Главная страница
Навигация по странице:

  • «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, диетология)» мамандығы бойынша медицина және фармацевтика кадрларының біліктілікті арттыру және қайта даярлау

  • Медицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары


    Скачать 1.64 Mb.
    НазваниеМедицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары
    Дата20.10.2021
    Размер1.64 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4. buyrykka_kosymsha_kaz (1).docx
    ТипДокументы
    #251692
    страница6 из 70
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70

    Міндетті компоненттің негізгі пәндерінің тізбесі және мазмұны


    Пән коды

    МНП 01

    Пән атауы

    Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық

    Пәннің мазмұны

    Қазақстан Республикасының денсаулық саұтау саласындағы заңнамаларының негіздері. Дәрігер қызметінің заңнамалық аспектілері. Денсаулық сақтау бойынша заңнамалық актілер. Дәрігердің құқықтары. Қызметтік міндеттері. Еңбекті ұйымдастыру. Қаржылық басқару. Ынталандыру және айыппұл санкциялары. Жұмыс сапасын бағалау өлшемшарттары. Мемлекеттің дәрігер мен пациенттердің құқықтарын қорғау және сақтау бойынша кепілдемелері.

    Оқыту нәтижелері

    Қоғамдық денсаулық сақтаудың әртүрлі деңгейінде басқарушылық шешімдер қабылдауға қабілетті.

    Кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын белгілі бір жағдайларда өз бетінше заңды шешімдер қабылдауға қабілетті.

    Медицина персоналының науқасқа тиісінше көмек көрсетпеу жағдайларын, өзге де кәсіптік құқық бұзушылықтарын заңды бағалауға және мұндай іс-әрекеттердің болуы мүмкін құқықтық салдарын, олардың профилактикасы жолдарын анықтауға қабілетті.

    Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін Нормативтік әдістемелік әдебиеттермен, кодекстермен және оларға түсіндірмелерімен, өзге де заңға тәуелді нормативтік актілермен жұмыс істеуге қабілетті.

    Тиісті түрде ресми медициналық құжаттарды ресімдеуге, медициналық қызметпен айналысу құқығын іске асыру үшін қажетті алғашқы медициналық құжаттамаларды жүргізуге, құжаттар дайындауға қабілетті;

    Медицина кадрларының, сонымен қатар пациенттердің құқықтары мен заңды мүддесін қорғаудың заңнамалық механизмдерін пайдалануға қабілетті.

    Пән коды

    МНП 02

    Пән атауы

    Саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері

    Пәннің мазмұны

    Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесін өлшеу әдістері мен бағалау өлшемшарттары. Халықтық сырқаттанушылығы, зерделеу әдістері, талдау. Саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері. Халық денсаулығы жағдайын талдау әдістері. Пацинеттердің жекелеген топтарында саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері. Әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасы.

    Оқыту нәтижелері

    Профилактикалық бағдарламаларды іске асыру құралы ретінде саламатты өмір салтын насихаттауды қолдануға қабілетті.

    Нақты медициналық-әлеуметтік және экономикалық жағдайларға байланысты халықты гигиеналық оқыту және тәрбиелеу әдістері мен құралдарын дұрыс және кезектілікпен таңдауға қабілетті.

    Медициналық тақырыпта дәріс дайындауға және оқуға қабілетті.

    Санитариялық бюллетендер және басқа да көрнекі құралдарын ресімдеуге қабілетті.

    Пән коды

    МНП 03

    Пәннің атауы

    Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

    Пәннің мазмұны

    Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсендіі тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Ассертивтілігі, шиеленсті жағдайдағы нәтижелі мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайдың мониторингі. Медициналық командадағы өзара тиімдіі әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

    Оқыту нәтижелері

    Медицина қызметкерінің коммуникативтік құзыреттілігі және олардың медициналық қызмет сапасы мен медициналық қорытындысын құрайтын негіздерін білу.

    Негізгі этикалық қағидаттарды түсіну және этикалық және құқықтық нормаларға сәйкес клиникалық практиканың арнайы этикалық проблемаларын/ мәселелерін шешу.

    Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдыларын меңгеру.

    Пацинеттермен, пациенттердің туыстарымен, әріптестермен, денсаулық сақтау мамандарымен өзара іс-қимыл техникасын және базалық стратегиясын орынды пайдалану.

    Пән коды

    МНП 04

    Пән атауы

    Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау (апаттар медицинасы мәселелерін қоса алғанда алғанда)

    Пәннің мазмұны

    Денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламалары. Сала ренысанының негізгі бағыттары. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Денсаулық сақтаудағы статистикалық талдау дәлелді медицина негіздері. Азаматтардың денсаулығын сақтау және денсаулық сақтауды ұйымдастырудың құқықтық мәселелері. Апаттар медицинасының мәселелері.

    Оқыту нәтижелері

    Құзыреттілікті қалыптастыру үшін пациенттермен және оны қоршаған адамдармен тиімдіі қарым-қатынасты жүзеге асыруға қабілетті.

    Өзге де денсаулық сақтау мамандарымен тиімдіі командалық жұмыс істеуге қабілетті.

    Емдеу түрін тағайындау кезінде науқас үшін оның сапалы және қауіпсіз болуын қамтамасыз етуге қабілетті.

    Өз мамандығына қатысты науқастың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз етуге қабілетті.

    Өз қызметін реттейтін құқықтық және нормативтік құжаттарды өз практикасінде пайдалануға қабілетті.

    Кезек күттірмейтін жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетуге қабілетті.

    Қолданылған қысқартулар:

    МНП – міндетті негізгі пәндер.

    Медицина және фармацевтика

    кадрларының біліктілігін

    арттыру мен қайта даярлаудың

    үлгілік  бағдарламасына

    2-қосымша

    «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, диетология)» мамандығы бойынша медицина және фармацевтика кадрларының біліктілікті арттыру және қайта даярлау

    үлгілік оқу жоспарлары мен мазмұны

    1. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, диетология)» мамандығы бойынша қайта даярлау циклінің үлгілік оқу жоспары


    Пән коды

    Пән атауы

    Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

    Бақылау нысаны

    НП

    Негізгі пәндер

    54/1




    МНП 01

    Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық

    9

    Сынақ

    МНП 02

    Саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері

    9

    Сынақ

    МНП 03

    Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

    27

    Сынақ

    МНП 04

    Қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау (апаттар медицинасы мәселесін қоса алғанда алғанда)

    9

    Сынақ

    БП

    Бейінді пәндер

    810/15




    МБП

    Міндетті бейінді пәндер

    432/8




    МБП 01

    Стационардағы ішкі аурулар

    216

    Сынақ

    МБП 02

    Амбулаториялық-емханалық терапия

    54

    Сынақ

    МБП 03

    Жедел кезек күттірмейтін көмек

    108

    Сынақ

    МБП 04

    Дәлелді медицина мәселелері

    18

    Сынақ

    МБП 05

    Оңалту мәселелері

    18

    Сынақ

    МБП 06

    Психикалық-эмоциялық көмек мәселелері

    9

    Сынақ

    МБП 07

    Инфекциялық бақылау. Адам иммунитет тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ-инфекциясы)

    9

    Сынақ

    ТБП

    Таңдау бойынша компонент

    378/7

    Сынақ

    ҚБ

    Қорытынды бақылау

    6 (ТБП-тен)

    Емтихан




    Жиыны

    864/16






    2. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, диетология)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру циклінің үлгілік оқу жоспарлары


    Пән коды

    Пән атауы

    Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

    Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

    Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

    Оқу жүктемесінің көлемі (сағат, апта)

    Бақылау нысаны

    НП

    Негізгі пәндер










    18/⅓




    НП 01

    Қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау (апаттар медицинасы мәселелерімен бірге)










    9

    Сынақ

    НП 02

    Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық










    9

    Сынақ

    БП

    Бейінді пәндер

    54/1

    108/2

    162/3

    198/⅔




    МБП

    Міндетті компонент










    90/1




    МБП 01

    Терапиядағы өзекті мәселелер










    63

    Сынақ

    МБП 02

    Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі










    18

    Сынақ

    МБП 03

    Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар










    9

    Сынақ

    ТБП

    Таңдау бойынша компонент

    54/1

    108/2

    162/3

    108/2

    Сынақ

    ҚБ

    Қорытынды бақылау

    2 (ТБКтен)

    2 (ТБКтен)

    2 (ТБКтен)

    6 (ТБКтен)

    Сынақ




    Жиыны

    54/1

    108/2

    162/3

    216/4






    3. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, диетология)» мамандығы бойынша сертификаттау циклінің біліктілікті арттыруға арналған үлгілік оқу жоспары (жоғарғы және бірінші санатты)


    Пән атауы


    Оқу жүктемесінің көлемі сағатта (апта)

    Бақылау нысаны

    Терапиядағы инновациялық технологиялар

    90*




    Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі

    9




    Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

    9




    Қорытынды бақылау

    2

    Емтихан

    Жиыны

    108/2




    Ескертпе: *оның ішінде қорытынды бақылау сағаты

    4. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, диетология)» мамандығы бойынша сертификаттау циклінің біліктілікті арттыруға арналған үлгілік оқу жоспары (екінші санатты)


    Пән атауы


    Оқу жүктемесінің көлемі сағатта (апта)


    Бақылау нысаны

    Күнделікті практикадағы ішкі ағзалар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және емдеу.

    90*




    Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі

    9




    Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

    9




    Қорытынды бақылау

    2

    Емтихан

    Жиыны

    108/2




    Ескертпе: * - оның ішінде қорытынды бақылау сағаты

    5. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, диетология)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың оқу бағдарламасының мазмұны


    Пән коды

    Пән атауы, негізгі бөлімдері

    НП

    Негізгі пәндер

    БП

    Бейінді пәндер

    МБП

    Міндетті компонент

    МБП 01

    Стационардағы ішкі аурулар




    Қазақстан Республикасында халыққа медициналык қызметті ұйымдастыру және оның құрылымы. Дәлелді медицина негізінде кардиология, ревматология, пульмонология, гастроэнтерология, нефрология, клиникалық иммунология мен аллергология, гематология, эндокринология бөлімдері бойынша ішкі ағзалар ауруларын диагностикалау, саралап диагностикалау, емдеу, профилактикасы мәселелері. Науқастарды динамикалық бақылау. Ауруханалық кезеңдегі кезек күттірмейтін жағдайлар - диагноз қою, реанимациялық іс-шараларын өткізу, негізгі аурудың аскынуының профилактикасы. Жалпы клиникалық қан талдауы, гемостаз, қышқыл-сілтілі реакциялар, электролиттік баланс, белок, көмірсу және липид алмасулары метаболиттерінің клиникалық-диагностикалық маңызы. Жазатайым оқиға кезіндегі шұғыл көмек көрсету хаттамалары және диагностика алгоритмі. Науқастардың медициналық-әлеуметтік сараптамасы.

    МБП 02

    Амбулаториялық-емханалық терапия




    Қазақстан Республикасының халқына амбулаториялық көмекті ұйымдастыру. Ұйымдарда есепке алу-есептілік құжаттамаларын жүргізу. Амбулаториялық клиникалық практикадағы дәлелді медицина. Диспансерлік бақылауды ұйымдастыру. Амбулаториялық жағдайда тыныс алу, жүрек-қантамыр, эндокриндік, ас қорыту, несеп шығару, қан айналым жүйелерінің аурулары кезінде оңтайлы саралаған диагностика, қадағалап-қарау тактикасы және диспансерлік бақылау алгоритмі, ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл және кезек күттірмейтін көмек көрсету. Зертханалық диагностиканың деректерінің имтерпретациясы. Диагностикалау мен емдеу хаттамаларын қолдану. Емхана жағдайындағы стационарды алмастыратын технологиялар. Науқастардың медициналық-әлеуметтік сараптамасы.

    МБП 03

    Жедел кезек күттірмейтін көмек (оның ішінде ауыр жағдайлар кезінде)




    Халыққа жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек қызметін ұйымдастыру. Желілік терапиялық және мамандандырылған жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек бригадасы дәрігерінің көмекшісі ретінде науқастарға қызмет көрсету. Ауруханаға дейінгі кезеңде: ангинозды статус, гипертониялық криз, ритмнің бұзылуы, жіті сол жақ жүрекше-қарынша жеткіліксіздігі, өкпенің ісінуі, тырысқақ, бронх-обструкциялық синдром, тыныс алу жеткіліксіздігі, жіті іш, асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ішек өткізбеушілігі, аппендицит, бауыр шаншуы, коматозды жағдайлардағы диагностика және кезек күттірмейтін көмек алгоритмі. Жүрек-өкпе реанимациясын қолдана отырып, клиникалық өлім кезіндегі реанимациялық іс-шаралар. Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот), Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). Еуропалық кеңестің реанимация бойынша 2010 жылғы ұсынымдары. Терминальды жағдайдың клиникалық диагностика негіздері. Науқастың, зардап шегушінің жағдайын біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функциялар бұзылыстарының диагностикасы. Жүрек – өкпе реанимациясын жүргізу үшін көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдісі. Кеңірдек интубациясы.

    МБП 04

    Дәлелді медицина мәселелері




    Дәлелді медицинаға кіріспе. Опреациялық араласу түрлері. Зерттеулер түрлері. Зерттеулер дизайны. Рандомизирленіп бақыланатын зерттеу (бұдан әрі – РБЗ). «Алтын стандарт». Дәлелдеу дәрежесі бойынша ғылыми деректердің иерархиясы. Клиникалық мәселелерді тұжырымдау. Мәліметтер базасынан медициналық ақпараттарды іздеу стратегиясы. Medline (Медлайн), Cochrane (Кочрейн), PubMed (Пабмед) интернетіндегі медициналық дерекқорлар. Жүйелі шолу. Мета-талдау. Дәлелді медицина негізінде медициналық ақпараттарды сыни бағалау. Әртүрлі типтегі зерттеулер үшін дәлелдеме кестелері. Дәлелдеме кестелері бойынша мақалаларды талқылау.

    МБП 05

    Оңалту мәселелері




    Оңалту аспектілері. Дәрі-дәрмектік, физикалық, психологиялық оңалту туралы түсінік. Көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер. Амбулаториялық және стационарлық кезеңдердегі науқастарды оңалту.

    МБП 06

    Психикалық-эмоциялық көмек мәселелері




    Психикалық-эмоциялық медицина туралы түсінік. Терапиядағы Психикалық-эмоциялық көмектің мақсаттары мен міндеттері. Психикалық-эмоциялық медицинаның этикалық аспектілері.

    МБП 07

    Инфекциялық бақылау. АИТВ инфекциясы




    Денсаулық сақтау нысандарындағы инфекциялық аурулардың пайда болуының және таралуының профилактикасына бағытталған ұйымдастыру, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесінің негізгі қағидаттары. Инфекциялық бақылау комиссиясын (бұдан әрі – ИБК) ұйымдастыру. Ауруханаішілік инфекцияны (бұдан әр – АІИ) эпидемиологиялық талдау. АІИ қоздырғыштары, антибиотикке төзімділік. Инфекциялық бақылауды микробиологиялық қамтамасыз ету. Зарарсыздандыру, оның түрлері және АІИ профилактикасы міндеттері. АИТВ инфекциясы бар науқастарға стационарлық және амбулаториялық көмекті ұйымдастыру. АИТВ инфекциясының профилактикасы. АИТВ-ға тестілеуге дейінгі және кейінгі консультация. АИТВ инфекциясының клиникасы, салдарлық аурулар. АИТВ инфекциясын емдеудің негізгі қағидаттары.

    ТБП

    Таңдау бойынша компонент

    ҚБ

    Қорытынды бақылау



    6. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, диетология)» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың оқу бағдарламасының мазмұны (4 апта)


    Пән коды

    Пән атауы, олардың негізгі бөлімдері

    НП

    Негізгі пәндер

    БП

    Бейінді пәндер

    МБП

    Міндетті компонент

    МБП 01

    Терапиядағы өзекті мәселелер




    Ішкі ағза ауруларының этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы мен саралау диагностикасы, емдеу әдістері, профилактика, кезек күттірмейтін көмек, халықаралық бағдарламалар мен хаттамаларды қоса алғанда дәлелді медицинаға негізделген заманауи ұстанымдар. Ауруханаға дейінгі және ауруханадан кейінгі кезеңдегі көмек көрсету ерекшеліктері. Жасөспірімдердегі ішкі ағза аурулары ағымының ерекшеліктері. Диетология мәселелері. Ішкі ағза аурулары кезіндегі жедел және Кезек күттірмейтін медициналық көмек.

    МБП 02

    Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері




    Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот), Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Cardiac Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). Еуропалық кеңестің реанимация бойынша 2010 жылғы ұсынымдары. Терминальды жағдайдағы клиникалық диагностика негіздері. Науқастың, зардап шегушінің жағдайын біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі қызметтердің бұзылыстарын диагностикалау. Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдісі. Кеңірдек интубациясы.

    МБП 03

    Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар




    Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсендіі тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімдіі әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

    ТБП

    Таңдау бойынша компонент

    ҚБ

    Қорытынды бақылау



    7. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, диетология)» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың сертификаттау циклінің оқу бағдарламасының мазмұны (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)


    Пән атауы, олардың негізгі бөлімдері

    Терапиядағы инновациялық технологиялар

    Терапиядағы профилактика, диагностика, емдеу және оңалтудың инновациялық технологиялары.

    Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі

    Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот), Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). Еуропалық кеңестің реанимация бойынша 2010 жылғы ұсынымдары. Терминальды жағдайдағы клиникалық диагностика негіздері. Науқастың, зардап шегушінің жағдайын біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі қызметтердің бұзылыстарын диагностикалау. Жүрек–өкпе реанимациясын жүргізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдісі. Кеңірдек интубациясы.

    Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

    Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсендіі тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімдіі әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

    Қорытынды бақылау



    8. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, диетология)» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың сертификаттау циклінің оқу бағдарламасының мазмұны (екінші санат үшін)


    Пән атауы, олардың негізгі бөлімдері

    Күнделікті практикада ішкі ағзалар ауруларының профилактикасы, диагностикалау және емдеу.

    Ішкі ағзалар ауруларының профилактикасы, диагностикалау, емдеу және оңалту.

    Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмі

    Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот), Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). Еуропалық кеңестің реанимация бойынша 2010 жылғы ұсынымдары. Терминальды жағдайдағы клиникалық диагностика негіздері. Науқастың, зардап шегушінің жағдайын біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі қызметтердің бұзылыстарын диагностикалау. Жүрек –өкпе реанимациясын жүргізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдісі. Кеңірдек интубациясы.

    Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

    Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсендіі тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленсті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімдіі әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

    Қорытынды бақылау

    Қолданылған қысқартулар:

    НП – негізгі пәндер;

    МНП – міндетті негізгі пәндер;

    БП – бейінді пәндер;

    МБП – міндетті бейінді пәндер;

    ТБП – таңдау бойынша бейінді пәндер;

    ҚБ – қорытынды бақылау.

    Медицина және фармацевтика

    кадрларының біліктілігін

    арттыру мен қайта даярлаудың

    үлгілік  бағдарламасына

    3- қосымша

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70


    написать администратору сайта