Главная страница
Навигация по странице:

  • Мақсаты: Оқушылардың жазу дағдысын меңгеруіне көмек беру , жазу тілін, тіл және әдебиет туралы алғашқы мәліметтер беру. Баланы қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.Міндеті

  • Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар Білімі мен білігі бойынша

  • Тақырып мазмұны Сағат саны Мерзімі

  • Оқу курсының тақырыптарының мазмұны І тоқсан 9 сағат

  • ІV тоқсан 8 сағат

  • Оқушылардың білім деңгейін бақылау

  • Жазуды үйренуде мына принциптерді сақтаған жөн

  • Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  • коркем жазу. 1 сынып Көркем жазуу. Кркем жазу бадарламасыны масаты


    Скачать 4.27 Mb.
    НазваниеКркем жазу бадарламасыны масаты
    Анкоркоркем жазу
    Дата28.08.2022
    Размер4.27 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 сынып Көркем жазуу.docx
    ТипДокументы
    #655079
    страница1 из 16
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

    Түсінік хат



    1 - сыныптағы «Көркем жазу» таңдау пәнінің негізгі мақсаты қазақ тілі сабақтарындағы алған білімдерін одан әрі шыңдау. Сабақ үстінде оқушылардың негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастыру болса, ауызша айтқандарын дәптерге каллиграфия ережелерін сақтап жазу қиын да, маңызды да қағидалардың бірі болып табылады. 
    Ал каллиграфия ережелерін сабақ үстінде оқушыларға толық меңгерту оңайға түспейді. Оқушылардың каллиграфиясын қалыптастыруда бұл пәннің рөлі ерекше. 
    Ұсынылып отырған жоспар 1- сынып бағдарламасына сәйкестендірілген. Жатқа жазу, көшіріп жазу, шағын шығармалар оқушылардың зейінін, есту қабілеттерін, есте сақтауды дамытады. Сондай - ақ жоспарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыс түрлері бар. Сонымен қатар оқушылардың ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейтуге өз ықпалын тигізеді. Көркем жазу оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді, сөздік қорын көбейтіп, сөйлеу тілін жетілдіреді. 
    «Көркем жазу» бағдарламасы 1-сыныпқа аптасына 1 сағаттан 33 сағатқа арналып жоспарланған. 
    «Көркем жазу» бағдарламасының мақсаты: 
    Балаға хат таныту, әріп таңбаларын әдемі көркем етіп салуға жаттықтыру, жазу мен оқуды үйрету. 
    Сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады. 
    Бағдарламада мектеп курсына енбеген тақырыптар қамтылған . Әр бөлімде берілген тақырыптар арқылы оқушылар әріп элементтерін жазуға, шағын әңгімелер құрастыруға, жұмбақтарды шешуге, мақалдарды жалғастыруға, сөздердің ұйқасын табуға, суретпен жұмыс жүргізуге, тыйым сөздер жазуға машықтанады. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастыруда педагогикалық қоғамның тәрбиелік мәні зор. 
    Көркем жазу әдісі – тікелей жазу тарихымен байланысады. Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай . Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру жұмыстарды оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. 
    Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері 

    Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді. Таза, әдемі, дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып,мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретеді. Бұл тұрғыдан қарағанда көркем жазу таңдау курсы оқушыларға бағыт-бағдар береді.

    1- сынып оқушыларына арналған «Көркем жазу» курсын 33 сағатқа есептелген. Оқыту кезеңі үш этаптан тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Курстың соңында оқушылар әріп белгілерін саналы түрде және дәл орындауы қажет. Бұл курсты ұйымдастыру барысында оқушылардың жазу мәдениеті көтеріледі.

    Мақсаты:

    Оқушылардың жазу дағдысын меңгеруіне көмек беру , жазу тілін, тіл және әдебиет туралы алғашқы мәліметтер беру. Баланы қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.

    Міндеті:

    • Сабақты ұйымдастыру барсында ойын, жаттығу, тренингтерді жүйелі қолдана отырып, зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау сияқты психикалық қызметтерін дамыту;

    • Жазу тілі туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;

    • Графикалық қырағылығы : графикалық қателерді көру және оларды түзеу жолдарын табу, әріптер мен сөздер арасындағы қажетті пропорцияларды сақату дағдыларын қалыптастыру;

    • Оқушылардың жазу, жазу тілі, жазу мәдениеті ұғымдары бойынша білімін тереңдету;

    Нәтижесі:

    -әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;

    -әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;

    -грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;

    -шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.

    - сауатты жазу дағдылары қалыптасады;

    Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар

    Білімі мен білігі бойынша:

    • «Көркем жазу» пәнін;

    • Көркем жазудың бастапқы негіздерін;

    • Графикалық белгілерді;

    • Жазу тәртібі;

    • Жазу нормативі;

    • Қатесіз және жатқа жазу;

    Дағдылары бойынша:

    • Графикалық қателерді көру және жөндеу жолдарын табу;

    • Әріптер мен сөздер арасындағы қажетті пропорцияларды сақтау;

    • Сөздер арасындағы қашықтықты сақтау;

    • Әріптердің жазылу алгоритмін;

    • Әріптер мен әріптерді байланыстырып жазу;

    • Жазу жылдамдық нормаларында орындау;

    • Баспа мәтінін көшіріп жазу;

    • Жай сөздерді жатқа жазу


    Күнтізбелік жоспар






    Тақырып мазмұны

    Сағат саны

    Мерзімі







    І тоқсан 9 сағат







    1

    1

    Жазу ережелерімен таныстыру

    1




    2

    2

    Тік қиғаш сызықтар салу

    1




    3

    3

    Сызықтарды параллель жүргізу

    1




    4

    4

    Әріп жазуға дайындық элементтері

    1




    5

    5

    Әріп элементтерін бөлек салу

    1




    6

    6

    Бас әріп элементін үзіліссіз жазу

    1




    7

    7

    Кіші әріп элементін үзіліссіз жазу

    1




    8

    8

    А, Н әріптері. Алматы -әсем қала

    1




    9

    9

    Өзіңді-өзің тексер

    1










    ІІ тоқсан 7 сағат







    10

    1

    Л, Р әріптері. Лақ

    1




    11

    2

    О, Т әріптері. Орман

    1




    12

    3

    У, Ш әріптері. Шеге

    1




    13

    4

    С, Д әріптері. Сағат

    1




    14

    5

    Ы, М әріптері. Ырыс алды- ынтымақ

    1




    15

    6

    Қ, Ұ әріптері. Құстың ұясы

    1




    16

    7

    Өзіндік жұмыс

    1










    ІІІ тоқсан 9 сағат







    17

    1

    І, Е әріптері. Отбасылық еңбек

    1




    18

    2

    К, Ү әріптері. Көлік түрлері

    1




    19

    3

    И, Й әріптері. Ит

    1




    20

    4

    Ғ, Г әріптері. Ғарыш

    1




    21

    5

    ң, Ө әріптері. Аңдардың тіршілігі

    1




    22

    6

    З, Ә Зығыр. Зығыр

    1




    23

    7

    Ж, П әріптері. Жайлау

    1




    24

    8

    Б, Х. Хатқа жазылған бата

    1




    25

    9

    Өзіңді-өзің тексер

    1










    ІV тоқсан 8 сағат







    26

    1

    Я, Ф, Ю әріптері. Аю

    1




    27

    2

    Е, В,Э әріптері. Элеватор

    1




    28

    3

    Ц, Щ, Ч әріптері. Цирк

    1




    29

    4

    ь, ъ әріптері. Лагерь

    1




    30

    5

    Заттың атын білдіретін сөздер

    1




    31

    6

    Бас әріппен, кіші әріппен жазылатын сөздер

    1




    32

    7

    Заттың іс-қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер

    1




    33

    8

    Тест

    1




    Оқу курсының тақырыптарының мазмұны

    І тоқсан 9 сағат

    Жазу ережелерімен таныстыру деген тақырыппен басталады. Тік, қиғаш сызықтар салуды, сызықтарды параллель жүргізуді, әріп жазуға дайындық элементтерімен, бас әріп элементін үзіліссіз жазу, кіші әріп элементін үзіліссіз жазуды және А, Н әріптерін көркем жазуды үйретеді.

    ІІ тоқсан 7 сағат

    Оқушылармен білімдерін саралау мақсатында деңгейлік тапсырмалар орындату. ІІ тоқсанда әріптер және сол әріптерге байланысты мәтін беріледі, сол мәтіннің тапсырмаларын орындайды. Л, Р әріптері " Лақ ", О, Т әріптері " Орман" , У, Ш әріптері " Шеге", С, Д әріптері " Сағат", Ы, М әріптері "Ырыс алды- ынтымақ", Қ, Ұ әріптері " Құстың ұясы" және бөлімді қорытындылау ретінде оқушылардан өзіндік жұмыс алынады

    ІІІ тоқсан 9 сағат

    ІІІ тоқсанда әріптер және сол әріптерге байланысты мәтін беріледі, сол мәтіннің тапсырмаларын орындайды. І, Е әріптері " Отбасылық еңбек", К, Ү әріптері " Көлік түрлері", И, Й әріптері "Ит", Ғ, Г әріптері "Ғарыш", ң, Ө әріптері "Аңдардың тіршілігі", З, Ә "Зығыр", Ж, П әріптері " Жайлау", Б, Х "Хатқа жазылған бата" және бөлімді қорытындылау ретінде оқушылардан өзіндік жұмыс алынады.

    ІV тоқсан 8 сағат

    Я, Ф, Ю әріптері "Аю", Е, В,Э әріптері "Элеватор", Ц, Щ, Ч әріптері "Цирк", ь, ъ әріптері "Лагерь", заттың атын білдіретін сөздер, бас әріппен, кіші әріппен жазылатын сөздер, заттың іс-қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер және жылдық қорытындылау ретінде оқушылардан тест алынады.

    Тәжірибелік бөлім

    Оқушыларға қосымша берілетін тапсырмалар

    Жеке тақырыптар бойынша берілетін тапсырмалар

    • әріптерді бас әріппен көркем жазу;

    • әріптерді кіші әріппен көркем жазу;

    • әріп элементін үзіліссіз жазу;

    • әр түрлі ойындар.


    Оқушылардың білім деңгейін бақылау

    Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да, күрделі жұмыс.

    Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді.

    Көркем жазудың ойдағыдай болуы гигиеналық талаптарды орындаудың нәтижесінде болады. Ол мектеп жиһазы партаның оқушыға сәйкес келуі, оның ыңғайлылығы, жарықтың түсуі. 
    Жазу процесінде оқушы дұрыс отыру керек, қаламсапты дұрыс ұстауы, дәптерді партаға орналастыруы, осының әрі баланың көзіне, жазуына жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек, сол қол дәптерді басып тұрады, ал оң қолдың басы дәптерде жатады. Бала мен партаның арасына жұдырық сыятындай болуы керек. Көз бен дәптердің арасы 30 см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсуі керек. Жазу ұзақтығы 1 сыныпта- 5 минут, 2 сыныпта-8 минут, 3 сыныпта- 12 мин, 4 сыныпта- 15 мин. Одан ұзақ жазу баланы шаршатады. Арасында балаларды демалдырып, сергіту жаттығуларын жасаған жөн

    Жазуды үйренуде мына принциптерді сақтаған жөн:

    1. Көрнекілік принципі: мұғалім тақтаға, дәптерге таблицаға көрнекіліктер арқылы жазып көрсетеді.

    2. Сапалық принципі: мұғалім басында не үшін қиғашынан жазады, әріптерді қалай басқарады, әріптердің биіктігі қандай болу керек екенін түсіндіреді. Қиғашынан жазу тез, әрі ыңғайлы.

    3. Қайталау принципі: жаттығуды орындау кезінде пайдаланады. Жазылған нәрсеге міндетті түрде анализ беріледі. Баланың жазған жазуының дұрыстығын тексеріп отырады.


    Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

    • Қазақстан Республикасының жалпыға міндеттібастауыш білім беру стандарты. Негізгі ережелер-Астана 2002 ж.

    • Безруких М.М. Трудности обучения пияьму и чтению в начальной школе. – Москва: Первое сентября.2009 ж.

    • Безруких М.М. Методика оценки сформированности навыков письма и чтения. – москва: Первое сентября. 2009 ж.

    • Кенжеғұлова А. Оқушылардың жазба тіл дағдысын қалыптастыру. Алматы: Бастауыш мектеп.2005 ж.

    • Тематическое планирование для 1 класса. Учебно- методический комплект «Планета знаний». Москва: Начальная школа. 2006 ж.
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


    написать администратору сайта