Главная страница
Навигация по странице:

  • 44. «Десмургия» ұғымын ашыңыз. Таңу түрлерін келтіріңіз. Таңғыш материалдарды, таңу техникасын, ережесін атаңыз.

  • 45. ТЖ кейін авариялық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуін сипаттаңыз

  • 46. Сүйек сынуы кезінде жүргізілетін алғашқы көмекті сипаттаңыз.

  • 47. Реанимация тәсілдерін сипаттаңыз.

  • 48. Клиникалық және биологиялық өлім белгілерін ажыратыңыз.

  • 49. Жүрекке массаж жасау техникасын келтіріңіз.

  • 50. Өкпені жасанды үрлеу техникасын келтіріңіз.

  • 51. ТЖ кезінде іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуін сипаттаңыз.

  • 52. Күйікке ұшырау, үсікке шалыну кезінде көрсетілетін

  • ОБЖ шпор каз. Кез келген организмні зіні орнына рпа алдыру, згеру жне осы згерістерді айта ндіру асиеті


    Скачать 319 Kb.
    НазваниеКез келген организмні зіні орнына рпа алдыру, згеру жне осы згерістерді айта ндіру асиеті
    АнкорОБЖ шпор каз.doc
    Дата18.12.2017
    Размер319 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаОБЖ шпор каз.doc
    ТипДокументы
    #12085
    страница5 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Жара — механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген, тілінген, тесілген, мылжаланған, т.б. болып ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан Жараны кесілген Жара (оның шеті тегіс);ине,біз, пышақ кірген Жараны тесілген Жара, сынғанда не бірнәрсе қатты қысып қалғанда болатын Жараны мылжаланған Жара (айналасы қанталап, жырымдалып тұрады), хирургиялық операциядан кейінгі Жараны кездейсоқ Жара деп атайды. Ит қапқанда пайда болатын Жараның шеті жырым-жырым болады. Жара асқынып, неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесінің де жаралануы мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орнына, мөлшеріне, адамның жоғалтқан қан мөлшеріне байланысты. Әсіресе, адамның басына, кеудесіне және ішкі органдарына түскен Жара қауіпті. Жараның қай түрі болса да, оны ең алдымен тазартып, қанын тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген Жара асқынып кетпей, тез жазылады. Инфекция түсіп, іріңдеп, ісінген Жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсис, күбіртке, гангрена, т.б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін. Егер адамды ит қапса, тез арада емханаға апарып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, Жарасын таңу керек. Жараның тез бітуі адамның жалпы денсаулығына байланысты. Ұзақ ауырып, жүдеген, қаны аз адамның Жарасы көпке дейін жазылмайды.

    44. «Десмургия» ұғымын ашыңыз. Таңу түрлерін келтіріңіз. Таңғыш материалдарды, таңу техникасын, ережесін   атаңыз.

    Десмургия — жара мен сынықты таңу, байлау туралы ғылым. Жарақат түскен кезде міндетті түрде және одан кейін де ластанады. Сондықтан жарақат тез жазылып кетуі үшін оны алғаш рет дұрыс таңудың маңызы зор. Егер мүмкіндік болса, медицина мекемесіне барып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, жарасын тандыру қажет. Жарақаттың қай түрі болса да ең алдымен қайын тоқатып, оған микроб түспеуі үшін дереу тандыру керек. Стерильденген дәкеден жасалған таңғыш өте қолайлы. Жараны тайраңда дәкенің үстіне мақта салады да, орап тасталды. Жарақатты таңу жөніндегі белгілі бір ережені сақтаған жөн: жарақатты жууға болмайды, өйткені оған іріңдететін микроб түсуі мүмкін. Жарадағы ағаттық жаңқасын, киімнің жыртылған жерінің шүберегін не топырақты, олар жарақаттың бетінде көрініп тұрса ғана алуға болады, бірақ жарақатқа қол тигізу ге мүлде болмайды. Стерильденген материал - бинт болмаса, жарақатты ыстық үтікпен үтіктелген таза шүберекпен таңады. Егер жапан далада жарақаттанған адам жарасын таңатын арнайы ештеме табылмаса, онда отқа киіз немесе шүберекті күйдіре қақтал барып, жара бетіне салады да, жақсылан таңып тастанды. Содан кейін сырқатты ауруханаға жеткізу керек. Аяқ қолы ауыр жарақаттанып, сүйегі сынған адамды алғаш сынықтық екі жағына жақтау салып барып таңады. Үй жағдайында жарақатты таңудан бұрын оған қажетті заттың барлығын дайындап алу керек. Жарақатты таңу алдында көмек көрсететін адам көйлегінің жеңін шынтағынан жоғары түріп, тырнағын алуы тиіс, қолын сабындан жуып, орамалмен мұқият сүртіл құрғатуы қажет, ал шұғыл қимылдау керек болған жағдайда қолын спиртпен сүртеді.

    Жарақаттың үстін стерильденген дәке мен және сутегі тотығына немесе спирт кем алынған мақтамен бастырып, жараны мұқият жуады, есте болатын жағдай жараға микроб түспеуі үшін оны ішінен сыртына қарай жуу керек. Содан кейін жарақатқа тигізбей, айналасына йод жатады. Жарақатты уақытша таңған дәке салфетканы алып тастап, стерильденген дәкені бірнеше қабаттан салады. Қысқыш (пинцет) болмаса, дәкені шетінен ептеп ұстайды. Салфетканы бүктемей, жазып салу керек. Ал дәкенің үстіне тегістеп, онша қалыңдатпай гигроскопиялық (дұрыс — стерильденген) мақта салады. Содан кейін мұның барлығын дәкеден жасалған бинтпен орап байлайды.

    45.ТЖ кейін авариялық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуін сипаттаңыз

    Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы. Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

    Төтенше жағдайлардын алдын алу - адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше жағдайлардың пайда болуын едәуір төмендетуге бағытталған және алдын ала жүргізілетін кешеңдік шаралар. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай объектілік, жергілікті, өңірлік және жаhандық болып бөлінеді; төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар; төтенше жағдайлардың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені

    Төтенше жағдайды жою - төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту үшін, сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар.


    46. Сүйек сынуы кезінде жүргізілетін алғашқы көмекті сипаттаңыз. 

    Сүйектің сынуы.

    Сүйектің сынуы. Адам қатты құлағанда немесе басқаша оқыс жағдайда сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну, шытынап сыну. Әсіресе ересек адамдардың сүйектері морт сынғыш, оның себебін өздерің түсіндіруге тырысыңдар. Морт сынғанды - ашық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін. Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Шендеуішке кез келген қатты заттар (тақтай, таяқ, қатқыл қағаз) жарайды. Алдымен жарақаттанған жерге жұмсақ мата салады. Матаның үстіне шендеуішті қойып, аяқ немесе қолмен бірге (сынған мүше) қатты таңып тастайды. Қозғалмалы буындар орналасқан жерін де қамтиды. Кейде қозғалтпау үшін сынған қолды тұлғамен қосып таңады. Егер бассүйек жарақаттанса, жарақттанған жерін ептеп тазалап, таңып, үстіне суық шүберек басуға болады Ашық сынған жердің алдымен аққан қанын тоқтатып, жараны тазалап алып, шендеуіш салады. Дәрігердің көмегі ауадай қажет. Ашық сыну өте қауіпті, өйткені сүйектерұсатылып кетеді. Сүйектің бітіп қайта қалпына келуі сүйектің сыртқы қабына байланысты.

    Шытынап сыну

    Шытынап сыну (жабық сыну) - бұл сынудың жай түрі . Мұндай сүйектің сынған жерінде шытынаған сызат пайда болады. Морт сынудағыдай (күрделі сыну) сүйек бөлініп, үгіліп теріні тесіп жарақаттамайды. Шытынап сыну да ауыртады, сынған жері домбығып іседі. Себебі сүйекте жүйкелер мен қантамырлар болғандықтан, ауырған жері тез білінеді. Мұндай жағдайда қатты таңып, ауырғаны әбден басылғанша тыныштық қалыпты сақтау керек.

    Сынған сүйектерді орнына келтіріп салушы адамды сынықшы деп атайды.
    47. Реанимация тәсілдерін сипаттаңыз. 

    Егер адамның аяқасты демалуы мен жүрегінің жұмыс істеуі тоқтап қалса жүргізіледі.
    Реанимацияны қалай дұрыс жүргізу керек?
    Бірінші минуттен-ақ зардап шеккеннің дем алуын қалыпқа келтіру керек. Бұл үшін еденде жатқан немесе жолда жатқан зардап шегушіге барынша оң қолыңызбен басын артқа жіберу керек, қолыңызды маңдайына қойып, екі саусақпен мұрынын қысу керек. Сол қолдың жұдырығын оның мойнының астына қой немесе буылтық болса, онда екінші қол бос болу үшін буылтықты қойған жөн.
    Өзіңізге терең демді алып, бет орамал арқылы зардап шегушінің аузына дем шығарыңыз. Қалыпты дем алу орнына келгенше, ауаны минутіне 16-18 рет ырғақпен алу керек.
    Аяқасты жүрек қызметін тоқтатқанда, бірден жүректі жанамалай сылау керек: оңы тегіс, қатты жерге шалқасынан жатқыз. Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, көкіреутің төменгі үштен бір бөлігіне өзге қолыңыздың алақаны қойылған қолдың үстіне қойыңыз. Минутіне 50-60 рет көкіректі қуатты ырғақпен басыңыз, көкірек клеткасының ашылуы үшін, әр итерген сайын қолды жібер. Көкірек клеткасының алдыңғы қабырғасы 3-4 см терендікке ғана басылу керек.
    Жүректің жанама сылауы жасанды дем алумен сәйкес келу керек. Мұндай жағдайда зардап шегушіге 2 немесе 3 адам көмек көрсету керек. Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды, екіншісі – «ауызға ауыз» әдісі арқылы жасанды дем алдырады. Үшіншісі – зардап шегушінің басын оң жағында тұрып ұстап тұрады және жүрекке жанама сылау жасау мен жасанды дем алдыруды үздіксіз жүргізу үшін көмек көрсетіп жатқандардың біреуін ауыстыруға дайын тұруға міндетті. Дем алып жатқан кезде көкірек клеткасын басуға болмайды.бұл шаралар кезекпен жасалады: 4-5 рет көкірек клеткасын басу керек (демді алғанда). Жасанды дем алдыру мен жүректі жанама сылау сәйкестігі клиникалық өлу жағдайындағы адамды реанимация (тірілту) жасаудың қарапайым тәсілі.
    48. Клиникалық және биологиялық өлім белгілерін ажыратыңыз. 

    Мидың өлімі – жүрек жұмыс істеп тұрғанда және өкпені ықтиярсыз желдету кезінде тіркелетін мидың барлық қызметінің толық және біржола тоқтатуы.

    Мидың өлімі диагнозын белгілеу үшін мынадай клиникалық белгілердің жиынтықта болуы қажет:

    1) естің толық және тұрақты жоқ болуы;

    2) өкпені жасанды желдету аппараты ажыратылған кезде өз бетімен тыныстың тұрақты жоқ болуы;

    3) барлық бұлшықеттердің атониясы;

    4) сыртқы тітіркендіргіштерге және басқа да рефлекстерге жұлынның деңгейінен жоғары тұйықтаушы реакцияның жойылуы (тригеминальды, корнеальды, окулоцефалиялы, окуловестибулярлы фарингеальды, трахеялы нүктелер аймағында қатты ауыртатын тітіркендіргіштерге реакцияның болмауы):

    5) қарашықтың тұрақты кеңеюі мен ареактивтілігі және орта жағдайда олардың бекітілуі, (қарашықты кеңейтетін заттар қолданылмағаны, көз алмалары қозғаусыз екендігі мәлім болу керек);

    6) гипотензияға тенденция - 80 миллиметр сынап бағанасы және одан төмен, кенеттен болатын гипотермия.

    7) Өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратынан қарапайым ажыратумен тыныс алудың жоқтығын тіркеуге жол өз бетімен тыныс алудың болмауы берілмейді, өйткені бұл даму үстіндегі гипоксияның ағзаға, ең бастысы миға және жүрекке зиянды әсерін тигізеді. Ауруды ӨЖЖ аппаратынан ажырату арнайы ажырату тестінің (апноэтикалық оксигенация тесті) көмегімен жүзеге асырылуы керек.
    Клиникалық өлім - көрінетін өмір белгілері (жүрек қызметі, тыныс алу) білінбейтін, орталық нерв жүйесінің қызметтері өшетін, бірақ ұлпадағы зат алмасу үдерістері сақталатын, өмір мен өлім арасында шектесетін терминалдық жағдай. Бірнеше минутқа созылып, тіршілік қызметін қалпына келтіру мүмкін болмайтын биологиялық өліммен алмасады.
    49. Жүрекке массаж жасау техникасын келтіріңіз.

    Жүрекке жабық массаж жасау: жүрекке жабық массаж жасау нәтижесінде әдеттегі қан айналысының 10-30 пайыз қалпына келуі, бұл ми қабығы жасушаларының өліп қалмауына жағдай жасайды. Жүрекке сырттай массаж жасарда зардап шегушіні шалқасынан жерге, үстелге немесе қатты төсекке жатқызады. Кеудесін жоғарырақ көтеріп, ал басын шалқайтып қойған жөн.

    Ауру адам клиникалық өлімде болған кезде кеуде бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, осы кезде кеудені күшпен басатын болсақ, онда ол 5-6 см-ге майысады да, жүректі қысады. Сонда қан жүретің сол жақ қарыншадан қолқаға құйылып, одан бүіл денеге тарайды, миға барады, жүректің өзін көріктендіреді. Бір мезгілде қан жүректің оң жақ қарыншадан өкпеге барып, оттегімен қанығады. Кеудені басып тұрып қоя берген кезде, ол кеңейіп, қалпына келеді, сол кезде жүрекке көк қан тамыры арқылы қан сорылады. Осыны қайталай беріп қанды тамырларға уақытша жүргізуге болады.

    Жүрекке жабық массаж жасау техникасы: көмек көрсетуші сол жағынан тұрады. Төстің төменгі жағына бірінші алақанды төсеп сонан кейін оның үстіне екінші алақанды қойған жөн. Саусақтармен кеудені қатты басуға болмайды, қабырғаларды сындырып алуға болады. Көмек көрсетуші омыртқаға қарай кеудені 4-5 см ығыстырады, массаж жасағанда құтқарушының қолы түзу болу керек. Мүндай қозғалыстар минутына 60-80 рет, балаларға 100-120 рет жасалынады.
    50. Өкпені жасанды үрлеу техникасын келтіріңіз.

    Өкпені жасанды тыныс алдыру: Алдымен зардап шегушіні қатты жерге жатқызып, басын артқа қарай шалқайтып, егінің астынғы жағын алға қарай жылжытып, науқастың аузын ашу керек. Содан соң салфеткаға оралған саусақпен науқастың ауыз-қуысын тазалау қажет: құсықтан, қаннан, құмнан, жасанды тістен. Тілін шығарып туйреуішпен бекітіледі. Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру. Ол екі әдіспен жүргізіледі: «ауызға-ауыз», «ауыздан-мұрынға».

    «Ауыздан-ауызға» дем жіберу үшін, дем беруші бір қолымен маңдайынан басып, науқастың басын артқа шалқайтады да терең дем алып науқастын мұрнын қысып, аузына дем жібереді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкіндік береді. Дем жібергенде көкірек қуысы 4-5 см көтерілуі керек. Егер ауа өткізетін түтікшелер болса, солар арқылы да дем жіберуге болады. Сондай-ақ арнайы резенкеден немесе пластмассадан жасалған Амбу қапшықтарын қолдануға болады. Егер де реанимацияны бір құтқарушы жүргізсе, онда кеудені 15 рет басқанда өкпеге 2 рет ауа үрлейді.

    «Ауыздан-мұрынға» әдіс кезінде зардап шегушінің жағы қарысып немесе жарақаттанған кезде, аузының шырышты қабығы күйікке шалдыққанда қолданылады. Бұл әдіспен жасанды демалуды жүргізу үшін құтқарушы бір қолымен маңдайынан басып зардап шегушінің басын артқа шалқайтады, мұрын қуысын тазалайды, екінші қолымен жақты жоғары көтеріп ауызды жабады. Мұрынға салфетка немесе қол орамал төсеп, ауа үрлейді. Тынысқа ауа беру жиілігі минутына 16-18 рет.

    Балаларға жасанды тыныс алдыру кезінде ерінмен ауыз бен мұрынды қатар қамтиды, ауаны азырақ үрлейді, ересектерге қарағанда жиі, баланың жасына қарай. Басқа қолданылатын әдістер Сильвестр, Шефер әдістері.
    51. ТЖ кезінде іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуін сипаттаңыз.

    Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде.

    Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:

    • көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;

    • жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;

    • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;

    • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;

    • оларды шығару;

    • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;

    • халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;

    • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;

    • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

    Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

    • басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

    • зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

    • зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

    • зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;

    • өрт сөндіру ;

    • коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

    • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

    • осал құрылыстарды күшейту.


    52. Күйікке ұшырау, үсікке шалыну кезінде көрсетілетін

    Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.

    Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр. Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады.

    Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға

    әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).

    Алғашқы жәрдем. Шектеулі термиялық күйікте дереу күйген жерді құбырмен жеткізілетін сумен 10-15 минут уақыт салқындату қажет. Осыдан кейін күйген жерді таза, стерилденген таңғышпен байлау керек. Ауыруды бәсеңдету үшін ауыртпайтын дәрілер қабылдау керек (анальгин, амидопирин және т.б.). Көлемді күйіктерде стерилденген таңғыш байланған соң, азап шеккен адамға ыстық шай ішкізу кажет. Ауыртпайтын дәрілер беріп және жылылап орап, оны тез арада емдеу мекемесіне жеткізу керек. Егер тасымалдау кешіксе немесе ұзаққа созылса, сілтілі-тұз қайнамасының қоспасын беру керек (1 ас қасық қайнатылған тұз және ½ ас қасық ас содасы 2 стақан суға ерітілген). Бірінші 6 сағатта күйгеннен кейін азап шегуші 2 стақаннан кем емес ерітіндіні 1 сағат ішінде алу қажет.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта