ОБЖ шпор каз. Кез келген организмні зіні орнына рпа алдыру, згеру жне осы згерістерді айта ндіру асиеті
Скачать 319 Kb.
|
Ядролық қару (немесе атомдық қару) – бұл ядролық оқ-дәрілердің, оларды мақсатқа жеткізу амалдарының, басқару амалдарының жиынтығы, биологиялық және химиялық сияқты жаппай жою қарулар қатарына жатады. Ядролық оқ-дәрі – ядролық энергияны пайдалануға негізделіп, ауыр ядроларды немесе жеңіл ядроларды бөлу кезіндегі тізбекті ядролық реакция кезінде босанатын жарылғыш қасиеті бар қару. Ядролық жарылыс кезінде жылдам және жоғарғы дәрежедегі энергия бөлінуі жүзеге асады, бұл кезде реакция аймағындағы тепература ондаған миллион градусқа ал қысым шамамен миллиард атмосфераға жетуі мүмкін. Сонымен қатар ол жалтылдағыш жарыққа және күркірейтін дауысқа ие. Жарқылдаған жарықтан кейін бірнеше секундта жоқ болып кететін отты шар түзіледі, ал жер үсіндегі жарылыс кезінде отты жарты шар. Отты шар орнында жүз мыңдаған биіктікке кететін мыңдаған тонна зақымдаушы радиоактивті заттар шашыртқан грибок тәрізді бұлт түзіледі. Бұлт желмен бірге жарылыс ошағынан алыстап, жүздеген километрлерге кетуі мүмкін. Ядролық жарылыс ауада, жер бетінде, жер немесе су астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторларына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады. Химиялық қару – ұрыстық қолданылуы құралдармен бірліктегі улағыш заттар. УЗ – өздерінің физика – химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде , адамдарды, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып – жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы. Оларды жеткізу құралдары – снарядтар, бомбалар, ракеталар. 1954 жылы химиялық қаруды қолдануға тыйым салынды. Бірақ АҚШ оны Вьетнамда қолдануды жалғастыра берді. Мысалы, қызғылт – сары газ құрамында диокайн бар, бұл – газ өсімдіктерді жою үшін,яғни дефолиант түрінде ойлап шығарылды.Бірақ оның кейін адам ағзасыда үлкен өзгерістер туғызатыны анықталды.Мысалы, Вьетнамдағы соғысқа қатысқан АҚШ – тың 200 мың солдатының 14%балалары неше түрлі кемтарлықпен дүниеге келсе , ал Вьетнамның жергілікті халқында шаш,тырнақ, тістің тым ерте түсуі, қартаю байқалады. Қатерлі ісік, психоз, қан ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір көбейді.Бұрын АҚШ химиялық қаруға тактикалық қару ретінде қараса, ал қазір стратегиялық қару ретінде қарайды. Химиялық қару барлық тіршілік йелеріне әсер етеді,ал материалдық құндылықтар сау қалады,оның көмегімен адамдарды қырып-жоюға немесе қатардан шығаруға болады. 16. Ядролық қарудың зақымдағыш факторларын келтіріңіз. Ядролық оқ-дәрінің жарылысы кезінде ядролық жарылыс түзіледі, оның мынандай зақымдағыш факторлары болады: -соққы толқыны -жарық сәулелену -өткіш радиация -радиоактивті улану -электромагнитті импульс -рентгенді сәулелену Ядролық қарудың зақымдағыш факторларына шалдыққан адамдар, физикалық жарақаттан басқа, қирау мен жарылыстың қорқынышты көрінісінен кейін жаман психикалық әсер алады. Электромагнитті импульс тірі организмдерге зиян келтірмегенмен техниканың жұмыс істеуіне зиян келтіреді. Соққы толқын- ауаның бірдей қосылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Оның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның п.б. Жарықты сәуле болу-ядролық қару жарылысы әсерінен пайда болады. Оның құрамында күлгін, ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Ең қауіптісі-инфрақызыл сәуле. Өткір радиация гамма сәулесінің және нейтрондар ағымы. Ядролық жарылыс нәтижесінде оның айналасындағы көтерілген радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды. Олардан арнайы панаханалар ғана қорғайды. Электрлік магниттік импульс жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның п.б.әсер етеді. Бұл фактор әсерінен бйланыс аппараттары, электрондық есеп машиналары жарамсыз болып қалады. Ядролық қарудың тіршілікке деген зияндылығының жоғарылығына байланысты оған қарсы қорғаныс іс шаралары қалыптасқан. Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде хабардар ету керек;ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы құлақтандыру қажет; радиоактивті заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіндігінше түсіндіру қажет. Жалпы ядролық радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы өте зор. Дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу қажет. Және сонымен қатар су мен тамақты міндетті түрде радиоактивтік ластануға зерттеу жасау керек. 17.Адам ағзасына әсер етуіне қарай химиялық қарудың жүйелеуін келтіріңіз. Химиялық қару – Ұрыстық қолданылуы құралдармен бірліктегі улағыш заттар . УЗ – өздерінің физика – химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде , адамдарды,өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып – жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы. Оларды жеткізу құралдары – снарядтар,бомбалар, ракеталар.1954 жылы химиялық қаруды қолдануға тыйым салынды.Бірақ АҚШ оны Вьетнамда қолдануды жалғастыра берді.Мысалы,қызғылт – сары газ құрамында диокайн бар, бұл – газ өсімдіктерді жою үшін,яғни дефолиант түрінде ойлап шығарылды.Бірақ оның кейін адам ағзасыда үлкен өзгерістер туғызатыны анықталды.Мысалы, Вьетнамдағы соғысқа қатысқан АҚШ – тың 200 мың солдатының 14%балалары неше түрлі кемтарлықпен дүниеге келсе , ал Вьетнамның жергілікті халқында шаш,тырнақ, тістің тым ерте түсуі, қартаю байқалады. Қатерлі ісік, психоз, қан ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір көбейді.Бұрын АҚШ химиялық қаруға тактикалық қару ретінде қараса, ал қазір стратегиялық қару ретінде қарайды.Химиялық қару барлық тіршілік йелеріне әсер етеді,ал материалдық құндылықтар сау қалады,оның көмегімен адамдарды қырып-жоюға немесе қатардан шығаруға болады. Қарудың бұл түрі басқаларға қарағанда арзан дайындалады. Мысалы,улағыш заттар тактикалық қолданылуына байланысты өлім қатерін уғызатындар: зарин,зоман,В-газдар,иприт;қатардан уақытша шығаратын : ипкапостанттар (дене жағдайына әсер етеді),кереңдік, соқырлық , анафилактикалық шок; Тітіркендіргіш әрекеттік: аданет,хлориникрит болып бөлінеді. Химиялық қаруды қолдану мақсаттары: 1.Уақытша қатардан шығару 2.Жою 3.Адамдарды тірі роботқа айналдыру 4.Өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану 18. Радиобелсенді көздерді сипаттаңыз. Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені артпайды. Радиоактивті заттар құрамында радиоактивті изотоптар бар жасанды немесе табиғи заттар. Тұрақтылығы аздау кейбір элементтератомдары ядроларының неғұрлым тұрақты энергетикалық күйге өтуі нәтижесінде радиоактивті құлдырау, яғниатомдарда іштей қайта құрылу процесі жүреді. Р.з. альфа, бета-бөлшектер мен гамма-сәулелер шығараалады, оның залалдау әрекеті адамдар мен жануарлардың сырттай сәулеленуі түрінде көрінеді. Радиоактивтісәулеленудің зиянды биологиялық әрекеті тірі клеткалардың иондануы ағзадағы химиялық өзгерістердің әртүрлі процестері арқылы көрінеді. Бұл клеткалар мен тканьдердің тіршілік әрекетінің бұзылуына, ал күшті әсереткен кезде бүкіл ағзаның радиоактивті сәулеленуі мен ауруының дамуына, яғни сәуле ауруына шалдығуынаәкеп соғады. Табиғи радиоактивті элементтерді шартты түрде 3 бөлуге болады:
Биосферада жасанды радионуклиттермен пайда болған сәулелер жасанды радиацияның пайда болуына алып келеді( АЭС-тердегі апаттар, өдерлі өнеркәсіптердің қалдықтары). Радиациялык ластанудың негізгі көздері — альфа, гамма және бэта, сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермеш жоне басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады. Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшерше қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде адам ұзак уакыт сәуле ауруына шалдығады. 19,«Дезактивтендіру», «дегаздау», ДЕЗАКТИВАЦИЯ дегеніміз-радиоактивті (РЗ) заттармен ластанған нәрселерді тазалау. Оларды дененің үстінен сыпырып немесе жуып кетіруге болады.Немесе Дезактивация – жұмысшының денесі мен киіміндегі радиоактивті дақтардан жою, сонымен қатар бөлме, лабораториялық жабдықтар, ыдыстар. Дегаздау – улы объектілердің жұғу дәрежесінің рұқсат етілген нормаларына дейінгі төмендеуі (техниканың, кийімнің, адам терісінің жамылғысы, су және т.б.). Немесе қатты әсер ететін улы заттарды жою, бейтараптандыру немесе оларды үстіңгі бетпен зақымданудың жол берілетін нормаларына дейін немесе толық жою-дегазация деп аталады. Оны жүзеге асыру заттардың сапасына және түрлілігіне байланысты болады. Тағы бір анықтама дегазация – ластанған денелерден УЗ-ды жою. ДЕЗИНФЕКЦИЯ(ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ) – бұл жұқпалы аурулар мен бактериалдық қоздырғыштардың, вирустық этиологиялардың (тұрғын жайдың үстінен, инвентарларды, қондырғыларды немесе микробтарды, вирустарды, күнделікті қолданатын заттарды препарат ерітіндісімен жуу арқылы жоюдың) алдын-алу шаралар кешені. Еден жуу, сүрту, кір жуу арқылы жұқпалы микробтар жойылмайды. Оларды тек жоғарғы температураны пайдаланып және 2-3 сағат қайнатып қана жоюға болады. ДЕРАТИЗАЦИЯ – алдын-алу және жойғыш шаралар жүйесі, кеміргіштердің санын азайту мен эпидемиологиялық жағдайда өте қауіпті және экономикалық шығындар әкелуін жоюға бағытталған. Халықты қалайша санитарлық тазалаудан өткізеді? Адамдарды санитарлық тазалаудан өткізу дегеніміз – радиоактивті және улағыш заттарды, сонымен қатар адамның терң қабатындағы және сілекелі оболочкалардағы бактериалық заттарды жою. Адамдарды санитарлық тазалау кезінде киімдерге, аяқ киімдерге және жеке санитарлық заттарға дезактивизация, дегазация және дезинфекция жасалады. Өткізу шарттарына, уақыт пен қажетті материалдарға байланысты санитарлық тазалау толық және сирек болып бөлінеді. Адамдарға санитарлық тазалауды сирек өткізу түрі негізінде профилактикалық сипатқа ие. Ол зақымдану ошағындағы химиялық зақымдану кезінде және зақымдану ошағынан шыққаннан кейінгі радиактивті зақымдану кезінде жүргізіледі. Санитарлық тазалауды адамдардың зақымдануын максималды түрде төмендету үшін және алдын алу үшін жүргізеді, әсіресе тері қабаттарының зақымдану деңгейінің жоғары болған кезінде. 20.Зиянды химиялық заттардың жүйеленуін келтіріңіз Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі. Химиялық өнiмдi жiктеу адамның өмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi шараларды қолдану мақсатында жүргiзiледi. Химиялық өнiм өндiрiлу және қолданылу процесiнде мынадай қауiп түрлерiн: 1) өрт қаупiн; 2) жарылыс қаупiн; 3) коррозиялық активтiлiктi; 4) уыттылықты төндiруi мүмкiн. Адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды әсер етуi мүмкiн қасиеттерi бар химиялық заттар мынадай санаттарға бөлiнедi: физикалық-химиялық қасиеттерi бойынша: 1) жарылғыш заттар; 2) тез тұтанатын газдар; 3) тез тұтанатын сұйықтар; 4) тез тұтанатын қатты заттар; 5) тотықтырғыш заттар және органикалық пироксидтер; 6) уытты заттар; 7) коррозиялаушы заттар; уыттылық қасиеттерi бойынша: 1) күштi әсер ететiн улы заттар; 2) улы заттар; 3) зиянды заттар; 4) күйдiргiш заттар; 5) көздiң және (немесе) терiнiң кiлегей қабықшаларының тiтiркенуiн туғызатын заттар; 6) сенсибилизациялайтын әсерi бар заттар; адамның денсаулығына ерекше әсер етуi бойынша: 1) канцерогендер; 2) мутагендер; 3) ұрпақты болу функциясына уытты әсер ететiн заттар; қоршаған ортаға әсер етуi бойынша: 1) қоршаған сулы орта үшiн қауiптi заттар; 2) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшiн қауiптi заттар. Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері. Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар. Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті. 21.«Шу», «діріл» ұғымдарына анықтама беріңіз, ағзаға әсері, олардан қорғану жолдарын сипаттаңыз. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай – адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттармен қирауларды айтады. Сондай қауіптердің бірі – шу болып табылады. Шу – қалалардағы атмосфераның ластану түрі. Атмосфераның ластануының адам ағзасына өте қауіптілігімен маңызды. Оның жағымсыз әсері шудың белсенділігіне, спектрлік құрамына және әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Шудың жазық түрі азырақ әсер етсе, ол тар интервалдағы шу көбірек әсер етеді. Ең үлкен дәрежеде зиян келтіретін шу 3000 – 5000 Гц диапозонды болады. Шу тек қана есту мүшелеріне ғана емес, сонымен қатар адамның жүйке жүйесінің орталығына, жүрек жұмысына, басқа да аурулардың тууына әсер етеді. Дыбыстардың ішінен өте күшті әсер етуші вертолеттер мен самолеттер болып табылады. Вибрациялар – серпімді дене мен айнымалы физикалық өрістің ықпалында болатын шамалы механикалық толқулар берілу жолдары бойынша, бағыты бойынша, уақыты бойынша классификацияланады. Вибрация жоғары биологиялық іскерлікке ие факторлар қатарына жатады. Әсер тетуші вибрация деңгейімен ағзаның жауап беру реакциялары арасында сызықтық байланыс жоқ. Оның себебі резонанстық байланыс жоқ. Виброизоляция – вибрация тарапынан қорғаныс. Виброизоляция жасау үшін серпімді материалдардан алынған амортизаторлар қолданылады. Вибрация белгілі бір мөлшерде адам ағзасына жағымды ісер етеді. Алайда вибрациялық потология пайда болады. Бұл вибрация кезінде туындайтын ауру түрі. 22.Лазер сәулесі, ультрадыбыс, инфрадыбыстың ағзаға әсерін көрсетіңіз. Ультрадыбыс (лат. ultra – шектен тыс, үстінде және дыбыс) – адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді толқындар. Ультрадыбысты жануарлар (жарғанаттар, балықтар, жәндіктер) қабылдай алады. Ал тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары инфрадыбыстар деп аталады. Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды, бірақ олар белгілі бір дәрежеде адам организміне әсер етеді. Мысалы, 5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік аралығында инфрадыбыстар бауырдың, асқазанның, көкбауырдың тербеліс амплитудаларын арттырады, көкірек қуысында ауыртпалық туғызады, ал 12—14 Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері болғандықтан, олар техникада кеңінен қолданыс таппаған. Алайда инфрадыбыстардың бірнеше жүздеген километрге таралу мүмкіндігі оның әскери мақсатта, балық аулау кәсібінде пайдаланылуына жол ашты. Ультрадыбыстар, керісінше, физикалық және технологиялық әдістерде кеңінен қолданылып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады. Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі — оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады. Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді. Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар — қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады. Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтакталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады. Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт бойы қабылдауы жүйке жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін. Лазерлі құрылғылар, күшті жарық көзі болып табылады, оптикалық диапазондағы электромагниттік сәулелермен, ол қалыпты жарық көздерінен монохромдылығымен, когеренттілігмен, сонымен қатар күн сәулесінен бөлінетін энергияға тең 109 Вт көлеміндегі энергияның жоғарғы қарқындылығымен бөлінуі. Лазерлі сәулелермен сәулелену кезінде ағзада, мүшелерде, тіндерде, тірі жасушаларда дамитын, биологиялық нәтиже, лазерлі сәулелердің арнайы ерекшеліктеріне жатады. 23.Иондаушы сәулелер, олардың ағзаға әсерін, қорғану жолдарын сипаттаңыздар. Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы. Қазіргі кезде иондаушы бөлшектердің бақылау және тіркеу үшін өте нәзік тәсілдер мен құралдар қолданылады. Иондаушы сәулелер деп электрон, протон, нейтрон, альфа-бөлшек, мезон, фотон және т.б. сол сияқты қарапайым бөлшектер ағынын айтамыз. Бөлшектердің заттың атомындағы электрон немесе ядромен өзара әсерлесу кулондық, электромагниттік , ядролық күштер арқылы жүзеге асады. Мысалы, газдарға түскен иондаушы бөлшектердің әсерінен еркін электрондар мен иондар туындайды. Сәулеленудің үш түрі грек харіпінің алғашқы әріптерімен аталды: альфа, бета және гамма. Кейіннен альфа-бөлшектің гелийдің алты, ондық ядросы; бета-бөлшектің электрон екендігі, гамма-сәуленің электромагнитті сәулелену екендігі анықталды. Радиоактивтік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма-квант заттармен ықпалдаса отыра өз энергиясын иондануға жүмсайды. Осы сәулелердің ортақ термин ретінде мына сөздер пайдаланылады: иондаушы сәулелену, иондағыш радиация немесе жай ғана радиация. Иондаушы сәулелену - элементті бөлшектер ағынынан (электрон, протон, нейтрон, позитрон) және электрон магнитті сәулелену кванттарынан түратын сәулелену, олардың заттар мен ықпалдасуы бүл заттарда әр түрлі заттардың пайда болуына алып келеді. Радионуклид - атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың атомы. Бірдей зарядтары бар, алайда атомдық салмағы әр түрлі атомдар осы элементтің изотоптары деп аталады. Радон - дәмі мен иісі жоқ түссіз газ, ауадан 7,5 есе ауыр, радийдың ыдырау өнімі болып табылады. Радон жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сыртқы ауадағы жинақталуы көлемнің әр түрлі нүктелері үшін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырақ эмиссиясын қоспағанда минералдық тектегі қүрылыс материалдары: қиыршық ақ тас, цемент, кірпіш және т.б. радон көздері бола алады. Барлық жыныстарда уран мен торий кездеседі. Ал кейбір жыныстарда, мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін. қүрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал қүрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдың едәуір үлкен мөлшерін бойында үстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уақыт болатындығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. 24.Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау, Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады. |