Главная страница
Навигация по странице:

  • Бірлік Грамм Еріткіш Стандарт ты сұйылту 1:1

  • Клиникада кіріспе алгоритм. КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР АЛГОРИТМІ. Клиникаа кіріспе практикалы манипуляциялар алгоритмі


    Скачать 5.89 Mb.
    НазваниеКлиникаа кіріспе практикалы манипуляциялар алгоритмі
    АнкорКлиникада кіріспе алгоритм
    Дата16.03.2022
    Размер5.89 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаКЛИНИКАҒА КІРІСПЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР АЛГОРИТМІ.doc
    ТипДокументы
    #400386
    страница3 из 5
    1   2   3   4   5
    5. Қалта ингаляторын пайдалану ережелері (баллон)
    Мақсаты: бронх түйілуінің ұстамасын басу үшін қалталы ингаляторды пайдалану.

    1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіру, пациенттен оны жүргізуге келісімін алу.

    2.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап, маска киіңіз.

    3.Дәрілік зат салынған құтының жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз және препараттың атауы, дозасы мен концентрациясы емдеуші дәрігердің тағайындауымен сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

    4.Пациентті отырғызыңыз (препаратты қабылдаған кезде пациент тұрып немесе отырғанда денесін сәл алға қарай еңкейтіп тұруы керек).

    5.Аэрозольді төңкеріп (тігінен) бұрап, балонның мүштігінен қорғаныс қақпағын алыңыз.

    6.Баллонды тік ұстап, оны бірнеше рет жоғары және төмен шайқаңыз.

    7.Науқасқа терең дем шығаруды сұраңыз.

    8.Баллоншаны аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, балоншаның мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз. Науқастан терең дем алуын ескертіп, деммен бір уақытта бүріккіштің түбін басыңыз (осы кезде аэрозоль дозасы беріледі).

    9. 5-10 секунд демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан мундштукті шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.

    10. Ингаляциядан кейін баллонға қорғаныш қалпақшасын, оны дезинфекциялағаннан кейін кигізу .

    11.Қолғапты, масканы шешіп Б санатындағы жоюға арналған контейнерге тастаңыз.
    6. Қолды гигиеналық өңдеу

    Мақсаты: гигиеналық деңгейде қолдың деконтаминациясын қамтамасыз ету.

    Көрсеткіштер:

    • қолғапты киер алдында және шешкеннен кейін;

    • ағзаның биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан кейін және микробтық ластанудан кейін;

    • иммунитеті әлсіреген пациентке күтім жасаудың алдында және одан кейін тексерулер немесе инвазивті процедуралар кезінде және т. б.

    Жабдықталуы: шынтақ (жанаспайтын) вентилі бар кранмен жабдықталған жуғыш; сұйық сабын, сұйық сабынға арналған дозатор (шынтақ немесе басқа жанаспайтын), қағаз сүлгілер (немесе жеке мата сүлгі), А санатындағы қалдықтарға арналған пакеті бар педальды шелек.

    1.Қолдың саусақтарынан сақина және сағатты шешіп тастаңыз, халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз (міндетті шарт: қолда жарақаттардың болмауы).

    2.Кранды ашып, судың температурасын (35-40 ° C) реттеңіз.

    3.Қолыңызды сумен сулау, алақанға сабынды шынтақ диспенсері арқылы (немесе кез-келген басқа) жағыңыз.

    4.Алақанды алақанмен ысқылаңыз.

    5.Оң алақанмен сол қолдың сырт жағын ысқылаңыз, қолды ауыстыру ;

    6.Саусақтарды бір-бірімен айқастырып, саусақтардың арасын ашып ысқылау .

    7.Саусақтарды «құлыпқа» біріктіру, бүгілген саусақтардың сырт жағымен екінші қолдың алақанын ысқылау.

    8. Бір қолыңызбен екінші қолдың бас бармағын айналдыра ысқылау. Білекке қайталаңыз. Қолды ауыстырыңыз.

    9.Қарама-қарсы қолдың саусақтарының ұштарымен алақанды кезекпен көп бағытты айналмалы қимылмен ысқылаңыз. Қолды ауыстыру.

    10.Сабынды ағынды сумен жуыңыз (сұйық сабынның мөлшері және өңдеу уақыты нұсқаулықтарға сәйкес ).

    11.Суды шынтақ кранымен өшіріңіз, қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз (жеке мата сүлгі).

    12.Қағаз сүлгіні А санатындағы қалдықтарына арналған пакеті бар педальды шелекке тастаңыз. ( 5 рет қайталау, 1 мин аралығында орындалады. Егер қол жуғыштың жанаспайтын шүмегі болмаса, алдымен қолыңызды құрғатыңыз, содан кейін шүмекті мейіргердің қолын кептіру үшін қолданылатын қағаз сүлгімен жабыңыз.)

    13.Қолды антисептикпен өңдеңіз (антисептик қолдың терісіне кемінде 3 мл мөлшерінде толық құрғағанша теріге ысқылаңыз, стерильді қолғаптар тек құрғақ қолдарға киіледі).










    Сурет 3. Медициналық персоналдың қолын өңдеу техникасы

    7. Қолды өңдеудің еуропалық стандарты EN - 1500
    EN - 1500 - қолмен өңдеуге арналған еуропалық стандарт; бұл бірінші (тұрмыстық, механикалық) деңгейден бастап үшіншіге дейінгі хирургиялық деңгейден бастап қолды емдеудің жалпы әдістемесі.

    Еуропалық стандарт (ЕN 1500) медициналық персоналдың қолын өңдеуді мыналарға бөледі:

    Қолды гигиеналық жуу – кірді және ішінара өтпелі микрофлораны жою (антисептикалық сабын)

    Гигиеналық қол антисептикасы - қолды кірден тазарту және өтпелі микрофлораның толық жойылуы (антисептикалық сабын және антисептик)

    Қолдың хирургиялық антисептикасы - қолдар мен білектерді ластанудан тазарту, транзиторлық микрофлораны толығымен жою және резиденттік (тұрақты) микрофлораның санын азайту (антисептикалық сабын және антисептик).

    Әр қозғалыс кем дегенде 5 рет қайталанады. Қолды өңдеу 30 секунд — 1 минут ішінде жүзеге асырылады.

    Аяқталғаннан кейін:

    Соңғы шаюдан кейін қолдар құрғақ шүберекпен (15 × 15 см) сүртіледі. Су шүмектерін сол майлықпен жабуға не бұрауға болады, кейін оны жою үшін дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа тасталады.

    Сурет 4. EN-1500 еуропалық стандартына сәйкес

    қол қимылдарының реттілігі
    Бір рет қолданылатын сулықтар болмаған жағдайда таза мата кесектерін пайдалануға болады, олар әрбір пайдаланғаннан кейін арнайы контейнерлерге тасталады және дезинфекциядан кейін кір жуатын орынға жіберіледі.



    8. Стерильді қолғап кию ережелері
    Жабдық: пакеттегі зарарсыздандырылған қолғаптар.

    1. Өзіңіздің қолыңызға сәйкес қолғаптың өлшемін, өнімдердің жарамдылық мерзімін, қаптаманың бүтіндігін тексеріңіз (сурет 5-6).

    2. Жоғарғы жиектерін әр түрлі бағытқа тарту арқылы қаптаманы сыртқы қабатын ашыңыз. Стерильді қаптаманың ішкі жағын ұстамаңыз.

    3. L (сол жақ қолғап) және R (оң жақ қолғап) әріптері қолдарға қатысты тиісті қалыпта жататындай етіп, ішкі қаптаманы ашып жайыңыз.

    4.Доминат қолға арналған қолғапты текшесінен алыңыз ( манжеттің қайырылған жоғары шетінен ұстап). Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне және екінші қолғапқа жанаспауы қажет) .

    5.Доминат қолдың саусақтарын біріктіру және қолғапқа енгізу;

    6.Қолғап қиілген дайын қолмен екінші қолғапты алыңыз, саусақтарыңызды оның қайырма астына сырғытыңыз. Стерильді қолғаптағы саусақтар екінші қолғаптың ішкі беткейіне жанаспауы қажет.

    7.Қолыңызға екінші қолғап киіп, саусақтарыңызды білек терісіне тигізбеңіз және қайырмасын жазыңыз, оны халаттың жеңіне қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.

    8.Қолдың терісіне тигізбей бірінші қолғаптың қайырма жақтарын түзетіп ашу.

    9.Қолғап қолдың бүкіл жұмыс аймағын толығымен қорғайтындай етіп саусақ ұштарын тегістеп тарту қажет.
    9. Манипуляциялардан кейін қолғапты шешу ережелері

    Жабдықтар: қолғап, « Б класындағы» жоюға арналған контейнер.

    1.Саусақтарыңызбен білек аймағында қолғапты ұстап, оны оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

    2.Шешкен қолғапты екінші қолмен қайырмасынан ұстаңыз.

    3.Қолғабы шешілген қолдың саусақтарын ішке – екінші қолғап пен білектің арасына салыңыз.

    4.Екінші қолғапты қолыңыздан төмен түсіріп, оған бірінші қолғапты салыңыз.

    5. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.5. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.



    Сурет 5. Стерильді қолғап кию техникасы



    Сурет 6 . Стерильді қолғап кию алгоритмі

    10. Ампуладан дәріні жинау

    Жабдықтар: бір реттік стерильді шприц, ине, ампуладағы дәрі, 70% этил спиртінің ерітіндісі, бикс, стерильді мақта түйіршіктері, науа (лоток), қолғап, пинцет, бетперде, қауіпсіз жоюға арналған ыдыс («А» ).

    1.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.

    2.Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, ампуланы ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз. (Ампуланы май ерітіндісімен су буында 37 ° C температураға дейін қыздырыңыз).

    3.Стерильді шприцті жинаңыз.

    4.Барлық ерітінді оның кең бөлігінде болатындай етіп ампуланы сәл сілку қажет.

    5. Ампуланың атауын өшіріп алмайтындай тар бөлігін спиртпен сүртіп,кескішпен кесу, қайта спиртпен сүрту және ампуланы кескен жерден сындырып ашу

    6.Сол қолдың екінші және үшінші саусақтарымен ампуланы алу, оның ашылған бөлігі алақанның ішінде болуы керек. Инені абайлап ампулаға енгізіңіз .

    7.Сол қолдың саусақтарымен: 1-ші, 4-ші және 5-ші шприцтің цилиндрін ұстаңыз ( 2-ші және 3 — ампула).

    8. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз.

    9. Инеге қалпағын киігізіп, шприцті тік деңгейде, көз деңгейінде ұстап тұрып, шприцтен ауаны шығару.

    10. Дайын шприцті инъекцияға арналған стерильді науаға салыңыз.

    11. Пайдаланылған материалды қауіпсіз утилизациялау қоқыс жәшігіне салыңыз («А» санаты).
    11.Флаконнан дәріні жинау
    Жабдықтар: бір реттік стерильді шприц, ине, флакондағы дәрі еріткіш,70% этил спиртінің ерітіндісі, бикс, стерильді мақта түйіршіктері, науа (лоток), қолғап, пинцет, бетперде, қауіпсіз жоюға арналған ыдыс («А» санаты).

    1.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.

    2.Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, құтыны ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз.

    3.Стерильді шприцті жинаңыз.

    4.Флаконның алюминий қақпағын спиртпен өңдеу, залалсыздандырылған пинцетпен металл қақпағын алу. Резеңке тығынды спиртпен өңдеу.

    5.Егер дәрі бөтелкеде ұнтақ түрінде болса,құтының резеңке тығынын шприцпен тесіп, еріткішті енгізіңіз.

    6.Шприц конусынан флаконды инемен бірге алу, инесіне жанастырмай антибиотик толық ерігенше флаконды бірнеше рет сілкіңіз.

    7.Флаконның түбін жоғары қаратып көтеріп,сол қолдың II және III саусақтары арасында ұстай отыра, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтарды шприцтің цилиндрінде ұстаңыз.

    8. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз.

    9. Инеге қалпағын киігізіп, шприцті тік деңгейде, көз деңгейінде ұстап тұрып, шприцтен ауаны шығару.

    10.Дайын шприцті инъекцияға арналған стерильді науаға ( лоток) салыңыз.

    11.Пайдаланылған материалды қауіпсіз утилизациялау қоқыс жәшігіне салыңыз («А» санаты).
    12. Антибиотиктерді сұйылту және ерітіндіні флаконнан алу
    Жабдықтар: бір реттік стерильді шприц, ине, флакондағы дәрі, еріткіш, 70% этил спиртінің ерітіндісі, бикс, стерильді мақта шарлары, науа (лоток), қолғап, пинцет, бетперде, қауіпсіз жоюға арналған ыдыс («А» санаты)

    1.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.

    2.Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, құтыны ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз.

    3.Флаконның алюминий қақпағын спиртпен өңдеу, залалсыздандырылған пинцетпен металл қақпағын алу. Резеңке тығынды 70 % спиртпен өңдеу.

    4.Шприцке қажетті мөлшердегі еріткішті жинаңыз (сурет 7) оны резеңке тығын арқылы флаконға құю.

    5.Антибиотиктің толық ерігенінше флаконды жақсылап араластыру.

    6. Флаконмен бірге инені шприц конусына кигізу,флаконның төменгі бөлігін жоғары қаратып көтеру, дәрігер тағайындаған парақпен тексеріп, дәрілік заттың қажетті дозасын жинап, иньекция жасау.

    7.Қолданылған шприцті, инені, қолғаптарды қоқысқа тастаңыз («А» санатындағы қалдықтарды жоюға арналған ыдыс ).
    Кесте 1. Антибиотиктерді сұйылту


    Бірлік

    Грамм

    Еріткіш

    Стандартты сұйылту 1:1

    Стандартты сұйылту 1:2

    250.000

    0,25

    0,25% - 0,5% новокаин

    немесе басқа еріткіш

    2,5 мл еріткіш

    1,25 мл

    еріткіш

    500.000

    0,5

    5 мл еріткіш

    2,5 мл

    еріткіш

    1000.000

    1,0

    10 мл

    еріткіш

    5 мл

    еріткіш










    1мл ерітінді құрамында 10000 дана антибиотик

    1мл ерітінді құрамында 20000 дана антибиотик




    Сурет 7. Ұнтақты сұйылту және құтыдан ерітінді алу


    Сурет 8. Шприцті пинцетпен жинау

    13. Тері ішіне инъекция жасау
    Жабдықтар: залалсыздандырылған сыйымдылығы 1 мл шприц, ұзындығы 15 мл ине, мақта түйіршіктері, тері антисептигі, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, 70% спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетка, «А» және «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнер.

    1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіру, пациенттен оны жүргізуге келісімін алу.

    2.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.

    3. Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, құты не ампуланы ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз.

    4. Шприцтің орамасын ашыңыз, оның тығыздығына және жарамдылық мерзіміне көз жеткізіңіз, шприцті жинап, дәрі-дәрмектің қажетті мөлшерін алыңыз және шприцтен ауаны және дәрі-дәрмектің тамшысын қақпағын алмастан шығарыңыз, осылайша көрсетілген доза шприцте қалады (шприц алынған орама және ампуланы немесе флаконды «А» класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз ).

    5. Инъекцияға арналған шприц, 3 мақта шариктері (екеуі спиртке малынған, біреуі құрғақ) стерильді науаға салу қажет .

    6. Науқасты ыңғайлы етіп отырғып немесе жатқызу, инъекция жасау үшін қол білегінің ішкі бетін жоғары қаратып орналастырыңыз.

    7. Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйіршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: (бірінші түйіршік 10 - 10 см, екіншісі - инъекция орынын, содан кейін қолданылған мақта түйіршіктерін «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз).

    8. Оң қолға шприцті алып, әзірленген шприцтің инесінің қиылысын жоғары қаратып ұстап, қақпағын алыңыз.

    9. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолмен төмен қарай тартыңыз. Екінші саусақпен бойлай инені канюлядан ұстап тұрып, инені теріге паралельді 5° бұрышымен ішіне енгізіңіз.

    10. Сол қолды поршенге ауыстырып I және II саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, бас бармақпен поршенді басып дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. Инъекция жасаған жерде кішкене лимон қабы тәрізді түйін пайда болады

    11. Инъекция жасаған құрғақ стерильді мақта түйіршігін ақырын басып, инені канюласынан ұстап, теріден жылдам қимылмен шығарыңыз.

    12. Инъекциядан бұрын және иньекциядан кейін науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіріңіз. (Егер инъекция диагностикалық мақсатта жүргізілген болса, науқасқа инъекция орнына су тигізбеуді ескерту қажет. ).

    13. Шприц, ине, мақта түйіршіктерін, қолғаптарды Б санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта