілген мүлікті иелік ету жағдайы одан да қатан, келеді. Заңнын, 38-бабьшың тұжырымдарына сәйкес, қазыналық кәсіпорьш өзінің шаруашылық кызметінен түскен каржыға альшған және өзіне бекітілген мүлікті уәкілетгі органмен келісе отырып, бөтенге беруге немесе басқалай билік етуіне қақысы бар.

    Заңнын, 13-бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырысын орындау міндетті болып табылады.

    Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын өзінін, жеке кызметінен түскен табыстар есебінен күн көреді, бүл орайда меншік иесіне пайдасының бір бөлігін аударады (Заңның 27-бабы), ал оралымды басқару құқығындағы кәсіпорын уәкілетті органы бекіткен смета бойынша өзінің жеке табысы есебінен қаржыландырылады. Қазыналық кәсіпорында шығынды жабуға өзінің меншікті каржысы жетпеген жағдайда оған тиісті бюджеттен жетпеген қаржысы бөлінеді.

    Мемлекетгік кәсіпорынның мүлкі бөлінуге жатпайды және салым бойынша таратылмайды.

    Шаруашылык жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын өзінің міндеттемесі бойынша оған жататын мүліктің бәріне жауап береді. Мемлекет мүндай кәсіпорындардың міндеттемесіне жауап бермейді. Сондай-ақ шаруашылык жүргізу қүқығындағы кәсіпорын да мемлекеттің алған мівдететтемесіне жауап бермейді. Керісінше қазыналық республикалык, кәсіпорьшньщ міндеттемесі бойьшша косымша (субсидиарлық) жауапкершілікті Қазақстан Республикасы көтереді, ал коммуналдык міндеттеме бойынша жауапкершілікті тиісті әкімшілік-аумақтық бірлестігі мойнына алады.

    Мемлекеттік кәсіпорындарды тарату мен қайта қүру онын, құрылтайшысы мен жүзеге асырылады (АК-тің 102-бабы). Бірақ "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Заңның 16-бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорынды тарату және кайта құру жөніндегі шешімді республикалық кәсіпорындарға қатысты Үкімет, ал коммуналдык кәсіпорынға қатысты әкімдер шешім қабылдайды. Құрылтайшылар шешім қабылдамайды, тек бұл жөніндегі қабылданған шешімге сәйкес қайта құру мен таратуды жүзеге асырады. Заңның 45-бабы шаруашылық жүргізу Құқығындағы кәсіпорынды қазыналық кәсіпорынға айналдыру мүмкіндігін қарастырады. Аталған баптың 2-тармағындағы Қаралған қарастырады. Аталған баптың 2-тармағындағы Қаралған жағдайда, ондай қайта құру міндетті болады. Сонымен қатар соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша пайда түсіре алмаған жағдайда ғана шаруашылык жургізу құкығындағы кәсіпорын казыналык кәсіпорынға айналады.

    4. Коммерциялық емес ұйымболып табылатын занды тұлға мекеме, коғамдык бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысаньщда және заң құжаттарывда көзделген өзге де нысанда кұрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызмегпен езінің жарғылык максаттарына сай келуіне карай ғана айналыса алады, (АК-тід 34-бабының 3-тармағы, "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Казақстан Республикасы Задының 6-шы бабы).

    Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйымдардың мынадай түрлерін карастырады: мекеме, акционерлік коғам, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қор, тұтыну кооперативі, діни бірлестіктер, ассоциациялар (одақтар). Келтірілген тізбелермен шектеліп қалуға болмайды,өйткені, ол заң құжаттарымен қосымша толықтырылуы мүмкін.

    Мекеме — құрылтайшысы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін кұрған және қаржыландыратын ұйым ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңның 8-бабы).

    Мекеме екі түрге белінеді: мемлекеттік мекеме және жеке меншік мекеме.

    Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Презвдентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімі бойынша құрылған және тек қана мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады.

    Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі. Мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, билік ету құкығы белгіленген тәртіппен берілген мекемелерді қоспағаңда, мемлекетгік мекеме баска заңды түлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушы) бола алмайды. Мемлекеттік мекемелерде жасалатьш азаматтық-құқыктык. мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.

    Жеке меншік мекеме басқарушылық, әлеуметгік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) мемлекетгік емес заңды түлғалар кұрған, мемлекеттік кұрылымның бөлегі болып табылмайтын ұйым жеке меншік мекеме деп танылады.

    Жеке меншік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару кұқығымен бекітіліп беріледі.

    Мекеме мүліктің меншік иесі бола алмайды, мекемеде ақшалай қаражат жеткіліксіз болған жағдайда олардың міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауап береді.

    Мекемелердің жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайьшың ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді.

    Қоғамдық бірлестікзандарға қайшы келмейтін, ортақ мақсатгарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым. Қоғамдық бірлестіктерге саяси партиялар, кәсіптік одақтар, ерікті коғамдар, шығармашылық одақтар және т.б. жатады.

    Қоғамдық бірлестіктің алдына қойған максаты оның мүшелері табыс табайын деп емес, өздерінің рухани және басқа да қажеттіктерін қанағаттандыру үшін бірігеді.

    Қоғамдық бірлестіктердің құқықтык мәртебесін айқындау қажеттігі Азаматтық кодексте мүліктік қатынастарда олардың қатысуымен және олардың құрылуы мен қызметіне қатысты қатынастарды азаматтық-қүқықтық шекте реттеумен байланыста болады, әрі ол аталған жүйеде шектеулі болуы керек. Қоғамдық бірлестіктердің қүқықтык ережелері сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңымен де айқындалған, олардың нақты түрлерінің қызметі мен кұрылуы арнайы зан құжаттарында тарамдана реттеледі.

    Қоғамдық бірлестіктің мүлкі оньщ меншік кұқығьша жатады. Қоғамдык бірлестіктерге қатысушылардың (мүшелерінің) осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарына құқықтары жоқ. Олар өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бойынша жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер ез мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

    Қоғамдық бірлестік таратылған соң қалған мүлік оның мүшелері арасында бөлініске түспейді, өзінің жарғысында көрсетілген мақсатқа жұмсалады.

    Діни бірлестік— рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде заң актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі.

    Республикадан тыс жерлерде басқару орталықтары бар Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер әділет органдарында тіркелуге жатады. Басқару орталықтарының жарғылары (ережелері) егер олар Қазақстан Республикасының зандарына қайшы келмесе, осындай діни бірлестіктер жарғыларының (ережелерінің) негізінде алынуы мүмкін.

    Діни бірлестіктерге қатысушылардың (мүшелерінің) осы ұйымға өздері берген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарға кұкықтары сақталмайды.

    Қоразаматтар жне (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым. Кордың басты ерекшелігі қорды құрған тұлға оған мүше болмайды және оның ісін басқаруға тікелей араласа алмайды. Сонымен қатар жұбайлық және жақын туыстық байланысы бар адамдар осы қордың штатгағы қызметкері бола алмайды.

    Қорды құрған кезде құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешімімен тұрақты жүмыс істейтін алқалы басқару органы қордың атқарушы органы тағайындайтын қамқоршылық кеңесі құрылады, ол қор қызметінін оның жарғылық мақсаттарына сай келуіне бақылау жасайды, сондай-ақ қордың жарғысында бекітілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Қордың аткарушы органының басшысы мен мүшелері қордың құрылтай құжаттарын, Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының заңын және басқа да заң актілерін бұза отырып ездері қабылдаған шешімдерінің салдарынан келтірілген шығынның орнын бірлесе толтыруға міндетті. Мұндай шешім қабылдаған кезде қарсы дауыс берген, қалыс калған немесе отырысқа қатыспаған адамдар шығыннын, орнын толтыру міндетінен босатылады.

    Кордың некеде тұруымен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен байланыспаған басшысы мен бухгалтері болуға тиіс. Бір адамның екі қызметті қатар істеуіне болмайды.

    Құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ кызмет саласына қарай жеке, корпоративтік, қоғамдық, мемлекеттік қорлар құрылуы мүмкін. Қызмет мақсатгарынақарай әлеуметтік-қайырышылык, мәдепи, білім қорлары және өзге де корлар құрылуы мүмкін ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңның 13-бабы).

    Бір жеке адамның немесе жеке адамдардың — бір отбасы мүшелерінің өзінің (өздерінің) жеке қаражаттары есебінен қүрған коры жеке қор деп танылады. Жеке қор, сондай-ақ жеке адамның нотариалды куәлаңдырылған өсиеті бойынша да қүрылуы мүмкін.

    Жеке қордың мүлкі тұлғадан (құрылтайшыдан) немесе жеке тұлғалардан — бір отбасы мүшелерінен (құрылтайшылардан) бір жолғы және (немесе) түрақты түсетін түсімдер есебінен, өсиет бойынша түскен мүліктен, сондай-ак "Коммерциялык емес ұйымдар туралы" заңның 35-бабында көзделген және жеке кор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа кездерден кұрылады.

    Бір занды тұлғаның немесе бірнеше занды тұлғалардан — қоммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардын. осы үйымдардық құжаттары есебінен қүрған қоры корпоративтік кор деп танылады. Корпаративтік қордың мүлкі бір немесе бірнеше занды тұлғалардан — коммерциялық және (немесе) коммерциялык емес ұйымдардан (құрылтайшылардан) бір жолға және (немесе) тұрақты түсетін түсімдер есебінен, сондай-ақ "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңның 35-бабында көзделген және кооперативтік қор қызметінің максатгарына сай келетін басқа да көздерден құралады.

    Бір отбасының мүшелері болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) занды тұлғалардың қоғамдык, бірлестіктердін. құрған қоры коғамдық қор деп танылады. Қоғамдык. қордың мүжі бір отбасы мүшелерінен аталған кордың бірден-бір қатысушыларынан түсетін түсінер есебінен құрыла алмайды.

    Мемлекеттік органдардың шешімімен құрылған, белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншік иелену, пайдалану және оған билік ету құкығы берілген; қордың мақсатгары мен міндеттерін мемлекетгік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыратын кор мемлекеттік қор деп танылады.

    Қазақстан Республикасының зандарымен белгіленген міндетті төлемдер есебінен қүрылған қорлардың құрылуына, кызметіне, қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты туындайтын катынастар. "Коммерциялық емес ұйыңдар туралы" заңмен реттелетін мәселелер болып табылады.

    Азаматгык кодекстін 107-бабы кор жарғысына міндетті болатын талаптарды қарастырады және өзінің мүлкін пайдалану жөнінде ресми есепті ресми баспа басылымдарында жылсайын жариялауды коғамдық қорға міндеттейді.

    Тұтыну кооперативімүшелік негізде қатысушыларының материалдық және өзге қажетгіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (пайдалық) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Заң актілерінде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне занды түлғалар да кіре алады. Түлыну кооперативінің мүшелері жылсайынғы баланс бекітілгеннен кейін пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу аркылы үш ай ішінде жабуға міндетті. Тұтыну кооперативтерінің мүшелері онын міндет-темелері бойынша кооператив мүшелерінің қосымша жарнасының енгізілмеген бөлігі шегінде ортак, субсидиарлық жауаптылықта болады.

    Кооперативтің тапқан табыстарын оның мүшелері арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.

    Тұтыну кооперативі таратылған немесе кооператив мүшесі одан шыққан жағдайда ол тұтыну кооперативінің мүлкінен өз үлесін өз жарнасына қарай бөліп алуға құқығы. Тұтыну кооперативінің мүшесі қайтыс болған жағдайда, егер кооператпв жарғысында езгеше көзделмесе, оның мұрагерлерінің кооператив мүшелігіне қабылдануға бірінші кезекте кұқығы болады.

    Селолық тұтыну кооперативтері тек өз мүіпелерінің ғана емес, селолық жерде тұратын басқа адамдардың да материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін құрылуы мүмкін. Аталған кооперативтердің басқалай ерекшеліктері арнайы заңмен карала алады.

    Заңды тұлғалардың қауьмдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі. Азаматтық кодекстің 34-бабының 4-тармағына сәйкес занды тұлғалар бірлестіктер құра алады. Егер занды тұлға пайда түсіру үшін бірлестік құратын болса, онда мұндай ; бірлестік коммерциялык ұйым деп аталады және ондай бірлестік шаруашылық серіктестік немесе акционерлік қоғам түрінде ғана құрыла алады. Егер мұндай бірлестікке занды тұлға мәртебесі берілмесе, онда ол консорциум деп аталады (АК-тің - 233-бабы).

    Коммерциялық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметтерін үйлестіру, сондай-ақ ортақ мүмкіндік және өзге де мүдделерді білдіру және қорғау мақсатында өзара шарт бойынша, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар бірлесіп қауымдастықтар (одақ) нысанында бірлестіктер құра алады.

    Коммерциялық емес ұйымдар осы үйымдардың қауымдастықтарына (одақтарына) ерікті түрде біріге алады.

    Қауымдастықтың (одақтың) мүшелері өзінің дербестігін және заңды тұлға қүқықтарын сақтап қалады.

    Коммерциялық емес акционерлік қоғамөзінің кызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кірістері тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға. Коммерциялық емес акционерлік коғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ. Коммерциялық емес акционерлік қоғамньщ құрылтай шарты осы шартқа әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің қол қоюы арқылы жасалады.

    Коммерциялық емес ұйым ретінде қүрылған қоғамның коммерциялық ұйым болып қайта кұрыла алмайтыны сияқты коммерциялық ұйым ретінде құрылған коғам да коммерциялық емес ұйым болып қайта қүрыла алмайды.

    Коммерциялық емес ұйымдар езге де үйымдық-кұкықтык нысанда құрылуы мүмкін. Айталық нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркәсіп палаталары, аудиторлар палаталары, меншік пәтер иелері кооперативтері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық--құқыктық нысанда кұрыла алады, Өзге де ұйымдық-құқыктық нысандардын, құқықтық жағдайының ерекшеліктері заң актілерімен реттеледі.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта