Главная страница
Навигация по странице:

  • Тамыр соғуы (пульс)

  • (pulsus frequens) – тахикардия

  • толық

  • 3.Тыныс алу қозғалысының жиілігін есептеу

  • Үстіртін тыныс алу

  • ТЕМПЕРАТУРА ПАРАҒЫ

  • Клиникада кіріспе алгоритм. КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР АЛГОРИТМІ. Клиникаа кіріспе практикалы манипуляциялар алгоритмі


    Скачать 5.89 Mb.
    НазваниеКлиникаа кіріспе практикалы манипуляциялар алгоритмі
    АнкорКлиникада кіріспе алгоритм
    Дата16.03.2022
    Размер5.89 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаКЛИНИКАҒА КІРІСПЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР АЛГОРИТМІ.doc
    ТипДокументы
    #400386
    страница2 из 5
    1   2   3   4   5

    «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша практикалық манипуляциялар алгоритмдері

    1. Кәріжілік артериясындағы тамыр соғуды есептеу және оның сапасын анықтау


    Тамыр соғуы (пульс) (лат. pulsus-соққы, итеру) - жүрек циклдерімен байланысты артерия қан тамырлар қабырғаларының ырғақты қозғалуы.

    Артериальды пульс – жүректің жиырылуы кезінде артериялық жүйеге қанның шығарылуына байланысты артерия қантамырларының ырғақты тербелісі (олардың қанмен толтырылуының өзгеруімен байланысты).

    Орталық (қолқа, ұйқы артериялары) және перифериялық (кәріжілік, аяқ сыртқы артериясы және кейбір басқа артерияларда) деп пульс ажыратылады.
    Жабдықтау: секундтық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер, ф-004у температура парағы, қызыл түсті қаламсап (қызыл түсті қарындаш).

    1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, манипуляцияның мақсаты мен бағытын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату) . Қолды бос ұстауды ұсыну, білек пен білезік сүйектеріне салмақ түсірмеу.

    3.Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәріжілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. (Кәріжілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз )

    4.Науқастың оң және сол қолының күре тамыр қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз (егер де тамыр соғу бірдей болса, онда бір қол бойынша ұстап анықтайды, тамыр соғу әр түрлі болса , тамыр соғуы айқын білінетін қол бойынша сипаттама беріледі ). Бірдей тербеліспен, тамыр соғудың екі қолда бірдей болуы тамыр соғудың синхрондылығын анықтайды.

    5.Тамыр соғудың ырғағын анықтау (әр пульс толқындарының арасындағы интервалды анықтау ). Тамыр соғу ырғағы (pulsus regularis) - егер де күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уақытта пайда болса, онда тамыр соғуы ретті, әр пульс толқындарының арасындағы аралықтары әр түрлі болса, тамыр соғу ырғағының бұзылыстары байқалса - ырғақсыз-аритмиялық (pulsus irregularis) деп аталады.

    6.Тамыр соғу жиілігін анықтау – 60 секунд ішінде секундамері бар сағатқа қарап отырып тамыр соғу толқынының (соққының) санын есептейді. Ересек сау адамның жүрек соғу жиілігі 1 минутта 60-90 соққыны құрайды.

    Жүрек соғу жылдамдығы минутына 90 соққыдан асқан кезде тамыр соғудың жиілеуі пайда болады (pulsus frequens) – тахикардия, тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса – тамыр соғудың сиреуі пайда болады (pulsus rarus) - брадикардия.

    7.Тамыр соғудың кернеулігін анықтау (тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін кәріжілік артериясын кәріжілік сүйегіне қысу қажеттілігі). Егер тамыр соғысы қалыпты қысу кезінде жоғалса, қанағаттанарлық кернеу күші , қатты қысым кезінде - пульс кернеулі (қатты) (pulsus durus), жеңіл қысу кезінде - кернеусіз (жұмсақ) (pulsus mollis).

    8.Тамыр соғудың толуын анықтау (жүректің систолдық көлемімен байланысты артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша сипатталады, пульсті толқын өту кезінде артерияның көлемінің ұлғаю дәрежесімен анықтайды ). Егер толқын жақсы сезілсе, жүректің қолқаға айдайтын қан көлемі жеткілікті мөлшерде болса , тамыр соғу толық (pulsus plenus). Егер айналымдағы қан көлемінің аз болса – тамыр соғу әлсіз не бос болады (pulsus vacuus).

    9.Тамыр соғудың көлемін анықтау. Толу мен кернеу бойынша тамыр соғудың көлемін анықтауға болады. Тамыр соғу көлемі - артерия қабырғасы тербелісінің жинақтық амплитудасына байланысты болады. Толуы жақсы, кернеулігі жеткілікті үлкен деп аталады (pulsus magnus), әлсіз толуы, кернеуі аз - кіші (pulsus parvus). Егер пульсті толқындардың шамасы қиындықпен анықталса, онда мұндай пульс жіп тәрізді деп аталады.

    Тамыр соғуын зерттеу нәтижелерін тіркеуді жүргізу екі тәсілмен белгіленеді: сандық - медициналық құжаттамада, журналдарда және графикалық - температуралық парақта қызыл түсті қаламмен (қызыл қарындашпен) "П"(пульс) бағанында белгілейді. Температуралық парақта (ф-004у) 100-ге дейінгі бөлу бағасы екіге тең (10-ды 5 ұяшыққа бөлінеді), 100-ден жоғары - төртке (20-ны 5 ұяшыққа бөлінеді). (сурет 2).

    2. Артериялық қан қысымын өлшеу

    (Коротков әдісі)
    Артериялық қысымды өлшеудің кең таралған әдісі – Н.П. Коротков әдісі. Ол манжетамен қысылған артерия арқылы қанның өтуі кезінде пайда болатын дыбыстарды тыңдауға негізделген.

    Ресейлік хирург Н.С.Коротков қан қысымын анықтаудың дыбыстық (аускультативті) әдісін жасап, оны 1905 жылы Императорлық әскери-медициналық академиясында ұсынды. Кейін бұл әдіс «Коротков әдісі» деп аталып, 1935 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдады.

    Қанның артериялық қысымы (АҚ) – бұл жүректің жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсетін қысымы. Қан қысымы жүрек қызметі және артериялық қабырға тонусына байланысты. Осы негізгі факторлардан басқа, қан айналымының көлемі, қанның тұтқырлығы және т. б. қан қысымының мөлшеріне әсер етеді.

    (Қан қысымын 5 минут аралықпен екі рет өлшейді. Екі көрсеткіш бойынша орташа нәтижесі тіркеледі).

    Жабдықталуы: қол тонометрі, фонендоскоп, температура парағы (004-у), антисептикалық немесе дезинфекциялық құрал, мақта түйіршіктері.

    1. Науқасты алдағы процедура туралы оның басталуына бірнеше минут қалғанда ескерту және процедураға келісім алу (пациентке қан қысымын өлшеу кезінде сөйлесуге болмайтынын хабарлау).

    2.Науқасты жағдайына байланысты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз). Науқастың қолы киімінен босатып және алақанын жоғары қаратуын ұсыну (тар әрі қатты киімге киюге болмайды) Егер пациент отырған күйде болса, науқастың қолы мейлінше жазылған күйде болуы үшін, одан бос қолының жұмылған жұдырығын шынтақ астына қоюын сұраңыз.

    Сурет 1. Қан қысымын өлшеу

    3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары , оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады (саусақ манжет пен пациенттің қолдары арасында еркін өтуі керек).

    4.Шынтақ бүгуінен пальпациялау арқылы пульсті анықтап, фонендоскопты сол қолмен ұстаңыз.

    5.Манометр шкаласындағы тілдің қалпын «0» белгісінде тұрғандығын тексеріңіз.

    6.Вентилді жауып, баллон арқылы манжетке ауа жіберіледі. Кәрі жілік артерия қысымы жоғалғанша ауа манжеттің көрсеткіштері бойынша манжеттегі қысым шамамен 30 мм сынап бағанасынан асқанға дейін толық ауаны жіберу қажет.

    7. Вентильді оң қолдың бас бармағымен және сұқ саусағымен сағат тіліне қарсы және баяу, жылдамдығы 20 мм с.б. аспайтындай ашып, манжеттен ауаны босатыңыз. Бір мезгілде фонендоскоптың көмегімен білек буын аймағында иық белдеуінде пайда болған дыбысты естіп және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.

    8. Иық артериясында алғашқы дыбыстар пайда болған кезде (оларды Коротков тондары деп атайды) систолалық қысым деңгейін белгілеңіз.

    9. Иық артериясындағы тондардың күрт әлсіреуі немесе толық жоғалуы кезінде диастолалық қысымның мөлшерін белгілеңіз.

    10.Қанның артериалды қысымының биіктігі мен пульстік қысымның нәтижесін бағалаңыз (пульстік қысым - бұл систолалық және диастолалық қысым арасындағы айырмашылық, орташа есеппен сынап бағанасы бойынша 40 мм с.б.- ге тең 40-50 мм. с.б. б. дейін) Систоладан 60% аспау керек. Бұл көлемнің жоғарылауы немесе төмендеуі мүшелер мен тіндердің қалыпты қанмен қамтамасыз етуін бұзады, жүрекке және тамырларға күш түседі.

    11.Дәл нәтиже алу үшін артериялық қысымды қолда кезекпен 3 рет өлшеңіз, аралығы 5 минут. Науқасқа өлшеудің орташа нәтижесін айтыңыз (егер науқастың қан қысымы өзгерсе, дәрігерге хабарлаңыз).

    12.Фонендоскоптың мембранасын антисептикалық немесе дезинфекциялық ерітіндімен залалсыздандыру.

    13.Артериальды қысымның алынған нәтижені сандық түрде бақылау парағына және графикалық түрін температура парағына тіркеу. 0 немесе 5 - ке дейін дөңгелектелген нәтижелерді бөлшек түрінде (алымында – систолалық қысым, бөлімінде-диастолалық қысым) және графикалық түрде температуралық парақта (баған түрінде) тіркеуді жүргізу. Температура парағында АҚ бағанында 5 мм.с.б. б., оның жоғарғы шекарасы систолалық, ал төменгі жағы диастолалық (сурет. 1)

    3.Тыныс алу қозғалысының жиілігін есептеу

    (ТҚЖ) сапасын анықтау
    Жабдықтау: секундтық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер, ф-004е температура парағы, көк түсті қаламсап (қара түсті).

    1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

    2. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау - жату немесе отыру.

    3.Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды зерттеу үшін пациенттің қолын алыңыз (пациент көңілін аудару үшін)

    4. Екінші қолыңызбен науқастың кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрин (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.

    5. Секундомерді қолданып бір минут ішіндегі тыныс алуын санаңыз.

    6. Тыныс алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз .

    7. Тыныс алу түрі - кеудемен, ішпен және аралас (кеудемен дем алу әйелдерде, ішпен дем алу - ерлерде және аралас) болады.

    Тыныс алудыңкеуделік типіндетыныс алу қозғалысы қабырға аралық бұлшық еттердің көмегімен іске асады. Демді ішке алғанда кеуде клеткасы кеңейеді және аздап көтеріледі, демді сыртқа шығарғанда – тарылады және шамалы төмендейді. Бұндай тыныс типі әйелдерде жиі кездеседі.

    Тыныс алдуыңіштік типінде көк ет және іштің бұлшық еттері жұмыс істейді. Демді ішке алғанда көк ет жиырылады және төмендейді, ол кеуде қуысында теріс қысымды жоғарылатады, осы кезде өкпе ауаға толады, іш қабырғасы сыртқа қарай шығады. Демді сыртқа шығарғанда– көк ет босаңсиды және көтеріледі, іш қабырғасы бастапқы қалыпқа келеді. Бұндай тыныс типі ер адамдарда жиі кездеседі.

    Аралас - тыныс алу қимылдары қабырға аралық бұлшықеттер мен диафрагманың жиырылуының көмегімен бір уақытта жүзеге асырылады. Мұндай тыныс алу түрі спортшылар мен жасөспірімдерде жиі кездеседі.

    8.Тыныс алу қозғалысының жиілігі әдетте минутына 16 - 20, жынысына байланысты (әйелдерде 2-4 тыныс көбірек ), дене күйіне, жасына, дене температурасына байланысты (дене температурасының 1 ° C-қа көтерілуі - 4 тыныс алу қозғалысы жиілейді) өзгеріп отырады. Ұйқы кезінде тыныс алу әдетте азаяды (минутына 14-16 дейін), тыныс алу физикалық күш түскенде жиірек болады, эмоционалды қозу, тыныс алу жиілігінің жоғарылауы (минутына 20-дан астам) тахипноэ деп аталады, тыныс алу жылдамдығының төмендеуі (минутына 16-дан аз) брадипноэ, апноэ - тыныс жетіспеушілігі .

    Тыныс алу тереңдігі - үстіртін және терең тыныс алуды анықтайды. Үстіртін тыныс алу – тыныс алу қозғалысының амплитудасының төмендеуі.

    Терең тыныс алу - кеуде қуысының тыныс алу қозғалысның амплитудасының жоғарлауымен сипатталады.

    Тыныс алу ырғағы – белгілі бір уақыт аралығында бірінен соң бірі кеуде қуысында экскурсиясының кезектесуі.

    Тыныс алу жиілігінің, ырғағының, тереңдігінің бұзылуымен ентігу пайда болады (инспираторлы ентігу - тыныс алу қиындауы , экспираторлы ентігу тыныс шығару қиындауы).

    9. Науқасқа оның тыныс алу қозғалысының жиілігін санағанын түсіндіріңіз..

    10. Мәліметтерді температура парағында (ф-004у), тыныс бағанында тіркеуді жүзеге асырыңыз (сурет 2).
    4. Температура парағы № 004 /е нысаны
    Температуралық парақ - пациенттердің дене температурасының күнделікті ауытқуының графикалық түрінде тіркеуге арналған медициналық құжат. Температуралық парақ - бұл науқастың денсаулық жағдайын сипаттайтын негізгі деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған жедел құжат. Онда пациенттің ауруы туралы басқа бақылаулардың нәтижелері толтырылады: тыныс алу және тамыр соғу жиілігі, қан қысымы, тәулігіне шығарылатын сұйықтық пен зәрдің мөлшері және т.б. процедуралар).

    Дене температурасының көрсеткіштерін температура парағына бекіту тәртібі:

    Стационарда болған бірінші күннен бастап 004/у нысанындағы температура парағына пациенттің дене температурасының графикалық мәндері енгізіледі, ол таңертең және кешке өлшенеді. Күн сайын температура парағының төменгі жағында тыныс алу жиілігі, науқастың салмағы, ішетін сұйықтықтың көлемі, күнделікті зәр мөлшері, нәжістің болуы және ваннаны қабылдау фактісі жазылады.

    Жабдықтау: ф-004/е температура парағы, көк түсті қаламсап (қара түсті). Төменде алгоритм, температураны тіркеуге арналған әрекеттер тізбегі сипатталған:

    1.Температуралық парақтың басында мыналар жазылады: медициналық картаның нөмірі; бөлме нөмірі; науқастың тегі, аты, әкесінің аты.

    2.Парақтың тіркелген күнін көрсетіңіз.

    3. Дене температурасын әр өлшегеннен кейін, өлшеу күні, уақыты (таңертең немесе кешке) және дене температурасының мәніне сәйкес келетін көк түсті қарындашпен тік нүкте қойыңыз. Т шкаласындағы бір бөлім 0,2 ° c көрсеткішке сәйкес келеді.

    4.Түсірілген нүктелерді Т шкаласынан бастап сызықтармен жалғап, сол арқылы дене температурасын және аурудың фазасын анықтауға болатын температуралық қисығын анықтаңыз.
    Нысанның БҚСЖ бойынша коды ___________

    Код формы по ОКУД

    КҰЖЖ бойынша ұйым коды _______________

    Код организации по ОКПО

    ______________________

    Ұйымның атауы Қазақстан Республикасы

    Наименование организации Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы

    «08» шілдедегі № 332 бұйрығымен бекітілген

    004/е нысанды медициналық құжаттама
    ТЕМПЕРАТУРА ПАРАҒЫ

    ТЕМПЕРАТУРНЫЙ ЛИСТ

    Карта № ________________ Науқастың тегі, аты, әкесінің аты (Фамилия, имя, отчество больного) ______________________ Палата № __________


    Күні (Дата)














































    Нешінші күн ауру (День болезни)














































    Стационарда нешінші күн (День преб в стац.)

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    13

    14

    15

    ТС АҚ Т

    П АД Т

    у

    в

    у

    в

    у

    в

    у

    в

    у

    в

    у

    в

    у

    в

    у

    в

    у

    в

    у

    в

    у

    в

    у

    в

    у

    в

    у

    в

    у

    в

    140 200 41




































































































































































































































































































































































































































































    120 175 40



































































































































































































































































































































































































































































    100 150 39




































































































































































































































































































































































































































































    90 125 38




































































































































































































































































































































































































































































    80 100 37




































































































































































































































































































































































































































































    70 75 36



































































































































































































































































































































































































































































    60 50 35



































































































































































































































































































































































































































































    Тыныс алуы



























































































    Салмағы



























































































    Сұйықтар ішілді



























































































    Тәуліктік несеп көлемі



























































































    Нәжiс



























































































    Ванна



























































































    Сурет 2. Температура парағы, № 004 /е нысаны

    Температура қисығы - күнделікті өлшеу кезінде науқастың температура ауытқуларының графикалық көрінісі. Температура қисығы безгектің сипаттамаларын визуальды түрде көрсетеді, көбінесе диагностикалық және болжамдық маңызы бар.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта