Күні: _________________________Тексерілді:____________________________
Сабақ №12
| Пәні: Көркем жазу
Мұғалім:
| Сыныбы: 1
Күні:
| Тақырыбы: У, Ш әріптері. Шеге
| Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
|
| Тілдік мақсат
| Оқушыларды у, ш дыбысы және әрпімен таныстыру. Сөздерді оқытып, дұрыс жазуға үйрету.
| Оқушының сабаққа қамтылуы
| Барлық оқушылар: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді.
| Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.
| Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.
| Күтілетін нәтиже
| -әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;
-әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;
-грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;
-шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.
- сауатты жазу дағдылары қалыптасады;
| Алдыңғы тақырып
/үй тапсырмасы/
| О, Т әріптері. Орман
| Жоспар
| Жоспарланған уақыт
| Жоспарланған жаттығулар
| Ресурстар
| Басталуы
/Миға шабуыл/
Қызығушылықты ояту
| Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
| Оқушының жұмыс дәптері
| Ортасы
Мағынаны тану
| 1- тапсырма. У, Ш әріптерін көркем жаз
Е с і ң д е с а қ т а!
У-дауысты, жуан дыбыс. Мысалы: су, қу, жу, ну.
У-дауыссыз, үнді дыбыс. Мысалы: ау, тау.
2- тапсырма. Суреттегі заттардың атын жаз
Тиін мен күшік қайда бара жатыр? Анықта
Шеге
Шеге — қарапайым бекіту құралы. Ерте кездегі адамдар балық сүйегінен, өсімдік тікенегінен, ағаштың қатты түрінен жасалған шегелерді пайдаланған. Алғашқы металл шеге қола дәуірінде пайда болды. Кейінірек шеге мыс және темір сымнан жасалды.
Тапсырма: Шеге сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Ш-дауыссыз, қатаң дыбыс.
е-__________________________________________
г-__________________________________________
е-__________________________________________ Үйге тапсырма: Жаттап келу
Шортан балық теңізде,
Шаянмен дос болыпты.
Шағала түнде адасып,
Шыршаға барып қоныпты.
| Соңы
/Ой қозғау/
"Кім жылдам?"
| Сыныбыңда кімнің есімі У, Ш әрпінен басталған? (Оқушылыр тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды)
1. Қандай дыбыстармен таныстық? 2. Дыбыстар айтылу ерекшелігіне қарай нешеге бөлінеді? 3. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
| Кері байланыс
| "Екі жұлдыз, бір тілек"
| Бағалау
| Смайликпен бағалау
| Қосымша ақпарат
| Ғаламтордан, газет-журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау
| Саралау
| Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
| Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
| Күні: _________________________Тексерілді:___________________________
Сабақ №13
| Пәні: Көркем жазу
Мұғалім:
| Сыныбы: 1
Күні:
| Тақырыбы: С, Д әріптері. Сағат
| Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
|
| Тілдік мақсат
| Оқушыларды С, Д дыбысы және әрпімен таныстыру. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
| Оқушының сабаққа қамтылуы
| Барлық оқушылар: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді.
| Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.
| Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.
| Күтілетін нәтиже
| -әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;
-әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;
-грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;
-шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.
- сауатты жазу дағдылары қалыптасады;
| Алдыңғы тақырып
/үй тапсырмасы/
| У, Ш әріптері. Шеге
| Жоспар
| Жоспарланған уақыт
| Жоспарланған жаттығулар
| Ресурстар
| Басталуы
/Миға шабуыл/
Қызығушылықты ояту
| Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
| Оқушының жұмыс дәптері
| Ортасы
Мағынаны тану
| 1- тапсырма. С, Д әріптерін көркем жаз
Е с і ң д е с а қ т а!
С-дауыссыз, қатаң дыбыс
Д-дауыссыз, ұяң дыбыс
2- тапсырма. Баспалдақ ойыны. Үлгі: су,
С -
С - -
С - - -
С - - - -
Жұмбақты шешейік.
Білезікке қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? Жауабы:
Сергіту сәті.
Дың – дың қоңыраумын,
Дың- дың соғыламын,
Дың – дың мектепке
Дың-дың шақырымын.
Сағат
Сағат - тәуліктiң ағымдағы уақытын анықтайтын және бір тәуліктен кіші уақыт аралықтарының ұзақтығын бірліктермен өлшейтін құрал. Сағаттың түрлері: қалта сағаттары, қол сағаттар; үстелге қоятын сағаттар, қабырға сағаттары, жерде тұратын сағаттар, мұнаралы сағаттар, күн сағаттары, жалынды сағаттар, құмсағаттар, механикалық сағаттар, кварц сағаттары, электрондық сағаттар, астрономиялық сағаттар, атом сағаттары.
Тапсырма: Сағат, қалта, қабырға, уақыт сөздерін буынға бөліп жаз.
3-тапсырма
Үйге тапсырма: Тақпақты жаттап келу
Сарымсақ, жуа, ет қосып,
Сәлима самса пісірді.
Сүттен жасап тәтті ас,
Сүзбені шиден түсірді.
| Соңы
/Ой қозғау/
"Кім жылдам?"
| Сыныбыңда кімнің есімі С, Д әрпінен басталған?
(Оқушылыр тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды)

| |