Главная страница
Навигация по странице:

  • 50-тарау.

  • 51-тарау.

  • 52-тарау.

  • 55-тарау.

  • «Қоғамдық денсаулық сақтау (валеология, эпидемиология, статистика, әдіснама)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы

  • 57-тарау.

  • 59-тарау.

  • 60-тарау.

  • 61-тарау.

  • 62-тарау.

  • 63-тарау.

  • 64-тарау.

  • 65-тарау.

  • 66-тарау.

  • 67-тарау.

  • Медицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары


    Скачать 1.64 Mb.
    НазваниеМедицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары
    Дата20.10.2021
    Размер1.64 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4. buyrykka_kosymsha_kaz (1).docx
    ТипДокументы
    #251692
    страница5 из 70
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
    медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    147. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

    148. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 49-қосымшаға сәйкес «Балалар психиатриясы» (балалар наркологиясы, балалар психотерапиясы, балалар медициналық психологиясы, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама) мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    149. «Балалар психиатриясы» (балалар наркологиясы, балалар психотерапиясы, балалар медициналық психологиясы, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама) мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Балалық-жасөспірімдік шақтағы психикалық аурулар ағымының жалпы заңдылығы»;

    «Балалық-жасөспірімдік шақтағы эндогендік психикалық бұзылыстар»;

    «Балалық-жасөспірімдік шақтағы экзогендік психикалық бұзылыстар»;

    «Балалар мен жасөспірімдердегі шекаралық (неврологиялық) психикалық бұзылулар»;

    «Балалар мен жасөспірімдердегі психофармакология»;

    «Балалар мен жасөспірімдердегі суицидтік мінез-құлық»;

    «Балалар-жасөспірімдік шақтағы суицидтік мінез-құлық»;

    «Науқастармен және олардың отбасыларымен психологиялық әлеуметтік және психологиялық оңалту жұмыстары»;

    «Балалар мен жасөспірімдердегі психикалық бұзылулардың бастапқы профилактикасы»;

    «Балалар мен жасөспірімдердегі нашақорлық»;

    «Балалар мен жасөспірімдердегі алкоголизм: себептері, патогенезі, клиникалық ерекшеліктері, емдеу мәселелері, алдын алу және оңалту»;

    «Балалар мен жасөспірімдердегі токсикомания: себептері, патогенезі, клиникалық ерекшеліктері, емдеу мәселелері, алдын алу және оңалту»;

    «Психоактивті заттарға тәуелді пациенттерді уәждемелеу мәселелері»;

    «Балалар мен жасөспірімдердегі шекаралық психикалық бұзылу кезіндегі психотерапия»;

    «Балалар мен жасөспірімдердегі эндогендік және экзогендік аурулар кезіндегі психотерапия»;

    «Медициналық психологияның басты мәселелері»;

    «Балалар мен жасөспірімдердегі сот психиатриясы мен наркологиясының басты мәселелері».

    50-тарау. «Балалар хирургиясы (неонатальдық хирургия)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    150. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 1080/20 сағатты (апта) құрайды.

    151. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 50-қосымшаға сәйкес «Балалар хирургиясы (неонатальдық хирургия)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    152. «Балалар хирургиясы (неонатальдық хирургия)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Балалар жасындағы торакальді хирургияы»;

    «Балалар жасындағы нейрожарақаттар»;

    «Балалар жасындағы іріңді хирургия»;

    «Балалар жасындағы эндобейнехирургиясы»;

    «Балалардың күйік аурулары».

    51-тарау. «Акушерия және гинекология (балалар гинекологиясы, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    153. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Педиатрия» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 1080/20 сағатты (апта) құрайды.

    154. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 51-қосымшаға сәйкес «Акушерия және гинекология (балалар гинекологиясы, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    155. «Акушерия және гинекология (балалар гинекологиясы, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Акушерия және гинекологиядағы инновациялық технологиялар»;

    «Акушерия және гинекологияның өзекті мәселелері»;

    «Амбулаториялық - емханалық акушерия және гинекология»;

    «Отбасын жоспарлау және контрацепция»;

    «Балалар және жасөспірімдер гинекологиясы»;

    «Акушерия және гинекологиядағы шұғыл көмек және реанимация»;

    «Оперативті акушерия және гинекология»;

    «Гинекологиядағы эндобейнескопиялық операциялар»;

    «Ұрықты антенатальды қорғау»;

    «Гинекологиялық эндокринология»;

    «Репродуктивті медицина»;

    «Тұқымқуалаушылық аурулар мен туа біткен ақаулардың пренатальды дамуының диагностикасы»;

    «Гинекологиялық аурулар және жүктілік кезіндегі экстрагенитальды патология»;

    «Әйелдер консультациясындағы емдеу-профилактикалық көмек»;

    «Жаңа туылғандарға шұғыл көмек және реанимация»;

    «Тиімді перинатальды технологиялар»;

    «Акушерия және гинекологиядағы дәлеледі медицина»;

    «Акушерия және гинекологиядағы диагностиканың аспаптық әдістері».
    52-тарау. «Медициналық генетика» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    156. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандарды қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

    157. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 52-қосымшаға сәйкес «Медициналық генетика» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    158. «Медициналық генетика» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Көптеген даму ақауларын анықтаудағы синдромдық әдістер»;

    «Бұлшықет дистрофиясын диагностикалаудың молекулярлық-генетикалық аспектілер»;

    «Жүйке-психикалық даму кідірісімен бірге жүретін синдромдар»;

    «Зат алмасу бұзылыстарынан пайда болған эпилепсия».

    53-тарау. «Стоматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    159. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Стоматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі және интернатурасы бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

    160. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 53-қосымшаға сәйкес «Стоматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    161. «Стоматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Стоматологиядағы инновациялық технологиялар»;

    «Терапиялық стоматологияның, оның ішінде балалар жасындағы терапиялық стоматологияның өзекті мәселелері»;

    «Хирургиялық стоматологияның, оның ішінде балалар жасындағы хирургиялық стоматологияның өзекті мәселелері»;

    «Ортопедиялық стоматология және ортодонтиядағы өзекті мәселелер, оның ішінде балалар жасындағы»;

    «Стоматологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;

    «Стоматологиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;

    «Ересектер мен балаларға шұғыл стоматологиялық көмек көрсету»;

    «Стоматологиялық анестезиологиядағы шұғыл жағдайлар»;

    «Стоматологиядағы физиотерапия мәселелері».

    54-тарау. «Гигиена және эпидемиология (жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиациялық гигиена, токсикология, эпидемиология, паразитология, бактериология, вирусология, микробиология)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    162. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімі бар мамандарды қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

    163. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 54-қосымшаға сәйкес «Гигиена және эпидемиология (жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиациялық гигиена, токсикология, эпидемиология, паразитология, бактериология, вирусология, микробиология)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    164. «Гигиена және эпидемиология (жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиациялық гигиена, токсикология, эпидемиология, паразитология, бактериология, вирусология, микробиология)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Гигиена мен эпидемиологиядағы өзекті мәселелер»;

    «Жалпы гигиена»;

    «Еңбек гигиенасы»;

    «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»;

    «Тағам гигиенасы»;

    «Коммуналдық гигиена»;

    «Радиациялық гигиена»;

    «Токсикология»;

    «Эпидемиология»;

    «Паразитология»;

    «Бактериология»;

    «Вирусология»;

    «Микробиология»;

    «Гигиена және санитария»;

    «Профпатология»,

    «Әлеуметтік гигиена және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру»;

    «Дезинфектология»;

    «Санитариялық-гигиеналық зертхана»;

    «Инфекциялық бақылау».

    55-тарау. «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    165. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), жоғары медициналық, фармацевтикалық және кәсіби білімі бар мамандарды (денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтіндер үшін) қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

    166. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 55-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    167. «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Стратегиялық менеджмент»;

    «Денсаулық сақтаудағы технологияларды бағалау»;

    «Денсаулық сақтаудағы инновациялық менеджмент»;

    «Денсаулық сақтаудағы тәуекел менеджменті»;

    «Жоба менеджменті»;

    «Аурухана менеджменті»;

    «Бастапқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыру және басқару»;

    «Корпоративтік басқару»;

    «Қарым-қатынас (коммуникациялық) менеджменті»;

    «Медициналық көмек сапасын басқарудың өзекті мәселелері»;

    «Менеджмент және көшбасшылық»;

    «Денсаулық сақтаудағы статистикалық талдау»;

    «Медицинадағы ғылыми зерттеулер менеджменті»;

    «Фармацевтикалық менеджменті».

    56-тарау. «Қоғамдық денсаулық сақтау (валеология, эпидемиология, статистика, әдіснама)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    168. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), жоғары медициналық, фармацевтикалық және кәсіби білімі бар мамандарды (денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтіндер үшін) қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

    169. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 56-қосымшаға сәйкес «Қоғамдық денсаулық сақтау (валеология, эпидемиология, статистика, әдіснама)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    170. «Қоғамдық денсаулық сақтау (валеология, эпидемиология, статистика, әдіснама)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Денсаулық сақтаудағы менеджмент пен маркетинг»;

    «Денсаулық сақтау экономикасы»;

    «Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу»;

    «Денсаулық сақтаудағы қаржы менеджменті»;

    «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен басқару»;

    «Фармацияны басқару мен фармация экономикасы»;

    «Денсаулық сақтауды ұйымдастырудың өзекті мәселелері»;

    «Эпидемиология негіздері»;

    «Дәлелді медицина»;

    «Денсаулық сақтаудағы этика»;

    «Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік ғылымдар»;

    «Денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары»;

    «Денсаулыққа үйрету»;

    «Денсаулық психологиясы»;

    «Әлеуметтік жұмыс»;

    «Денсаулық сақтау технологияларын бағалау»;

    «Салауатты қоғамдық саясат».


    57-тарау. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    171. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық немесе жоғары мейіргерлік білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

    172. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 57-қосымшаға сәйкес «Мейіргер ісі (жоғары білім)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    173. «Мейіргер ісі (жоғары білім)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Мейіргер ісін ұйымдастырудағы өзекті мәселелер»;

    «Амбулаториялық-емханалық жағдайда мейіргер ісін ұйымдастыру»;

    «Мейіргер ісіндегі инновоциялық технололгиялар»;

    «Стационар жағдайында мейіргер ісін ұйымдастыру»;

    «Терапияда мейіргер ісін ұйымдастыру»;

    «Хирургияда мейіргер ісін ұйымдастыру»;

    «Педиатрияда мейіргер ісін ұйымдастыру»;

    «Стоматологияда мейіргер ісін ұйымдастыру»;

    «Акушерия мен гинекологияда мейіргер ісін ұйымдастыру»;

    «Неврология мен психиатрияда мейіргер ісін ұйымдастыру»;

    «Мейіргер ісін зерттеуші-оқытушы»;

    «Анестезиология және реанимацияда мейіргер ісін ұйымдастыру»;

    «Паллиативті медицинада мейіргер ісін ұйымдастыру»;

    «Зертханалық диагностикада мейіргер ісін ұйымдастыру».

    58-тарау. «Фармация (жалпы фармацевтикалық практика); фармация экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), ұйымдастырушы фармацевт (ұйымдастырушы провизор), менеджер, инспектор, информатор, маркетолог/тауартанушы); дәрілер технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-аналитик (провизор-аналитик); аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптамасы (химик–токсиколог)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    174. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, фармацевтикалық жоғарғы білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

    175. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 58-қосымшаға сәйкес «Фармация (жалпы фармацевтикалық практика); фармация экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), ұйымдастырушы фармацевт (ұйымдастырушы провизор), менеджер, инспектор, информатор, маркетолог/тауартанушы); дәрілер технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік құралдардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-аналитик (провизор-аналитик); аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптамасы (химик–токсиколог)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    176. «Фармация (жалпы фармацевтикалық практика); фармация экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), ұйымдастырушы фармацевт (ұйымдастырушы провизор), менеджер, инспектор, информатор, маркетолог/тауартанушы); дәрілер технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік құралдардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-аналитик (провизор-аналитик); аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптамасы (химик–токсиколог)» мамандығы бойынша біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Дәрілік заттар саласындағы ұлттық саясат»;

    «Дәрілік заттардың айналымын реттемелеу»;

    «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану»;

    «Заманауи кезеңдегі фармацевтикалық көмек»;

    «Дәрілер технологиясының өзекті мәселелері»;

    «Дәрілік заттар өндірісінің инновациялық технологиясы»;

    «Дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету жүйесі»;

    «Заманауи препараттар және өсімдік текті табиғи биологиялық белсенді қоспалар»;

    «Дәрілік өсімдік шикізатын дәріхана және фитоөндіріс жағдайында өңдеу және талдау»;

    «Дәрілік заттардың айналымындағы тұлғааралық қарым-қатынасты басқару»;

    «Кадр менеджменті: фармация саласындағы мамандардың біліктілігі мен құзыреттілігі»;

    «Сот-химиялық сараптама»;

    «Аналитикалық талдау әдістемелерінің валидациясы»;

    «Химиялық-токсикологиялық зерттеудегі иммунды талдау әдістері»;

    «Тиісті фармацевтикалық практика»;

    59-тарау. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    177. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 216/4 сағатқа дейін, сертификаттау циклдарында – 108/2 сағат (апта), «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі, жоғары мейіргерлік және орта медициналық білімнен кейінгі білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864/16 сағатты (апта) құрайды.

    178. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 59-қосымшаға сәйкес «Мейіргер ісі (орта білімнен кейін)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    179. «Мейіргер ісі (орта білімнен кейін)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Неонатология заманауи аспекттері»;

    «Мейіргердің балалар жасындағы ауруларды ықпалдастырып емдеу»;

    «Жұқпалы аурулар. Эпидемиологиялық бақылаудың заманауи аспекттері»;

    «Заманауи жағдайларда мейіргер ісін ұйымдастыру»;

    «Амбулаториялық-емханалық жағдайда мейіргер ісін ұйымдастыру»;

    «Диабет мейіргерінің жұмысын ұйымдастыру»;

    «Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын науқастарға кешендік күтімді ұйымдастыру»;

    «Инфекциялық емес аурулар мен жедел бұзылулар кезінде мейіргерлік консультация»;

    «Мейіргерлердің туберкулез бен АИТВ-инфекциясын емдеуді бақылауы»;

    «Созылмалы аурулары бар науқастарға паллиативті күтімді ұйымдастыру»;

    «Мейіргерлердің оңалтуды ұйымдастыруы»;

    «Мейіргерлер ісіндегі әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру»;

    «Мектеп мейіргерінің жұмысын ұйымдастыру»;

    «Анестезиология және реаниматологияда мейіргер ісінің заманауи аспектілері»;

    «Профилактикалық медициналық қарап-тексеру және диспасерлеуді жүргізуді ұйымдастыру».

    60-тарау. «Зертханалық диагностика (зертханашы, зертханашы дәрігердің көмекшісі)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    180. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде және сертификаттау циклдарында 54/1 сағаттан 108/2 сағатқа дейін, «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби медициналық білім (арнайы орта, кәсіби орта) немесе («Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша медициналық орта білім медициналық білім) немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат және зертханалық бейінді мамандықтары бойынша жұмыс өтілі бар мамандар үшін қайта даярлау циклінде – 432/8 сағатты (апта), зертханалық емес бейіндегі мамандықтар бойынша жұмыс өтілі бар мамандар үшін қайта даярлау циклінде – 648/12 сағатты (апта) құрайды.

    181. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 60-қосымшаға сәйкес «Зертханалық диагностика (зертханашы, дәрігер-зертханашы көмекшісі)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    182. «Зертханалық диагностика (зертханашы, дәрігер-зертханашы көмекшісі)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Зертханалық диагностикадағы инновациялық технологиялар»;

    «Бактериологияның өзекті мәселелері»;

    «Биохимияның өзекті мәселелері»;

    «Гистологияның өзекті мәселелері»;

    «Вирусологияның өзекті мәселелері»;

    «Паразитологияның өзекті мәселелері»;

    «Иммуногематологияның өзекті мәселелері»;

    «Иммунологияның өзекті мәселелері»;

    «Серологиялық зерттеу әдістері»;

    «Медициналық генетиканың өзекті мәселелері»;

    «Аса қауіпті инфекциялардың зертханалық диагностикасы»;

    «Радиологияның өзекті мәселелері»;

    «Рентгенологияның өзекті мәселелері»;

    «Иммуноферментті талдау – диагностикасының өзекті мәселелері»;

    «Радиациялық гигиенаның өзекті мәселелері»;

    «Коммуналды гигиенаның өзекті мәселелері»;

    «Тағам гигиенасының өзекті мәселелері»;

    «Еңбек гигиенасының өзекті мәселелері»;

    «Медициналық-қылмыстық зерттеулердің замануи әдістері»;

    «Малярияның зертханалық диагностикасы»;

    «Дерматомикоздар зертханалық диагностикасы»;

    «Полимеразды тізбек реакция-диагностикасы»;

    «Цитологияның өзекті мәселелері»;

    «Зерттеулердің замануи клиникалық әдістері»;

    «Зерттеулердің замануи биохимиялық әдістері»;

    «Зерттеулердің замануи бактериологиялық әдістері»;

    «Зерттеулердің цитологиялық- гистологиялық әдістері»;

    «Паразиттік аурулардың зертханалық даигностикасының әдістері»;

    «Санитариялық- гигиеналық зерттеу әдістері»;

    «Физикалық-техникалық зерттеулердің замануи әдістері» (соттық-медициналық зертханалардың зертханашытары үшін);

    «Рентгенологиялық және радиологиялық зерттеу әдістері»;

    «Сот-медициналық қызметтегі зертханалық диагностика мәселелері»;

    «Сот-медициналық зертханалық диагностикадағы инновациялық технологиялар».

    61-тарау. «Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практика фельдшері)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    183. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде және сертификаттау циклдарында 54/1 сағаттан 108/2 сағатқа дейін, «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша медициналық жоғары білім, «Мейіргерлік іс», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша бакалавриат немесе «Емдеу ісі», «Акушерлік іс» мамандығы бойынша орта (техникалық немесе кәсіби) медициналық білім мен еңбек өтілі бар мамандар үшін қайта даярлау циклінде – 432/8 сағатты (апта), емдеу ісі емес бейіндегі еңбек өтілі бар мамандар үшін – 648/12 сағатты (апта) құрайды.

    184. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 61-қосымшаға сәйкес «Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практика фельдшері)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    185. «Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практика фельдшері)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Фельдшер-акушерлік пункттегі фельдшердің жұмысы»;

    «Жедел жәрдем фельдшерінің жұмысы»;

    «Білім беру жүйесі фельдшерінің жұмысы»;

    «Наркологиялық қызмет фельдшерінің жұмысы»;

    «Туберкулезді бақылаудағы фельдшер жұмысы»;

    «Педиатрияда көрсетілетін дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек;

    «Емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде көрсетілетін дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек»;

    «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу»;

    «Жұқпалы аурулар. Өзекті мәселелер»;

    «Инфекциялық бақылау. Ұлттық деңгейдегі және емдік-алдын алу ұйымдары деңгейіндегі инфекциялық бақылау бағдарламалары»;

    «Адам иммунитет тапшылығы вирусы және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алудағы фельдшердің рөлі;

    «Электрокардиография».

    62-тарау. «Акушерия ісі» (акушер, жалпы практика акушері) мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    186. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде және сертификаттау циклдарында 54/1 сағаттан 108/2 сағатқа дейін, «Акушерия ісі» немесе «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша техникалық немесе кәсіби (арнайы орта, кәсіби орта) медициналық білім немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат үшін қайта даярлау циклдарында – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    187. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 62-қосымшаға сәйкес «Акушерия ісі» (акушер, жалпы практика акушері) мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    188. «Акушерия ісі» (акушер, жалпы практика акушері) мамандығы бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Акушерияның, перинатологияның және гинекологияның өзекті мәселелері»;

    «Кейбір экстрагениталды патология түрлерінде жүктілікті және босануды жүргізу»;

    «Әйелдер консультациясы акушерінің жұмысы»;

    «Фельшерлік-акушерлік пунктегі акушердің жұмысы»;

    «Акушерия мен гинекологиядағы шұғыл жағдайлар»;

    «Әйелдің репродуктивті денсаулығы. Отбасын жоспарлау»;

    «Адам иммунитет тапшылығы вирусы және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасындағы акушердің рөлі»;

    «Ауруханаішілік инфекцияларының профилактикасы. Инфекцияны бақылау»;

    «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар»;

    «Жүктілік кезіндегі инфекция»;

    «Гинекологиядағы жіті іш ауруы».

    63-тарау. «Гигиена және эпидемиология (санитарлық фельдшер, санитарлық дәрігердің көмекшісі, лаборант, эпидемиолог-дәрігердің көмекшісі, энтомолог)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    189. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде және сертификаттау циклдарында 54/1 сағаттан 108/2 сағатқа дейін, санитариялық-эпидемиологиялық бейінді техникалық немесе кәсіби медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    190. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 63-қосымшаға сәйкес «Гигиена және эпидемиология (санитарлық фельдшер, санитарлық дәрігердің көмекшісі, лаборант, эпидемиолог-дәрігердің көмекшісі, энтомолог)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    191. «Гигиена және эпидемиология (санитарлық фельдшер, санитарлық дәрігердің көмекшісі, лаборант, эпидемиолог-дәрігердің көмекшісі, энтомолог)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Гигиена және санитарияның өзекті мәселелері»;

    «Эпидемиологияның өзекті мәселелері»;

    «Медициналық паразитологияның өзекті мәселелері»;

    «Ауруханалық гигиенаның өзекті мәселелері»;

    «Зарарсыздандыру ісінің өзекті мәселелері»;

    «Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтегі менеджмент»;

    «Ауыз сумен қамтамасыз етуді қадағалауды ұйымдастырудың заманауи талаптары»;

    «Инфекциялық бақылау. Ұлттық және емдеу-сауықтыру мекемелерінің деңгейінде инфекциялық бақылау бағдарламаларын ұйымдастыру»;

    «Микробиологиядағы өзекті мәселелер»;

    «Радиациялық гигиенадағы өзекті мәселелер»;

    «Токсикологиядағы өзекті мәселелер»;

    «Вирусологиядағы өзекті мәселелер».

    64-тарау. «Стоматология (тіс дәрігері, дантист, стоматолог ассистенті)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    192. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде және сертификаттау циклдарында 54/1 сағаттан 108/2 сағатқа дейін, «Стоматология» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, кәсіби орта) медициналық білімі («дантист», «тіс дәрігері», «стоматолог-дәрігердің көмекшісі» біліктілігі) немесе «Стоматология» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    193. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 64-қосымшаға сәйкес «Стоматология (тіс дәрігері, дантист, стоматолог ассистенті)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    194. «Стоматология (тіс дәрігері, дантист, стоматолог ассистенті)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде (таңдау компоненті) даярлаудың ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Стоматологиядағы менеджмент»;

    «Пародонт ауруларының алдын алу және емдеудің заманауи әдістері»;

    «Тісжегі мен оның асқынуларының диагностикасы, профилактикасы және емдеу»;

    «Ауыз қуысы жеке және кәсіптік гигиенасының әдістері»;

    «Стоматолог ассистентінің адам иммунитет тапшылығы вирусы және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасындағы рөлі»;

    «Стоматологиядағы онкологиялық аспектілер»;

    «Қазіргі заманғы эндодонтия;

    «Стоматологиядағы инфекциялық бақылау»;

    «Алынатын пластиналық протездерді жасаудың заманауи құрылғыларының ерекшеліктері мен технологиясы (алынатын протездерді термопластиналық материалдан жасаудың инжекциялық жүйесі;

    «Алынбайтын протездерді жасаудың заманауи конструктивтік ерекшеліктері және технологиясы»;

    «Металдық-керамикалық (металсыз) тіс протездерін жасау технологиясы»;

    «Тұтастай құйылған бюгельдік (құлыппен бекіту жүйесі бар) протездерді дайындаудың заманауи технологиялары»;

    «Тісті-техникалық құю өндірісі».

    65-тарау. «Стоматологиялық ортопедия (тіс технигі)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    195. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде және сертификаттау циклдарында 54/1 сағаттан 108/2 сағатқа дейін, «Стоматологиялық ортопедия» және «Стоматология» («дантист» біліктілігі) мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, кәсіби орта) медициналық білімі немесе «Стоматология» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    196. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 65-қосымшаға сәйкес «Стоматологиялық ортопедия (тіс технигі)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    197. «Стоматологиялық ортопедия (тіс технигі)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Стоматологиялық ортопедия менеджменті»;

    «Алынатын пластиналық протездерді жасаудың заманауи конструктивтік ерекшеліктері және технологиясы (алынатын протездерді термопластиналық материалдан жасаудың инжекциялық жүйесі)»;

    «Алынбайтын протездерді жасаудың заманауи конструктивтік ерекшеліктері және технологиясы»;

    «Металдық-керамикалық (металсыз) тіс протездерін жасау технологиясы»;

    «Тұтастай құйылған бюгельдік (құлыппен бекіту жүйесі бар) протездерді дайындаудың заманауи технологиялары»;

    «Тісті-техникалық құю өндірісі»;

    «Адам иммунитет тапшылығы вирусы және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу»;

    «Дәрігерге дейінгі шұғыл көмек».

    66-тарау. «Мейіргер ісі (мейіргер/мейірбике, мамандандырылған мейіргер, жалпы практика мейіргері, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мейіргер, медициналық статистик)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    198. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде және сертификаттау циклдарында 54/1 сағаттан 108/2 сағатқа дейін, «Мейіргер ісі» немесе «Емдеу ісі», «Акушерия ісі» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, кәсіби орта) медициналық білімі немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша медициналық жоғары білімі, «Жалпы медицина», «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалавриаты және мейіргерлік бейін бойынша еңбек өтілі бар мамандарды қайта даярлау циклінде оқыту ұзақтығы – 432/8 сағатты (апта), мейіргерлік емес бейін бойынша еңбек өтілі бар мамандар үшін қайта даярлау циклінде– 648/12 сағатты (апта) құрайды.

    199. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 66-қосымшаға сәйкес «Мейіргер ісі (мейіргер, мамандандырылған мейіргер, жалпы практика мейіргері, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мейіргер, медициналық статистик)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    200. «Мейіргер ісі (мейіргер, мамандандырылған мейіргер, жалпы практика мейіргері, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мейіргер, медициналық статистик)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Мейіргер ісіндегі менеджмент»;

    «Емдеу-профилактика бөлімшесі қызметіндегі бас (аға) мейіргердің ролі»;

    «Инфекциялық бақылау. Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуда мейіргердің рөлі»;

    «Адам иммунитет тапшылығы вирусы және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алуда мейіргердің рөлі»;

    «Фтизиатриядағы өзекті мәселелер»;

    «Туберкулезді қадағалауда медициналық-алғашқы көмек мейіргерлерінің жұмысы»;

    «Терапияның таңдаулы мәселелері»;

    «Анестезиология мен қарқынды терапияның өзекті мәселелері»;

    «Хирургияның таңдаулы мәселелері»;

    «Операциялық мейіргер қызметінің өзекті аспектілері»;

    «Инфекциялық аурулар. Өзекті мәселелер»;

    «Педиатриядағы өзекті мәселелер»;

    «Жалпы мейіргерлік технологиялар»;

    «Неонатологиядағы мейіргерлік іс»;

    «Офтальмологиядағы мейіргерлік іс»;

    «Дерматовенерологиядағы мейіргерлік іс»;

    «Психиатриядағы мейіргерлік іс»;

    «Урологиядағы мейіргерлік іс»;

    «Иммунопрофилактикадағы мейіргерлік іс»;

    «Гинекологиядағы мейіргерлік іс»;

    «Орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімі мейіргерінің жұмысы»,

    «Қан қызметі мейіргерінің жұмысы»;

    «Емдік тамақтану негіздері»;

    «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізуде мейіргердің ролі»;

    «Педиатриядағы шұғыл дәрігерге дейінгі көмек»;

    «Емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңдегі шұғыл дәрігерге дейінгі көмек»;

    «Паллиативті күтім»;

    «Физиотерапиядағы таңдаулы мәселелер»;

    «Физиотерапия негіздері. Электрмен емдеу»;

    «Жарықпен емдеу»;

    «Сумен, жылумен емдеу»;

    «Сегментік-рефлекторлық массаж»;

    «Нүктелі массаж»;

    «Балалар массажы»;

    «Емдік массаж»;

    «Емдік дене шынықтыру негіздері»;

    «Медициналық статистика негіздері»;

    «Анестезиология мен қарқынды терапиядағы мейіргерлік технологиялар»;

    «Хирургиялық аурулар мен жарақаттану зақымдарын операциялық емдеу кезіндегі мейіргерлік технологиясы»;

    «Классикалық және емдік массаж».

    67-тарау. «Фармация (фармацевт ассистенті, фармацевт)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы
    201. Оқыту ұзақтығы біліктілікті арттыру циклдерінде 54/1 сағаттан 108/2 сағатқа дейін, техникалық және кәсіби (арнайы орта, кәсіби орта) фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 432/8 сағатты (апта) құрайды.

    202. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 67-қосымшаға сәйкес «Фармация (фармацевт ассистенті, фармацевт)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.

    203. «Фармация (фармацевт ассистенті, фармацевт)» мамандығы бойынша біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:

    «Фармация экономикасы мен ұйымдастырудағы өзекті мәселелер»;

    «Дәрілік формалар технологиясындағы өзекті мәселелер»;

    «Фармакологиядағы өзекті мәселелер»;

    «Фармацевтикалық химиядағы өзекті мәселелер»;

    «Фармакогнозиядағы өзекті мәселелер»;

    «Фармациядағы менеджмент пен маркетинг»;

    «Дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек».

    Медицина және фармацевтика

    кадрларының біліктілігін

    арттыру және қайта даярлаудың

    үлгілік бағдарламасына

    1-қосымша
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70


    написать администратору сайта