Главная страница

Медицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары


Скачать 1.64 Mb.
НазваниеМедицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары
Дата20.10.2021
Размер1.64 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла4. buyrykka_kosymsha_kaz (1).docx
ТипДокументы
#251692
страница34 из 70
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70

«Анестезиология және реаниматология(перфузиология,токсикология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары және білім беру бағдарламасының мазмұны



  1. «Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары




Пән коды

Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта) *

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)**

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)***

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер

54 /1










МНП 01

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық

9







Сынақ

МНП 02

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері

9







Сынақ

МНП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

27







Сынақ

МНП 04

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау(апаттар медицинасы мәселелерін қоса алғанда)

9







Сынақ

БП

Бейінді пәндер

1026/19










МБП

Міндетті компонент

810/15

432/8

432/8




МБП 01

Клиникалық физиология. Ауыр жағдай мен синдромдардың патофизиологиясы. Балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

54

54




Сынақ

МБП 02

Қарқынды терапия және анестезиологияның мониторингі. Ересектер мен балаларды синдромнан кейінгі емдеудің негізгі қағидаттары. Ересектер мен балалардағы инфузиондық және трансфузиондық емдеу.

108

54

54

Сынақ

МБП 03

Анестезия түрлері. Жалпы анестезия.

Аймақтық анестезия.

Балалар анестезиясының ерешеліктері.

54

54

54

Сынақ

МБП 04

Ересектер мен балалардағы абдоминалды хирургия және травматологиядағы қарқынды терапия және анестезия.

108

54

54

Сынақ

МБП 05

Ересектер мен балаларда жүрекке жасалатын операциялар мен торакальді хирургиядағы анестезия және қарқынды терапия.

108

54

54

Сынақ

МБП 06

Акушерия және гинекологиядағы анестезия мен қарқынды терапия

54/1




54/1

Сынақ

МБП 07

ЛОР ағзаларының хирургиясы және стоматология, жақ-бет хирургиясындағы анестезия мен қарқынды терапия. Амбулаториялық анестезиология.

54







Сынақ

МБП 08

Ересектер мен балалардағы жүрек –қан тамырлар жүйесінің дисфункциясы мен жетіспеушілігіндегі қарқынды терапия

54




54

Сынақ

МБП 09

Ересектер мен балалардағы жіті және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігіндегі қарқынды терапия.

54

54

54

Сынақ

МБП 10

Ересектер мен балалардағы бассүйек- ми жарақатында, инсульт кезінде, нерв жүйесінің ауруларындағы анестезия мен қарқынды терапия.

54

54




Сынақ

МБП 11

Жіті улану, инфекциялық аурулар және сепсистегі қарқынды терапия. Аурухана ішілік сепсис. Бактерияға қарсы терапия. АИТВ инфекциясы.

54

54, соның ішінде қорытынды бақылау сағаты

54, соның ішінде қорытынды бақылау сағаты

Сынақ

МБП 12

Эндокриндік ауруларда, бауырдың, асөазан-ішек жолдарының, ұйқы безінің және бүйректің жіті ауруларындағы анестезия мен қарқынды терапия

54







Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

210







Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

6 (ТБП-ден)

6

6

Емтихан




Жиыны

1080/20

432/8

432/8




Ескертулер:

* Қайта даярлау курсынан өтпеген мамандар үшін

** Ересектер анестезиология және реаниматологиясы бойынша қайта даярлау курсынан өткен мамандар үшін

*** Балалар анестезиология және реаниматологиясы бойынша қайта даярлау курсынан өткен мамандар үшін

2. «Анестезиология және реаниматология(перфузиология,токсикология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру циклінің үлгілік оқу жоспары


Пән коды

Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер










18/⅓




МНП 01

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау (салауатты өмір салтын қалыптастыру, апаттар медицинасы мәселелерін қоса алғанда)










9

Сынақ

МНП 02

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық










9

Сынақ

БП

Бейінді пәндер

54/1


108/2


162/3


198/3⅔





МБП

Міндетті компонент










90




МБП 01

Анестезиология және реаниматологияның өзекті мәселелері









63


Сынақ

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі










18

Сынақ

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар










9




ТБП

Таңдау бойынша компонент



54/1


108/2


162/3


108/2


Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

2(ТБП-ден)



2(ТБП-ден)



2(ТБП-ден)



6(ТБП-ден)




Сынақ




Жиыны

54/1

108/2


162/3


216/4






3. «Анестезиология және реаниматология(перфузиология,токсикология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттау циклінің білім беру бағдарламасының мазмұны (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)


Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)

Бақылау нысаны

Анестезиология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және қарқынды терапиясындағы инновациялық технологиялар

90*





Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі

9




Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар


9




Қорытынды бақылау(ҚБ)

2

Емтихан

Жиыны

108/2




Ескертулер: * соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары

4. «Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыруға арналған сертификаттау циклінің білім беру бағдарламасының мазмұны (екінші санат үшін)


Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің көлемі (сағат/апта)

Бақылау нысаны

Анестезия және қарқынды терапия кезіндегі заманауи мониторинг.

90*





Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі

9




Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

9




Қорытынды бақылау(ҚБ)

2

Емтихан

Жиыны

108/2




Ескертулер: * соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары
5. «Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының мазмұны


Пән коды

Пәндер атауы, негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Клиникалық физиология.

Ауыр жағдайлар мен синдромдардың патофизиологиясы.

Балалардағы анатомиялық -физиологиялық ерекшеліктер.




Су-тұз балансы (СТБ) және қышқыл-негізді тепе-теңдіктің (ҚНТ) клиникалық физиологиясы. Су- тұз балансы және қышқыл- негізді тепе-теңдіктің бұзылу патофизиологиясы. Қан айналымының клиникалық физиологиясы. Жүрек- қан тамырлар дисфункциясы мен жетіспеушілік патофизиологиясы. Шок патофизиологиясы. Гемостаз физиологиясы. Коагулопатия. Тыныс алудың клиникалық физиологиясы. Жіті тыныс алу жетіспеушілігінің патофизиологиясы. Гипоксия түрлері. Бауырдың клиникалық физиологиясы. Бауыр жетіспеушілігі, түрлері, патофизиологиясы.

Асқазан-iшек жолдарының клиникалық физиологиясы. Асқазан-iшек жолдарының қызметінің бұзылыстарының патофизиологиясы. Бүйректің клиникалық физиологиясы. Жіті бүйрек жетіспеушілігінің патофизиологиясы. Әртүрлі жастағы балалардың бүйрек, бауыр, эндокриндік жүйелерінің қанайналымы, тыныс алу жүйелері, нерв жүйелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Балалардағы су-электролитті баланс пен қышқылды- сілтілі жағдай. Балалардағы метаболизм және жылудың реттелуі .

МБП 02

Анестезия мен қарқынды терапиядағы мониторинг.

Ересектер мен балалардағы синдромды терапияның негізгі қағидаттары.

Ересектер мен балалардағы инфузионды және трансфузионды терапия.




ОЖЖ функцияларының мониторингі. Клиникалық бағасы. Ерте жастағы балалардың клиникалық бағасы. Аспаптық әдістер. Ми өлімінің диагностикасы. Тыныс алу мониторингі. Өздігінен тыныс алу мен өкпені жасанды желдендірудің (ӨЖЖ) клиникалық, аспаптық және зертханалық бағалау әдістері. Оттегімен қамтамасыз ету мониторгингі. Қан айналым мониторгингі. Қан айналым жағдайын клиникалық және аспаптық бағалау,қан айналым варианттары. Қан айналым бұзылыстарындағы қарқынды терапияның тиімдіілігінің мониторгингі. Бүйрек, бауыр қызметтерінің, эндокриндік жүйе, иммунитеттің зертханалық мониторгингі.

Оқшауланған ағза жеткiлiксiздiгiндегі синдром және көптеген ағза жеткiлiксiздiгі синдромы терапиясының негiзгi қағидаттары. Инфузиялық терапияның негiзгi қағидаттары. Инфузиялық терапияның түрлері. Балалардағы инфузия терапиясының ерекшелiгi. Трансфузиялық терапия. Трансфузиялық терапияның заманауи қағидаттары. Балалар мен нәрестедегі трансфузиялық терапияның ерекшелiгi. ҚР трансфузия өткiзудiң ережесi.

Дәлелді медицинаға кіріспе. Зерттеу түрлері. Зерттеу дизайны. Рандомизирленген бақылаулық зерттеу. «Алтын стандарт». Дәлелдiк дәрежесiне сай ғылыми мәлiметтердiң иерархиясы. Дәрiгерлiк дерекқорлардан ақпаратты iздестiру стратегиясы.Medline (Медлайн), Cochrane (Кочрейн), PubMed (Пабмед) Ғаламторындағы дәрiгерлiк дерекқорлар. Жүйелi түрде шолу. Мета - талдау. Дәлелді медицина негiзiнде дәрiгерлiк ақпараттарды сыни бағалау.

МБП 03

Анестезия түрлері. Жалпы анестезия. Аймақтық анестезия. Балалардағы анестезия ерекшеліктері.




Ауырсыну физиологиясы. Ауырсынуды басу деңгейлеріне байланысты ауырсынуды басудың түрлері. Жергiлiктi инфильтрациялық жансыздандыру. Сүйек iшiлік анестезия. Өткізгіштік анестезия, нерв дiңгектерiн, өрімдерін, түйіндерін оқшаулау. Эпидуралды анестезия және аналгезия. Жұлын анестезиясы. Сегiзкөз анестезиясы. Балалардағы аймақты анестезия. Жергілікті анестетиктер. Жергiлiктi және аймақтық жансызсыздандыру асқынулары, олардың профилактикасы және емдеу. Жалпы анестезия. Анальгетиктердiң, гипнотиктердің, анестетиктердің, миорелаксанттардың әсер ету механизмдері. Наркоздың орталық механизмінің заманауи көзқарастары. Жалпы анестезияның негiзгi компоненттерi. Жалпы анестезияның кезеңдерi. Премедикация. Кiрiспе наркоз. Базис - наркоз. Ояну. Балаларды операцияға дайындау, премедикация және анестезияны жүргiзу ерекшелiктері. Көк тамыр iшiлiк анестезия. Ингаляциялық анестезия. Құрамалы анестезия. Аралас анестезия. Наркоз аппараттары: құрылғы, жұмыс қағидаттары. Жалпы анестезияның асқынулары, олардың профилактикасы және емдеу.

МБП 04

Ересектер мен балалардағы абдоминалді хирургия және травматологиядағы анестезия мен қарқынды терапия.




Науқастардың жағдайын бағалау мен анестезия әдістерін таңдау. Науқастарды операцияға дайындау, мүмкін болатын асқынулардың профилактикасы. Хирургиялық араласулар мен операциядан кейінгі кезеңдегі гомеостаз және өмірлік қызметтердің мониторингі. Анестезия, операция және операциядан кейінгі кезеңдегі тиімдіі инфузиялық- трансфузиялық терапия. Операциядан кейінгі қарқынды терапия. Парентералді және энтералді (зондтық) тамақтану. Балалардағы операциядан кейінгі қарқынды терапия. Асқазан- ішек жолдарының даму ауытқуы бар балаларда анестезия мен қарқынды терапия ерекшеліктері. Операция және операциядан кейінгі кездегі төтенше және қауіпті жағдайлар болған науқастарға шұғыл және жылдам көмек көрсету, салыстырмалы диагностикалау, диагностикалау алгоритмдері.

МБП 05

Ересектер мен балалардың жүрекке жасалған операциядағы және торакальді хирургиядағы анестезия мен қарқынды терапия.




Өкпенің хирургиялық патологиясы бар науқастарға операция алдындағы түзетуші терапия, трахеобронхиалдық бұтақтың санациясы. Бронхтардың бөлек интубациясы. Фтизиохирургия және өкпе жарақаттарындағы кеңiрдек және бронхтың реконструктивты операциялардағы анестезия. Кеңiрдекке және бронхтарға жасалған реконструктивты операцияларда таңдаулы жоғарғы жиілікті өкпені жасанды желдендіру мүмкіндіктері. Өкпе жарақаттарындағы жалпы анестезия. Өкпеге жасалған операциядан кейінгі қарқынды терапия. Операциядан кейiнгi ателектаздардың профилактикасы. Туа бiткен кеуделiк жасуша ағзаларының даму кемiстiктері бар балаларда анестезия және қарқынды терапия ерекшелiктері. Ересектер мен балаларда туа бiткен кемiстiктерде, жүре пайда болған жүректiң кемiстiктерiнде, қан тамырларының патологиясында, жүректің ишемиялық ауруында өмірлік маңызды қызметтердің бұзылуы. Жүрек пен қан тамырлардың арнайы зерттеу әдістеріндегі ауырсыздандыру. Жүрекке ашық түрде операция жасау кезінде жасанды қан айналым әдістері мен тәртіптері. Жасанды қан айналым шарттарында жүрек қақпақшаларына операция жасаудағы жалпы анестезия. Аортокоронарлық шунттаудағы жалпы анестезия. Жүрекке ашық түрде операция жасау кезіндегі гипотермия. Өкпенің постперфузиялық синдромның профилактикасы және емдеу. Жүрекке ашық түрде операцияға дейін және кейiн контрпульсация және қоса алғандалқы қанайналымның басқа түрлері. Жүректiң ырғағын қалыпқа келтіру. Тыныс алудың және метаболизмнің түзетілуi.Магистралді қан тамырлар реконструкциялық операциясы кезіндегі жалпы анестезия. Аяқ- қол қан тамырларының операцияларындағы жалпы және жергілікті анестезия. Жабық жүрек және қантамырларға опреация жасау кезіндегі жалпы анестезия. Гемодинамика ақауларын түзету. Тыныс алу және метаболизм бұзылуларының түзетілуi. Қанның ұю жүйесiндегі ауытқуларды түзету.

МБП 06

Акушерия мен гинекологиядағы анестезия және қарқынды терапия




Гинекологиядағы шұғыл араласудағы анестезия. Жүктіліктің әртүрлі кезеңінде шұғыл араласулардағы анестезия ерекшеліктері. Жүктілікке байланысты пайда болған ауруларға операция жасаудағы анестезия ерекшеліктері. Босануды ауырсыздандыру әдістері: ауырсыздандыру дәрілері, эпидуралды аналгезия: көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері. Экстрагениталді патологиялы жүктіліктегі анестезия қаупін бағалау. Акушерлік практикадағы анестезия ерекшеліктері. Операциялық босанудағы аймақтық анестезия. Преэклампсия, эклампсия, НЕLLP-синдромы бар науқастарды диагностикалау және емдеу алгоритмі. Акушерлік практикадағы қан айналым. Акушерлік практикадағы коагулопатия. Өмірге қауіпті жағдайдағы науқастарға шұғыл және жедел көмек көрсетудің және диагностикалаудың, салыстырмалы диагностикалаудың алгоритмі.

МБП 07

ЛОР ағзаларының хирургиясы және стоматология, жақ-бет хирургиясындағы анестезия мен қарқынды терапия. Амбулаторлы анестезиология.




Жақ- беттің жіті қабыну ауруларында және ауқымды жарақаттар кезінде операция алдындағы қарқынды терапия және тыныс алу бұзылуының профилактикасы. Жақтың ақауларына, ауруларына және зақымдалуына байланысты операциядағы анестезия. Жақ- бет аймағында залалды ісікке байланысты операциядағы анестезия. Есту қабілетін қалпына келтіру операцияларындағы анестезия. Отоларингологиядағы реконструктивті операциядағы анестезия. Бет және ауыз қуысының дамуында туа біткен кемістігі бар балаларда анестезия мен қарқынды терапия ерекшеліктері. Амбулаториялық стоматология практикасінде анестезияға қойылатын негізгі талаптар. Балалардағы кеңірдек және бронхта бөтен ағзаларды алып тастау кезінде эндоскопиядағы анестезия ерекшеліктері. Интубацияның оротрахеалды және назотрахеалды әдістері. Өткізгіш және талшықты оптиканы қолдану. Жоспарлы анестезия мен шұғыл жағдайдағы жалпы анестезия жүргізудегі трахеостоманы қою көрсетілімдері. Негізгі анамнездік мәліметтер және наркоз алдындағы объективті (зертханалық) тексеру көлемі. Операция алдындағы дайындық ерекшеліктері. Амбулаториялық жағдайдағы дәрі- дәрмек алудың көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері. Амбулаториялық араласулардың сипатына, көлеміне, араласу аймағына байланысты анестезия әдістемесін таңдау. Жас ерекшелігіне, жалпы жағдайына, нерв- психикалық деңгейіне және қоса алғандарласқан аурулар кезінде анестезия әдістемесін таңдау. Отырған қалыпта наркоз беру және операция кезіндегі амбулаториялық стоматологиялық науқастардың естен тануын диагностикалау, профилактикасы және емдеу. Стоматологиялық науқастарда қанның, асқазан және жұтқыншақ iшiндегi аспирацияның профилактикасы шаралары. Регургитацияның, аспирацияның, ларингоспазманың, бронхиолоспазманың, бас айналу, бас ауыруы және басқалардың профилактикасы және емдеу. Стоматологиядағы балалардың ауырсындырмауы. Амбулаториялық жағдайларда реанимациялық көмектi ұйымдастыру: емханада шұғыл көмектi көрсету үшiн дәрi-дәрмектік және құрал-жабдықтар жиынтығы. Қауіпті күйден науқасты алып шыққаннан кейінгі дәрiгердiң іс- әрекеті.

МБП08

Ересектер мен балалардағы жүрек-қан тамырлар жүйесінің дисфункциясы мен жетіспеушілігіндегі қарқынды терапия




Артериялық гипертензия, криз кезіндегі қарқынды терапия. Миокардтың жіті инфаркты кезіндегі қарқынды терапия. Ишемия дамуы, қозуы және өткізгіштігінің ауытқуларындағы, миокард некрозы және ақауының ЭКГ- белгілері. Созылмалы жүрек жетіспеушілігіндегі декомпенсация. Гемодинамиканың ауыр бұзылыстары кезіндегі қарқынды терапия қағидаттары: миокардтың жиырылу қабiлетінің фармакологиялық стимуляциясы және қоса алғандалқы қанайналымның әдiстерi. Ырғақ және өткiзу қабiлетiнiң бұзылыстарын емдеу.

МБП 09

Ересектер мен балалардағы жіті және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігіндегі қарқынды терапия.




Жіті тыныс алу жеткіліксіздігінің этиологиясы, патогенезі және клиникалық көрінісі. Компенсация дәрежесі және этиология бойынша жіктелуі. Жіті тыныс алу жеткіліксіздігінің қарқынды терапиясы қағидаттары. Өкпені жасанды желдендіру. Қолдану негіздері. Өкпені жасанды желдендіру аппараттары, жұмыс істеу қағидаттары, вентиляциялау варианттары, параметрлері. Инвазивті және инвазивті емес өкпені жасанды желдендіру. Өкпені жасанды желдендіру көрсетілімдері. Жіті тыныс алу жеткіліксіздігінің әр түрлерінде өкпені жасанды желдендіру. Балалардағы өкпені жасанды желдендіру ерекшеліктері. Созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі: жіктелуі, белгілері, клиникалық ағымының ерекшеліктері. Қарқынды терапия.

МБП 10

Ересектер мен балалардағы бассүйек-ми жарақатында, инсульт кезінде, нерв жүйесінің ауруларындағы анестезия мен қарқынды терапия.




Бассүйек- ми жарақатындағы қауіпті ауытқулардың патогенезі және олардың ауырлығын бағалау. Ми өзегінің сыналуы және дислокациясы, мидың ісігі. Бассүйек қысымын бақылау. Люмбалді пункция. Ми өзегінің дислокациясының дамуы және бассүйек гипертензиясы кезіндегі жалпы милық және ошақтық белгілерінің динамикасы. Өзек құрылымының бұзылу дәрежесі және коматозды жағдайдың тереңдігін анықтау. Диэнцефалді-катаболикалық және мезэнцефалді-бульбарлы синдром. Бассүйек- ми жарақатының ауры түрінде гемодинамикалық жүйенің бұзылыстарының патогенезі. Ауруханаңа дейінгі деңгейде реанимация - бассүйек- ми жарақатының ауыр жағдайындағы маңызды фактор. Бассүйек- ми жарақаты бар науқасқа қарқынды терапия. Жұлынның әрбір деңгейіндегі зақымдалудың механизмі. Жұлынның мойын және кеуде бөлігі зақымданған науқастарда тыныс алудың бұзылуы. Гемодинамиканың бұзылуы. Тыныс алудың қиындауымен күресу. Кеңірдек интубациясы және трахеостомия. Мойын бөлігінің зақымдануында интубация қаупі. Өкпені жасанды желдендірудің көрсетілімдері. Тыныс алу қызметтерін (өкпені жасанды желдендіру, парентералді және зондпен тамақтандыру, инфекциялармен және ойық жаралармен күресу) ұзақ мерзімді қалпына келтірудегі қарқынды терапия. Ми қанайналымының қауіпті ауытқуларының патогенезі және олардың ауырлығын бағалау. Шектеу және оның науқас жағдайына әсері. Ишемиялық инсульттың пайда болуының механизмі. Геморрагиялық инсульттың пайда болуының механизмі. Артериальді гипертензия рөлі. Осы жағдайлардың салыстырмалы диагностикасы. Орталық нерв жүйесінің дамуында туа біткен кемшілігі бар балалардағы анестезия және қарқынды терапия. Балалардағы ми қанайналымының жіті зақымдалуы. Ми қанайналымының зақымдалуында қарқынды терапия. Инсульттың түріне байланысты қарқынды терапия ерекшеліктері.

МБП 11

Жіті улануда, инфекциялық ауруларда және сепсистегі қарқынды терапия. Аурухана ішілік сепсис.Бактерияға қарсы терапия. АИТВ инфекциясы




Жалпы токсикология негіздері. У және улану туралы түсінік: ағзаға удың түсу жолдары. Ағзадағы удың әсері және айналуы. Таратылуы және жинақталуы, метаболизм. Ағзадан уды және оның методолиттерін шығару жолдары. Жіті улану ағымының кезеңдері және фазалары. Жіті улануды диагностикалау әдістері. Жіті уланудағы қарқынды терапияның негізгі бағыттары. Удың және оның ағзаға енуін (ауруханаға дейiнгi кезеңде, арнайы ауруханаларда) шектеу, бәсеңдету, удың түсуiн тоқтату әдiстерi. Интракорпоралді және экстракорпоралді удың күшiн жою (детоксикация) әдiстерi. У қайтаратын және антидот терапиясы. Инфекциялық аурулардағы: азық-түлiк токсикоинфекциясы(сальмонеллез), қантышқақ, тырысқақ, сіреспе, ботулизм, менингококцемия, менингиттер қарқынды терапия. Балалардағы ағымның ерекшелiгi. Вирустық аурулары: АИТВ, гепатиттер, пневмония. Жүйелiк қабыну реакцияның синдромы, сепсис. Септикалық шок. Жүйелiк қабыну реакцияның синдромының, сепсистің, септикалық шоктың қарқынды терапиясы. Аурухана ішілік жұқпаның асқынулары, аурухана ішілік сепсис. Профилактика және қарқынды терапия. Бактерияға қарсы терапия. Эмпирикалық бактерияларға қарсы терапия. Бактериологиялық бақылау. Антибиотикопрофилактика. АИТВ ауыратын науқастың стационарлық көмекті ұйымдастыру. АИТВ профилактикасы. АИТВ зертханалық диагностикасы. АИТВ клиникалық көрінісі, екіншілік сырқаттану. АИТВ емдеудің негізгі қағидаттары.

МБП 12

Эндокриндік ауруларда, бауырдың, асқазан-ішек жолдарының, ұйқы безінің және бүйректің жіті ауруларындағы анестезия мен қарқынды терапия.




Қалқанша безі ауруларындағы анестезия ерекшеліктері. Бүйрек үсті безінің ауруларындағы негізгі функционалдық жүйенің ақаулары. Қант диабеті. Қант диабетіндегі анестезия ерекшеліктері. Гипергликемиядағы қарқынды терапия. Инсулин резистентілік, оның себептері және болдырмау жолдары. Инсуломда ағзадағы патофизиологиялық өзгерістер. Инсуломаны диагностикалау, клиникасы. Анестезия әдістемесін таңдау жіне коррекциялық терапия. Гипогликемиялық комада қарқынды терапия. Гипогликемиялық кома және қант диабеті комасын сараптамалық диагностикалау. Жіті бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек ісігі мен панкреатит дуоденалды аймақтағы жіті бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек комасы. Патогенезі, клиникасы. Бауыр- бүйрек жеткіліксіздігіндегі, механикалық сарғаюдағы реанимация және қарқынды терапия. Жіті бүйрек жеткіліксіздігі: жіті бүйрек жеткіліксіздігі сатыларындағы этиологиясы, патогенезі, клиникасы және олардағы гомеостаз бұзылыстары. Жіті бүйрек жеткіліксіздігі пререналді, реналді және постреналді сараптамалық диагностикалау. Жіті бүйрек жеткіліксіздігі іртүрлі сатыларындағы қарқынды терапия. Жіті бүйрек жеткіліксіздігіндегі детоксикация әдістемесі.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау



6. «Анестезиология және реаниматология(перфузиология,токсикология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру білім беру бағдарламасының мазмұны(4 апта )


Пән коды

Пәндер атауы, негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Анестезиология және реанимациядағы өзекті мәселелер




Интра және операциядан кейінгі кезеңде мониторинг жүргізудің заманауи технологиялары . Жаңа ингаляциялық және ингаляциялық емес анестетиктер; анестезияның көп компонентерін құрастыру қағидаттары.

Қоса алғандалқы ауруы бар науқастарға анестезия жасау. Эндоскопиялық эдіспен жасалатын операцияларда анестезиологияның ерекшеліктері. Анестезиядағы, реанимациядағы жэне қарқынды емдеудегі тиімдіі антибиотиктік терапия.

Қауіпті жағдайда қолданылатын кешенді терапиядағы экстро- корпоральдық уытсыздандыру.

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар




Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау


7. «Анестезиология және реаниматология(перфузиология,токсикология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттау циклінің білім беру бағдарламасының мазмұны (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)


Пәндер атауы, негізгі бөлімдері

Анестезиология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және қарқынды терапиясындағы инновациялық технологиялар

Жаңа ингаляциялық және ингаляциялық емес анестетиктер; анестезияның көп компонентерін құрастыру қағидаттары.

Интра және операциядан кейінгі кезеңде мониторинг жүргізудің заманауи технологиялары. Тиімдіі инфузионды-трансфузиондық терапия.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау



8. «Анестезиология және реаниматология(перфузиология,токсикология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттау циклінің білім беру бағдарламасының мазмұны (екінші санат үшін)


Пәндер атауы, негізгі бөлімдері

Анестезия және қарқынды терапидағы заманауи мониторинг

Интра және операциядан кейінгі кезеңде мониторинг жүргізудің заманауи технологиялары. Инвазивті және инвазивті емес маниторинг. Зертханалық мониторинг.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

Қолданылған қысқартулар:

НП – негізгі пәндер;

МНП – міндетті негізгі пәндер;

БП – бейінді пәндер;

МБП – міндетті бейінді пәндер;

ТБП – таңдау бойынша бейінді пәндер;

ҚБ – қорытынды бақылау.

Медицина және фармацевтика

кадрларының біліктілігін

арттыру мен қайта даярлаудың

үлгілік  бағдарламасына

31-қосымша
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70


написать администратору сайта