Рк. лекция номер1 орыс т. Лекция 1 Тема. Лексикология. Лексикосемантическая система языка. План лекции
Скачать 68.99 Kb.
|
Дәріс №6 Тақырып:Қазақ тілі лексикографиясы 1. Тілдегі сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олардың сөздігін жасаумен және оның теориясымен шұғылданатын тіл білімінің саласын – лексикография дейміз. Яғни сөздік жасаудың әдістемесі мен техникасын үйрететін ғылым деген сөз. Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде, лексикологиялық зерттеулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалады. Демек, лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын егіз ғылым салалары. Сөз мағыналарының түр-түрін жіктеп бөліп, оларға дәл түсінік беру, сөздердің қолдану жүйесін айқындап, стильдік белгі қою, фразалық тіркестерді жай тіркестерден ажыратып көрсету т.б. – сөздік жасау ісіндегі жауапты мәселелер болып табылады. Қазақ лексикографиясы қазақ тіл білімінің өзге салалары тәрізді негізінен соңғы елу-алпыс жыл ішінде туып қалыптасты. Ұлт мәдениетінің дамып, ғылым мен техниканың өркендеуі, әдеби тілдің қалыптасуы сөздіктердің әр түрін шығаруға жағдай жасады. Аударма сөздіктер: Қазақ халқының сөз байлығы ең алғаш жинап-теріп жеке сөздік етіп шығару тәжірибесі өткен ғасырдың екінші жарытысынан бері ғана басталды. Орыстың атақты ғалымдары академик В.В.Радловтың «Түркі тілдерінің сөздігін жасаудағы тәжірибе» (1888-1911) атты төрт томдық сөздігі мен профессор Н.И.Ильминскийдің «Қазақ тілін зерттеудегі материалдар» (1861) деген арнаулы еңбегі ана теліміздегі сөздерді жинақтап, сөздік етіп шығарудың үлгілерін көрсетті. Революциядан бұрын барлығы отыға жуық екі тілдік (орысша-қазақша немесе қазақша-орысша) аударма шағын сөздіктер жарық көрді. Бұлардың аөды-көпті тәжірибелері революциядан кейінгі сөздіктердің бел алып дамуына белгілі дәрежеде себін тигізді. Қазақ лексикографиясының шын мәнінде ғылыми тұрғыдан тексеріліп, етек алып жан-жақты дамуы кеңестік дәуірде екі тілді аударма сөздіктерден басталды. 1945 жылға дейін бастауыш және орта мектептерге арналған екі тілдік шағын нормативті сөздіктер жасаумен ғана шектеліп келген болсақ, 1946 жылы екі том «Орысша-қазақша сөздік», ал 1954 жылы бір томдық үлкен «Орысша-қазақша сөздік» (50000 сөз қамтиды, редакциясын басқарған проф. Н.Т.Сауранбаев, бұл сөздік 1978, 1981 жылдары екі том болып қайта басылды, редакциясын басқарған Ғ.Мұсабаев, Н.Сауранбаев), 1954 жылы Х.Махмудов пен Ғ.Мұсабековтың шағын «Қазақша-орысша сөздігі» басылып шықты. Аталған сөздіктер орыс және қазақ тілдерін үйрену үшін, олардағы сөз байлығы мен сөз шеберлігін меңгеріп алу үшін баға жетпес үлкен құрал болып табылады. Әсіресе қазақ тілінің сөздік құрамын дамыту үшін құнды материал, бай қазына болғандығы сөзсіз. Терминалогиялық сөздіктер: Белгілі бір тілдегі ғылым мен техника саласындағы арнаулы атаулардың сөздігін терминологиялық сөздік деп атайды. 1931 жылы шыққан «Атаулар сөздігі», 1936 жылы шыққан «Қазақ тілінің терминдері», 1948, 1950 жылы шыққан «Терминология сөздігі» ғылым мен техниканың жеке бір саласына ғана арналмаған сөздіктер еді. Елуінші жылдардан бергі кезеңде экономика мен мәдениеттің, техника мен ғылымның дамуына байланысты әрбір ғылым, техника саласының терминдерін өз алдына жеке сөздік етіп басып шығару мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Осындай мақсаттың жаршысы ретінде С.Арзымбетовтың «Орысша-қазақша ауыл шаруашылық терминдерінің сөздігі» (1952, 1955) жарық көрді. Сонан бергі кезеңде ғылымның өзге салаларының терминдері де кезекпе-кезек басылып шыға бастады. Қазір отызға жуық осындай үлкенді-кішілі терминологиялық сөздіктер жарық көріп отыр. Бұған лингвистика, әдебиеттану, музыка, металлургия өнеркәсібі, тау-кен ісі, физикалық география, математика, физика, астрономия, геология, юриспруденция, педагогика, психология, медицина, іс жүргізі, экономика, философия, спорт-физкультура, құрылыс және құрылыс материалдары, ботаника және топырақтану, темір жол қатынасы, биология, химия, археология, механика мен машиналар, мал дәрігерлік, әлеуметтік-экономикалық, аналогиялық, өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы, қоғамдық-саяси терминдер т.б. енгізілген. 2. Орфографиялық сөздіктер: Емле (орфография) бір тілдегі сөздердің дұрыс жазу нормаларын белгілейді. Ал дұрыс жазудағы негізгі мақсат – ойды жазба түрде айқын етіп, дәл жеткізу. Сол үшін емле ережелері де жалпыға бірдей әрі тұрақты, анық болуға тиіс. Сондықтан емле ережелерін тұрақтандыру – сауатты жазудың бірден-бір кепілі деп танылады. Қазақ тілінің емле ережелері революциядан бнргі кезенде туып қалыптасты. Олар дүркін-дүркін өзгеріп, жаңарып отырды. Соның негізінде әр кезде ірілі-уақты «Орфографиялық сөздіктер» жарық көріп отырды. Алғашқы сөздіктер негізінен мектеп көлемінен аса алмады. Неғұрлым көлемді «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» 1963 жылы жарық көрді. Емле сөздігі 1988 жылы басылып шықты, оған 49000 сөз кірген. Ең соңғы емле сөздігі 2001 жылы басылып шықты, оған 50000 сөз кірген. 1960 жылы Г.Жәркешеваның «Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі» басылып шықты. Бұған еңбектің «Кіріспе бөлімінде» бірге жазылатын сөздер мен бөлек жазылатын сөздердің емле ережелері берілген. Кейбір кіріккен сөздердің түп-төркіні ашылған. Мұнда 5000-ға жуық біріккен және күрделі сөздердің тізімі көрсетілген. Түсіндірме сөздіктер: Түсіндіме сөздіктің алға қоятын мақсаты – бір тілдің белгілі дәуірдегі жалпыхалықтық сипат алған сөздеріне мағыналық, стильдік әрі грамматикалық жан-жақты сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму тұрғысындағы сөздік құрамының сан мөлшерін біршама анықтау. Сөздердің мағыналық нормаларын, стильдік түрлі қолданыстарын саралап көрсету. Сонымен қатар сөздердің жазылуы мн айтылуындағы нормалардың ең дұрыс деген қалпын айқындай отырып, соған нақтылы түсінік беруді қарастырады. Сондықтан түсіндірме сөздік кейде нормативті сөздік деп аталады. Нормативті түсіндірме сөздік бір томдық және көп томдық болып жасалады. Көлемінің үлкендігіне қарай көп томдық түсіндірме сөздікті кейде академиялық сөздік деп атайды. Орыс тілінде үш түрлі (17 том үлкен сөздік, төрт том орташа сөздік, бір том кіші сөздік) түсіндірме сөздік басылып шықты. Академик В.В.Виноградов: «Ұлт тілінің түсіндірме сөздіктері сөйлеу мәдениетінің ең күшті құралы ғана емес, сонымен бірге оның мәдениетінің жемісі», - деп бағалайды. Дәріс №7 Тақырып:Қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне кіріспе 1. Сөзжасам тілдің атау (номинация) жасау қызметін жүзеге асырады. Сөзжасам тіл білімінң басқа салаларының ешқайсысы атқара алмайтын қызметті жүзеге асырады. Ол- сөзжасамның туынды сөз, жаңа сөз жасау қызметі. Сондықтан сөзжасам жаңа сөз жасаудың барлық мәселелерін түгел қамтиды. Оған сөзжасамдық бірліктерден бастап, сөзжасамдық ұя сияқты ірі, күрделі сөзжасамдық бірліктерге дейін кіреді. Сөзжасамдық нұсқалардың сөзжасамда атқаратын қыззметі, жаңа сөздердің жасалу үлгілері мен тәсілдері, сөзжасамдық нұсқалардың түрлері, қолданылу ерекшеліктері, сөзжасамдық ірі бірліктер болып саналатын сөзжасамдық ұялар, олардың құрылысы, оның мүшелері, сөзжасамдық ұяның құрамындағы мүшелердің қызметі, ерекшелігі сияқты т.б. тек сөзжасамға қатысты заңдылықтар сөзжасамдық тілдің басқа салалардан ерекшеліндіреді. Олар тілдің басқа ешбір салалсында шешілмейді, өйткені ол мәселелер тілдің басқа салаларында қойылмайды, өйткені олар сөзжасам саласының зерттеу нысанасына жатады. Сөзжасам тіл білімнің жеке, дербес саласы, оның өзіндік зерттеу обьектісі бар. Бұл саланың объектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік нұсқалар сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі-күрделі мәселелер жатады. Басқаша айтқанда сөзжасам тілдегі сөз жасау процесімен байланысты барлық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді. Бұл термин қазақ тіл білімінде соңғы 10 шақты жыл шамасында сөз етіліп, тіл білімінің бір саласы сөз жасам ретінде дамып келеді. Сөздердің белгілі түрде дамуы, дүниеге келуі, адамзат тарихымен, қоғам өмірімен тығыз байланысты болды. Зерттеу еңбектеріне қарағанда VІ-VІІІғ. Жазба ескерткіштерінің сөз тудырудың морфологиялық жолы әр сөз табын тудыратын жұрнақтар санаулы жұрнақтар болғанын байқатады. Мысал ретінде алсақ, -ағ, -іг, -біліг, -тіріг және сөздердің тіркесуі арқылы жасалуы байқалады. Мысалы: сегіз – он, еті жүз сол сияқты бір сөздің бірнеше мағыналарының қолданылуы да сөзжасам жүйесіне жатады. Мысал ретінде қат деген сөзін алсақ, оның мынадай мағыналарын келтіруге болады: 1) қабат, қатар; 2) жеңіс; 3) жануардың аты; 4) қату етістік ретінде қолданады. Қазақ тіл білімінің сөзжасам саласының негізгі тұлғалары түбір сөз және қосымша болып табылады. 2. Сөзжасамдық тәсілдері. Тілдің сөздік қорын үздіксіз байытып толықтырып отыру негізінен тілдің ішкі мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Бірақ олардың жалпылық жақтарын ескеріп, жинақтап үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналып қалды. Олар: 1) Синтетикалық тәсіл (морфологиялық); 2) аналетикаық тәсіл (синтаксистік), 3) лексика-семантикалық тәсіл: Тілдің сөзжасам жүйесінде қызмет атқаратын осы үш тәсілдің бәрі де – ертеден келе жатқан тәсілдер. Оларды үшке бөліп көрсеткенмен, әрқайсысының іштей өзіндік ерекшеліктері де бар. Бірақ олардың ішкі ерекшеліктері мен бірге ортақ белгілері де бар. Синтетикалық тәсіл Сөзжасамның синтетикалық тәсілі бұл атауынан басқа бірнеше түрде айтыла береді. Солардың ішінен балама есепті жиі қолданылатыны- морфологиялық тәсіл. Сөйтіп сөзжасам, байланысу т.б. амалдарда морфология мен синтетика сөздері синоним болып жұмсалады. Бұл тәсіл одан әрі аффиксті немесе суффиксті түрі деп те айтылады. Синтетика синтез дегеннен жасалған. Синтез қосу делінетіндіктен саны екі немесе одан артық бүтіндер болуы шарт.Олай болса, тілдік екі единица, ретіне қарай одан да көп единицалар қосылып: бас-ты, бас-тық, бас-та, бас-та-ма, бас-та-у-ыш т.т. осылар тәрізді сөздер пайда болады. Осылардың әрқайсысы -өз алдына дербес лексика-грамматикалық единицалар. Синтетикалық тәсіл арқылы сөздердің жасалуы өт кең тараған, сөзжасамда негізгі орын алатын тәсіл екені, сондықтан да оның сөздік қорды байытуда үлкен қызмет атқаратыны. Синтетикалық тәсіл арқылы сөздің жасалуына негізгі морфема мен көмекші морфема қатысатыны: өн+ім, қуыр+дақ, кес+пе /тамақ/, ас+паз, сыр+лас, қарыз+дар. |