Главная страница

Клиникада кіріспе алгоритм. КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР АЛГОРИТМІ. Клиникаа кіріспе практикалы манипуляциялар алгоритмі


Скачать 5.89 Mb.
НазваниеКлиникаа кіріспе практикалы манипуляциялар алгоритмі
АнкорКлиникада кіріспе алгоритм
Дата16.03.2022
Размер5.89 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаКЛИНИКАҒА КІРІСПЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР АЛГОРИТМІ.doc
ТипДокументы
#400386
страница5 из 5
1   2   3   4   5

21. Әйелдерде жұмсақ катетермен қуықты катетеризациялау
Қуықтың катетеризациясы – дер кезінде қуықтағы несепті шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу,дәрі-дәрмектерді енгізу үшін оған катетер енгізу болып табылады.

Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.

Қарсы көрсетілімдері:

  • зәр шығару каналының жарақаты

  • қуық тамырының жарылуы,қан кетуі

  • жедел уретрит;

  • простатит;

  • кавернит;

  • орхоэпидимит.

Жабдықтар:

стерильді бір реттік катетер (немесе стерильді бір реттік катетеризация жинағы);

стерильді глицерин немесе вазелин майы;

стерильді науадағы пинцеттер;

корнцанг;

стерильді тампондар;

стерильді салфеткалар;

зәр қабылдағыш;

зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс;

0,02% жылы фурацилин ерітіндісі;

астына төсейтін клеенка, жаялық;

стерильді қолғап бетперде ;

Б санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнер.
Әйелдерде жұмсақ катетермен қуықты катетеризациялау

1.Науқаспен өзара сенімді қарым - қатынасты орнатыңыз, науқастың оңашалауын қамтамыз етіңіз.

2.Пациентке манипуляцияның өткізілу барысын және мақсатын түсіндіру. Катетеризацияны жүргізуге пациенттің келісімін алу. Қарсы көрсетілімдердің болуын анықтау.

3.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.

4.Науқасты арқасына жатқызыңыз: жамбасының астына клеенка жайып,оның үстіне жаялықты төсеп, аяғының арасына дәретсауыт (судно) немесе зәр қабылдағыш ыдысты қою. Пациенттен аяғын бүгіп, шат аралығын ашуын сұрау.

5.Сол қолдың I және II саусақтарымен стерилді салфетканы пайдаланып үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, несеп шығатын өзектің сыртқы тесігін ашыңыз.

6.Оң қолмен корнцангпен стерильді дәке тампонын алып, антисептикалық ерітіндімен жыныс мүшесінің басын жоғарыдан төмен зәр бөліну каналын тазартыңыз.

7.Оң қолыңызбен пинцетпен стерильді катетерді алып дөңгелектелген ұшынан 5-6 см қашықтықта, қалам тәрізді алып, IV және V саусақтардың арасындағы бос ұшын ұстаңыз.

8.Катетердің тұйық жағына стерильді глицерин немесе вазелин майын пипетка әдісімен майлаңыз.

9.Катетерді зәр шығару каналына 3-5 см енгізіңіз, несеп шыққанға дейін, катетердің бос ұшын дәретсауыт (судно) жинайтын ыдысқа салыңыз.

10. Зәр бөліну ағымы азайғанда қолмен қасаға үстінен іштің алдыңғы қабырғасын басыңыз.

11. Катетерден зәр бөліну өздігінен тоқтаған кезде зәр шығару каналынан абайлап стерильді салфеткамен катетерді алыңыз. Пайдаланылған медициналық заттарды: қолғапты, сүрткілерді, шариктерді және салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12. Несеп шығатын сыртқы өзегін шприцтің көмегімен фурациллин ерітіндісімен жуу . (сур.12 а)
22. Ер адамдарда жұмсақ катетермен қуықты катетеризациялау
1.Науқаспен өзара сенімді қарым - қатынасты орнатыңыз, науқастың оңашалауын қамтамыз етіңіз.

2. Пациентке манипуляцияның өткізілу барысын және мақсатын түсіндіру. Катетеризацияны жүргізуге пациенттің келісімін алу. Қарсы көрсетілімдердің болуын анықтау.

3.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.

4.Науқасты арқасына жатқызыңыз: жамбасының астына клеенка жайып,оның үстіне жаялықты төсеп, аяғының арасына дәретсауыт (судно) немесе зәр қабылдағыш ыдысты қою. Пациенттен аяғын бүгіп, шат аралығын ашуын сұрау.

5.Сол қолдың III және IV саусақтарының арасына жыныс мүшесін алып, басын сәл қысыңыз, және І және ІІ саусақтарымен сәл артық терісін ысырыңыз.

6.Оң қолға шырышты қабыққа арналған антисептикті алып, жыныс мүшесінің басын жоғарыдан төмен несеп бөліну өзегінен шетке қарай тазартыңыз.

7.Оң қолда қысылған стерильді пинцетпен катетердің тұмсығынан 5-7 см қашықтықта алыңыз, катетердің шетін қолдың үстінен орап IV-V саусақтар арасына қысыңыз.

8.Катетердің тұйық жағына стерильді глицерин немесе вазелин майын пипетка әдісімен майлап, зәр шығаратын каналға ақырын енгізіңіз.

9.Біртіндеп катетерге ақырын басып, катетерді несепағар бойымен тереңірек жылжытыңыз, несеп пайда болғанға дейін катетерді пинцетпен әр 3-5 см сайын ұстап тұрыңыз (анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып,сол қолыңызбен жыныс мүшесін катетерға қарай төмендетіңіз, бұл катетердің уретрия бойымен алға жылжуына ықпал етеді ).

10.Егер катетерді енгізу кезінде кедергілер туындаса, науқасты тыныштандырып, денесін бос ұстауды ұсыну. Егер катетер уретраның қуыққа кіретін бөлігіне қарай ену қиындаса дереу дәрігерге хабарлау.

11.Несеп шыққан кезде катетердің бос ұшын дәретсауыт (судно) жинайтын ыдысқа салыңыз. Зәр бөліну ағымы азайғанда қолмен қасаға үстінен іштің алдыңғы қабырғасын басыңыз.

12.Катетерден зәр бөліну өздігінен тоқтаған кезде зәр шығару каналынан абайлап стерильді салфеткамен катетерді алыңыз. Пайдаланылған медициналық заттарды: қолғапты, сүрткілерді, шариктерді және салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

13.Несеп шығатын сыртқы өзегін шприцтің көмегімен фурациллин ерітіндісімен жуу. ( сур.12, б)



а б

Сурет 12. Жұмсақ катетермен қуықтың катетеризациясы

а-әйелдерде; б - ерлерде

Қорытынды

Оқу құралы «Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармация» мамандықтарының студенттеріне «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша құрастырылған және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған (кәсіби және өндірістік практика үшін).

Теориялық білімді игергеннен кейін бұл нұсқаулық манипуляция алгоритмдерін қолдана отырып, кәсіби шеберліктер мен дағдыларды өз бетімен дамытып, өзіңізді тексеруге мүмкіндік береді. Оқулықтың әрбір тақырыбы студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастыру және оны басқару үшін қажет бөлімдерден тұрады.

Алгоритм бойынша жұмыс құзыреттілікті бағалау матрицасын жасауға мүмкіндік береді. Студент мінез-құлық, пайымдау деңгейінде өзінің қабілеттілігін, біліктілігін және мамандыққа деген қызығушылығын көрсетеді.

Оқулықтың негізгі мақсаты - «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша білім сапасын көтеру, барлық сабақтарда алған білімдерді, дағдыларды және практикалық дағдыларды бекіту (сабақтың барлық түрлері: тәжірибелік сабақтар, білім алушылардың оқытушының басшылығымен атқарылатын өзіндік жұмысы, білім алушылардың өзіндік жұмысы). Стандартты көзқарасқа негізделген манипуляциялардың алгоритмдері: - кәсіби медициналық білімнің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейлерінде орындау дағдыларын қалыптастырудың бірыңғай талаптарын белгілеуге ықпал етеді.

Тест тапсырмалары
1.Ересек адамның қалыпты жүрек соғысы минутына :

А.100-120

В. 90-100

С.60-80

D. 40-60

Е. 40-50
2.Тыныс алу қасиеттеріне мыналар жатады:

А. тип

В. тонус

С. толуы

D. кернеулігі

Е. гипотония
3. Қалыпты жағдайда ересек адамның тыныс алу жиілігі минутына құрайды:

А. 30-36

В. 25-30

С. 22-28

D.16-20

Е. 10-12
4.Тамыр соғуының қасиеттерінің бірі:

А. кернеулігі

В. гипотония

С. тахипноэ

D.атония

Е. тип
5.Тамыр соғуының толуы ажыратылады:

А. ырғақты, аритмиялық

В. жылдам, баяу

С.толық, бос

D.қатты, жұмсақ

Е. синхронды, жіптәрізді
6.Тыныс алу жиілігінің жоғарылауы (жиі, үстірт тыныс алу) қалай аталады?

А. брадипноэ

В.тахипноэ

С. диспноэ

D.апноэ

Е. синхронды
7.Тыныс алу жиілігінің төмендеуі :

А. брадипноэ

В. тахипноэ

С. диспноэ

D. апноэ

Е. синхронды
8. Ересек адамдарда жүректің минутына 98 рет соғуы:

А. қалыпты

В. тахикардия

С. брадикардия

D. аритмия

Е. брадиаритмия
9. Стандартты қан қысымын өлшеу әдісі:

А. Коротченко әдісі

В. Коновалов әдісі

С. Коротков әдісі

D. Петров әдісі

Е. Склифосовск әдісі



10. Қандай құрылғы қан қысымын өлшейді?
А. тонометр

В. спирометр

С. манометр

D. пневмотахометр

Е. термометр
11. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз. Қан қысымын өлшейтін манжетті бекіту керек:

А. манжет мен иық арасынан бір саусақ өтпейтіндей;

В. манжета мен иық арасынан 2 саусақ өтетін етіп;

С. иық пен манжет арасынан 1 саусақ өтетін етіп;

D. манжет иықты мықтап ұстауы керек

Е. иық пен манжет арасы 3 саусақ өтетіндей қылып қондырады
12.Қан қысымын өлшеу кезінде иық артериясындағы тондарды тыңдау үшін қандай құрал қолданылады?

А. саусақпен басу арқылы

В. фонендоскоп

С. тонометр

D. пикфлоуметр

Е. термометр

13. Дені сау адамда АҚ жоғарлайды:

А. физикалық белсенділік кезінде

В. демалу немесе ұйықтау кезінде ;

С. психологиялық босаңсу ;

D.эндокриндік сипаттағы бұзылулар (мысалы, қант диабетінде);

Е. бүйрек ауруларында (нефрит)

14. Диастолалық қан қысымының төмендеу себептері:

А. варикоздан

В. артық салмақ

С. психологиялық босаңсу

D.бүйрек ауруларында (нефрит)

Е. дене салмағының жетіспеушілігі, төмен көмірсулы диета, ашығу
15. Аритмия кезіндегі пульсті есептеу уақыты (сек.)

А.60

В.45

С. 30

D. 25

Е.15

16. Пульс анықталмайды:

А.ұйқы артериясында

В. самай артериясы

С.кәріжілік арттериясы

D. шынтақ артериясы

Е.құрсақ арттериясы

17.Ересектердегі диастолалық қан қысымының қалыпты көрсеткіштері (мм рт.ст.)

А.140-150

В. 120-130

С. 100-110

D.60-90

Е.40-50
18. Тамыр соғудың көлемі артерияда анықталады:

А. толу мен кернеуі

В. кернеуі мен жиілігі

С. толу мен жиілігі

D.жиілігі мен ырғақтығы

Е.жиырылуы, босаңсуы
19. Еуропалық стандартқа сәйкес (ЕN 1500) медициналық персоналдың қолын өңдеуге кірмейтін нұсқа:

А. қолды гигиеналық жуу

В. гигиеналық антисептика

С. хирургиялық антисептика

D.биологиялық антисептика

Е. қолды хирругиялық өңдеу
20. Пайдаланғаннан кейін резеңке қолғап тасталады:
А. Б санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге
В, ағынды су астында жуу, зарарсыздандыруға
С. тазартылған суда шаюға
D. бу стерилизаторында зарарсыздандыруға
Е. Г санатындағы қауіпті жоюға арналған контейнерге

21. Инъекция орнын өңдеуге арналған спирттің концентрациясы (град.)

А. 96

В. 80

С. 75

D. 70

Е. 60
22.Тері ішіне жасалатын иненің бұрышы: (град.)

А. 90

В. 45

С. 15

D. 10

Е. 5
23. Тері ішіне инъекция жасау орны:

А. жамбас

В. іш қуысының алдыңғы бүйір үсті

С. иықтың сыртқы жоғарғы беті

D. қол білегінің ішкі беті

Е. жамбастың жоғарғы сыртқы квандранты

24. Тері ішіне салатын иненің ұзындығы: ( мм)

А. 40

В. 30

С. 25

D. 20

Е. 15
25. Бұлшық етке салатын иненің бұрышы: (град.)

А. 90

В. 60

С. 45

D. 20

Е. 5
26. Көктамыр ішіне тамшылатып құю кезіндегі пациенттің қалпы қандай болуы тиіс :

А. арқасына жату

В. отыру

С. тұру

D. қырымен не етбетімен жату

Е. тізерлеп-шынақтау

27. Антибиотиктерді сұйылту үшін келесі ерітіндіні қолданылады:
А.новокоин ерітіндісі 0,5%
B. новокоин ерітіндісі 0,75%
С. новокаин ерітіндісі 1%
D. новокаин ерітіндісі 2%
E. новокаин ерітіндісі 5%
28. Көктамыр ішіне құю үшін қолданылатын шприцтің көлемі (мл-мен):

А. 40-60

В. 10-20

С. 10-5

D. 2-5

Е. 1-2

29. Қан алу барысында бұрауды (жгут) ағытады?

А. инені тамырға енгізгеннен кейін
В. қанның қажетті мөлшерін жинап, инені тамырдан шығарғаннан кейін
С. қан жиналғаннан кейін, бірақ инені тамырдан шығарғанға дейін
D. қан кетуді тоқтатқаннан кейін
Е. процедураның кез келген сәтінде
30. Ерлерде қуықты катетеризация кезінде катетер қандай тереңдікке енгізіледі (см)?

А. 18-20

В. 10-12

С. 5-10

D. 3-5

Е. 2-5
31. Әйелдерде қуықты катетеризациялау кезінде катетер қандай тереңдікке енгізіледі (см)?

А. 18-20

В. 10-12

С. 6-8

D. 3-5

Е. 2-3
32. Катетерді енгізер алдында мейіргер жасау қажет:

А.сыртқы жыныс мүшелерін мұқият жуу

В. жыныс мүшелерін және несеп-жыныс каналының саңылауын мұқият жуу
С. сыртқы жыныс мүшелерін бүркіп шаю, жуу

D.жыныс мүшелерін сулау
Е. зәрдің қалдық көлемін өлшеу
33. Науқасты катетеризациялау алдында жуу үшін қолданылады:
А. калий перманганатының күшті ерітіндісі

В. су
С. 3% сутегі тотығы

D. хлорамин ерітіндісі

Е. калий перманганатының әлсіз ерітіндісі
34. Қуықты жуу үшін қолданылатын фурацилин ерітіндісінің температурасы қандай ? (С)

А. 40-42

В. 37-38

С. 25-28

D. 20-23

Е. 10-15
35. Қуықты катетеризациялау жүргізіледі:

А.бактериологиялық зерттеуге несеп алу үшін

В.цистит кезінде қуықты жуу үшін

С.несеп ұстамау кезінде

D.уретра зақымдалған кезде

Е. уретральды канал зақымдалған кезде
36. Қуыққа дренаж орнатудың жиі көрсеткіштері:

А. зәр шығару жолдарының инфекциясы (жедел және созылмалы уретрит);

В. уретральды канал мен қуықтың жарақаттары;

С. уретра мен қуықтың ерекше аурулары, олардың қуысына дәрі-дәрмектерді енгізуді, ірің мен қаннан жууды қажет етеді.

D. уретраның жиырылуы

Е. қуықта зәрдің болмауы (анурия)
37. Қуықтың катетеризациясына қарсы көрсеткіштер:

А. жедел және созылмалы зәр шығару кезінде қуықты босату қажеттілігі

В. уретральды канал мен қуықтың жарақаттары;

С.уретра мен қуықтың ерекше аурулары, олардың қуысына дәрі-дәрмектерді енгізуді, ірің мен қаннан жууды қажеттілігі

D.цистит кезінде қуықты жуу қадеттілігі

Е. дұрыс диагноз қою және тиімді емдеуді тағайындау үшін диагностикалық шаралар қажеттілігі
38.Гигиеналық катетерлеу мыналарды қамтамасыз ете алады:

А. өздігінен қуығын босата алмайтын ауыр науқастарға дұрыс күтім жасау.
В.уретраның зақымдануы арқылы қанайналым жүйесіне инфекция жұқтыру;
С. әйелдер мен ерлердегі несеп-жыныс мүшелерінің инфекциясын жұқтыру (цистит, уретрит, парафимоз, пиелонефрит және т. б.);
D.қуықтың катетеризациясынан кейін қуық бездерінің қабынуы
Е. несеп жолының зақымдануы немесе тесілуі;
39. Дренаж құрылғысын орнату процесінде жағымсыз салдарлардың туындау себептері:

А. стерильділікті сақтау;

В. қуықты катетеризациялаудың тамаша әдісі;

Б. катетеризация жасау үшін сапалы материалдарды қолдану

D. науқасқа мұқият қарау;

Е. уретраның зақымдануы арқылы қанайналым жүйесін жұқтыру;
40.Мына жағдайда науқастарға катетер орнатылмайды:

А. қуықтың қабыну процестері, жедел кезеңдегі уретралар, простатит, кавернит;

В. несепағардың бұзылуы;

С. несептің созылмалы немесе жедел кідірісі кезінде;

D. жедел нефрит кезінде

Е. несеп - тас ауруы,уролитиаз

Тест жауаптары:






















1

С

11

В

21

D

31

D

2

А

12

В

22

Е

32

В

3

D

13

А

23

D

33

Е

4

А

14

Е

24

Е

34

В

5

С

15

А

25

А

35

В

6

В

16

Е

26

А

36

С

7

А

17

D

27

А

37

В

8

В

18

А

28

В

38

А

9

С

19

D

29

С

39

E

10

А

20

А

30

А

40

А


Әдебиеттер тізімі
1. Агкацева С.А. Обучение практическим навыкам в системе среднего медицинского образования. Алгоритмы манипуляций в деятельности медицинской сестры. П-3.: Плещеево озеро, 228 с.

2. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии : учеб. пособие / Н. В. Барыкина, В. Г. Зарянская. — Изд. 12-е. — Ростов н/Д : Феникс, 2012. — 447 с. : ил. — (Среднее профессиональное образование).

3. Гордеева И.Г. Сестринское дело. Практическое руководство/ Под. Редакцией И.Г.Гордеева, С.М. Отаровой , З.З. Балкизова. - 2-е издание, переработанное и дополненное, Москва «Издательская группа» «ГЭОТАР-Медиа», 2019.-578 с.

4. Зарытовская Н.В. Практические умения медицинской сестры:учебное пособие для сертификационного экзамена на право допуска к работе в качестве среднего медицинского персонала (II этап)/Н.В. Зарытовская , А.С.Калмыкова, С.В. Рой – Ставрополь, 2013. - 102 с.

5. Каркабаева, А. Д.Н. Введение в клинику- А.Д.Каркабаева, Н.Н.Теляева - Астана, 2014

6.Кузнецов Н.А. Уход за хирургическими больными : учебник / Н.А. Кузнецов, А.В. Бронтвейн. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 288 с. : ил.

7.Кулешова Л.И. Основы сестринского дела: курс лекций, сестринские технологии: учебник. - Издание 4-е: Феникс, 2019. - 716 стр.

8.Храмова Е.Ю. Польный справочник по уходу за больными .: Москва;2011- 157 стр.

9.Цыганова Л. В. Технология выполнения медицинских услуг. Учебно-методическое пособие// Л. В. Цыганова, А.Ш Мухамадиева, Е. А. Тарасова, Э. М. Чумакова, Л.Р. Рызванова - Казань: ГАОУ СПО «Казанский медицинский колледж», 2013. - 164 стр.

10.Чуваков Г.И. Основы сестринского дела. Том 1: учебник и практикум для академического баклавриата / под. ред. Г.И. Чувакова- 2-е изд.испр. и доп.- М: Издательство Юрайт, 2018. - 374 стр.

11.Широкова Н.В. Основы сестринского дела : Алгоритмы манипуляций : учебное пособие / Н.В. Широкова и др. - M. : ГЭОТАР-Медиа, 2010. - 160 с.

12.Яромич И.В. «Сестренское дело и манипуляционная техника»: учебник / И.В.Яромич - 3 - е изд. -Минск 2011,- 527 с

13. ВОЗ/ ГСБИ: Комплект методических материалов по безопасности инъекций и сопутствующим процедурам. Всемирная организация здравоохранения, 2011, - 55 стр.

14.Национальный стандарт Российской Федерации. Технологии выполнения простых медицинских услуг. Манипуляции сестринского ухода. – Москва, Стандартинформ, 2015,- 214 с.

15.Национальный стандарт Российской Федерации. Технологии выполнения простых медицинских услуг. Инвазивных вмешательств – Москва, Стандартинформ, 2015,- 88 с.

16.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығы.

17.ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 23.04.2013 жылғы«Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын зарарсыздандыру жөніндегі әдістемелік бекіту туралы». №111 бұйрығы

18.Захарова Л.А. Алгоритмы выполнения практических навыков по дисциплине «Сестринское дело» Москва, 2012, - 9 стр.

19.Стрельченко О.В. Стандарты и технологии практической деятельности медицинских сестер (Методические рекомендации профессиональной деятельности операционной медицинской сестры) / О.В. Стрельченко, Е.Ю. Орлова, Г.П. Кашуба / под общей редакцией О.В. Стрельченко/ Новосибирск, 2013. – 46 с.

20.Сапенко Т.П. Взятие венозной крови: некоторые вопросы преаналитики//Лабораторная служба-2, 2012- с. 34-38

21. Pamella L. (2010). Taylor`s Clinical Nursing Skills, 406p.

22. Boev, C. (2012). The relationship between nurses’ perception of work environment and patient satisfaction in adult critical care. Journal of Nursing Scholarship, 44(4), 368-375.

23. Deborah Raines. Nursing Care Procedures // World`s #1 Academic outline, 1-6

24. Jill E. Nursing. Assessing lung sounds // World`s #1 Academic outline, 1

25. Jill E. Nursing. Intramuscular injection sites // World`s #1 Academic outline,3


.
1   2   3   4   5


написать администратору сайта