Главная страница
Навигация по странице:

  • 33. Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекетіне алгоритм құрыңыз.

  • 34. АЭС-тегі авария және қоршаған ортаға радио белсенді заттар шығуы туралы хабарланғандағы халықтың іс-әрекетіне алгоритм құрыңыз .

  • 35. Радиациялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс

  • 36. Қоршаған ортаға аса қауіпті ауру қоздырғыштар таралғандығы

  • 38. Бұлшықетке ине шаншу қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз.

  • 1) Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадранттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді;

  • 3) Инъекция жасайтын жерді сол қолмен тартыңыз;

  • 6) Спиртке матырылған домалақ мактаны теріге басып, тез қимылмен инені шығарыңыз.

  • 39. Атмосфера мен литосфераны ластаушы заттардан қорғаушараларын сипаттаңыз.

  • Атмосфера ауа қабаты.

  • Литосфера жер қабаты.

  • 40. Гидросфераны ластаушы заттардан қорғау шараларын сипаттаңыз.

  • 41. Артериялық қысымды өлшеу техникасын сипаттаңыз

  • 42. Қан кетуін тоқтату әдістерін келтіріңіз.

  • 43. «Жара» ұғымын ашыңыз. Жара түрлерін келтіріңіз. Жараны стерильді өңдеу қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріңіз.

  • ОБЖ шпор каз. Кез келген организмні зіні орнына рпа алдыру, згеру жне осы згерістерді айта ндіру асиеті


    Скачать 319 Kb.
    НазваниеКез келген организмні зіні орнына рпа алдыру, згеру жне осы згерістерді айта ндіру асиеті
    АнкорОБЖ шпор каз.doc
    Дата18.12.2017
    Размер319 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаОБЖ шпор каз.doc
    ТипДокументы
    #12085
    страница4 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Сырғымалар анықтамасы – сырғымалар деп ауырлық массасы нәтижесінде тау беткейімен төмен жылжитын тау жыныстарын айтамыз. Сырғымалардың пайда болу себептері. Сырғымалар көбіне белестерде, тауларда және жыра сайларда, өзендердің шұғыл жағаларында пайда болады.
    33. Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекетіне алгоритм құрыңыз.

    ХҚО жумысшылары мен қызметшілері хабарлау дабылын естіген бойда жеке қорғану құралын киеді.Ең алдымен, оқшауландырғыш ж\е өнеркәсіптік газқағарлар киіледі. Әркім өз жумыс орнында, аварияның жойқын ссалдарын төмендету ушін барлық мумкіндікті жасауға тиіс: электр көздерін дурыс ажыратуды қамтамасыз ету, агрегатты, апаратты тоқтату, технологиялық процесс шарттарына ж\е қауіпсіздік техникасы ережесіне сәйкес газ, бу ж\е су коммуникацяисын жабу. Будан кейін қызметкерлер әзірленген панаханаға жасырынады не зақымдану аймағына шығады. Құрамаға кіретін қызметкерлер авария туралы дабыл бойынша жиналу орнына келіп, химиялық зақымдану ошағын жайлтпау мен жоюға қатысады. ХҚО төңірегінде туратын халық ҚӘУЗ шыққан авария жағдайында хабарлау дабылы мен радио бойынша хабарлауды естіген бойда тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз етіп, есік пен терезені жабуға, электр қыздырғыш ж\е турмыстық приборларды ажыратуға, пешті сөндіруге, балаларды киіндіруге қажетті киім мен тамақты табуға, көршілерді ескертуге, абыржымай көрсетілген бағытта желге қарсы уйден жылдам шығуға ТЖ жөніндегі нусқайларды алғанаға дейін шыққан жерінен кемінде мың жарым км қаышқтықтағы жақсы желдетілетін участокке баруға тиіс. Газ қағар жоқ жағдайда бірнеше секунд бойы дем алмай, зақымдану аймағынан жылдам шығу қажет. Тыныс алу органдарын қорғау ушін суға шайылған қолда бар мата буйымдарын, киісмнің тері ж\е мақталы жерлерін пайдалануға болады. Зақымдалған орын бойынша қозғалған бойда мына ережелерді сақтау керек: желге қарсы бағытта жылдам қозғалу , алайда, жугіріп, шаңдатпау қажет; жабық аулаларды, шуңқырды, құрылысты, учаскені айналып оту керек: ғимаратқа суйкенбеу ж\е айналадағы затқа тиіспеу; теріде, киімде, аяқ киімде ҚӘУЗ тамшысын байқаған бойда, қағаз ширатпасымен не бет орамалмен оны алу; мумкіндігінше, зардап шеккендерге, балаларға, қарттарға не өз бетімен қозғала алмайтындарға жәрдем корсету керек.

    34.АЭС-тегі авария және қоршаған ортаға радио белсенді заттар шығуы туралы хабарланғандағы халықтың іс-әрекетіне алгоритм құрыңыз

    Атом энергетикалық станцияларын пайдалану кезінде бірқатар елдерде жүзден астам авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарады. Радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығуының нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп радиациялық авария деп аталады. Жалпы авариялар ішінде радиациялық салдары АЭС аумағының шекарасына таралады. АЭС-да авария болғанда радиоактивті заттар сыртқы ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті:

    1)«Баршаңыздың назарыңызға!» ескеру дабылы берілген бойда радионы, теледидарды қосып, радиоактивті заттар мен шығуымен болған авария туралы хабарды ести сала, екі нұсқадан тұруы мүмкін барлық ескерту шараларын тез, саспай және мұқият орындау қажет;Бірінші нұсқада көрсетілген уақыт бойында қажет шараларды орындау.

    2)Тұрғын үй мен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерін қамту жөніндегі жұмыстарды орындау;

    3)Жеке қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану;

    4)Қозғалысты шектеу;

    5)Цистамин таблеткасын қабылдау арқылы сәуле ауруынан сақтандыру;6)Йодтың немесе калий йодының 3-5 % тұнбасын пайдаланып, йодтық сақтандыруды жүргізу: қолдану схемасы екі жасқа дейінгі балаларды йодтың басымен жеті күн бойы үш рет тамақтан кейін 100 мл суға немесе шайға калий йодының 3-5 тамшысын қосып беру; екі жасқа дейінгі балаларға жеті күн бойында тәулігіне бір рет тамақтан кейін 40 мл 2 жастан жоғары балалар мен ересектерге 125 мл мөлшерде суға қосып ішкізу; судығ азық-түлікті қорғау, оларды шаң мен өтпейтін ыдысқа сақтау; тағам өнімдерін жуып шайып; мал қораларын қымтау; радио мен теледидарды қосып қою; ықтимал көшуге даярлану; (жеке қорғаныс құралдарын, азық-түлік қорын, дәрі дәрмекті, маусымдық киім мен аяқ киімді, іш киімд, құжаттарды, ақшаны, басқа құнды және аса қажетті) заттарды әзірлеу. Екінші нұсқада көшу шараларына қатысу қажет. Яғни шекті нормадан жоғары зақымдалуы мүмкін аймақтан кету. Ғимараттан шығар алдында көшу үшін мұздатқышты тазалап, барлық электр және газ приборларын ажыратып, қоқыс салғышқа жылдам бұзылатын азық-түлікті, сұйықты, қоқысты апару керек.

    35. Радиациялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс

    Авария - технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Улағыш заттар авариясы кезінде не істеу керек

    -тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз ету қолдағы қорғаныс құралдарымен (суланған орамал, қолғап, мойынорағыш, ескі-құсқы заттар);

    - терезені жабу, газды, электржылытқышты және тұрмыстық аспаптарды сөндіру, пештегі отты сөндіру;

    - балаларды киіндіріп, қажетті жылы киімдерді және азық-түлікті, дәріқорапты алу, көршілерді ескерту;

    - тез және дүрлікпей көрсетілген бағытпен ұйымнан, үйден шығу керек;

    - егер Сіз «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналын далада жүргенде естісеңіз, мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің нұсқауына сәйкес әрекет ету керек.

    ЙОД – бұл ерекше қасиеттерге ие болып келетін химиялық элемент.». Қарапайым йод микробқа қарсы әрекет етеді, оның ерітінділері жараны зарасыздандыруда кеңінен қолданылады. Теріге тиген кезде сілекейлі қабаттар тітіркену әрекетін көрсетіп, организм әрекетіне рефлексті өзгерістер әкелуі мүмкін. Денеге сіңген кезде йод зат айналымына белсенді әсер етеді, диссимиляция процесін күшейтеді. Адам ағзасында йидтың мөлшері өте аз, бар болғаны: 20-30 мг. Йодтың адам ағзасындағы ең басты қызметі – щитовидная железа гармондарын түзуге ат салысу. Ол гармондар кез келген механикалық процесстерді жүзеге асыру үшін ағзаны энергиямен қамтамасыз етуге ат салысады, сонымен қатар толыққанды зат айналымын, биосинтез процессінің қалыпты ағысын, ағзаның дамуы мен өсуін, оның тері қабаттарының жаңарып отыруын қамтамасыз етеді. Радиациялық зақым алғанда қалқанша безінің жұмысы бұзылады, бұл зақымның соғында ағзада қалыпты йод бөлінбей қалады. Сол себепті йодты сыртай қабылдау керек. Йод көптеген ішкі ағзаларға қажет заттардың бірі. Сол себепті де оған деген қажеттілік жоғары. Қолдануды арнайны алдын ала анықталған тәртіппен қабылдаған жөн. Йодпен алдын алу 36ж үшін тұрақты йодпен йодты калиий ерітіндісін қолдану керек. Йодты калиийді тамақтан кейін шаймен, компотпен немесе сумен күніне бір рет 7-10 күн арасында қабылдау керек. 2 жасқа толмаған балаларға 1 рет қабылдау мөлшері- 0,04 грамм. 2 жастан асқан жасөспірімдерге- 0,125 грамм. 2 жасқа жетпеген баларға 5% ерітіндісінің 1-2 тамшысын 100мм сумен қабылдау керек. Ересектер үшін- 5% , 3-5 тамшы. 1 апта бойы 1 рет йод ерітіндісін тырнаққа жағып отыру қажет.

    36.Қоршаған ортаға аса қауіпті ауру қоздырғыштар таралғандығы

    ТЖ - ның пайда болуы және дамуы көбінесе зардап шегуші халықтың арасында індет аурулары мен жұқпалы аурулардың таралуын арттырады. Стихиялық апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар ошағында, сондай – ақ әскери әрекет зоналарында тіршілік ету жағдайы бірден төмендейді, адамдардың көпшілігінде механикалық жарақаттар, күйіктер және организмнің табиғи қарсы тұруын айтарлықтай төмендететін оттың шарпуы, күйзеліс жағдайын туындатады. ТЖ кезінде биологиялық қарудың аса үлкен қоры ай­маққа кең жайылып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда жарақаттанған халық төтенше дәрігерлік – санитарлық көмекті қажет етеді, ұйымдастырудың ең радикалды өзгерісі және басқару органдарының, емдеу – алдын алу мекемелерінің және санитарлық – экономикалық қызметтің жұмыстарының әдеттегі ырғағы талап етіледі. Індетке қарсы шаралар медициналық (емдеу мекемелері, төтенше медициналық көмек орталықтары және т.б.) және меди­циналық емес (құтқарушылар, халық және т.б.) күштермен және қаражат – құралдармен өткізіледі. Әрекеттердің келісілгендігін ұйымдастыру үшін әкімшілік бірақ бір – бірімен байланыссыз әртүрлі атқарушылар, жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың жанынан құрамында әртүрлі ведомостардың мамандары бар санитарлық – эпидамияға қарсы комиссиялар құрылады. Індет процесі жұқпалы аурулардан пай­да болады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың таралуы жалпы сипаттамаға ие болып, уақыт пен кеңістіктің белгілі бір шекараларында эпидемологиялық ошақ қалыптастырылады.

    Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі.

    Карантин – зақымдалу ошағын қоршаған халықтан толығымен окшаулауға және ондағы инфекциялық ауруды жоюға бағытталған эпидемияға қарсы және тәртіптік іс – шаралардың жиынтығы. Ошақ айналасында қарулы күзет орнатылады, кіруге және шығуға, сондай-ақ, заттарды алып шығуға тыйым салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң медициналық қадағалаумен жүргізіледі.

    Обсервация – оқшаулау – шығу мен кіруге және қауіпті деп жарияланған аумақтағы адамдардаң қарым – қатынас жасауын шектеуге, медициналық бақылауды күшейтуге, жайылудың алдын алу мен инфекциялық ауруларды жоюға бағытталған шектеулі іс – шаралардың жүйесі. Обсервация аса қауіпті топқа жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған кезде, сондай – ақ карантин аймағының шекарасымен тікелей жанасатын ауданда енгізіледі

    37. Аса қаупті ауру қоздырғыштары ауаға таралғанда карантин мен обсервация қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз. 

    Инфекциялық аурулар, соғысқа қарағанда адам өмірін көптеп алып кеткенін статистиканың өзі дәлелдеп отыр. Деректер мен жылнамалар орасан зор аумақты қиратқан және миллиондаған адамды жойып жіберген жан түршігерлік пандемияның сипаттамасын біздің заманымызға дейін жеткізген. Кейбір инфекциялық аурулар тек адамдарға ғана тән: азиялық тырысқақ, шешек, іш сүзегі, бөртпе сүзек және т.б. Сондай – ақ адам мен жануарларға ортақ аурулар да бар: топалаң, маңқа, сарып, туляремия және т.б. Соңдай – ақ эпидемиялар, үлкен санды адам өлімін, елдерде ашарлылық жайлауын, үлкен аймаққа созылатын ірі құрғақшылық тудыратын апатты құбылыс кезінде деорын алады. Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі.

    Карантин – зақымдалу ошағын қоршаған халықтан толығымен окшаулауға және ондағы инфекциялық ауруды жоюға бағытталған эпидемияға қарсы және тәртіптік іс – шаралардың жиынтығы. Ошақ айналасында қарулы күзет орнатылады, кіруге және шығуға, сондай-ақ, заттарды алып шығуға тыйым салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң медициналық қадағалаумен жүргізіледі.

    Обсервация – оқшаулау – шығу мен кіруге және қауіпті деп жарияланған аумақтағы адамдардаң қарым – қатынас жасауын шектеуге, медициналық бақылауды күшейтуге, жайылудың алдын алу мен инфекциялық ауруларды жоюға бағытталған шектеулі іс – шаралардың жүйесі. Обсервация аса қауіпті топқа жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған кезде, сондай – ақ карантин аймағының шекарасымен тікелей жанасатын ауданда енгізіледі

    38. Бұлшықетке ине шаншу қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз.

    Бұлшық еттік инъекциялар

    Бұлшық етке енгізілген дәрілік заттар тері астылық инъекцияларға қарағанда тезірек сіңіріледі. Бұлшық еттік инъекция жасау үшін көбінесе бұлшық ет қабаттары жақсы дамыған жерлерді таңдап алады: жамбастың жоғарғы сыртқы квадранты, жауырын асты аймағы. Бұлшық еттік инъекция кезінде дәрілік зат тері асты шел қабатына қарағанда тамырлардың көптігінен қанға тезірек түседі. Инъекция жасауға болатын жерді сүйекке бағдарлап анықтауға болады. Бұл үшін 5 бел омыртқаның қылқанды өсіндісінен сан сүйегінің үлкен істігіне дейін ойша сызық жүргізу керек. Құйымшак нерві осы сызықтан төмен орналасқан, және инъекцияны сызықтан жоғары, яғни жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантына жасау керек. Инъекция жасағанда науқас бір қырына немесе ішіне жатады, тек түрегеп тұруға болмайды.

    1) Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадранттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді;

    2) Шприцті былай ұстайды: оң қолдың екінші саусағымен поршеньді, бесінші саусағымен иненің канюлясын, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды, поршеннің сабы бос. Шприцті науқастың денесіне тік ұстайды;

    3) Инъекция жасайтын жерді сол қолмен тартыңыз;

    4) Шприцті теріге тік ұстаған бетте шешімді қимылмен инені канюляға таман Ісм қалтырып, 7-8 см тереңдікке кіргізеді;

    5) Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты енгізіңіз. Майлы ерітіндіні енгізер алдында поршеньді тартыңқырап, қан тамырына түспегеніңізге көз жеткізіңіз, тек содан кейін ғана ерітіндіні енгізіңіз;

    6) Спиртке матырылған домалақ мактаны теріге басып, тез қимылмен инені шығарыңыз.

    Санның бүлшық етіне енгізгенде шприцті сүйек қабығын зақымдамас үшін, жазатын қауырсын сияқты бұрыштап ұстау қажет.

    39. Атмосфера мен литосфераны ластаушы заттардан қорғаушараларын сипаттаңыз.

    Белгілі бір ортаны да сол жерге тән емес жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфера ауа қабаты. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдардың тұруынан, орман өрттерінен, теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауынан, өлген органзмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты. Атмосфераның ластануы табиғи және антропогенді жағдайда жүруі мүмкін. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әр түрлі ауру қоздыратын бактериалар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады.Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады.

    Литосфера жер қабаты. Яғни топырақ жамылғысын қорғау қажет. Топырақ ластануының мынандай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалық қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану.Литосфераның ластануының негізгі көздері:өндірістік өнеркәсіп;коммуналдық шаруашылық;ауыл шаруашылығы,мал шаруашылығы;мұнай өнеркәсібі т.б. Литосфераның құнарлығын бұзушылар:хим.заттар;мұнай төгілуі;топырақ және су эрозиясы;топырақ шөлейттенуі және т.б.Ластанушылардың ролін металдар мен олардың қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тынайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда. Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен оның қосылыстары жатады. Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың бірі - қорғасын.

    40. Гидросфераны  ластаушы заттардан қорғау шараларын сипаттаңыз.

    Гидросфера жердің су қабаты. Гидросфераның ластану көздері: өндірістік өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және т.б. Гидросфераның ластану түрлері:

    1)физикалық-судың мөлдірлігі бұзылады,температура өзгереді.

    2)химиялық-хим.заттардың болуымен сипатталады, ең көп болатыны: пестицидтер, тыңайтқыштар, ауыр металдар, диоксиндер т.б.

    3)биологиялық-биол.заттар көп шығады, олар суды ашытады да судың құрамында зиянды микроағзалар пайда болады. Қазіргі таңда тұшы сулардың әртүрлі ластанушылармен: песитицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Су қорларының ластануының тағы бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде ода оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңдік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды.


    41. Артериялық қысымды өлшеу техникасын сипаттаңыз

    Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатып, ыңғайлы отырғанына тексеру керек. Манжетті сол жақ қолға орналастырып, қолдың жүрек деңгейінде орналасқанына көзді жеткізу керек.

    Манжетті дұрыс орналастыру (манжетпен қолдың арасынан бір саусақ өту керек).

    Иық артериясындағы пульсті анықтағаннан кейін, шынтақ шұңқырына фонендоскопты орналастыру керек.

    Сфигмоманометрдің вентилін жауып, пульс жоғалғанға дейін грушамен ауаны толтырамыз.

    Вентилді ашамыз және баяу (2 мм/сек артпай) манжеттен ауаны шығару керек.

    Бір мезгілде фонендоскоппен иық артериясын тыңдап және манометрдің шкаласындағы көрсеткішті бақылап отыру керек.

    Алғашқы тонның пайда болуы кезіндегі монометрдегі көрсеткішті систолалық қысым ретінде белгілеу.

    Тонның жоғалуы кезіндегі монометрдегі көрсеткішті диастолалық қысым ретінде белгілеу.

    Емтихан алушының пікіріне сай келетін дұрыс систолалық және диастолалық қысым көрсеткіштері туралы дұрыс мәліметті алу.

    42. Қан кетуін тоқтату әдістерін келтіріңіз.

    Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау үшін көбіне жараға стерильді (асептикалық) таңғыш кою арқылы жүзеге асады. Мұның алдына жара шетіне 2 рет йодтың спиртті ерітіндісін жағады, ал ол жок болса, шетін этиль спиртімен, аракпен немесе одеколонмен сүртеді. Жара бетіндегі киім жыртындыларын немесе басқа денелерді (бос жаткан) еппен жара бетіне тигізбей алады. Теренде жатқан баска денелерді алмау керек, өйткені ол қан кетуді күшейтіп, жұқпа түсіруі мүмкін. Жараны жууға тыйым салынады.

    Жараға таңғыш коюға жеке танғыш пакеттер (ЖТП) немесе алдын ала дайындалған стерильді таңғыштар қолайлы.

    ЖТП резина қысқа жөне кағаз қабьщқа оралған екі макта — дөке жастықша мен бинт түріндегі стерильді (кейде антисептикалық зат сіңірілген) таңғыш материалдан тұрады. Жастықшаның біреуі жалпы бинт бойында қозғалады (таңғышты бекітуге арналған), ал екіншісі бинттін бос ұшына бекітілген. Пакетті пайдалану үпгін өуелі резина қабықты, ал содан кейін қағаз қабьщты ашады. Оң қолмен ораманы, ал сол қолмен бинт ұшын ұстап, жастықшаларды жазады да, жараға кояды. Оқ тесіп өткен жаралар кезінде жастықшанын бірін жараның кірер тесігіне, ал екінпгісін шығар тесікке қояды. Жастыкшаларды бинттеп, бинт

    ұштарын байлайды. ЖТП-ны колдану кезіндегі негізгі ереже — таңғыштың жараға салынатын ішкі бетіне қол тигізбеу (сыртқы беті қызыл жіппен тігілген).

    Жараланғандарға жөрдем көрсету кезінде асептикалық таңғыштар да қолданылуы мүмкін, олар ендірісте төмендегідей түрде шығарылады:

    1) мақта-дөке жастықшалары (65 х 43 см) мен оған тігілген тұрақтандырғыш тоқыма баудан тұратын үлкен асептикалық таңғыштар;

    2) мақта-дөке жастықшаларынан (56 х 29 см) жөне дөке бинтінен (14x7 см) тұратын кіші асептикалық тащыштар.

    Қатты қан кету кезінде оны уақытша токтату шара-ларын жасау керек. Жұмсак тіндердщ аукымды жаралануы, сондай-ақ сүйектер мен буындар зақымдануы кезінде аяқ-колды тасымалдау үпгін орнықтырып бекіту кажет. Қатты ауырсынуды азайту үшін, зардап шегушіге промедол (морфин) салады. Егер жараланушы бойынан жарақаттық шок немесе көп кан кету салдарынан жедел қан аздық белгілері сезілсе, қажетті шаралар жасалады. АМЖЖ-дан кейін жараланған адамға сіреспеге карсы алдын ала егу жұмысын жасау, антибиотиктер салу жөне өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетіледі.
    43. «Жара» ұғымын ашыңыз. Жара түрлерін келтіріңіз. Жараны стерильді өңдеу қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріңіз.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта