Главная страница
Навигация по странице:

  • Құжаттық ақпараттың ақиқаттық мәселелері.

  • Құжаттарды сапалы және сандық талдау амалдары.

  • Сандық талдауды қашан өткізбеуге болады

  • Сандық талдауды қай кезде жасаған дұрыс

  • Контент-талдау әдісі мен алынған ақпараттың сенімділігі қамтамасыз етіледі

  • Құжаттарды талдау әдісін бағалау.

  • Іс-әрекетті зерттеу нәтижелері

  • Инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау, насихаттау, тарату және пайдалану – мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жолы.

  • еліміздегі

  • Озат тәжірибені мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру – педагогтің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру құралы.

  • Сұрақтар мен тапсырмалар

  • Академиялық жазылым 6 лекция. 6 лекция. Лекция. Таырыбы Зерттеу жмысыны материалын жинау


    Скачать 48.89 Kb.
    НазваниеЛекция. Таырыбы Зерттеу жмысыны материалын жинау
    АнкорАкадемиялық жазылым 6 лекция
    Дата23.06.2022
    Размер48.89 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла6 лекция.docx
    ТипЛекция
    #612122

    6 лекция. Тақырыбы:Зерттеу жұмысының материалын жинау.
    Қарастырылып отырыған мәселе төңірегінде әдеби қайнар көздерді зерделеу (философиялық, тарихи, әлеуметтік, техникалық, педагогикалық, психологиялық) зерттелудегі нысанның жағдайын сипаттауға, алғашқы ұғым қалыптастыруға, зерттеу пәні туралы бастапқы тұжырым жасауға, негізгі ойды, шешілмеген мәселелерді, жауабы табылмаған сұрақтарды айқындауға мүмкіндік жасайды.

    Әдебиеттермен жұмыс зерделеуге жататын монографиялардың, журналдардың, ғылыми еңбектер мен конференциялар материалдары жинақтарындағы мақалалардың, рефераттық шолулардың, авторефераттардың тізімін жасауға мүмкіндік береді. Зерттеуші әрқашанда анықтамалықтармен, сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс істейді.

    Библиографияны карточкада рәсімдеп және компьютерге енгізу қажет.

    Әдеби деректер туралы мәліметтерді дұрыс рәсімдеу маңызды болып табылады. Міндетті түрде орындалуы керек және оның бұзылуы заңмен жауапқа тартылатын ГОСТ () болады. Кітаптарды, монографияларды, журналдан алынған мақалаларды рәсімдеудің ережелері бар. Кітапханалардың картотекасында немесе компьютердің мәліметтер базасында әрқашан да барлық шығыс деректері бар. Оларды тек дұрыс көшіре білу керек.

    Түпнұсқамен алғаш танысу қарасырылып отырған мәселе және оның мазмұны, яғни аннотация, мазмұны, кіріспесі, қорытындысы туралы түсінік береді. Одан әрі зерттеушіні қызықтыратын нендей мәселе туралы екенін білу үшін кітапқа жылдам көз жүгіртіп өтеді. Мұқият зерделеу және конспектілеу, беттерін көрсетіп, керекті жерлерін, дәйек сөздерді жазып алу, іріктеп зерделеу, анықтау әдістері таңдалады. Барлық керек мәліметті карточкаға немесе қағаз бетіне жазып алу немесе компьютердің базасына енгізу керек. Мұнда әдебиетті оқыған кезде туындаған өзіндік ойды, ескертулерді жазып алу пайдалы болары сөзсіз. Әр сұрақ бойынша мақсатты түрде тақырыптық шолу жасап, жекелеген жағдайлардың мәнін, автордың көзқарасын айқындау, ұстанған бағытының сәйкестігі мен айырмашылығын, пікір талас тудыратын немесе түсініксіз мәселелерді айқындау. Талданып отырған әдебиетте байқалған жаңалық, өзіндік көзқарасты айқындап, өзінің көзқарасын айту. Қолжазбалар да (диссертациялар, авторефераттар, ғылыми есептер, сөйлеген сөздің стенограммалары, баяндамалар, деректі материалдар түпнұсқалары - ағымдағы ақпараттар ОУ және т.б.) талдауға және нақтылауға жатады.

    Әдебиеттер қайнар көздерін жинау мен талдау, оған сәйкес мәліметтерді (кестелер, графиктер, схемалар, диаграммалар, тақырыптық сұрыптаулар) тиянақтау барлық кезде де қандай да бір мақсатқа байланысты болады.

    Әдебиеттер қайнар көздерін жинау, зерделеу және талдау зерттеудің барлық кезеңдерінде жалғаса береді. Жаңа деректер бұрынғы жүргізілген шолуларға, зерттеушінің көзінен таса болған жайттарға жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.

    Сенімді әдеби қор - зерттеудің тереңдігі мен дұрыстығының маңызды шарты болып табылады. Бастапқы кезеңде ол мәселені айқындауға, тақырыпты тұжырымдауға, көкейкестілігін анықтауға, ұғынуға көмектеседі.

    Келесі кезең - әдебиеттерге аналитикалық шолу - зерттеудің міндетті құраушысы болып табылады. Оның нәтижесі жұмыстың мазмұнына кіреді.

      Құжаттық түпнұсқалар. Баспа, қолжазба, магниттік тасушы, фото және кинопленка түріндегі тиянақталған кезкелген ақпарат құжаттық болып табылады. Кейде ол бірден-бір бастапқы ақпарат көзі болып табылады. Өнер тарихында - бұл міндетті архивтік материалдар.

    Педагогикалық құжаттамаларға мыналар жатады: қызметтік мінездемелер; жеке іс -қағаздары; медициналық карталар; өмірбаяндар; оқушы күнделіктері; сынып журналдары; бақылау тексерістерінің журналдары; ОУ басшылығының бұйрықтары мен жарлықтары; педкеңестердің, жиналыстардың, отырыстардың хаттамалары және т.б. Олар білім алушының тұлға ретіндегі даму динамикасын анықтауға, ОУ басқармасының педагогикалық үдерістің практикасын ұйымдастыруын нақты сипаттайтын нақты мәліметтер алуға мүмкіндік жасайды.

    Құжаттар әртүрлі негізде сараланады:

    1. Тіркеп жазу тәсілімен (қолжазба, баспа түрінде, фото-және кинопленка, магниттік жазба).

    2. Дербестеу дәрежесі бойынша (жеке: мінездеме, хаттар, күнделіктер, есеп карталары және т.б..; жеке емес: статистикалық мәліметтер, жиналыс хаттамалары және т.б.)

    3. Құжаттық дереккөзер жағдайы бойынша: (ресми: үкіметтік хаттар, коммюнике, арыздар; ресми емес: жеке материалдар).

    4. Ақпарат көздері бойынша (бастапқы: байқау, сұрақ-жауап, оқиғаны тіркеу; екінші реттік: қайта өңдеу, бастапқы ақпаратты жалпылау).

    Құжаттық ақпараттың ақиқаттық мәселелері. Негізгі құжаттың сенімділігін ондағы берілген хабарламаның - ақпараттың анықтығымен шатастыруға болмайды. Сенімді дереккөзден алынған анық емес ақпарат - түрлі қоғамдық топтардың, партиялардың, ұжымдардың және т.б. мақсаттары мен мүдделерінің уәждерінің маңызды куәлері екенін білдіреді. Мысалы, геббельс үгітінің материалдары барынша сенімді бола тұрғанмен, бірақ жарияланған идея мен авторлардың нақты ой-пікірінің мазмұны тұрғысынан сенімсіз болды.

    Ақпараттың сенімділігі дереккөздегі қолжетімді құжаттардың түпнұсқалығына тәуелді. Кейбіреулерінің сенімділік дәрежесі белгілі бір "тапсырыспен" және хабарланған мәліметтермен анықталады.

    Қандай жағдайда да бастапқы мәліметтер ресми емес, өзіндік ерекшеліксіз, қандай да бір мәліметтерге құрылған екіншілерден сенімдірек болады. Сондықтан екінші дереккөздерді пайдаланған кезде бастапқы дереккөздерге сүйену керек.

    Тағы бір маңызды ереже: құбылыстың сипатын бұл құбылыстарды бағалаудан бөліп қарастыру. Соңғысына сенім мен нақтылық аздау болады. Одан әрі құжатты құрастырушы қандай мақсатты басшылыққа алғанын анықтау керек (мүмкін ол өзін немесе өзге адамды жақсы жағынан көрсеткісі келген болар; мүмкін адамды қаралағысы немесе процестің өңін айналдырғысы келген болар).

    Бәрінен бұрын құжатты құрастырушының алғашқы ақпаратты қандай жолмен алғаны маңызды, себебі құбылыстың соңғы сипаты алдыңғы бірталай уақыт бұрын алынғаннан өзгеше болары анық. Егер дереккөз қандай да бір жіктемеге сүйенсе, онда оның негізін айқындау керек.

    Құжатты құрастыруда сүйенген жалпы жағдайды анықтау керек. Ахуал анық болды ма, немесе ақпарат басқа жағына ауысып кетті ме. Әсіресе күнделіктер, хаттар, өмірбаян секілді жеке құжаттармен жұмыс өте сақтықты талап етеді. Жеке құжаттар туралы ақпараттарға сенім шарттары: олар автордың мүдделеріне тиіп кетпей ме; авторға белгілі бір зиян келтірмей ме, авторға белгілі деректер тіркеу кезінде жалпыға белгілі болды ма; құжат авторының көзқарасы бойынша елеусіз болып табылатын жағдайдың анық деректері; автор ұнатпайтын деректер.

    Барлық жеке құжаттар құрастырылу уәждерін, автордың мақсатын тексеруді және қайта тексеруді, талдауды қажет етеді т.с.с.

    Құжаттарды сапалы және сандық талдау амалдары. Құжаттармен жұмыстың басты қиындығы - оларды зерттеу болжамы арқылы оқи білу. Құжаттарды талдамастан бұрын зерттеуші одан зерттеу ұғымының түйінді белгілерін іздейді.

    Құжаттарды сапалы талдау - барлық сандық амалдардың алғы шарты болып табылады.

    Сандық талдауды қашан өткізбеуге болады? Бұл егер құжат сапалық тұрғыда бірегей және оның мазмұны маңызды болғанда; егер күрделі құбылыс нақты сипатталған болса; егер құжат ғылыми қауымдастыққа кеңінен танымал болмаса; егер құжаттағы мәліметтер көпшіліктің жөндеуіне жеткіліксіз, немесе толық емес болса.

    Сандық талдауды қай кезде жасаған дұрыс? Егер бір реттілік мәліметтерді салыстыру дәлдігінің жоғары дәрежесінің қажеттігі талап етілген жағдайда; материалдар жеткілікті болып, және олардың сандық өңделуі жұмсалған күшті ақтайтын болса; материал зерттеу аймағын айқындайды; материал өте көп болған жағдайда, оны қамту және бағалау сандық өңдеусіз мүмкін болмаған жағдайда; егер сапалық сипаттамалары жеткілікті түрде жиі пайда болса.

    Мәтіндерді сандық бағалау неғұрлым көкейге қонымды болып, егер олар басқа сандық сандық сипаттамалармен салстырылатын болса (газеттегі хабарламалардың ерекшеліктері жазылушылардың санымен салыстырылады, олардың пікірлерімен және басқа да санмен өонектелген мәліметтермен).

    Мәтінмен жұмыс істеген кезде зерттеушілер контент-талдау (мазмұн-жіктеу) - бұл мәтіндердің арнайы сипатының және басқа да ақпарат тасушылардың бағасы мен анықталу әдісі (бейнежазбалар, интервью, анкетаның ашық сұрақтарына жауап беру және т.б.)

    Контент-талдау мәтіндік мазмұнды ақпаратты бұқаралық сандық көрсеткіштерге аударуға мүмкіндік береді. Оның қызметі ақпараттың екі түрге бөлінуінен тұрады: мағыналық - талдаудың сапалық бірліктері және санау бірліктері - сандық.

    Америкалық әлеуметтанушы Лассуэлл ұғымдар мен терминдерді талдау бірлігі ретінде қарастырса, ал Лоуэнталь - тақырып ретінде алды. В.А. Ядовтың еңбектерінде талдау бірлігі - әлеуметтік тақырып. Мағыналы бірліктер зерттеудің болжамы негізінде және бағдарламаның әдіснамалық пайымы ретінде айқындалады.

    В.А. Ядов контент-талдаудың бұқаралық қарым-қатынастағы зерттеудің мағыналық бірліктерін төмендегіше ажыратады:

    - ұғым, сөйлеу кезінде және жекелеген терминдерде айтылған ой (саяси, адамгершілік, ғылыми мазмұнда).

    Терминдердің қолданылу жиілігі мәтіннің бағытын анықтауға мүмкіндік береді;

    - тақырып - тұтас мағынадағы абзацта, мәтіннің ішінде, статьяларда, радиохабарларда айтылған (патриотизм, бизнес, өнер, білім беру тақырыбы);

    - тарихи тұлғалардың, саясаткерлердің, әртістердің, ғалымдардың және т.б. есімдері;

    Олардың қоғамдық пікірге әсерін өлшеу;

    - тұтас қоғамдық құбылыс, ресми құжат, факт (Бесландағы оқиға, жер сілкінісі және т.б.).

    Шот өлшемі талдау бірліктеріне сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін (кейбір идеялар жиілігі "келісу" және "қарсы"- сәйкестігімен өлшенеді; шот өлшемдерінің сәйкессіздігі - шоттың бірліктері мәтіннің ұзақтығы немесе мәтіннің ауданы боып табылады: жолдың, абзацтың, белгілердің, бағанның, телевидение арқылы берілетін хабардың ұзақтығы).

    Контент-талдауда талдаудың бірнеше бірдіктері және шоттың бірнеше бірліктері пайдаланылуы мүскін. Мысал, халықаралық өмір туралы ақпарат жазылады: а) жиілігіне қарай; б) көлеміне қарай; в) мазмұнына қарай; г) ақпараттың белгілеріне қарай (сөз, сан, сурет, график және т.б.); д) материалдың түріне қарай.

    Контент-талдау әдісі мен алынған ақпараттың сенімділігі қамтамасыз етіледі:

    - заңгерлердің көмегімен негізделген бақылау мен талдаудың ұсынылған сапалы бірліктерінің қойылған міндетке қаншалықты сәйкестілігі.

    - тәуелсіз критерийге негізделуі. Мысалы, оқушылардың кәсіби икемділігін анықтау мақсатындағы талдау, байқау және сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі. Мәліметтердің тұрақтылығы бір мәтінді қайта-қайта бірдей нұсқаумен немесе әртүрлі кодтау көмегімен анықталады. Есептеу барысы топтарға ажыратылған стандарттық амалдарды саралау және шкалалауды қолдануды жобалайды.

    Контент-талдау әлеуметтік педагогикада үгіт-насихаттың сөздік (тілдік) ықпалын, сөзбен тәрбиелеуді зерттеу үшін қолданылады. Ол ашық анкета сұрақтары мен жауаптарын жасақтап, құжаттарды талдауға пайдаланылады.

    Құжаттарды талдау әдісін бағалау. Әдістердің әлеуметтік маңыздылығы мен шынайылығын олардың болжам жасау, жұмысты жоспарлау кезіндегі жоспардың сипаттамасы айқындайды. Статистикалық мәліметтердің мәні өте зор. Жоғарыда аталған құжаттарды пайдалану туралы шарттарды, олардың деректері мен дәйектілігін олармен жұмыс жасау кезінде міндетті түрде сақтау керек.

    Контент-талдау – бұл зерттеу мақсатына сәйкес ақпараттың мазмұны мен формасының белгілі бір мағыналы бірліктері анықталатын мәтіндердің арнайы сипаттарын және басқа да ақпарат тасушыларды (бейне-жазбалар, теле- және радио хабарлар, инервью) айқындау мен бағалау әдісі.

    Мағыналы бірліктері:

    1) сөз (термин, символдар);

    2) пайым және аяқталған ой;

    3) тақырып;

    4) персонаж, автор;

    5) тұтас хабарлама.

    Әрбір бірлік жалпы құрылымның ішінде көбірек қарастырылады.

    Контент-талдау сыналушының жазбаша мәтіндерін, шығармаларын, хаттарын және т.б. педагогикалық-психологиялық диагностиканың алдын-ала белгіленген схемасы бойынша мазмұнды, татымды талдау жасаудың тиімді әдістерінің бірі.

    Контент-талдаудың міндеттері мән-мәтіндегі әлеуметтік мағынаны және адамның өзіндік жазбаша шығармашылығындағы көрінетін жеке-тұлғалық сипатының мәнін ашу және бағалау болып табылады. Сонымен қатар бұқаралық жазбаша (немесе басқаша түрде кодталған) ақпарат оның кейіннен статистикалық тұрғыда қайта жөнделуімен сандық көрсеткіштерге ауыстырылады.

    Қоғамдық өмірдің шындығы (әрекет, құбылыс, пікір) әртүрлі әдіс-тәсілдермен - дыбыстық жазба, суреттеу, жазбаша және т.б. көмегімен көрсетіледі.

    Мектеп жағдаайында ақпарат көздері жиналыс хаттамалары, жұмыс жоспары, шығарма, хаттар, күнделіктер, оқушылардың бір-біріне жзған жазбалары болуы мүмкін. Мұндай ақпарат қандай әдіспен тіркелгеніне, мүмкін диагностика жасау үшін қажет құжаттар болсын тәуелсіз болады.

    Диагностикада адамның ақпаратты беруге немесе сақтауға арнайы жасалған заты құжат ретінде түсініледі. Құжаттарды тіркеудің тәсілдері жазбаша, кескін, фонетикалық (дыбыстық) түрінде болуы мүмкін. Құжаттардың ең көп тараған тобы - жазбаша түр. Оларды талдау басқаларға қарағанда жеңіл болады. Контент-талдау әдісінің арқасында енді байқалуы мүмкін болмайтын өткен оқиғалар туралы мәліметтер алуға болады. Құжаттарды зерделеу арқылы өмірдің сол немесе өзге оқиғалары көптеген жылдар бойы бақыланады, әлеуметтік-педагогикалық үдерістер қайта жаңғыртылады, олардың өзгерісі мен дамуының тенденциялары мен инамикасы айқындалады.

    Іс-әрекетті зерттеу нәтижелері – бұл адамның білімі мен дағдысының, қызығушылығы пен қабілетінің қалыптасуын, іс-әрекетін талдау негізінде жанамалай айқындауға мүмкіндік беретін зерттеушілік әдіс. Зерттеуші адамның өзімен тікелей байланыспайды, оның бұрынғы атқарған қызметінің нәтижелерімен: шығармалары, бақылау жұмыстары мен тексеру жұмыстары, суреттері, жасаған бұйымдары және т.б. зерделейді. Оларды зерделеу оның жеткен жетістіктері және алдына қойған міндеттерін орындау жолындағы үдеріс туралы ой түюге мүмкіндік береді.

    Инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау, насихаттау, тарату және пайдалану – мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жолы. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе — оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактылар мен ғылыми мәселелерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан педагогикалық инновациялық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіруде үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады.

    Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде білім беру мекемелеріне қатысты инновациялық педагогикалық тәжірибені үйрену, зерттеу, пайдалану төмендегідей бағытта қарастырылып жүр:

    • мұғалімдердің, мектеп басшыларының, білім беру мекемелері қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру жұмыстарының құрамды бөлігі;

    • мектепшілік әдістемелік жұмыстың инновациялық бағыты;

    - мұғалімдердің, мектеп басшыларының, білім беру мекемелері қызметкерлерінің шығармашылық дамыту құралы;

    - педагогикалық зерттеу әдісі;

    - педагогика ғылымы мен практикасының өзара байланысының нәтижесі;

    - мұғалімдердің, мектеп басшыларының, білім беру мекемелерінің педагогикалық іс-әрекетінің арнайы түрі.

    Енді зерттеу мәселесіне сәйкес әрбір бағытты жеке-жеке қарастырып көрелік.

    Көптеген авторлар, оның ішінде академик Ю.К. Бабанский озат педагогикалық тәжірибені үйрену, жинақтау және пайдалануды жалпы білім беретін мектеп пен білім беру мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру құралы ретінде қарастырады. Сондай-ақ, мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырудың формалары мен әдістерін айқындайды (аудандық (қалалық) кеңес, арнайы курстардан өткізу, әдістемелік жұмыс), осы жұмыстарда жіберілетін кемшіліктерді саралайды және тәжірибені таратуға қатысты мұғалімнің білім, білік, дағдыларын анықтау әдістемесін ұсынады.

    Инновациялық тәжірибені үйрену, жинақтау және пайдалану мектептегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттырудың қажетті шарты болып табылады. Осы тұжырымды жақтайтын ғалымдар, мәселен, А.М. Гельмонт мұғалімнің өзінің жеке іс-тәжірибесін саралауына көп көңіл бөледі. Себебі, мұғалім өз тәжірибесін өзі саралау барысында оқу-тәрбие үрдісінің жетістіктері мен кемшіліктерін көре алады, айқындалған кемшіліктерді жою барысында оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыруға жол ашады.

    Т.Р. Абдуллаев бастаған үшінші ғалымдар тобы озат педагогикалық тәжірибені үйрену, жинақтау және таратудың мектеп мұғалімдері мен басшылықтарының, білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шығармашылық дамыту құралы ретінде қарастырады, озат тәжірибені үйрену, жинақтау, пайдалануда кездесетін кәсіби қиыншылықтарды атап көрсетіп, озық тәжірибенің негізгі бағыттарын ашады.

    Озат педагогикалық тәжірибені үйрену, жинақтау, пайдалану бойынша педагогикалық іс-әрекет шығармашылық еңбектің қайнар көзі саналып, мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруына әсерін тигізеді.

    Академик Ю.К. Бабанский, Х.И. Лийметс жақтаған ғалымдардың төртінші тобы озат тәжірибені үйрену мен жинақтаудың ғылыми деңгейлерінің арнайы ерекшеліктерін анықтап, эксперимент пен озат тәжірибені тарату арасындағы өзара байланысты ашады.

    В.В. Краевский бастаған ғалымдардың бесінші тобы педагогика ғылымы мен практикасының өзара байланыс жүйесінің гносеологиялық рөлін негізге ала отырып, ғылыми – педагогикалық мекемелердің, ұжымдардың, шағын ғылыми-зертеу жұмысымен айналысып жатқан мектеп мұғалімдері мен білім беруді басқару ұйымдары қызметкерлері өзара байланысқан жүйесінің қызметінің рөлін, мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетіндегі ғылыми білімнің мазмұнын аша отырып, ғылыми тұжырымдарды мұғалімдер тәжірибесіне айналдыру механизмдерін жан-жақты қарастырады.

    Л.И. Гусев бастаған ғалымдардың алтыншы тобы озат тәжірибесін үйрену, жинақтау бойынша мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің функцияларын ашып көрсетіп, озат тәжірибені үйрену, зерттеу, жинақтау пайдаланудың құрылымын ашып, іс-әрекет құрылымының мазмұнын анықтайды.

    Ғалым Б.С. Гершунский мектептің даму мүмкіндіктерін ескере отырып, педагогикалық тәжірибені үйрену, жинақтау және пайдаланудың төмендегідей әдістерін ұсынады: тәжірибені констатациялау әдісі (бақылау құжаттармен танысу, сауалнама алу және т. б.); теориялық ойластыру әдістері (теориялық анализ және синтез, салыстыру, апология, идеалдау, ойша эксперимент және т. б.); ендіру кезеңінде қолданылатын әдістер (жүйеленген эксперимент, эксперттік баға және т. б.); педагогикалық болжаудың арнайы әдістері (модельдеу, эксперименттік бағалар және т. б.). Ғалым ұсынған әдістерді зерттеу нысанасына қарай таңдаған жөн.

    Мұғалім озық тәжірибені үйрену, зерттеу барысында осы жоғарыда аталған әдістердің барлығын білуі шарт, озат тәжірибенің зерттеу кезеңіне сәйкес өзіне қажетті әдісті таңдай білуі керек, сонда ғана мұғалім өзінің алдына қойған мақсатын дұрыс шеше алады.

    Озат педагогикалық тәжірибе педагогика ғылымына қатысты төмендегідей мақсатта қолданылады: ғылым мен практиканың мазмұнын кеңейтетіндей жаңа педагогикалық фактілер көзі; теориялық зерттеу өнімінің, ғылыми ұсыныстар мен ғылыми теориялық ақиқаттың критерийлерін оңтайландыру құралы.

    Қорыта келе айтарымыз, озат педагогикалық тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау, пайдалану мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың алғышарты.

    Озат тәжірибені мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру – педагогтің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру құралы.

    Педагогика ғылымының жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибені практикада пайдалану мәселелері М.А. Данилов, В.Е. Гмурман, Ф.Ф. Королев, Ю.К. Бабанский, Л.В. Занков, М.И. Махмутов және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.

    Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне озық педагогикалық тәжірибені ендіру, озат мұғалімдер мен мектептің тәжірибесін насихаттау, тарату мәселесін алғаш көтерген М.Н. Скаткин болды. Педагогика ғылымындағы жаңалықтарды мектеп практикасына ендіру мәселелермен В.Е. Гмурман, Ю.К. Бабанский, П.И. Карташов және т. б. айналысты. Осы мәселенің теориялық аспектісін зерттеген М.Н. Скаткин төмендегілерді ерекше атап көрсетеді: мұғалімнің практикасына жаңаны ендіруге бағытталған жол, ендіру ұғымы, ендіру припциптері, тиімді ендіру шарттары, ендіру іс- әрекетінің тәсілдері, ендіру үрдісі, ендіру түрлері, ендіру жұмысындағы кемшіліктер, ендіру үрдісін басқару, ендіру кезеңдері, педагогикалық зерттеу нәтижесінің түрлері және оны ендіру ерекшеліктері, ғылыми жаңалықты ендіруге және пайдалануға даярлық көрсеткіштері, әдістемелік қызмет, ендіру тиімділігі (бағасы, ендірудің типтік бағдарламалары, педагогикалық ұсыныстарды бағалау критерийлері).

    Практикаға зерттеу нәтижелерін ендірудің әдіснамалық негіздерін В.В. Краевский, В.И. Журавлев, А.А. Арламов және т. б. ғалымдар анықтады: ғылыми-педагогикалық нәтиженің түрлері мен оны ендіру ерекшеліктері; әдіснамалық, қолданбалы, іргелі, тәжірибелік-конструкторлық зерттеулер, өнертапқыштық іс - әрекет; ендірудің әлеуметтік детерминизмі, жаңалықты ендіру қажеттілігі, тиімділігі; педагогикалық инновациялық ақпараттар банкін құрудың теориялық негіздемесі; практиканың қажеттілігіне қарай аралық және соңғы нәтижелерді екі кезектік ендіру идеясы; ендіру үрдісінің моделін құрастыру, жаңалықты ендірудің тиімділігі мен сапасының корсеткіштері мен критерийлері; педагогикалық үрдісті жаңартуға окушыларды қамтудың тәрбиелік ықпалы, ендіру үрдісінің типтік алгоритмі, жаңаның бір немесе бірнеше комноненттерін ендіруде жүйенің жаңаруы; жаңалықты ендіруде кездесетін кедергілерге сипаттама, жаңалықты ендірушінің заңды құқығы мен қызметтік міндеттері; педагогикалық идеяның дамуына әсер ететін жалпылама факторлары, оны мектеп практикасына ендіру кезеңдері және т. б.

    Педагогика ғылымы мен озат педагогикалық тәжірибенің жетістіктерін мекгеп практикасына ендірудің әдістемелік және практикалық мәселелерін М.Н. Скаткин, Я.С. Турбовской, Н.В. Кузьмина, Н.В. Кухарев, Л.И. Гусев, Г.Л. Лұкпанов, И.В. Баранова және т.б. ғалымдар зерттеді: озат педагогикалық тәжірибені ендіру үрдісінің мақсаты мен маңызы; ендіру үрдісінің логикалық, ендіру мақсатқа бағытталған іс-әрекет, ғылым жетістіктерін практикада пайдалануға даярлық деңгейі; ендіру іс-әрекетінің тиімділігін анықтайтын шарттар жүйесі, педагогикалық мақсатты шешуге мұғалім мен тәрбиешінің шығармашылық аспектісі, педагогикалық теория мен практиканың өзара байланыстық заңдылықтары мен факторлары; ғылыми ұсыныстардың педагогикалық ұжымның тәжірибесіне айналдыру механизмі, ендіру үрдісінің алгоритмі.

    Ендіру ғылыми білімнің практикаға қолданыс табуына мақсатты түрде ұйымдастырылған іс-әрекет болып табылады. Ендіру бір-бірінен тек мақсат-бағытымен ғана ерекшеленетін теория мен практиканың арақатынасының ерекше түрі. Ендіру арнайы ұйымдастырылатын белсенді жүргізілетін үрдіс ретінде қарастырылады.

    Педагогикалық ғылыми жаңалықтарды оқу-тәрбие үрдісіне ендіру тек қана мемлекет көлемінде ғана жүзеге асырылып қоймайды. Қазір әрбір мектепте қз зерттеу мәселелеріне сәйкес жаңалықтар ендірілуде. Жаңалықты ендіруде мектептің, аудан (қаланың), облыстың түбегейлі ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

    Түпкі нәтижесі оң өзгерістер беретін озат педагогикалық тәжірибені инновациялық педагогикалық тәжірибе ретінде қарастыруға болады.

    Ғалым В.И. Журавлев оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықты ендірудің алғышартына білім беру саласындағы ғылыми ұсыныстарды ғалымдардың, мұғалімдердің, педагогикалық, ұжымның, білім беру жүйесі мекемелерінің тәжірибелерінде қолдану нәтижелерін зерттеуді ұсынады.

    Субъектінің жаңалықты ендіру үрдісінде “ендіру мүмкіндіктерін” анықтауымыз қажет: субъектінің ендіру үрдісіне қатынасы және ендіру іс- әрекетіне даярлық деңгейі. Субъектінің жаңаны, оқу-тәрбие үрдісіне ендіру үрдісі төмендегідей белгілермен ерекшеленеді: қатынас-қажеттілік арқылы (не?), қызығушылық (қандай деңгейде?), мотив (неліктен?), қондырғы (неге?).

    Дайындық - ендіру іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ететін педаго­гикалық жағдай деңгейі, сондай-ақ ұжымның психологиялық ахуалын қанағаттандыратын және ғылыми-әдістемелік кешеннің сәйкестігін білдіретін, ендірілетін тәжірибе.

    Озат тәжірибенің ең жоғары деңгейі – жаңашылдық. Озат тәжірибенің авторларын — жаңашыл мұғалімдер деп атайды. Жаңашыл мұғалімдер жаңа идеяны ұсынады, сондықтан оларды жаңашыл дейді. Олардың негізгі идеясы — ұстаздық қызметтестік, яғни ұстаз бен шәкірттің қызметтестігі. Жаңашыл мүғалімдердің 10 идеясы бар:

    • балаларға деген адамгершілік қатынас, әрбір оқушыға жеке тұлға деп қарау;

    • оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат –мүддесін, ынтасын, қабілеттілігін, әлеуметтік жағдайларын танып-білу;

    • оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу, оларды оқу-тәрбие үрдісінің әріптесі, субъектісі қылу, баланың тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала отырып, танымдық іс-әрекетке араластыру;

    • оқушыларға үлкен мақсаттар қоя білу және оқушылардың сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту;

    • балалар ұжымына сүйену, ұстаз бен оқушылардың ұжымдық шығармашылығы;

    • оқушыларға, мүмкін болған кезде, тапсырмаларды еркін таңдау құқығын бере алу;

    • бағдарламалық материалдарды ірі блоктарға біріктіру, тірек сызбалар мен тірек конспектілерін пайдалану;

    • оқушыларды ұжымдық және даралық өзін-өзі тани білуге үйрету;

    • шығармашылық тұрғыда өзін-өзі басқару.

    Жаңашыл педагогтардың осы идеяларын ынтымақтастық педагогикасына біріктіруге болады.

    Озық педагогикалық тәжірибенің бір түрі болып есептелетін жаңашылдық пен зерттеушілік, педагогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш сияқты. Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеулердің бірегей үлгісін көрсеткен ғалымдар ресейлік И.П. Волков, Т.И. Гончарова, И.П. Иванов, Е.Н. Ильин, С.Н. Лысенкова, М.П. Щетинин, донецкілік ұстаз В.Ф. Шаталов, қазақстандықтар: Қ. Бітібаева, Қ. Нұрғалиев, Р.Б. Нұртазина, А. Ысқаков және т. б

    Инновациялық педагогикалық іс-тәжірибені жинақтау және тарату жолдары:

    • мұғалімнің инновациялық іс-тәжірибесін оқып-үйрену (сабақтарға қатысу, сабағын талдау, жеке әңгіме т. б).

    • мұғалім инновациялық тәжірибесін мәселелік тақырыбы бойынша жинақтау. (Жинақтау жұмыстарының түрлері буклет, шығармашылық есеп, ашық сабақтар, инновациялық акпараттық банк, әдістемелік веб- сайтгар т. б.).

    • мұғалімнің инновациялық тәжірибесін тарату (оның түрлері, журналға мақала беру, аудандық, мектепшілік педагогикалық оқуларға қатысу, аудандық семинарлар өткізу).

    • республикаға, облыс, ауданға белгілі озық тәжірибелі, жаңашыл мұғалімдер тәжірибесін оқып-үйрену, оны іс-тәжірибесінде пайдалану (баяндамалар газет шығару, буклет, дөңгелек үстел басындағы әңгіме, сұхбат және талдау), инновациялық электрондық өнімдер шығару.

    • әдістемелік көрме өткізу. Сыныптан тыс жұмыстар: пән бойынша сайыстар (пән олимпиадалары), үйірмелер, факультативтік сабақтар, пән апталықтары, пән бойынша газеттер, білім сапасы күні, шығарма жазудан, мәнерлеп оқудан сайыс (тіл сабақтары бойынша) өткізіледі.

    Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда озық іс- тәжірибені үйрену, тарату, насихаттаудың рөлі зор.
    Сұрақтар мен тапсырмалар

    1. Ғылыми әдебиетті зерделеу мәнін ашып көрсетіңіз.

    2. Контент-талдаудың логикасын түсіндіріңіз.

    3. Педагогикалық тәжірибені талдаудың деңгейлерін сипаттаңыз.

    4. Өз зерттеуіңіз бойынша зерделенетін тәжірибенің өлшемдерін нақтылаңыз.


    написать администратору сайта