Главная страница
Навигация по странице:

  • 2-тарау.

  • 3-тарау. «Жалпы дәрігерлік практика (отбасы медицинасы)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы

  • 5-тарау. « Ревматология (ересектер, балалар) » мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы

  • 6-тарау. « Аллергология және иммунология (ересектер, балалар) » мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы

  • » мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы

  • 8-тарау. «Гематология (ересектер)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы

  • Медицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары


    Скачать 1.64 Mb.
    НазваниеМедицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары
    Дата20.10.2021
    Размер1.64 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4. buyrykka_kosymsha_kaz (1).docx
    ТипДокументы
    #251692
    страница1 из 70
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70


    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрінің

    2017 жылғы «___» ___________

    № _____бұйрығымен бекітілген

    Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

    1-тарау. Жалпы ережелер
    1. Осы Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) мамандықтар бойынша міндетті компонентіндегі пәннің мазмұнын, көлемін және кадрларды даярлаудың қорытынды деңгейін анықтайды.

    2. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау циклдерінде оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды реттеу және біріздендіру есебінен қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру сапасына қол жеткізуге ықпал ету Үлгілік бағдарламаның мақсаты болып табылады.

    3. Осы Үлгілік бағдарламаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

    1) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

    2) кадрларды қайта даярлау – тиісінше басқа медицина немесе фармацевтика мамандығын меңгеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;

    3) кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін және дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қосымша білім беру нысаны;

    4) мамандық - білім туралы тиісті құжатпен расталған белгілі бір қызмет түрін анықтау үшін қажетті мақсатты бағытталған даярлығы және жұмыс тәжірибесі, білімі, іскерлігі мен дағды жолымен алынған кешен;

    5) медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – біліктілікті арттыру және қайта даярлау нысанында іске асырылатын, кадрлардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жүзеге асырылатын оқыту процесі;

    6) пәннің бағдарламасы (силлабус) – қосымша білім беруді іске асыратын ұйым бекіткен оқытылатын пәннің сипаттамасы, мақсаты, міндеттері, қысқаша мазмұны, әрбір сабақтың (аудиториялық және аудиториядан тыс) тақырыбы мен ұзақтығы, оқытушының талаптары, бағалау өлшемдері мен қағидалары және әдебиеттер тізімі қамтылған тыңдаушыларға арналған оқу бағдарламасы;

    7) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымда оқуға тіркелген маман;

    8) сертификатты цикл – біліктілік санатын алуға үміттенген жоғары және орта (техникалық және кәсіптік) медициналық білімі бар тыңдаушыларға арналған біліктілікті арттыру циклі;

    9) симуляциялық технологиялар – нақты, соның ішінде шұғыл жағдайларға барынша жақындатылған, клиникалық және басқа жағдайларды модельдеуге негізделген, нақты шешімдерді жедел түрде қабылдауды, қайталанатын жағдайларды өңдеуді қамтитын кадрлардың дағдысын бағалау және оқытудың заманауи технологиялары.

    4. Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5885 тіркелген) Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасына сәйкес мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

    5. Негізгі пәндердің міндетті компоненттерінің тізбесі мен мазмұны осы Үлгілік бағдарламаларға 1-қосымшаға сәйкес анықталған.

    2-тарау. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және шұғыл медициналық көмек, диетология)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    6. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

    7. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және шұғыл медициналық көмек, диетология)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    8. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және шұғыл медициналық көмек, диетология)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Ішкі аурулар терапиясындағы инновациялық технологиялар»;

    «Салауатты өмір салтын ұстану мен аурулардың алдын алу»;

    «Ауруханаға дейінгі және ауруханалық кезеңде ішкі аурулардың шұғыл терапиясы»;

    «Жедел және шұғыл медициналық көмек»;

    «Жасөспірім ауруларының диагностикасы, ағымы мен емдеу ерекшеліктері»;

    «Амбулаториялық-емханалық терапия»;

    «Терапиядағы дәлелді медицина мәселелері»;

    «Ішкі ағзалар ауруларын емдік тамақтану арқылы емдеу мәселелері»;

    «Ауруханаға дейінгі және ауруханалық кезеңдегі терапиядағы диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістері»;

    «Терапиялық соматикалық және хирургиялық аурулардың шекаралық жағдайлары»;

    «Терапиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;

    «Шекаралық психикалық ауруларды диагностикалау, емдеу және жүргізу тактикасы, сонымен қатар самотоформдық бұзылулар кезінде».

    3-тарау. «Жалпы дәрігерлік практика (отбасы медицинасы)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    9. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), бұдан бұрын интернатура және резидентураны (клиникалық ординатура) оқыған, «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және шұғыл медициналық көмек, диетология)» және «Педиатрия (жедел және шұғыл медициналық көмек)» мамандықтары бойынша қайта даярлау курстарынан өткен «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандарға арналған қайта даярлау циклдерінде – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    10. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 3-қосымшаға сәйкес «Жалпы дәрігерлік практика (отбасы медицинасы)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    11. «Жалпы дәрігерлік практика (отбасы медицинасы)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Жалпы дәрігерлік практикадағы инновациялық технологиялар»;

    «Жалпы дәрігерлік практикадағы дәлелді медицина мәселелері»;

    «Жалпы дәрігерлік практикадағы педиатрияның өзекті мәселелері»;

    «Жалпы дәрігерлік практикадағы терапияның өзекті мәселелері»;

    «Жалпы дәрігерлік практикадағы хирургиялық аурулар»;

    «Жалпы дәрігерлік практикадағы фтизиатрияның өзекті мәселелері»;

    «Жалпы дәрігерлік практикадағы салауатты өмір салтын ұстану мен аурулардың алдын алу»;

    «Жалпы дәрігерлік практикадағы акушерия мен гинекологияның өзекті мәселелері»;

    «Жалпы дәрігерлік практикадағы неврология, психиатрия және наркология мәселелері»;

    «Жалпы дәрігерлік практикада оториноларингологиялық, офтальмологиялық науқастарға диагностика жасау және шұғыл көмек көрсету»;

    «Дәрігерлік амбулатория жағдайында науқастарға динамикалық бақылау жасау»;

    «Зерттеудің зертханалық әдістерін түсіндіру»;

    «Жалпы дәрігерлік практикада диагностика жасаудың аспаптық әдістері»;

    «Жүктілік кезіндегі экстрагенитальді патология»;

    «Дәрігерлік манипуляцияларды орындау техникасы бойынша практикалық курс»;

    «Халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетудің өзекті мәселелері»;

    «Жеңіл және орташа ауыртпалық деңгейіндегі шекаралық психикалық бұзылулары бар пациенттердің диагностикасы, профилактикасы және емі».

    4-тарау. «Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    12. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), ересектер кардиологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар кардиологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    13. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 4-қосымшаға сәйкес «Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    14. «Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Кардиологиядағы инновациялық технологиялар»;

    «Ауруханаға дейінгі және ауруханалық кезеңде шұғыл кардиология»;

    «Интервенциялық кардиологияның өзекті мәселелері»;

    «Амбулаториялық және стационарлық кезеңдегі балалар кардиологиясының өзекті мәселелері»;

    «Превентивті кардиология»;

    «Жүрек- қан тамыр патологиясы бар науқастарды амбулаторлық қарау»;

    «Жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу және тахикардияның радиожиілікті аблациясы»;

    «Кардиологиядағы (ересектер, балалар) диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;

    «Клиникалық аритмология»;

    «Балалар жасындағы аритмология»;

    «Жүрек қантамырлар аурулары бар науқастарды жүргізу тәсілі мен диагностикасы»;

    «Кардиологиядағы реанимация және қарқынды терапия (симуляциялық платформаларды пайдаланумен болатын практикалық курс)»;

    «Кардиология практикасындағы шекаралық психикалық бұзылулар».

    5-тарау. «Ревматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    15. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), ересектер ревматологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар ревматологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    16. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес «Ревматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    17. «Ревматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Ревматологиядағы, соның ішінде балалар жасындағы ревматологиядағы инновациялық технологиялар»;

    «Тірек-қимыл аппаратының дегенеративтік және метаболикалық аурулары»;

    «Серонегативті спондилоартропатиялармен, спондилиттермен науқастарды емдеудің қазіргі заманғы алгоритмі»;

    «Дәнекер тіннің жүйелі ауруларымен және жүйелі васкулиттермен науқастарды диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері»;

    «Остеоартроз. Остеоартроз терапиясының кешенді тәсілі»;

    «Буын маңының жұмсақ тіндерінің аурулары. Диагностикалық және емдік буынішілік және буын маңы манипуляциялары»;

    «Жіті ревматизмдік безгек. Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жүре пайда болған жүрек ақаулары (консервативтік және хирургиялық емдеу)»;

    «Жүкті әйелдердің экстрагенитальді патологиясы (аутоиммунды аурулар)».

    6-тарау. «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    18. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), ересектер аллергологиясы және иммунологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар аллергологиясы және иммунологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    19. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 6-қосымшаға сәйкес «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    20. «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінің таңдау компонентінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Аллергология мен иммунология терапиясының заманауи әдістері»;

    «Кәсіптік пайда болған аллергиялық аурулар»;

    «Аллергология және иммунологияда, соның ішінде балалық шақтағы, ауруханалық және ауруханадан кейінгі кезеңдегі жедел жәрдем»;

    «Аллергология және иммунологиядағы нутрициология, оның ішінде балалардағы нутрицитология»;

    «Аллергология және иммунология диагностикасының және терапиясының инновациялық технологиялары»;

    «Аллергология және иммунологиядағы аспаптық зерттеу әдістері»;

    «Аллергология және иммунологиядағы зертханалық зерттеу әдістері».

    7-тарау. «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    21. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), ересектер гастроэнтерологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар гастроэнтерологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    22. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 7-қосымшаға сәйкес «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    23. «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компонентінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Гастроэнтерологияда оның ішінде балалар гастрэнтерологиясындағы инновациялық технологиялар»;

    «Гастроэнтерологиялық ауруларда ауруханалық және ауруханаға дейінгі кезеңдеріндегі шұғыл көмек»;

    «Гепатобилиард жүйесі мен ұйқыбезі ауруларының эндоскопиялық диагностикасы және емдеуі»;

    «Гастроэнтерологияның өзекті мәселелері»;

    «Гепатологияның өзекті мәселелері»;

    «Гастроэнтерологиядағы және гепатологиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;

    «Дәлелді медицина тұрғысынан вирусқа қарсы терапияның заманауи мәселелері»;

    «Ішектің қабыну аурулары бар науқастарды емдеудің кешенді тәсілі».

    8-тарау. «Гематология (ересектер)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    24. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), балалар гематологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    25. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 8-қосымшаға сәйкес «Гематология (ересектер)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    26. «Гематология (ересектер)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Гематологиядағы инновациялық технологиялар»;

    «Ауруханалық және ауруханаға дейінгі шұғыл гематология»;

    «Гематологияның өзекті мәселелері»;

    «Гематологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;

    «Гемобластоздар диагностикасы және емі»;

    «Гемостаз бұзылуынан болған қан ауруларының диагностикасы және емі»;

    «Анемия диагностикасы және емі»;

    «Лимфопролиферативтік аурулар диагностикасы және емі»;

    «Миелопролиферативтік аурулар диагностикасы және емі»;

    «Гематологиядағы инфекциялық асқынулар»;

    «Гемобластоздарда гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау»;

    «Гемопоэздік дің жасушаларын және сүйек кемігін алмастырумен жүретін жоғары дозалық полихимиотерапия жүргізу кезіндегі ілеспелі терапия».


      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70


    написать администратору сайта