ОБЖ шпор каз. Кез келген организмні зіні орнына рпа алдыру, згеру жне осы згерістерді айта ндіру асиеті
Скачать 319 Kb.
|
1. «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік», Тіршілік дегеніміз - “кез келген организмнің өзінің орнына ұрпақ қалдыру, өзгеру және осы өзгерістерді қайта өндіру қасиеті”. Қауіп дегеніміз – жоғалтудың әлеуетті, сандық өлшеуге болатын мүмкіндігі және табысты дамуға арналған қатерлер. Қауіп түсінігі қолайсыз жағдайлар мен салдардың жұмысында пайда болуы ықтималдығымен байланысты белгісіздікті сипаттайды. "Өмір қауіпсіздігі" - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтеншө жағдайларды ескерту мен салдарын жою жәнө осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді. Зілзала бұл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бүзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат қүбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бүрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады. Әр бір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, қозғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар. Зілзаланың бір-бірінен айырықша ерекшеліктерімен қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі. Апат - бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады. Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі. Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен. Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді: - табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала); -жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардан туындайды). Экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи әсерлер ықпалынан, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйі бүзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жай-күй. 2. «Адам тіршілігінің қауіпсіздігі» пәніне сипаттама беріңіз. Міндеті:
Болашақ мамандарды өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларды жасау жөнінде теориялық білім және практикалық дағдымен қаруландыру. Адамзаттың қоршаған ортамен (табиғи, өндірістік, тұрмыстық) қауіпсіз қатынасын қамтамасыз етуде төтенше жағдайлардан қорғануда барлық білім жиының біріктіру. Қоршаған ортаның негативті факторларының адамның физиологиялық күйіне әсерін, шығу тегі мен мәнін білм жетістігіне сүйіне отырып тереңірек оқыту, қауіптерді сандық және сапалық жақтан талдау. Тіршілік қауіпсіздігінің принциптері мен жалпы стратегиясын болжау, әр түрлі экспериментальды оқиғалар мен аурулар кезінде сауатты шешім қабылдай білу. ТҚ нормативті және құқықтық базасымен танысу, ТЖ дайындық, қорғаныс және тж зардаптарын жою жүйесімен танысу, азаматтық қорғаныспен бірігіп халыққа алғашқы медициналық жәрдем беруге, әр түрлі шаруашылыққа көмек көрсетуге үйрету Жеке бастың және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауакершілікпен қарау, зерделі көзқарас қатынасын қалыптастыру. Қоршаған ортаның зиянды, қауіпті факторларын ажыратып оған баға беруіне дағдылану Олардан қорғануға және зардаптарын жоюға үйрету Өмір тіршілігіне қауіп төнгенде өз өзіне және басқаға көмек көрсету жолдарын үйрету. 3. «Төтенше жағдайлар» түсінігін ашыңыздар. Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар – стихиялық апаттар, авариялар және катастрофалар әсерінен пайда болатын көлікте және өндірістегі экологиялық катастрофалар, әскери және әлеуметтік диверсиялар адамның өміріне, экономикаға, әлеуметтік және табиғи ортаға біршама әсер ететін құбылыстар мен үрдістерден тұратын, күрт қалыпты жағдайдан ауытқитын жағдайлар. Техногендік қауіп - технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері – агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу. Техногенді қауіптер 1. Көліктік 2. Өндірістік. 3. Спецификалық 4. Әлеуметтік Экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи әсерлер ықпалынан, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйі бүзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жай-күй. Экологиялық зілзалалар - табиғи тепе-теңдік бұзылуының экологиялық тұтқиыл факторлары, олар: құрлықтың жай-күйінің; атмосфераның құрамы мен қасиеттерінің; гидросфера жай-күйінің; биосфера жай-күйінің өзгеруімен байланысты. Табиғи зілзалалар да экологиялық зілзалаларға жатады Табиғи қауіп - бүл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болатын жағдай. Табиғи қауіп түрлері: 1. Метеорологиялық 2. Тектоникалық және теллурлық 3. Топологиялық 4. Космостық Әлеуметтік қауіп - Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. 4. Қазақстандағы «Азаматтық қорғаныс»: құрылымы мен қызметтерін түсіндіріңіздер. Азаматтық қорғаныс-бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты,ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалынан, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралар жиыны.Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс республикалық және жергілікті деңгейде шешіледі. Азаматтық қорғаныста табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар ерекше орын алады. Ал біздің сұрағымыз сол техногенді төтенше жағдайға байланысты болып табылады. Себебі өнеркәсіп обьектілеріндегі төтенше жағдайлар дәл осы техногенді сипатқа тән.1996жылы 5 шілдедегі «Техногендік сипаттағы (өнеркәсіп орындарындағы) төтенше жағдайлар туралы»ҚР заңы техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі республика аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.Ал АҚның құрылымына келер болсақ, АҚның аумақтық және обьектілік құрылымы болады. ААҚның аумақтық құрылымы облыс,қала,аудан әкімдерінің шешімдерімен,ал обьектілік құрылымдар ұйымдарының АҚбасшыларының бұйрықтарымен құрылады.АҚ обьектілік құрылымына: барлаушы буын, құтқару командасы,инженерлік команда, санитарлық дружина, қорғаныс ғимараттарын залалсыздандыру жөніндегі топ, өрт сөндіру командасы, байланыс командасы, қоғамдық тәртіпті қорғау командасы, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы және т.б.кіреді. АҚ штабы→АҚбастығы→ АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары: байланыс↔қоғамдық тәртіпті сақтау; авариялық - техникалық ↔ қорғаныс ғимараттарына қызметкөрсету;тамақтандыру мен сауда↔РҚ және ХҚҚ;т.б. Азаматтық қорғаныс негізгі қызметтері:басқару, хабарлау және дамыту, қолдау;тж кезінде АҚ күштерін құру; халықты оқыту ; радиациялық, химиялық, бактериологиялық ахуалды қадағалау; ақ құрамаларын даярлау; кешенді шаралар ұйымдастыру;АҚ мүлігін жинау; азықты, суды, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, биологиялық зақымданудан сақтау. 5. Табиғи қауіптер: боран, бұрқасын, дауыл, найзағайды сипаттаңыз, қауіптен құтылу шараларын көрсетіңіз. Апат - бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады. Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі. Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен. Көлемді анықтау кезінде өлшөм үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мүқтаждардың сан апат салдарының әсеріне үшыраған аумақ. Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді: - табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала); -жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардан туындайды). Табиғи: 1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақүйын, қатты ыстық, қүрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт). 2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі). З.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың қүлауы, су басу). 4. Космостық (метөориттердің және басқа космостық денелердің қүлауы, олармен соқтығыс). Жасанды: 1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, төңіз, өзен, темір жол). 2. Әндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық, термикалық). 3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық). 4. Әлеумөттік (соғыс, аштық, қоғамдық және үлттық тәртіпсіздік, терроризм, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания). Әрбір апат ошақ қүруға алып келеді, бүлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ - бүл төтенше жағдай. 6. Табиғи қауіптер: сел, су тасқыны, сырғыма, опырылма Қауіпті табиғи құбылыстар – табиғаттан шыққан стихиялық құбылыстар, олар өздерінің интенсивтылығы, таралу аймағы және созылыңқылығының арқасында адам өміріне, экономикасына және табиғи аясына кері әсер етеді. Сел - өзен, көл, теңіз суларының жаңбырдың жиі жаууынан, қардың еруінен, қатты желдің суды айдап әкелуінен және басқа да себептермен су деігейін көтерілуінен аймақтың су астында қалуы, бұл құбылыс адам денсаулығына зиян келтіріп тіпті өлімге де әкеліп соғады және адамдарғ материалды зияны да көп. Өзен селінің болу себебі қар немесе мұздақтардың еруңнен оның бассейіні көлемінен су мөлшерінің көбеюі. Сонымен қатар өзен селдері өзен көздерінің мұзбен жабылып қалуынан пайда болады. Кейде сел қатта желдің теңіздерден көп мөлшерде су әкелуінен пайда болады. Селдің пайда болуының тағы бір себебі, плотиналар мен дамбылардың жарылуы. Қар көшуі бір қарағанда аяқ асты болатын құбылыс тәрізді. Ал шын мәнінде ол аяқ асты болмайды. Қардың жоғарғы қабатының температурасы -10° және -20° түскен кезде, жерге жақын қар қабатындағы температура 0° болып сақталады (шамамен -2°). Осылайша, қалыңдығы тіпті 40-50 см болатын қар қабатының аралығында температура айырмашылығы болады. Температураның әр түрлі болуының нәтижесінде қардың төменгі қабатында су буының қозғалыстары және қардың булануы басталады. Ақырындап қардың төменгі қабаты қопсый бастап өзінің тұрақтылығынан айрыла бастайды да, қауіпті, көшкінді қар қабатына айналады. Қар көшкінінің пайда болуы үшін бұл себептер аз. Қар көшкіні тек қардың шұғыл тау баурайында (15° тен бастап және жоғары) жинақталған кезінде ғана пайда болады. Әсіресе 30-35° шұғыл жатқан тау баурайларында өте қауіпті, мұнда қар айтарлықтай қауіптілікке жеткенше жиналады, содан барып қар көшкіні жерге қарай сырғиды. Қардыі құлауы жылы кезеңде қар жауғаннан кейін екі күннен кейін жүзеге асады. Қар көшкіні – жер шарының таулы аймақтарына тән табиғи сипат. Опырылмалардың анықтамасы – опырылмылыр деп шұғыл жар беткеәлерінде өзінің тұрақсыздығын жоғалту, байланысының әлсіздеуі салдарынан тау жыныстарының белгілі бір массасының тез бөлініп құлауы (жер, құм, тас, балшық). Тау жыныстарының опырылуы жер асты және жер үсті суларының, желдету процессі әсерінен болады. Тау жыныстарның опырылуына жер сілкінісі немесе жарылыс салдарынан жер қыртысының сәл ғана қозғалуы және жар шетіне салмақтың көп түсуі себепкер болады. 7. Қауіпті жұқпалы аурулар - жыныс жолымен берілетін Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі. Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді. Соз(гонорея)- жыныстық жолмен берілетін, жыныстық контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизм-гонооккың болуымен сипатталады. Мерез(сифилис)- жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. Сифилисті микроорганизм – бозарған спирохета тудырады. Жұқтыру көзі – кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына созылуы мүмкін. В және С вирусты гепатиттері ауыр ағымда өтеді, олар созылмалы гепатит, бауыр циррозы, гепатоклеткалық ісік туғызуы мүмкін. «А» вирусты гепатитінің неғұрлым жоғары деңгейі 10-17 жастағы балалар арасында тіркелсе, «В» және «С» вирусты гепатиттерімен, негізінен, 25-35 жастағы ересектер сырқаттанады. Вирусты гепатиттердің барлық түрінде ауру көзі науқастар болып табылады, ал парентералдық (қан құю арқылы жұғаты «В» және «С» гепатиттері) түрінде – созылмалы түрімен науқастанатындар мен вирус тасымалдаушылары ауруды жұқтыру көзі болып келеді. В және С вирусты гепатиттері төмендегі жолдармен жұғады:
8. Діни секталар жөнінде түсінік, олардың түрлерін сипаттаңыз. Әлеуметтанушылар әлі күнге дейін «секта» сөзінің анықтамасын таба алмай келеді. Кейбір теолог ғалымдар оны Жазмыштан (Писание) үзіліп алынған немесе кеңінен таралып мойындалмаған діни топ ретінде таниды. «Секта» сөзі бүгінгі күнде көбінесе «өлім» сөзінің синонимі ретінде қолданылады Енді осы ағымдар қарапайым адамдарды қандай айла-әдістермен еліктіретініне тоқталайық: Біріншіден, жаңадан қабылданған "шәкірт" ұйым мүшелерінің психологиялық қысымына ұшырайды. Ол осы жерде дәстүрден тыс діни ағымдардың "махаббатына бөленеді". "Құдай сені жақсы көреді, сен асқақ арман-мақсаттарды бағындыратын таңдаулылардың бірісің. Бізден басқа әлемнің барлығы күнәға белшесінен батуда" деген сияқты әпсананы құлағына құяды. Нәтижесінде, судай жаңа діни ағымдардың осы "бақытты отбасының" бір мүшесіне айналуға деген құштарлығы күшейе түседі. Топтасып ән шырқау, бір-бірімен төс қағыстырып құшақтасу, мадақтау сияқты кішкентай балаларды алдайтын тәсілдердің барлығы ұйымда кеңінен қолданылады. Екіншіден, дәстүрден тыс діни ағымдар мүшелері қоршаған ортасынан іргесін аулақ салып, өз бетінше бөлек өмір кешеді. Ал ұйымнан тысқары әлемнен қол үзген адам уақыт өте келе "ұстазының" айтқандарының анық-қанығына ой жүгірту, оны шынайы өмірмен салыстыру мүмкіндігінен айырылатыны түсінікті жәйт. Үшіншіден, қауіпті діни ұйымдарда мүшелерінің ойлау қабілетін тежейтін түрлі әдістемелер қолданысқа ие. Мәселен, бір сарынды әндерді жиі шырқату, бір қимылдарды үнемі қайталатудың ақыры адамды психологиялық тәуелділікке ұрындырады. Төртіншіден, "отбасында құпия болмау керек" дегенді желеу еткен "ұстаз" "шәкіртіне" жасаған күнәларын мойындатып, арылуға "көмектеседі". Ішкі сырларын жайып салғаннан кейін өзін күнәһар жан ретінде сезінген "шәкірттің" бойында қорқыныш, үрей күшейе түседі. Бесіншіден, "рухани тұрғыда шынығу" үшін ұйқыдан бас тартқандар мадақталады. Тоя тамақтанбау рухани тұрғыда жетілуге көмектесетін диета деп саналады. Сондай-ақ, ұйымға жаңадан қосылған жандардың оңашада ой қорытуына мүмкіндік бермеу үшін ұйымның өзге мүшелері оны ешқашан жалғыз қалдырмайды. Осылайша, дәстүрден тыс діни ұйым санатына қосылған жан аз уақыт ішінде ой-санасы өзгерген, мүлде басқа кейіптегі адамға айналады. Адам осындай жағдайда бұрын-соңды тәжірибесінде кездеспеген мәселемен бетпе-бет келеді. Соған орай, оны шешудің сенімді құралдарынан да бейхабар болады. 9. Лаңкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстау жолдарын көрсетіңіз. Тұтқынға алындыңыз ба? Егер сіз мықты болмасаңыз тұтқыннан босағанға дейін әр түрлі амалдардан аулақ болыңыз, әйтпесе сіз өз өміріңізге де және басқа тұтқындардың өміріне де қауіп төндіресіз, егер іс тұтқындарды атуға баратын болса, онда кім бірінші атылатыны белгілі. Тұтқындардың өзін-өзі ұстауы: - артық назарға ілігпес үшін тұтқындаушылардың көзіне тік қарамаңыз және шұғыл шара жасамаңыз. - тұтқынға алудың алғашқы минуттарында ғана қашуды ұйымдастыруға болады, себебі айналада әлі паника орнып тұрады. - тұтқынға түскен кезде қарсыласпаңыз және күйгелектенбеңіз. Күйгелектік жұқпалы нәрсе, ал күйгелек террорист сіз үшін өте қауіпті, ол сізді тұтқындарды босатқанға дейін тірі қалдырмауы мүмкін. - егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз және шынымен де ауру болсаңыз сіздің алдын–ала босану мүмкіндіктеріңіз әлдеқайда жоғары. Құсу мен астмалық ұстаманы қоздыруға тырысыңыз, бірақ тым артық кетіп қалмаңыз. Симмулянттарды бірінші кезекте атып тастайды. - вариант ретінде, тұтқындар арасында террористтердің талабын қолдау ретінде қол жинауды ұйымдастырыңыз, сонда олар сізді бірінші жіберуі мүмкін, себебі хатты баррикаданың екінші жағына жеткізу керек қой. - егер сіз озіңізді тұтқындаушымен қарым-қатынасқа түскен болсаңыз, онда сыпайы болуға тырысыңыз, бұл тұтқындалушының бірінші міндеті. - Хельсинки синдромы жақсы әрекет етеді, тұтқындаушыларға сүйкімділік таныту және олардың әрекетін түсінуге тырысу, басшылыққа алып отырған іс-әрекеттерін қолдау. Сөз беруден тайынбаңыз бірақ олар шындыққа жанасымда болуы қажет және орындалуы керек. - егер сізді авиа ұшу кезінде тұтқынға алған болса, ең қолайлы орын ол самолеттің құйрығы. - басқа тұтқындар үшін сөйлемеңіз және ланкестерден аулақ тұрыңыз. Себебі штурм кезінде ланкеске снайперлер оқ атуы мүмкін, сол кезде ол сізді тірі қалған есебінде қолданғысы келуі мүмкін. - күшіңізді үнемдеңіз! Аз қимылдаңыз, бар ресурстарыңызды орынды қолдана біліңіз, өзіңіздң физикалық және психологиялық формада ұстаңыз, себебі, қажетті сәтте шешім қабылдау үшін айтарлықтай күшке ие болу үшін. - тұтқындау кезінде сіздің қожайыныңыз сізді тұтқынға алған адам, сондықтан дәретханаға шығуға, тамақ ішуге, тіпті отырып тұруға да рұқсат сұрау керек. - егер сізді бомбаға орап тастаған болса онда сәтін тауып арнайы бөлімге хабарлау керек. 10. «Жер сілкіні» ұғымына анықтама беріңіз, пайда болу себептерін атаңыз. Жер сілкінісі — жер асты қыртыстарындағы дүмпулер мен жердің жоғарғы бедерінің тербелуі. Жер сілкінісі екі түрлі жолмен іске асады. Алғашқысы, табиғи жолмен (негізінен тектоникалық процестер), екіншісі, жасанды жолмен (жарылғыш заттар, су қоймаларын толтыру және таудағы жерасты қазбаларды опыру). Тағы бір ерекше жолы бар. Ол — жанартаулардың (вулкан) оянған кезіндегі лаваның көтеріліуі. Жыл сайын бір миллионға жуық жер сілкінісі болады. Алайда, олардың басым бөлігі елеусіз дүмпулер болғадықтан, адамдар сезе қоймайды. Есесіне, Жер планетасының әр бір жерінде болып жатқан үлкенді-кішілі жер асты дүмпулері мен жер сілкіністерін Халықаралық деңгейдегі жер сілкіністерін бақылаушы мамандар біліп отырады. Жер сілкінісі мен жер асты дүмпулерін ріткейтін аппаратты сейсмограф деп атайды. Сейсмографтардың бұрынғы түрлері қағаз таспасы бар қондырғыоар болатын. Қазіргі кезде ондай аппараттармен бірге электронды сейсмографтар да қолданылады. Соңғысының қағаз таспасы болмайды. Қағаз таспамен жұмыс істейтінсейсмографтардың екі түрі болады: вертикальды (тігінен болған) тербелістер мен толқындарды, қозғалыстарды тіркейді. ал екінші түрі горизонтальды (көлденеңінен, жазығынан) тербелістер мен толқындарды, қозғалыстарды тіркейді. Екеуінің де өте сезімтал тілшелері болады. Сол тілшелері қағаз таспаған із (белгі) қалдырып отырады. Тектометр — Ресейде (Сахалиндік өнертапқыштың туындысы. Жапонияда патенттелген) жасалған құрал. Жаңа құрылғыны ойлап тапқан Евгений Васин есімді адам. Тектометрдің көлемі өте ықшам әрі салмағы да жеңіл (1 кг). Бар болғаны бір қобдишаға сыйып кетеді. Кішкентай болғанына қарамастан маңыздылығы өте зор. Ол болайын деп жатқан жер сілкінісінің қаупін 40 сағат алдын ескерте алады. ATROPATENA жер сілкінісін болжау станциясы жердің гравитациялық өсіріндегі үш өлшемді өзгерістерді автоматты және автономды түрде тіркеп, мәліметтерді АҚШ-та орналасқан La Habra деректер базасы орталығына жіберіп отыратын станция болып табылады. Жер сілкінісі-қаһарлы кездейсоқ құбылыс! Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісін болжау өте қиын. 11. Жер сілкінісінің сипаттамалары: ошақ, гипоцентр, эпицентр, тектоникалық толқындар ұғымындарына анықтама беріңіз. Жер қабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер дүмпулері мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады. Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады.Осындай толқындар көлемді(жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі (жердің үстіңгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрлі болады.Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады.Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады.Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі. Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Гипоцентр – алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі. Қазақстан аймағында жер қабатының сілкініс ошағының ең жоғарғы тереңдігі 50км аспайды. Эпицентр – бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі. Жер сілкінісі жиі жағдайда жердің жоғарғы қабатындағы жарық-жарылыстармен қоса қабат жүреді.Сілкіну көлемінің шамасы (жер сілкінісінің үдемелілігі) ғимараттардың бүліну деңгейімен жер бетінің өзгеру сипатымен анықталады және балмен есептеледі. Сейсмикалық толқынның жалпы қуатының шамасына жер сілкінісінің магнитудасы (кейбір шартты белгілері) жатады. 12. Жер сілкінісінің «магнитудасы» және «қарқындылығы», «өлшемі» ұғымына анықтама беріңіз. Әр түрлі елдерде жер сілкінісі үнемділігін бағалау үшін қолданатын сейсмикалық өлшемдердің көптеген мөлшері пайдаланылады. Жапон аралдары тобы жағдайында жер сілкінісінің үдемелілігін анықтау үшін 7 балдық шкала жасалынған. 1964 жылы Медведев С.В (СССР) Шпонхойер (ФРГ) және Крик В. МШК-64 деп аталатын 12 балдық халықаралық өлшемді жасап ұсынды. 1 балл. Жер сілкінісі сезілмейді. Тербелістің үдемелілігі адамдардың сезіну денгейінен төмен болады, жер қабатындағы сілкіністі тек сейсмографтар байқап тіркейді. 2 балл. Сәл ғана сезілетін жер сілкінісі.Тербелісті ғимараттың ішіндегі тыныштықта, әсіресе жоғарғы қабаттарда болатын жекелеген адамдар ғана сезеді. 3 балл. Әлсіз жер сілкінісі. Үй ішінде болған адамдардың 50% шамасында, ашық жерлердегі адамдардың кейбіреулері ғана жер сілкінісін сезеді. 4 балл. Елеулі жер сілкінісі. Ғимараттардың ішіндегі көп адамдар сезеді, ал ашық жерлерде аз ғана адамдар сезеді. Ұйықтап жатқандардың кейбіреуі оянып кетеді. Теңселу сезіледі. Терезе, есік, ыдыстар сылдырлайды. 5 балл. Ұйқыдан оянып кету. Жер сілкінісін ғимараттың ішіндегі барлық адамдар, ашық далада көптеген адамдар сезеді. Жануарлар тынышсыздана бастайды. Ілулі тұрған заттар қатты шайқалады. 6 балл. Қорқу. Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді. Көп адамдар қорқып көшеге жүгіріп шығады.Үй жануарлары да қора-қопсыдан шығып кетеді. Тербеліс жүруге кедергі келтіреді. Ғимарат қозғалысқа ұшырап, босаңсиды. Полкалар, сөрелердегі заттар құлайды. 7 балл. Ғимараттардың зақымдануы. Көптеген адамдардың бойын үрей қорқыныш билеп-үй жайлардан жүгіріп шығады, кейбір адамдар үшін аяқпен тұру қиындайды. Көптеген темір бетонды, каркасты ғимараттарда жеңіл зақымдану болады. Су көздері мен құдықтағы сулар деңгейі өзгеріске ұшырайды. 8 балл. Ғимараттардың қатты зақымдануы. Қорқыныш пен үрей билейді. Кейбір жерлерде ағаш бұтақтары сына бастайды. Ауыр жиһаздар жылжып, кейде құлайды. Саманнан және саз балшықтан тұрғызылған көптеген үй-жайлар мен қора-қопсылар қирайды. Ескерткіштер жылжып қозғалады, құлпытас белгілер, тас дуалдар, қоршаулар құлайды. 9 балл. Ғимараттардың жаппай зақымдануы. Жаппай үрей, адамдардың көпшілігі аяғымен тұра алмай, құлайды. Жануарлар азан-қазан, сергелдеңге түседі. Кірпіш және ірі блокты үйлердің көпшілігінің қабырғалары ойылады, ішкі қабырғалары құлайды, ғимарратардың жеке бөліктері бүлініп қирайды. 10 балл. Ғимараттың жаппай қирап-бүлінуі.көптеген панельді, темір бетонды және ағаштан салынған ғимараттардың жеке бөліктері қирап құлайды.Көпір, бөгеттер едәуір зақымдалады.Темір жол рельстері мен жер астындағы трубалар майысып, ажырап кетеді.Жер бетінде 1 м-ге дейін жарық пайда болады. 11 балл. Апат. Барлық ғимараттар, темір жол және автомобиль жолдарының көпірлері, жер асты трубалары, тас жолдар қирап, бүлінеді.Жер бетінің тіке жарылуы және ажырауы, кең жарық саңылау түрінде елеулі өзгеріске ұшырайды.Таулар қайта-қайта опырылп құлайды. 12 балл. Жер бедерінің озгеруі. Жер бетіндегі және жер астындағы барлық құрылыстар іс жүзінде күшті бүлінеді немесе қирайды. Жаңа көлдер пайда болып, өзендер бағытын, саласын өзгертеді.Үлкен аймақтарда таулар құлап-қирайды. Магнитудалар мен балдық қатынастардың кестесі Магнитуда 2 3 4 5 6 7 8 Балдар 1-2 3 4-5 6 7-8 9-10 11-12 13. Жер сілкінісі кезінде үйде (пәтерде), ғимараттардағы қауіпсіз жерлерді атаңыз. Жер сілкінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек. Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады. Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88.) ішіндегі 6 адам тірі қалған. Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағңы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады. Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние-мүлікпен ыбырсытпау керек. Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады. Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса колмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы кауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн. Жеке үйдің иелері кажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі қажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмотөзімділік дәрежесін білуге тиіс. Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы кауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн. Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс. Қазақстан аумағының сейсмоқауіпті аймағында жер сілкінісінің жиілігі әртүрлі. Қазіргі ғылым алапат сейсмикалық кұбылыстың уақыты мен кіндігін әзірше дәл болажай алмайды. Сондықтан да жер сілкінісі кезіндегі әзірлік шараларына даярлануды, іс-әрекеттер тәртібін алдын ала білуге тиіс. Сейсможаттығу адамдардың жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-әрекеттеріне дағдылануына үлкен септігін тигізеді. 14. Жер сілкінісі кезінде ғимарат ішінде және сыртында қандай жерлер қауіпті екенін көрсетіңіз. Жер сілкінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек. Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады. Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88.) ішіндегі 6 адам тірі қалған. Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағңы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады. Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние-мүлікпен ыбырсытпау керек. Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады. Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса колмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы кауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн. Жеке үйдің иелері кажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі қажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмотөзімділік дәрежесін білуге тиіс. Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы кауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн. Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс. Қазақстан аумағының сейсмоқауіпті аймағында жер сілкінісінің жиілігі әртүрлі. Қазіргі ғылым алапат сейсмикалық кұбылыстың уақыты мен кіндігін әзірше дәл болажай алмайды. Сондықтан да жер сілкінісі кезіндегі әзірлік шараларына даярлануды, іс-әрекеттер тәртібін алдын ала білуге тиіс. Сейсможаттығу адамдардың жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-әрекеттеріне дағдылануына үлкен септігін тигізеді. 15. Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы |