воп. Красным берилгени бирдей жауабы артурли надо посмотреть поискать
Скачать 2.53 Mb.
|
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал болады?*Листериоз *Иерсиниоз *Лептоспироз *Вирусный гепатит *+Жұқпалы мононуклеоз !17 жастағы жасөспірім емханадағы дәрігер-инфекционистке қаралды. Әлсіздікке, дене температурасының жоғарлауына, тәбеттің төмендеуіне, құсуға шағымданады. Бүгін, ауыруының 8 күнінде терісіндегі және склерасындағы сарғаюды байқаған, жалпы жағдайы жақсарып, тәбеті ашылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Зәр түсі қоңыр, нәжісі түссізденген. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ - 460 ммоль/л, АСТ - 254 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 52 ммоль/л. ИФА: a-HAVIgМ оң. Амбулаторлық ем тағайындалған. Қандай ем шарасы базистік терапия құрамына кіреді? *Серотерапия *Антибиотикотерапия *Вирусқа қарсы терапия *+Оральді дезинтоксикация *Өт айдайтын препараттарды қабылдау !Ер адам бірнеше жылдан бері емханада «Созылмалы вирусты гепатит С» диагнозымен есепте тұрады. Қандай синдром созылмалы HСV-инфекциясының бауырдан тыс көріністеріне жатады? *Калькулезді холецистит *Криглер-Найяр синдромы *+Аутоиммунды тиреоидит *Өкпе туберкулезі *Өт шығу жолдары дискинезия !35 жастағы ер адам, бастың қатты ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің жоғалуына шағымданып учәсткелік дәрігерді үйіне шақыртты. Анамнезде: ауру бір апта бұрын әлсіздік, субфебрильді қызба, бас ауруының біртіндеп өршуінен басталған. Кеше дене қызуы 39,0- 40,0ºС-қа дейін жоғарылап, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: әлсіз, тежелген. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында – бірең-сараң қызғылт түсті бөртпе элементтері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады? *Ку-қызбасы *+Іш сүзегі *Кенелік бөртпе сүзегі *Эпидемиялық бөртпе сүзегі *Солтүстік Азияның кенелік сүзегі !32 жастағы ер адам Ақбұлақ ауылындағы амбулатория дәрігеріне қаралған. Шағымдары: дене қызуының 39ºС-қа жоғарылауы, ірі буындарының ауыру сезімі, тершеңдік. Анамнезде: Бір ай бойы ауырады – кейде ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалаған. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Буындары өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады? *Безгек *+Бруцеллез *Иерсиниоз *Іш сүзегі *Ку-қызбасы !20 жастағы ер адам, 25-ші маусымда емханаға айқын қалтыраудан басталатын және тершеңдікпен аяқталатын, дене қызуының ұстама тәрізді 39-40ºС-қа дейін жоғарылауына шағымданып келген. Дәрігерге келген күні науқастың дене қызуы – 36,9ºС. Тері жабындылары бозғылт, маса шағуының іздері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Анамнезінде: қазіргі кезде жұмыс істемейді. Бір ай бұрын Ауғанстанда ұлтаралық парызын орындағын әскери бөлімінен оралған. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады? *Грипп *+Безгек *Лептоспироз *Ку-қызбасы *Кенелік бөртпе сүзегі !23 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, 20 күн бойы дене қызуының 37,3°С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспен ауырған. Бір жыл бұрын жыныстық жолдасын өгерткен, пассивті гомосексуалист. Дәрігер науқаста АИВ- инфекциясы бар екеніне күдіктенді. Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынш*: *I (бірінші) *II (екінші) *+III (үшінші) *IV (төртінші) *Терминальді !42 жастағы ер адам, Маңғыстау облысының тұрғыны. Дәрігерді үйіне мынандай шағымдармен шақыртты. Дене қызуының 39°-40°С-қа жоғарылауы, қалтырау, бүкіл денесінің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, оң жақ кеудесінің ауруына, құрғақ жөтел мазалайтындығын айтты. Ауру жедел, кеше кешкісін басталған. 3-күн бұрын түйе союға қатысып, қолын жарақаттап алған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тыныс алу жиілігі минутына – 30 рет. Пульсі – 140 рет/мин., АҚҚ-90/60 мм с.б. Өкпесінің оң жағында жайылған құрғақ сырылдар. Гемограммада: лейкоциттер –32 х109/л, т/я нейтроф.-14%, с/т нейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады? *+Оба *Грипп *Бруцеллез *Пастереллез *Ку-қызбасы !36 жастағы ер адам тоқтаусыз құсу, іштің өтуі, шөлдеу шағымдарымен үйіне емханадан дәрігер шақырған. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. тамыр соғысы минутына 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Іші кіріңкі, ауырмайды. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз. Науқаста қандай асқыну дамуы ықтимал? *+Гиповолемиялық шок *Ішек өтімсіздігі *Инфекциялық-токсикалық шок *Бүйректің жедел жетіспеушілігі *Мезентериальді тамырлардың тромбозы !44 жастағы әйел ауруының 4-ші күні терапевтке келесі шағымдармен келді: ауызының құрғауына, көру қабілетінің нашарлауына, тыныс алудың қиындауына. 4 күн бұрын қонақта бұқтырылған саңырауқұлақ жеген. Қарап тексергенде: есі анық, екі жақты птоз, мидриаз, страбизм. Дауысы қарлыққан. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс -118 рет/мин, ҚҚ- 90/60мм с.б. Өкпеде - төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген, бірең-сараң майда көпіршікті сырылдар естіледі. Іші аздап желденген, ішек перистальтикасы әлсіреген. Қандай ем ең әсерлі болып табылады? *Пробиотиктер *+Серотерапия *Симптоматикалық терапия *Антибактериальді терапия *Дезинтоксикациалық терапия !25 жастағы ер адам емханаға дәрігер қаралуына келді. Ауырғанына 5 күн болған, дене қызуы 39о C˗ға дейін көтеріліп, бастың маңдай аймағының, параорбитальді аймақта, тамағының ауру сезімі, мұрынның бітелуі, буындары мен бұлшықеттері сырқырауы мазалаған. Қарап тексергенде: беті ісініп, қызарған, склераның қан тамырлары инъекцияланған, құрғақ жөтел, ентігу, тахикардия байқалады. Өкпенің төменгі бөлігінде тынысы әлсіреген, құрғақ сырылдар естіледі. Жүректің соғу жиілігі минутына -92 рет, тыныс алу жиілігі-24 рет, АҚҚ-100/60 мм с.б. Гемограммада: лейкоциттер- 13,5х 109 /л, Hb -120 г/л, эритр.-3,38х 1012/л, тром.-225х109/л, т/я-6%, с/я-76%, мон.-8%, лимф-10%, ЭТЖ-15 мм/с. |