Главная страница
Навигация по странице:

  • Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.

  • Ұжымдық мүдделерді бекіту

  • Капитал біріктіру

  • Кәсіпкерлік тәуекелді шектеу

  • Капиталды басқару

  • Мүліктік дербестік

  • Дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік принціпі.

  • Азаматтық айналымға жеке өз атынан қатысу

  • Жоспар


    Скачать 390.5 Kb.
    НазваниеЖоспар
    Дата25.05.2022
    Размер390.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаkur_-zandy-tulgalardyn-tusinigi-men-belgileri-48.doc
    ТипДокументы
    #548610
    страница4 из 5
    1   2   3   4   5

    2.2. Заңды тұлғаларды тарату және мемлекеттік тіркеуден шығару



    Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен басқа, Қазақстан Рнспубликасы Президентінің 1995 жылы 17-сәуірде шығарған «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің заңды тұлғаларды мемлекттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі.

    Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызына келетін болсақ, тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі зады тұлғаға заң талабын сақтауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.

    Заңды тұлғаларды қайта тіркеу негіздері Азаматтық кодекстің 42-бабының 6-тармағында келтірілген. Заңды тұлға мынадай жағдайларда:

    1. акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жариялаған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда;

    2. атауы өзгергенде;

    3. шаруашылық серіктестіктеріндегі және жабық акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркеледі. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді.

    1. Шаруашылык серіктестік туралы жалпы ережелер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (катысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады (АК-ның 58-бабының 1-тармағы). Қазақстан Республикасының заңдары 1998 ж. 10-шілдеге дейін шаруашылық серіктестіктердің мынадай 5 түрін көрсетті: толық серіктестік, сенім серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, косымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам. Олардың ішінен біздің республикамызда және әлемде барынша кең таралғандары - жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен акционерлік коғамдар. Дүние жүзінің көптеген елдерінің (мысалы, Ресей Федерациясында, АКШ-та, Англияда) заңдарында акционерлік коғамдар шаруашылық серіктестіктің түрлері болып есептелмейді. Сонымен қатар Ресей Федерациясьшда жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерді серіктестіктерге емес, қоғамдарға жаткызады. Коммерциялық ұйымдарды тұлғалардың (серіктестіктердің) бірлесгіктеріне және капиталдардың (қоғамдардың) бірлестіктеріне бөлу бастапқы бөлу болып табылады. Мұның бірінші санатында тұлғалық жағдай айтарлықтай маңызды болады. Сондықтан жаңа серіктестіктерді қабылдау жалпы жиналыстың келісім беруін талап етеді.

    Екінші санатта тұлғалық жағдайдың айтарлықгай маңызы болмайды. Сондықтан қатысушылар құрамының өзгеруші еш нәрсе шектелмейді және капитал айтарлықтай еркі ауысатын болады.

    "Акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерге өзгертулерге мен толықтырулар еңгізу туралы"_ Қазақстан Республикасыньщ 1998 ж. 10 шешімдері заңы акционерлік коғамдарды серіктестіктердің қатарьшан шығарып оларға коммерциялық ұйымның дербес түрлерін берді. Тиісінше, АК-ның 2-тарауының 2-параграфыньщ "Шаруашылык серіктестік" деп аталатын II бөлігінің "Жалпы ережелерінің" 1-бөлім тармақшасы осы уақыттан бастап акционерлік қоғамдарға таралмайды. Осыған қарамастан, шаруашылык серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың кұқыктық жаратылысында айырмашылықтардан көрі ортақ нәрселер әлдекайда көп болады. Шаруашылык серіктестіктер туралы заңдардың жалпы бөлімінде нормалардың негізгі бөлік акционерлік қоғамның құқықтык режиміне барынша сай келеді.

    Сондықтан акционерлік қоғамды "Шаруашылық серіктестік" ұғымының ауқымынан шығару қисынсыз, және шетелдік заңдарды көшірудің жеткіліксіз дәлелі болады. Ағылшын - американ жүйесі елдеріндегі компаниялардың (акционерлік қогамдардың) құқықтары заңды тұлғаның мәртебесін алуы арқылы серіктестіктерден өзгешеленіп тұрады. Сондықтан оларда акционерлік қоғамды серіктестіктерден ажыратудың Қазақстанда кездеспейтін маңызды негізі бар.

    Шаруашылық серіктестіктің мүлкі оның дербес балансында көрсетіледі. Баланста көрсетілген заттар шаруашылық серіктестігіне меншік құқығында тиесілі болады. Олардың құқықтық режимі АК-ның екі бөлігінде баянды етілген. Баланста көрсетілген қалған активтер мүліктік құқықтар болғандықтан серіктестікке меншік құқығында тиесілі болмаса да, шаруашылык серіктестік мүлкінің құрамъна кіреді. Меншік иелері мен олардың мүлкі айкын жіктеу заңгерлердің маңызды міндеті болып саналады. Даулы жағдайларда мүліктің меншік иесін анықтау қажетболады. Әрбір меншік иесі өз мүлкіне кездейсоқ жойылып кету қаупін сезеді және тек өз борыштары бойынша және тек өз мүлкімен жауап береді. іс жүзінде, өкінішке қарай, бұл қағида қейде бузылып жатады. Мысалы, мемлекет кейде өзі қатысатын коммерциялық ұйымдарды әлде бір іс-әрекеттер жасауға міндеттейтін шешімдер қабылдайды.

    Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда - қатысушылар деп атайды, "Кұрылтайшы" және "қатысушы" ұғымдары жақын болғанымен бірдей ұғымдар емес олар едәуір дәрежеде бірте-бірте танылады. Үлес алуға құқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен сон барлық құрьштайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп танылуға кұкық бермейтіндіктен қатысушылардың барлығы бірдей құрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті қолданғаның атап көрсеткісі келгенде "құрылтайшы" терминін пайдаланады.

    Серіктестіктің жарғылық капиталының барлық үлесін бір адам сатып алатын жағдайда жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестікті бір адам құруы мүмкін немесе олар бір адамнан тұруы мүмкін (ЖШС туралы заңның 1-бабынын, 3-тармағы, 2- бабының 1- тармағының 1-бөлігі Шаруашьшық серіктестіктер туралы жарлықтың 3-бабының 5 тармағы), Алайда бұл жағдайда да мүліктің меншік иесі бір ғана қатысушы емес, серіктестіктің өзі болуға тиіс. Толық және сенім серіктестіктерінде қатысушылардың саны екеуден кем болмауы тиіс. (АК-ның 71 - бабының 1-тармағы, 72-бабының 1 және 4-тармақтары, 76-бабының 1- тармағы. Шаруашылық серіктестіктер туралы жарлықтың 3-бабының 3-тармағы, 36-бабы). Жалпы ереже бойынша жеке тұлға заңды тұлға және мемлекет шаруашылык серіктестіктін қатысушысы бола алады. Мұнда заң бойьшша кейбір шектеулер койылған. Азаматтар ғана толық серіктестіктердің қатысушьшары және сенім серіктестігінің толык серіктері бола алады (АК-ның 58- бабының 3-тармағы). Бұл шаруашьшық серіктестіктердің осы түрлерінің ерекшелігі болып табылатын олардың толық жауапкершілігі қажеттігіне байланысты. Шаруашылық серіктестік заң құжаттарында көзделген жағдайлардан басқа реттерде, өзге шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшылары бола алады. Мысалы, ЖШС туралы заңның 10-бабының 1-тармағы "жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бір ғана қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашлылық серіктестігі бола алмайды»деп белгіленеді.

    Шаруашылық cepіктестігі құрылтай құжаттары - құрылтай шарты және жарғы. Егер серіктестікті бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды да мұндай серіктестік жарғының және заңды тұлғаны кұру жөніндегі жазбаша түрде рәсімделген шешімде негізінде әрекет етеді (АК-ның 41 -бабыньң 1-тармағының 1-бөлімі). Акционерлердің саны жүз және одан да асатын акционерлік қоғамды шаруашылық серіктестікке айналдыратын жағдайда да құрылтай шарты жасалмайды. Акционерлік қоғамнан өсіп шыкқан серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне құқығын дәлелдейтін құжат шаруашылық серіктестік қатысушьшарьшың тізімінен алынған көшірме болын табылады (АК-ньщ 58-бабьшың 9-тармағы).

    Шаруашылық серіктестіктің кұрылтай құжаттарын нотариат күәландыруға тиіс (АК-ның 58-бабының 4 «оне 5-тармактары). Занды тұлғаларға арналған АК-ның 41-бабыньщ 4 және 5-тармақтарында аталған мәліметтерден басқа шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарында әрбір қатысушы үлесінің мөлшері туралы; олардың серіктестіктің жарғылық капиталына салатын салымдарарының мөлшері, құрамы, мерзімі және тәртібі туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салу жөніндегі міндеттемелерін бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуы тиіс (АК-ның 58-бабының 6-тармағы).

    Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар туатын жағдайда

    • егер олар кұрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартыньң

    • егер олардың қолданылуы занды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастарында маңызы болса жарғының ережелері қолданылуы тиіс (АК-ның 41-бабының 6-тармағы).

    Жарғылық капиталға салым салу. Қатысушының үлесі. Шаруашылық серіктестіктің бастапқы мүлкі кұрылтайшылардың салымдарынан қолданылатын жарғылық капиталдан тұрады. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, интеллектуалдық қызметінің нәтижелерінде құқықты қоса алғанда, мүлікті кұкықтар және өзге де мүлік жарғылық капиталға салатын салым бола алады. Кұрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай немесе мүліктік құқықтар түрінде салатын салымдары барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестіктің барлық қатысушьшарының жалпы жиналысының шешіммен акциямен бағаланады. Егер мұнадй салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерде тек сомадан асатын болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауға тиіс. Шаруашылық серіктестік қайта тіркеуде оның қатысушысының ақшалай саламын серіктестіктің бухгалтерлік құжаттары не аудиторлық қорытынды растай алады. Жалпы ереже бойынша заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша өзі жауап береді. Алайда шаруашылық серіктестіктер үшін бұл ережеден ерекшеліктер бар. Мысалы, серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берілген кезден бастап бес жыл бойы серіктестіктің несие берушілері алдыңда салым бағасы арттырылған сома шегінде бірлесіп жауап береді. (АК-ның 59-бабының 1-тармағының 1-4 белгілері).

    Салым ретінде мүліктің құқығы мысалы, мүлікті пайдалну құқығы бірігуі мүмкін. Мұндай салымның көлемі құрылтай құжаттарында көрсетілген бойы мерзім үшін есептелген осындай мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін ақымен анықталады. Салымдарды мүліктік емес өзіндік құқық және өзге де материалдық емес түрінде сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талапртарын есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді (АК-ның 59-бабы). Соңғы ереже айтарлықтай пікір-талас туғызады және мамандар арасында оның жақтастары да қарсыластары да жетілікті. Жарғылық капиталға салым салудың тәртібі мен мерзімі сондай-ақ жарғылық капиталды құру жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілікке заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында белгіленеді (АК-59-бабының 3-тармағы).

    Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе жарғылық капитальдағы барлық қатысушылардың үлестері және тиісінше олардың шаруашылық серіптестік мүлкінің құныңдағы үлестері жарығылық капиталдағы салымдарына барабар болады. Алайда құрылтайшылар құралтай құжаттарыдна өзгеше мақсатты көздеуі мүмкін. Шаруашылық серіптестікке қатусышы серіптестік мүлкідегі өз үлесін егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе салып қоюға және сатуға құқылы (АК-ның 59-бабының 2-тармағы).

    Жарғылық капиталды өзгерту – іскерлік тәжірибиеде жиі кездесетін әдеттегі іс және ол әрбір серіктестікте дерлік байқалады. Жарғылық капиталды арттыру коммерциялық ұйымның қызметшілері игі сәт болып табылады, несие берушілердің мүдделеріне нұқсан келтірмейді. Сондықта оның құқықтық реттелуі айтарлықтай шартты реттеуші сипатта болады. Ал жарғылық капиталды азайту қажетсіз шара болып саналады. Ол ең алдымен серіктестікке несие брушелердің мүдделеріне жағымсыз әсер етеді. Сондықтан шаруашылық серіктестік жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушілеріне хабарланғаннан кейін жол беріледі. Олар бұл жағдай да серіктестікте мерзімнен бұрын тоқтатылуын немесе тиісті міндеттемелерін орындауын және оның зиянды өтеуіш талап етуге құқылы (АК –ның 59-бабының 4-тармағы).

    Серіктестікті басқаруды жоғары және атқарушы орган жүзеге асырады. Іс жүзінде кейде заңды тұлғалардың құратын органдарын арнайы рұқсатсыз белгілі бір топрқа жатқызу едәуір қиындық туғызады. Мысалы, бақыдау кеңесін жене өзгеде бақылау органдарын атқару органдарына жатқызу жөніндегі мәселе азаматтық құқық ғылымындағы айтарлықтай даулы мәселе болып келеді. Алайда заң шығарушылар қазіргі уақытта осы устанымға бейім. әдітте құралтайшылар атқарушы органдарды олардың түрлерін құзіретімен қызмет тәртібін өз қалауы бойынша анықтайды. Жоғары орган міндетті түрде құрылады. Оның мәртебесі заң актілерімен белгіленген.

    Шаруашылық серіктестіктесрі қатысушылардың жалпы жиналысы серіктестік тің жоғары органы болып табылады. Бір тұлға құрған шаруашылық серіктестіктерде жалпы жиналдсытың өкілетті оның бірден-бір қатусышысына тиісті болады (АК-ның 60-бабының 1-тармғы).

    Шаруашылық серіктестіктестігі оның қызметіне басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына есеп беріп отыратын атқарушы орган құрылады. Басқару органдарының мүшелері оның қатысшыларын арасынан сайланбауы мүмкін серіктестіктің алқалы органдары ретінде басқарма және бақылау кеңесі құрылуы мүмкін. Заң актілерінде немесе шаруашылык серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысынң шеңберінде көзделген жағдайларда бсқа да алқалық атқарушы органдар құрылуы мүмкін (АК-ның 60-бабының 2-тармағы). Шаруашылық серіктестік органдарының құзыреті оларды сайлау тәртібі, сондай-ақ олардың шешімдер қабылдау тәртібі АК – ға заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленеді. (АК-ның 60-бабының 3-тармағы).

    Шаруашылық серіктестіктердің акциялар шығару құқығы жоқ. Мұны өздеріне белгіленген тәртіп бойынша акционерлік қоғамдар ғана өтей алады. Акционерлік қоғам түріндегі коммерциялық ұйым каприталды барынша морл жинақтай алатындықтан заң акционерлік қоғамдар үшін ғана қаржы есебін жүргізуді көздеген. Алайда, заң актілері мен құрылтай құжаттары бойынша мұндай жағдайлар кәсіпкерлік қызметін кейбір түрлерін жүзеге асыратын жауапкершілік шектеулі және қосымша жауапгершілігі бар серіктестіктер үшін көзделуі мүмкін. Шаруашылық серіктестіктестіктің қызметін мемлекеттік органдар тексере алады. Оларды бұл саладағы құзіреті заң актілері белгілейді. Шаруашылық серіктестіктестігі қаржы есеп – қисаьының дұрыстығына көз жеткізу үшін серіктестіктің немесе оның қатысушыларының мүдделерімен байланысы жоқ кәсіби аудиторды шақыра алады. Шаруашылық серіктестік аудиторлық тексеру серіптестіктің бір немесе бірнеше қатысушынығ талап ету бойынша соның есебінен кез-келген уақытта жүргізушіге тиіс. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне аудиторлық тексеру жүргізу тәртібі заңдармен және

    серіктестіктің құрылтай құжаттарымен белгіленеді (АК-60бабының 4-тармағы).

    Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері. Шаруашьлық серіктестікке қатысушылар:

    - құрылтай кұжаттарында белгіленген тәртіппен шаруашылық серіктестіктің істерін басқаруға катысуға;

    • шаруашылық серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен оның құжаттамаларымен танысуға;

    • таза табысты бөлісуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай кұжаттарының бір немесе бірнеше қатысушыны пайданы бөлісуге қатысудан шеттетуді көздейтін ережелері жарамсыз болып табылады;

    • Шаруашылық серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін калған серіктестік мүлкідегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құяын алуға құкығы бар.

    Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың заң кұжаттарында және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін (АК-ның 61-бабының 1-тармағы), Шаруашылық серіктестікке қатысушылар:

    • кұрылтай кұжаттарының талалтарын сақтауға;

    • салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп, мөлшер, әдістер және мерзімдер бойынша салып отыруға;

    • шарушіылық серіктестік коммерциялық кұпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

    Шаруашылық серіктестіктің құрылтайшылары құрылтай құжаттарында көзделген баска да міндеттерді атқаруы мүмкін (АК-ның 61-бабының 2-тармағы).

    Серіктестіктерді қайта құру және тарату. Шаруашылық серіктестік оның қатысушьшарының шешімімен ерікті түрде қайта кұрылуы немесе таратылуы мүмкін. Оларды кайта құру мен таратудың өзге негіздері АҚ шаруашылық серіктестік туралы жарлық, ЖШС туралы заң және басқа заң құжаттары анықтайды. Мысалы, несие берушілерге жарғылық қағаздарын азайту туралы хабарламау шаруашылық серіктестіктер үшін осындай негіз болып табылады (АК-ның 59-бабының 4-тармағы).

    Шаруашылық серіктестіктер заң кұжаттарында белгіленген реттер мен тәртіп бойьшша катысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шаруашылық серіктестіктің бір түрінен екінші туріне акционерлік қоғамдар немесе өңдірістік кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкін. Толық серіктестік немесе сенім серіктестік, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестік болып қайта құрылған жағдайда акционерлік қоғамның жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушысы болған әрбір толық серіктестік толық серіктестіктен немесе сенім серіктестігінен акционерлік қоғамға, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке көшкен міндеттемелер бойынша екі жыл бойы өзінің барлық мүлкімен субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы толық серіктестіктің өзіне тиісті акцияларды (үлестерді) иеліктен шығаруы оны мұндай жауаптылықтан босатпайды (АК-ның 62-бабы).

    2. Толық серіктестік. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиісті барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады (АК-ның 63-бабының 1-тармағы).

    Қатысушылары жауапкершілігінің ерекшелігіне байланысты КР-дың кәсіпкерлік практикасында толық серіктестіктер кең қолданыс таппаған. Сонымен бірге, көптеген батыс еддерінде сауда серіктестік немесе клиентті таңдауда толық серіктестікке басымдық беріледі. Несие берушілерге жоғары кепілдік сақтау мақсатында азамат бір ғана толык серіктестіктің қатысушысы болa алады (АК-ның 63-бабының 2-тармағы).

    Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді бірақ ол катысушылардың жарғылық капиталға салымдарын салатын кезде Қазакстан Республикасында заң жүзінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 мөлшерінен кем болмауы тиіс (шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың 13-бабының 1-тармағы). Толық серіктестіктің ең жоғары органы - қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестіктің ғана мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады. Серіктестіктің құрылтай шартында қатысушылардың кепілдік даусымен шешім кабылданатын реттер көзделуі мүмкін. Егер кұрылтай шартында оның қатысушыларының санын анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серіктестіктің әрбір қатысушысының бір дауысы болады. Құрылтай шартында катысушылар алатын дауыс санын олардың жарғылық капиталдағы үлесіне сай белгіленетін көзделуі мүмкін. Толық серіктестікті басқаруды осы серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері құрылу тәртібі және олардың құзіреті құрылтай кұжаттарында белгіленеді. Серіктестіктің ісін жүргізу тапсырылған толық серіктестіктің органдары барлық қатысушыларға олардың талап етуі бойынша өз қызметі туралы толық ақпарат беріп отыруға міндетті (АК-ның бабының 1. 2, 4-тармактары).

    Серіктестіктің қалған түрлерініен өзгеше толық серіктестігіне тұлғаның жағдай барынша маңызды болады. Бұл серіктестіктердің толық жеке жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан серіктестікке қатысушының өз үлесін (үлесінің бір бөлігі) оның басқа қатысушыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана беруші болады. Үлес (үлестің, бір) үлесін жаққа берілген жағдайда сонымен бірге толық серіктестіктен шыққан қатысушылары тиісті құқықтар мен міндеттердің бөлік жиьштығы соған ауысады. Толық серіктестіктің қатысушысы қайтыс болған ретте қалған барлық қатысушылардың келісуімен құқықты мирасқор (мұрагер) серіктестікке ере алады. Құқық мирасқор (мұрагер) қатысушының толық серіктестік алдындағы борыштары бойынша, сондай-ақ серіктестіктің өтеуші жақтары алдындағы бүкіл серіктестік қызметі кезінде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады. Құқық мирасқор (мұрагер) толық серіктестікке кіруден бас тартқан немесе құқық мираскорды (мұрагерді) қабылдаудан серіктестік бас тартқан жағдайда оған қатысушы қайтыс болған күні белгіленген серіктестік мүлігіндегі үлестің құқығы мирасқорлық негізінде өзіне тиісті құны төленеді. Бұл реттерде тиісінше құрылтай құжаттарында (жарғысында) көзделген мерзімде құрылтай шартында аталған серіктестік мүлкінің мөлшері азайтылады, бірақ ол үш айдан кешіктірілмеуге тиіс (АК-ның 66-бабы)! Толық серіктестіктің қатысушысы серіктестікпен кез келген уақытта шыға алады, ол бұл жөнінде қалға қатысушыларға іс жүзінде шығатын мерзімінен кемінде 6 ай бұрын ескертіледі. Бес жылға дейінгі мерзімге кұрылған толық серіктестіктен мерзімінен бұрын бас тартуға дәлелді себептер болғанда ғана жол беріледі. Толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында қатысушылардың серіктестіктен шығуы туралы өтініш беруінің өзгеше мерзімі көзделуі мүмкін.

    Серіктестіктің қатысушылары арасында серіктестіктен шығу құқығынан бас тартуға келісім жасау жарамсыз деп танылады. (Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың 16-бабы).

    Толық серіктестікке қатысушылар, қалатын қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойьшша және оған дәлелді себептер болған жағдайда атап айтқанда оның (олардың) өз міндеттерін дөрекі бұзуы немесе іс жүргізу қабілетсіздігі байқалған жағдайда қатысушылардың біреуін немесе бірнешеуін серіктестіктен сот тәртібімен шығаруды талап етуге құқылы. Толық серіктестіктен шығарылған қатысушыға шығатьш көздеп балансқа сәйкес салған салымына қарай оның серіктес мүлкіндегі үлесінің құны төленеді (АК-ның 68-бабы).

    Толық серіктестікке қатысушының жеке борыштары пайда болуы мүмкін. Қатысушының толық серіктестіктің жеке борыштары бойынша өз үлесін өңдіріп алуға өтініш жасауына борыштарды өтеу үшін оның басқа мүліктері жеткіліксіз болған жағдайда ғана жол беріледі. Мұндай қатысушының несие берушілері толық серіктестіктен серіктестік мүлкінен ақы өңдіріп алу мақсатымен борышқордың жарғылық капиталдағы үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін бөліп беруді талап етуге құқылы. Серіктестік мүлкінің бөліп берушіге жататын болуы немесе оның құны несие берушілердің бөліп беру туралы талаптары қойылған кезде жасалған баланс бойынша анықталады. Қатысушының толық серіктестік мүлкіндегі үлесінен ақы өндіріп алу оның серіктестікке қатысуын тоқтатады (АК-ың 69-бабы). Толық серіктестіктің заңды тұлғалардың басқа түрлерінен мәнді айырмашылықтары бар. Тарихи тұрғыдан қарағанда занды тұлғалар жеке тұлға кәсіпкердің кәсіпкерлік тәуекелде тұрған мүлкінің өзге мүліктен айыруға мүмкіндік беретін құықтық нысан ретінде пайда болған. Серіктестіктің біз қарастырып отырған нысанында жағдай өзгеше. Егер толық серіктестік таратылған жағдайда оның барлық борыштарын өтеу үшін нақтылы мүлік жетпейтін болса, серіктестік үшін жетпейтін бөлік жөнінен оған қатысушылар ортақ жауапкершіліктің өздерінің заң құжаттарына сәйкес ақы өңдіріп алатын барлық мүлкімен өз мойнына алады. Толық серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің борышы бойынша егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе оған өзі ерігінен кейін немесе дейін пайда болғанына қарамастан жауап береді. Алайда заң құжаттарында бұл ережеден ауысушылық та көзделген. Серіктестік мүлкіндегі өз үлесінен астам бөлігіндегі толық серіктестіктің борыштарын өтеген қатысушы өзінің алдында серіктестік мүлкіндегі өз үлесінің мөлшеріне тең үлестің жауапкершілігін мойнына алатын өзге де қатысушыларға тиісті бөлігінде кері талап қоюға құқылы (АК-ның 70-бабының 1,2-тармақтары).

    Толық серіктестіктен өз қалауымен шыққан немесе серіктестіктен соттың шешімі бойынша шығарылған қатысушы сондай-ақ қайтыс болған қатысушының серіктестікке кіруден бас тартқан құқық мирасқоры серіктестіктен өздері шыққан кезге дейін пайда болған серіктестік міндеттемелері бойынша серіктестіктің өздері серіктестіктен шыққан жыл ішіндегі серіктестік қызметі туралы есеп бекілген күннен бастап екі жыл бойы жауап береді. өз үлесін бір қатысушыға немесе үшінші жаққа беру арқылы серіктестік мүлкіндегі өз үлесінен несие беруші (несие берушілер) ақы өндіріп алу арқылы шыққан қатысушы сондай-ақ қайтыс болған қатысушының серіктестікке қабылдаудан

    қалған қатысушылар бас тартқан құқық мирасқоры (мұрагері) серіктестік міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Толық серіктестікті таратылғаннан кейін қатысушылар серіктестік тоқтатылған күннен бастап екі жыл бойы ол тоқтатылған кезге дейін пайда болған серіктестік міндеттемелері бойьшша жауапты болады. Толық серіктестіктің осы пайда көзделген міндеттемелері бойынша өздерінің жауапкершілік тәртібін өзгертетін қатысушылардың келісімі жарамсыз болып табылады (АК-ның 70-бабының 3-6-тармақтары).

    Занды тұлғаны таратудың жалпы негіздерінен басқа серіктестікте жалғыз қатысушы қалып, ол 6 ай ішінде серіктестікті қайта құрамаса немесе жаңа қатысушылар қабылдамаған жағдайда да толық серіктестік таратылады. Толық серіктестікке қатысушылардың жеке жауапкершілігін ерекшеліктеріне байланысты тұлғалық фактор төтенше маңызды болады. Бір-біріне деген жеке сеніміне сүйеніп серіктестік іскерлік қасиеттері мен материалдық мүмкшдіктеріне үміт арта отырып толық іскерлік қызметпен айналысады. Сондықтан жалпы ереже бойынша, қатысушылар геруі серіктестіктің тоқгатылуьша әкеп соғады. Алайда қатысушылар өз өмір сүрүші тұрақтандыра алады. Толық серіктестікке қатысушылардың қайсы біреуі лесе кайтыс болған жағдайда олардың бірі хабар ошарсыз кетті, әрекет қабілеттігі қабілеттігі шектеулі не банкнот деп танылған немесе несие беруші бір қатысушы жарлық капиталдың оның үлесіне сәйкес келетін мүлікпен ақы өндіріп алған реттерде егер ол серіктестіктің құрылтай кұжаттарында көзделсе немесе қалған қатысушылар келісетін болса серіктестік өз қызметін жалғастыра береді. Егер катысушылардьщ бірі осы аталған негіздер бойынша серіктестіктен шығып кетсе, серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзге де қатысушылардың үлестері егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзднлмесе олардың олардың салымдарына. Сонымен бірге құрылтай құжаттарында өзге ереже де көзделуі мүмкін (АК-ның 71-бабы).

    3. Сенім (коммандиттік) серіктестік. Сенім серіктестік -ұйымының көмегімен бизнес жүргізу қазақстандық сондай-ақ дүниежүзілік тәжірибеде айтарлыктай сирек кездесетін құбылыс. Алайда мұндай белгілі бір жағдайларда өзіндік артықшылықтары болатындықтан, заң шығарушылар оны кәсіпкерлік таңдаудың мүмкіндіктерін ұлғайту үшін ұсынады. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (тольіқ серіктестіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен катар серіктестіктің (салымшьшардың) мүлігіне өздері салған салымдардың иектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да еңгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп таньшады (АК-ның 72 бабының 1-тармағы). Толық және сенім серіктестіктерінің қызметі мен құкықтык мәртебесінде көптеген ұксастықтар бар. Сондықтан, сенім серіктестігіне АК-ның және шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың қағидалары қолданылады.

    «Коммандит» термині латынның deponere - сактау, сактауға сеніп тапсыру - деген сөзіне сай кеелтін commandare сөзінен шыққан, бүл коммандитшілер мен серіктестердің өзара қарым-қатиынасының мәнін көрсетеді. Маман кәсіпкерлер болмағандықтан және өзара салымына ғана тәуекел ететін коммандитшілер (салымшылар) серіктестіктің істеріне және оны баскаруға қатыспайды. Олар табыс алу және серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алу кұқығын ғана сактайды. Соңдықтан серіктестіктің мүліктерін пайдалану мәселелерінде олар толық серіктестерге сенуге, оларға сенім тапсыруға мәжбүр болады. Сол себепті, Ресей Федерациясында коммандиттік серіктестіктерді сенімге негізделген серіктестік деп атайды.

    Сенім серіктестіктің жарғылық капиталы толық серіктер мен салымшылардың салымдарынан құралады жәнеқатысушылардың жарғылық капиталға сальм салуы кезінде Қазақстан Республикасында заң жүзінде белгіленген 50 айлық есеппен көрсеткіш мөлшерден кем болмауы тиіс. Салымшылардың жарғылық капиталдағы үлесінің жиынтық мөлшері 50 пайыздан аспауы керек. Мұнда сенім серіктестіктің кұрылтай құжаттарында салымшылардың толық серіктердің салымдарын (салымдарьшың бір бөлігін төлеужөніндегі міндеттері көзделуі мүмкін. (Шаруашылық серіктестіктер туралы жарлыктың 28-бабының 1, 2 -тармактары).

    Жарғылы капитал салымшылардың салған салымдарын есептемегенде, толық серіктестердің сенім серіктестігі мүлкіндегі үлесін анықтайды. Шаруашылык кызметі барысында жарғылық капитал өзгеруі мүмкін. Сенім серіктестіктің жарғылық капиталын азайтуда оның барлық несие берушілеріне хабарлағаннан кейін жол беріледі. Несие берушілер бұл ретте тиісті міндетгемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздері шеккен залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы. Аталған тәртіпті бұза отырып жарғылық капиталды азайту мүдделі адамдардың арызы бойынша соттың шешімімен сенім серіктестігін таратуға негіз болады (АК-ның 74-бабьшьщ 1, 3- тармақтары лігіне қатысатын толық серіктердін құқықтық ережесі және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілілік толық серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді. Толық сенім өзінің жеке мүлігімен қосымша жауапкершілік атқаратындықтан заң шығарушылар мұндай жағдайда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ететін бірқатар ережелерді белгілейді. Азамат бір ғана сенім серіктестігінің толық серіктесі бола алады. Сенім серіктестігіндегі толық серіктес толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды (АК-ның 72-бабының 3-тармағы).

    Толық серіктестік өзгеше, салымшьшың жауапкершілігі шектелген: ол өзі салған салымның мөлшерінде ғана жауап береді (АК-ның 72-бабының 1-тармағы). Сенім серіктестіктің салымшысы бастапқы және қосымша жарналарын салады. Жарналардың мөлшерін салу әдістері мен тәргібін құрылтай құжаттары белгіленеді. Кұрылтай құжаттарының мазмұнына қарамастан салымшының мынадай құқтары бар.

    1) кұрылтай құжаттарында көзделген тәртіпден серіктестік таза табысының жарғылық тиісті үлесін алу;

    2) серіктестіктің каржылық есебімен танысу сондай-ақ оның дұрыс жасалуын тексеру мүмкіндігін камтамасыз етугe талап ету;

    3) жарғылық капиталдағы өз үлесін немесе оның бір бөлігін заң құжаттарында және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойьшша басқа салымшыға немесе үшінші жаққа беруге құқығы бар. Салымшышының өз үлесін басқа біреуге түгелдей беруі оның серіктестікке қатысуын тоқтатады;

    4) серіктестіктен шығу,

    Салымшыларға арналған осы кұқықтардан бас тарту немесе оларды шектесу, оның ішінде салымшылар мен толық серіктестердің келуі бойынша шектеу жарамсыз болады. Сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарында салымшының өзге де құқықтары көзделуі мүмкін. Мысалы, салымшының мәміле жасау өкілетті болуы мүмкін. Оның үстіне егер салымшы сенім серіктестігінің мүдделерін көздеуі тиісті өкілеттсіз мәміле жасаса, оның әрекеттерін серіктестік мақұлдаған жағдайда мәміле бойыеша несие берушілердің алдында толық көлемде жауап береді. Егер ол мақұлданбаса салымшы үшінші жактың алдында заңдар бойынша өзінің ақы өңдіріп алынатын бүкіл мүлкімен жеке жеке жауап береді (АҚ-ның 73-бабы). іеріктестігінің ісін басқаруды толық серіктестіктер жүзеге асырады. Сенім серіктесігінің толық серіктердің басқару және жүргізу тәртібін олар толық серіктестік туралы ережелер бойынша белігілейді. Салымшылардың сенім серіктестік ісін басқаруға катысуға сондай-ақ сенім хат бойынша болмаса, оның атынан әрекет жасауға кұкығы жоқ. Сенім серіктестігі салымшыларының серіктестік сін басқару жөнінде толық серіктестердін әрекеттеріне дау жасауға кұкығы жоқ (АК-ньщ 75-бабы).

    Сенім серіктестігі оған қатысушы барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады. Толық серіктестер сенім серіктестігін таратудың орнына оны толық серіктестік етіп қайта кұруға құқылы. Сенім серіктестік толық серіктестікті тарату үшін көзделген негіздер бойьшша да таратылады, Салымшылар сенім серіктестігі таратылған кезде оның несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған серіктестік мүлкімен салымдарды алуға толық серіктестер алдында артықшылық құқығы болады. Сенім серіктестігінің бұдан кейінгі қалған мүлкі толық серіктестер мен салымшылар арасында егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртіп белгіленбесе, олардың үлесіне қосқан үлесіне қарай бөлінеді (АК-ның 76-бабы).

    4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік шаруашылық серіктестіктердің ең көп таралған нысаны болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі с еріктестік бірлескен кәсіпорындардың бірі болып саналады. Корпорация дегеніміз - бұл оның қу-рушылары осымен бір мезгідде бірлесе және зандық

    негізде әрекеп ететін қатысушылар болып табылатын өзін-өзі ұйымдастырған заңды тұлға.

    Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін АК және ЖШС туралы заң реттейді бір немесе бірнеше адам құрған жарғылық капиталы кұрылтай кұжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан былай - ЖШС) деп танылады;

    жауайкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушышар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Осы ережеден өзгеше жағдайлар АК-да және заң актілерінде көзделуі мүмкін (АК-77-бабының 1 -тармағының 1-тармақшасы). Мұнда әңпіме негізінен алғанда серіктестіктің әрекеттері үшін катысушылардың (құрылтайшылардың) жауапкершілігі жөнінде болып отыр (мысалы, караңыз АК- ның – 44 –б абының, 3-тармағы және 59-бабының 1-тармағының 4-бөлімі). "Жауапкершілігі шекетулі серіктестіктің салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым салмаған бөлімінің құны ортақ жауапты болады" (АК-ньщ 77-бабының 1-тармағының 2-бөлім) деген ереже осыған жақын келеді.

    ЖШС катысушыларының саны шектелмейді (АК-ның 77-бабының 2-тармағьшың 1-тармакшасы), Алайда бұл үнемі осылай болған емес. Алғашында ЖШС қатысушыларының саны 30-дан, кейін 50-ден, одан кейім - 100-ден аспауы тиіс деген шектеулер қойылды.

    Жарғылық капиталдың мөлшерін құрылтайшьшар (қатысушылар) анықтайды және ол серіктестікгі мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар тапсыру кезіндегі 100 айлық есептің көрсеткішке тең сомадан кем болмауы тиіс (ЖШС туралы заңның 23-бабыньщ 2-тармағы). ЖШС-ның жарғылық

    капиталының көздеуші маңызы бар. ЖШС-ның мәлімдеген жарғылық капиталы іс жүзіндегі ңақты жарғылық капиталдан артық болатын жағдайда серіктестік несие берушілер алдында серіктестіктің борыштары бойынша жарғылық капиталдың өз капиталынан артық сомасында ортақ

    ЖШС туралы заңның 25-бабының 3-тармағы). Егер ЖШС жарғысында өзгеде қатысушылардың жалпы жиналысы серіктестік мүлкіне қатысушылардың қосымша туралы шешімді былай алады. Шешім серіктестіктің барлық қатысушыларының төрттен үш көпшілік дауысымен қабыдданады (АК-ның 81 -бабы).

    ЖШС-ның жоғары органы жалпы жиналыс болып табылады. АК-ның 79-бабына сәйкес бірқатар мәселелерді жалпы жиналыс қана шеше алады.

    Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналыссының айрықша құзіретіне мыналар жатады:

    • серіктестіктің жарғысын өзгерту соның ішінде оның жарғылық капиталы мөлшерін өзгерту;

    • серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкіметтен мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілгі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім кабылдау және осындай беру шарттарын белгілеу;

    • серіктестіктің қаржысының есебін бекіту және оның таза табысын бөлу;

    • серіктестікті кайта құру немесе тарату туралы шешім шығару;

    • серіктестіктің байқау кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясына (тексеруші) сайлау және өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестік тексеру комиссиясының (тексерушінің) есептері мен қорытындыларын бекіту;

    • ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімдерін және серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекіту;

    • серіктестіктің өзге де шаруашылық серіктестіктерге сондай-ақ коммерциялық емес бірлестңктерге қатысуы туралы шешім шығару.

    Серіктестіктің жарғысымен жалпы жиналыстың айрықша құзіретіне басқа мәселелерді шешуі деп жатқызылуы мүмкін. Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылған мәселерді ол серіктестіктің атқарушы органының шешуіне бере алмайды.

    ЖШС-ның жарғылық капиталдағы үлесінің басқа адамға ауысуы. ЖШС-ның қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өз үлесін немесе оның бір бөлігін өз қалауынша осы серіктестіктің бір немесе бірнеше катысушысына сатуға немесе басқы түрде беруге құқылы. Егер серіктестіктің кұрылтай қүжаттарында өзгеше көзделмесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының өз үлесін (оның бір бөлігін) үшінші адамдарға беруіне болады. ЖШС-ға қатысушылар үшінші тұлғалар алдында үлесті немесе оның бір бөлігін сатып алуға артықшылық артықшылық берілген құқықты пайдаланады. Егер құрылтай құжаттарында немесе серіктестік қатысушыларының келісімімен өзгеше көзделмесе, үлесті (оның бір бөлігін) сатып алуға артықшылық берілген құқықты қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталындағы өз үлестерінің мөлшеріне барабар жүзеге асырады.

    Үлес (оның бір бөлігі) сатып алуға артықшылық берілген құқық бұзуына отырып сатылған кезде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кез келген қатысушысы сатылған күннен бастап үш ай ішінде өзіне сатып алушының құқтары мен міндеттерін аударуды сот тәртібімен талап етуге кұқылы.

    Егер жауапкерішілігі шектеулі серіктестіктің кұрылтай кұжаттарына сәйкес қатысушының үлесін (оның бір бөлігін) үшінші жақтарға беру мүмкін болмаса, ал серіктестіктің басқа қатысушылары оны сатып алудан бас тартса, серіктестік қатысушыға оның нақты құнын төлеуге не оған сондай құнға сәйкес заттай мүлік беруте міндетті (АК-ның 80-бабының 1-З тармақтары).

    Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушысының үлесі оны толық төлеп болғанға дейін оынң төленген бөлігі мөлшерінде ғана болып берілуі мүмкін. Қатысушының үлесін (оның бір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзі сатьш алған ретте ол не басқа қатысушыларға немесе үшінші жаққа заң құжаттарымен серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген мерзім мен тәртіп бойьшша сатуға не өзінің жарғылық капиталын азайтуға міндетті. Осы кезең ішінде түскен таза табысты бөл, сондай-ақ жоғары органда дауыс беру жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сатып алған үлесі есептелмей жүргізіледі (АК-ның 80-бабьшың 4-5 тармақгары).

    Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында мұндай ауысуға тек серіктестіктің қалған қатысушыларының келісімімен ғана рұқсат етілетіндігі көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлес серіктестіктің қатысушысы болған азаматтардың мұрагерлеріне және занды тұлғалардың құқығы мирасқорларына ауысады, Үлестің ауысуына келісім беруден бас тарту серіктестік қатысушының мұрагерлеріне (мираскорларына) заң құжаттары мен серіктестіктің құрылтай кұжаттарында көзделген тәртіп пен жағдайлар бойынша үлестің нақты құнын төлеуге немесе оларға кұны сондай заттай мүлік беру міндетіне әкеліп соқтырады. Заң актілерінде үлестің заңды тұлғалардың құқықтың мұрагерлеріне ауысу ерекшеліктері көзделуі мүмкін (АК-80бабының 6-тармағы).

    Жаупкершілігі шекгеулі серіктестіктің қатысушысы заң акгілерінде немесе құрылтай кұжаттарында белгіленген серіптестік алдындағы өз міндеттерін бұзған жағдайда серіктестік жалпы жиналыстың сот бойынша осындай қатысушьшың үлесін серіктестіктің қатысушымен келісімінде белгіленген бағамен мәжбірлеп сатып алуды талап етуге кұқылы. Келісімге кол жетпеген жағдайларда мәжбүрлеп сатып алынатын үлестің бағасын сот белгілейді (АК-ның 82-бабы).

    Қатысушының жеке борыштары пайда болғанда да үлесті мәжбүрлеп сату қажеттігі тууы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының өз борыштарын өтеу үшін мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда несие берушілер борышқор қатысушының үлесін белгіленген тәртіп бойынша бөліп беруді талап етуі мүмкін (АК-ның 83-бабы).

    ЖШС кызметінде сенімгерлікпен басқаруды пайдалану. Жаңа құқықтық институт ретінде сенімгерлікпен басқару ЖШС туралы заңдарда айтарлықтай кеңінен пайдаланылған. Сенімгер басқарушының өзінің иелігіне берілген мүлікті пайда алушының мүдделері үшін өз атынан

    басқаруын пайдалануын және оған билік етуін сенімгерлікпен басқару деп түсіну керек. Шарттарда және заң құжаттарында баяндалған сызбадан белгіні бір ауытқушылықтар көзделуі мүмкін.

    Сенімгерлікпен басқаруды пайдаланудың бірінші жағдайы ЖШС-ны құру кезеңіне байланысты. Егер ЖШС жарысында оның құрылтайшыларының серіктестіктің жарғылық капиталындағы салымдар есебіне ақша емес, өзге мүлікті еңгізу көзделген болса, серіктестіктің кұрылтайшылары құрылтай шартында тиісті мүлік серіктестік кұрылғанға дейінгі және құрылудан кейінгі кезенде сенімгерлікпен басқаруға берілуге тиісті құрылтайшы немесе үшінші тұлғаны көрсете алады (ЖШС туралы заңның 24-бабының 8-тармағы). Сонымен, бұл бір жағынан алғанда міндетті болмағанымен қарым-қатынасты рәсімдеудің қажетті түрі, екінші жағынан алғанда жарғылық капиталды құруға арналған ақшалай қаражатты сенімгерлікпен басқаруға кедергі болмайды. Мұндай құқықтық сызбаның артықшылығы сенімгер басқарушының көтерім жауапкершілігіне байланысты. Біріншіден, дау туатын жағдайда міндеттемелердің бұзылуына оның кінәлілығы анықталады, екіншіден, сенімге берілген мүліктен ақы өңдіріп алуға болмайды.

    Мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніндегі шартта мыналар көзделуі тиіс:

    1. сенімгер басқарушының барлық құрылтайшылардың мүдделері үшін тиісті мүлікті басқаруды, ал ЖІІІС құрылғаннан кейін - серіктестіктің мүдделері үшін мүлікті басқаруды жүзеге асыру міндеті;

    2. ЖШС ол кұрылған кезден бастап пайдасына және сенімгерлік басқаруға берілген мүлік осы кезден бастап меншігіне ауысатын адамның құқықтарын беру көзделуге тиіс (ЖШС туралы заңның – 24 бабының 9-тармағы). ЖШС-ны құру рәсім ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда сенімгерлікпен басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтаруға тиіс (ЖШС туралы Заңның 13 бабының 3 - тармағы).

    Екінші жағдай ЖШС туралы заңның 56-бабында көзделген, ол бойынша егер серіктестіктің; кұрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, ЖШС немесе оның мүлік сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін, Мұнда мынаны есте ұстау керек: ЖШС заңды тұлға және құқық субъектісі ретінде емес АК-ның 119-бабында көрсетілгеніндей тұтас мүліктің көлемі ретінде басқаруға беріледі. Мүлікті басқаруға беру туралы айтқанда, мүлікті көлемінің бір бөлігі ғана беру көзделеді. Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді ЖШС-ның жалпы жиналысы қабылдайды.

    Үшінші жағдай қатысушының үлесін сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігімен байланысты. Егер қатысушы мен сенімгер басқарушы арасындағы шартта немесе мүлікті сенімгерлікке басқаруды

    құру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, қатысушы үлесін сенімгерлік басқару құрылған жағдайда жалпы жиналыста оның шешімі ретінде қатысушы атынан сенімгер басқарушы әрекет етуге құқылы.

    Қатысушының мүдделерін бүлдіру тәртібіне қойылатын талаптар мүлікті сенімгерлік басқару туралы заңдарда белгіленеді (ЖШС туралы заңның 42-бабының 4-тармағы).

    Төртінші жағдай мәжбүрлеп қайта кұру кезінде туады. Егер соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру кезінде бөлуді, бөліп шығаруды жүргізүге өкілетті ЖШС-ның атқарушы органдары соттың шешімінде белгіленген мерзімде серіктестікті бөлуді, бөліп шығаруды жүзеге асырмаса, coт серіктестіктің мүлкіне сенімгер басқарушы тағайындап оған қайта ұйымдастырылатын серіктестіктің мүлігі есебінен осы серіктестікті бөлуді, бөліп шығаруды тапсырады. Сенімгер басқарушы тағайындалған кезден бастап ЖШС-ны басқару жөніндегі өкімет соған ауысады. Сенімгер басқарушы сотқа ЖШС-ның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны бөлу, бөліп шығару нәтижесінде пайда болатын серіктестіктердің құрылтай кұжаттapымен бірге соттың бөлуіне береді. Соттың аталған құжаттарды бекітуі жаңадан пайда болатын серіктестіктерді мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылады (ЖШС туралы заңның 64-бабы).

    5.Қосымша жауапкершілік бар серіктестік ҚР-дағы коммерциялық ұйымдардың өте сирек кездесетін ұйымдық құқықгық нысаны болып табылады. Көптеген елдердің заңдары серіктестіктің мұндай нысаның мүдделі пайдаланбайды. Шын мәнінде, қосымша жауапкершілік бар тік дегеніміз болмашы ерекшеліктерге қарамастан жауапкершілік шектеулі серіктестіктің өзі болып табылады. Олардың бәрін белгілі бір заң реттейді. Егер қарым қатьшастардың мәнінен өзге мәселе туындамайтын болса, қосымша жауапкершілік бар серіктестікке АК-ның ЖІПС туралы заңның және ЖШС-ның қызметін реттейді шаруашылық серіктестіктер туралы жарлықтың ережелері қолданылады.

    Қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болган жағдайда өздеріне тиісті мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде еңгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілік бар серіктестік деп танылады (АК-ның 84-бабының 1-тармағы).

    Қосымша жуапкершілігі бар серіктестіктің фирмалық атауы сондай-ақ "қосымша жауапкершілігі бар серіптестік" немесе "КЖС" аббревиатурасы болуы тиіс (ЖШС туралы заңның 4-бабының 1-тармағы).

    Қатысушылар жауапкершіліктің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның" серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілік егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді (АК-ның 84-бабының 2-тармағы).

    ҚОРЫТЫНДЫ
    Менің қарастырып отырған диплом жұмысымның тақырыбы «Заңды тұлғалардың түсінігі мен белгілері». Жалпы мен заңды тұлғаның міндеттері қарастырдым.

    Жұмыстың міндеттері:

    Заңды тұлғаның құқық субъектісі ретіндегі негізгі белгілеріне сараптама жасау;

    Заңды тұлғалардың түрлеріне сипаттамаберіп, олардың ерекшеліктерін көрсету;

    Заңды тұлғаларға байланысты қатнастарды реттейтін заң актілерінің сипаттамасын беру;

    Жарғылық қор, құрылтайшы сияқты негізгі ұғымдардың мәнін және маңызын ашу;

    Заңды тұлғаларға байланысты кейбір құқықтық және теориялық мәселелерге тоқталып, шешу жолдарын ұсыну.

    Заңды тұлға түсінігі азаматтық құқық ғылымында кейінгі уақытта пайда болды. Бірақ ежелгі Рим құқығының өзінде заңды тұлғаның белгілері бар ұйымдар болған. Олар корпарациялар, одақтар, коллегиялар. Заңды тұлғаның қоғамдық өмірде қайта мақсатта қызмет атқаратынын білу үшін бұл институттың функцияларын сараптау қажет.заңды тұлға мынадай мақсаттарда жұмыс істейді:

    1. 1.Ұжымдық мүдделерді бекіту. Заңды тұлға қатысушылардың ішкі қарым қатынастарын реттейді және олардың жеке мүдделерін біртұтас ортақ мүддеге айналдырып заңды тұлғаның өз атынан азаматтық айналымға қатысып сол мүддені білдіруге мүмкіндік береді.

    2. Капитал біріктіру. Әртүрлі жекелеген субъектілердің мүлкі үлкен көлемде кәсіпкерлікпен айналысуға жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан, субъектілер күш қуат, қаржы, техника құралдарын заңды тұлға арқылы біріктіре алады.

    3. Кәсіпкерлік тәуекелді шектеу. Заңды тұлғаның құрлымы әрбір қатысушының кәсіпкерлік тәуекелін азайтуға мүмкіндік береді. Олардың әрқайсысының тәуекелі заңды тұлғаның капиталына қосқан салымымен шектеледі.

    4. Капиталды басқару. Заңды тұлғаның құрылымы капиталды оңтайлы пайдалануға және кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі саласында жұмсауға мүмкіндік береді. Заңды тұлға туралы нормативтік актілер капиталдың кеңістікте шектелмей қозғалуына, сол арқылы рыноктың өзін-өзі басқаруына көмектеседі.

    Заңды тұлғаның өзіндік белгілері болады. Ол белгілер ұйымды құқық субъектісі деп тануға жеткілікті болады және міндетті болып табылады. Кез-келген заңды тұлға мемлекеттік органдарда тіркеледі. Олардың көпшілігінің мөрі және банкте есеп-шоты болады. Бірақ бұлар заңды тұлғаның міндетті белгілері емес. Заңды тұлғаның белгілері дегеніміз оның ішкі құрлымын сипаттайтын қасиеттер. Олар: 1. Ұйымдық біртұтастық. Заңды тұлғаға қатыспаушылардың арақатынасы белгілі бір бағыну жүйесіне келтіріліп, сол арқылы қатысушылардың еркі бірігіп заңды тұлғаның еркі болады. Заңды тұлғаның ұйымдық біртұтастығы құрылтай құжаттарында және нормативтік актілерде бекітіледі.

    2. Мүліктік дербестік. Заңды тұлғаның қызметі белгілі бір қаржысыз, техника құралдарынсыз және басқасынсыз мүмкін емес. Осы құралдары заңды тұлғаға беріп және басқа тұлғалардың мүлкінен бөлу мүліктік дербестікті қалыптастырады. мүліктік дербестік және дербес мүлік ұғымдарын шатастыруға болмайды. Көпшілік заңды тұлғалар құрылған кезде оның мүлкі болмауы да мүмкін. Ал, кейбір заңды тұлғалардың барлық мүлкі банктегі салым мен жалға алынған кеңсемен шектеледі. Демек, олардың дербес мүлкі жоқ. Бірақ заңды тұлға жеке субъект ретінде мүлікке ие болу мүмкіндігін жоғалтпайды. Яғни, дербес мүлкі болғанымен мүліктік дербестік қабілетіне ие.

    3. Дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік принціпі. Бұл принціптің мәні мынада: заңды тұлға қатысушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді ал қатысушылар заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бұлай болу үшін заңды тұлғаның дербес мүлкі болуы керек. Кредиторлар сол мүлікке талап қоя алады. Кейде заңды тұлғаның қатысушылары заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өз мүлкімен жауап беруі мүмкін бірақ ол заңды тұлғаның мүлкі жеткіліксіз болғанда ғана қосымша (субсидиалары) түрде жүзеге асырылады.

    4. Азаматтық айналымға жеке өз атынан қатысу. Бұл өз атынан азаматтық құқықтарға ие болып, оны жүзеге асыру, міндеттер иелену және жауапкер бола алуы қабілеті. Бұл заңды тұлғаның қорытынды белгісі және заңды тұлға сол мақсатта құрылады. Заңды тұлғаның өз атауын қолдануы маңызды. Өйткені сол арқылы басқа субъектілерден оқшауланады және заңды тұлғаның атауы өзіндік құқыұтық субъектілігінің міндетті алғышарты болып табылады.

    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта