методическая разработка. ішек№10 (2). Клиникаа дейінгі тжірибелік сабаты дістемелік нсамасы Таырыбы
Скачать 3.57 Mb.
|
Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз, науқасты кермемен қоршаңыз. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. «Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл тұзды ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз. Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз ұшына вазелин майын 20-30 см ұзындығына жағыңыз. Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп ,оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз. Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғастырып, жаймен тұзды ерітіндіні енгізіңіз. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз. Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып алыңыз. Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз. Аналь тесігі аймағын тазартыңыз. Науқасты арқасына бұрылып жатуын сұраңыз. Науқастың қал жағдайын сұраңыз. Ұштыкты, жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды, жуып кептіріңіз. ІV Өзіндік жұмыс Оқытушы жұмыс жоспарын құрастырады..Әр оқушының жұмыс орнын, уақытын және қандай жұмыс шараларын жасайтын тізімін анықтау қажет. Оқушылардың өз бетінше жұмысы кезінде, оқытушы оқушылардың қасында жүріп бақылайды. -белсенді, белсенді емес науқастарға емшаралар жүргүзу техникасың; -емшараларды жүргізу кезінде науқастарды бақылауды; - жабдықтарды өңдеуді; - жел шығарғыш түтікшені қоюды; -емшараға мейіргер мен науқасты дайындауды; -стомаларды күту ерекшеліктерін; - пациентті және оның туыстарын стомаға өздік күтім көрсетуді үйретуді; -зәр жинағыш және памперстерді қолдануды; -қолданылған жабдықтарды өңдеуді -жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз етуді -тазарту және сифон майлы, гипертоникалық, дәрілік клизмаларын өткізу техникасын; V. Игерген іс-дағдыларды бекіту №3 Тапсырма. Карточкамен жұмыс. №4 Тапсырма. Карточкамен жұмыс.
№5 Тапсырма. Дұрыс жауабын тап
№6 Тапсырма. Тест- бақылау І нұсқа 1. Сифон клизмасын жүргізгенде зонды енгізіледі тереңдікке (см): а) 30-40 см в) 8-10 см с) 10-15 см д) 50-70 см е) 70-80 см 2. Майлы және гипертония клизмасын жүргізгенде зонды енгізіледі тереңдікке (см): а) 35-40см в) 8-10см с) 20-30см д) 50-70см е) 70-80 см 3. Гипертония клизмасын жасағаннан кейін, науқас дәретке отырады: а) 20-30 минуттан кейн в) 5-10 минуттан кейін с) 15-20 минуттан кейін д) 10-12 сағаттан кейін е) 1 сағаттан кейін 4. Микроклизмаға арналған дәрілік препаратты мынадай температураға дейін қыздырады: а) 25-27° в) 30-32° с) 36-37° д) 41-42° е) 42- 43° 5. Босату (гипертония) клизмасын жүргізу үшін керек: а) 100 - 150мл су в) 1,5 - 2л гипертониялық ерітінді с) 8 - 10л су д) 100 – 200мл гипертониялық ерітінді е) 200-250мл су 6.Тазалау клизмасын жүргізгенде зонды енгізіледі тереңдікке (см): а) 35-40см в) 8-10см с) 10-20см д) 50-70см е) 70-80см 7. Тік ішеккке жел шығаратын түтікшені енгізеді: а) 35-40см в) 8-10см с) 20-30см д) 50-70см е) 70-80см 8. Тазалау клизмасын жасағаннан кейін, науқас дәретке отырады: а) 20-30 минуттан кейн в) 5-10 минуттан кейін с) 15-20 минуттан кейін д) 2 сағаттан кейін е) 3 сағаттан кейін 9.Тазарту клизмасын қоюдың қарсы көрсеткіші: а) уланулар в) іш қатулар с) асқазан- ішек трактісінен қан кету д) операцияның алдында е) іште ауа жиналса 10. Тазалау клизмасын қою үшін керек судың мөлшері: а) 100 - 150 мл в) 1,5 - 2 л с) 8 - 10 л д) 1 л е) 4 л 11. Сифон клизмасын қолданады: а) қоректік заттарды енгізу үшін в) дәрілік клизманы қою алдында с) майлы клизманы қою алдында д) іштің түйнелуі кезінде е) іштен қан кеткенде 12. Іш қату дегеніміз- ішекте нәжістің кідіргісі: а) 12 сағатқа дейін в) 24 сағат с) 36 сағат д) 48 сағат жоғары е) 1 сағат жоғары 13. Дәрілік клизманың алдында тазарту клизмасын қояды: а) 3 сағат бұрын в) 20-30 мин бұрын с) 1 сағат бұрын д) 1 күн бұрын е) 10 күн бұрын 14. Жел шығару үшін қолданылатын түтікшені қанша уақыт ұстауға болад ы а) 6 сағат бойы в) 4 сағат с) 1 сағат д) 30 минут е) 2 сағат 15. Майлы клизмасын жасағаннан кейін, науқас дәретке отырады: а) 20-30 минуттан кейін в) 6-10 минуттан кейін с) 15-20 минуттан кейін д) 10-12 сағаттан кейін е) 12-15 сағаттан кейін ІІ нұсқа 1. Сифон клизмасын қолданады: а) қоректік заттарды енгізу үшін в) дәрілік клизманы қою алдында с) майлы клизманы қою алдында д) іштің түйнелуі кезінде е) іштен қан кеткенде 2. Іш қату дегеніміз- ішекте нәжістің кідіргісі: а) 12 сағатқа дейін в) 24 сағат с) 36 сағат д) 48 сағат жоғары е) 60 сағат 3. Дәрілік клизманың алдында тазарту клизмасын қояды: а) 3 сағат бұрын в) 20-30 мин бұрын с) 1 сағат бұрын д) 1 күн бұрын е) 5 күн бұрын 4. Жел шығару үшін қолданылатын түтікшені қанша уақыт ұстауға болады а) 6 сағат бойы в) 4 сағат с) 1 сағат д) 30 минут е) 2 сағат 5. Майлы клизмасын жасағаннан кейін, науқас дәретке отырады: а) 20-30 минуттан кейін в) 6-10 минуттан кейін с) 15-20 минуттан кейін д) 10-12 сағаттан кейін е) 12-15 сағаттан кейін 6. Сифон клизмасын қою үшін керек судың мөлшері: а) 100 - 150мл в) 1,5 - 2л с) 10 - 12л д) 1л е) 4-5л 7.Клизма түрлері: а) тазалау; дәрілік, тамшы; майлы; гипертониялық; сифон; в) тамшы; майлы; гипертониялық; сифон; с) тазалау; дәрілік, тамшы; д ) тазалау; дәрілік, гипертониялық; сифон; е) сифон; қызулық; 8. Тазалау клизмасының қарсы көрсеткіші: а) іш қату, операция алдында, босанар алдында, дәрілік микроклизма және тамызғыш клизма жасар алдында. в) асқазан және ішектен қан кету; с) тоқ және тік ішектегі өткір қабыну және жаралы процестер; д) тік ішек қатерлі ісіктері; е)операция алдында, босанар алдында 9. Майлы клизманың қарсы көрсеткіші: а) іш қату, операция алдында, босанар алдында, дәрілік микроклизма және тамызғыш клизма жасар алдында. в) асқазан және ішектен қан кету; с) тоқ және тік ішектегі өткір қабыну және жаралы процестер; д) тік ішектің ішектен қан кеткенде, іш бүлігінде. е) операция алдында, босанар алдында 10. Гипертониялық клизманың қолдану көрсеткіштері : а). атониялық іш қату, операциядан кейінгі кезең в) асқазан және ішектен қан кету; с) тоқ және тік ішектегі өткір қабыну және жаралы процестер; д) тік ішектің ішектен қан кеткенде, іш бүлігінде. е) іш бүлігінде, іш өткенде. 11. Сифон клизмасын жүргізгенде зонды енгізіледі тереңдікке (см): а) 30-40см в) 8-10см с) 10-15см д) 50-70см е) 70-80см 12. Майлы және гипертония клизмасын жүргізгенде зонды енгізіледі тереңдікке (см): а) 35-40см в) 8-10см с) 20-30см д) 50-70см е) 70-80см 13. Гипертония клизмасын жасағаннан кейін, науқас дәретке отырады: а) 20-30 минуттан кейн в) 5-10 минуттан кейін с) 15-20 минуттан кейін д) 10-12 сағаттан кейін д) 24 сағаттан кейін 14. Микроклизмаға арналған дәрілік препаратты мынадай температураға дейін қыздырады: а) 25-27° в) 30-32° с) 36-37° д) 41-42° е) 42-45° 15. Босату (гипертония) клизмасын жүргізу үшін керек: а) 100 - 150мл су в) 1,5 - 2л гипертониялық ерітінді с) 8 - 10л су д) 100 – 200мл гипертониялық ерітінді с) 10-12л су Тест жауабы
VІ. Қорытындылау Оқытушы студенттердің берген ауызша, тапсырма жауаптарына, көрсеткен іс- дағдыларына қарап, кемшіліктерін ескере отырып, қорытындылап, жалпы бағасын журналға қояды. VІІ. Үйге тапсырма. Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс.Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы». Пайдаланылатын әдебиет: С.А.Мухина, И.И.Тарновская «Мейірбикелік іс негіздері» пәніне практикалық басшылық – 367-386- беттер |