*Ми қан айналымының жедел бұзылуы салдарынан болады. Өте тез дамиды, қантамыр жарылып, қан миға немесе ми қабығына құйылған кезде кенеттен пайда болады. Бұл көбіне геморрагиялық инсультта байқалады.
*Ми қантамырлары бітеліп қалған жағдайда, мысалы ишемиялық инсультта, науқастың есінен тануы баяу немесе тез, бірақ ұзаққа созылмайды. Сонымен қатар сөйлеу қабілеті нашарлайды, аяқ-қолдар қимылсыз қалады және сезімталдығын жоғалтады.
*Геморрагиялық инсультта бет және мойын терісі қан қызыл түске боялады, көз алмасы толкын тәрізді қимылдап қозғалады, кейде қарашық үлкейеді, тыныс алғанда сырыл пайда болады, ауыз жартылай ашылады, мойын бұлшықеттері менингиттегі сияқты құрысады немесе сіреседі, жұтыну қиындайды немесе нашарлайды, артериялық қысым жиі жоғарылайтын болады. Ишемиялық инсультта бет бозарады, артериялық қысым көбіне төмендейді.
| Эндотоксикалық. Ағзаның улы токсин дерді қандай да бір себептерге байланысты бөліп шығаруы.
Экзотоксикалық. Қоршаған ортадан ағзаға қандай да бір токсиндердің енуінен пайда болады. (инекция арқылы т.б)
Уланудың клиникалық ағымында екі кезеңді ажыратады. Токсикогенді кезең (ағзада арнайы токсикалық эффект тудыратын әсер етуші заттың белгілі бір мөлшерде болуы). Соматогенді кезең (токсикалық агентті бұзу немесе жоюдан кейін пайда болып, мүшелер мен жүйелердің құрылымдарымен функцияларының бұзылыстарымен көрінеді). Әртүрлі дәрежедегі, яғни есінен танудан комаға дейінгі мастық жағдайлар кездеседі. Бет тері жамылғысы гиперемирленген, дене қызуы төмендеген болады. Құсу, еріксіз дәреттін бұзылуы байқалады. Қарашықтары аздап тарылған, ал гипоксия кезінде олар кеңейген болады.Тыныс алу бұзылысының аспирациялы-обтурациялық түрін анықтайды,кейде механикалық асфиксия болуы мүмкін. Пульс жиі, бірақ әлсіз болады. Алкоголді заттарға гидролизді және сульфитті спирттерді, денатураттарды, одеколондар мен лосьондарды, политураларды, желімдерді жатқызады.Олардың құрамында этил спирті жәнеде т.б. токсикалық заттар: метил спирті,альдегидтер, эфир майы, ацетон, фенолформальдегидті шайыр, бутил және амил спиртері кіреді.
| *Қандағы қант мөлшерінің жеткіліксіздігінен, яғни гипогликемиялық немесе шамадан тыс болуынан гипергликемиялық әсер пайда болады.
*Гипогликемияда кома жедел дамиды, ашығу, қалтырау, денесінде діріл сезімдері пайда болады, есінен танады, ұзаққа созылмайтын құрысу құбылыстары байқалуы мүмкін. Есінен танған кезде суық тер мол шығады.
*Гипергликемияда кома әдетте сусамырға шалдыққан науқастарда біртіндеп, тәулік бойы дамиды, ауыз іші құрғайды, шөлдейді, қандағы қант мөлшері 2-3 есеге артады.
*Команың бұл түрі көбіне сусамыры бар науқастарда болады. Науқас мүлде есінен танады. Терісі құрғайды, жылылық сезіледі, ауыздан ацетонның немесе алманың иісі шығады.
| Жарақаттық кома.әртүрлі жарақаттар әсерінен пайда болған: бастың ауруы,лоқсу, құсу, психомоторлы қозу.Жалпы милық симптоматика менингеальды белгілер бас ми ісіктері кезінде беруіде мүмкін.Брадикардия және сирек тыныстың кеш стадиясындағы тахикардия мен тахипноэ.
|