Күні: _________________________Тексерілді:____________________________
Сабақ №22
| Пәні: Көркем жазу
Мұғалім:
| Сыныбы: 1
Күні:
| Тақырыбы: З, Ә әріптері. Зығыр.
| Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
|
| Тілдік мақсат
| Оқушыларды з, ә дыбысы мен әрпімен таныстыру. з, ә дыбысының сөздегі орнын ажырату. Сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
| Оқушының сабаққа қамтылуы
| Барлық оқушылар: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді.
| Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.
| Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.
| Күтілетін нәтиже
| -әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;
-әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;
-грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;
-шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.
- сауатты жазу дағдылары қалыптасады;
| Алдыңғы тақырып
/үй тапсырмасы/
| ң, Ө әріптері. Аңдардың тіршілігі
| Жоспар
| Жоспарланған уақыт
| Жоспарланған жаттығулар
| Ресурстар
| Басталуы
/Миға шабуыл/
Қызығушылықты ояту
| Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
| Оқушының жұмыс дәптері
| Ортасы
Мағынаны тану
| 1- тапсырма. З, Ә әріптерін көркем жаз
Е с і ң д е с а қ т а!
З-дауыссыз, ұяң дыбыс
Ә-дауысты, жіңішке дыбыс
2- тапсырма. Сөздердегі әріп санын анықта
Зығыр
Зығыр бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Сабағының биіктігі 50 – 100 см. Гүлдері ұсақ, басым бөлігі көкшіл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып өседі. Зығырдың талшығын және тұқымын алу үшін, негізінен, дақылдық зығыр, майлы зығыр өсіріледі. Зығыр тұқымы мен зығыр майын медицинада, талшығын кенеп мата, брезент, кендір жіп жасау үшін пайдаланады. Маусым айынан гүлдеп, шілденің аяғында жеміс береді.
Тапсырма: Зығыр сөзіне дыбыстық талдау жаса
З-_____________________________________
ы-_________________________________________
ғ-_________________________________________
ы-_________________________________________
р-________________________________________
3-тапсырма. "Адасқан буындар" ойыны
Үйге тапсырма: Жаттап келу
Әселі ән салады, Әжесі тамсанады. Әсеті там салады, Атасы тамсанады.
| Соңы
/Ой қозғау/
"Кім жылдам?"
| Сыныбыңда кімнің есімі З, Ә әрпінен басталған?
(Оқушылыр тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды)
| Кері байланыс
| "Екі жұлдыз, бір тілек"
| Бағалау
| Смайликпен бағалау
| Қосымша ақпарат
| Ғаламтордан, газет-журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау
| Саралау
| Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
| Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
| Күні: _________________________Тексерілді:____________________________
Сабақ №23
| Пәні: Көркем жазу
Мұғалім:
| Сыныбы: 1
Күні:
| Тақырыбы: Ж, П әріптері. Жайлау
| Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
|
| Тілдік мақсат
| Ж, п дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.
| Оқушының сабаққа қамтылуы
| Барлық оқушылар: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді.
| Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.
| Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.
| Күтілетін нәтиже
| -әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;
-әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;
-грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;
-шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.
- сауатты жазу дағдылары қалыптасады;
| Алдыңғы тақырып
/үй тапсырмасы/
| З, Ә әріптері. Зығыр
| Жоспар
| Жоспарланған уақыт
| Жоспарланған жаттығулар
| Ресурстар
| Басталуы
/Миға шабуыл/
Қызығушылықты ояту
| Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
| Оқушының жұмыс дәптері
| Ортасы
Мағынаны тану
| 1- тапсырма. Ж, П әріптерін көркем жаз Е с і ң д е с а қ т а!
Ж-дауыссыз, ұяң дыбыс
П-дауыссыз, қатаң дыбыс
2- тапсырма. Суретке қарап сызба бойынша сөйлем құра
Жаңылтпашты кім тез жаттай алады?
Пеш үстінде бес мысық,
Бес күзетші – бес пысық Жайлау Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында да ел болмайды. Күзде иен жұртқа қаулап майда көк өседі. Қыста аппақ қар басып жатады. Ал жазға қарай жайлаудың шөбі жетіле бастайды. Ол кезде жер беті масаты кілемнің түріндей құлпырады. Қыста әбден арықтап, көтерем болып шыққан мал жайлауға іліккеннен соң-ақ тойынып секіреді. Мал ғана емес, адамдар да серігіп, жиын-той өткізіп, аунап-қунап қалады. Бие байлап, қымыз ішеді, айран ұйытып, құрт жинайды, ірімшік қайнатады. Қысқа арнап азық-түлік жинайды.
Тапсырма: Буынға бөлінбейтін сөздерді теріп жаз
3-тапсырма. Ребусты шешіп, сөйлем құрап жаз
7+ су, 5 + ік, 100 + ім
Үйге тапсырма: Тақпақты жаттау
Пернеш келді дүкенге,
Пияз, сәбіз алмақшы.
Пісіруге дәмді ас,
Палауға оны салмақшы.
| Соңы
/Ой қозғау/
"Кім жылдам?"
10 мин
| Сыныбыңда кімнің есімі Ж, П әрпінен басталған?
(Оқушылыр тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды)
| Кері байланыс
| "Екі жұлдыз, бір тілек"
| Бағалау
| Смайликпен бағалау
| Қосымша ақпарат
| Ғаламтордан, газет-журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау
| Саралау
| Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
| Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
| |