Главная страница
Навигация по странице:

  • Заңды тұлғаның атауы.

  • Заңды тұлғаның тұрған жері.

  • Заңды тұлғаныц филиалдары мен өкілдіктері.

  • Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату

  • Оңалту рәсімдері.

  • Жоспар


    Скачать 390.5 Kb.
    НазваниеЖоспар
    Дата25.05.2022
    Размер390.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаkur_-zandy-tulgalardyn-tusinigi-men-belgileri-48.doc
    ТипДокументы
    #548610
    страница2 из 5
    1   2   3   4   5

    1.2 Заңды тұлғалардың негізгі белгілері, құқық және әрекет қабілеттілігі
    Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматың құқықтары мен міндеттерін тұдыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық қатынастарға, содан тұындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.

    Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу айасы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға кайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң қүжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның қүқық кабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35-бабыньщ 1-тармағына сәйкес занды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерцнялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген кызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтык қүкыққа ие бола алады және азаматтық міндетті де атқарады.

    Заң құжаттарына сәйкес занды түлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы шектеледі.

    Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жарғы мен басқа да қүрылтай құжаттарына енгізіледі әрі олар қызмет аясына сай келетін қүкықтар мен міндеттерді еншілей алады.

    Ал коммерциялық ұйымдар болса, керісінше арнайы құкық қабілеттілігіне жатпайтьш жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мүндай үйымдар заң актілерінде тыйым салынбаған қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы кұқық кабілеттілігі принципінен коммерциялық үйымдардың өзіндік ерекшеліктері де болады. Біріншіден, мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілігі заң құжаттарында карастырылуы мүмкін. Мысалы, мұндай арнайы құқық қабілеттілігіне банкілер, мемлекеттік кәсіпорындар ие.

    Екіншіден, коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттілігі құрылтай құжаттарында көрсегілетіндіктен ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін. Мұндай шектеулер занды тұлғаның айналысатын қызметі түрлері енгізілген тізбе арқылы айқындалады, немесе оның қаңдай да бір түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның құқық кабілеттілігіне болатын мүндай шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының маңызы зор.

    Азаматтық кодекстің 37-бабында айтылғандай, заңды тұлға заң мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматгық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады.

    Заңды тұлғаның органы занды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп, оны жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті занды тұлғаның әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында занды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК-тің 44-бабының 4-тармағы). Бірақ занды тұлға органының жарғыдағы талапты бұзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ мұндай құқық бұзушылықты білсе немесе білуге тиісті болса және оны дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.

    Заңды тұлға органдарының түрі, оларды тағайындау тәртібі немесе тандау және олардың өкілеттілігі заң және құрылтай құжаттары аркылы айқьшдалады.

    Азаматтық кодекстегі 37-баптың жалпы ережесі занды тұлғалардың нақты түрлері туралы нормалармен тәртіптеледі.

    Заңды тұлғаның органдары алқалы немесе жеке дара болуы мүмкін.

    Заңды тұлғаның атауы. Азаматтық кодекстің 38-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның оны басқа занды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Занды тұлғаның атауы оньң құқык субъектісі ретінде дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын занды тұлғаның атауы занды түлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды тұлға өзінің фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық үйымның тіркелуімен бір мезгідде тіркелуге жатады және интеллектуалдық меншікке катысты құқықтың (құқыктың ерекше объектісі ретінде), ерекше объектісі больш табылады (АК-тің 125-бабы).

    Бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға ол атауды меншіктейтін тұлғаның талабымен оны колдануды дереу тоқтатуға және келтірілген залалдын орнын толтыруға міндетті.

    Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін. Занды түлғаның атауы оның құрылтай құжаттарыңда керсетіледі. Азаматтық кодекстің 38-бабы заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын талаптармен коса оған белгілі бір дәрежеде шектеу жасаңды. Айталық, заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетін аттар болса, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімімен сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың шектеу жасаңды. Айталық, заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетін аттар болса, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімімен сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерінен) рұқсат алмаса, ондай есімдерді пайдалануға жол берілмейді.

    Заңды тұлғаның тұрған жері.Заңды тұлғаның тұрған жерііс жүзінде (міндеттемені орындауда азаматтық істерді сотқа беру және т.б. анықтаудада) өте маңызды. Азаматтык кодекстің 39-бабында занды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылатынын және заңдытұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық
    толық мекен-жайы жазылып көрсетілетіндігі қарастырылады.

    Заңды тұлғаныц филиалдары мен өкілдіктері.Азаматтық кодекстің 43-бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан жөне оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады. Ал занды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлғаның мүлкі беріледі жөне оның бекіткен ережелері негізінде жүмыс істейді. Әзгеше нысандағы занды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын заңды тұлға уәкілдік берген орган тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді. Сөйтіп филиалдар мен өкілдіктер басшылары (филиал мен өкілдіктің өзі емес) заңды тұлғаның өкілі ретінде әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік басшысының өкілеттілігі филиалды немесе өкілдік ережесімен емес, оған берілген сенімхат ретінде айқындалады.

    Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының мөмілелері заңды тұлға атынан жасалады және ондай мәмілелерден туындаған міндеттемелік жауапкершілікті мүліктің бәрін өзіне еншілейтін заңды тұлға көтереді. Азаматтық кодекстің 42-бабының 4-тармағына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заң қүжаттарында
    белгіленген тәртіппен тіркеледі және оларды қүрған зандытұлғаның жарғысында көрсетілуге тиіс.

    Филиалдар мен өкілдіктердің кұқықтық ережесінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бірақ, егер филиал занды тұлғаның міңдетінің барлығын не бөлігін, оның ішінде өкілдіктін де міндетін жүзеге асыратын болса, онда өкілдік өзін құрған заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті және оның атынан мәмілелер мен басқа да құқықтык әрекеттер жасай алады.

    Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату,Қайта құру дегеніміз занды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа етуіне байланысты тоқтатылу тәсілі болып табылады. Қайта кұрудың бес түрі бар (АК-тің 45-бабы): косу, біріктіру, белу, бөліп шығару, өзгерту. Заңдарда қайта қүрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта құру заңды түлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай құжаттары бойыншақайта құруға өкілеттігі бар занды тұлғаның органының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бірақ мынадай жәйтті ескеру керек, яғни заңды тұлғаның жекелеген түрлері үшін құжаттарының императивті (бұйрық) нормасы заңды тұлғаның нақты органдарының құзыретіне қатысты келіп, оны қайта құруға байланысты қабылдаған шешімге сәйкес болады. Азаматтық кодекстің 79-бабына сәйкес қатысушылардьщ жалпы жиналысының айрықша қүзыретіне жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы мәселені шешу жатады. Тиісінше занды түлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетгі органның) немесе заң құжаттарымен уәкілдік ететін органның шешімімен, немесе қүрылтай кұжатымен немесе занда қаралған жағдайларда сот органдарының шешімімен жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны қайта қүру жөніндегі шешім әдетте оның жоғары органымен кабылданады. Мысалы, Ресейдің Азаматтық кодексінде заңда қаралған ретте, заңды тұлғаны қайта құру құзыреті мемлекеттік органның келісімімен жүргізіледі. Аталған норма бәрінен бұрын монополияға қарсы заңның ережелерін басшылыққа алады.

    Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін (АК-тің 45-бабының 3-тармағы). Сөйтіп, Азаматтық кодекс заңды түлғаларды ықтиярсыз таратуды сот тәртібімен ғана реттейді.

    Ықтиярсыз тарату тәртібі Азаматтықкодекстің 45-бабының 3-тармағында айқындалған, енді оны сөзбе-сөз келтіре кетелік: «Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, қүрылтайшылар немесе заңды тұлғаның кұрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот занды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бас-тап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған кұжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған занды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады".

    Заңды тұлға, біріктіру нысанасында кайта құрылатын реттерді қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастапқайта құрылған деп есептеледі.

    Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінде біріктірілген заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың біріншісі қайта кұрылған деп есептеледі.

    Азаматтық кодекс (46-бап) заңды тұлғаларды кайта құрған кездегі құқықты мирасқорлықты да қарастырады. Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған занды тұлғаға ауысады. Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген кезде біріктірілген занды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес соңғысына ауысады.

    Занды тұлғаны бөлген кезде оның кұқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады. Занды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше занды тұлғаларды бөліп шығарғанда, бөлу балансына сөйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.

    Өткізу актісі мен бөлу балансына (олардың мазмұны, бекіту) қойылатын талаптар АК-тің 47-бабында қаралған. Оның 1-тармағындағы ереженің маңызы зор, яғни өткізу актісі мен айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушілері мен борыш қорларына катысты, барлық міндеттемелері бойынша соның ішінде тараптар дауласқан міндеттемелер бойынша да кұкықты мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиіс.

    Қайта құрылған занды тұлғаның мүлкі (құқықтары мен міндеттері) жаңадан құрылған занды тұлға тіркелген немесе құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген тұста, егер заң құжаттарында немесе қайта құру туралы шешімде өзгеше көзделмесе, мирасқорына етеді. АК-тің 47-бабында заңды тұлғаларды кайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеуден бас тартуда екі негіз қаралады: олар, атап айтқанда: 1) құрылтай құжаттарымен бірге тиісті өткізу актісінің немесе бөлу балансының тапсырылмауы; 2) оларда

    қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықты мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы; '

    Осы айтылғандардан басқа, тіркеуден бас тарту АК-тің 42-бабының 5-тармағы бойьшша жүзеге асуы мүмкін.

    АК-тің 48-бабында занды түлғаны қайта құру кезінде оның несие берушілері құқықтарының кепілдігі туралы айтылған:

    1. қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы қай-
      та құрылатын заңды тұлғаның несие берушілеріне жазбаша
      түрде хабарлауға міндетті;

    2. бөлінген және бөліп шығарылған кезде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушісі осы занды тұлға борышқоры больш табылатын міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және келтірілген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы;

    3. егер бөлу балансы қайта құрылған занды тұлғаның құқықты мирасқорын анықтауға мүмкіндік бермесе, жаңадан пайда болған занды тұлғалар,
      сондай-ақ құрамынан басқа заңды тұлға бөлініп шыққан
      заңды тұлға қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері
      бойынша оның несие берушілерінің алдында ортақ жауапты
      болады.

    Тарату — заңды тұлғаныц кұқыктарымен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі.Тарату ерікті түрде немесе ықтаярсыз жүргізілуі мүмкін. Заңды тұлғаның мүлкін меніпіктенушінің немесе меншік иесінін уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды түлға органның шешімі бойынша занды тұлға кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін, әрине, бұл жерде әңгіме ерікті түрде тарату туралы болып отыр.

    Ал ықтиярсыз тарату сот шешімімен:

    1. банкрот болған;

    2. заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін
      сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз
      деп танылған;

    3. заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына
      қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;

    4. тиісті рұқсат алынбаған (лицензия) қызметгі, не заң құжаттарына
      тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды
      бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайда;

    5. заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы
      мүмкін.

    Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерін тарату мемлекет уәкілеттік еткен тиісті органның шешімімен, заң құжаттарында қаралған негіздер бойынша жүзеге аса алады.

    Занды тұлғаны тарату оның мүжінің меншік иесінің (уәкілетті органының) немесе занды тұлғаның тиісті органының тағайындаған тарату комиссиясымен жүзеге асырылады, бұл арада әңгіме ерікті тарату туралы болып отыр, ал басқа жағдайларда сот арқылы таратылады. Тарату жөніндегі комиссия тарату кезеңінде заңды тұлғаны басқарады және оның атынан әрекет етеді.

    Тарату комиссиясы болатын тарату жөнінде Әділет органдарына хабарлайды, тарату комиссиясы занды тұлғанын таратылғаны туралы және оның несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ресми баспасөзде жариялаңды. Бұл мерзім тарату туралы хабар жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмауы керек.

    Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру женінде АК-тің 51-бабында айтылған, әрі онда мынадай кезек бойынша жүргізілетіндігі келтірілген:

    1. бірінші кезекте таратылатын заңды тұлға өміріне немесе
      денсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады;

    2. екінші кезекте несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде таратылатын банкроттың мүлкін кепілге салып
      қамтамасыз етілген міндетгемелері жөніндегі талаптары канағаттандырылады;

    3. үшінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін
      адамдардың еңбегіне ақы төлеу және авторлык шарттар бойынша сый ақылар төлеу жөніндегі есеп айырысу жүргізіледі;

    4. төртінші кезекте — бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөнінде берешек өтеледі;

    5. бесінші кезекте — заң қүжаттарына сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айырысылады.

    Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі. Егер несие беруші талап қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі.

    Банкроттық. Занды тұлғаны таратудың жеке жағдайы оны банкрот жариялау болып табылады. Банкрот үғымы АК-тің 52-бабында келтірілген. Оған сәйкес, банкроттық борыш қордың соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Демек, занды тұлғаның банкрот деп танылуы оның дәрменсіздігіне қатысты, яғни борышқордың несие берушілердің талаптарьш өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуге мүмкіншілігінің болмауы. Заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы оның тарауына негіз болады. Дәрменсіздігі заңды тұлғаны таратудағы негізгі мақсат оған несие берушілердін, мүдделерін қамтамасыз ету. Таратьшатын борышқордың мүлкі барлык, несие берушілердің талаптарын канағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда активтер оларға әділ етіп бөлінеді. Азаматтық кодекске сәйкес, жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның банкроттығы болады. Бірақ, мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарға банкротты қолдануға тиісті емес, өйткені, олар несие берушілердің талаптарын орындау үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, олардың міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікті тиісті мүліктің меншік иесі көтереді. Сондықтан да 1997 жылы 21-қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Заңының 2-бабына сәйкес, банкроттык казыналық кәсіпорындар мен мекемелерге жүрмейді. Дәрменсіз борыш қорға банкроттық ресімді қолдануда банкроттық ерікті немесе мәжбүр ету тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.

    Ерікті банкроттық борышқордың еркімен сотқа арыз беруі арқылы сот шешімімен танылады немесе несие берушілердін бақылауына негізделген өтініш пен сотсыз-ақ жүзеге асады. Ал мәжбүрлеу тәртібімен болатын банкроттык несие берушінің, сондай-ақ заң актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес өзге де адамдардың сотқа өтініш беруі немесе "Банкроттық туралы" заң талаптары арқылы мүмкін болады.

    Борышқор Азаматтық кодекске сүйене отырып өзінін, дәрменсіздігіне байланысты банкроттық туралы іс қозғауды сұрап сотқа өтініш бере алады. Борышқор өзін тарату жөнінде сотқа жүгінгенде қоддағы мүлкі бойынша несие берушілердің талабын қанағаттандыра алмайтындышн, яғни дәрменсіз екендігін сотқа беретін өтінішінде баяндауы тиіс.

    Егер борышқор үш ай ішінде өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ете алмаса, онда несие беруші борышкорды банкрот деп тану жөнінде сотқа өтініш жасайды.

    "Банкроттық туралы" ҚР Заңының 35-бабына сәйкес, банкроттық туралы сот мынадай қаулылардың бірін қабылдай алады:

    1) борышқорды банкрот деп тану жөне конкурс жүргізу туралы шешім;

    1. борышқорды банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім;

    3) өтініш жасалған жағдайда оңалту рәсімін қолдану туралы үйғарым;

    4) іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым.

    Оңалту рәсімдері.Банкроттық рәсімдердің мейлінше маңызды рәсімі борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік жасау және оны таратудан аман алып калу болып табылады. Бұл орайда бұған тек борышқордың өзі ғана емес, көп жағдайда несие берушінің өзі, тіпті қоғамнын өзі ынталы болады.

    Борышқорға төлем кабілеттілігін қалпына келтіру мақсаты үшін оңалту рәсімі қолданылуы мүмкін.

    Оңалту рәсімі деп — дәрменсіз борышқорға оны таратылудан сақтап қалу мақсатымен борышқордың төлем қабілетін қалпьша келтіруге бағытталған сот не соттан тыс рәсім арқылы қолданылатын кез келген қайта құрушылық, ұйымдастыру шаруашылық, баскарушылық, инвестициялық, техникалык, қаржы-экономикалық, құқықтық және заңдарға қайшы келмейтін өзге де шараларды айтады.

    Оңалту рәсімі тек коммерциялық ұйымдарға қатысты ғана қолданылады және екі жылдан аспауы керек. Аталған рәсімді қолдануға борышқордың әзі өтініш жасауы мүмкін, және оның мулкінін. иесі (мемлекеттік кәсіпорынға қатысты) немесе несие беруші де сондай құқыққа ие болады. Оңалту рөсімін жүзеге асыру үшін сот кепілімен қамтамасыз еткен талаптардың жал-пы сомасының 50 пайызынан, сондай ақылы несие берушілер талаптарының жалпы сомасының 50 пайызынан асатын болса онда несие берушілердің келісімі қажет. Оналту рәсімі несие берушілердід келісімімен тағайындалған оңалтуды басқарушысы жүзеге асырады. Дөрменсіз борышқорды банкрот деп жариялағанда оны тарату конкурс тәртібімен жүзеге асырылады, сол үшін де конкурстық басқарушы тағайындалады. Банкроттық тарату сот арқылы айқындалады және ол алты айдан аспауы керек.

    Дәрменсіз борышқорды борыштардан босату және банкрот болған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы Азаматтьгқ кодекстің 56-57-баптарында қарастырылған.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта