Главная страница
Навигация по странице:

  • 17.Көктамыр ішіне тамшылатып енгізуге арналған жүйені толтыру Жабдықтау

  • 19. Вакутайнер арқылы көктамырдан қан алу Жабдықтар

  • 20. Көктамырдан шприцпен қан алу Жабдықтар

  • Клиникада кіріспе алгоритм. КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР АЛГОРИТМІ. Клиникаа кіріспе практикалы манипуляциялар алгоритмі


    Скачать 5.89 Mb.
    НазваниеКлиникаа кіріспе практикалы манипуляциялар алгоритмі
    АнкорКлиникада кіріспе алгоритм
    Дата16.03.2022
    Размер5.89 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаКЛИНИКАҒА КІРІСПЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР АЛГОРИТМІ.doc
    ТипДокументы
    #400386
    страница4 из 5
    1   2   3   4   5

    14. Тері астына инъекция жасау
    Жабдықтау: бір реттік 1-2 мл стерильді шприц, диаметрі 0,5 - 0,6 мм және ұзындығы 25-30 мм ине, ампула немесе флакондағы дәрілік ертінді, этил спиртінің 70% ерітіндісі, бикс, стерильді мақта түйіршіктері , науа, қолғап, пинцет, бетперде, «А» және «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнер.
    1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіру, пациенттен оны жүргізуге келісімін алу.

    2. Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.

    3. Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, құты не ампуланы ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз.

    4. Шприцтің орамасын ашыңыз, оның тығыздығына және жарамдылық мерзіміне көз жеткізіңіз, шприцті жинап, дәрі - дәрмектің қажетті мөлшерін алыңыз және шприцтен ауаны және дәрі - дәрмектің тамшысын қақпағын алмастан шығарыңыз, осылайша көрсетілген доза шприцте қалады (шприц алынған орама және ампуланы немесе флаконды «А» класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз )

    5. Инъекцияға арналған шприц, 3 мақта түйіршіктерін (екеуі спиртке малынған, біреуі құрғақ) стерильді науаға салу қажет.

    6. Науқасты ыңғайлы етіп отырғып немесе жатқызу.

    7. Инъекция жасайтын жерді пальпациялау (саусақпен басып тексеру) (иықтың сыртқы жоғарғы бетінің 1/3 бөлігі, санның алдыңғы ортаңғы 1/3 бөлігі, іш қуысының алдыңғы бүйір үсті, жауырын асты аймағы (сирек) .

    8. Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйіршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: (бірінші түйіршік 10 - 10 см, екіншісі - инъекция орынын, содан кейін қолданылған мақта түйіршіктерін «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз).

    9. Шприцті оң қолыңа, екінші саусақпен инені канюлядан, қалғанымен цилиндрді ұстаңыз.

    10. Сол қолыңыздың бас және сұқ саусағымен егетін жердің терісін үш бұрыштап жиырыңыз. Тері қыртысының негізіне инені 40-45° С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз .

    11. Сол қолмен шприцті ұстап, бас бармақпен ақырындап поршеньді басып дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. (Шприцті бір қолдан екінші қолға ауыстырмаңыз ).

    12. Инъекция жасаған жерді спиртке батырылған 3 мақта түйіршігімен басып, тез қимылмен иненің канюлясынан ұстап суырып алыңыз.

      1. Инъекцияға дейін және иньекциядан кейін науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз.

    14. Шприц, ине, мақта түйіршіктерін, қолғаптарды Б класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.
    15. Бұлшықет ішілік инъекция жасау

    Жабдықтар : ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған инесі бар 5-10 мл. стерильді шприц, ампула мен флакондағы дәрілік зат, 70% этил спиртінің ерітіндісі, бикс, зарарсыздандырылған мақта түйіршіктері, науа (лоток), қолғап, пинцет, бетперде, «А» және «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнер.

    1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіру, пациенттен оны жүргізуге келісімін алу.

    2. Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.

    3. Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, құты не ампуланы ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз.

    4. Шприцтің орамасын ашыңыз, оның тығыздығына және жарамдылық мерзіміне көз жеткізіңіз, шприцті жинап, дәрі-дәрмектің қажетті мөлшерін алыңыз және шприцтен ауаны және дәрі-дәрмектің тамшысын қақпағын алмастан шығарыңыз, осылайша көрсетілген доза шприцте қалады (шприц алынған орама және ампуланы немесе флаконды «А» класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз ).

    5. Инъекцияға арналған шприц, спирттелген 3 мақта түйіршіктері стерильді науаға салу қажет.

    6.Науқасқа ыңғайлы қалыпқа келуіне көмектесу: ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;

    7. Инъекция жасайтын жерді пальпациялау. (саусақпен басып тексеру) (жамбастың жоғарғы сыртқы квандранты, санның алдыңғы латеральды аймағы , иықтың дельта тәрізді бұлшық еті аймағы ).

    8. Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйіршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: (бірінші түйіршік 10 - 10 см, екіншісі - инъекция орынын, содан кейін қолданылған мақта түйіршіктерін «Б» класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз).

    9. Оң қолға шприцті алып: оң қолдың 4 саусағымен иненің канюлясын ұстап; қалған саусақтармен шприцтің цилиндрін ұстаңыз.

    10. Сол қолыңыздың бас бармақ пен сұқ саусақтарымен егетін жердің терісін керіп ұстаңыз. Инені тері астындағы май қабатынан өтіп, бұлшықетке ену үшін жамбастың жоғары сыртқы төртбұрышына 90° бұрышымен ұстап иненің 2/3 бөлігіне жеткілікті тереңдікпен (3,5 - 4 см) еңгізіңіз, 2-3 мм.- дей ұзындығы сыртта қалуы тиіс. (сур.10)

    11. Сол қолмен шприцті ұстап, бас бармақпен ақырындап поршеньді басып дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

    12. Инъекция жасаған жерді спиртке батырылған 3 мақта түйіршігімен басып, тез қимылмен иненің канюлясынан ұстап суырып алыңыз.

    13. Инъекцияға дейін және иньекциядан кейін науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз.

    14. Шприц, ине, мақта түйіршіктерін, қолғаптарды Б класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.


    Сурет 9. Тері астына инъекция жасау

    Сурет 10. Бұлшықетішілікинъекция

    16. Көктамырішілік инъекцияны орындау

    Жабдықталуы: ұзындығы 40 мм, қимасы 0,8 мм инесі бар бір реттік 10-20 мл стерильді шприц, ампулалар мен флакондардағы дәрілік зат, этил спиртінің 70% ерітіндісі, бикс, стерильді мақта түйіршіктері, науа (лоток), қолғап, пинцет, бетперде, клеенкалы валик, резеңке бұрау, «А» және «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнер.
    1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіру, пациенттен оны жүргізуге келісімін алу.

    2.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.

    3. Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, құты не ампуланы ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз.

    4.Шприцтің орамасын ашыңыз, оның тығыздығына және жарамдылық мерзіміне көз жеткізіңіз, шприцті жинап, дәрі-дәрмектің қажетті мөлшерін алыңыз және шприцтен ауаны және дәрі-дәрмектің тамшысын қақпағын алмастан шығарыңыз, осылайша көрсетілген доза шприцте қалады (шприц алынған орама және ампуланы немесе флаконды «А» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз ).

    5. Инъекцияға арналған шприц, спирттелген 3 мақта түйіршіктері стерильді науаға салу қажет.

    6. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.Науқастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз.

    7. Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаңыз .

    8. Егетін жерді дайындап, тамырды қолмен басып көріп, науқасқа жұмырдығыңызды ашып - жауып жұмыс жасауын, содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;

    9.Спиртке батырылған екі мақта түйіршіктерімен егетін орынды (ең толық тамырды тапқаннан кейін) өңдеңіз (бірінші түйіршік 10-нан 10 см-ге дейін, екіншісі-инені енгізу орны, содан кейін мақта түйіршіктерін "Б " санатындағы контейнерге тастаңыз).

    10.Шприцті оң қолыңызға алыңыз, екінші саусағыңызды иненің канюлясына қойып, қалған саусақтарыңызды шприцтің цилиндріне орналастырыңыз;

    11.Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз .

    12.Абайлап иненің үштен бір ұзындығын «қуысқа» түскенін сезгенше көк тамырға енгізіңіз.

    13.Сол қолдың саусақтарын босатып, поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

    14.Бұраманы босатып, пациенттен жұдырығын ашуын сұраңыз, инені тамырға тигізгенін тексеру үшін поршеньді қайтадан өзіңізге қарай тартыңыз.

    15.Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, жаймен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз. Науқастың қал-жағдайын бақылаңыз.

    16.Шприцте аз мөлшерде ерітінді (0,5 мл) қалғаннан кейін иненің инъекция орнына үшінші мақта түйіршігін басып, тамырдан инені шығарасыз;

    17. Наукастың қолын шынтақ буынында 5-10 минут қан ағу тоқтағанға дейін бүгуін сұраңыз.

    18. Инъекциядан бұрын және иньекциядан кейін науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз.

    19. Шприц, ине, мақта түйіршіктерін, қолғаптарды Б санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.
    17.Көктамыр ішіне тамшылатып енгізуге арналған

    жүйені толтыру
    Жабдықтау:сұйықтықты тамшылап құюға арналған бір рет қолданылатын жүйе, құтыдағы дәрі-дәрмектер, 70% этил спирті, бикс, стерильді мақта шарлары, науа, қолғап, пинцет, бетперде, клеенкалы валик, резеңке бұрау, штатив, «А» және «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнер.
    1.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.

    2.Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, құтыны ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз.

    3. Құтының резеңке тығынын спиртпен мақта тампонымен өңдеу, құтыдан дискіні пинцетпен алу және спиртпен мақта тампонымен қайта өңдеу

    4.Бір реттік жүйенің бүтіндігін, сақтау мерзімін тексеріп ашыңыз.

    5.Бір реттік жүйені орамнан шығарып алыңыз да, дереу бұрандалы қысқышын соңына дейін жабыңыз (ораманы «А» санатындағы контейнерге тастаңыз).

    6.Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны құтының резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз.

    7.Құтыны түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, штативке бекітіңіз (ауа өткізгішті ашыңыз).

    8. Тамызғышты ақырын қысып, жартылай көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.

    9.Жүйе инесінің қақпағын шешу.

    10. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны шығарып, содан кейін бұрандалы қысқышты жабыңыз .

    11. Бір реттік жүйенің инесіне қақпақты кигізіп, штативке іліп қойыңыз.

    12. Жүйе ерітіндімен толған, тамшылатып енгізуге дайын.


    18. Көктамыр ішіне тамшылатып енгізуді орындау

    Жабдықтар:

    • сұйықтықты тамшылап құюға арналған бір рет қолданылатын жүйесі,

    • құтыдағы дәрі-дәрмектер,

    • 70% этил спирті,

    • бикс, стерильді мақта шарлары,

    • науа, пинцет,

    • қолғап,бетперде,

    • резеңке бұрау, лейкопластырь;

    • клеенкалы валик, штатив,

    • «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнер.


    1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіру, пациенттен оны жүргізуге келісімін алу.

    2.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.

    3.Пациентті ыңғайлы жатқызыңыз; шынтақ иінінің астына клеенка валик қойыңыз;

    4.Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаңыз .

    5. Тамырды қолмен басып көріп, науқасқа жұдырығыңызды ашып- жауып жұмыс жасауын , содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз

    6. Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйіршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: (бірінші түйіршік 10 - 10 см, екіншісі - инъекция орынын, содан кейін қолданылған мақта түйіршіктерін «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз).

    7.Шприц инесінің қалпағын алып, көк тамырға пункция жасаңыз. («Көктамырішілік инъекцияны орындау» 11-12 пунктерін қараңыз).

    8.Канюлада қан көрінген кезде, бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.

    9.Бұрандалы қысқышты ашып, тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз. (Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес тамшының таму жылдамдылығын, енгізу жылдамдығы тұрақты болуын қадағалаңыз. ).

    10.Иненің канюлясына лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз.

    11. Инфузия аймағын және науқастың жағдайын үнемі қадағалаңыз, ұлпалардың ісінуін дер кезінде байқау, сұйықтықтың тамыр сыртына кетіп жатқанын білдіреді.

    12. Жүйеде бірнеше мл (2-3 мл) ерітінді қалғаннан кейін бұрандалы қысқышты жауып, лейкопластырды шешіп және инъекция орнына спиртпен үшінші мақта түйіршігін басып, инені алыңыз.

    13.Наукастың қолын шынтақ буынында 5-10 минут қан ағу тоқтағанға дейін бүгуін сұраңыз.

    14. Қолданылған жүйені, мақта түйіршіктерін, қолғапты Б санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз (сур.11)


    Сурет 11. Көктамыр ішіне тамшылатып енгізуді орындау
    19. Вакутайнер арқылы көктамырдан қан алу

    Жабдықтар:

    • вакутейнер құрылғысы;

    • стерильді пробиркалар;

    • 70% этил спиртінің ерітіндісі;

    • бикс, стерильді мақта шарлары;

    • науа (лоток), қолғаптар;

    • пинцет, бетперде, резеңке бұрау (жгут);

    • клеенкалы валик;

    • «А» және «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнер.



    1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіру, пациенттен оны жүргізуге келісімін алу.

    2.Көктамырдан қан алу қатаң түрде аш қарынға және процедураны таңертең дәрілік препараттарды қабылдағанға дейін жүргізіледі.

    3.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.

    4.Жабдықты дайындаңыз (вакутейнер орамасын ашыңыз, оның тығыздығына және жарамдылық мерзіміне көз жеткізіңіз), пробиркаларды нөмірлеңіз және оларды спиртке малынған 3 мақта түйіршіктерімен зарарсыздандырылған науаға салыңыз (ораманы «А» санатындағы ыдысқа тастаңыз).

    5.Пациентті ыңғайлы отырғызу немесе жатқызыңыз; шынтақ иінінің астына клеенка жастықша қойыңыз;

    6.Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаңыз .

    7.Тамырды қолмен басып көріп, науқасқа жұдырығыңызды ашып- жауып жұмыс жасауын , содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз.

    8.Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйіршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: (бірінші түйіршік 10 - 10 см, екіншісі - инъекция орынын, содан кейін қолданылған мақта түйіршіктерін «Б» класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз).

    9.Вакутайнер инесінен қақпақты алыңыз және пункция жасау үшін көк тамырды таңдау. («көктамырішілік инъекцияны орындау» алгоритмі 10-12 тармақтан қараңыз).

    10.Пробирканы алып, вакутейнерге жалғаңыз (резеңкесі бар ине). .

    11.Қан пробиркаға аққаннан бастап бұрауды (жгут) ағытады. Жинағыш пробирканы қан толғаннан кейін алып тастайды.

    12.Пробиркаға қан (қажетті мөлшерде) жинап, штативке салыңыз.

    13. Инъекция орнына спиртпен үшінші мақта түйіршігін басып, инені вакутейнермен алыңыз және қауіпсіздік техника талабына сәйкес «Б» санатындағы контейнерге тастаңыз.

    14.Наукастың қолын шынтақ буынында 5-10 минут қан ағу тоқтағанға дейін бүгуін сұраңыз.

    15. Инъекциядан бұрын және иньекциядан кейін науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз.

    16.Шприц, ине, мақта түйіршіктерін, қолғаптарды Б класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

    .

    Сурет 12. Вакутайнердің көмегімен көктамырдан қан алу

    20. Көктамырдан шприцпен қан алу
    Жабдықтар:

    • ұзындығы 40 мм, қимасы 0,8 мм инесі бар бір реттік 10-20 мл стерильді шприц;

    • стерильді пробкалар;

    • этил спиртінің 70% ерітіндісі;

    • бикс, стерильді мақта түйіршіктері;

    • науа (лоток);

    • қолғап, пинцет, бетперде;

    • клеенкалы валик, резеңке бұрау;

    • «А» және «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнер.


    1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіру, пациенттен оны жүргізуге келісімін алу.

    2.Көктамырдан қан алу қатаң түрде аш қарынға және процедураны таңертең дәрілік препараттарды қабылдағанға дейін жүргізіледі.

    3.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.

    4.Жабдықты дайындаңыз (шприц орамасын ашыңыз, оның тығыздығына және жарамдылық мерзіміне көз жеткізіңіз), пробиркаларды нөмірлеңіз және оларды спиртке малынған 3 мақта түйіршіктерімен зарарсыздандырылған науаға салыңыз (ораманы «А» санатындағы ыдысқа тастаңыз).

    5.Пациентті ыңғайлы отырғызу немесе жатқызыңыз; шынтақ иінінің астына клеенка жастықша қойыңыз;

    6.Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаңыз .

    7.Тамырды қолмен басып көріп, науқасқа жұдырығыңызды ашып- жауып жұмыс жасауын , содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;

    8.Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйіршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: (бірінші түйіршік 10 - 10 см, екіншісі - инъекция орынын, содан кейін қолданылған мақта түйіршіктерін «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз).

    9.Шприц инесінен қақпақты алыңыз және пункция жасау үшін көк тамырды таңдау. («көктамырішілік инъекцияны орындау» алгоритмі 10-12 тармақтан қараңыз).

    10.Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, бұрауды шешпей қажетті мөлшерде қанды шприцке сорып алыңыз.

    11. Резеңке бұрауды шешіңіз, инъекция орнына 3 мақта түйіршігін көк тамырдан инені шығарыңыз.

    12.Наукастың қолын шынтақ буынында 5-10 минут қан ағу тоқтағанға дейін бүгуін сұраңыз.

    13.Стерильді жағдайды қатаң сақтап, пробирканы сол қолмен ашып, шприцтен қанды жай қысусыз құйыңыз.

    14.Инъекциядан бұрын және иньекциядан кейін науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз.

    15. Шприц, ине, мақта түйіршіктерін, қолғаптарды Б класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта