Главная страница
Навигация по странице:

  • Стомасы бар пациенттер реабилитациясы.

  • Тамшы клизмасы. Мақсаты: организмдегі сүйықты көбірек жоғалтса немесе көп қан кетсе, солардың орнын толтыру.Дәрілік клизма.

  • Клизма қойғаннан кейін құралдарды өңдеу

  • 2 Тапсырма. Карточка-информатор. Сөздер

  • Гастростома - асқазан тесігі Гастросомия

  • Илеостома- іштің алдынғы бетіндегі мықын ішегі аймағындағы жасанды тесік Илеостамия

  • Колостомия – тоқ ішекті іштің алдыңғы бетіне шығару отасы Постуральды дренаж

  • Стома - тесік Трахеотомия

  • Эпицистостома – іштің алдыңғы беті арқылы зәр бөлінуі үшін қуыққа салған жасанды тесік ІІІ. Іс - дағдыларды көрсету.

  • Стандарт бойынша іс-дағдыны көрсету. Тазарту клизмасын қою

  • Қолдану көрсетілімдері

  • методическая разработка. ішек№10 (2). Клиникаа дейінгі тжірибелік сабаты дістемелік нсамасы Таырыбы


    Скачать 3.57 Mb.
    НазваниеКлиникаа дейінгі тжірибелік сабаты дістемелік нсамасы Таырыбы
    Анкорметодическая разработка
    Дата10.11.2019
    Размер3.57 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаішек№10 (2).docx
    ТипДокументы
    #94331
    страница3 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Пациентті стома күтіміне үйрету. Стома күтімін орындай тұрып, пациенттің күтімді үйренуге әзірлігін бағалау қажет. Сөзбен де мимика арқылы да пациентке қазіргі жағдайына байланысты ынтымақтастық білдіру керек. Үйретуді жоспарлай отырып, адамның әр түрлі фундаментальды қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты, барлық мәселелерді алдын ала ойластыру керек:

    • өмір сүру натижесіндегі бөлінділерді қалыпты бөлуді;

    • жағдайға сәйкес тамақтануды;

    • күнделікті өмірде қауіпсіздікті сезіну, жанұя мен достарының қолдауын сезіну;

    • стоманы күту дағдыларын игеруде қолдауды сезіну;

    • стомаға психологиялық бейімделуі;

    • басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі болуы.

    Пациентті нәжіс қабылдағышын қалай ауыстыратынына үйрету және стационардан шығар алдында жазбаша нұсқау беру. Үйретуге әдетте үш-төрт сабақ қажет болады. Бірінші сабақ барысында пациент шара сатыларын мейірбике орындауында бақылайды. Ол стома қол тигізгенді «сезбейтінін» айтады және қызыл түс оның жағдайынынң жақсы екенін білдіреді. Пациентті қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берілуі тиіс (егер сұрақтар медициналық мейірбике білімі шеңберінде болса). Екінші сабақта пациент нәжіс қабылдағышты әзірлеуге, теріні тазартып оны стома айналасы ортасына қоюға көмектеседі. Үшінші сабақта ол өз-өздігінен медициналық мейірбике бақылауымен нәжіс қабылдағышты ауыстырады. Кейбір пациенттерге тәжірибе көбірек қажет болуы мүмкін. Ондайда сабақ көбірек жоспарланады.

    Пациентте стационардан шығар алдында қапшықшалар мен жабысқақ пластиналар қоры болуы тиіс. Ресей Федерациясы Үкіметінің 1994 жылғы 30-маусымдағы №890 бұйрығына сәйкес стомасы бар пациенттер нәжіс қабылдағыш пен пластиналарды ақысыз алуға құқылы. Мәскеуде денсаулық сақтау комитетінің бұйрығы бойынша стомасы бар пациенттерге реабилитациялық көмек бөлмесі ашылды. Сол сияқты стомалы аурулар Ассоциациясы жұмыс жасайды.

    Үйрету пациентке өздігінен стоманы күтуге қажетті дағдыларды игеруге көмектесуі керек. Оқыту жоспарына кіретіндері:

    • қажетті жазбаша нұсқауларды құрастыру;

    • пациентте оған қол жетімді тездікпен стоманы күту дағдыларын дамыту және жаттықтыру;

    • пациентпен стоманы кутуге байланысты түсініксіз жағдайларды түсіндіру мақсатымен әңгімелер өткізу;

    • жанұя мүшелерімен жұмыс жасау, стомасы бар науқастар туыстарының күту жұмысына қатысуын әрдайым қолдау қажет (егер ол келіссе);

    • егер дәрігер тапсырса бөлінген нәжіс (зәр) көлемін бақылау. Оқыту нәтижелерін оқыту жоспары хаттамасына тіркеу керек.

    Нәжіс қабылдағышты ауыстыру жиілігі пациент оның қандай түрін пайдаланып жүргеніне байланысты. Бір компонентті адгезивті нәжіс қабылдағышты ішіндегі бөлінділерге толуы ортасына жеткенде немесе пациент қапты алып журуде ыңғайсыздық пайда болса ауыстырылады. Қажеттігі болмаса нәжіс қабылдағышты жиі ауыстырмаған жөн, себебі тері тітіркенеді және зақымданады. Екі компонентті жабысатын пластинасы бар жүйе 3-4 күнге қалдырылады, ал жабылатын және дринажды қапшалар ыңғайлы мерзімге ауыстырылады.

    Нәжіс қабылдағышты ванна бөлмесінде ауыстырған жөн, бірақ дәретханада да ауыстырып үйренген дұрыс, себебі дәретхана - ең осындай шараны үйден тыс орындауға ыңғайлы орын. Стоманы күтуге қажетті заттар бірге қақпағы жабылатын бір ыдыста сақтаған жөн және олардың пайдалануға дайын күйінде болғаны дұрыс. Нәжіс қабылдағышты ауыстыру үшін қажеттері:

    • жаңа нәжіс қабылдағыш (сәйкес түрі мен өлшемдері);

    • стома өлшемдері өзгергенін не өзгермегенін тексеру үшін өлшегіш (трафарет). Оны медициналық мейірбике береді;

    • пациент пайдаланатын қосымша материалдар (мысалы, «Стомагезив» пастасы эпилятор, фен, дезодорант және т.б.) қағаз сүлгі мен салфеткалар, жұмсақ ысқыш, сабын, қайшы, пластырьлар,

    • қағаз қап, пластикалы пакет не газета (пайдаланған нәжіс қабылдағышқа);

    • кішкене қайшылар (мүмкін болса домалақталған, екіншісі үшкірлі);

    • қосымша қысқыш (дренаждалатын нәжіс қабылдағыш үшін)

    • кішкене айна.

    Стомасы бар пациенттер реабилитациясы.

    Пациентті мынаған сендіру қажет: стомамен өмір - ол ауру емес. бірақ отадан өткен бірінші жылы адам, сәбилерше стомамен өмір сүруге үйрену керек. Мәселе тек қана стоманы күтуде емес, сонымен қатар психологиялық адаптацияда.

    Көпшілік жағдайда стомасы бар пациент отаға дейін сүрген қалыпты өміріне, үйреншікті жұмысына оралады. Бірақ оларға ауыр көтеруге не қарқынды қол жұмыспен айналысуға болмайды. Егер стомасы бар пациент жұмысы ауыр физикалық жүктемелерге байланысты болса, жұмысты ауыстыру қажеттігі пайда болуы мүмкін. Пациент үйіне оралғанша, жұмыс жағдайын талқылаған жөн. Стомасы бар пациент стоманы күтуге қажетті заттарымен, нәжіс қабылдағышымен саяхатқа шығуына болады.

    Пациентке отаға дейінгі өмір сүру салтын жалғастыру ұсынылады. Бірақ ол спорттың қақтығысу, соғылу болуы мүмкін түрлерінен қашық болғаны дұрыс. Жүзумен, тенниспен айналысуға болады. Физикалық дайындық бағдарламасын алдын ала таңдауға болады.

    Автомобильмен жүргенде қауіпсіздік белбеуі стомадан жоғары не төмен келетіндей етіп, қию, жол жүргенде стоманы күту жабдықтарын қол жүгімен бірге алып жүру қажет. Бұндайда бір рет қолданылатын нәжіс қабылдағыштар ыңғайлы. Пациенттерге пайдаланылған жабдықтарды тастауға, әр түрлі жоспарсыз болуы мүмкін жағдайларға қосымша керектерді алып жүру үшін пластикалық пакеттер алып жүру ұсынылады.

    Асты шамамен қабылдау, әсіресе жаңа тағамдарды сақтықпен қабылдаған жөн. Стомасы бар адамға әсіресе, «саяхатшы іш өтуі» болуы мүмкін жағдайларда су ішуде өте сақтық қажет.

    Стомасы бар пациент сексуалды қажеттілігін де қанағаттандыра алады. Көбіне медициналық мейірбикелер еститін сөздер: «меніңше, мен ешқашанда жасай алмаймын...» не «Менің әйелім қызық...». медициналық мейірбике не хирург осы мәселені пациентпен ашық талқылауы керек. Пациентке және оның партнеріне осы тәжіірибеде тиімді қалыпты таңдауға көмектесу керек. Шетел зерттеушілері деректері бойынша, стомасы бар ер адамдардың 15%-да сексуалды белсенділігі төмендеген, бұл психологиялық себептерге байланысты болуы мүмкін. Үйреншікті сексуалды өмірге оралу отадан кейінгі бейімделуіне байланысты. Егер пациент қиындықтарды сезсе, мамандар кеңесі қажет. Стома салу отасы жүктіліктің пайда болуына, сәби көтеруге және босануға кедергі бола алмайды.

    Эпицистостома күтімі

    Кейбір ауруларда, мысалы, простота безінің аденомасында зәрдің табиғи ағымы бұзылады, қуықтың жоғарғы тұсы кесіледі. Ота барысында эпицистостома (уростома түрі) - қасаға үсті тұсынан қуық-зәр жыланкөзі салынуы мүмкін.

    Кез келген денені өзгертетін отада пациент болашақ жағдайы ерекшеліктері туралы толық ақпаратты қажет етеді. Зәр қалай ағатынын пациентке, оның туыстарына дәрігер айтып түсіндіреді.

    Егер эпицистостома ұзаққа қалдырылса не тұрақты болады деп есептелсе, зәр дренажды Пеццер не Малеконың басты катетері арқылы іске асырылады. Олар жыланкөз қалыптасқан болса, бекітуді қажет етпейді. Катетердің зәр тастарымен бітелмеуі, бұзылмауы не ауыстырған кезде басы сынып қалмауы үшін дәрігер катетерді кемінде айына бір рет ауыстырады. Егер катетер кездейсоқ шығып кетсе, оны қалай салуға болатынын пациентке көрсету керек.

    Катетердің дистальды шеті түтік арқылы зәр қабылдағышпен қосылады. Егер пациент жүрсе, зәр қабылдағыш оның балтырына не санынабекітіледі, ал жатса кереуетке ілінеді.

    Эпицистостомасы бар пациенттер ұзақ мерзім бойы амбулаториялық бақылауда бола алады. Егер пациент жағдайы және жасы үйреншікті істерімен айналысуға мүмкіндігі болса, оған ешқандай қарсы көрсетпелер жоқ.

    Гастростома күтімі

    Гастростома - асқазандағы іштің алдыңғы бетіне шығарылған тесік. Гастростоманы көмекейдің, жұтқыншақтың, өңештің ауыр жарақаттары мен ауруларында, өңешке отадан кейін, отаға келмейтін өңештің, жұтқыншақтың қатерлі ісіктерінде салынады. Гастростома тек қана науқасты тамақтандыру мақсатында қойылады. Қазір хирургтардың көбі бұл ота ешқандай ыңғайлықты бермейді, өмірді ұзарта алмайды деп есептейді.

    Гастростомаға тұрақты тығынымен жабылатын түтік қойылады, түтік тығыны ас қабылдау аралықтарында жабылады. Пациентті гастростоам арқылы тамақтандырғанада ол есінде екені есте болу керек, ал ол үшін шара тек қана тамақтану емес, сонымен қатар кезекті ас қабылдау, сондықтан дастархан тиісінше жабдықталуы қажет. Тамақтану кезінде пациент отыруы керек. Асқазанға енгізілген зондтан тығыны алынады, ол құйғышпен қосылады, алдымен құйғышқа аз-кем (30 мл) су құйылады. Су құйғыштан кете бастағанда ас қосылады. Осыдан кейін зонд арқылы тағы аз-кем су құйылады. Егер пациент гастростомамен үйге қайтуы тиіс болса, оны біртіндеп өзін-өзі күтуге үйрету керек.

    Стома айналасының терісі күнде тазартылады, себебі асқазан сөлі тиіп тітіркендіреді. Тітіркендірудің алдын алу үшін байлап-таңуды күнде ауыстыру қажет, стома айналасына мырышты май жағылады.

    Клизма – дегеніміз тік ішек арқылы тоқ ішектің төменгі бөлігіне емдеу және диагностика мақсатымен әртүрлі сүйықтарды енгізу.

    Клизма түрлері:

    а) тазалау; ә) майлы; б) гипертониялық; в) сифон; г) тамшы; д) дәрілік

    Тазалау клизмасы тоқ ішектің төменгі бөлігінде жиналып, кідіріп қалған үлкен дәретті, желді шығару үшін қолданылады. Тазалау клизмасын жасау үшін Эсмарх кружкасын пайдаланады.

    Көрсеткіші:

    • іш қату, операция алдында, босанар алдында, дәрілік микроклизма және тамызғыш клизма жасар алдында.

    Қарсы көрсеткіш:

    • асқазан және ішектен қан кету;

    • тоқ және тік ішектегі өткір қабыну және жаралы процестер;

    • тік ішек қатерлі ісіктері;

    • асқорыту мүшелерінің оепрациясынан кейінгі алғашқы күндер;

    • тік ішектің түсуі мен жарылуы;

    • қансыраған геморрой.

    Майлы клизмалар -тік ішекке арқылы майларды , тоқ ішектің қабыну

    процессін азайту және организмге дәрі- дәрмек және қоректік заттарды енгізу үшін

    Қолданылатын майлардың түрі: күнбағыс, зәйтүн, кендір және вазелин майлары.

    Бір рет майлы клизма жасауға 50-100мл май керек. Оны қолданар алдында 37-380 C

    қа дейін жылытып алады. Майлы клизма резенке баллонмен немесе Жанэ шприцімен жіберіледі. Енгізілген май ішектің қабырғаларын және үлкен дәретті жібітіп жұмсартады да оны 10-12 сағат ішінде сыртқа шығуына көмектеседі. Майлы клизмаларды түнде жасайды.

    Қарсы көрсеткіші:

    • тік ішектің және ішектен қан кеткенде, іш бүлігінде.

    Гипертониялық клизма.

    Мақсаты: ішектің перистальтикасын күшейтып, ішек қуысынында сұйықтық транссудациясын көбейте отырып, тоқ ішектің төменгі бөлігін нәжістік массадан, газдан босату.

    Қолдану көрсеткіштері :

    • Атониялық іш қату.

    • Операциядан кейінгі кезең.

    Қарсы көрсеткіштері:

    • Тоқ ішектің төменгі бөлектерінің өткір қабыну процестері

    • Жаралы процестер

    • Аналь тесігінің жарылуы.

    Сифон клизмасы.

    Мақсаты:тоқ ішекті нәжіс массасынан, улардан, токсиндерден, ашыған және іріген тамақтардан, кілегейлерден, іріндерден қайта-қайта шаю арқылы босату, сонымен қатар ішек өтіндігін тексеру үшін. Сифондық клизма негізінде қатынасқан сосудтар принципі жатыр.

    Қолдану көрсеткіштері:

    • Тазарту және босату клизмалрының нәтижесі болмаған кезде.

    • Науқасты ішек операциясына дайындау.

    • Ішек өтймдігіне күмәнданған жағдайда.

    • Ішектен уларды, токсиндерді, ашыған және іріген тамақтарды, іріндерді, кілегейлерді шығару үшін.

    Қарсы көрсеткіштері:

    • Тоқ және тік ішектегі өткір жара процестері.

    • Асқазаннан және ішектен қан кету.

    • Тік ішек қатерлі ісіктері.

    • Асқорыту мүшелерінің операциясынан кейінгі алғашқы күндер.

    • Тік ішектің түсуі және жарлуы.

    • Іш майының тамырлар эмболиясы немесе тромбозына күдіктену.

    Тамшы клизмасы.

    Мақсаты: организмдегі сүйықты көбірек жоғалтса немесе көп қан кетсе, солардың орнын толтыру.

    Дәрілік клизма.

    Мақсаты:тік ішектегі қабыну процестеріне(орнықты әсер) немесе организмге жалпы басқа жолмен дәрі дәрмектерді енгізу болмаған кезде тік ішекке дәрілерді емдеу мақсатымен енгізу.

    Науқасты даярлау: дәрілік клизманың алдында 30-40 минут бұрын тазарту клизмасын жасау.

    Жел шығарғыш түтікті қолдану.

    Қолдану көрсеткіштері:

    • метеоризм (ішекті газ бөлінуінің жоғары болуынан немесе газдың шығуының нашарлауынан болған іштің кебуі)

    • ас қорыту мүшелерін эндоскопиялық тексеруге даярлау.

    Қарсы көрсеткіштері:

    • асқазаннан және ішек қан кету;

    • тоқ ішек пен тік ішектегі өткір қабыну және жаралы процестер;тік ішек қатерлі ісіктері;

    • тік ішектің түсіп кетуі мен жарылуы;

    • қансыраған геморрой.

    Жел шығаратын түтікті қолдану.

    Мақсаты: ішектегі газды шығару үшін.

    Көрсеткіш: Іш кебу(метеоризм),ішек атониясында, дәрілік клизманы қою үшін.

    Клизма қойғаннан кейін құралдарды өңдеу

    Ұштықты, жел шығаратын түтік, асқазан зонды манипуляция жасағаннан соң залалсыздандыру алдындағы Өңдеудің бірінші үш кезеңінен өтеді:

    1. 0,06% деохлор ерітіндісі бар бөлек ыдыста жуады.

    2. 0,06% деохлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды.

    3. Ағынды су астында шаяды.

    Залалсыздандыру алдындағы өңдеуден соң, резеңке бұйымдар автоклафқа салынады: қысым 1,1 атм, t-120°С, уақыты 45 минут.

    2 Тапсырма. Карточка-информатор.

    Сөздер

    Сипаттамасы

    Асфиксия-

    тұншығу

    Гастростома -

    асқазан тесігі

    Гастросомия-

    жасанды тамақтандыру мақсатымен ас қабылдайтын жылан көз жасау ортасы

    Илеостома-

    іштің алдынғы бетіндегі мықын ішегі аймағындағы жасанды тесік


    Илеостамия-

    мықын ішгін іштің алдынғы бетіне шығару ортасы


    Колостома –

    іштің алдыңғы бетінде тоқ ішектің өрлеу,көлденең,сигма тәрізді бөлігіне не бүйенге салынған жасанды көтеншек

    Колостомия –

    тоқ ішекті іштің алдыңғы бетіне шығару отасы


    Постуральды дренаж –

    дене қалпымен дренаждау


    Стома -

    тесік

    Трахеотомия –

    кеңірдекті тілу,кесу


    Трахеостома –

    кеңірдектегі жасанды тесік


    Уростомия –

    іштің алдыңғы бетіне шығарылған мықын ішегі арқылы зәр бөлінуі үшін жасалған жасанды тесік отасы

    Эпицистостома –

    іштің алдыңғы беті арқылы зәр бөлінуі үшін қуыққа салған жасанды тесік


    ІІІ. Іс - дағдыларды көрсету.

    Стандарт бойынша іс-дағдыны көрсету.
    Тазарту клизмасын қою

    Максаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.

    Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.

    Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған гсморройда.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұштықты, Эсмарх крушкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолғапты, мақта немесе дәке тамнондарын, пинцетті, шылапшынды, дәрет ыдысын судно (егерде процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-220С-дағы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, әжетханалық қағазды, су термометрін, клеенканы, жаялықты, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты. Қауіпсіз жоюға арналған контейнерді (ҚЖАК).


    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта