Главная страница

Медицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары


Скачать 1.64 Mb.
НазваниеМедицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары
Дата20.10.2021
Размер1.64 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла4. buyrykka_kosymsha_kaz (1).docx
ТипДокументы
#251692
страница3 из 70
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
18-тарау. «Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
54. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

55. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 18-қосымшаға сәйкес «Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

56. «Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Психикалық аурулар ағымының жалпы заңдылықтары»;

«Эндогендік психикалық бұзылыстар»;

«Экзогендік психикалық бұзылыстар»;

«Шекаралық (невротикалық) психикалық бұзылыстар»;

«Психофармакология»;

«Суицидтік мінез-құлық»;

«Пациенттермен және олардың отбасымен психоәлеуметтік және психологиялық оңалту жұмыстарын жүргізу»;

«Психикалық бұзылыстарды бастапқы сауықтыру»;

«Наркомания: себептері, патогенезі, клиникалық ерекшеліктері, емдеу мәселелері, алдын алу және оңалту»;

«Геронтопсихиатрия»;

«Алкоголизм: себептері, патогенезі, клиникалық ерекшеліктері, емдеу мәселелері, алдын алу және оңалту»;

«Токсикомания: себептері, патогенезі, клиникалық ерекшеліктері, емдеу мәселелері, алдын алу және оңалту»;

«Психоактивті заттарға тәуелді пациенттерді уәждемелеу мәселелері»;

«Шекаралық психикалық бұзылу кезіндегі психотерапия»;

«Эндогендік және экзогендік аурулар кезіндегі психотерапия»;

«Медициналық психологияның басты мәселелері»;

«Сексопатологияның басты мәселелері»;

«Сот психиатриясы мен наркологиясының басты мәселелері».

19-тарау. «Медициналық реабилитология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
57. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиария», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

58. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 19-қосымшаға сәйкес «Медициналық реабилитология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

59. «Медициналық реабилитология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Медициналық оңалтудағы инновациялық технологиялар»;

«Медициналық оңалтудағы физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, куроротология бөлімдері бойынша өзекті мәселелер, соның ішінде балалардағы»;

«Медициналық оңалтудағы дәлелді медицина мәселелері»;

«Кардиологиядағы медициналық оңалтудың өзекті мәселелері, соның ішінде балалардағы»;

«Пульмонологиядағы медициналық оңалтудың өзекті мәселелері»;

«Гастроэнрерологиядағы медициналық оңалтудың өзекті мәселелері»;

«Неврологиядағы медициналық оңалтудың өзекті мәселелері, соның ішінде бала жасындағы»;

«Хирургиядағы медициналық оңалтудың өзекті мәселелері»;

«Акушерия-гинекологиядағы медициналық оңалтудың өзекті мәселелері»;

«Нейрохирургиядағы медициналық оңалтудың өзекті мәселелері»;

«Педиатриядағы медициналық оңалтудың өзекті мәселелері»;

«Травмотология мен ортопедиядағы медициналық оңалтудың өзекті мәселелері».

20-тарау. «Сәулелік терапия (радиология)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
60. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

61. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 20-қосымшаға сәйкес «Сәулелік терапия (радиология)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

62. «Сәулелік терапия (радиология)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Сәулелік терапиядағы инновациялық технологиялар»;

«Жеке орналасқан қатерлі ісіктерде қолданылатын жоғары технологиялы сәулелік терапия»;

«Жеке орналасқан қатерлі ісіктерде қолданылатын сәулелік терапияның өзекті мәселелері»;

«Сәулелік терапияның таңдаулы мәселелері».

21-тарау. «Сәулелі диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, радиоизотоптық диагностика)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
63. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

64. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 21-қосымшаға сәйкес «Сәулелі диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, радиоизотоптық диагностика)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

65. «Сәулелі диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, радиоизотоптық диагностика)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Сәулелік диагностикадағы инновациялық технологиялар»;

«Дифференциалды рентгендиагностика»;

«Шұғыл рентгендиагностика»;

«Рентгендік маммография»;

«Фтизиорентгенология элементтері бар рентгенологияның өзекті мәселелері»;

«Ультрадыбыстық диагностиканың өзекті мәселелері, соның ішінде балалардағы»;

«Радиоизотопты және радионуклидті диагностиканың өзекті мәселелері, соның ішінде балалардағы»;

«Онкологиядағы сәулелік диагностика»;

«Травматология және ортопедиядағы сәулелік диагностика».

22-тарау. «Функционалдық диагностика» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
66. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы, «Медициналық биологиялық іс» (біліктілігі-дәрігер) мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

67. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 22-қосымшаға сәйкес «Функционалдық диагностика» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

68. «Функционалдық диагностика» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Функционалды диагностикадағы инновациялық технологиялар»;

«Кардиологиядағы функционалды диагностика»;

«Балалар кардиологиясындағы функционалды диагностика»;

«Пульмонологиядағы, балалар пульмонологиясындағы функционалды диагностика»;

«Неврологиядағы, балалар неврологиясындағы функционалды диагностика»;

«Функционалды диагностикадағы дәлелді медицина мәселелері»;

«Цереброваскулярлы паталогиядағы клиникалық электроэнцефалография»;

«Клиникалық электрокардиография (жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфаркті, перикардиттер, жүректің туа біткен және жүре пайда болған ақаулары кезінде электрокардиография және инновациялық кардиовизорлық дисперсиялық компьютерлік диагностика)».

23-тарау. «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
69. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы, «Медициналық биологиялық іс» (біліктілігі-дәрігер) мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

70. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 23-қосымшаға сәйкес «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

71. «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Клиникалық зертханалық диагностикадағы инновациялық технологиялар»;

«Зертханалық зерттеу әдістерін түсіндіру»;

«Клиникалық зертханалық диагностикадағы дәлелді медицина мәселелері»;

«Жұқпалы аурулардың зертханалық диагностикасы»;

«Гемостаз жүйесінің зертханалық диагностикасы»;

«Жұқпалы аурулардың диагностикасындағы зерттеудің серологиялық әдістер»;

«Паразитологиялық зертханалық диагностика»;

«Иммунологиялық статусты кешенді зерттеу»;

«Молекулярлық-биологиялық және генетикалық зертханалық диагностика»;

«Аурулар диагностикасындағы зерттеудің иммуноферментті әдістері»;

«Диагностикадағы зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері»;

«Ағзаның биологиялық сұйықтықтарын микроскопиялық зерттеу»;

«Цитологиялық зертханалық диагностика»;

«Заманауи токсикологиялық зерттеу әдістері»;

«Зертханалық зерттеулердің сапасын сырттай бағалау»;

«Анемиялардың сараланған зертханалық диагностикасы».

24-тарау. «Спорт медицинасы» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
72. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

73. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 24-қосымшаға сәйкес «Спорт медицинасы» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

74. «Спорт медицинасы» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Спорт медицинасындағы инновациялық технологиялар»;

«Спорт медицинасындағы дәлелді медицинаның өзекті мәселелері»;

«Түрлі спортпен айналысу барысында алынатын жарақаттанудың ерекшеліктері»;

«Түрлі спорт мамандықтары өкілдерін медициналық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері»;

«Спорт медицинасындағы диагностиканың заманауи зертханалық әдістері. Биохимиялық мониторинг»;

«Спорт медицинасындағы диагностиканың заманауи аспаптық әдістері»;

«Спортта тамақтанудың өзекті мәселелері»;

«Жарақаттан кейінгі медициналық оңалту»;

«Физикалық жұмысқа белсенділікке әсер ететін факторлар»;

«Допингтер және допингке қарсы бақылау»;

«Спортта қолданылатын фармакологиялық заттар».

25-тарау. «Гериатрия» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
75. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

76. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 25-қосымшаға сәйкес «Гериатрия» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

77. «Гериатрия» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Гериатриядағы инновациялық технологиялар»;

«Ауруханалық және ауруханаға дейінгі кезеңдегі шұғыл гериатрия»;

«Амбулаториялық және стационарлық сатыдағы кардиология, ревматология, пульмонология, гастроэнтерология, нефрология, эндокринология, аллергология мен иммунология, гематологияның өзекті мәселелері»;

«Амбулаториялық-емханалық гериатрия»;

«Гериатриядағы дәлелді медицина мәселелері»;

«Жұқпалы аурулар»;

«Соматикалық және хирургиялық аурулардың шекаралық жағдайлары»;

«Гериатриядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;

«Гериатриядағы қарқынды емдеу (симуляциялық платформалар пайдаланылатын практикалық курс)»;

«Егде жастағылар үшін алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің өзекті мәселелері».

26-тарау. «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
78. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

79. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 26-қосымшаға сәйкес «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

80. «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Формулярлық жүйе. Дәрі-дәрмектерді тиімді пайдалану»;

«Медицина ұйымдарында клиникалық фармакология қызметін ұйымдастыру және жұмыс істеуі»;

«Фармакоэпидемиология және фармакоэкономика. Медицина мекемелерінде фармакоэпидемиологиялық және фармакоэкономикалық зерттеу жүргізудің қағидаттары»;

«Дәлелді медицина мәселелері және тиімді фармакологиялық терапия»;

«Дәрі-дәрмектерді клиникалық зерттеу»;

«Дәрі-дәрмектердің қолданылуын бағалау және медикаментті терапияның клиникалық-фармакологиялық сараптамасы»;

«Микробқа қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектердің клиникалық фармакологиясы»;

«Ас қорыту ағзалары ауруларының тиімді фармакотерапиясы»;

«Тыныс алу ағзалары ауруларының тиімді фармакотерапиясы»;

«Жүрек-қан тамыр ауруларының тиімді фармакотерапиясы»;

«Ревматикалық ауруларының тиімді фармакотерапиясы»;

«Неврологиядағы тиімді фармакотерапия»;

«Акушериялық және гинекологиялық практикадағы тиімді фармакотерапия»;

«Хирургиялық практикадағы микробқа қарсы тиімді терапия. Антибиотикті профилактика»;

«Нефрология мен урологиядағы тиімді фармакотерапия»;

«Трансплантологиядағы тиiмдi фармакотерапиясы»;

«Онкологиядағы тиiмдi фармакотерапиясы»;

«Гепатологиядағы тиiмдi фармакотерапиясы»;

«Тиісті клиникалық практика»;

«Балалардың дәрі-дәрмек қолдану ерекшеліктері»;

«Фармакологиялық қадағалау»;

«Комплаенттіліктің, емделуші мектептерінде оқытудың, өзін-өзі емдеу сұрақтарының клиникалық-фармакологиялық аспектілері».


27-тарау. «Дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануалды терапия, су-джок-терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
81. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

82. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 27-қосымшаға сәйкес «Дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануалды терапия, су-джок-терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

83. «Дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануалды терапия, су-джок-терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Инерефлексотерепияның негіздері»;

«Рефлексотерапия (Ағзалардың синдромдары)»;

«Рефлексотерапия (Ғажайып меридиандар)»;

«Ауыру сезімінің рефлексотерапиясы»;

«Неврологиядағы рефлексотерапия»;

«Ішкі аурулар клиникасындағы рефлексотерапия»;

«Остеопатиялық медицина мен мануалды терапияның негіздері»;

«Краниосакральды мануалды терапия»;

«Висцеральды мануалды терапия»;

«Омыртқаның мойын бөлігі мен қолдардың мануалды терапиясы»;

«Омыртқаның бел бөлігі мен аяқтардың мануалды терапиясы»;

«Балалық шақтағы остеопатиялық медицина және мануалды терапия»;

«Акушерия мен гинекологиядағы остеопатиялы медицина және мануалды терапия»;

«Бас ауруын диагностикалау және мануалды-остеопатиялы емдеу»;

«Висцеральді ауруларды диагностикалау және мануалды-остеопатиялы емдеу»;

«Медициналық массаж негіздері»;

«Су-джок терапиясының негіздері»;

«Фитотерапия негіздері»;

«Гирудотерапия негіздері»;

«Гомеопатия негіздері»;

«Апитерапия негіздері».
28-тарау. «Авиациялық және ғарыштық медицина» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
84. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде– 864/16 сағатты (апта) құрайды.

85. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 28-қосымшаға сәйкес «Авиациялық және ғарыштық медицина» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

86. «Авиациялық және ғарыштық медицина» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы инновациялық технологиялар»;

«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы өзекті мәселелер»;

«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы эфферентті терапия»;

«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы дәлелді медицина мәселелері»;

«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы қарқынды терапия және реанимация»;

«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы шұғыл жәрдем»;

«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы клиникалық фармокология»;

«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы зерттеудің зертханалық әдістерін түсіндіру»;

«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері».

29-тарау. «Төтенше жағдайлар және апат медицинасы» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
87. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

88. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 29-қосымшаға сәйкес «Төтенше жағдайлар және апат медицинасы» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

89. «Төтенше жағдайлар және апат медицинасы» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл терапиялық көмек»;

«Төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл хирургиялық көмек»;

«Төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл травматологиялық көмек»;

«Төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл педиатриялық көмек»;

«Төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл акушериялық-гинекологиялық көмек»;

«Төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл психологиялық көмек»;

«Төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл токсикологиялық көмек»;

«Төтенше жағдайлар эпидемиологиясы»;

«Төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл психиатриялық көмек».

30-тарау. «Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
90. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 1080/20 сағатты (апта), ересектер анестезиология және реаниматологиясы бойынша қайта даярлау циклдерінде балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар анестезиология және реаниматологиясы бойынша қайта даярлау циклдерінде ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

91. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 30-қосымшаға сәйкес «Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

92. «Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Көп бейінді медициналық ұйымдардағы анестезия және қарқынды терапия»;

«Неонтологиядағы анестезия және қарқынды терапия»;

«Педиатриядағы анестезия және қарқынды терапия»;

«Кардиохирургиядағы (ересектер немесе балалар) анестезия және қарқынды терапия»;

«Онкология және гематологиядағы анестезия және қарқынды терапия»;

«Акушерлік патология кезіндегі анестезия және қарқынды терапия».

«Анестезиология және реанимотология мамандығының арнайы бөлімдерінің (акушериядағы, нейрореаниматологиядағы, кардиоанесте-зиологиядағы, торакалді анестезиологиядағы, анестезия және қарқынды терапия) ерекшеліктерін тереңдете зерттеу»;

«Анестезиологиядағы инновациялық технологиялар»;

«Қарқынды терапиядағы инновациялық технологиялар»;

«Амбулаториялық анестезиология»;

«Дәлелді медицина мәліметтеріне сүйене отырып, анестезия немесе қарқынды терапия әдістерін оңтайландыру және стандарттау»;

«Дәлелді медицина мәліметтерін ескере отырып, түрлі жағдайлар немесе синдромдар кезіндегі қарқынды терапия».

31-тарау. «Жалпы хирургия (торакальді, абдоминальді, трансплантология, колопроктология, негізгі мамандық бейіні бойынша ультадыбыстық зерттеу, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
93. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 1080/20 сағатты (апта) құрайды.

94. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 31-қосымшаға сәйкес «Жалпы хирургия (торакальді, абдоминальді, трансплантология, колопроктология, негізгі мамандық бейіні бойынша ультадыбыстық зерттеу, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

95. «Жалпы хирургия (торакальді, абдоминальді, трансплантология, колопроктология, негізгі мамандық бейіні бойынша ультадыбыстық зерттеу, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Хирургиялық ауруларды диагностикалау мен емеудің инновациялық технологиялары»;

«Шұғыл хирургияның өзекті мәселелері»;

«Абдоминалды хирургиядағы эндовидеохирургиялық араласулар»;

«Іріңді хирургиядағы өзекті мәселелер»;

«Хирургиядағы реконструктивті-қалпына келтіру көмектері»;

«Торакальді хирургиядағы өзекті мәселелер»;

«Саңылауішілік эндовидеохирургия»;

«Қан тамыр хирургиясының өзекті мәселелері»;

«Шағын инвазивті хирургия»;

«Колопроктологияның өзекті мәселелері»;

«Торакальді хирургиядағы эндовидеохирургия»;

«Амбулаториялық-емханалық хирургия мәселелері»;

«Бариатриялық хирургия».

32-тарау. «Кардиохирургия (балалар, ересектер)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы.
96. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және хирургиялық бейіні бойынша интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 1080/20 сағатты (апта), ересектер кардиохирургиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар кардиохирургиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

97. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 32-қосымшаға сәйкес «Кардиохирургия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

98. «Кардиохирургия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Кардиохирургиядағы инновациялық технологиялар»;

«Ауруханалық және ауруханаға дейінгі кезеңдердегі жедел жәрдем станциясындағы шұғыл кардиохирургия»;

«Амбулаториялық және стационарлық деңгейдегі кардиохирургияның өзекті мәселелері»;

«Амбулаторлық-емханалық кардиохирургия»;

«Кардиохирургиядағы диагностикалаудың аспаптық және зертханалық әдістері»;

«Кардиохирургиядағы өзекті мәселелер».

33-тарау. «Ангиохирургия (рентгендік хируругия, интервенциялық хирургия) (балалар, ересектер)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
99. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және хирургиялық бейіні бойынша интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 1080/20 сағатты (апта), ересектер ангиохирургиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар ангиохирургиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта).

100. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 33-қосымшаға сәйкес «Ангиохирургия (рентгенохирургия, интервенциялық хирургия) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

101. «Ангиохирургия (рентгенохирургия, интервенциялық хирургия) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Қантамыр жүйесі ауруларын диагностикалаудың негізгі»;

«Ангиохирургиядағы инновациялық технологиялар»;

«Шұғыл ангиохирургиядағы өзекті мәселелер»;

«Эндоваскулярлық хирургияның өзекті мәселелері»;

«Шағын инвазивтік ангиохирургия»;

«Балалардағы жүрек-қантамыр жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері»;

«Акушерия және гинекологиядағы ангиохирургия».

34-тарау. «Нейрохирургия (балалар, ересектер)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
102. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және хирургиялық бейіні бойынша интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 1080/20 сағатты (апта), ересектер нейрохирургиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар нейрохирургиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта)құрайды.

103. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 34-қосымшаға сәйкес «Нейрохирургия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

104. «Нейрохирургия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Нейрореанимация және нейроанестезиология»;

«Нейрохирургиядағы сәулелік диагностика»;

«Нейроофтальмология»;

«Клиникалық нейрофизиология»;

«Нейроинфекция»;

«Орталық жүйке жүйесінің патологиялық анатомиясы»;

«Жалпы хирургия (хирургия, травматология, ортопедия, онкология)»;

«Балалар хирургиясы, травматология және ортопедия»;

«Нейрохирургиялық аурулардың диагностикасы мен еміндегі инновациялық технологиялар»;

«Орталық жүйке жүйесі хирургиясындағы нейроэндоскопиялық араласулар, шағын инвазивті хирургия»;

«Пластикалық және реконструктивті микронейрохирургия»;

«Шұғыл нейрохирургиялық патологиялар кезіндегі диагностикалау мен емдеуі»;

«Балалар нейрохирургиясының өзекті мәселелері»;

«Нейроонкологиядағы инновациялық технологиялар»;

«Жіті инсульт және цереброваскулярлы патология кезіндегі эндоваскулярлы және микрохирургия»;

«Жұлын мен омыртқа бағанасы патологиясындағы шағын инвазивті нейрохирургия».

35-тарау. «Жақсүйек-бет хирургиясы (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
105. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Стоматология», «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және хирургиялық бейіні бойынша интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), ересектер жақсүйек-бет хирургиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар жақсүйек-бет хирургиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

106. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 35-қосымшаға сәйкес «Жақсүйек-бет хирургиясы (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

107. «Жақсүйек-бет хирургиясы (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Жақсүйек-бет хирургиясындағы инновациялық технологиялар», оның ішінде балалардағы;

«Пародонт ауруларын хирургиялық емдеу әдістері»;

«Тістердің, альвеолярлы өсіндінің және төменгі жақтың зақымданулары», оның ішінде балалардағы;

«Жақ сүйектерінің туа біткен және жүре пайда болған ақаулары мен деформациялары. Жақ сүйектерінің ақаулары мен деформацияларын дистракционды және компрессионды емдеу әдістері»;

«Бас және мойын аймағындағы туа біткен және жүре пайда болған ақаулар мен деформациялар кезіндегі реконструктивті-қалыптастырушы операциялар»;

«Тіндерді еркін ауыстыру. Тері пластикасы, тері трансплантаттарының түрлері, қолдануға көрсеткіш. Бет аймағында сүйекті-пластикалық операциялар»;

«Беттегі қалыптастырушы пластикалық операциялар»;

«Тіс имплантациясы. Имплант конструкциясын таңдау. Имплантация әдістемесі»;

«Эстетикалық хирургия».

36-тарау. «Пластикалық хирургия» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
108. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және хирургиялық бейіні бойынша интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 1080/20 сағатты (апта) құрайды.

109. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 36-қосымшаға сәйкес «Пластикалық хирургия» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

110. «Пластикалық хирургия» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Білектің пластикалық және реконструкциялық хирургиясының өзекті мәселелері»;

«Иық өрімдерінің пластикалық және реконструкциялық хирургиясының өзекті мәселелері»;

«Пластикалық және реконструкциялық хирургиядағы іріңді хирургияның өзекті мәселелері»;

«Бастың, мойынның, көкіректің, жамбастың, бөксенің, балтыр мен табанның үлкен ақауларының пластикалық және реконструкциялық хирургиясының өзекті мәселелері»;

«Пластикалық және реконструкциялық хирургиядағы реплантология мен трансплантологияның өзекті мәселелері»;

«Косметологиялық хирургияның өзекті мәселелері».

37-тарау. «Онкология (химиотерапия, маммология (ересектер)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
111. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), балалар онкологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

112. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 37-қосымшаға сәйкес «Онкология (химиотерапия, маммология (ересектер)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

113. «Онкология (химиотерапия, маммология (ересектер)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Онкологиядағы инновациялық технологиялар»;

«Онкологиядағы өзекті мәселелер, соның ішінде онкологиялық хирургия»;

«Маммологияның өзекті меселелері»;

«Амбулаториялық жағдайда онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау»;

«Онкологиядағы сәулелік терапия»;

«Онкологиядағы химиялық терапия мәселелері»;

«Онкологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;

«Онкологиядағы патоморфология».

38-тарау. «Травматология-ортопедия (комбустиология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
114. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 1080/20 сағатты (апта), ересектер травматологиясы және ортопедиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар травматологиясы және ортопедиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

115. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 38-қосымшаға сәйкес «Травматология-ортопедия (комбустиология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

116. «Травматология-ортопедия (комбустиология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Травматология және ортопедиядағы инновациялық технологиялар»;

«Травматология-ортопедиядағы және комбустиологиядағы өзекті проблемалар, балалардағы және егде жастағылардың тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарының ерекшеліктері, көптеген жарақаттарды емдеу және диагностикалау ерекшеліктері»;

«Амбулаториялық травматология мен ортопедия (комбустиология) және диагностика мен емдеуде қолданылатын стационар-алмастырушы технологиялар».

39-тарау. «Урология және андрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбысты диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
117. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиария», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және хирургиялық бейін бойынша интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 1080/20 сағатты (апта), ересектер урологиясы және андрологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар урологиясы және андрологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

118. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 39-қосымшаға сәйкес «Урология және андрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбысты диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

119. «Урология және андрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбысты диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Урологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологиялары»;

«Урология және андрология мәселелері»;

«Уроонкология мәселелері»;

«Урогинекология мәселелері»;

«Балалар урологиясының мәселелері»;

«Шағынинвазивті урология»;

«Уралогиядағы эндобейнехирургиялық араласу»;

«Урология және андрологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;

«Хирургиялық андрология»;

«Ерлер бедеулігі»;

«Эректилді дисфункция»;

«Оперативтік урологиядағы лазерлік технологиялар».

40-тарау. «Офтальмология» (ересектер, балалар) мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
120. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және хирургиялық бейін бойынша интернатурасы бар мамандарды қайта даярлау циклдерінде – 1080/20 сағатты (апта), ересектер офтальмологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар офтальмологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

121. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 40-қосымшаға сәйкес «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

122. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Факоэмульсирфикацияланған катаракта»;

«Офтальмологиядағы инновациялық технологиялар»;

«Интраокулярлық линзаларды имплантациялау»;

«Глаукома»;

«Кейбір көз ауруларының диагностикасы мен емдеудің заманауи әдістері»;

«Глаукоманы емдеудің заманауи әдістері»;

«Мөлдір қабықтың патологиясы. Кератопластикалар;

«Тор қабықтың сылынуы, заманауи емдеу әдістері»;

«Дегенеративті миопия және аметропияның басқа түрлері»;

«Балардағы қылилық, емдеу»;

«Балалардағы көру мүшесінің туа біткен аурулары»;

«Балалардың көз түбі патологиясы»;

«Нәрестелердің көз ағзалары патологиясы»;

«Аметропия түзетулері»;

«Көз микрохирургиясы»;

«Глаукома. Глаукомалардың микрохирургиясы»;

«Көру мүшесінің зақымдалуы, реконструктивті хирургия»;

«Көз алмасының алдыңғы кесіндісінің реконструктивті хирургиясы»;

«Витреоретинальды хирургия»;
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70


написать администратору сайта