методическая разработка. ішек№10 (2). Клиникаа дейінгі тжірибелік сабаты дістемелік нсамасы Таырыбы
Скачать 3.57 Mb.
|
Клиникаға дейінгі тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы Тақырыбы: «Ішек қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Стомаларды күту. Клизмалар:тазарту және сифонды, майлы, гипертониялық, дәрілік». Сабақтың мақсаты: білімділік: студенттерге ішек қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс, стомаларды күту, клизмалар:тазарту және сифонды, майлы, гипертониялық, дәрілік туралы түсінік беру. дамытушылық:студенттерді манипуляцияларды ұқыптылықпен, жауапкершілікпен, дәлділікпен орындауды қалыптастыру, пәнішілік, пәнаралық байланыс жасай алу қабілетін дамыту. тәрбиелік:стандарттар, алгоритмдермен жұмыс істей алу, науқастың өміріне жауапкершілікпен қарау, өз тәртібін талдай алу сияқты маңызды тұлғалық кәсіптік қасиеттерді дамыту,өз кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын түсіну, мамандығына тұрақты қызығушылық таныту,кәсіптік міндеттерді тиімді орындауға қажетті болған ақпарат іздеуді жүзеге асыру: командада жұмыс істеу, әріптестерімен, басшылықпен тиімді қарым қатынас жасауды тәрбиелеу Сабақтың түрі: біліктілік пен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру Сабақтың әдісі: жартылай ізденіс, проблемалық ізденіс Сабақтың уақыты: 270 минут Сабақты өткізу орны: оқу бөлмесі Пәнішілік байланыс: * «Медициналық этика және деонтология» * «Аурухана ішілік жұқпалы ауруды алдын алу қауіпсіздігі және бақылау шаралары» * Медициналық мекемелеріндегі санитралы – эпидемиологияға қарсы шаралар Зарарсыздандыру * Залалсыздандыру. Бөлмелерді жинауға қойылатын санитарлы эпидемиологиялық талаптар * Жұмыс орнындағы мейірбикенің қауіпсіздігі (кәсіптік қауіпсіздік) * Бөлімшедегі емдеу – сақтандыру тәртібі, оның элементтері, маңызы Пәнаралық байланыс: *Терапия *Хирургия *Фармакология *Латын тілі Сабақтың жабдықталуы: стандарттар; жел шығарғыш түтікше; жуан асқазан сүңгісі; таз, шелек 10-12 л су; воронка; салфеткалар; сүлгі,залалсыздандырылған қолғап,клеенкалық алжапқыш, Эсмарх кружкасы, клеенкалы алжапқыш; Жане шприці Пайдаланылған әдебиеттер: негізгі: С.А.Мухина, И.И.Тарновская «Мейірбикелік іс негіздері»пәніне практикалық басшылық» 2014ж қосымша: С.Қ.Мұратбекова «Мейірбике ісінің негіздері» 2007 ж. Широкова Н.В. және т.б. «Основы сестринского дела»: Алгоритмы манипуляций: учебное пособие 2009 ж. Білуі тиіс: -ішек функциясының бұзылуының көріністерін; -ішек диспепсиясын: - іш өту, іш қату, метеоризм, нәжісті ұстамау; қарамайлы нәжіс «мелена»; -ішек функциясының бұзылуы кезінде пациентке күтім көр-сету ерекшеліктерін; -асқорыту жүйесі мүшелерін зертха-налық және аспапты тексеру әдістерін; -мейіргерлік тексеру әдістері және тәуелсіз араласуды; -стомалар орнатудың көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштер; -«клизма» түсінігін; -түрлерін,қою мақсаттарын; көрсеткіші және қарсы көрсеткіштерін; -медбике мен пациентті емшараға дайындауды. Істей білуі тиіс: -белсенді, белсенді емес науқастарға емшаралар жүргүзу техникасың; -емшараларды жүргізу кезінде науқастарды бақылауды; - жабдықтарды өңдеуді; - жел шығарғыш түтікшені қоюды; -емшараға мейіргер мен науқасты дайындауды; -стомаларды күту ерекшеліктерін; - пациентті және оның туыстарын стомаға өздік күтім көрсетуді үйретуді; -зәржинағыш және памперстерді қолдануды; -қолданылған жабдықтарды өңдеуді -жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз етуді -тазарту және сифон майлы, гипертоникалық, дәрілік клизмаларын өткізу техникасын; Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы І. Ұйымдастыру кезеңі-5 мин. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру-20 мин. ІІІ.Іс-дағдыларды көрсету- 40 мин. ІV. Өзіндік жұмыс – 150 мин. V. Игерген іс-дағдыларды бекіту – 40мин. VІ.Қорытындылау -10 мин. VІІ. Үйге тапсырма – 5 мин. Сабақ барысы Сұрақ-жауап_.Фронтальды_сұрастыру._Сұрақтар'>ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқытушы студенттермен амандасып, сабаққа келмеген студенттерді белгілейді. Студенттердің формасына көңіл бөліп, оқу бөлмесінің дайындығын тексереді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады, маңыздылығын айтады. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №1 Тапсырма. Сұрақ-жауап. Фронтальды сұрастыру. Сұрақтар: 1. Ішек функциясының бұзылуының көріністері қандай? 2. Ішек диспепсиясын деген не? 3. Іш өту, іш қату, метеоризм, нәжісті ұстамау, қарамайлы нәжіс «мелена» деген не? 4. Ішек функциясының бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері қандай? 5. Асқорыту жүйесі мүшелерін зертханалық және аспапты тексеру әдістері қандай? 6. Мейіргерлік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу деген не? 7. Стомалар орнатудың көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштер қандай? 8. «Клизма» деген не? 9. Түрлерін,қою мақсаттарын, көрсеткіші және қарсы көрсеткіштері қандай? 10. Медбике мен пациентті емшараға дайындау деген не? Сұрақ-жауап. Стомалар күтімі Түсініктер мен терминдер: Асфиксия – тұншығу; Гастростома - асқазан тесігі; Гастросомия – жасанды тамақтандыру мақсатымен ас қабылдайтын жылан көз жасау ортасы; Илеостома – іштің алдынғы бетіндегі мықын ішегі аймағындағы жасанды тесік; Илеостамия – мықын ішгін іштің алдынғы бетіне шығару ортасы; Колостома – іштің алдыңғы бетінде тоқ ішектің өрлеу,көлденең,сигма тәрізді бөлігіне не бүйенге салынған жасанды көтеншек; Колостомия – тоқ ішекті іштің алдыңғы бетіне шығару отасы; Постуральды дренаж – дене қалпымен дренаждау;; Стома - тесік; Трахеотомия – кеңірдекті тілу,кесу; Трахеостома – кеңірдектегі жасанды тесік; Уростомия – іштің алдыңғы бетіне шығарылған мықын ішегі арқылы зәр бөлінуі үшін жасалған жасанды тесік отасы; Эпицистостома – іштің алдыңғы беті арқылы зәр бөлінуі үшін қуыққа салған жасанды тесік. Трахеостома күтімі Трахеостома (кеңірдекті кесу) кеңірдек арқылы ауаның табиғи жолмен өтуі мүмкін болмайтын жағдайларда салынады.Кейбір жағдайларда,мысалы, көмекейдің,дауыс байламаларының қатерлі ісігінде трахеостомия жоспарлы турде жасалады.Егер тыныс жолдарының бітелуі отадан кейінгі кезеңде эндотрахеальды түтік арқылы шығарылатын тым көлемді сілекей,қақырық бөлінгеннен пайда болса,жедел трахеотомия жасалады.Отадан кейінгі кезеңде жасалған трахеостомаға өкпенің жасанжы желдетуін орындауға болатын арнайы аспап қосуға болады.Трахеостома уақытша және тұрақты бола алады. Түтіктер түрі көп,бірақ негізінен екі түрі қолданылады. Егер трахеостома уақытша болса,ішкі диаметрі кең пластикалық түтік қолданылады.Осындай түтікті пациентке сәулелік терапия қолданатын болса, не қолданылып жатса (мысалы, көмекей рагі) пайдаланады. Үрленбейтін манжетка түтік айналасын тегіс жауып,түтікке қосылуы мүмкін,тыныс аспабын қолдануға мүмкіндік береді. Металды түтікті тұрақты трахеостома үшін қолданылады,ол үш бөліктен тұрады: сыртқы түтік (канюля),сыртында бау өткізетін тесігі бар,ол арқылы түтік мойынға бекітіледі(тесік арқылы бау екі рет өткізіліп,түйін арқылы бекітілетінін ұмытпау керек); ұшы тұйық өткізгіш, ол арқылы түтік қажетті қалыпқа орналастырылады.Ол тек түтікті енгізгенде ғана қолданылады; ішкі түтік (канюля),трахеостоманың сыртқы түтігінен бірге тұрады.Ішкі түтікті алып жууға болады. |