Главная страница
Навигация по странице:

  • 10-тарау.

  • » мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы

  • 11-тарау.

  • 12-тарау.

  • 13-тарау.

  • 14-тарау.

  • 15-тарау.

  • 16-тарау.

  • 17-тарау.

  • Медицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары


    Скачать 1.64 Mb.
    НазваниеМедицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары
    Дата20.10.2021
    Размер1.64 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4. buyrykka_kosymsha_kaz (1).docx
    ТипДокументы
    #251692
    страница2 из 70
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
    9-тарау. «Онкология және гематология (балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    27. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), «Онкология (ересектер, балалар)» немесе «Гематология (ересектер, балалар)» мамандықтары бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    28. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 9-қосымшаға сәйкес «Онкология және гематология (балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    29. «Онкология және гематология (балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Балалардың онкогематологиялық ауруларын емдеудегі жоғары мөлшердегі химиялық терапия қағидаттары»;

    «Балалар онкологиясы мен гематологиясындағы гемотрансфузиялық терапия қағидаттары»;

    «Балалар онкологиясы мен гематологиясындағы шұғыл жағдайлар»;

    «Балалардың онкогематологиялық ауруларын емдеу мен диагностикалаудағы заманауи бағдарламалар»;

    «Педиатриядағы геморрагиялық диатезтерге сараланған диагностика»;

    «Емхана жағдайындағы балалар онкологиясы мен гематологиясының негіздері»;

    «Педиатриялық практикадағы анемияның сараланған диагностикасы»;

    «Онкология және гематологиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;

    «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде балалардағы онкологиялық және гематологиялық ауруларды ерте диагностикалау»;

    «Балалар онкологиясы мен гематологиясындағы өзекті мәселелер»;

    «Балалардағы қатерлі лимфомалар»;

    «Балалар онкологиясы мен гематологиясындағы инновациялық технологиялар».
    10-тарау. «Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    30. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), ересектер пульмонологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар пульмонологиясынан қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    31. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 10-қосымшаға сәйкес «Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    32. «Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Пульмонологиядағы инновациялық технологиялар»;

    «Ауруханалық және ауруханаға дейінгі шұғыл пульмонология, оның ішінде балалар пульмонологиясы»;

    «Өкпенің, оның ішінде балаларда кездесетін бронхтың обструкциялық ауруларлар»;

    «Пульмонологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;

    «Өкпенің интерстициальды ауруы, соның ішінде балалардағы»;

    «Пульмонологиядағы антибактериалды терапия, оның ішінде балалардағы»;

    «Пульмонолог дәрігер тәжірибесіндегі спирография»;

    «Тыныс алу функциясы жеткіліксіздігінің диагностикасы және түзету (инвазивті емес өкпе вентиляциясы, оттегі терапиясы)»;

    «Пульмонология мен фтизиатриядағы дифференциалды диагностика»;

    «Алғашқы көмек дәрігерінің тәжірибесіндегі пульмонологияның өзекті мәселелері»;

    «Ұйқы кезінде тыныс алудың бұзылуы».

    11-тарау. «Эндокринология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    33. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), ересектер эндокринологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар эндокринологиясы қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    34. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 11-қосымшаға сәйкес «Эндокринология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    35. «Эндокринология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Эндокринологиядағы инновациялық технологиялар»;

    «Шұғыл эндокринология»;

    «Ерте жастағы балалардың эндокринологиясы»;

    «Қалқанша безі, қалқаншаманы бездері, қант диабеті, гипоталамус-гипофизарлы жүйе аурулары бойынша эндокринологиядағы өзекті мәселелер, оның ішінде балалар эндокринологиясында»;

    «Жүкті әйелдердің эндокриндік аурулары ағымының ерекшелектері»;

    «Репродуктивті эндокринология»;

    «Эндокринологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;

    «Эндокринологиядағы аспаптық және зертханалық диагностикалау әдістері».

    12-тарау. «Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    36. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), ересектер нефрологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар нефрологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    37. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 12-қосымшаға сәйкес «Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    38. «Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Нефрологиядағы инновациялық технологиялар»;

    «Ауруханалық және ауруханаға дейінгі кезеңдегі шұғыл нефрология»;

    «Амбулаториялық және стационарлық кезеңдегі балалар нефрологиясының өзекті мәселелері»;

    «Амбулаториялық-емханалық нефрология»;

    «Нефрологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;

    «Превентивті нефрология, сонымен бірге дені сау және науқас балаларды динамикалық бақылау (диспансерлеу) мәселелері, дені сау және науқас балаларды оңалту кезеңдері»;

    «Нефрологиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;

    «Жасөспірімдердің физиологиясы мен патологиясы»;

    «Нефрологиядағы қарқынды терапия (симуляциялық платформаларды пайдаланатын практикалық курс)»;

    «Балаларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің өзекті мәселелері».

    13-тарау. «Фтизиатрия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    39. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиария», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), ересектер фтизиатриясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар фтизиатриясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    40. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 13-қосымшаға сәйкес «Фтизиатрия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    41. «Фтизиатрия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Фтизиатриядағы инновациялық технологиялар»;

    «Амбулаториялық және стационарлық сатыдағы шұғыл фтизиатрия»;

    «Қазақстан Республикасындағы фтизиатриялық қызмет жұмысының ұйымдастырылуы»;

    «Фтизиатриядағы дәлелді медицина мәселелері»;

    «Балалар мен жасөспірімдердің фтизиатриясы, оның ішінде оңалту мен алдын алу мәселелері»;

    «Тыныс жолдарының туберкулезін сараланған жолмен анықтау»;

    «Фтизиатриядағы клиникалық және зертханалық анықтау әдістері»;

    «Фтизиатриядағы диагностика және терапия (стимуляциялық бағыттарды қолдану арқылы практикалық курстар)»;

    «Балаларға көрсетілетін фтизиатриялық көмектің өзекті мәселелері»;

    «Ересек тұрғындарға көрсетілетін фтизиатриялық көмектің өзекті мәселелері»;

    «Туберкулездің төзімді түрін анықтауда, тексеруде, емдеуде қолданылатын инновациялық технологиялар»;

    «Амбулаториялық жағдайда туберкулездің ерте диагностикасы»;

    «Фтизиатриядағы химиотерапияның сұрақтары»;

    «Стационарды алмастыру технологиясында амбулаториялық фтизиатрияның диагностикасы мен емі»;

    «Фтизиатриядағы диагностика әдістері»;

    «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жағдайында балалар мен ересектерге фтизиатриялық көмек көрсету»;

    «Фтизиатриялық ауруларды оңалту»;

    «Туберкулез жағдайындағы инфекциялық бақылау»;

    «Өкпеден тыс туберкулез және заманауи фтизиохирургия (өкпе және өкпеден тыс)».

    14-тарау. «Кәсіптік патология» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    42. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

    43. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 14-қосымшаға сәйкес «Кәсіптік патология» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    44. «Кәсіптік патология» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Кәсіптік ауруларды диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологиялары»;

    «Кәсіптік ауруларды диагностикалау, емдеу, оңалту және алдын алудың өзекті мәселелері»;

    «Еңбек гигиенасы мәселелері»;

    «Кәсіптік патологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;

    «Кәсіптік аурулары бар науқастардың еңбек сараптамасы мәселелері»;

    «Кәсіптік патологиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері».

    15-тарау. «Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    45. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), ересектердің инфекциялық аурулары бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалардың инфекциялық аурулары бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    46. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 15-қосымшаға сәйкес «Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    47. «Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Инфекциялық нозологияның диагностикасы және емдеудің инновациялық технологиялары»;

    «Инфекциялық аурулар кезінде ауруханалық және ауруханаға дейінгі кезеңдегі шұғыл көмек көрсету»;

    «Ауруханалық және ауруханаға дейінгі кезеңдегі инфекциялық ауруларға қойылатын ерте және салыстырмалы диагностикасы»;

    «Инфекциялық гепатология»;

    «Адам иммунитет тапшылығы вирусының мәселелері»;

    «Ішек гельминтоздары мен паразитоздарының өзекті мәселелері»;

    «Аса қауіпті жұқпалардың заманауи мәселелері»;

    «Жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен пандемиялық ағымды тұмау: бұл мәселенің қазіргі жағдайы, клиникалық-диагностикалық критерийлері, емі және қарқынды терапия, алдын алу және індетке қарсы шаралар»;

    «Қазіргі заманғы кезеңдегі жіті ішек инфекциялары»;

    «Адамның өзекті зооноздық инфекциялары»;

    «Балалар инфекцияларының мәселелері».

    16-тарау. «Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    48. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), ересектер дерматовенерологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар дерматовенерологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    49. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 16-қосымшаға сәйкес «Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    50. «Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Дерматовенерологиядағы инновациялық технологиялар, соның ішінде балалардың»;

    «Дерматокосметологиядағы инновациялық технологиялар»;

    «Тері және венерологиялық аурулардың алдын алу, анықтау және емдеу, соның ішінде балалар»;

    «Терінің және оның қосалқыларын эстетикалық кемшіліктерінің алдын алу, оларды анықтау және емдеу»;

    «Балалардың дерматовенерологиясы»;

    «Дерматокосметология»;

    «Дерматовенерологияның өзекті мәселелері, соның ішінде балалардағы»;

    «Дерматовенерологиядағы шекаралық аурулар, соның ішінде балалардағы»;

    «Дерматовенерологиядағы аспаптық және зертханалық диагностикалау әдістері, соның ішінде балалардағы»;

    «Дерматовенерологиядағы жұқпалы аурулар, соның ішінде балалардағы»;

    «Дерматовенерологиядағы иммунология және аллергология мәселелері, соның ішінде балалардағы»;

    «Дерматоскопия, соның ішіндегі балалардағы»;

    «Дерматоонкология, соның ішінде балалардағы»;

    «Трихология, соның ішінде балалардағы»;

    «Дерматовенероголия мен дерматокосметологиядағы физиотерапия»;

    «Заманауи дерматокосметология. Мезотерапия»;

    «Заманауи дерматокосметология. Пилингтер»;

    «Заманауи дерматокосметология. Контурлық пластика»;

    «Заманауи дерматокосметология. Лазерлер».

    17-тарау. «Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    51. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта), ересектер невропатологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда балалар бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта), балалар невропатологиясы бойынша қайта даярлауы болғанда ересектер бейіні бойынша – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    52. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 17-қосымшаға сәйкес «Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    53. «Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары»;

    «Жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары»;

    «Ересектердегі эпилепсия және эпилептика түріндегі синдромдар»;

    «Электроэнцефалография және Электроэнцефалография-мониторинг негізімен балалық жастағы эпилепсия»;

    «Ересектердегі жүйке жүйесінің инфекциялық аурулары»;

    «Балалардың жүйке жүйесінің инфекциялық, қабыну және диемиелинсізденген аурулары»;

    «Невролог дәрігердің практикасындағы органикалық психикалық бұзылулар».

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70


    написать администратору сайта