Главная страница
Навигация по странице:

  • Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою Мақсаты

  • Жел шығаратын түтікті қою Мақсаты

  • Ескерту

  • Қолдану көрсетілімдері

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Дәрілік клизманы қою Мақсаты

  • методическая разработка. ішек№10 (2). Клиникаа дейінгі тжірибелік сабаты дістемелік нсамасы Таырыбы


    Скачать 3.57 Mb.
    НазваниеКлиникаа дейінгі тжірибелік сабаты дістемелік нсамасы Таырыбы
    Анкорметодическая разработка
    Дата10.11.2019
    Размер3.57 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаішек№10 (2).docx
    ТипДокументы
    #94331
    страница5 из 6
    1   2   3   4   5   6


    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

    2. Гигиеиалық деңгейде қолды тазартыңыз, халатты, масканы, қолғапты, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

    3. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз,оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

    4. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызын, оның оң аяғы тізе буынынан бүгіліп ішіне қарай келтірілуі керек.

    5. Жүйені дайындаңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшына 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.

    6. Сол колдың І және II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің саңылаусыз ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жоғасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке еңгізіңіз.

    7. Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты еңкейткен қалыпта науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.

    8. Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.

    9. Құйғыштың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағала), құйғышты жаймен жоғары көтеріңіз.

    10. Құйғышты кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны енкейте ұстаңыз, құйғыш қайтадан аққан сұйыктықпен толғанша күтіңіз, ішіндегі сұйықтықты шылапшынға құйыңыз.

    11. Құйғышты қайтадан сумен толтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз.

    12. Құйғышты шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтіктің сыртқы ұшын шылапшынға 10-20 минутка салып койыңыз.

    13. Сүңгіні ептеп шығарып алыңыз.

    14. Анус тесігі айналасын тазартыңыз.

    15. Сифон клизмасына арналған жүйені және құйғышты зарарсыздандыру ертіндісіне салып қойыңыз.

    16. Қолгапты, алжапқышты, халатты, масканы, салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз


    Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою

    Мақсаты: тік ішек арқылы дәрі-дәрмектерді енгізу.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұштықты, алмұрт тәрізді баллоншаны (спринцовканы), қолғапты , салфеткаларды, шпательді, вазелин майын, лотокті, тағайындалған ертіндіні (май, эмульсия, тұзды ерітінді), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз.

    4. Науқасты кушетканың шетіне сол жақ қырына қарай жатуын, іш бұлшық еттерін босату үшін тізелерін бүгіп, оларды ішіне қарай келтіруін сұраңыз.

    5. Шпательді қолдана отырып, алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығына вазелин майын жағыңыз.

    6. Су моншасында t-380С дейін жылытып, даярланған ерітіндіні лотокқа құйыңыз.

    7. Баллоншаны қысып, онан ауаны шығарыңыз, баллоншаның ұштығын лотокқа салып, оны ашыңыз, баллоншаға даярланған ерітіндіні сорып алып, онан ауа қалдығын шығарыңыз.

    8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жеңіл айналмалы қозғалыспен ептеп анал тесігіне еңгізіңіз. Алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығы 10-12 см тереңдікке енгізіледі.

    9. Ақырын резеңке алмұрт тәрізді баллоншаны қысып, дәрілік ерітіндіні еңгізіңіз.

    10. Сол қолмен алмұрт тәрізді баллоншаны ұстап отыра, оң қолмен оны «жоғарыдан төмен» бағытта, қалдық ерітіндіні тік ішекке қарай итере қысыңыз.

    11. Анал тесігіне салфетканы ұстап отыра, ептеп айналмалы қозғалыспен алмұрт тәрізді баллоншанын ұштығын тік ішектен шығарыңыз, теріні салфеткамен алдынан артына қарай бағытта сұртіңіз. (бұтаралықтан анал тесігіне қарай).

    12. Науқастың бөкселерін тығыз қысыңыз, клеенка мен жаялықты жинап алыңыз.

    13. Пайдаланған ұштықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    14. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, салфеткаларды контейнерге салыңыз.

    15. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

    Жел шығаратын түтікті қою

    Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.

    Қолдану көрсетілімдері: іш кебу, ішек атониясы, жібіту клизмасын қойғанда.

    Қарсы көрсетілімдері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек жэне анус тесігі аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаған геморройда.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, шпательді, қолғапты, вазелинді, клеенканы, жаялықты, халатты, алжапқышты, судноны сумен, салфеткаларды, әжетхана қағазын, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз.

    2. Наукасты кермемен қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).

    3. Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

    4. Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызып, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    6. Жел шығаратын түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.

    7. Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос ұшын оң қолдың IV және V саусақтарымен кысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.

    8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

    9. Науқасты шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.

    10. Жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға немесе лотокқа салыңыз.

    11. .Жел шыкқанда (су көпіршіктің шығуы бойынша) көзіңізді жеткізіңіз, суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратып түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.

    12. Науқастың қал жағдайын әрбір 20-30 минут сайып бағалаңыз.

    13. Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.

    14. Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.

    15. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз.

    16. Қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


    Ескерту: егерде ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақта тәулігіне 2-3 реттен кем емес.
    Майлы клизманы қою

    Максаты: емдік: ішек бұлшык еттерін босансытуға, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.

    Қолдану көрсетілімдері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату. жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.

    Қарсы көрсетілімдері: асказан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокті, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенканы, жаялықты, вазелин майын, 100-200 мл мөлшердегі майлы ертіндіні, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контеинерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялыкты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

    3. Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтірілуі керек.

    4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киініз.

    5. «Су» моншасында t – 380С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

    6. Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыныз.

    7. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

    8. Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.

    9. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.

    10. Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцінен шығарып алыңыз.

    11. Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.

    12. Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншанын ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

    13. Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.

    14. Науқасқа ынғайлы жағдай жасап және терең демалуын сұраңыз. 10-12 сағат ішінде деңе жағдайын өзгертіуін сұраңыз.

    15. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

    Ескерту:

    • емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;

    • майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз;

    • наукас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет;

    • майлы клизманы түнде қою қажет.

    Дәрілік клизманы қою

    Мақсаты: емдік: жуан ішекте орналасқан (жергілікті әсері) қабыну процесінде немесе ағзаға толығымен әсер ету (жалпы әсері) мақсатымен, басқа да әдістерімен дәрілерді енгізүге мүмкіншілігі болмаса тік ішек арқылы дәрілік затты енгізу.

    Қолдану көрсетілімдері: тік ішекке жергілікті әсер етуге (қантышқақ, бейспецификалық ойық жаралы колит), жалпы әсерін тигізу үшін құрысып-тырысуда, қозуда, дәрілік затты тік ішекке енгізу.

    Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кетуде, жуан ішек және анус аймағындағы жедел қабыну немесе ойық жара процесінде. Тік ішектің қатерлі ісігінде, ас-қорыту жүйесіне операция жасағаннан кейінгі бірінш күндерде, анус аймағының сызатында немесе тік ішектің түсүінде, қанаған геморройда.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 50-100 мл дәрілік ерітіндіні, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, вазелинді, клеенканы, халатты, ал жапқышты, су термометрін, шпательді, қолғапты, жаялықты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты, халатты, ал жапқышты киіңіз.

    3. Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

    4. Дәрілік клизма қояр алдында 20-30 минут бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

    5. «Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл дәрілік ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

    6. Жел шығаратын түтіктін саңлаусыз домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелин майып жағыңыз.

    7. Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы тізе буынан бүгілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.

    8. Сол колдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жел шығаратын түтіктің домалақ ұшын абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен анал тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

    9. Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын-ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтікке жалғастырып, дәрілік ерітіндіні жаймен жел шығаратын түтікке аз мөлшерде кішкене қысыммен еңгізіңіз.

    10. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.

    11. Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесс Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарыңыз.

    12. Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап кысып , оң қолымен жел шығаратын түтікті шыгарыңыз.

    13. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    14. Анал тесігі айналасын тазартыңыз.

    15. Науқасты ескертініз: дәрілік клизма жасағаннан кейін, ол тосекте 1 сағаттай арқасымен немесе сол жақ кырымен жатуы қажет.

    16. Халатты, ал жапқышты, қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

    Ескерту: емшара алдында науқас қуығын босатуы керек.

    Тұзды (гипертониялық) клизманы кою

    Мақсаты: ішектің созылып, керіліп, жиырылуын күшейту және мол сұйықтықтың ішек тесігіне жиналу арқылы жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен және желден босату.

    Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек ісінуінде.

    Қарсы көрсетілімдері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну, ойық

    жара процесінде, анус аймағының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: тұзды ерітіндіні (10% натрий хлорид 100-200 мл), алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, лотокті, қысқышты, салфеткаларды, клеенканы, шпательді, қолғапты, жаялықты, вазелин майын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, контейнерді.

    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта