методическая разработка. ішек№10 (2). Клиникаа дейінгі тжірибелік сабаты дістемелік нсамасы Таырыбы
Скачать 3.57 Mb.
|
Трахеостоманың стационардағы күтімі.Трахеостома арқылы енген ауа әдеттегідей мұрын және жоғарғы тыныс жолдары арқылы өткендегідей жылытылмайтыны,ылғалданбайтыны,қоспаларынан тазартылмайтыны әрдайым есте болуы тиіс.Сондықтан трахеостомасы бар адам әр түрлі инфекцияны қабылдауға өте тиім,тыныс жолдарының инфекциялануының алдын алу тұрақты түрде орындалуы тиіс.Ол үшін қажеттілері: ауаны ылғалдандырылатын,жылытатын сыртқы жағдайды пайдаланып,тыныс жолдарын ылғалдандырылған ауамен қамтамасыз ету қажет.Осылай сөлдің жабысқақтығы төмендетіледі; ауыз қуысын күту қажет,себебі онда сілекей,кілегей жиналуы,еріндер жарылуы мүмкін.Сондықтан ауыздан,көмекейден еппен кілегейлерден тазарту,еріндерді,тілді,ауыз қуысын қарау, ауызды физиологиялық ерітіндімен ылғалданған тампонмен тазалау керек;еріндерді ылғандандыратын кремдермен майлау қажет; өкпені желдететін барлық жабдықтарды әр 24 сағат сайын ауыстыру керек; түтікті күтетін кез келген жерге түсіп кеткен зат ауыстырылуы керек; тыныс алу аспаптарында конденсация нәтижесінде пайда болған сұйықтық алынуы тиіс.(Оны ешқашан ылғалдағышқа құюға болмайды!). жағдайға сәйкес тамақтанумен қамтамасыз ету. Ішек стомасын күту Илео-, колостома.Үлкен дәретті (нәжісті) көтеншек арқылы бөлу мүмкін болмаған жағдайларда, ішектің әр түрлі деңгейінде жасанды тесік жасалады.Мысалы,илеостома – мықын тоқ ішегі аймағындағы тесік бейспецификалық жаралы колитте,жедел ішек бітелуінде,әр түрлі жақтарда және т.б. жағдайларда салынады. Ота кезінде сау мықын ішек бөлінділері бөлінетін жаңа тесік қалыптастырылады. Илеостома уақытша не тұрақты бола алады.Әдетте ол іштің төменгі бөлігінде оң жақта орналасады. Колостомада сау тоқ ішектің ашық шеті іштің алдыңғы бетіне шығарылып бекітіледі,ішек бөлінділері шығатын жаңа тесік қалыптастырылады.Осы жағдайда асқорыту жолдары илеостомадағы сияқты қалыпты жұмысын жалғастырады.Стома бір-екі бағанды не тұзақты, қабырға жанынан немесе тұмсықты бола алады.Колостома – тоқ ішектің өрлеу не көлденең бөліктеріне салынады.Ол да уақытша не тұрақты салынуы мүмкін.Уақытша стома ішек жарақаттарында(атудан алынған жарақаттар, тесілген жарақаттар, жол апаттарындағы зақымдалуларда),жеңіл іше бітелуінде салынады. Отадан кейінгі күтім. Стоманы отдан кейін егу – емдеу бөлмесінің мейірбикелері не стоматерапевтер бақылайды.Стоманы тұрақты бақылап,оның түсі бағаланады.Ішек түсінің қызылдығы, оның өмір сүру қабілетін білдіреді,ал қан айналымы бұзылған ішек қоңыр түсті.Стома мен тері тігісінің бүтіндігі бақыланады. Отадан кейін бірден стома арқылы алғашқы 24 – 28 сағатта кілегей бөлінеді.Ішек жұмысы қалыпқа келуіне байланысты стома арқылы ішектен жел бөліне бастайды.Стоманың барлық түрінде де ішектен шығатын бөлінділер алдында сұйық болады.Стома орналасқан орнына байланысты бөлінділер сипаты өзгереді.Су алмасуы бұзылуы,тері тітіркенуі белгілері пайда болуы мүмкін. Стома күтімінің маңызды бір бөлігі – теріні қорғау.Стома айналасы терісі ішек бөлінділері әсерінен тітіркенуі мүмкін."КонваТек" фирмасы – стома(илео-,коло- және уростомалар) салынған ауруларға бұйымдар жасаудың көшбасшысы – лидері,жабысқақ пластиналар – теріні тітіркендірмейтін компоненттерден жасалған. Пластина науқас терісінде 7 күнге дейін тұра алады,салғанда жеңіл жазылады,қыртыстанбайды,екінші тері сияқты.Осы пластинаға сенімді түрде жинайтын қап бекітіледі,бөлінділер жан – жаққа ақпайды.Одан басқа колостома айналасындағы тері дәрілік заттармен тазартылады(дәрігер тағайындауы бойынша).Олар тек қана теріні нәжіс тиюінен сақтап қана қоймайды,сонымен қатар қабынуға қарсы әсер етеді.Мысалы,Стомагезив - паста("КонвоТек" фирмасы) ол тек қосымша қорғау және емдеу құралы емес,сонымен қатар ол пластинаның денеге сенімді қосылуына ықпал етеді. |