Главная страница
Навигация по странице:

  • Туберкулез (

  • Туберкулез түрлері

  • Микобактериялар систематикасы.

  • Жеке сурау

  • 2аудит. кпе туберкулезі, плеврит. Созылмалы кпе ауруы, кпені атерлі ісігі. Мейірбикелік процесті йымдастыру. Пн Терапиядаы мейіргер ісі


    Скачать 38.52 Kb.
    Названиекпе туберкулезі, плеврит. Созылмалы кпе ауруы, кпені атерлі ісігі. Мейірбикелік процесті йымдастыру. Пн Терапиядаы мейіргер ісі
    Дата22.06.2022
    Размер38.52 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2аудит.docx
    ТипДокументы
    #610538

    Өкпе туберкулезі, плеврит. Созылмалы өкпе ауруы, өкпенің қатерлі ісігі. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

    Пән: «Терапиядағы мейіргер ісі»

    Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік стандартпен бекітілген оқу бағдарламасында берілген тақырып бойынша білім алушылардың білімін дамытуда және дағдыны оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып қалыптастыру, ішкі аурулар пропедевтикасы және ішкі аурулар бойынша алған білімдерін жетілдіру, білім алушыларда клиникалық ойлауды дамыту

    Өзектілігі: ДСҰ мәліметі бойынша жер шарының әрбір үшінші тұрғыны туберкулез микобактериясы инфекциясын жұқтырады. Жыл сайын әлемде 8 млн 400 мың адам туберкулезбен ауырып, 2 млн адам қайтыс болады. Елімізде туберкулез ауруының профилактикасы, диагностикасы, емі мемлекет есебінен жүргізіледі. Уақытында анықталған ауру толығымен емделеді. Туберкулезбен ауырған адам оқу оқуға, жұмыс істеуге, сау бала дүниеге әкелуге, толыққанды өмір сүруге мүмкіндігі бар.2017 жылы туберкулезбен аурушаңдылық 100 мың адамға шаққанда 52,2, 2007 жылы 100 мың адамға шаққанда 126,4. Соңғы 10 жылда туберкулезбен аурушаңдылық 2,4 есеге төмендеген, өлім көрсеткіші 6 есеге төмендеген.Елімізде туберкулезбен ауырған алғаш рет анықталған науқастардың емделуі 2016 жылы – 86,9%, 2017 жылы – 87,0% құрайды.

    Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм. Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.

    Туберкулез түрлері:

    • ашық;

    • жабық.

    Ø Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді.

    Ø Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады.

    1.Туберкез интоксикациясы:

    А) ерте туберкулез интоксикациясы;

    Б) кеш туберкулез интоксикациясы;

    2. Тыныс алу ағзаларының туберкулезі:

    А) біріншілік туберкулездік жиынтық;

    Б) өкпенің ошақты туберкулезі;

    В) өкпенің инфильтративті туберкулезі;

    Г) туберкулездік бронхоаденит;

    Д) туберкулездік плеврит;

    Е) жоғарғы тыныс жолдарының туберкулезі;

    3.Басқа ағзалардың туберкулезі:

    А) сүйек туберкулезі;

    Б) лимфа түйіндерінің туберкулезі;

    В) туберкулездік менингит;

    Г) тері қабатының туберкулезі;

    Д)зәр шығару және жыныс ағзаларының туберкулезі;

    Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.

    Микобактериялар –қышқылға төзімді бактериялар, грам он таяқшалар. Микобактериялардың құрамында 70-80% майлы қышқылдар бар. Цил-Нилсен бояу әдісі арқылы анықтайды. Осы тұқымдасқа туберкулез және алапес қоздырғыштары жатады.

    Микобактериялар систематикасы.

    • Тұқымдасы- Mycobacteriaseae

    • Түысы – Mycobacterium

    • Түрлері – M.tuberculosis, M. bovis, M. africanum, M. avium, M. leprae.

    Туберкулез қоздырғышы.

    • M. hominis, bovis, avium, africanum — сәл иелген таяқшалар, спора, капсула тузбейді, қозғалмайды.

    • Орталарға талапшыл – картоп, глицерин, сары ұызды талап етеді, баяу өседі 30-45 тәулік. Элективты орталар — Левенштейн –Йенсен ортасы, Бучин ортасы, Петраняни ортасы. Тығыз орталарда –R пішінді колониялар тузеді – ірі, әжімделген, сары түсті, құрғақ. Туберкулез қоздырғышының биохимиялық қасиеттері Ферментативтік қасиеттері тұрақты емес, диагностика үшін манызы жоқ. Эндотоксин тузеді – туберкулин деп аталады, осы токсинді Кох ашқан. Фтиоидты, микол қашқылдары адам тіндерін бұзады,балауыз, корд-фактор токсигендік қабілеті бар. Корд-фактор микобактерияларды фагоцитоздан қорғайды. Аяқталмаған фагоцитоз байқалады.

    Туберкулез эпидемиологиясы: Инфекция көзі ауру адам, жануарлар. Жұғу жолдары – экзогенді (ауа тамшы, ауа шан), тұрмыстық қарым қатынас, алиментарлы, жынысты жолмен, эндогенді – қан және лимфа арқылы.

    Туберкулез – созылмалы қалғымалы инфекция. Туберкулездің біріншілік және екіншілік түрлері болады.

    Патогенезі. Қоздырғыш тыныс жолдары, шырышты қабықшалар және терідегі жаралар арқылы енеді. Бірінші ошағы — өкпе немесе ішек жолдарының лимфа бездері. Осы жерде гранулематозды қабыну пайда болады, туберкула деген томпешік пайда болады. Төмпешік эпителоидты, лимфоидты, плазматикалық жазушалардан, макрофагтардан, алып көпядролы Лангханс жазушалырынан тұрады және ортасында некроз байқалады. Осы гранулеманы — Гон ошағы деп атайды.

    • Гранулема, лимфоангит, лимфоаденит бүл біріншілік туберкулезды ошақ пневмонияға акеледі. Осы ошақтан қоздырғыш гематогенды және лимфогенды жолмен басқа мүшелерге тарайды.

    • Егер иммунитет жоғары болса- гранулема дәнекер капсуласына оралады, осы ошақта туберкулез таяқшасы анабиозға ушырайды, сақталады.

    • Алиментарлы жолмен жұққанда туберкулез таяқшасы ішек лимф бездерін зақымдайды.

    Клинкалық көрнісі бойынша басты 3 түрі бар:

    • Балалардың және жасөспіпмдердің бірінші (алғашқы) туберкулездік интоксикациясы

    • Тыныс органдарының туберкулезі

    • Жүйелермен органдардың туберкулезі

    Микробиологиялық диагностика.

    • Бактериоскопиялық әдіс – Цил- Нилсен бойынша бояйды.

    • Бактериологиялық әдіс – Левенштейн –Йенсен ортасында өсіреді, таза дақылды бөліп алады, биосынама жүргізеді M. hominis, bovis түрлерін ажыратады.

    • Туберкулез таяқшасын зертелетін затта көбейту үшін флотация жүргізеді( қышқыл қосады және сілтілі).

    Ниацин сынамасы. Ниацинды барлық микобактериялар тузеді және рибонуклеатидке айналдыратын фермент тузеді, бірақ туберкулез таяқшасы осы ферментті тузбейді. Туберкулез таяқшасы ниацин қөрек ортасында жинақтайды. Сондықтан ортада ниацин анықтау керек. Қөрек ортанын устінен 4%спирт және 10 % цианоген бромид қосамыз, ортада ниацин болса сары түс пайда болады.

    Аллергиялық әдіс. Манту сынамасы – вакцинаны еккенде, бір ай дан кейін жүргізеді. Тері астына туберкулин егеді, 42 сағ. кейін инфилтратты өлшейді. Осы сынама вакцинаның әсерінен түзелетін иммунитетті теқсереді. Экспресс-әдіс –Прайс микродақылдар әдісі.

    Туберкулездің микробиологиялық диагноз қою тәсілдері.

    Зерттеу заттары: қақырық, зәр, нәжіс, қан, сарсу т.б.

    Зерттеу тәсілдері:

    • микроскопиялық (қарапайым, люминисценттік)

    • микробиологиялық (таза дақыл бөліп алу)

    • биологиялық серологиялық (сирек қолданылады)

    • аллергологиялық ( Манту, Пирке сынақтары)

    Экспресс (шұғыл) диагностика — ИФР (РИФ).ПТР (ПЦР)

    Емдеу

    Емдеу – туберкулезға қарсы антибиотиктерді қолданады. Алдын алу – БЦЖ вакцинасы –тірі әлсіреген бактериялардын турады. Туберкулез кезінде стерилды емес иммунитет пайда болады, яғни қоздырғыш ағзада болғанда ғана тузеледі. Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.

    Туберкулездің емі кешенді ( комплексті) түрде, үзіліссіз сатылап, ұзақ жүргізілуі қажет. Емдеудің 1-ші сатысы арнайы туберкулез диспансерінде жүргізіледі. Емнің негізгі бір шарты – таза ауаны кеңінен қолдану. Ауру баланы жылдың кез- келген мезгілінде таза ауамен қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да туберкулез диспансері орманды, тоғайлы, ауасы өте таза жерлерге орналасқан жөн. Күн тәртібі – бала ауыр жағдайларда ғана төсек режимінде болады. Баланың ұйқысы тыныш, ұзақ болуы керек. Тамақтандыру ерекшелігі – баланың жасына қарағанда калориясы 15-20 % артық тағамдар тағайындалады. Тамақ құнарлы, витаминдерге бай, алуан түрлі болуы керек. Туберкулездің емінде қымыз, қымырын кеңінен пайдаланылады.

    Дәрілік ем:1. Антибактериальды- кейінгі жылдары итальяндық ғалымдар жүргізген көптеген лабораториялық және клиникалық зерттеулерден соң ең тиімді, ең таңдаулы 5 түрлі дәріге тоқталған: рифампицин, стрептомицин, пиразинамид, изониазид, этамбутол.

    2.Витаминдер

    3. Қан, плазма құю

    4. Кортикостероидтар

    ДОТС жоспарымен емдеу. Туберкулезді ДОТС жоспарына сәйкес емдеудің негізгі принципі – тікелей бақылаулы, қысқа мерзімнің ішінде қарқынды, белсенді ем жүргізу болып табылады. Микобактериялардың сыртқа бөлінуі тоқтағанша арнайы туберкулез диспансерінде, одан кейін бактериялар толық жойылғанша амбулаториялық жағдайда ем жалғастырылады. Ем жүргізу үшін жоғарыда аталған негізгі 5 препарат қолданылады:H-изониазид, R-рифампицин, Z- пиразинамид, S- стрептомицин, E- этамбутол.

    Туберкулезді емдейтін дәрілердің жанама әсері Туберкулез ауруы алғаш анықталған науқастардың 5-10 % да дәрінің мынандай жанама әсерлері байқалады: тәбеттің төмендеуі, жүректің айнауы, құсу, дененің қышуы, іштің ауруы, терінің және көз шарасының сарғаюы, буындардың ауруы, көздің көруінің төмендеуі.Негізінде жоғарыда айтылған дәрінің жанама әсерлерің емді тоқтатпай-ақ қайтаруға болады. Дәрінің жанама әсерін немесе жақпағанын дәлелдемей емді тоқтату туберкулездің мультирезистенттік( дәріге төзімді) және созылмалы түрінің пайда болуына алып келеді.

    Мультирезистенттік ( дәріге төзімді) туберкулез- туберкулездің ең қауіптігі түрі. Себебі, туберкулез таяқшалары ауруға қарсы қолданатын негізгі дәрілерге бой үйретіп алады.

    Мультирезистенттік туберкулез – ауруды дұрыс емдеумен нәтижесінде, әсіресе қандай да бір сылтаумен дәрі қабылдауды тоқтатқаннан пайда болады. Аурудың бұл түрін емдеу өте қиын, әрі ұзаққа кем дегенде 18-21 айға созылады. Сондықтан туберкулезбен ауыратындар, олардың жақындары, емдеу жұмысына қатысатын барлық медицина қызметкерлері туберкулезді емдеу барысында емді ешқашан үзуге болмайтынын білуі тиіс. Емнің барысында, аяғында қақырықтың барлық анализінде туберкулез таяқшалары табылмаса, ем нәтижелі болды деп есептеледі. Бұл жағдайда дәрігер науқас туберкулезден толық жазылды деп шешім қабылдайды, ал ауырған адам сау адамдар қатарына қосылып, отбасында, жұмыста, басқа да қоғамдық орындарда еркін жүре алады. Аурудан жазылған адамдардың кейбіреуінде жағымсыз факторлардың әсерінен ( нашар тамақтану, жиі суықтап қалу, қатты шаршау, маскүнемдікке, нашақорлыққа салыну т.б) туберкулездің қайталануы мүмкін. Сондықтан, туберкулезден емделіп жазылғандардың бәрі, егер жөтел қайта қайталанса дәрігерге дереу қаралып, қақырығында туберкулез таяқшаларының бар-жоқтығын тексертуі керек.

    Туберкулездің арнайы алдын алуы.

    1. Бала туылғаннан кейін 2-4 күндері перзентханада 0,05 мг (0,1мл) тері ішіне БЦЖ вакцинасы егіледі.

    2. БЦЖ ревакцинациясы бала мектепке барғанда 1 сыныпта қыркүйек айында жүргізіледі.

    ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕМЕС TYPI

    Спецификалық:

    - вакцина және БЦЖ ревакцинациясы

    Спецификалық емес:

    - салауатты өмір салты;

    - тиімді тамақтану;

    - дене шынықтыру белсенділігі;

    - зиянды әдеттерден бас тарту.

    Плеврит – плевра беттерінің қабынуы.

    Этиологиясы: Плевриттің ең жиі себебі туберкулез микобактериясы. Сонымен қатар плевритті тудыратынсебептерге пневмококтер мен стрептококтер де жатады. Сондықтан да, пневмония мен ревматизиде плеврит жиі кездеседі. Басқа микробтар да плеврит себебі болуы мүмкін.

    Патогенезі. Плеврит организм әлсірегенде дамитын ауру. Плеврит – ішінде жиі кездесетін туберкулезді плевриттің дамуында үш фактордың ролі ерекше: 1.Аллергиялық фактор.

    2.Перифокальды (шетін ала) қабыну;

    3.Плевра беттерінің туберкулезбен тікелей зақымдануы. Пневмонияда болатын плеврит перифокальді қабыну жолымен дамиды. Плевриттің ревматизмде дамуына аллергиялықреакцияның маңызы басымдау. Клиникалық тұрғыдан плеврит құрғақ және экссудативті плеврит болып екі түрге бөлінеді.

    Құрғақ плеврит

    Құрғақ плевриттің этиологиясымен патогенезі барлық плевриттегідей. Патанатомиясы. Плевраны қан көргеннен, беті көиескіленген және бұдырланғанда оның орнында тыртықтармен жабысқақ тарпалар қалады. Клиникасы. Аурудың негізгі шағымы – демді терең алғанда және жөтелгенде күшейетін кеуденің шаншып ауруы. Ауырғандық плевра беттерінің бір – бірімен үйкелгенде, париетальды (сыртқы) плеврадағы ауырғандықты қабылдайтын рецепторлардың тітіркенгенінен туады.

    Құрғак плевритте болатын басқа шағымдар: ққұрғақ жөтел және қызудың қөтерілуі. Құрғақ жөтел рефлекторлы түрде туады. Қызу субфебрильді мөлшердің шамасында болады.

    Қарау:Ауырғандықтың салдарынан кеуденің ауыратын жағы тыныс алуда қалыңқы болып көрінеді. Науқас ауыратын бүйіріне жатуға тырысады. Мұндай қалыпта плевра беттерінің үйкелісі азаяды, сондықтан ауырғандық та азаяды. Кейде плевра беттерінің үйкелісін сипап та анықтауға болады. Перкуссиялық өзгерістер болмайды. Зақымданған плевра бетінің үстінен плевра үйкелісінін шуы естіледі. Рентгенологиялық тексеруде тек қана диафрагма қимылының шектелгенін керуге болады. Қанның жалпы анализінде езгеріс болмайды.

    Экссудативті плеврит

    Экссудативті плевритте плевра қуысына қабыну сұйықтығы жиналады. Плевра қуысында сұйықтық жиналудың механизмі-инфекция не интоксикация әсерінен өткізгіштігі артқан тамыр қабырғасы арқылы құрамында белогі көп сұйықтьгқтың қан тамырынан плевра қуысына өтуі. Плевра қуысындағы сұйықтық кейін плевраның вена және лимфа тамырларын қысып тастап, өзінің сіңуіне кедергі тудырады. Плевра қуысындағы экссудат көбейе келе өкпені жоғары қарай қысып тастайды. Сүйтіп, компрессиялык ателектаз туады.

    Сұйықтықтың мөлшері өте көп болса, ол кеуде ортасы қуысындағы органдарды қарсы жаққа қарай ығыстырып, олардың дұрыс қызметін бұзады. Оның ішінде бәрінен бұрын жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылады.

    Клиникасы. Ауру жедел не созылмалы басталуы мүмкін. Ауру созылмалы басталғанда, оның барлық симптоматикасы 3—4 апта бойында өрбіп дамиды.

    Ауру жедел басталған жағдайда болатын негізгі шағымдар: қызудың тез көтерілуі, құрғақ жөтел, демікпе, кеуденің шаншып ауыруы. Қызу ете жоғары деңгейге дейін көтеріледі, қызу көтерілген кезде қалтырап тоңу болады. Жөтел мен кеуденің шаншып ауыруының себебі—әр экссудативті плевриттің құрғақ плевриттен басталып, кейін экссуда- тивті плевритке ауысатынында. Бұл шағымдар құрғақ плеврит кезінде болатын шағымдар. Демікпе плевра куысындағы сұйықтық өкпені кысып, оның тыныс бетін азайтуына байланысты пайда болады.

    Қарау: Тыныс алу жиілейді. Қеуденің ауру жағы тыныс алғанда калыңқы болады, не тыныс алуға қатынаспайды (өкпенің қысылып калатынынан). Қеуденің төменгі бөлігіндегі қабырғааралықтардың ісініп, шығыңкы болатынын көруге болады. Плевра қуысьшдағы сүйықтык қабырғааралық вена және лимфа тамырларын басып тастайтынына байланысты.

    Пальпация: Сұйықтық үстінде дауыс дірілі болмайды. Ал, кысылған (бастырылған) өкпе үстінде (компрессиялық ателектаз) дауыс дірілі күшейген.

    Перкуссия: Экссудат үстінде тынық дыбыс болады. Оның жоғарғы деңгейі парабола сызығын өске түсіреді . Парабола сызығының дөңес жағы жоғары қараған. Экссудаттың деңгейіне сәйкес келетін перкуторлық парабола сызығы Эллис-Дамуазо-Соколов (ЭДС) сызығы деп аталады. Эллис-Дамуазо-Соколов сызығы омырткадан басталып, доға тәрізді жоғары көтеріліп, алда төс сызығы тұсында тәмен түседі. Сьізықтың ең жоғарғы нүктесі жауырын сызығынын, не артқы қолтык сызығының деңгейіне сәйкес келеді. Экссудат деңгейінің бұлай көтерілуі плевра қуысының әр жерінде теріс мәнді қысымның әр түрлі болатынына және өкпе тканінің ретрактильді кушіне байланысты. Плевра қуысы қысымының ең теменгі деңгейі кеуденің бүйір-арқа тұсына сәйкес келеді. Қысымның деңгейі неғұрлым төмен болса, оның сору күші соғұрлым күшті болады және сұйықтықтың деңгейі соғұрлым биік болады. Сондықтан да ЭДС сызығының ең жоғарғы нүктесі жауырын сызығының, не артқы қолтық сызығының тұсына сәйкес келеді.

    Эллис-Дамуазо-Соколов сызығының өрлеме бөлігінен ішке Гарлянд ұшбұрышы орналасқан. Оның бір қабырғасы-омыртқа, екінші қабырғасы Эллис-Дамуазо-Соколов сызығының өрлеме бөлігі, үшінші қабырғасы—Эллис-Да- ууазо-Соколов сызығының ең жоғарғы нүктесін омыртқамен косатын сызық. Гарлянд ұшбырышы компрессиялық ателектазға сәйкес келеді. Оның тұсында дабыл реңді бәсең екпе лыбысы естіледі (альвеолалардың толық басылмауына байланысты).

    Кеуденің сау жағында Раухфус-Грокко ұшбұрышын аныктауға болады. Бұл ұшбырыштың табаны-диафрагма, екінші катеті—омыртқа, гипотенузасы Эллис-Дамуазо-Соколов сызығының жалғасы. Раухфус-Грокко ұшбұрышы сау жаққа ығысқан кеуде ортасы қуысының органдарына сәйкес келеді.

    Аускультация: Экссудат үстінде ешқандай дыбыс естілмейді. Гарлянд ұшбұрышының үстінде бронх тынысы естіледі (өкпенің тығыздалуына байланысты).

    Рентгенологиялық тексергенде экссудативті плевритке тән гомогенді қарайғандық кәруге болады. Оның түрі перкуссиядағы өзгерістерге ұқсас болады.

    Экссудативті плевриттің диагнозын қоюда плевра пункциясының маңызы зор. Ол плевра қуысында сұйықтық бар екенін және оның түрін анықтауға көмектеседі. Плевра пунксиясы ауруды емдеудің бір тәсілі ретінде де қолданылады.

    Плевритті емдеу принциптері:

    1. плевриттің себебін (этиотроптык) емдеу (туберкулезге қарсы ем қолдану, пневмонияны, ревматизмді емдеу т. б.)

    2. Симптоматикалық емдер қолдану (десенсибилизация емі жүрек-тамыр жүйесін емдеу т. б.)

    3. Физиотерапевтік ем колдану (экссудаттың тарауы

    үшін).

    4. Экссудатты эвакуация жасау (экссудат 2—3 аптада тарамаған жағдайда қолданылады).
    Өкпе обыры

    Қазіргі кезде жиі кездесетін дерттер қатарына жатады, барлық қатерлі ісіктердің арасында 10%-де өкпе обыры орын алады, көбінесе ер адамдар сырқаттанады. Өкпе тінінің торшалары ретсіз бөлініп, ісік білінеді, біртіндеп өкпенің тіні өз қызметінен айырылып, ағза уыттана бастайды.

    Этиологиясы. Өкпе обырының себебі, басқа қатерлі ісіктердің себептері сияқты толығымен зерттеліп, анықталынбаған. Бұл сырқат қала тұрғындарының ішінде жиі кездеседі, қаланың ауасында пайдаланылған газдың концентрациясы көп. Өкпе обырының дамуына болжамалы мәнбірлеріне шылым шегу, өндірістік сырқаттар қатары, созылмалы өкпе қабынуы жатады.

    Жіктемесі. (М.И.Давыдов, Б.Е.Палацкий, 1994ж) - Ісіктің орналасуына байланысты:

    • Орталық түрі

    • Шеттік түрі

    • Атипиялық түрі

    - Ісіктің түріне байланысты:

    • ұсақ қатерлі ісік (0,5 – 1 см), ол тез басқа ағзаларға тарайды;

    • обтуралдық, бітелу түрі – үлкен бронхта дамиды, бронхтың ішін бітеп ателектазға соқтырады;

    • түйінді – бронхтың айналасындағы тіндерге өседі;

    • бронхогендік – бронх жолымен таралып, түйін пайда болады;

    • өкпе қабыну тәрізді түрі, обыр алғашқы рет басталуы мүмкін;

    • метастаздық түрі – басқа ағзадағы обыр қан, лимфа арқылы таралып, өкпенің тініне обыр торшалары келіп түседі; көбіне асқазандағы, сүйектегі обырлар өкпеге тарап, тез өкпе тініне жайылады. Өкпеде алғашқы рет обырдың дамуы басталса, онда өкпедегі қатерлі ісік торшалары ең қарқынды кезеңде басқа ағзаларға тарайды.

    Клиникалық бейнесі. Ең алғашқы кезеңінде клиникалық белгілері өте аз білінеді, сондықтан сырқаттың белгілерін уақытылы танып білу қиынға соқтырады. Сырқаттың белгілері қатерлі ісіктің орналасуына, зияндығына және оның асқынуларына байланысты көріністері байқалады. Денедегі лимфа бездері шошынып, көлемі ұлғаяды.

    Жиі кездесетін белгілерге - жігерлі құрғақ немесе қақырықты жөтел, кеуденің ауырсынуы, ентігу, қан аралас қақырық тастау жатады. Егер бронхыда қатерлі ісік дамуы көбейсе онда, жөтел жиілеп, ұстамалы түрде байқалады. Қақырық іріңді болса, ол бронхиттің дамуы және қатерлі ісіктің ыдырауынан пайда болғанын көрсетеді. Бронх обструкциясы мен өкпе қабынуы ілеспелі түрде байқалатын болса, ентікпе пайда болады. Қатерлі ісік немесе бронх кілегей қабаты зақымдалса қақырық қан аралас болады. Науқастың беті солыңқы келіп, дене салмағы азаяды. Обырдың ағымы клиникалық белгілерінің ұлғайып отыруымен сипатталады: жөтел күшейіп, ауырсынуы күннен күнге қозып отырады. Дерт анықтамалық белгінің бірі – жүргізіліп отырған емнің нәтижелісіз болуы. Тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері өрши түседі. Осы белгілердің бәрі үздіксіз түрде байқалынып отырады. Обырдың ағымындағы ең қауіптісі қан тамырлары зақымданғандықтан өкпеден қан кету болып саналады. Уыттану белгілерінің әсерінен (дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, тамаққа тәбеттің тартпауы, ұйқысының бұзылуы т.б.) науқастың жалпы жағдайы нашарлайды.

    Өкпені тықылдатқанда перкуторлық – топастық дыбыс, аускультацияда құрғақ және дымқыл сырылдар естіледі.

    Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ артады. Диагноз қою үшін цитологиялық тексеріс жүргізеді; өкпе тінінен биоптат алады. 90% сырқаттанушылардың қақырығында атипичтік торшалар табылады. Рентгенография, бронхоскопия, бронхография әдістері, рентгендік томограмма қатерлі ісіктің көлеңкесін, өкпе ателектазын, өзгерген лимфа бездерінің ұлғайғандығын көрсетеді.

    Сырқаттың ағысы. Бұл сырқат түрінен зардап шегуші адамның өмірі 2-3 жылға ғана созылады. Уыттанудан, метастаз және басқа да асқынулар нәтижесінен шетінеуі мүмкін. Асқынулары. Қансырау, өкпе абсцессі, ателектаз, геморрагиялық плеврит, метастаздар болып табылады. Емі. Сырқаттың негізгі емдік қағидасы - өкпе торшаларының ретсіз бөліну дәрісін тежеуге бағытталған. Осы мақсатпен әр түрлі сәулені қолдану тәсілдерімен емдейді, сонымен қатар химиотерапия емін жүргізеді (цитостатик дәрі-дәрмектері торшалардың бөліну дәрісін тежейді). Ауырсынуды басу үшін жансыздандыру тобының дәрілерімен де қолданады (анальгин, баралгин, пенталгин, наркотиктер т.б), симптомға қарсы ем жүргізеді.

    Алдын алуы. Тұрғындардың барлығы тегіс түрде жылына 1 рет рентген тексерісінен өтуі тиіс. Осымен қатар созылмалы өкпе сырқаттарын асқындырмай уақытында емдеп отыруы қажет. Өкпе іріңді ауруларында науқастар міндетті түрде диспансерлік бақылауда тұрып, көктемде және күзде ем алып тұрады. Әр адам өзін - өзі шынықтыратын жаттығу түрлерін өткізуге дағдылатып, қалыптасу керек. Жоғарғы тыныс алу мүшелерінің өткір респираторлы ауруларының алдын алып, жағымсыз қылықтардан аулақ болу керек.

    Жеке сурау


    Сұрақ: Пневмония дегеніміз не?

    Сұрақ: Пневмонияның этиологиясы? Сұрақ: Пневмонияның негізгі шағымдары? Сұрақ: Пневмония кезінде кеуде шаншуындағы науқастық төсектегі қалпы? Сұрақ: Пневмонияда рентгенологиялық тексергенде қандай өзгерістер байқалады? . Сұрақ: ошақты пневмонияның клиникалық белгілері? Сұрақ: Крупозды пневмония кезінде қақырықтың түсі? Сұрақ: Пневмонияның емі?

    Сұрақ: Өкпенің іріңді ауруларына не жатады? Сұрақ: Абсцесс дегеніміз? Сұрақ: Өкпе тініне инфекция түсуінің негізгі көзі? Сұрақ: Қауіп қатер факторлары? Сұрақ: Гангрена дегеніміз? Сұрақ: Өкпе-текті жүрек дегеніміз? Сұрақ: Өкпе-текті жүректің этиологиясы? Сұрақ: Өкпе-текті жүректің емі? Сұрақ: Туберкулез микобактериаларымен шақырылатын инфекциялық ауру. Сұрақ: Өкпе туберкулезін кім ашты? Сұрақ: Туберкулездің қоздырғышы. Сұрақ: Туберкулез микобактерияларының қандай түрлері бар? Сұрақ: Туберкулездің ең жиі кездесетін симптомы. Сұрақ: Туберкулезді емдеуде қандай терапия қолданады. . Сұрақ: Туберкулезді емдейтін дәрігер. Сұрақ: Туберкулездің алдын-алу шаралары нешеге бөлінеді? Сұрақ: Туберкулездің науқас қақырығында бөлінуіне байланысты неше түрі бар?

    Сұрақ: Плеврит дегеніміз не? Сұрақ: Плевриттің ең жиі себебі? Сұрақ: Плевриттің неше түрі бар?


    написать администратору сайта