ОБЖ шпор каз. Кез келген организмні зіні орнына рпа алдыру, згеру жне осы згерістерді айта ндіру асиеті
Скачать 319 Kb.
|
Уақытша көшіру шаралары: *ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін — өндірістік принцип бойынша; *халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады; *көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі. Көшіру жөнінде құлақтандырған соң адамдар өзімен қандай заттарды алуы қажет? Көшіру кезінде бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл адамдар өздерімен бірге ең алдымен құжаттар алу керек, одан кейін киім және тамақ алу керек. Жалпы көшіру кезінде өзімен бірге ала жүретін ең қажетті құжаттар: куәлік(паспорт), әскери билет,еңбек кітапшасы немесе зейнеткер куәлігі, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом,неке және балалардың тууы туралы куәлік пен ақша. Заттар мен азық-түлік мөлшері оны алып жүретін адамға шақ болуы тиіс. Көлік құралдарымен көшіру кезінде бірге алып жүретін мүлік пен азықтың жалпы салмағы әрбір адам үшін 50-кгнан аспауы тиіс.Ал жаяу жүрген кезде ол әрбір адамның төзімділігіне орай айтарлықтай аз болуы тиіс. Барлық заттар мен азық-түлік тағамдары арқа қапшыққа, қапқа, сөмкелерге, шабадандарға буып салынуға тиіс.Жаяу жүрген кезде оларды алып жүруге ыңғайлы болуы үшін арқа қапшық пен зат салатын қапшыққа салған дұрыс. Жүк пен азық салынған әрбір қапшыққа адамның аты-жөні, тегі, тұрақты мекен-жайы және соңғы барар нүкте жазылған белгі тігіледі. Көшірудің бір түрі уақытша көшіру – бұл ТЖ туындаған немесе қауіп төнген жағдайда халықты қауіпті аймақтарынан қауіпсіз орындарға көшіру. Қоғамыздың өмір сүру деңгейі өзгерді, осыған орай, халықты қауіпті аймағынан көшіру жұмысын ұйымдастыру және уақытша тұрғын орындарымен қамтамассыз ету мақсатымен қонақ үйлердің басшыларына ТЖ туындаған жағдайда көшірілген халыққа уақытша баспана ұсыну, сонымен қатар қауіпсіз аймақтарында орналасқан арнайы – орта және жалпы білім беру оқу орындарының басшыларына көшірілген халықты қабылдау және орналастыру. 25.Электромагнитті сәуленің ағзаға әсері және олардан қорғану шараларын сипаттаңыз. Электромагниттік сәулелену дегеніміз-электромагниттік өрістердің кеңістіктегі жағдайының өзгерісі. Магнит және электр өрістерінің кез келген өзгерістері қоршаған кеңістікті сүзіп өтетін күш сызықтарының өзгеруін туындатуы керек, яғни ортада таралатын импульстар (немесе толқындар) болу керек. Осы толқындардың таралу жылдамдығы ортаның магниттік және диэлектриктік өтімділігіне тәуелді болып, электромагниттік бірліктің электростатикалық бірлікке қатынасымен анықталады. Компьютерлік техниканың пайда болуы мен қарыштап дамуы қоршаған ортада электромагниттік ахуалдың өзгеруіне алып келді. Компьютерлік техника электромагниттік өрістің сәулелену көзі болып табылады, ал ол өз кезегінде адам денсаулығына қауіп төндіретіні белгілі. Компьютерлік жұмыс орындарының дұрыс ұйымдастырылмауы электромагниттік өрістің адам денсаулығына кері әсер етуіне әкеліп соғады. Компьютердің ең қауіпті бөлігі – монитор. Ол адам ағзасын сәулелендіреді. Медицина өкілдерінің зерттеулері электромагниттік өрістің әсері метаболизм мен электромагниттік баланстың бұзылуына ықпал ететінін дәлелдеген. Ол, сонымен қатар, нерв, жүрек-қан тамырлары, эндокринді жүйе жұмысында да ақаулардың пайда болуына әсер етеді. Қалта телефонын пайдаланған кезде одан бөлінетін электромагниттік өріс тұтынушының миына әсер ететіні анықталған. Қалта телефондарындағы қауіпсіздік стандарттары ересектер үшін жасалған, олар бала ағзасының ерекшеліктерін ескермейді. Осы мәселе бойынша Ресейдегі тұтынушылар құқығын қорғау комитеті балалардың қалта телефонын пайдалануын мейлінше төменгі деңгейге жеткізу мәселесін Думада қарастырмақ.Өйткені қалта телефондарын пайдалану балаларда мидың ісігіне соқтыруы мүмкін дейді мамандар. Сондықтан жас балалардың қалта телефонымен ойнап, музыка тыңдауына жол бермеу керек. Балаларды мейлінше зиянды нәрседен аулақ ұстаған жөн. Қорғау шаралары радиожиілік диапазондардың электромагниттік өрісінің қоршаған ортаның жай-күйіне әсерін шекті жол беруге болатын-деңгейлердің нормативтерін анықтау мақсатында зерттеу және биологиялық қауіпті және санитарлық қорғау аймағын есептеу әдістемелерін әзірлеу. 26. Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпті, қорғану шараларын бағалаңыз. Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн. Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Компьютерлендірудің алғашқы жылдарында дисплейлердiң қолданушыларында ерекше шаршау байқалған. Оның себептерi бiрнешеу: дисплейдегi сурет бақылау объектілерiнiң үйреншiктi көздерiнен принциптi айырмашылығы бар дискреттi нүктелерден тұрады; оның нақтылы жиiлiгi бар, бұл нүктелер жылтылдап, яғни, жана бастайды да, өшедi; компъютердің түрлi- түстi суреті табиғи түстерге сәйкес келмейдi. Компьютермен жұмыс жасаудың пайдалы жағымен қоса зияды жақтарына да тоқталып көрелік. Компьютерде жұмыс істейтін адамдардың денсаулық жағдайына теріс ықпал ететін негізгі факторлар: • монитордың электромагнитті сәулеленуінің әсері; • көзге салмақ түсуі, • шаршау; • білезіктердің буындарына шамадан тыс салмақ түсуі; • мәлімет жоғалтуына орай стресс жағдайы. Адам компьютерде босаң қалыпта отырады, ол денесінің қандай тұрғыда қисайғанына мән бере бермейді. Бұл ағзаға кері әсер етеді; омыртқа, мойын, бастың бұлшық етi, қол және иықтарға артық салмақ түскендіктен балаларда-сколиоз, остехондроз аурулары пайда болады. Компьютермен жұмыс жасау барысында оның зияндылығынан сақтанудың бірден бір жолы жұмыс үстелі басында дұрыс отыру және жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуында болып табылады. Егер біз әрбір екінші адамның үйінде компьютер барын ескеретін болсақ, ол балалардың болашағы қалай болады деп еріксіз ойланасыз. Қорыта келе айтар болсақ, компьютер ,әрине, адам өмірінде өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көру де мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасына қоса зияны да бар. 27.Сәулелі ауруға сипаттама беріңіз. Радиоактивті заттармен зақымданған жөрде түрған адам әрдайым сыртқы сәулеге үшырауы немесе сәуле ауруына үшыратуы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақым-дануы ықтимал. Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді. Жарық сәулесінің зақымдағыш әсері жарық серпінімен, яғни жарық сәулесі бағытына қарсы орналасқан үстінгі беттегі Ісм2 сәулелену кезінде өткен жарық энергиясының санымен сипатталады. Жарық серпінінің өлшем бірлігіне 1 кал/см2 алынады. 2-4 кал/см жарық серпіні кезінде қорғанбаған адамдарда бірінші дәрежедегі күйік, 4-7,5 кал/см2 кезінде екінші дәрежедегі күйік (бүршіктердің пайда болуы). 5-12 кал/см2 кезінде үшінші дәрежедегі күйік (тері жамылғыларының толық жансыздануы), 12 кал/см2 өнан жоғары болса, төртінші дәрежедегі күйік алады (тері жаппай жансызданып үлбірейді). Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адам популяциясының техногенді-ластанған аймақтарда ұзақ уақыт мекендеуі, олардың тұқым қуалау аппаратының өзгеруіне әкелуі мүмкін. Сондықтан, иондық радиацияның тұрақты төменгі дозасымен сәулеленген популяцияларды бақылаудың ғылыми практикалық маңызы зор. Адамға радиацияның әсері. Адам сәулеленудің екі түріне - сыртқы және ішкі сәулеленуге үшырайды. Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жүлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелөну дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, азонның қорғаныс қабаттары жүқара түседі, сондықтан да сәлелену жоғары. Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер үшырайды. Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосфера-дағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады. Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4-12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда түратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр (0,03-0, Ібэр). Табиғи көздерден адамның сыртқы сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бүғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар түрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бүл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері көбірек кездеседі. 28.Өндірістегі өрт кезіндегі халықтың іс-әрекетін көрсетіңіз. Өндіріс орындарындағы өрт кезінде әр қызметкердің бірінші міндеті болып материалды бағалы заттар мен адамдарды құтқару болып табылады. Өрт шыққан кезде әр қызметкер міндетті: 1. бірден 01 телефонына звондап, жақын маңдағы өрт сөндіруші мекемеге өрт туралы хабарлау және жоғарғы мекемеге, басқармаға жағдайды айту. 2. мекемеден адамдарды шығаруда қолынан келетін іс-әрекеттерін аямау. Адамдарды шығаруды ең алдымен өрт басталған ғимараттан, содан кейін өрттің таралу қаупі бар ғимараттардан шығару керек. 3. эвакуацияланған адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру. 4. эвакуциямен қатар шама келгенше өз күшімен және ғимаратта бар өрт сөндіргіш заттармен өртті сөндіруге ат салысу. 5. шақырылған өрт сөндірушілердің бастығына болған жайды дұрыс түсіндіріп бере алатын адамды дайындау.
Егер сіз отырған ғимаратта жарылыс болған болса, ең бастысы – сабырлылық сақтау. Аман шығатыныңызға сенімді болыңыз. Жарылыс болғаннан кейін бұл ғимараттан мүмкіндігінше тезірек шығу керек. Қажетті заттарыңызды жинаймын немесе қоңырау шаламын деп ғимаратта бөгеліп қалмаңыз. Егер сіздің айналаңызда заттар, бөлшектер құлап жатса жедел парта немесе столдың астына заттардың құлауы тоқтағанша тығылып қалыңыз, содан кейін тез арада ғимараттан шығуға тырысыңыз. Лифтпен пайдаланушы болмаңыз! Жарылыстан кейін өрт шыққан болса, сізге мүмкіндігінше төмен иіліп тіпті еңбектеп жүруіңіз керек, бұл жағдайда сіз тезірек ғимараттан шығуыңыз керек. Бетіңізді сулы шүберкпен немесе киіммен орап алыңыз, сол арқылы демалыңыз. Егер ғимаратта өрт болып жатса ал сіздің алдыңызда есік жабық тұрса, оны ашпастан бұран тұтқасын қолмен ақырын ғана түртіп көру керек. Егер тұтқасы ыстық болмаса ақырын ашып, көрші ғимаратта өрт жоқ па деп көріңіз де кедергілер болмаса басыңызды төмен басып сыртқа шығып кетіңіз. Егер түтін мен өрт шығуға кедергі жасаса есікті жауып басқа шығатын жол іздеңіз. Ғимараттан сонымен қатар терезе арқылы шығуға болады. Егер сіз ғимараттан шыға алмасаңыз құтқарушыларға көмек керектігі жайында белгі беріңіз. Бұл үшін киіммен немесе затпен бұлғаңыз 29. Өндірісте жарылыс болған кездегі халықтың іс-әрекетін көрсетіңіз. Егер сіз отырған ғимаратта жарылыс болған болса, ең бастысы – сабырлылық сақтау. Аман шығатыныңызға сенімді болыңыз. Жарылыс болғаннан кейін бұл ғимараттан мүмкіндігінше тезірек шығу керек. Қажетті заттарыңызды жинаймын немесе қоңырау шаламын деп ғимаратта бөгеліп қалмаңыз. Егер сіздің айналаңызда заттар, бөлшектер құлап жатса жедел парта немесе столдың астына заттардың құлауы тоқтағанша тығылып қалыңыз, содан кейін тез арада ғимараттан шығуға тырысыңыз. Лифтпен пайдаланушы болмаңыз! Жарылыстан кейін өрт шыққан болса, сізге мүмкіндігінше төмен иіліп тіпті еңбектеп жүруіңіз керек, бұл жағдайда сіз тезірек ғимараттан шығуыңыз керек. Бетіңізді сулы шүберкпен немесе киіммен орап алыңыз, сол арқылы демалыңыз. Егер ғимаратта өрт болып жатса ал сіздің алдыңызда есік жабық тұрса, оны ашпастан бұран тұтқасын қолмен ақырын ғана түртіп көру керек. Егер тұтқасы ыстық болмаса ақырын ашып, көрші ғимаратта өрт жоқ па деп көріңіз де кедергілер болмаса басыңызды төмен басып сыртқа шығып кетіңіз. Егер түтін мен өрт шығуға кедергі жасаса есікті жауып басқа шығатын жол іздеңіз. Ғимараттан сонымен қатар терезе арқылы шығуға болады. Егер сіз ғимараттан шыға алмасаңыз құтқарушыларға көмек керектігі жайында белгі беріңіз. Бұл үшін киіммен немесе затпен бұлғаңыз 30. Жанартау атқылауы кезіндегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз. Жанартау атқылауы - магма балқымаларының немесе өте ыстық қатты кесектердің, сұйық лавалардың және газ бөлшектерінің жер бетінен көрініс беру процесі. Жанартау атқылауы тек қана лавалардың төгілуімен немесе осы процеспен орайлас өрбитін қопарылыстармен сипатталады, қопарылыс барысында магма құрамындағы газдар және сол магма есебінен қалыптасқан кесектер мен күлдер зор қарқынмен аспанға атылуы ықтимал. Нақ осы жанартау өнімдерінің жер бетінен көрініс беру ерекшелігіне орай жанартау атқылауы экструзиялық, эффузиялық, эксполозиялық және эффузиялық-эксполозиялық (аралас) әрекеттер төрт түрге бөлінеді. Экструзиялық әрекет нәтижесінде өте тұтқыр лавалар жанартау тостағанынан сығымдала көтеріліп, байырғы күмбездерге ұқсас денелер түзеді; жанартаудың эффузиялық әрекеті оның көмейінен көтерілген сұйық лава ағындарының лақылдай төгілуімен сипатталады; жанартаудың эксполозиялық әрекеті жарылыстар мен қопарылыстардың көбеюімен, ірілі-ұсақты кесектер мен күлдердің және жанартау газдарының аспанға атылуымен ерекшеленеді; эффузиялық-эксполозиялық (аралас) әрекет барысында лавалардың төгілуі және ірілі-ұсақты қопарылыстар бір-бірімен алмасып отырады. Жанартау атқылауының үзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше жылға дейін, кейде одан да көп уақытқа жетуі мүмкін.Жанартау атқылауының сипатына қарай жарылыстық атқылау, вулкандық типті атқылау, гавайялық типтегі атқылау,пелей типтегі атқылау және т.б. болып сараланады. Жанартау атқылауының күнілгергі белгілері вулкандық жерсілкіну,акустикалық құбылыстар, магниттік қасиеттердің, фумаролдық саздар құрамының өзгеруі және т.б.Белгілі бір ортаны да сол жерге тән емес жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның табиғи жлмен ластануы жанартаудың атқылауына (жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500 астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдардың тұруынан, орман өрттерінен (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауынан, өлген органзмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты 31. Су басу, сел кезіндегі халықтың іс-әрекетінсипаттаңыз. Су басу – құрғак жерді уақытша су алу, апаттық құбылыс болып табылатын судың жоғарғы деңгейі. Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікті жоғарғы қабатқа, шатырға шығару керек. Үйден /пәтерден/ шығадың алдында электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікі, терезені, ғимараттағы желдету және басқа да саңлауларды нығыздап жабу керек. Құтқару жұмыстары кезінде, ұстамдық танытып, құтқарушылар талабын қатаң орындау керек. Құтқару құралдарын /катер, қайық,желкен және т.б./ шектен тыс толтыруға болмайды, өйткені бұл адамардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаға жөн. Суда қалған кезде ауыр киім мен аяқ киімді шешіп, жақында жүзіп жүрген затты пайдалану, көмек күту керек. Жақын маңдағы су баспаған жерге, ағыс қырындай жүзе тұрып бару керек. Батқан адамға шалқалай жүзіп барған жақсы. Жақындаған оны басынан, иығынан, қолынан, жағасынан ұстап, оны шалқалай жатқызып, бос қолмен аяқты семей отырып жағаға қарай жылжу керек. Қайықта батқан адамдар ағысқа қарсы, жел соққан кезде жел мен толқынға қарсы жақындау керек. Су кеткеннен кейін үзілген және ілулі тұрған электр өткізгіштерінен, зақымдалған газ желісінен сақтану қажет. Үйге кірерде оның бөлшектерінің су толқынының соққысынан теңселмейтіндігіне көз жеткізу қажет. Судан табылған азық – түлікті тасқынннан кейінгі іркілен суды пайдалануға болмайды. Сел- тау өзенінің арналарында 3-5 м/с жылдыамдықпен биіктігі 10-20 м дейін (кейбір жағдайларда 40-50 м дейін) жекелеген толқындармен қозғалатын, су мен үгілген материалдар қоспасындағы қасқағым сәтте өтетін тау тасқаны, ол салмағы 300 тонна үлкен тастың өзін оңай дөңгелетіп әкетеді. Сел қауіпі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіз шаралары: *Сел қауіпі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз. *Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз. *Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның соққысынан сырғыма мен опырылма түсуі мүмкін. *Сел арналарымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-30 м болуға тиіс. *Сел қауіпі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз. *Сел тасқынның белгісін сезген бойда арнадан қашығырақ кетіп тау беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз. 32. Халықтың қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі Қар көшуі бір қарағанда аяқ асты болатын құбылыс тәрізді. Ал шын мәнінде ол аяқ асты болмайды. Қардың жоғарғы қабатының температурасы -10° және -20° түскен кезде, жерге жақын қар қабатындағы температура 0° болып сақталады (шамамен -2°). Осылайша, қалыңдығы тіпті 40-50 см болатын қар қабатының аралығында температура айырмашылығы болады. Температураның әр түрлі болуының нәтижесінде қардың төменгі қабатында су буының қозғалыстары және қардың булануы басталады. Ақырындап қардың төменгі қабаты қопсый бастап өзінің тұрақтылығынан айрыла бастайды да, қауіпті, көшкінді қар қабатына айналады. Қар көшкінінің пайда болуы үшін бұл себептер аз. Қар көшкіні тек қардың шұғыл тау баурайында (15° тен бастап және жоғары) жинақталған кезінде ғана пайда болады. Әсіресе 30-35° шұғыл жатқан тау баурайларында өте қауіпті, мұнда қар айтарлықтай қауіптілікке жеткенше жиналады, содан барып қар көшкіні жерге қарай сырғиды. Қардыі құлауы жылы кезеңде қар жауғаннан кейін екі күннен кейін жүзеге асады. Қар көшкіні – жер шарының таулы аймақтарына тән табиғи сипат. Опырылмалардың анықтамасы – опырылмылыр деп шұғыл жар беткеәлерінде өзінің тұрақсыздығын жоғалту, байланысының әлсіздеуі салдарынан тау жыныстарының белгілі бір массасының тез бөлініп құлауы (жер, құм, тас, балшық). Тау жыныстарының опырылуы жер асты және жер үсті суларының, желдету процессі әсерінен болады. Тау жыныстарның опырылуына жер сілкінісі немесе жарылыс салдарынан жер қыртысының сәл ғана қозғалуы және жар шетіне салмақтың көп түсуі себепкер болады. Тіпті опырылманың болуы үшін адам салмағы да жеткілікті. Опырлманың пайда болына сынықтар, олардың қабатты болу сипаты себепкер болады, егер қатты және мақты блоктар арасында балшық болса, оған кішкене су немесе қар тигенде ол әлсіздене бастайды. Сол себепті опырмалар әсіресе жаңбырлы кездері, қар еріген кезде және жарылғыш заттармен жұмыс істеген кездерде жиі болады. |